Үйде жатпа!
8.12K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🥳Енді Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы жеңілдеуі мүмкін

Мәссаған, бұған не дейсіз?😮

😎Елімізде бүгіннен бастап автонесие алу жеңілдеді

Енді көлік мінетіндердің саны да артатын шығар😍

👥Қазақстандықтарға “Ата-аналар мектебінде” оқу міндеттелмек

Жақсы бастама екен!👍 Қолдайсыз ба?

😄Қазақстанда дарынды жастарға тегін жоғары білім беретін inVision U факультеті ашылады

Тамаша!👍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-34/

#Қазақстан #жаңалықтар #көлікжүргізуші #жаза #автонесие #Ата-аналармектебі #тегінжоғарыбілім #факультет #SatbayevUniversity #inVisionU
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌8❤3👏3👍1
💡📆📆📆📆📆 21 ақпан

👀Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық ана тілі күні аталып өтеді. Бұл күн 1952 жылы 21 ақпанда Бангладеш астанасы Даккада болған оқиғаны еске алу мақсатында белгіленді. Осы күні полиция оғынан бірнеше студент қаза тапты. Олар өздерінің ана тілі – бенгал тілін мемлекеттік тілдердің бірі ретінде мойындауды талап етіп, шеруге шыққан еді. Әлемде 7 мыңға жуық тіл бар. Ал оның 2,5 мыңнан астамы жойылу алдында тұр. Әр екі апта сайын бір тіл жойылып, соны қолданған халықтың мәдени мұрасы да бірге жоғалуда.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?



🥀Бүгін әйел бақыты күні тойланады. Ішкі тепе-теңдік пен бақыт – адамның өз мүмкіндігін толық ашуға көмектесетін маңызды өмірлік ресурстар. Әйелдің ана мен әйел ретінде атқаратын рөлі — оның шығармашылық және кәсіби жетістіктерімен қатар тұрады. Олардың арман-тілектері орындалған сайын, өзгеге де қуаныш сыйлай алады. Сондықтан бұл күн жылына үш рет: 21 ақпанда, 11 маусымда және 18 қазанда аталып өтеді.

Барлық қыз-келіншекті бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Бақыттарыңыз еселене берсін!



🥞Бүгін тағам әуесқойлары халықаралық құймақ күнін атап өтеді. Бұл мереке 500 жылдан астам уақыт бұрын Англияда пайда болған. Аңыз бойынша, осы күні бір әйел құймақ пісіріп жатып шіркеуге баратынын ұмытып кетеді. Уақыт тапшылығынан ол қолындағы ыстық табамен, шіркеуге қарай беттейді. Содан бері кей қалаларда жыл сайын дәстүрлі “құймақпен жүгіру” сайысы өткізіледі. Қатысушы әйелдер міндетті түрде көйлек пен алжапқыш киіп, табадағы құймақты аспанға лақтырып, қайта қағып алып, белгілі бір қашықты жүгіріп өтулері керек. Жеңімпаз арнайы марапатқа ие болады. Ал жарыс кезінде табадан түспеген құймақтарды көрермендер ауыз тиеді.

Сізге құймақ ұнай ма?



👥21 ақпан — танымал екі әншінің туған күні. Бүгін қазақ эстрадасының әншісі, актриса әрі тележүргізуші Мақпал Исабекова 41 жасын атап өтеді. Ол SuperStar KZ жобасына қатысу арқылы танымал болды. Мансаптық жолында Қазақстанның “Тарлан” платина сыйлығының лауреаты атанды. Әнші 2016 жылы "Бала дауысы" I Ұлттық балалар ән байқауының тәлімгерлерінің бірі болды. Сонымен қатар бүгін Вэнди деген атпен танымал K-pop әншісі әрі актриса Сон Сонван 31 жасқа толды. Ол — Red Velvet girl тобының басты вокалисі және Got the beat супер тобының мүшесі. 2021 жылы like water шағын альбомымен жеке дебют жасады.

Мақпал Исабекованың қай әндері ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Тарих #Оқиғалар #Атаулыкүндер #Анатілі #Әйелбақыты #Құймақкүні #Туғанкүндер #Танымаладамдар #МақпалИсабекова #K-pop
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4👌2😍2⚡1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Молда" комедиясы. Қанқұйлы қылмыстардан тайынбайтын қатігез адам бастығының тапсырмасын орындамағаны үшін сатқын атанып, өлім жазасына кесіледі. Оны өлтіру үшін ТМД-ның қылмыстық топтары бірігеді. Ал аман қалудың жалғыз жолы–мешітке жасырынып, молда кейпіне ену болады. Басты рөлдерде: Мадияр Серікбаев, Еркін Әбдіреш, Жанболат Найзабеков, Дана Тұрарбек.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LxcRQM0KrsI

🎬"Албасты" мистикалық драмасы. Салтанат есімді қыздың өмірі қайғы мен қасіретке толы еді. Бір күні оның қолына сиқырлы кітап түседі. Сол сәттен бастап қызбен аңыздарда айтылатын тылсым жаратылыс – Албасты сөйлесе бастайды. Ол Салтанатқа көмектесуге уәде береді. Алайда бұл көмектің өтеуі тым ауыр болмақ… Басты рөлдерде: Марат Әміраев, Раушан Орынтай, Айнұр Күншігарова, Назым Мұхадиева. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ICRF0MNpgjI

🎬"Кімге керексің?” комедиясы. Ұзақ жылдар бойдақ боп келген Асхат шаңырақ көтереді. Алайда ол үш айдан соң ажырасып тынады. Сөйтіп бұрынғы әйелі Гүлжан заттарын алуға келгенде, оның қайта тұрмысқа шығуға дайындалып жүргенін біледі… Басты рөлдерде: Шерхан Пирназар, Фариза Ескермес, Нұрболхан Шарапов, Әсел Асқар.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UNvSB_puk_E

🎬"Оставь это ветру" мелодрамасы. Бұл фильм кәсіпкер әйел мен қамсыз жүрген спортшының махаббат хикаясына негізделген. Екеуінің өмір салты мен көзқарасы мүлде үйлеспейді. Алайда тағдыр оларды бір компанияның директорлар кеңесінде жолықтырады. Екі түрлі әлемнің адамдары бір-бірінен рухтас жан таба ала ма? Басты рөлдерде: Ханде Эрчел, Барыш Ардуч. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VjEWobbHO5Y

🎬"Дети леса" шытырман оқиғалары. Караг – қарапайым жасөспірім сияқты көрінгенімен, оның жанарында жасырынған тылсым сыр бар. Ол – жартылай адам, жартылай қабыланға айналатын ерекше қасиетке ие. Басты рөлдерде: Вив Ли Томас, Эмиль Шериф.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qj8KhNt_ne4

🎬"Отравленная любовь" драмасы. Лукас пен Эдит он жылдан кейін алғаш рет жалғыз перзенттері жерленген қабірдің басында жолығады. Басты рөлдерде: Тим Рот, Трин Дюрхольм. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Oh-OeC4QuIk

🎬“Субстанция: Идеал” қорқынышты фильмі. Дарынды студент қыз сұлулығымен де, танымалдығымен де ерекшеленбейтін. Үмітін үзген сәтте, ол адамды түбегейлі өзгертетін дәріні қолдануға бел буады. Алайда сұлулық құрбандықты талап етеді… Басты рөлдерде Джоен Сон, Эден Харт. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=y9lmud-QZxc

🎬"Супергномы" мультфильмі. Сұлу да сүйкімді Эльфи – адамдарға жасырын көмек көрсететін ергежейлілер тайпасының мүшесі. Бір күні олар дамыған ергежейлілер кланының бар екенін біледі.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ucFyVGWkZWg

#Жаңакино #Премьера #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #Молда #Албасты #Кімгекерексің?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍4❤3🤩1👌1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Албасты” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/nBQv_2AqJTQ

#Албасты #мистика #миф #драма #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #демон #социальный
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨7❤3👍2👌2
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🫡Алматыда Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

Керемет! Міндетті түрде тамашалап қайтыңыздар!👍

💸Наурызда 1 мың теңгелік жаңа банкнота айналымға шығады

Дизайны ұнады ма?🤔

💰93 блогерге жіберілген салық хабарламасы кері қайтарылды

Оларға 9,8 млрд теңге төлеу міндеттелген еді📌

🥀8 наурыз мерекесіне орай аналарға әлеуметтік төлем беріледі

Тамаша!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-35/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Жошы #көрме #жаңабанкнот #мыңтеңге #блогер #салық #ана #әлеуметтіктөлем
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏8👍5👌4❤2
💡📆📆📆📆📆 22 ақпан

👤22 ақпан – Халықаралық қылмыс құрбандарын қолдау күні. Бұл күн қылмыс әрекеттерінен зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында белгіленген. Бүгінде әлемде қылмыс құрбандарына көмек көрсететін 200-ге жуық арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Алайда сіздің жеке қолдауыңыз ешқашан артық етпейді. Атаулы күннің тарихы 1990 жылдан басталады. Дәл осы жылы Ұлыбританияның Министрлер кабинеті “Қылмыс құрбандары хартиясын” жариялап, АҚШ-та жәбірленушілерге қатысты сот ісін жүргізудің негізгі қағидаларын қамтитын федералды заң қабылданған еді.

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


👀Ақпанның соңғы сенбісінде ерекше мереке – қылыш жұту өнері күні аталып өтеді. Бұл өнерді ежелгі үндістер, қытайлықтар және жапондықтар жетік меңгерген. Ол жоғары шеберлікті, дәлдік пен тәжірибені талап етеді. Өйткені кез келген қателік адам өміріне өте қауіпті. Айта кетейік, қылыш жұту өнері медицинаның дамуына да өзіндік үлес қосты. Адам ағзасын зерттеу барысында дәрігерлер асқазан-ішек жолдарын диагностикалауға арналған құралдар мен құрылғыларды алғаш рет осы саланың шеберлері арасында сынақтан өткізген.


🐈Бүгін Жапонияда мысықтар күні аталып өтеді. Жапондықтар мысықтың “нян-нян-нян” деп мияулайтынын айтады. Ал бұл дыбыстау жапон тілінен “екі-екі-екі” деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты бұл мереке екінші айдың жиырма екінші жұлдызында аталып өтеді. Айта кетейік, бұл күні арнайы атқарушы комитет мысықтардың әдеттері мен сүйікті тағамдары туралы әңгімелейді.

Қазақстанда мысықтар күні болғанын қалайсыз ба?



👥22 ақпан — танымал қос тұлғаның туған күні. 293 жыл бұрын АҚШ-тың алғашқы президенті әрі елдің негізін қалаушылардың бірі Джордж Вашингтон (1732-1799) дүниеге келді. Америкалықтардың санасында ол көрнекті әскери қолбасшы және Тәуелсіздік соғысы аяқталғаннан кейін биліктен өз еркімен бас тартқан көшбасшы ретінде сақталды. Себебі Вашингтон жеке билік үшін емес, қоғам бостандығы үшін күрескен көшбасшы еді. Сонымен қатар 103 жыл бұрын қазақ кинорежиссері, сценарист әрі актер Мәжит Бегалин (1922-1978) өмірге келді. Ол — өз замандастары туралы және ХХ ғасырдың соңындағы қазақ еңбекшілері туралы көркем фильмдердің авторы. Мәжиттің режиссерлік шеберлігі Шоқан Уәлиханов, Бауыржан Момышұлы және Мәншүк Мәметова туралы тарихи-биографиялық жанрдағы фильмдерде де көрініс тапты. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері көптеген кәсіби сыйлықтардың лауреаты атанды.

Джордж Вашингтон доллардың қай купюрасында бейнеленген?

#Күнтізбе #Мереке #Күндер #қылмысқұрбандары #қылышжұтушылар #мысықкүні #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АҚШтыңтұңғышпрезиденті #МәжитБегалин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤5👌4🤩1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге қалдыра аласыз.

АЛМАТЫ:

🗣️Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі

Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 22 және 23 ақпан, 12:00 – 18:00

👣Коньки тебу

Баршаңызды Алматыдағы ең үлкен мұз айдынында коньки тебуге шақырамыз! Өз конькиіңізбен келетін болсаңыз, сырғанау тегін. Сондай-ақ жақын жерде конькиді жалға беру (бағасы — 1500 теңге) қызметі де бар.

Өтетін орындары: Наурызбай ауданы әкімдігі алдындағы алаң (мкр. “Шұғыла”, 347) және Алматы Арена (мкр. “Нұркент, 7)
Күні: 22 және 23 ақпан, 10:00-22:00

🦾Алтана Енишеваның "Songs about love" жеке көрмесі

Махаббат туралы ән – бұл қоштасу мен қауышу, өткен шақ пен қиял жайлы сыр. Махаббат әндері – жалғыздықпен күрес, ішкі толғаныстың көрінісі. Алтана Аюшева өз картиналары арқылы осы сезімдерді бейнелеп, ұрпақтар мен мәдениеттерді байланыстырады.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79.
Күні: 22 және 23 ақпан, 12:00 – 17:00

👤"Костюм киген адам” көрмесі

Қазақстандық суретші Басма өз еңбектерінде қарапайым адамның саясаткер, шенеунік не кәсіпкер болған сәтінен бастап қалай өзгеретінін бейнелейді. Костюм, жейде мен галстук киген сәттен бастап, адам біртіндеп өзге күйге ене бастайды. Уақыт өте келе, костюм адамға толық билік жүргізіп, оның санасын қарапайым халықтың мұң-мұқтажынан алшақтатады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 22 ақпан, 10:00 – 19:00

👋"Таңбалар” көрмесі

Бұл — Алина Авдонинаның өнерден де биік тұратын бірегей жобасы. Мұнда ол әр адамға үндеу жолдап, ішкі жанайқайы арқылы көмек сұрайды. Суретші Қазақстандағы тоғандар мен саябақтарда жиналған пластиктен және басқа да қалдықтардан картиналар жасайды. Әрбір картина тек сұлулық емес, сонымен қатар терең мағына, табиғатымызды қорғаудың маңыздылығын еске салады.

Орналасқан жері: Ular Gallery, Панфилов, 92
Күні: 22 ақпан, 12:00 – 18:00

🌳"Орманның екінші беті” көрмесі

Жас болса да, әлемге танылып үлгерген суретші Лу Лин заманауи қытай кескіндемесінің авторлық үлгісін ұсынады. Оның жұмыстары қытай менталитеті мен әлемдік мәдениеттің синтезіне негізделген.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 22 және 23 ақпан, 11:00 – 19:00

🌷"Әлемнің бір негізі” көрмесі

Катерина Никонорованың туындылары көрерменді уақыт кеңістігіне саяхатқа жетелеп, табиғат пен өркениет арасындағы байланыс туралы терең ойға батырады.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 22 және 23 ақпан, 10:00 – 20:00


АСТАНА:

🍀ANAU MYNAU көрмесі

Бұл көрме Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 35 дарынды суретшіні біріктіреді. Олар кескіндеме мен графика бағытында жұмыс істейді. Жас авторлардың еңбектерінен әлемді тануға, өз орнын табуға және өнер арқылы үнін жеткізуге деген ұмтылыстарын сезінуге болады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 22 және 23 ақпан, 10:00 - 20:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз.Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер #Коньки #мұзайдыны
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16❤7
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Субстанция: Идеал” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/6WSqlbWUqiE

#СубстанцияИдеал #субстанция #ужасы #красота #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #мутация #внешность
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌9👍5👏3❤2🙊1
💡📆📆📆📆📆 23 ақпан

👤23 ақпан — нағыз ер-азаматтар күні. Бұл күннің ресми мәртебесі жоқ, бірақ дәстүрлі түрде аға буын өкілдері арасында ерекше аталып өтеді. Аталған күні әдетте әскерде немесе түрлі күш құрылымдарында қызмет еткен азаматтарды, сондай-ақ КСРО кезеңіндегі соғыстар мен әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді құттықтайды. Ал Қазақстанда Отан қорғаушылар күні 7 мамыр болып белгіленген. Бұл – ресми мемлекеттік мереке әрі демалыс күні.

🤝Бүгін — Дүниежүзілік өзара түсіністік пен бейбітшілік күні. 1905 жылы 23 ақпанда Чикаго қаласының төрт тұрғыны достық кездесуде халықаралық достық пен іскерлік ынтымақтастық клубын құру туралы шешім қабылдады. Бұл ұйым Rotary International деп аталып, оның басты мақсаты – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарасына қарамастан, жер бетіндегі адамдар арасындағы өзара түсіністікті нығайту болды. Бүгінде әлем бойынша Rotary International-дың 33 мыңға жуық бөлімшесі жұмыс істейді, олардың қатарында Қазақстандағы өкілдіктері де бар.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


💪1995 жылы 23 ақпанда Лондонда Абай үйі ашылды. Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдени орталығында әдеби кештер мен әлемдік мәдениет қайраткерлерімен кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Лондондағы Абай үйінің негізін қалаушы — қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев.

Тағы қай қалаларда Абай үйі бар?


👥23 ақпан — атақты қос әйелдің туған күні. Бүгін қазақстандық скрипкашы Гауһар Мурзабекова 69 жасқа толды. Ол — “Camerata Kazakhstan” мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі әрі солисі. Парижде өткен халықаралық камералық ансамбльдер байқауының лауреаты. Сонымен бірге бүгін америкалық актриса және модель Дакота Фэннинг 31 жасын атап өтеді. Ол актерлік мансабын 6 жасында бастады. Осылайша 60-тан астам фильм мен телехикаяға түсті. Көпшілік оны “Қаһар” және “Әлем соғысы” фильмдерімен таниды. Дакота Фэннинг — көптеген марапаттың иегері және Экран актерлер гильдиясы сыйлығына ең жас үміткер.

Сізге Дакота Фэннингтің қандай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Атаулыкүндер #23ақпан #RotaryInternational #Абайүйі #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ГаухарМұрзабекова #ДакотаФэннинг
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌3❤2🙈1🆒1
💡💫💫💫💫💫💫💫

24 ақпан – 2 наурызға арналған қаржылай жұлдыз-жорамал

♈️Сіз ақшаның есебін жақсы білесіз, бірақ олардың бір жерде ұзақ тұрақтамайтынын көп жағдайда ұмытып кетесіз. Себебі жалақыңыз бен қосымша сыйақыңыз қолыңызға тиген сәтте жан-жаққа тарап кетеді. Осы аптаға лайфхак: дүкенге нақты тізімсіз бармаңыз, тіпті мүлде бармағаныңыз дұрыс.

♉️Қаржыңызды үнемдегіңіз-ақ келеді, бірақ айналаңыздағы жеңілдіктер мен акциялар сізге тыныштық бермейді. Сөйтіп “мұндай мүмкіндікті жіберіп алу – күнә” деген ой сананы билейді. Нәтижесінде – әмияныңыз жұқарып, қоймаңыз толып қалады. Кеңес: “екеу алсаң, үшіншісі тегін” деген жарнаманы көрсеңіз, алдымен “маған бұл зат расымен қажет пе?” деген сұрақты өзіңізге қойыңыз.

♊️Сіздің қаржыңыз америкалық әткеншекке ұқсайды – бірде бар, бірде жоқ. Оның қайда және қашан кеткенін өзіңіз де байқамай қаласыз. Кеңес: достарыңызға аяқ асты айтылған идеяларыңыз оларды шабыттандырып жіберуі мүмкін… бірақ сіздің есебіңізден.

♋️Бюджетіңізді мұқият жүргізіп, оны үнемдегеніңізбен ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын түсінбейсіз. Мұны ғаламның сізді шыдамдылыққа сынауы деп қабылдаңыз. Жұлдыздар кеңесі: мейрамханалар мен дәмханаларда бағаға қарамай-ақ қойыңыз – бәрібір тапсырыс беріп қойдыңыз.

♌️Сән-салтанат пен әдемі өмірге деген сүйіспеншілігіңіз қаржылай қиындықтарға әкелуі мүмкін. Өзіңізді еркелеткен жақсы, бірақ банк картаңыздағы соманың шексіз емес екенін естен шығармаңыз. Бұл аптада бюджетті ақылмен жоспарлаңыз, әйтпесе жалақыға дейін тез дайындалатын кеспемен күнелтуге тура келеді.

♍️Сіздің аналитикалық ойлау қабілетіңіз үнемдеуді талап етеді, бірақ жүрегіңіз “бір рет өмір сүреміз” деп сыбырлайды. Соңында – есеп-қисап кестелері мен түнде акциямен тапсырыс берген пицца (әрине, үстіне жеңілдікпен алынған десерт) қосылады. Кеңес: дүкендердің “соңғы жеңілдік” деген сөзіне сене бермеңіз, ол келесі аптада да қайталанады.

♎️Бұл аптада “алу не алмау” деген таңдаудың ортасында қаласыз. Әдемі заттарға деген қызығушылығыңыз бюджетіңізге кері әсер етуі мүмкін. Жоспарсыз сауда жасамауға тырысыңыз, әйтпесе банк шотыңыз сізбен “қоштасуы” мүмкін.

♏️“Мен ақша жұмсамадым, демек үнемдедім” деген қаржылай тактикаңыз әрдайым жұмыс істей бермейді. Сондықтан оны үнемдеумен қатар, жинақтау да маңызды. Бірақ бұл аптада сіз күтпеген жерден қаржылай олжаға кенелуіңіз мүмкін – мысалы, күртешеңіздің қалтасынан ұмыт қалған 10 000 теңге тауып алуыңыз ғажап емес.

♐️Ақша өзіңіз секілді еркіндікті жақсы көреді – ол күтпеген жерден келіп, көзді ашып-жұмғанша ғайып болуы мүмкін. Бұл аптада артық шығындардан сақ болыңыз.

♑️Сіз – қаржы жоспарлаудың шеберісіз, бірақ маркетологтардың жарнамаға байланысты айласынан қашып құтыла алмауыңыз мүмкін. “Соңғы мүмкіндік” деген жарнамаларды көрсеңіз, сенбеңіз – ол мүмкіндік келесі аптада да қайталанады.

♒️Шығармашылыққа деген құштарлығыңыз жақсы, бірақ ол жаңа әрі аса қажет емес заттарға ақша жұмсауға себеп болмауы тиіс. Бұл аптада кенеттен жаңа гаджеттер, аксессуарлар немесе сәнді, бірақ аса қажет емес заттарды алғыңыз келуі мүмкін. Сол себепті сатып алу туралы ой туғанда өз-өзіңізге “Бұл маған шынымен керек пе?” деген маңызды сұрақ қойыңыз:

♓️Қаржылай тұрақтылықты армандайсыз, бірақ әр айдың соңында әмияныңыз бос, ал тоңазытқышыңыз толы болып шығады. Дегенмен жақсы тағам – де инвестиция. Тек картаңыздағы несие балансы шексіз емес екенін және бөліп төлеу арқылы алынған заттардың ақшасын бәрібір төлеу керегін ұмытпаңыз.

Қорытынды:

Осы аптада жұлдыздар ақшаны ақылмен жұмсауға кеңес береді, өйткені қаржы да біз сияқты – болжап болмайтын құбылыс. Сәттілік серігіңіз болсын, және ақшаңыз қалтаңызда ұзағырақ сақталсын!

Есіңізде болсын: жұлдыз жорамал тек ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржы мәселесіне қатысты шешімдерді әрдайым ақылға жүгініп қабылдаңыз.

#жұлдызжорамал #апталықболжам #қаржы #жұлдызнамалықкеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌4⚡2🤩1
💡📆📆📆📆📆 23 ақпан

👀108 жыл бұрын Торғай даласындағы ұлт-азаттық қозғалыста шешуші рөл атқарған Доғал шайқасы өтті. Бұл қақтығыста қолбасшы Амангелді Имановпен бірге Ибрай Атамбеков пен Кейкі Көкім де ерекше ерлік көрсетті. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға — 1916 жылы Орта Азия көтерілісі кезінде торғайлық көтерісшілер мен Ресей империясы әскерлері арасындағы соңғы үлкен шайқас болды.

🦒24 ақпанда ерекше мереке – жолақтар мен теңбілдер күні аталып өтеді. Бұл мерекеге орай кейбір адамдар жираф, жолбарыс, қабылан тәрізді жануарлардың өрнегіне ұқсас киім киіп, көңіл көтереді. Ал енді біреулер балаларының қолынан жетектеп, хайуанаттар бағына барады. Онда зебралар мен түрлі жыртқыш аңдарды тамашалап, олардың табиғи ерекшеліктері табиғатта қалай жасырынуға көмектесетінін баяндайды. Көпшілікке беймәлім, бірақ жануарлар терісіндегі жолақтар мен теңбілдер адамның саусақ ізіне ұқсас. Яғни, олардың әрқайсысы қайталанбас, бірегей болып келеді.

👀Бүгін лотереяның пайда болған күні. 1466 жылы 24 ақпанда Бельгияның Брюгге қаласында алғашқы лотерея ойыны өткізілді. Бұл ұтыс ойынын әйгілі суретші Ян ван Эйктің жесірі ұйымдастырған еді. Лотерея суретшінің қайтыс болғанына 25 жыл толуына орай өтті. Түскен қаражаттың басым бөлігі қаладағы кедейлерге қайырымдылық мақсатында жұмсалды. Аз ғана үлесі ұйымдастырушының өзіне бұйырды. Жалпы тарихтағы ең ірі джекпот 640 миллион долларды құрады. Бұл ұтысты америкалық Mega Millions компаниясы ойнатқан болатын.

Ал сіз лотереядан ұтып көрдіңіз бе?



👥24 ақпанда өмірге келген танымал адамдар. 70 жыл бұрын америкалық кәсіпкер, өнертапқыш және өнеркәсіптік дизайнер Стивен Джобс (1955-2011) дүниеге келді. Apple негізін қалаушылардың бірі — ақпараттық технологиялар дәуірінің аға буыны. Ол қазіргі таңда көпшілік қолданып жүрген инновациялық және концептуалды электронды құрылғыларды ойлап тапты. Сонымен бірге бүгін үлкен ареналарда әрдайым жеңіс жалауын желбіретіп, мүлдем жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Флойд Мейвезер 48 жасқа толды. Спортшы кәсіпқой рингте 50 жекпе-жек өткізіп, 50 мәрте жеңіске жетті. Оның 27-сі нокаутқа түсті. Ал 2013 жылы Сауль “Канело” Альваресті ойсырата жеңді. Боксшының лақап аты — “Money”. Флойдтың байлығы 1 миллиард доллардан асады. Боксшы Конор Макгрегормен жекпе-жек үшін 350 миллион, ал Мэнни Пакьяомен өткізген жекпе-жектен 300 миллион табыс тапқан.

Сіз Apple-дің қандай өнімдерін пайдаланасыз?


#Күнтізбе #Мереке #Атаулыкүндер #Қазақстантарихы #Доғалшайқасы #Лотереякүні #Туғанкүн #Белгіліадамдар #Appleнегізінқалаушы #Жеңілмегенбоксшы
👍13👏2❤1👌1
💡💡💡💡💡💡💡

SWOT талдау: Мықты және әлсіз тұсымызды қалай анықтаймыз?

📌 SWOT талдау әдісі кәсіпорындарға ғана емес, жеке адамдарға да өздерінің кәсіби дамуы мен өмірлік мақсаттарын айқындауда көмек көрсетеді.

📍Мақсаты:
 
▪️Адамның өзін жақсы тануына көмектеседі
▪️Мықты тұстарын дамыту
▪️Әлсіз жақтарын анықтап, олармен жұмыс істеу
▪️Қолда бар мүмкіндікті пайдалану
▪️Сыртқы қауіптерден қорғану

Төменде жеке адамның SWOT талдауын қалай жүргізуге болатыны туралы негізгі қадамдар берілген. Сұрақтарға жауап беріп, өзіңіздің қасиеттеріңіз талдау жасаңыз.

1️⃣ Strengths (мықты тұсы)

Мына сұрақтарға жауап бере отырып, мықты тұсыңызды анықтаңыз.

Сіздің артықшылықтарыңыз қандай?
Қандай қабілеттеріңіз бар?
Қандай қасиеттеріңіз сізді ерекшелейді?
Басқалар сіз туралы қандай жағымды пікір айтады?
Қандай дағдыларды жақсы меңгергенсіз?
 
2️⃣ Weaknesses (Әлсіз жақтары)

Ішкі кемшіліктеріңіз бен дамыту қажет салаларды анықтаңыз.

Сіздің кемшіліктеріңіз қандай?
Сізге не кедергі келтіреді?
Қандай дағдыларды дамыту қажет?
Сізді не тежейді?
Басқалар сіздің қандай кемшіліктеріңізді жиі айтады?

3️⃣ Opportunities (Мүмкіндіктер)

Сыртқы ортада сізге берілетін мүмкіндіктерді қарастырыңыз.

Қандай мүмкіндіктер сіз үшін ашық?
Өсуіңізге арналған қандай жолдар бар?
Жаңа білім немесе дағдыларды қалай меңгере аласыз?
Қандай байланыстар мен нетворкинг көмектесе алады?

Мәселен⬇️

• Білім алу мүмкіндіктері: Курстар, семинарлар, онлайн платформалар арқылы жаңа білім алу.
• Жұмыс немесе мансаптық өсу: Жаңа жұмыс орындары, мансаптық өсу, желілік байланыстар.
• Технологиялық дамулар: Өз салаңыздағы жаңа технологияларды меңгеру мүмкіндігі.
• Әлеуметтік және мәдени орта: Қоғамдық жобаларға қатысу, ерікті болу, халықаралық байланыстар.

4️⃣ Threats (Қауіптер)

Сіздің дамуыңызға қауіп төндіруі мүмкін жағдайларды бағалаңыз.

Қандай сыртқы факторлар сізге кедергі келтіруі мүмкін?
Бәсекелестеріңіз қандай артықшылықтарға ие?
Экономикалық немесе әлеуметтік өзгерістер сізге қалай әсер етеді?

🟢 SWOT талдауын қалай жазамыз?

1. Өзіндік талдау: Алдымен әр бөлім бойынша жазбаша түрде өзіңіз туралы ойларыңызды жазыңыз.
2. Мақсат қою: Мықты тұстарыңызды дұрыс пайдаланудың жолы мен әлсіз жақтарыңызды қалай жақсартуға болатынын айқындаңыз.
3. Стратегиялық жоспар: Мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қауіптерді болдырмау немесе азайту стратегиясын жасаңыз.
4. Қадағалау: Белгіленген мақсаттар мен жоспарлардың орындалуын үнемі тексеріп отырыңыз және қажет болған жағдайда түзетулер енгізіңіз.

#қазынакеңес #лайфхак #swot
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌3🔥2❤1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

📌Биыл әскерге 43 мыңға жуық азамат шақырылады

Мәссаған, ал сіз баруға дайынсыз ба?🤔

👥Қазақстанда Ұлттық қордан бөлінген ақшаны арнайы комиссия тексере бастайды

Дұрыс бастама екен👍

💡65 этникалық қазақ елде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін "Ата жолы" картасын алды

Құтты болсын!🔥

👀Сауда министрлігі халықты 6,5 млн теңгеге алдаған коучты сотта жеңіп шықты

Алданған азаматтардың құқығы қорғалыпты🙌🏻 Абай болыңыздар!

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-36/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Әскер #Азамат #Ұлттыққор #комиссия #ақша #этникалыққазақ #Атажолыкартасы #Саудаминистрлігі #коуч #сот
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌4⚡2🔥2❤1