𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
🖋#НиязӘбуРумейса:

➖ "Бақытты отбасы" деп айта алуымыз үшін ол жаққа кімдер мен нелер керектігін тізіп бере аламыз. "Бақытты үммет" дей алуымыз үшін де солай. Отан отбасынан басталғанындай үммет те кішігірім шаңырақтан бастау алады. Сондықтан бір шаңырақтың бір тұтқасы болуға да жарай алмай жүріп үмметтің құлдырауына ешкімді жазғырма. Егер үмметтің асқақ болуына не кедергі деп шынайылықпен назар салсаң, онда өзіңнен асқан кінәлі ешкім жоқ екеніне иланасың.. Аллаһу Тағала маған және сіздерге тауфиқ берсін!

📚Ажал жетпестен алдын өлі өмір сүру..

Canal:
https://t.me/taammul
💬 У тебя новое анонимное сообщение!

Намаз оқып жүріп олай істеуің қате ғо деп өздеріне бола беретін сияқты қабылдайды


❕Осы жайлы түйген ойыммен бөлісейін. Менде бір кездері "намазхандарға болмайды, ал намазсыздарға бола береді" дейтіндері қызық деп ойлайтынмын. Иә, бұл орынды тұжырым. Бірақ басқа тарапынан да қарасақ олар істеп жатқан ісін дұрыс іс деп бағаламайды. Бар болғаны намазы бар адам діндар, ал намазсыз адам дінсіздеу екенін іштей түсінеді. Иә, намазсыз да мұсылманбыз, жүрегіміз таза дей береді. Бірақ бәрібір намаздың діндар мен дінсіздің айырмасын беретіндей маңыздылыққа иә амал екенін аңғарады. Сол себепті де намаздың кетуімен діннің қалған үкімдері кетіп бастайды да өмір сүру салты дінсіздікке толады. Және өмірінде намазын тұрғызуымен дінін де тұрғызып жатқанына куә болып жүреді. Осы себептен де олардың қорытынды ойы "намазхандардың (яғни, өмірінде дінін толыққанды ұстанамын деген жанның) бұлай қылуы қате (яғни, шығарған шешімдеріне кереғар амал) ғой" деген болып тұр. Олар істеп жүрген дұрыс емес істерін дұрыс деп санағандықтан емес, бәлки намазбен қатар өмірлерінің әр амалында шариғатты ескеріп жүруге шешім шығармағандықтан ғана ол істерді жеңіл қабылдайды. Расымен де солай ғой. Сен олар сияқты емессің. Сен Раббыңа ﷻ құл, Пайғамбарыңа ﷺ ізгілікте ерген үммет болуға шешім шығардың. Сен бөлексің, ерекшесің. Арқалаған жауапкершілігің бар. Олардың сөзінен олардың емес өз айыбыңа зер сал. Аллаһу Тағаланың "Уа, иман келтіргендер! Пайызды (риба) еселеген үстіне еселеп, өсім жемеңдер" деген сөзі аз мөлшердегі риба рұқсат дегенді білдірмейді ғой. Тура солай "бұл дұрыс емес істің біздің бойымыздан қарағанда сенің бойыңнан шығуы тіптен қате" дегенді айтқылары келуде. Олар шынтуайтында сені қорлауды, жазғыруды емес, керісінше біз батқан ластыққа өзіңді салма, өзіңді өзің лайық болған хәлде/деңгейде ұста деуді қалауда. Қысқаша айтқым келгені "Сенің кім екеніңді тіпті олар ұғынып, бірақ өзің ұғынбай өмір сүруіңді доғар! Өз өзіңді қолға ал! Аллаһу Тағалаға сүйікті құл, Оның Елшісіне ﷺ лайықты үммет болудың көрінісін көрсет! Уәдеңе берік бол! Раббымыз ﷻ ешбір жақсылығыңды зая етпейді
". #НиязӘбуРумейса
يا معلم آدم علمني،
يا مفهم سليمان فهمني🤍
Сауал: Қиямет күні жалаңаш тіріледі деген хабар адамзат баласының табиғатына жат нәрсе емес пе (сауалды қысқартып, тек мазмұнын қалдырдым)?


Жауап: Бұл тақырыпта хадистер екі түрі келтірілген: кейбірінде адамдардың жалаңаш қайта тірілетіні ашық айтылса, кейбірінде кебіндеу туралы, ал басқа хадистерде олардың киімшең жиналатыны (махшарда) айтылады. Ғалымдарымыз бұл хадистердің арасын бірнеше тәсілмен біріктірген:
➖ Кейбір адамдар, яғни мұсылмандар, киімшең қайта тіріледі, ал кейбіреулер, яғни кәпірлер, жалаңаш тіріледі.
➖ Барлық адам қабірден жалаңаш шығады, ал кейін жиналу орнында (махшарда) кейбіріне киім кигізіліп, кейбірі жалаңаш қалады.
➖ Олар қайтыс болған кезінде үстінде болған киімдерімен тіріледі, кейін ол киімдер тозып, түсіп қалады да, содан соң мұсылмандарға басқа киімдер кигізіледі.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
🔹Имам әл-Қуртуби (رحمه الله):
Өлім періштесі - оның есімі Әзірейіл, ал бұл есімнің мағынасы - "Аллаһтың құлы" дегенді білдіреді.

📚Тәфсир әл-Қуртуби: 14/62).

Canal:
https://t.me/taammul
🔸'Алляма Ибн Тәймия (رحمه الله):
Ауруға шалдыққанға және басқа да дертке ұшырағандарға Құран аяттары мен Аллаһты еске алатын дұғаларды адал сиямен жазып, оны суға жуып ішкізуге болады. Бұл туралы Ахмад және басқа да ғалымдар ашық айтқан. 'АбдуЛлаһ ибн Ахмад айтады: "Әкеме былай деп оқып бердім: "Яғля ибн Убайд бізге Суфяннан, ол Мухаммад ибн Әби Ләйләдан, ол Хакамнан, ол Сағид ибн Джубайрдан, ал ол Ибн 'Аббастан жеткізген. Ибн 'Аббас айтты: "Егер әйелдің босануы ауырласа, мына сөздер жазылсын: "БисмиЛләһи, лә иләһә илләЛлаһул-Халимул-Карим...".
Әкем айтты: "Бізге Әсуад ибн Амир де осы мағынада өз иснадымен жеткізді де: "Таза ыдысқа жазылып, суы ішкізіледі" деді. Әкем сөзін әрі қарай жалғап: "Уакиғ бұған: "Ішкізіледі де, әйелдің кіндігінен төменгі бөлігіне себіледі" дегенді қосты" деді. 'АбдуЛлаһ: "Әкемнің әйелдер үшін кесеге н/е бір таза нәрсеге жазып жатқанын өз көзіммен көрдім" деді. Ибн 'Аббастан жеткен хабарда ол: "Егер әйелдің толғағы ауырлап, босануы қиындаса, мынаны жазсын: "БисмиЛләһи, лә иләһә илләЛлаһул-Ғалиййул-Ғазим, лә иләһә илләЛлаһул-Халимул-Карим..." деген. 'Әли айтады: "Бұл қағазға жазылып, әйелдің білегіне байланады. Біз мұны тәжірибеде қолданып көріп едік, одан асқан таңғажайып әсер таппадық. Босанған бойда оны тез арада шешіп, шүберекке орап қою керек н/е өртеп жіберген жөн" (Мажмуғ әл-фатауа, 19/64-65)
🖋Хасан әл-Басри (رحمه الله):
"مَنْ ازْدَادَ عِلْمًا، ثُمَّ ازْدَادَ عَلَى الدُّنْيَا حِرْصًا، لَمْ يَزْدَدْ مِنَ اللهِ إِلَّا بُعْدًا".

"Кімде-кім ілімі арта түсіп, бірақ дүниеге деген құмарлығы да бірге артса, онда ол Аллаһтан тек алыстай түседі".

📚Раудат әл-'уқала.

Canal:
https://t.me/taammul