Үйде жатпа!
8.12K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡💡💡💡💡💡💡

Аптаны дұрыс жоспарлау: уақытты тиімді басқарудың 6 әдісі

📌 Жоспарлау - дұрыс әрекеттердің жүзеге асуын тездетеді және қателіктердің алдын алады. Алайда бұл нәтижелі тәсілді өз ісінің өнімділігін арттыру үшін санаулы адам ғана қолданады.

☝🏻Есіңізде болсын, уақыт пен алда болатын іс-әрекетті жоспарлау әдеті өмір сүру формасын өзгерте отырып, қалаған нәтижеге жетуге көмектеседі.

📌 Олай болса, аптаны жоспарлауға байланысты біз ұсынған кеңестерді қажетіңізге жаратыңыз.

1️⃣ Апталық жоспардың сәтті болуы күндік жоспарды қалай орындағаныңызға байланысты. Сондықтан әр жексенбі келер аптаның жұмыс тәртібін жазып шығыңыз. Сондай-ақ міндетті түрде уақытын белгілеңіз.

2️⃣Апталық жоспарды жазуда google күнтізбесін пайдалану ең тиімді әдістердің бірі. Әр күніңізді арнайы бағандарға жазып, ескертпеге белгілеп қоя аласыз. Бұл қосымшаның тағы бір ерекшелігі, тізім бойынша істелу керек жұмыстарды 30 минут сайын есіңізге салып отырады.

3️⃣ Егер телефон қолдану тиімсіз десеңіз, қағазға жазуыңызға болады. Себебі қағазға түспеген мақсат пен жоспардың орындалмай қалу ықтималдылығы жоғары.

4️⃣Күндік жоспар бойынша алдымен ең маңызды әрі энергияны талап ететін жұмыстарды орындауға тырысыңыз. Мұндай істерді түскі уақытқа дейін істеуіңізге болады. Ал түстен кейін айтарлықтай күшті талап етпейтін, жеңіл істерге көңіл аударасыз. Сонымен қатар маңызды істердің бәрін бір күнге қоймаңыз. Өйткені орындалмай қалса, өзіңізге деген сенімділік жоғалуы мүмкін.

5️⃣ Егер өзектілігін жоғалтпаған, бірақ орындалмай қалған тапсырмалар болса, кейінгі күнге ауыстыра аласыз. Бірақ ауыстырған күні орындауға тырысыңыз.

6️⃣ Бастаған ісіңізді аяқтамай жатып, келесі іске көшпеңіз. Бұл жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Ал сен апталық жоспар құрасың ба?

#қазынакеңес #апта #жоспар #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7👍5😍4🔥1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🤩Президенттің "Аңсаған сәби" бағдарламасы арқасында 9 мың сәби дүниеге келді

Тамаша!😍

😍Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Елдана Тәліпова әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Құтты болсын!👏🏻

🥳Наурыз айындағы ҰБТ: алматылық түлек 139 балл жинады

Барша түлекке сәттілік тілейміз!👍

👍Интерпол Қазақстанға елден заңсыз шығарылған заңсыз активтерді қайтаруға көмектеспек

Енді бақылау қатаңдатылады📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-50/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Аңсағансәби #ЕлданаТәліпова #әлемчемпионаты #күмісжүлде #алматылықтүлек #заңсызактив #интерпол
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7❤4👍3🥰1
💡📆📆📆📆📆 18 наурыз

💃18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазіргі заманғы жаңғыру дәуірінде ұлттық киім өзінің маңыздылығын жоғалтпай, керісінше, жаңа интерпретацияларда көрініс табуда. Ол өткен дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Бұл күні өзіңіздің киіміңіз арқылы жеке ерекшелігіңізді көрсетіп, мәдени мұраңызға деген мақтаныш сезімін сезініп, ата-бабаларымызға құрмет білдіруге және олардың дәстүрін бүгінгі қоғамда жалғастыруға мүмкіндік аласыз.
 

😻1965 жылы 18 наурызда адамзат алғаш рет ғарышқа ұшты. Кеңес ұшқыш-ғарышкері Алексей Леонов “Восход-2” ғарыш кемесінің бортынан шығып, 12 минут 9 секунд бойы ашық ғарышта болды. Борттық телевизиялық жүйенің көмегімен адамның ғарыш кеңістігіне шығу процесі, ғарыш кемесінен тыс жұмысы, ғарыш кемесіне қайта оралуы жердегі станциялар желісі арқылы бақыланып отырды.

Қазақ ғарышкерлерінің қайсысы ашық ғарыш кеңістігіне шықты?

👏1662 жылы 18 наурызда әлемдегі тұңғыш қоғамдық көлік қызметі Парижде іске қосылды. Алғашқыда олар сегіз орындығы бар ат арба болып жасалды. Оны «омнибус» деп атады. Бұл «барлығы үшін» деген мағынаны білдіреді. Иә, бүгінде қоғамдық көліксіз адам өмірін елестету мүмкін емес. Өйткені жеке көлік сатып алып, онымен жүруге әркімнің қалтасы көтере бермейді. Сол себепті осы идеяны ойлап тапқан әйгілі француз ғалымы — Блез Паскаль дүниежүзіндегі халық тарапынан үлкен құрметке лайық.

Қоғамдық көлікті жиі пайдаланасыз ба?

👥18 наурызда өмірге келген танымал тұлғалар. Бүгін сатирик, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Толымбек Әлімбекұлы 71 жасқа толды. Ол «Лам-мим» әңгімелер жинағының және «Қарлығаш», «Алтыбақан», «Күлеміз-ау», «Тамаша», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «О несі-ей» сынды сатиралық шығармалардың авторы. Сондай-ақ бүгін француз режиссері, сценарист, продюсер әрі жазушы Люк Бессон 66 жасқа толды. Ол «Еуропалық Голливуд» деп аталатын «EuropaCorp» кинокорпорациясының негізін қалаушы. Өнер иесі 100-ден астам фильм түсірді. Олардың көпшілігі блокбастерге айналды. Оның арқасында Жан Рено, Мила Йовович, Натали Портман, Джейсон Стэтхэм және басқа да көптеген актер танымал болды.

Люк Бессонның қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ұлттықкиімкүні #Ашықғарыш #Алғашқыкөлік #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ТолымбекӘлімбекұлы #ЛюкБессон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8🔥4👌3🎉1😍1
💡💡💡💡💡💡💡

Көшпелі қазақтың отырықшылыққа көшуі: оның салдары мен ережесі

1924 жылы 17 сәуірде Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылана бастаған қазақ шаруаларын жерге орналастыру тәртібін анықтайтын арнайы ереже қабылдады. Бұл құжат қазақтардың жерге қоныстануын заңдастырып, олардың мал шаруашылығына қажетті жайылымдар мен сақтық пішен учаскелерін белгілеуді көздеді.

📌 Ереженің негізгі міндеттері:

✔️ Қазақ шаруаларын жаппай жерге орналастыру;
✔️ Отырықшылыққа көшкен қожалықтарға 10 жылдық мерзімге несие беру;
✔️ Олардан 5 жылға дейін салық алынбауын қамтамасыз ету;
✔️ Ауыл шаруашылығы құрал-саймандары мен құрылыс материалдарын тегін беру.

Алайда бұл ереже іс жүзінде бұрмаланып, қазақ халқы үшін ауыр зардаптарға әкелді. 1925 жылдан бастап ауыл ішіндегі таптық жіктелуді күшейту, “Кіші Қазан” төңкерісін жүргізу бағыты қолға алынды. Осы саясат аясында байлар жаппай тәркіленіп, кедей-кепшіктер ұжымдастырылды. Бұл мәжбүрлеу сипатындағы науқан халықтың қарсылығын туғызды, ал Кеңес билігі оған күшпен жауап берді.

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүйесінің жойылуы 1931-33 жылдардағы алапат ашаршылыққа әкеліп, миллиондаған адамның өмірін қиды. Кеңестік биліктің бұрмалаулары мен асыра сілтеулерін жою мақсатында кейін түрлі әлеуметтік-экономикалық шаралар қолға алынғанымен, көшпелі қазақтардың отырықшылыққа көшуі ауыр да қайғылы тарихи кезең болды. 1924 жылғы ереже осы күрделі процестің бастауында тұрған маңызды құжаттардың бірі ретінде қалды.

#Қазақ #Қазақстантарихы #көшпеліқазақ #отырықшылық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍2🤔2😢2
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👏Астанада бір мезетте 3 мыңнан астам оқушы “Қамажай” биін биледі

Тамашаладыңыз ба?😍

😻Алматылық жүргізуші ChatGPT-дің көмегімен сотта жеңіске жетті

Мәссаған, ChatGPT үлкен іс атқарыпты👍

💡Қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4 пайызды құрады

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді📍

👥Тоқаевтың жарлығымен Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Жарлыққа қол қойылыпты📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-51/

#Қазақстан #Жаңалық #Қамажай #оқушы #ChatGPT #сот #Атомэнергиясы #экономикаөсімі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥4❤2😍2👌1
💡📆📆📆📆📆 19 наурыз

🌷19 наурыз – Жаңару күні, бұл әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретін ерекше мейрам. Наурыз – тек қуанышты сәттер мен мерекелік көңіл күй ғана емес, өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа жаңа мақсат қоюдың уақыты.Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа көшеттер отырғызылып, табиғат жаңғырады. Сол секілді біз де өзімізге биік белестерді бағындыруды мақсат етіп, болашағымыздың берік іргетасын қалайық.

Баршаңызды көктемнің жарқын мерекесі – Жаңару күнімен құттықтаймыз!
 

🚀Бүгін — Халықаралық тұтынушылар күні. Кез келген кәсіпкер үшін ең маңызды тұлға – тұтынушы. Себебі олар болмаса, кәсіптің алға басуы қиын. Сондықтан тұтынушыларды жылына бір рет қана емес, күн сайын маңыздылығын айшықтап отырған жөн. Заман талабына сай әр адамда таңдау мүмкіндігі бар екенін ескерсек, тұтынушыңыздан қағылып қалу ықтималдығы жоғары.

Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, тұтынушыларыңызды мерекесімен құттықтап қойыңыз!


💸1831 жылы 19 наурызда әлемде алғаш рет ірі банк тоналды. АҚШ-та ағылшын эмигранты Эдвард Смит Нью-Йорктегі City Bank of New York бөлімшесіне баса-көктеп кіріп, сол кездегі ғаламат сома – 245 мың долларды ұрлап кетті. Алайда қылмыскер көп ұзамай ұсталып, небәрі 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиғадан кейін барлық банктер күзет қызметін күшейтіп, қауіпсіздік шараларын екі есе арттырды. Бірақ, соған қарамастан, банк бөлімшелерін, пойыздарды және инкассатор көліктерін тонау кеңінен таралып, кинематографта да қызықты тақырыптардың біріне айналды.

Сізге банк тонау туралы қандай фильмдер ұнайды?


👥19 наурыз — қос тұлғаның туған күні. 126 жыл бұрын қазақтың тұңғыш инженер әйелі Мәдина Бегалиева (1899-1974) дүниеге келді. Ол қазақ қыздарының құқығы үшін күрескен жан. Бегалиеваның бұл әрекетке баруына 14 жасында құрбысын малға сатып, 60 жастағы қарияға күштеп күйеуге беруі әсер еткен еді. Сонымен қатар бүгін неміс текті америкалық киноактер, продюсер әрі музыкант Брюс Уиллис 70 жас мерейтойын атап өтеді. Ол Голливудтағы ең табысты әрі жоғары жалақы алатын актерлердің бірі. Екі жыл бұрын сырқатына байланысты өнер жолындағы мансабын аяқтауына тура келді. Ал қазіргі таңда Брюске деменция диагнозы қойылды.

Сізге Брюс Уиллистің қай фильмі ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекше_күн #Жаңару_күні #Клиент_күні #Банк_тонау #Туған_күндер #Танымал_тұлғалар #Мадина_Бегалиева #Брюс_Уиллис
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍3❤2👌2🎉1🤩1
💡📰📰📰📰📰📰

Табыс & Шығыс айдарына:

💸Жұмысты сүйіп істесең, табыссыз қалмайсың: кәсіпкер ақшаны денсаулыққа зиян келтірмей табу керегін айтты

“Табыс & Шығыс” айдарында біз жасы, жынысы, мамандығы, тұрғылықты жері әртүрлі Қазақстан азаматтарының бір айда тапқан табысы мен шығынын есептейміз. Кіріс пен шығынды жатқа білу қаржылай сауатты арттырып, қарыздан құтылып, табысты болуға жетелейді.
Бүгінгі кейіпкеріміз – Гүлдана Әбілқасымова. Декретте отырған ана. 31 жастағы келіншек 3 баланың анасы. Жоғары білімі бар, екі мамандықтың иесі. Шымкент қаласында тұрады. Тұңғышы мемлекеттік мектепте білім алса, өзі жасқа толмаған баламен үйде. Жолдасы екеуінің отбасылық кәсібі бар. Сондықтан, Гүлдана үйде баламен отырса да, кәсіпті бірге жасасып, қаражат тауып отыр. Отбасының өз үйі және көлігі бар.

👥Отбасының бір айдағы табысы:

Жұмыстағы жалақы – 500 000 теңге
Қосымша табыс – 100 000
Жолдасының табатыны 600 000 теңге
Жалпы табыс – 1 200 000 теңге

💡Отбасының бір айдағы шығыны:

Азық-түлікке кететін шығын – 350 000 теңге
Кредиттерді өтеу – 110 000 теңге
Дәрі-дәрмекке шамамен - 15 000 теңге
Жол шығыны – 50 000 теңге
Күнделікті дүкенге ақша – 4000 теңге
Коммуналды шығындар – 60 000 теңге
Интернет төлемі - 8 000 теңге
Киім-кешек - 40 000
Балалар мен өзінің күнделікті қалта шығындары – 10 000 теңге
Кәсіптің айналымында жүретін ақша– айына 2-3 000 0000 теңге

Жалпы шығын – айына 650 000 мың
Бір айдағы сальдо – плюс айналымға қосылатын 500 000

⚡️Гүлдананың түсініктемесі:

Кәсібін дөңгелетіп отырған адам міндетті түрде ай сайынғы шығынды есептеп жүреді. Ал жаратуға жұмсалған қаражаттың есебін білу үшін, күнбе-күн кеткен ақшаны қағазға түсіріп жүру қажет. Айталық, “ұялы телефонымның абоненттік төлемі – 4700 теңге, етке – 20 000 теңге” деген секілді қасына қайда жұмсағанымды түртіп жүремін. Жазып жүру арқылы орынсыз шығыннан да аулақ боласың. Кәсіппен айналысатын адамның көпшілігі депозитке сақтап жинай алмайды. Себебі, артық ақшаның барлығы айналымда жүреді. Бұл жұмыстың тұрақты жүріп тұруы үшін керек. Отбасылық кәсіптен бөлек, өзім әлеуметтік желі парақшаларының жарнамасымен айналысамын. Бұл да, кеңсеге бармай-ақ қашықтан жасауға болатын жұмыс түрі. Кішкентай баласы бар адамға таптырмас мүмкіндік.

Ақшаның жеткілікті немесе керісінше болуы адамның көңіл-күйіне әсер етпеу қажет. Денсаулық ең үлкен байлық екендігін естен шығармағанымыз жөн-ау. Ол үшін ешкіммен жарыспай, өзгелерден өзіңді төмен санамай жүрген абзал. Адамды күйзеліске түсіретін нәрсе “қатарымнан қалып бара жатырмын” деген дегбірсіздік. Бойдағы қуатты оған емес, әрекет етуге жұмсау пайдалырақ болар. Әрі байыппен, бөтен ойларсыз тірлік қылу адамды шаршап шалдығу мен жалығудан сақтайды. Жұмысын сүйіп жасаған адам, ешқашан табыссыз қалмайды. Қарызға да кірмейді. Бұдан бөлек, кіріс пен шығысқа сауатты есеп жүргізу оңай болады деп ойлаймын. Ақшаны басқару дегеннің не екендігі де осы жерде айқындалып тұрған секілді.

Өз отбасыңыздың бір айдағы қаржылық картинасымен бөліскіңіз келсе, “Табыс & Шығыс” айдарының колумнисті Мөлдір Бегімбетке хабарласыңыздар: WhatsApp +7 775 609 75 45

#табыс #шығыс #экономика
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍4👌4
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👥Жемқорлық туралы хабарлаған 104 адамға 35,5 млн теңге сыйақы берілді

Ал сіз жемқорлықтың куәсі болдыңыз ба?📍

👀Арыстанның күшігін асыраған астаналыққа қылмыстық іс қозғалды

Абай болыңыздар! ‼️

🌚Кейінгі үш жылда елге 1,12 трлн теңге заңсыз активтер қайтарылды – Антикор

Біраз іс атқарылыпты👍

🗣“Медеу” мұз айдыны бірнеше жылға жабылады

Мәссаған, қалай болар екен?😶

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-52/

#Қазақстан #жаңалық #жемқорлық #сыйақы #арыстан #күшік #МедеуМұзАйдыны #Антикор #қайтарылғанактив
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7😱4👌4🆒1
💡📆📆📆📆📆 20 наурыз

🔥20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Қазақ халқы ерте заманнан бері мерекелерде түрлі сайыс ұйымдастырып, өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсеткен. Қазіргі таңда бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік секілді ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық қайта жанданып, қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту бойынша турнирлер де кең таралуда. Бұл жарыстар тек спорттық бәсеке ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрімен терең танысуға мүмкіндік береді.

Ал сіз спорттың қай түрімен айналысасыз?

☀️Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық бақыт күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – бақытқа ұмтылу жер бетіндегі барлық адамға ортақ құндылық екенін еске салу. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл мереке адамзат үшін бақыт ең басты мақсаттардың бірі екенін көрсетеді. Осыған орай, БҰҰ барлық елдерді азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға күш салуға шақырады.

Барлық оқырманға шынайы бақыт тілейміз!

🌍Бүгін — Халықаралық Жер күні. Соғыс пен адамдар тарапынан жасалып жатқан антропогендік әрекеттер топырақ пен ауаны, суды зиянды әрі радиоактивті заттармен ластап, тіршілік иелерінің денсаулығы мен әл-ауқатына кері әсерін тигізіп жатыр. Бұл күннің басты мақсаты – бәріміздің ортақ үйіміз Жер бетінің жай күйіне назар аударту. Сонымен қатар халықты табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға шақыру. Мерекенің арнайы осы күнге белгіленуі де кездейсоқ емес. Себебі 20 наурызда күн мен түн теңеліп, тіршілік иелері оянып, дамудың жаңа кезеңі басталады.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

👥20 наурыз — әйгілі екі тұлғаның туған күні. 156 жыл бұрын музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевич (1869-1936) дүниеге келді. Ол қазақ халқының музыкалық мұрасын жинап, “Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақтың 500 күйі мен әні” атты еңбектерін жарыққа шығарды. Бұл жинақтар қазақ музыкасының ғасырлар бойғы тарихын қамтитын құнды антологияға айналды. Сонымен қатар қазақтың кәсіби фортепиано музыкасының негізін қалаушылардың бірі ретінде “Қазақ әндері” атты фортепианоға арналған миниатюралар жинағын жазды. Сонымен қатар 90 жыл бұрын ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиев (1935-2011) өмірге келді. Ол 40-тан астам поэтикалық жинақтың авторы. Оның өлеңдері әлемнің көптеген тіліне аударылған. Ақынның “Құстар әні”, “Құстар қайтып барады”, “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” сынды лирикалық әндері халық арасында ерекше танымал. Бұл әндер белгілі композиторлар Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов және Ескендір Хасанғалиевпен бірлесе жазылған. 1992 жылы Тұманбай Молдағалиевке түркі әлемінің Физули атындағы халықаралық сыйлығы берілді.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ұлттықспорткүні #Бақыткүні #Жеркүні #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АлександрЗатаевич #ТұманбайМолдағалиев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11❤5🎉5👍1🤩1
💡😎😎😎😎😎

Өмір сынағынан сүрінбей өткен ТОП-5 актер

◾️ Өмір жолы ауыр сынаққа толы болғанымен, жүрек көзіндегі отын сөндірмей, биік белестерді бағындырған тұлғалар аз емес. Бірі балалық шағындағы қиындықтарға төтеп берсе, енді бірі үлкен кедергілерді жеңіп, мақсатына жете білді. Егер еңсеңіз түсіп, өмірге деген құлшынысыңызды жоғалтып алсаңыз, төмендегі өнер иелерінің тағдырына назар аударыңыз! ✔️

1️⃣ Киану Ривз

• Ол балалық шағында көп ауыртпалық көрді: әкесі отбасын тастап кетсе, анасы бірнеше мәрте тұрмысқа шыққан.
• Киану мектеп кезінде дислексиямен (оқудағы қиындық) күресіп, білім алуда көптеген қиындыққа тап болды.
• Ең жақын досы Ривер Феникстің қайтыс болуы, сүйікті адамы мен баласынан айырылуы оны қатты күйзеліске түсірді.
• Соған қарамастан, ол Голливудтың ең қарапайым әрі мейірімді жұлдыздарының біріне айналды.

💬 Мотивациялық сөзі:

Өмірде қиындықтар міндетті түрде болады, бірақ ол сіздің кім екеніңізді анықтамайды. Жасаған әрекеттеріңіз ғана сізді айшықтайды.

2️⃣ Кіші Роберт Дауни

• Әкесі оны есірткіге ерте жастан баулыған, бұл актердің өміріне айтарлықтай әсер етті.
• Нашақорлықтың салдарынан бірнеше рет түрмеге түсіп, мансабы құлдырауға ұшырады.
• Бірақ өз-өзімен күресе отырып, актерлік дарынын қайта дәлелдеді. “Темір адам” рөлінен кейін ол әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналды.

💬 Мотивациялық сөзі:

Құлдырау – ұят емес. Бастысы – қайта тұрып, өз жолыңды табу.

3️⃣ Дуэйн Джонсон

• Бала кезінде кедейлікті бастан кешіріп, анасымен бірге үйсіз қалған кездері болған.
• Футбол мансабы сәтсіздікке ұшыраған соң, спорттағы бағытын өзгертіп, WWE жұлдызы атанды.
• Кейіннен өзін актерлік салада дәлелдеп, Голливудтың ең жоғары жалақы алатын актерлерінің біріне айналды.

💬 Мотивациялық сөзі:

Кедейлікте өстім, бірақ бір нәрсені түсіндім: мен ешқашан сол жағдайда қалмауым керек.

4️⃣ Сильвестр Сталлоне

• Бала кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылуына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
• Өмірінің бастапқы кезеңінде кедейшілікте өмір сүріп, тіпті өз итіне тамақ таба алмағандықтан сатуға мәжбүр болған.
• Өзінің “Рокки” фильміне сценарий жазып, басты рөлді өзі сомдағаннан кейін ғана нағыз жетістікке жетті.

💬 Мотивациялық сөзі:

Жеңіс – бұл күшті соққы жасай білу емес. Ол – қанша соққы алсаң да, қайта тұрып, алға жылжи білу. (“Рокки” фильміндегі әйгілі цитатасы)

5️⃣ Джим Керри

• Отбасы қаржылай қиындықтарға тап болып, тіпті біраз уақыт фургонда тұруға мәжбүр болған.
• Ата-анасына көмектесу үшін жас кезінен жұмыс істеп, кейіннен актерлік мансабын бастады.
• Ол Голливудтың ең танымал комик актерлерінің біріне айналды.

💬 Мотивациялық сөзі:

Егер сәтсіздікке ұшырау ықтималдығы бар болса, онда өзің жақсы көретін іспен айналыса жүріп сәтсіздікке ұшыраған әлдеқайда дұрыс.

💡 Қорытынды:
Бұл актерлердің өмір жолы күрделі болғанымен, олар қиындықтарды жеңіп, діттеген мақсаттарына жете білді. Олардың табандылығы мен ерік-жігері – бізге үлгі. Сондықтан өмір қандай сынақ әкелсе де, оған мойымай, алға ұмтылу маңызды!

#мотивация #актер #кино
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤5👌3😍3🔥2🫡1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

👥Бір миллионға жуық бала бір мезетте күй тартты

Тамаша!😍

💡Алматыда 1700-ге жуық әлеуметтік қызметкердің жалақысына 30% үстемеақы қосылады

Қазіргі уақытта Алматыда 13 әлеуметтік мекеме жұмыс істейді екен👍

🌍Ұлттық Банк инфляция болжамын қайта қарады: 2025 жылы 10-12%-ға жетуі мүмкін

Сұмдық😯

☀️Қазақстанда алдағы уақытта той шығындары бақылауға алынады: салық органдары тексерісті күшейтпек

Мәссаған, енді елімізде той саны азаюы мүмкін😨

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-53/

#Қазақстан #жаңалықтар #оқушы #күй #Алматы #әлеуметтікқызметкер #Ұлттықбанк #инфляция #той #шығын #салық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4🔥3👌2🫡2