Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!
Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.
Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.
Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Бүгін біз маусым айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!
Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз желтоқсан айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.
Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл
Сонымен, қараша айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣ ҚАНАТГАУҺАР
2️⃣ Omirzakkyzy
3️⃣ Perizat
4️⃣ @karrwme
5️⃣ Гүлназ
(Кестеде толық мәліметтер берілген.)
Ең үздік комментарий үшін
@Azamattrg оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.
Ескерту:
❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.
❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.
Біз сізге айтқымыз келеді: біздің редакция үш жыл бойы демалыссыз сіздер үшін еңбек етті. Енді шілде айында біз бір айлық демалысқа шығамыз. Баршаңызға шуақты жаз бен жақсы демалыс тілейміз!
Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы☑️

👍23❤9🎉6💔1
Үйде жатпа! pinned «Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады! Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған…»
💡📆📆📆📆📆 10 қыркүйек
🌷10 қыркүйекте түрлі-түсті гүл шоқтары күні аталып өтеді. Бүгін кез келген адамға күзгі гүл шоқтарын сыйлай аласыз. Мәселен, қашқаргүл (астра), нарғызгүл (георгин), баршынгүл (гладиолус), бақытгүл (хризантема) сынды гүлдердің ашық түсі мен тамаша реңкі көз қуантып жатады. Түрлі-түсті гүл шоқтары күні - “барқыт маусымы”әрі “қоңыр күз” мерекесімен тұспа тұс келеді. Әдетте, қыркүйек байламдары жидектерден немесе дала гүлдерінен жасалады. Сондай-ақ осы күннің құрметіне орай бүкіл әлемде гүл өсірушілердің көрмелері мен байқаулары өтеді.
Бүгін сүйіктіңізге бір байлам гүл немесе түрлі-түсті жапырақ беруді ұмытпаңыз!
👋10 қыркүйек - Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні. Өз-өзіне қол жұмсау соғыстар мен кісі өліміне қарағанда көп адамның арасында белең алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, суицидтен көз жұматындардың жалпы саны қазір жылына бір миллионға таяп қалды. Яғни, әр 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсап өледі. БҰҰ-ның айтуынша, АИТВ, безгек және сүт безі қатерлі ісігінен гөрі суицидтен көп адам қайтыс болады. Жаңалықтарға құлақ түрсең, Қазақстанда да жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл күннің мақсаты - адамдардың назарын қайғылы статистикаға аударта отырып, суицидтің алдын алуға шақыру.
👥10 қыркүйек - қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. 132 жыл бұрын саясаткер, ғалым, публицист, біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күреске қатысушы Сұлтанбек Қожанов (1894-1938) дүниеге келді. Қоғам қайраткері Ленинмен әңгімелескеннен кейін халқымыздың патша тұсында бұрмаланған “қырғыз-қайсақ” атауы Бүкілодақтық съезде тарихи “қазақ” болып түзетілді. Сондай-ақ оның табандылығының арқасында Қарақалпақстан, Сырдария облысы, Мырзакөл, Бостандық, Шыршық уездері Қазақ АКСР-ге енді. Кеңес өкіметі оны өлім жазасына кесіп, ату жазасына кесті. 1957 жылы ол ақталды. Сондай - ақ 76 жыл бұрын "Дос-Мұқасан" вокалдық-аспаптық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі әрі солисі Шәріп Омаров (1948-2007) дүниеге келді. Шығармашылық мансабынан кейін ол өзін мемлекеттік және дипломатиялық қызметке арнады. АҚШ-тың Небраска штаты мен Линкольн қаласының Құрметті азаматы.
Сізге "Дос-Мұқасан" тобының қай әні ұнайды?
👥10 қыркүйекте атақты екі шығармашылық тұлға өмірге келді. 93 жыл бұрын “Сән патшасы” атанған әйгілі дизайнер Карл Лагерфельд (1933-2019) дүниеге келді. Өзінің талғампаз стилімен көпшіліктің жүрегінен орын алған неміс кутюрьесі туған жылына байланысты әртүрлі дерек айту арқылы шынайы жасын жасырғанды ұнататын. Ол қайтыс болғанға дейін итальяндық Fendi сән үйінің және француздық Шанельдің тұрақты бас дизайнері болып қызмет етті. Сәнгер олармен өмір бойына келісімшарт жасасқан болатын.
Сонымен қатар ол Карл Лагерфельд сән үйінің негізін қалады. Бүгін криминалдық комедия жанрының үздік шебері саналатын британдық режиссер Гай Ричи 56 жасқа толды. Оның “Карта, ақша, екі діңгек”, “Жұлдыз”, “Шерлок Холмс”, “Джентльмендер”, “Адамның қаһары” және т.б фильмдері бәрімізге белгілі. Өнер иесі әнші Мадоннамен 7 жыл шаңырақ көтерді. Гай Ричи - каратэ, дзюдо және джиу-джитсудан қара белбеу иегері.
Сізге Гай Ричидің қай фильмі ұнайды?
#күнтізбе #10қыркүйек #гүл #суицид

👍11❤6😍2👏1
Өз ісіңізде үздік болудың 5 жолы
Уақытыңызды тиімді жоспарлап, мақсаттарыңызға жылдам жетіңіз!
1️⃣ - қадам. Уақытты дұрыс жоспарлаңыз
Кайдзен әдісіне сәйкес:
- Күн сайын 1 минутыңызды қиын көрінетін істерге арнаңыз (кітап оқу, шет тілін үйрену).
- Нәтижесінде, бір апта ішінде 7 минут жұмсау арқылы 7 күнде тұрақты дамуды көресіз.
- 30 күнде бұл 30 минутқа дейін артады, ал алты ай ішінде күн сайын шамамен 3 сағат нәтижелі әрекет жасайсыз!
2️⃣ - қадам. Мақсаттарыңыздың тізімін жазыңыз
Зерттеулерге сәйкес, қағазға жазылған мақсаттардың орындалу мүмкіндігі 42%-ға жоғары.
Мақсаттарыңызды қалай жіктеу керек:
- Үлкен мақсатты 5-10 кіші мақсатқа бөліңіз.
- Әр кіші мақсатты орындауға 3-5 қадам жасаңыз.
- Мақсатыңызға қарай күнделікті 1-2 сағат жұмсап, оларды кезең-кезеңімен орындаңыз.
3️⃣ - қадам. Ерте ұйықтап, ерте тұрыңыз
- Таңертең ерте ояну арқылы күніне орта есеппен 2-3 сағатыңыз артық болады.
- Бұл жылына шамамен 700 сағатқа дейінгі қосымша өнімділікке тең
Зерттеулерге көз жүгіртсек, ерте тұратын адамдардың 58%-ы күні бойы сергек әрі көңілді жүреді. Сонымен қатар басқаларға қарағанда жоғары табысқа жете алады.
4️⃣ - қадам. Спортпен айналысыңыз
- 30 минутқа созылған күнделікті жаттығу көңіл күйді 50%-ға жақсартады.
- Жаттығу арқылы миға баратын оттегі 30%-ға артып, ойлау қабілеті жоғарылайды.
- Аптасына 3 рет спортпен айналысу физикалық шыдамдылығыңызды 15%-ға еселейді.
5️⃣ - қадам. Миыңызды жаттықтырыңыз
- Күніне 20-30 минут кітап оқу ми белсенділігін 68%-ға арттырады.
- Логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу ми жұмысын 20%-ға жақсартады.
- Шет тілін үйрену нейрон байланыстарын 60%-ға дейін күшейтеді.
Ми жұмысын дамыту арқылы жұмысқа деген тиімділігіңізді 2 есе арттыруға болады.
Есіңізде болсын, мақсатыңыз айқын болса, жетістікке бір табан жақындай аласыз!
Осы орайда Абайдың:
Талап, еңбек, терең ой;
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс, көнсеңіз, - деген өлең жолдары көкірегіңізге сәулелі нұр құйып, алға жылжуыңызға түрткі болары сөзсіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40👍13🔥2👌1😨1