Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Жақсы мүмкіндік екен!👍
Қатаң тәртіп енгізіліп жатыр📌
Оқу-ағарту министрлігі бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді🔥 Ал сіз не дейсіз?
Өз еріктерімен салық төлепті💸
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-40/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Наурызжұмыскер #ипотека #BIGroup #BAZIS #ОлжасБектенов #TikTok #Оқу-ағартуминистрлігі #блогер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4👌3
Сіз биыл Ораза ұстайсыз ба?
Сізге Хавьер Бардемнің қай фильмі ұнайды?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Алғысайтукүні #Ораза2025 #Иммунитеткүні #Туғанкүндер #Танымаладамдар #ХавьерБардем #ДжастинБибер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤6⚡1👏1👌1
Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге қалдыра аласыз.
АЛМАТЫ:
🤗Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі
Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.
Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 1 және 2 наурыз, 12:00 – 18:00
😱Коньки тебу
Баршаңызды Алматыдағы ең үлкен мұз айдынында коньки тебуге шақырамыз! Өз конькиіңізбен келетін болсаңыз, сырғанау тегін. Сондай-ақ жақын жерде конькиді жалға беру (бағасы — 1500 теңге) қызметі де бар.
Өтетін орындары: Наурызбай ауданы әкімдігі алдындағы алаң (мкр. “Шұғыла”, 347) және Алматы Арена (мкр. “Нұркент, 7)
Күні: 1 және 2 наурыз, 10:00-22:00
😻"Костюм киген адам” көрмесі
Қазақстандық суретші Басма өз еңбектерінде қарапайым адамның саясаткер, шенеунік не кәсіпкер болған сәтінен бастап қалай өзгеретінін бейнелейді. Костюм, жейде мен галстук киген сәттен бастап, адам біртіндеп өзге күйге ене бастайды. Уақыт өте келе, костюм адамға толық билік жүргізіп, оның санасын қарапайым халықтың мұң-мұқтажынан алшақтатады.
Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 1 наурыз, 10:00 – 19:00
🫶Виолетта Богданованың «Махаббат, өлім және бір бөлке нан» жеке көрмесі
Бұл көрме бар-жоғы үш туындыдан тұрады: бірі – махаббат туралы, екіншісі – өлім жайлы, үшіншісі – тыныш ұйқыға арналған. Өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, махаббаттан – мүмкін, ал нанға тыныш ұйқы мен берекелі таң қажет.
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79.
Күні: 1 және 2 наурыз, 12:00 – 17:00
🌳"Орманның екінші беті” көрмесі
Жас болса да, әлемге танылып үлгерген суретші Лу Лин заманауи қытай кескіндемесінің авторлық үлгісін ұсынады. Оның жұмыстары қытай менталитеті мен әлемдік мәдениеттің синтезіне негізделген.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 1,2 наурыз, 11:00 – 19:00
АСТАНА:
✊ANAU MYNAU көрмесі
Бұл көрме Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 35 дарынды суретшіні біріктіреді. Олар кескіндеме мен графика бағытында жұмыс істейді. Жас авторлардың еңбектерінен әлемді тануға, өз орнын табуға және өнер арқылы үнін жеткізуге деген ұмтылыстарын сезінуге болады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 1 және 2 наурыз, 10:00 - 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!
#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер #Коньки #мұзайдыны
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤5🔥2
Бүгінгі кино шолуымыз “Болмаған балалық шақ” атты фильміне арналады.
Жіберіп алмаңыз!
Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤
https://youtube.com/shorts/c1-Jt7bVoic
#Болмағанбалалықшақ #драма #история #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Үй түрмеге айналды | Болмаған балалық шақ | Қазақша кино шолу | Кинообзор
👌11😍7
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!
1 сәуір күні наурыз айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!
Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.
Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.
Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 сәуір шығарамыз. Коммент жазыңыздар!
Бүгін біз ақпан айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!
Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз ақпан айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.
Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл
Сонымен, ақпан айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣ @Ulbosyn2019
2️⃣ Палымбетова
3️⃣ Гүлназ
4️⃣ @asylym1269
5️⃣ @aagwwd
(Кестеде толық мәліметтер берілген.)
1 наурыздан бастап наурыз айының комментерін санауды бастаймыз.
Ең үздік комментарий үшін
Жанерке оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.
Наурыз айында бізде 6 жеңімпаз болады.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.
Ескерту:
❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.
❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.
Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы☑️
1 сәуір күні наурыз айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!
Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.
Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.
Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 сәуір шығарамыз. Коммент жазыңыздар!
Бүгін біз ақпан айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!
Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз ақпан айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.
Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл
Сонымен, ақпан айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣ @Ulbosyn2019
2️⃣ Палымбетова
3️⃣ Гүлназ
4️⃣ @asylym1269
5️⃣ @aagwwd
(Кестеде толық мәліметтер берілген.)
1 наурыздан бастап наурыз айының комментерін санауды бастаймыз.
Ең үздік комментарий үшін
Жанерке оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.
Наурыз айында бізде 6 жеңімпаз болады.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.
Ескерту:
❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.
❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.
Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы☑️
👍14😍8❤3🔥3💔1🆒1
Сізге Дэниел Крейгтің қай фильмі ұнайды?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ҚазақстанжәнеБҰҰ #жасөспірімдердіңденсаулығы #сіріңкекүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #РайымбекСейтмет #ДэниелКрейг
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤3👌3🔥2⚡1
Бүгінгі кино шолуымыз “Fake-овый арман” атты фильміне арналады.
Жіберіп алмаңыз!
Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤
https://youtube.com/shorts/gSdm4Qlzhp0
#Fakeовыйарман #драма #социальный #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #деревня #ауыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Жігіт ақша үшін өз ауылын тастап кетті | Fake-овый арман | Қазақша кино шолу | Кинообзор
👍14👌3
3-9 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал
Жұлдыздар бұл теорияны тексеріп көруден үзілді-кесілді бас тартуға кеңес береді. Ең дұрысы – армандар мен мүмкіндіктердің арасын емес, табыс пен шығын арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.
♒️Сіз табыс табудың ерекше жолдарын жақсы білесіз. Бірақ жұлдыздар ескертеді: барлық идея бірдей пайдалы бола бермейді. Кезекті “керемет” табыс көзін іске қоспас бұрын, оның заңдылығына және салық органдары сізді іздемейтініне көз жеткізіп алыңыз.
Қорытынды:
Бұл апта көңілді өтпек, бірақ қаржы тұрғысынан айтарлықтай сақ болуды талап етеді! Ең бастысы – қажетсіз заттарды сатып алу мен міндетті төлемдер арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз.
Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдаңыз.
#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14👌2❤1😍1👀1
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
Жазушыларды білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
Өзіңізге және денсаулығыңызға қамқор болыңыз!
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Аралтеңізінқұтқару #Жабайытабиғаткүні #Жазушыларкүні #Естуқабілетікүні #ҚазақстандағыPEN-клуб
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤4👌2👏1
Помодоро әдісі: Уақытты тиімді басқарудың заманауи тәсілі туралы не білеміз?
📍Помодоро әдісі – өнімділікті арттырып, тапсырманы уақытында орындауға көмектесетін танымал уақыт басқару техникасы. 1980 жылдары Франческо Чирилло ойлап тапқан бұл әдістің негізгі мәні – назарды бір бағытқа қойып, үзілістер арқылы жұмыс өнімділігін сақтау.
Әдістің негізгі қағидалары:
1️⃣ Тапсырманы анықтау: Алдымен қандай тапсырманы орындау керегін нақтылап алыңыз. Мысалы, есеп беру, оқуға арналған материалды талдау немесе жобаны жоспарлау.
2️⃣ Таймерді орнату: Таймерді 25 минутқа қойыңыз. Бұл уақыт кезеңі бір “помодоро” деп аталады. Осы уақытта тек тапсырмаға шоғырлану маңызды. Барлық алаңдататын құралдарды (телефон, әлеуметтік желі және т.б.) өшіріңіз.
3️⃣ Үзіліс жасау: 25 минуттық жұмыс аяқталған соң, 5 минуттық үзіліс жасаңыз. Бұл үзіліс мидың тынығуына мүмкіндік береді және келесі кезеңге дайындықты жеңілдетеді.
4️⃣ Төрт “помодородан” кейін ұзақ үзіліс жасау: Төрт жұмыс кезеңін аяқтаған соң, 15-30 минутқа дейін ұзақ үзіліс жасаңыз. Бұл күннің қалған бөлігінде назарды бір бағытта ұстауға көмектеседі.
🖇️ Помодоро әдісінің артықшылықтары
▪️Назарыңызды бір бағытта ұстауға көмектеседі: Қысқа уақыт аралығында тапсырманы орындауға толығымен ден қойылады.
▪️Шаршауды азайтады: Үзілістердің арқасында ми тынығып, ұзақ уақыт бойы жұмысқа деген қабілет сақталады.
▪️Тапсырмаларды бөлу: Ауқымды тапсырмаларды бірнеше кезеңге бөліп, жеңіл әрі жүйелі орындауға мүмкіндік береді.
▪️Уақытты тиімді пайдалану: Әдіс жұмысты сағаттап емес, нақты нәтижеге бағытталған кезеңдер арқылы басқаруға көмектеседі.
✔️ Помодоро әдісін қалай қолдануға болады?
1️⃣ Мақсаттарды нақтылау: Әр күнге арналған негізгі тапсырмалар тізімін жасаңыз.
2️⃣ Таймер қосымшаларын пайдаланыңыз: Таймерді қолдану үшін арнайы қосымшалар (Toggl, Focus Keeper, Tomato Timer) немесе қарапайым телефон таймерін қолдануға болады.
3️⃣ Үзілістерді тиімді пайдаланыңыз: 5 минуттық үзілісте серуендеу, жаттығу жасау немесе жай ғана терең дем алу арқылы өзіңізді сергітіңіз.
4️⃣ Талдау жүргізу: Күннің соңында қанша “помодоро” аяқтағаныңызды есептеп, жұмысыңыздың тиімділігін бағалаңыз.
🟢 Помодоро әдісі кімдерге пайдалы?
• Студенттерге — оқу материалдарын тиімді игеру үшін;
• Кеңсе қызметкерлеріне —тапсырмаларды уақтылы орындап, өнімділікті арттыру үшін;
• Жазушылар мен шығармашылық адамдарға — жобалармен жұмыс істеу барысында;
• Фрилансерлер мен өз уақытын басқарғысы келетін кез келген адамға.
#қазынакеңес #помодоро #әдіс #уақыт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤3👌3🔥1
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Жеңімпаздардың тізімін көрдіңіз бе?😍
https://youtube.com/shorts/6jMAGm-9pUw?si=DwY1JsuCZwsoAAG1
Бұған не дейсіз? Қолдайсыз ба?🤔
Керемет! Әлинұрдың болашағы жарқын болсын!🥹🔥
🖇️Отбасы банк қазақстандықтарға миллиондаған сыйақы таратты
Сізге түсті ме?😍
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-41/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Оскар2025 #ЮраБорисов #ДәулетМұқаев #жасандыинтеллект #ChatGPT #оқушылар #Семей #әлімжеттік #Отбасыбанк #сыйақы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Роберт Дауни-младший «Оскарда» ресейлік актерді мақтады | Оскар 2025 | Жаңалықтар | Новости | Oscar
👍13👌3⚡2🙊2💔1
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
Инженерлік қызметтің басты мақсаты – жаңалықтар ашу, жобалау, құрастыру, ендіру және технологиялық үдерістерді жетілдіру.
Егер таныстарыңыздың арасында инженерлер болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
Сіз караокеде ән айтқанды ұнатасыз ба?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ТҮРКСОЙкафедрасы #Инженерлеркүні #Семіздікпенкүрес #Туғанкүндер #микрофон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12👍8🔥1🎉1🤩1👌1
Көшпелі қазақтың саудада қымбатқа бағаланған киім-кешегі туралы не білеміз?
💭 Мал өнімдерінен киім-кешек,үй заттары, тері, жүн, сүйек алынған. Қазақтар тері мен киіз өндеуді, оларды әр алуан түске бояуды жақсы меңгерді. Сонымен бірге, киіз бен былғарыға оюлар салу, құрақ құрау, өрнек салу техникасын шебер орындай білді.
◻️ Сол кездегі жазба деректер бойынша «Олардың шекпендері қойдың жүнінен тоқылып, әр түрлі түске боялды, олар тіпті атластан тоқылған шапандарға ұқсайды. Бұл шапандар Бұқараға да жіберілетін, олардың әдемі де жұқа болатындығы соншалықты, ол жерде бұларды атлас шапандардың құнындай бағаға сатып алады. Олардың жаңбырдан қорғанатын жамылғылары да дәл сондай жүн матадан жасалады, олардан мүлдем су өтпейді».
◻️ Қазақтар көктем, жаз айларында көбінесе көйлек, оның сыртынан бешпент, қамзол немесе шапан киді. Қыс айларында қойдың немесе түйенің жабағысынан қальщ матамен тыстап, кең тігілген күпі немесе тон, құлын терісінен тігілген жарғақ шекпен, қой терісінен түгін ішіне қаратып тіккен жарғақ шалбар пайдаланды. Аң терілерінен тігілген шекпендер, тондар, шалбарлар да болды.
◻️Қыста ұзын және жалпақ мандайшасы бар, мойынды түгел жауып тұратын желкелігі салынған шошақ тебелі тымақ киді. Бұндай бас киім елтеріден, түлкі және басқа да аң терілерінен тігілді. Жазғы ыстықга жұқа ақ киізден тігілген биік шошақ төбелі қалпақ киді. Айыр қалпақ деп аталатын қайырмасы бар және қайырмасы жоқ тілік қалпақ кең тарады. Қазақтарда аяқ киім түрлері де, оның ішінде ерлердің аяқ киімдері алуан түрлі болды. Көбінесе олар қонышы тізеден асып тұратын өкшесі биік етіктер, жылқының немесе өгіздің терісінен тігілетін, аң аулағанда киетін тұмсығы қайқы жұмсақ етіктер, атқа мініп жүруге ыңғайлы жеңіл етіктер, сондай-ақ ешкінің терісінен тігілген мәсі және қатқыл теріден кебіс киді.
◻️Әйелдердің киімі түрлі түсті матадан, жібектен, мақпал мен барқыттан тігілді. Киім үлгілері жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болды. Ұзатылмаған бойжеткен қыздар жас келіншектерден өзгеше жиегіне аң терісі тігілген әсем, шошақ үкілі бөрік киді. Жас келіндер алғашқы жылы тойға киген сәукелесін киіп жүрді. Бір жылдан кейін сәукелесін тастап, оның орнына желек тартты. Желекті тұңғыш баласын немесе екінші баласын туғанға дейін тақты. Отыз-қырық жастағы әйелдер кестелеп тігілген кимешек киді. Бірнеше баланың анасы.болған, орта жастағы әйелдер бастарына жаулық салды. Әйелдердің негізгі аяқ киімі былғарыдан тігілді.
Әйелдердің көпшілігі кебіс пен мәсі кисе, дәулетті адамдардың әйелдері мен қыз-келіншектерінің сән-салтанатқа арналған кестелі етігі, көксауыр былғарыдан күміс тағылып, әшекейлеп тігілген кебісі болды.
#көшпенділер #сауда #киім #экономика
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16👌3❤2🔥2
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
💡Мұғалімдердің жалақысы соңғы 5 жылда 2 есе өскен
Тамаша! Ұстаздардың еңбегі зор!👍
Құтты болсын! 😍
Жақсы мүмкіндік екен!🔥
Бір жұмыс жеңілдемек✔️
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-42/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Мұғалімдер #Жалақы #Түркістандықоқушы #бизнес #несие #жекекуәлік #төлқұжат #онлайн
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👏2👌2🔥1🤩1
Ал сіз интернетсіз қанша уақыт жүре аласыз?
Сонымен қатар бүгін Louis Vuitton moët Hennessy компаниясының президенті, француз кәсіпкері Бернард Арно 76 жасқа толды. 2025 жылдың басында оның байлығы 189,9 миллиард долларға бағаланып, әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енді.
Сіздің қалаңызда Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталған қандай орындар бар?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Кешірімкүні #гаджеттердіөшірукүні #алғашқыстеплер #Туғанкүндер #Танымаладамдар #ӘлиханБөкейхан #БернарАрно
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👌4👍2🔥2
Қаржы сауаты: Қарыздан құтылудың тиімді 7 жолы
📝 Қарызға кіру оңай, ал одан шығу қиын. Бірақ дұрыс стратегия мен қаржылай тәртіп болса, кез келген қарыздан құтылуға болады. Төменде қарызды өтеудің ең тиімді 7 жолын ұсынамыз.
1️⃣ Қарыздарыңызды нақты тізімдеп, басымдық белгілеңіз
Алдымен, барлық қарызыңызды қағазға немесе Excel кестесіне жазып шығыңыз.
Оларға:
✅ Қарыз сомасы
✅ Пайыздық мөлшерлеме
✅ Ай сайынғы төлем
✅ Қарыз мерзімі
Егер бірнеше несиеңіз болса, ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі барын бірінші өтеуге тырысыңыз. Бұл сізді артық төлемдерден құтқарады.
2️⃣ “Қар жинау” әдісін қолданыңыз
Бұл әдіс бойынша ең кішкентай қарызды бірінші жауып, одан кейін үлкеніне көшу керек. Бірінші қарызды жапқанда, өзіңізді жеңіл сезініп, мотивация аласыз.
✅ Мысал:
• 50 000 теңге – шағын қарыз
• 250 000 теңге – тұтынушылық несие
• 1 000 000 теңге – ипотека
Алдымен, 50 000 теңгені жауып, сосын қалғандарын кезең-кезеңімен төлеу керек.
3️⃣ Қосымша табыс көздерін іздеңіз
Қарызды жылдамырақ жабу үшін табысты көбейту маңызды. Ол үшін:
✅ Фриланспен айналысыңыз (жазу, дизайн, аударма)
✅ Қосымша жұмыс табыңыз
✅ Қажетсіз заттарды сатыңыз
✅ Бизнес бастауға немесе инвестицияға талпыныңыз
Мысалы, егер ай сайын 20 000 теңгеден артық тапсаңыз, бұл қарызыңыздың тезірек жабылуына көмектеседі.
4️⃣ Шығындарды азайтып, бюджетіңізді реттеңіз
Көп адам өз қаражатын дұрыс басқармағандықтан қарызға кіреді. Сондықтан қажетсіз шығындарды қысқартыңыз:
❌ Кофеханалар мен қымбат мейрамханалар
❌ Қымбат бренд заттар
❌ Артық жазылымдар (Netflix, фитнес-клуб және т.б.)
✅ Мысалы: Егер ай сайын 50 000 теңге үнемдесеңіз, бұл қарызды өтеуге үлкен көмек болады.
5️⃣ Қарызды қайта қаржыландырыңыз
Егер несиеңіздің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса, оны басқа банкке төмен пайызбен ауыстыруға болады. Бұл сіздің ай сайынғы төлеміңізді азайтады және қарызды жеңілдетеді.
✅ Мысал: Егер қазіргі несиеңіздің жылдық мөлшерлемесі 25% болса, ал басқа банк 15%-бен берсе, сіз айына 10 000-20 000 теңге үнемдей аласыз.
6️⃣ “Несие картасын” пайдалануды шектеңіз
Несие картасы – қаржылай қиындықтың басты себептерінің бірі. Себебі:
❌ Жоғары пайыздық мөлшерлеме
❌ “Оп-оңай” ақша болып көрінуі
❌ Адам психологиясы оны жиі пайдалануға бейім
Картаны мүлде қолданбаңыз немесе ай сайын толық жауып отырыңыз.
7️⃣ Өзіңізге қаржы тәртібін орнатыңыз
Қарыздан құтылу үшін ең бастысы – дұрыс қаржы әдеттерін қалыптастыру:
✅ Табыс пен шығынды жазып отыру
✅ Қаржы жинауға дағдылану
✅ Тек қажетті заттарды сатып алу
✅ Қаржы сауатын арттыру
📍Қорытынды
Қарыздан құтылу — жүйелі процесс. Сондықтан оған уақыт пен тәртіп керек. Бастысы – нақты жоспар жасап, үздіксіз әрекет ету.
📌 Есіңізде болсын: Қаржыңызды өзіңіз басқармасаңыз, қарыз сізді басқарады!
#Қаржысауаты #Қазақстандықтар #несие #қарыз #лайфхак #кіріс #шығыс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👌6❤5🔥1