Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 26 сәуір

🫠Бүгін — Халықаралық радиациялық апат және техногендік катастрофа құрбандарын еске алу күні. 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында жарылыс болып, адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат орын алды. Қоршаған ортаға радиоактивті заттар таралып, пайда болған бұлт Украина, Ресей, Беларусь пен Еуропаның бірнеше еліне дейін жетті. Осы тұста оқиға орнына табан тіреген қызметкерлер одан көп зардап шекті. Оның ішінде Қазақстанның 30 мың өкілі болды. Чернобыль мен Семей ядролық полигонының тарихы адамзатқа мұндай апаттардың зардабын еңсеру үшін ондаған жыл қажет екенін көрсетті.

😁Сәуірдің соңғы сенбісінде Дүниежүзілік ветеринарлар күні аталып өтеді. Адамзат ежелден мал мен үй жануарларын қадір тұтып келген, сондықтан ветеринар мамандығы әрдайым құрметті кәсіп саналған. Бұл туралы балаларға арналған ертегілер мен фильмдердегі Айболит пен Дулитл секілді кейіпкерлерге деген сүйіспеншіліктен-ақ аңғаруға болады. Бүгінде Қазақстанда шамамен 15 мың ветеринар жұмыс істейді. Алайда бұл салада маман тапшылығы әлі де сезіледі. Егер таныстарыңыздың арасында ветеринарлар болса, кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!


🤩26 сәуір – Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні. Зияткерлік меншікті қорғаудың басты құралдары — авторлық құқық, жеке тауар белгілері, сондай-ақ әртүрлі патенттер. Олар инновацияларды ілгерілетуге мүмкіндік беріп, инвестиция тартуға жол ашады, жобалар авторларының еңбегін өтеуге және ынталандыруға ықпал етеді. Егер сізде өзіндік өнертабысыңыз, жеке кәсібіңіз болса немесе енді бастағалы жүрсеңіз — зияткерлік меншігіңізді қорғауды ұмытпаңыз. Бұл үшін Ұлттық зияткерлік меншік институтына тіркелуге болады.

👥26 сәуірде өмірге келген атақты адамдар. 125 жыл бұрын ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің іргетасын қалаған ұлттық әдебиет классигі Сәбит Мұқанов (1900-1973) дүниеге келді. Оның кітаптары әлемнің 46 тіліне аударылып, АҚШ Конгресінің және Австралияның Ұлттық кітапханасының төрінен орын тапты. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, продюсер және модель Ченнинг Татум 45 жас мерейтойын атап өтеді. Ол 40-тан астам фильмде, оның ішінде “Сиқырлы Майк”, “Мачо және Ботан”, “Қымбатты Джон”, “Ақ үй Даун” және басқа да фильмдерде басты рөлді сомдады. Өнер иесі 2007 жылы Сергей Бодровтың “Моңғол” эпопеясында Шыңғысханның рөлін сомдауы керек болған. Алайда соңғы сәтте оның орнына Асано Таданобу ойнап шықты.

Сіздің қалаңызда Сәбит Мұқановтың есімімен аталған қандай орындар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #радиацияқұрбандары #зияткерлікменшік #ветеринаркүні #Туғанкүндер #Танымаладамдар #СәбитМұқанов #ЧеннингТатум
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🌷"Zat" көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады. 13 заманауи қазақстандық суретші мен дизайнердің қолында қарапайым бұйымдар — жиһаз, кескіндеме, зергерлік әшекейлер, керамика мен жарық инсталляциялары — жаңа мағынаға ие болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 – 19:00

🔥"Volcano" заманауи керамика көрмесі

Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаудың атқылау үдерісін зерттеп, осы тақырыпқа арналған жұмыстарын ұсынады. Табиғаттың бұл қуатты құбылысын – лаваның ағысы тудырған күш пен энергияны терең ұғынып, суретші оны өз бойынан өткізе отырып, көркем түрде бейнелеген.
Өтетін орны: «Өнер» арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 26 наурыз, 10:00 – 19:00

🙌Айжан-Сара Жәнсейітованың “Жанымның сыбыры” көрмесі
⠀
Алматыдағы Almaty Gallery көрме залында суретші Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 50 кескіндемелік туындысы ұсынылған. Әрбір шығармада өмір жолындағы таңдау тақырыбы көтеріледі — адам жарық пен қараңғының қайсысын таңдайды, тағдыр соған қарай өрбиді.
⠀
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 26 және 27 сәуір, 12:00 – 17:00

😻"Ancient Futures: мұраны, қолөнерді және экологияны зерттеу” көрмесі
⠀
Бұл көрме – өткен мен болашақтың арасындағы көпір. Мұнда ежелгі дәстүрлі білім мен қазіргі биотехнологиялар тоғысады. Шеберлер мен зерттеушілердің еңбектері арқылы көрермен мәдениеттер мен дәуірлердің қиылысында тұрған, табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолын іздейтін көркем әрі философиялық ойға бойлайды.
⠀
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 26 және 27 сәуір, 12:00 – 17:00


👏"T1 / 2" саунд-арт инсталляциясы
⠀
“T1/2” — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген.
⠀
Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 26 және 27 сәуір, 14:00 – 22:00

🗣Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады.

Орны: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92
Күні: 26 сәуір, 12:00-18:00

👀Spring Art Fair көрмесі
⠀
Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады.

Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 – 20:00


АСТАНА:

🙏SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 - 16:00


👤"Портреттер емес" көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 - 20:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4🔥2🤝2👏1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Қызыл дамбал” атты мелодрама фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/M8QOZSM9CsM

#Қызылдамбал #мелодрама #мстители #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #насилие #қазақ #борьба
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7👍4🤔1
💡📆📆📆📆📆 27 сәуір

👍27 сәуір – Дүниежүзілік графикалық дизайн күні. Графикалық дизайнердің міндеті — сөздерді, кескіндерді, анимацияларды және дыбыстарды көпшілікке тартымды әрі әсерлі етіп жеткізу. Бұл өнер әлеуметтік желілерде, кітаптардың беттелуінде, презентацияларда, интернет парақшаларында және түрлі жарнамалық өнімдерде көрініс табады. Сол себепті дизайнерлердің еңбегі бүгінгі таңда көптеген салада жоғары сұранысқа ие. Ал аталған мамандықты меңгеру үшін өзіндік талғам мен көзқарас, төзімділік пен еңбекқорлық болуы қажет.

Егер таныстарыңыздың арасында дизайнерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!


🙌Бүгін байланыс қызметкерлері “Морзе әліппесі” күнін атап өтеді. Себебі 1791 жылы 27 сәуірде электрлік телеграфтың атасы атанған америкалық өнертапқыш Самуэль Морзе дүниеге келген еді. Оның өнертабысы хабарламаларды үлкен қашықтыққа әп-сәтте жеткізуге мүмкіндік берді.
Оған дейін адамдар барабан соғу, түтін шығару, семафор белгісі сияқты түрлі тәсілдермен немесе дәстүрлі хат жазу арқылы байланысатын. 1844 жылы түпнұсқалық демонстрацияда пайдаланылған сымдар мен магниттер смартфонның экрандық пернетақталарына енгізілді. Бірақ Морзе әліппесінің 21 ғасырда да маңыздылығы жоғары екенін атап өткен жөн.

Ал сіз Морзе әліппесін білесіз бе?


🫢Бүгін жануарларды жақсы көретін жандар Дүниежүзілік тапир күнін атап өтеді. Тапир – Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада мекендейтін, шөппен қоректенетін қызық әрі сүйкімді сүтқоректі жануар. Олар Жер бетінде шамамен 55 миллион жылдан бері өмір сүріп келеді. Табиғи ортада тапирлердің басты жаулары – ягуарлар, қолтырауындар мен анакондалар. Алайда оларға ең үлкен қауіп адамдар тарапынан төнеді. Адамдар тапирлерді еті мен терісі үшін аулайды, сондай-ақ олардың табиғи мекен ету ортасы – ормандарды жойып жатыр. Бұл күннің мақсаты – көпшіліктің назарын тапирлердің жойылып бара жатқанына аудару. Өйткені олардың жойылу қарқыны табиғи түрде көбейу мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары.

Қазақстанда қорғауға мұқтаж қандай жануарларды білесіз?


😻Бүгін — памперстің пайда болған күні. 1965 жылы 27 сәуірде америкалық Pampers компаниясы бір рет қолданылатын балалар жаялықтарына ресми патент алды. Бұл идея химик Виктор Миллзге тиесілі. Үш немересін бағып жүрген ол, үнемі жаялық ауыстырудың қиындығын көріп, нәрестелерге арналған арнайы сіңіргіш қабатты ішкиім ойлап табады. Үй жағдайындағы алғашқы сынақтар бұл өнертабыстың қаншалықты қолайлы әрі қажет екенін дәлелдеді. Бүгінде Виктор Миллздің ойлап тапқан жөргектері әлем бойынша миллиондаған ата-ананың өмірін жеңілдетіп отыр.

Сіз қай фирманың жөргектерін ұнатасыз?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #графикалықдизайн #Морзеәліпбиі #жануарлардықорғау #жөргектіңөнертабысы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

💎 Бүгінгі кино шолуымыз “Гәп” атты комедия фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/sHQT_rcfYWI

#Гәп #комедия #понты #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #пафос #қазақ #деньги
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1
💡💫💫💫💫💫💫💫

28 сәуір – 4 мамырға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Тоқтылар, бұл аптада қаржылық жолыңыз Формула-1 жарысындай өрбиді: екпінді, қызық, алайда оқыс бұрылыстар да жоқ емес. Тым асығыстық сізді тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан әр қадамыңызды ойланып басыңыз, қолыңызға түскен алғашқы мүмкіндікті шапшаң пайдалана салудан сақ болыңыз.

♉️Торпақтар, бұл аптада қаржыңыз мығым жаңғақтай болмақ: сыртынан ашу қиын, бірақ төзім танытсаңыз, ішінен мол олжа күтіп тұр. Апта соңында көздің жауын алатын дүние-сыйлықтарға қызығып, бар қаржыңызды желге ұшырып алмаңыз. Шынайы бақыт – ашық әмиянда емес, ақылмен жұмсалған табыста.

♊️Егіздердің ақшасы осы аптада өз мінездеріне ұқсап, құбылып тұрады: бірде көбейіп, бірде ғайып болады. Әсіресе инвестиция жасауда қырағылық танытыңыз — ішкі дауыс екіұшты шешімдерге итермелеуі мүмкін. Барлығын таразылап барып қана әрекет етіңіз.

♋️Шаяндар үшін бұл апта қаржылай тұрғыда көңілді комедия секілді өтпек: күлкілі сәттер мен күтпеген оқиғалар жетерлік. Жақындарыңыздан тиімді ұсыныс түссе, оны әзіл ретінде қабылдап, алдымен жан-жақты саралап алған дұрыс. Себебі әр әзілдің астарында шындық жатпауы мүмкін.

♌️Арыстандар, бұл аптада қаржыңыз патша тәжіндей жарқырамақ. Алайда нағыз данагөй патша байлығын орынсыз шашпайды. Бар жиған-тергеніңізді көңіл көтеруге жұмсап жібермей, тұрақты әрі рухани пайда әкелетін дүниелерге, мысалы, өзін-өзі дамытуға арналған кітаптарға инвестиция жасаңыз.

♍️Бикештер бұл аптада қаржысын қалт жібермейтін есепші іспетті ұқыпты болмақ. Бірақ тым қатал тәртіпке бой алдырмай, кейде өзіңізді кішкентай бір қуанышпен еркелетуді ұмытпаңыз. Бәлкім, ешқандай пайда әкелмесе де, көңіліңізді көтеретін бір ұсақ-түйек зат сатып алу — жан дүниеңізге демеу болар.

♎️Таразылар, бұл аптада қаржыңыз “қалаймын” мен “қолымнан келеді” арасын теңгеруге тырысады. Апта басында қажетсіз дүниелерге ақша шашудан сақ болыңыз — олар ескі газеттей пайдасыз боп қалуы мүмкін. Апта соңында өзіңізге шағын, бірақ жүректі жылытар сый жасаудан тартынбаңыз.

♏️Сарышаяндардың бұл аптасы қаржылай тұрғыда құпия мен тосын оқиғаларға толы болмақ. “Жеңіл ақша” ұсынғандарға сақ болыңыз — ол тәтті қақпан болып шығуы әбден мүмкін. Оның орнына сенімді нәрсеге қаржы құйыңыз, мысалы, тоңазытқышыңызды пайдалы азықпен толықтырып алыңыз.

♐️Мергендер, бұл аптада қаржыңыз нысанаға дәл тиген оқтай жүйрік болмақ. Бірақ ұмытпаңыз: әр оқтың өз межесі бар. Шығындарыңызды алдын ала жоспарлап, ақылды шешімдер қабылдаңыз. Демалыс күндері аздап еркіндікке жол берсеңіз де, әмияныңызды бос қалдырмауға тырысыңыз.

♑️Тауешкілер, бұл аптада қаржыңызды темірдей тәртіппен басқарасыз. Өз бюджетін қатал ұстайтын ұстаз секілді боласыз. Дегенмен ең қатаң мұғалімнің өзі кейде бір сәт еркін демалатынын ұмытпаңыз. Өзіңізге шағын бір қуаныш сыйлаңыз — ол көңіліңізді көтеріп, күш-қуатыңызды арттырады.

♒️Суқұйғыштар, бұл аптада қаржылай өміріңіз нағыз ғылыми тәжірибеге ұқсайды: ойлар көп, нәтижелер күтпеген жерден шығады. Жаңа мүмкіндіктерден қашпаңыз, бірақ әр қадамыңызды есеппен жасаңыз. Әйтпесе еркіндікке ұмтылам деп, қолда бардан айырылып қалуыңыз ықтимал.

♓️Балықтар үшін бұл апта қаржылай жағынан ертегі әлеміндей болмақ: арман көп, ал шынайылық тым аз көрінуі мүмкін. Бар табысыңызды қиял мен тәтті үміттерге құрбан етуден сақтаныңыз. Ақиқаттың да өз қажеттілігі бар екенін ұмытпаңыз. Есіңізде болсын: ертегі кейіпкерлері де кейде сынақтан өтіп барып, бақытқа жетеді.

Аптаңыз сәтті өтсін әрі қаржыңыз еселене берсін!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2👌2🔥1
💡📆📆📆📆📆 28 сәуір

♨️28 сәуірде Қазақстанның жедел жәрдем қызметкерлері күні аталып өтеді. Денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды бөлімінде қызмет ететін маман иелері үлкен жауапкершілікке ие. Өйткені олар уақытқа, ауа райына, өзіндік көңіл күйі мен жеке басындағы жағдайларға қарамастан науқастың жағдайын бірніші орынға қояды. Мысалы, Ковид-19 пандемиясы кезінде жедел жәрдем қызметкерлерінің ерен еңбегін ауыз толтырып айтуға болады. Себебі олар дүрбелең уақытта бастарын қатерге тігіп, науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ел алдындағы азаматтық борыштарын адал атқарды.

Жедел жәрдемде қызмет ететін достарыңыз болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!



🤍28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл күннің мақсаты — көпшілік арасында еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастырып, жұмысшыларға қауіпсіз жағдай жасауға шақыру. Сонымен қатар қай уақытта да қауіпті жағдайлардың алдын алып, профилактикалық жұмыстардың бірінші кезекте тұратынын ескерту. Жыл сайын дүниежүзі бойынша өнеркәсіп орындарында 270 миллионға дейін жазатайым оқиға орын алып, 6 мыңнан астам адам қайтыс болады. Біздің елде де бұл күрделі мәселелердің қатарында тұр. Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам жұмысшы жарақат алып, оның 200-ге жуығы қайтыс болады.

Өзіңізге абай болыңыз және жұмыс орындарыңыздың еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болуын талап етіңіздер!


🚀Бүгін — Дүниежүзілік ғарыш туризмі күні. 2001 жылы 28 сәуірде Талғат Мұсабаевпен экипаж құрамында тұңғыш рет шетелдік турист ғарышқа ұшты. Осы арқылы ғарыштық туризмнің негізі қаланды. Америкалық кәсіпкер Деннис Тито аталған ғарыш саяхатына 8 ай дайындық жүргізіп, аспан әлеміне ұшуға 20 миллион доллар төледі. Мұнда ол дене жаттығуларынан ғана емес, ғарыш кемесін басқарудың негізгі қыр-сырын да меңгерді. Бүгінде әлемде 14 ғарыш туристі бар, ал соңғы ғарыш сапарының құны 55 миллион долларды құрады.

Ал сіз ғарышқа ұшқыңыз келе ме?


👥28 сәуірде өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін испаниялық актриса әрі модель Пенелопа Крус 51 жасқа толды. Өнер иесі “Викки Кристина Барселона” фильмінде сомдаған рөлі үшін “Оскар” сыйлығына ие болған алғашқы испандық әртіс ретінде әлемге танылды. Ол мансап жолында 60-тан астам фильмге түсті. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса әрі кәсіпкер Джессика Альба 44 жасқа толды. Көрермендер оны “Күнәлар қаласы”, “Жұмаққа қош келдіңіз!”, “Мачете” фильмдерінен біледі. Ал сән журналдары актрисаны әмдегі ең тартымды әйел ретінде мойындады. Джессика Альба Forbes нұсқасы бойынша тұтыну өнімдерін шығаратын компания құрылтайшысы ретінде “40 жасқа дейінгі ең бай кәсіпкерлер” тізіміне енді.

Сізге қай актриса ұнайды: Пенелопа Крус немесе Джессика Альба?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Медицинақызметкерлерікүні #Еңбектіқорғау #Ғарыштуризмі #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ПенелопаКрус #ДжессикаАльба
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌4❤2
💡💡💡💡💡💡💡

Өз ісімізде қалай үздік боламыз? ТОП-5 кеңес

1️⃣ Уақытты дұрыс жоспарлаңыз. ⏰

Кайдзен философиясы адамдарға асықпай, бірақ тұрақты түрде даму жолын ұсынады. Бұл жапондық жоспарлау әдісі үздіксіз жетілуге, күнделікті алға жылжып отыруға бағытталған. Кайдзен бойынша, кішкентай қадамдармен үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.

Уақытты тиімді басқару – бұл мақсатқа жетудің басты құралы. Белгіленген жоспар бойынша жұмыс істегенде, көптен бері аяқталмаған істерді орындау да оңай болады. Әр күнде өзіңізге қиын болып көрінетін істің бір минутын арнаңыз: кітап оқу, шет тілін үйрену, сурет салу және т.б. Осылайша сылтауларды тоқтатып, жалқаулыққа жол бермей, алға жылжуға болады.

2️⃣ Мақсаттардың тізімін жазу. ✍🏻

Тек ойда жүрген мақсатың орындалмайды. Арман тек арман болып қала береді, егер оны жазып, нақты қадамдарға бөлу керек. Мақсаттарды жаза отырып, оны кіші мақсаттарға бөлсеңіз, әрбір қадамды орындау жеңіл болады. Осы арқылы өзіңізге сенімділік пайда болып, “мен жасай аламын” деген ұстанымды ұстаныңыз.

Томас Эдисон электр шамын жасау үшін 10 000 рет қателесті, Уолт Дисней 303 рет банктен «жоқ» деп жауап алды, ал «Гарри Поттер» авторы өз кітабын баспаға тапсырып, бірнеше рет баспагерлерден бас тартуды естіді. Бірақ олардың бәрі де мақсаттарына сеніп, табандылық танытқаннан кейін әлемге әйгілі болды. Өз арманыңызға сеніңіз, ол міндетті түрде орындалады.

3️⃣ Ерте ұйықтап, ерте тұруды әдетке айналдыр. 🌤

Қазақтың “Ерте тұрған еркектің ырысы артық” деген аталы сөзі ерте тұрудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің кілті. Таңертең жұмыс істеу түнде жұмыс істеуден әлдеқайда тиімді екенін ұмытпаңыз. Таңмен тұрып, физикалық тұрғыда да белсенді боласыз, бұл денсаулыққа да пайдалы.

4️⃣ Спортпен айналыс. 🏃🏻🏃🏻‍♀️

Жетістікке жету үшін дене жаттығуларымен айналысу – маңызды қадамдардың бірі. Спорт барысында миында жаңа нейрондар байланысы түзіліп, адам денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Егер спортпен айналыспасаңыз, денеңіз әлсіреп, жалқаулық пайда болады, ол өз кезегінде жұмысқа деген мотивацияңызды төмендетеді. Сонымен қатар, дененің мықты болуы – өзіңізді әрқашан сергек әрі белсенді сезінудің басты кепілі.

5️⃣ Миды жаттықтыр. 🧠

Үздік болу үшін ми жұмысына да көңіл бөлу керек. Әр күн сайын 20-30 минут кітап оқып, оқығандарыңызды дәптерге жазып, өзіңізге баяндап беріңіз. Сөзжұмбақтар мен логикалық тапсырмаларды шешу де мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Ақындардың өлеңдерін жаттап алу, шет тілдерін үйрену – мидың белсенділігін арттыратын керемет әдістер. Осылайша, ми жұмысын жақсартып, өз ойларыңызды жүйелі түрде қалыптастыра аласыз.

#қазынакеңес #уақыт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍6👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

😍Қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсайтын шығынының басым бөлігі етке тиесілі

Мәссаған!😶

🥹Қазақстанда алғаш рет робот онкохирургиялық операция жасады

Тамаша!👍

💪2024 жылы зейнетақы жинақтарының инвестициялық кірісі 2,37 трлн теңгені құрады

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару туралы есеп ұсыныпты📌

🙈Астана тұрғыны сүйіктісіне жұмсаған 5 миллион теңгесін қайтару үшін сотқа арыз түсірді

Бұған не дейсіз?😶

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-76/

#Қазақстан #жаңалықтар #азық-түлік #ет #робот #операция
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2👌1
💡📆📆📆📆📆 29 сәуір

💃Бүгін ЮНЕСКО бастамасымен халықаралық би күні аталып өтеді. 1727 жылы 29 сәуірде заманауи балеттің негізін салушы Жан-Джордж Новер дүниеге келді. Аталған күн өнер иесінің құрметіне орай белгіленді. Әр халықтың өзіне тән ұлттық биі болады. Сондықтан мерекенің басты мақсаты – барлық стильді тұтас өнер түрі ретінде біріктіру. Би тілі сөзді қажет етпейді. Алайда ол барлық адамды саяси, әлеуметтік, мәдени және ұлттық шекаралардан тыс біріктіре алады.

Қазақтың қандай атақты билерін білесіз?


🙏29 сәуір — Дүниежүзілік балалар тілегін орындау күні. Бұл мереке 4 жасар Крис Грейхустың ерекше тәжірибесінен басталады. Ол полицей болуды армандайды. Алайда лейкемиямен ауырған бүлдіршінді өлімнен арашалап қалу мүмкін болмады. Мұны естіген Кристің ата-анасының жақын досы оған керемет кеш ұйымдастырып береді. Ол полиция қызметкері болып жұмыс істегендіктен, балаға арманы шындыққа ұласатынын дәлелдеді. Бала офицерлік форманы киіп, мотоциклге мінді. Тікұшақпен ұшып, тіпті полиция қызметкері деген құрметті атаққа ие болды. Кристің анасы осы қайғылы оқиғаны бөліскен уақытта, қамқор адамдар жаһандық қозғалысқа айналған Make-A-Wish қайырымдылық қорын құрды. Жыл сайын 45 000 жуық волонтер дүниежүзіндегі 30 000 науқас баланың тілегін орындап келеді.


👋Бүгін көрші ел Қырғызстан — астанасы Бішкектің туған күнін тойлайды. Қаланың негізі 1878 жылы 29 сәуірде қаланды. Ал күнтізбеге Астана күні 2006 жылы қалалық кеңес тиісті қаулы қабылдаған кезде енгізілді. Аңыз бойынша, Бішкек батыр XVIII ғасырдың аяғында болашақ қаланың орнына әскери бекініс құрған деседі. Бүгінде қалада миллионнан астам адам тұрады.

Бішкектен достарыңыз болса, құттықтауға болады!



👥29 сәуір — атақты екі тұлғаның туған күні. 119 жыл бұрын кәсіби қазақ музыка өнерінің негізін салушылардың бірі Ахмет Жұбанов (1906-1968) дүниеге келді. Ол домбыраға, қобызға, сыбызғыға арналған музыкалық шығармаларды жазып, халық аспаптар оркестріне көптеген халық күйін өңдеді. Сонымен қатар қазақ халық музыкасының тарихына, халық әншілерінің, күйшілерінің, композиторларының өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми еңбектер мен зерттеулердің авторы.
Сонымен қатар бүгін америкалық актриса әрі модель Ума Турман 55 жасын атап өтеді. Ол Тарантиноның “Убить Билла” және “Криминальное чтиво”фильмдеріндегі рөлі арқылы танымал. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмге түсті.

Сіздің қалаңызда Ахмет Жұбановтың есімімен аталған қандай орындар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Бикүні #Тілектіорындаукүні #Қырғызстанмерекесі #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АхметЖұбанов #Уматурман
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌2🎉1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақтың саяси өміріндегі киім-кешек рөлі

🟢 Көшпенділер үшін киім – жай ғана тұрмыстық қажеттілік емес, ол адамның әлеуметтік дәрежесін, саяси беделін, тіпті рухани болмысын танытатын ерекше рәміз еді. Қарапайым күнделікті киімнен бастап, саяси келіссөздерде киетін салтанатты киімге дейін әр киімнің өз орны, өз мәні болды. Әсіресе, көшпелі өмір салтында киім-кешек адамның жағдайына, мінезіне, мәртебесіне қарап пішіліп, тігілді.

📌 Сақтар мен ғұндардың батыр болмысы киімдерінен-ақ көрініп тұратын. Шошақ бөрік, қауырмалы бешпент, темір қаңылтырмен көмкерілген белбеу, тері шалбар мен киіз етік – мұның бәрі ат үстінен түспейтін жауынгер халықтың өмір салтына бейімделген еді. Бұл киімдер жауынгерді суық пен ыстықтан қорғай отырып, еркін қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін.

Мысалы, сақ көсемінің үстінде алтын жапсырмалармен әдіптелген, елтірі көмкерген қызыл жарғақ камзол болған. Оның жеңдері сұр былғарымен оюланып, кестеленген, ал басына қоңыр киіз қалпақ киген. Бұл – билік пен байлықтың, салтанат пен салқынқанды мінездің белгісі. Әйел адам да киіммен өз мәртебесін көрсеткен: шұбар түсті жүн матадан ұзын көйлек, омырауында алтын қапсырмалар, иығында қызылмен кестеленген жамылғы, ерекше бөрік – мұның бәрі көшпенді мәдениеттің биік талғамын айғақтайды.

📌 Қазақ халқының дәстүрлі киімдері – табиғатпен үндескен, дәуірмен үндескен өнер туындысы. Киім түрлері ішкі, сыртқы, сулық, сәндік, бір киер және салтанаттық деп бөлінеді. «Бір киер» – қымбат матадан тігіліп, зерлі әшекеймен көмкерілген, той-жиынға, елшілік сапарға киілетін ерекше киімдер. Мұндай киімдер саяси қарым-қатынаста адамның беделін арттырып, оның қай рудың, қай шонжардың өкілі екенін айқындайтын белгі болған.

Салт бойынша, ер жігіт майданға не егеске шығарда, ең таңдаулы, ең бағалы киімін киген. Бұл – жеңіске деген сенім мен жауға деген құрметтің нышаны еді. Көйлек, дамбал, желетке сынды ішкі киімдерден бастап, шапан, күпі, шекпен, сырттық секілді сырт киімдерге дейін барлығы табиғи матадан: мәуіті, жібек, аң терісі, киізден тігілген.

📌 Аң терісінен тігілген ішіктер – көшпенділердің сәні мен салтының тоғысқан тұсы. Қасқыр, бұлғын, жанат, күзен, ақ тышқан – бұл аңдардың терілерімен тысталған тондар ішік аталған. Олар сыртынан шұға, атлас, торғын, барқыт секілді бағалы маталармен көмкеріліп, кейде оқалы, шет-шеті жұрындалған, қайырма жағалы болып тігілген.

Қазақ киімдері – көшпенділердің көркем рухын, еркін өмір салтын және ұлттың рухани биіктігін бейнелейтін мәдени код. Әр түймесі, әр өрнегі мен әр тігісі артында ғасырлар мұрасын арқалағанын ескерсек, бұл киімдер – ұлттық тарихтың тірі куәсі.

#көшпенділер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍2❤1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👥2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен кейбір медициналық қызметтерге ҚҚС төмендетіледі

Министр мән-жайды түсіндіріпті👍

👋Алматыда ертең дабыл жүйесі іске қосылады

Құлаққағыс📌

😍Гонконгтен Қазақстанға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Тамаша!😍

🥸Жаңа астықтың 7,5 млн тоннасы экспортталды

Мәссаған!😶

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-77/

#Қазақстан #Жаңалықтар #ҚҚС #дәрі-дәрмек #дабылжүйесі #Гонконг #тікелейәуерейсі #астық #экспорт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4❤2
💡📆📆📆📆📆 30 сәуір

💪1945 жылдың 30 сәуірінде 20 жастағы лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы қатардағы жауынгер Григорий Булатов Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен еді. Бұл – Рейхстагтың үстінде желбіреген көптеген жалаулардың ең алғашқысы болатын.
Олардың әрекеті жауынгерлерге күш пен батылдық берді. Алайда жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жыл бойы еленбей келді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілгені мәлім. Батырдың ерлігі жылдар бойы ресми Мәскеу тарапынан көпе-көрнеу ескерілмеді. Бүкіл кеңестік тарих оқулықтарында М.Егоров пен М.Кантарияның есімі айтылып, оларға КСРО Батыры атағы берілді деп жазылып келді. Кейін Қонаев Қошқарбаевқа Батыр атағын беру туралы арыз жазып, оған Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев және басқа да қазақ зиялыларының өкілдері қол қояды. Бірақ Кеңес өкіметі оны жауапсыз қалдырды. 1999 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған Халық Қаһарманы атағы берілді.

Сіздің жақын жандарыңыздың арасында Ұлы Отан соғысына қатысықандар бар ма?


👏30 сәуірде ЮНЕСКО бастамасымен Халықаралық джаз күні аталып өтеді. Бұл — өткен ғасырдан бүгінгі таңға дейін музыка өнерінің бірегей түрі ретінде қалып, нәсілдер мен ұлттарды біріктіріп келеді. Сол себепті ол бейбітшілік символы саналады. Ұлт пен ұрпақ арасындағы шекараны жойып, татулық пен бейбітшіліктің символына айналған бұл жанрдың басты аспаптарының бірі – саксофон. Осы аспапта ойнау шеберлігімен танылған тұлғалардың бірі – Батырхан Шүкенов еді.

Сізге музыка өнерінің қай бағыт ұнайды?




🤩30 сәуір — Халықаралық шам жасаушылар күні. Бұл күн ғасырлар бойы адамдар үшін жалғыз жарық көзін ойлап тапқан шырақ жасаушы шеберлердің құрметіне арналған. Иә, қол шамдарының пайда болуы электр шамдарын өндіру мен тұтынудың азаюына әкелді. ХХІ ғасырда да аталмыш шамдар адамдар өмірінде маңызды рөл атқаруда. Қазіргі таңда оларды арнайы рәсімдер үшін, бөлмені безендіру мақсатында және медитация үшін қолданады.

Ал сіз шамдарды қандай мақсатта қолданасыз?


👥30 сәуір өмірге келген танымал тұлғалар. 112 жыл бұрын Қазақстанның халық әртісі, актер және режиссер Әубәкір ЫСМАЙЫЛОВ (1913-1999) дүниеге келді. Ұлттық кәсіби кескіндеме мектебінің негізін қалаушылардың бірі 1928 жылы қазақ өнерінің тұңғыш көшпелі көрмесіне қатысты. 1939 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан халық би ансамблін ұйымдастырды. Ол театрда режиссер және қоюшы-суретші болып қызмет етіп, фильмдерде ойнады. Сонымен қатар бүгін израильдік актриса және модель, БҰҰ ізгі ниет елшісі Гал Гадот 40 жасқа толды. Ол көпшілікке «Әділет лигасы», «Ғажайып әйел» және «Форсаж» фильмдеріндегі рөлімен танымал. 2022 жылы ол Tiffany & Co жоғары зергерлік бұйымдар желісінің бас елшісі болды.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #РахымжанҚошқарбаев #Жеңістуы #джазкүні #ақпараткөздері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ӘубәкірЫсмайылов #ГальГадот
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2❤1
💡💡💡💡💡💡💡

Қарыз құрсауынан қалай шығуға болады? ТОП-7 кеңес

📝 Қарызға кіру оңай, ал одан шығу қиын. Бірақ дұрыс стратегия мен қаржылай тәртіп болса, кез келген қарыздан құтылуға болады. Төменде қарызды өтеудің ең тиімді 7 жолын ұсынамыз.

1️⃣ Қарыздарыңызды нақты тізімдеп, басымдық белгілеңіз

Алдымен, барлық қарызыңызды қағазға немесе Excel кестесіне жазып шығыңыз.

Оларға:

✅ Қарыз сомасы
✅ Пайыздық мөлшерлеме
✅ Ай сайынғы төлем
✅ Қарыз мерзімі

Егер бірнеше несиеңіз болса, ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі барын бірінші өтеуге тырысыңыз. Бұл сізді артық төлемдерден құтқарады.

2️⃣ “Қар жинау” әдісін қолданыңыз

Бұл әдіс бойынша ең кішкентай қарызды бірінші жауып, одан кейін үлкеніне көшу керек. Бірінші қарызды жапқанда, өзіңізді жеңіл сезініп, мотивация аласыз.

✅ Мысал:
• 50 000 теңге – шағын қарыз
• 250 000 теңге – тұтынушылық несие
• 1 000 000 теңге – ипотека

Алдымен, 50 000 теңгені жауып, сосын қалғандарын кезең-кезеңімен төлеу керек.

3️⃣ Қосымша табыс көздерін іздеңіз

Қарызды жылдамырақ жабу үшін табысты көбейту маңызды. Ол үшін:

✅ Фриланспен айналысыңыз (жазу, дизайн, аударма)
✅ Қосымша жұмыс табыңыз
✅ Қажетсіз заттарды сатыңыз
✅ Бизнес бастауға немесе инвестицияға талпыныңыз

Мысалы, егер ай сайын 20 000 теңгеден артық тапсаңыз, бұл қарызыңыздың тезірек жабылуына көмектеседі.

4️⃣ Шығындарды азайтып, бюджетіңізді реттеңіз

Көп адам өз қаражатын дұрыс басқармағандықтан қарызға кіреді. Сондықтан қажетсіз шығындарды қысқартыңыз:

❌ Кофеханалар мен қымбат мейрамханалар
❌ Қымбат бренд заттар
❌ Артық жазылымдар (Netflix, фитнес-клуб және т.б.)

✅ Мысалы: Егер ай сайын 50 000 теңге үнемдесеңіз, бұл қарызды өтеуге үлкен көмек болады.

5️⃣ Қарызды қайта қаржыландырыңыз

Егер несиеңіздің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса, оны басқа банкке төмен пайызбен ауыстыруға болады. Бұл сіздің ай сайынғы төлеміңізді азайтады және қарызды жеңілдетеді.

✅ Мысал: Егер қазіргі несиеңіздің жылдық мөлшерлемесі 25% болса, ал басқа банк 15%-бен берсе, сіз айына 10 000-20 000 теңге үнемдей аласыз.

6️⃣ “Несие картасын” пайдалануды шектеңіз

Несие картасы – қаржылай қиындықтың басты себептерінің бірі. Себебі:
❌ Жоғары пайыздық мөлшерлеме
❌ “Оп-оңай” ақша болып көрінуі
❌ Адам психологиясы оны жиі пайдалануға бейім

Картаны мүлде қолданбаңыз немесе ай сайын толық жауып отырыңыз.

7️⃣ Өзіңізге қаржы тәртібін орнатыңыз

Қарыздан құтылу үшін ең бастысы – дұрыс қаржы әдеттерін қалыптастыру:
✅ Табыс пен шығынды жазып отыру
✅ Қаржы жинауға дағдылану
✅ Тек қажетті заттарды сатып алу
✅ Қаржы сауатын арттыру

📍Қорытынды

Қарыздан құтылу — жүйелі процесс. Сондықтан оған уақыт пен тәртіп керек. Бастысы – нақты жоспар жасап, үздіксіз әрекет ету.

📌 Есіңізде болсын: Қаржыңызды өзіңіз басқармасаңыз, қарыз сізді басқарады!

#қарыз #қаржы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🙊2🔥1👌1