𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
يا معلم آدم علمني،
يا مفهم سليمان فهمني🤍
Сауал: Қиямет күні жалаңаш тіріледі деген хабар адамзат баласының табиғатына жат нәрсе емес пе (сауалды қысқартып, тек мазмұнын қалдырдым)?


Жауап: Бұл тақырыпта хадистер екі түрі келтірілген: кейбірінде адамдардың жалаңаш қайта тірілетіні ашық айтылса, кейбірінде кебіндеу туралы, ал басқа хадистерде олардың киімшең жиналатыны (махшарда) айтылады. Ғалымдарымыз бұл хадистердің арасын бірнеше тәсілмен біріктірген:
➖ Кейбір адамдар, яғни мұсылмандар, киімшең қайта тіріледі, ал кейбіреулер, яғни кәпірлер, жалаңаш тіріледі.
➖ Барлық адам қабірден жалаңаш шығады, ал кейін жиналу орнында (махшарда) кейбіріне киім кигізіліп, кейбірі жалаңаш қалады.
➖ Олар қайтыс болған кезінде үстінде болған киімдерімен тіріледі, кейін ол киімдер тозып, түсіп қалады да, содан соң мұсылмандарға басқа киімдер кигізіледі.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
🔹Имам әл-Қуртуби (رحمه الله):
Өлім періштесі - оның есімі Әзірейіл, ал бұл есімнің мағынасы - "Аллаһтың құлы" дегенді білдіреді.

📚Тәфсир әл-Қуртуби: 14/62).

Canal:
https://t.me/taammul
🔸'Алляма Ибн Тәймия (رحمه الله):
Ауруға шалдыққанға және басқа да дертке ұшырағандарға Құран аяттары мен Аллаһты еске алатын дұғаларды адал сиямен жазып, оны суға жуып ішкізуге болады. Бұл туралы Ахмад және басқа да ғалымдар ашық айтқан. 'АбдуЛлаһ ибн Ахмад айтады: "Әкеме былай деп оқып бердім: "Яғля ибн Убайд бізге Суфяннан, ол Мухаммад ибн Әби Ләйләдан, ол Хакамнан, ол Сағид ибн Джубайрдан, ал ол Ибн 'Аббастан жеткізген. Ибн 'Аббас айтты: "Егер әйелдің босануы ауырласа, мына сөздер жазылсын: "БисмиЛләһи, лә иләһә илләЛлаһул-Халимул-Карим...".
Әкем айтты: "Бізге Әсуад ибн Амир де осы мағынада өз иснадымен жеткізді де: "Таза ыдысқа жазылып, суы ішкізіледі" деді. Әкем сөзін әрі қарай жалғап: "Уакиғ бұған: "Ішкізіледі де, әйелдің кіндігінен төменгі бөлігіне себіледі" дегенді қосты" деді. 'АбдуЛлаһ: "Әкемнің әйелдер үшін кесеге н/е бір таза нәрсеге жазып жатқанын өз көзіммен көрдім" деді. Ибн 'Аббастан жеткен хабарда ол: "Егер әйелдің толғағы ауырлап, босануы қиындаса, мынаны жазсын: "БисмиЛләһи, лә иләһә илләЛлаһул-Ғалиййул-Ғазим, лә иләһә илләЛлаһул-Халимул-Карим..." деген. 'Әли айтады: "Бұл қағазға жазылып, әйелдің білегіне байланады. Біз мұны тәжірибеде қолданып көріп едік, одан асқан таңғажайып әсер таппадық. Босанған бойда оны тез арада шешіп, шүберекке орап қою керек н/е өртеп жіберген жөн" (Мажмуғ әл-фатауа, 19/64-65)
🖋Хасан әл-Басри (رحمه الله):
"مَنْ ازْدَادَ عِلْمًا، ثُمَّ ازْدَادَ عَلَى الدُّنْيَا حِرْصًا، لَمْ يَزْدَدْ مِنَ اللهِ إِلَّا بُعْدًا".

"Кімде-кім ілімі арта түсіп, бірақ дүниеге деген құмарлығы да бірге артса, онда ол Аллаһтан тек алыстай түседі".

📚Раудат әл-'уқала.

Canal:
https://t.me/taammul
➖Менің өмірімдегі жеңістер мен жетістіктер мені Аллаһқа ﷻ жақындатып жатыр ма, әлде өзіме деген мақтанышымды арттырып жатыр ма? Күллі нығмет өз Иесіне тапсырылып, менің менмендігім емес, мені мен қылған Раббым ﷻ ұлықталуы орынды емес пе? #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
📚أخبار الأذكياء.
бірааз подписчиктерді удалил
белгілі себебі болды
егер қайсыбіріңіз нақақтан өшіп кетсеңіз, кешіріп қойыңыз
Муфти .... Десай отбасына посылка жібермекші болған жан, байланысқа шығасыз ба?
🖋️Хиджаб ол тек жапқыш емес, ол әрі ұяттылық. Аллаһ Тағаланың шариғатымен жанын тапсырып бұл дүниеден ажыраған әйелдің денесі 5 матамен оралуы бекітілді. Неге? Ұяттылық себепті. Өлі денесінің өзі оралуы міндеттелген әйелдер қауымы сіздер неге тірі бола тұра жалаңаштануға құмарсыздар? Ұяттылықты сәнге (мода) емес имандылыққа қайтарыңыздар. Кеткен ұят өз артынан иманды дамыту ілестіреді. Екі дүние бақытының кілті болған имандарыңыздың қорғанынан бас тартпаңыздар! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul