Сіз кімсіз: Экстраверт, интроверт әлде амбиверт?
Адам табиғаты – тұңғиық. Біреулер айналасына жарық шашып, ортаның шырайын кіргізіп жүрсе, енді біреулер өз ішкі әлемінде тұнып тұрған тереңдікпен өмір сүреді. Ал үшіншілері осы екеуінің арасын ұштастырып, кез келген жағдайға бейім бола алады. Бұл – адамның психологиялық типіне байланысты өрбиді. Себебі адам табиғатынан экстраверт, интроверт немесе амбиверт болады.☝🏻
⠀
📍Экстраверттер – өмірге ғашық жандар. Олар үшін әрбір таң – жаңа мүмкіндік, әрбір кездесу – шабыт. Олар көпшіліктің ортасында қуаттанып, адамдармен араласудан ерекше ләззат алады.
⠀
Негізі экстраверт болсаңыз, өмір сүру жеңілірек. Себебі мұндай адамдар эмоциясын сыртқа шығара алады. Мәселен, ашу-ыза, реніш сынды жағымсыз дүниелер орын алған сәтте, бірден шешуге тырысады. Ішінде сақтамайды. Өмірге тек позитивпен қарайды.
⠀
Бұған қоса олар діттеген мақсаттарына жетпейінше, тыным таппайтын жандар. Олар тәуекел етуден қорықпайды. Әрдайым жаңа мүмкіндіктерді іздеп жүреді. Келеңсіздіктер болған жағдайда, беріле салмайды. Күреседі. Талпынады. Осылайша, әрекетіне қарай белгілі бір деңгейде жетістікке жете алады.
⠀
📍Ал интроверттер «ішімдегіні тап» деп тұратын, томаға-тұйық адамдар. Олар көп жағдайда сезімдерін іште сақтап, өздеріне берілген мүмкіндіктерден айырылып қалып жатады. Олар өте сабырлы болып келеді.
⠀
Интроверт адам жалғыз қалудан қорықпайды. Керісінше, жалғыздық оларға күш береді. Кез келген іске зейінін қойып, салмақты түрде қарайды. Эмоцияға беріліп, бірден шешім шығармайды. Олар бәрімен бірдей ашылып сөйлесе алмайды. Белгілі бір адамдармен ғана қатынас құра алады. Интроверттер жалғыз қыдырып, тыныштықта сүйікті ісімен шұғылданғаннан ләззат алады.
⠀
📍Ал амбиверттер – қос әлемнің тоғысқан тұсы. Олар кейде экстраверт секілді ортада жарқырап жүрсе, кейде интроверттей тұйықталып, тыныштықты қалайды. Амбиверттер – икемді әрі жан-жақты адамдар. Олардың көңіл күйі мен әрекеті жағдайға, көңіл ауанына байланысты құбылып отырады. Бірде толқын болып жағаға ұрса, бірде терең тұңғиыққа батып кетуі мүмкін.
Амбиверттер ең бастысы – өз жүрек қалауын басшылыққа алады. Оларға мәжбүрлі әлеуметтік байланыс емес, шынайы ішкі үндестік керек. Сол үндестікпен өмір сүргенде ғана олар өздерін жайлы сезінеді.
⠀
📌 Ал сіз адамдардың қай санатына жатасыз?
Сізді шабыттандыратын не – адамдар ма, әлде жалғыздық па?
Қуанышыңызды бөліскіңіз келе ме, әлде іште сақтайсыз ба?
⠀
Өзіңізді тану – өмірді танудың алғашқы қадамы. Ал өзіңізді тапсаңыз – бақыттың кілтін тапқаныңыз.
#қазынакеңес #интроверт #экстроверт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Елімізде ажырасу жағдайлары көбейіп кетіпті📍
Синортиктер ескерту жасады🔎
Жаңа талап орнамақ🖇️
Керемет! Құтты болсын! 😍
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-71/
#Қазақстан #Жаңалықтар #ажырасу #жасжұбай #ауарайы #Яндекс #Индрайвер #инженерлер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2👌2
Қазақстанда қандай экологиялық проблемалар бар?
Сіздің қалаңызда Әлия Молдағұлованың есімі берілген қандай орындар бар?
Сізге Джек Николсонның қай фильмі ұнайды?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жеркүні #ӘлияМолдағұлова #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НұрмұханЖантөрин #ДжекНиколсон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌1
Қазақ халқында “байлық нышаны” қандай белгілермен анықталды?
📍Қазақтар - ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпағы. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді.
🟢 Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады.
▪️Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады.
▪️Мысалы: “Әке-шаңырақтың негізгі тірегі”, бұл тіркесте шаңырақ сөзі “отбасы” ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді...
▪️Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі. Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен.
▪️«Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған.
▪️Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес.
#қазынакеңес #байлық #той
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1👌1
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Мәссаған😮
Енді жаңа өзгеріс бойынша жұмыс істейді‼️
Бұл блогердің де басы даудан арылмады ғой🤔
Әр қазақ үйлі болсын!🤲🏻
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-72/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Гарвардуниверситеті #Трампәкімшілігі #жеделжәрдем #Daricorn #Алматыжастары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1👌1
Сізге кітапты қандай форматта оқыған ұнайды? Қағаз бетінен бе әлде электронды түрде ме?
Осы кітапханаға барып көрдіңіз бе?
Түріктердің арасынан таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #кітапкүні #Ұлттықкітапхана #Түркиямерекелері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ҚасымҚайсенов #ДжиджиХадид
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2👌2🎉1
Табыс & Шығыс айдары:
Қоғамда адамдық қасиеттің кемшін тартуына ақша жетіспеушілігі себеп боп жатқандай
💸 “Табыс & Шығыс” айдарында біз жасы, жынысы, мамандығы, тұрғылықты жері әртүрлі Қазақстан азаматтарының бір айда тапқан табысы мен шығынын есептейміз. Кіріс пен шығынды жатқа білу қаржы сауатын арттырып, қарыздан құтылып, табысты болуға жетелейді.
🔎 Бүгінгі кейіпкеріміз – Зейнеп Ұласбекқызы. Кеңсе менеджері боп істейтін ол, мемлекеттік мекемеден тұрақты жалақы алады. 31 жастағыЗейнеп үш баланың анасы. Екі дипломы бар. Бұрын декреттік демалысында түрлі тәттіні тапсырысқа жасап, аз-маз шағын кәсіппен де айналысып көрген. Қазір отбасымен Түркістан қаласында өз үйінде тұрады. Сондықтан пәтер жалдауға шығын шықпайды. Тұңғышы мемлекеттік ақысыз мектепте білім алса, қалғандары балабақшада. Жолдасы да тұрақты табыс тауып келеді.
💰 Отбасының бір айдағы табысы:
Жұмыстағы жалақы – 230 000 теңге
Қосымша табыс – жоқ
Жолдасының табатыны – 350 000 теңге
Жолдасының қосымша табатыны 50-100 000 теңге
Жалпы табыс – 630 000 теңге
💰Отбасының бір айдағы шығыны:
Азық-түлікке кететін шығын – 350 000 теңге
Кредиттерді өтеу – 100 000 теңге
Дәрі-дәрмекке шамамен - 10 000 теңге
Түскі асқа – 1500 теңге
Жол шығыны – 2000 теңге
Балабақша төлемақысы – 15 000 теңге
Күнделікті дүкенге кететін ақша – 2000 теңге
Коммуналды шығындар – 30 000 теңге
Киім-кешек - 20 000 теңге
Той, туған күн шығындары –50 000-80 000 теңге
Балалар мен өзінің күнделікті қалта шығындары – 5000 теңге
Балаларға витаминдер алуға – 20 000-30 000
Сән салонына – 10 000 теңге
Күтім заттарына – 15 000 теңге
💴 Жалпы шығын – айына 660 000 теңге
Бір айдағы сальдо – 20 000-30 000 теңге
🗣️Зейнептің түсініктемесі:
Үш баласы бар отбасы болғандықтан, бізде шығын көп. Сәйкесінше жинаққа деген артық қаражат қолда қалмайды. Ең бастысы қаржы түскен бойда, базалық қажетке мақсатты түрде жұмсай білу керек. Ақша жетпей қалған тұсында қарыз не несие алуымыз шығын мен кірістің теңеспеуінен болып отыр. Қазіргі заманда төлемнің көпшілігі электронды болғандықтан, есеп жүргізу қиын емес. Тіпті шығындарды жазуға арнайы уақыт бөлмесеңде, барлығы көз алдыңда көрініп тұрады. Сондықтан “ақша қайда кетіп жатыр” деген сұрақ туындамайды. Бәрі айқын. Біз ата-анамызбен бірге тұратын болғандықтан, олардың да табысы отбасы мүддесіне жұмсалады. Дегенмен әр адамның жеке қажеттіліктері барын ескерсек, шығынға шығын қосылмақ.
Жалпы қазіргі жалақы мөлшері мен қымбатшылық екеуі өзара сәйкес келмейтінін анық байқауға болады. Бұл жерде тұтынушылық деңгейдің жоғары не орта болуының қатысы жоқ. Маңыздысы адам жұмыссыз қалмаса болды деп ойлаймын. Ал, жоғары білімі не белгілі бір жұмыс түрін жетік меңгермеген жан кез келген уақытта табыссыз қалуы мүмкін. Сондықтан ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін енжарлықтан қашық болған жөн. Ақша жетіспеушілігі кесірінен адамдар қазір тек өзінің бас пайдасын жоғары қоятын болған. Содан әділдік деген ана жерден сығалап қарап қала береді.
Маңайымызды қазір тек пайда көруді, ақша жасап қалуды көздейтіндер көбейген секілді сезіледі. Бір-біріне жаны ашу мен көмек қолын созу азайып барады. Мейірім деген шуақ сезім тапшы болып бара жатыр. Ең жаманы, осы адамдық асыл қасиеттердің кемшін тартуына ақша жетіспеушілігі себепші боп жатқан жоқ па деген ой мазалайды екен. Әрине, ең бастысы амандық пен саулық. Басты байлық материалдық дүние еместігін ұмытпау да керек деп ойлаймын.
📞 Өз отбасыңыздың бір айдағы қаржылық картинасымен бөліскіңіз келсе, «Табыс & Шығыс» айдарының колумнисті Мөлдір Бегімбетке хабарласыңыздар: WhatsApp +7 775 609 75 45
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/tabys-amp-shy-ys-ajdary-3/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үйде жатпа
Табыс & Шығыс айдары - Үйде жатпа
Табыс & Шығыс айдары:
👍6👌3💔1
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
🗣️Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қойылатын талаптарды күшейтпек
Мәссаған!😶
Министрлік ескерту жасапты📍
Жылы киініп жүріңіздер!🙌🏻
Бұған не дейсіз? 🤔
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-73/
#Қазақстан #жаңалықтар #Қаржынарығы #банк #Мұнай #бензин #ауарайы #магистратура #докторантура #ағылшынтілі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👌3🔥2❤1
Сіздің ойыңызша, қазір Қазақстан жастары қандай мәселелерге тап болып жатыр?
Дүниежүзіндегі ең әйгілі мүсіндерді білесіз бе?
Сіздің қалаңызда Халел Досмұхамедовтің есімімен аталған қандай орындар бар?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жастаркүні #Дыбыстанқорғаукүні #Мүсінөнерікүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ХалелДосмұхамедұлы #ЖанПольГотье
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12👌2
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Талаптары күшейіп жатыр екен📌
Дұрыс шешім екен👍
Жас ғалымның болашағына сәттілік тілейміз!😍
Тамаша!🙌🏻
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-74/
#Қазақстан #Жаңалықтар #ипотека #несие #дәрумендер #Денсаулықсақтауминистрлігі #Марс #жасандыинтеллект #этникалыққазақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3👌2👎1🎉1