Үйде жатпа!
8.12K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

👥Бір миллионға жуық бала бір мезетте күй тартты

Тамаша!😍

💡Алматыда 1700-ге жуық әлеуметтік қызметкердің жалақысына 30% үстемеақы қосылады

Қазіргі уақытта Алматыда 13 әлеуметтік мекеме жұмыс істейді екен👍

🌍Ұлттық Банк инфляция болжамын қайта қарады: 2025 жылы 10-12%-ға жетуі мүмкін

Сұмдық😯

☀️Қазақстанда алдағы уақытта той шығындары бақылауға алынады: салық органдары тексерісті күшейтпек

Мәссаған, енді елімізде той саны азаюы мүмкін😨

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-53/

#Қазақстан #жаңалықтар #оқушы #күй #Алматы #әлеуметтікқызметкер #Ұлттықбанк #инфляция #той #шығын #салық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4🔥3👌2🫡2
💡📆📆📆📆📆 21 наурыз

👍21 наурыз — түркі және иран халықтары үшін күнтізбелік жаңа жылдың бастауы. Бұл мереке астрономиялық күнтізбе бойынша күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Бүгінде Наурыз Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Албания, Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Солтүстік Македония, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Сонымен қатар Ирактағы күрдтер мекендейтін аймақтарда, Татарстан, Башқұртстан және Дағыстанда кеңінен тойланады. Наурыз – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген және БҰҰ-мен ресми танылған мереке. Әр халық бұл күнді өз тілінде түрліше атаса да – Навруз, Новруз, Невруз, Нооруз – оның мәні бәрімізге ортақ. Яғни, қыстың аяқталып, табиғаттың жаңаруын білдіреді. Ерте заманда қыстан аман шығу үлкен жетістік деп саналған, сондықтан Наурыз – үміт пен жаңа бастамалардың белгісі.

☀️Сондай-ақ 21 наурызда Ынтымақ күні аталып өтеді. Бұл мереке – қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының көрінісі. Ынтымақ күні – халықтың бірлігі мен ұлттық мұраны дәріптейтін мейрам. Аталған күн барша азаматты өзара сыйластыққа, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, әділ және гүлденген қоғам құру жолында бірлесе жұмыс істеуге үндейді.

Барша оқырмандарымызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Жаңа жыл берекелі болсын!

😍21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні. Поэзия – ғасырлар бойы халық жүрегінен орын алған әрі түрлі мәдениетті тоғыстыратын ерекше өнер. Ең көне поэзиялық шығармалар біздің дәуірімізге дейінгі XXIII ғасырда жазылған деп саналады. Олардың авторы – аккад ханшайымы Эн-хеду-ана. Бүгінде поэзия елдер мен халықтарды жақындастырып, әртүрлі мәдениетті байланыстырушы күшке айналды. Өлең арқылы ақындар адамзаттың ортақ сезімдері мен ойларын жеткізіп, бізге бір-бірімізді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ұлтымыз бен болмысымыз бөлек болса да, бәріміз бір үлкен отбасы екенімізді еске салады.

👥21 наурыз – Халықаралық Даун синдромы бар адамдардың күні. Бұл күн ерекше жандарға қолдау білдіруге және қоғамдағы инклюзивтілікті дамытуға арналған. Даун синдромы – 21-ші хромосоманың артық көшірмесімен байланысты генетикалық ерекшелік. Ол бүкіл әлемде кездеседі және адамның моторикасына, денсаулығына белгілі бір деңгейде әсер етеді. Жыл сайын әлемде 3000-5000-ға жуық бала осы синдроммен дүниеге келеді. Қазақстанда да мұндай ерекше жандар бар, олардың саны шамамен 3 мың. Олар ашықтығы мен мейірімділігі үшін “күн балалары” деп аталады.

Бұл күн – қоғамның әрбір мүшесінің бірегейлігі мен құндылығын еске салатын маңызды мереке.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Наурызмейрамы #Ынтымақкүні #Поэзиякүні #Даунсиндромы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9❤4👌2🆒1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Шымкент, Түркістан және Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.


АЛМАТЫ:

🫂Асқар Есдәулеттің "көктемгі об'сракт " көрмесі

Қайталанбас қолтаңбасы бар қазақ суретшісі өз жұмыстарын алғаш рет кең ауқымды көрерменге ұсынады. Көрмеге автордың он жылдан астам уақыт бойы жасаған 50-ге жуық картинасы мен 15 мүсіні қойылады.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 21, 22, 23, 24 және 15 наурыз, 11:00 – 19:00

🫲Juldyzdy Almaty фестивалі

Қонақтар танымал өнерпаздардың қатысуымен өтетін концертті тамашалай алады. Сондай-ақ спорттық сайыстар, қолөнер жәрмеңкесі мен отбасылық шаралар ұйымдастырылады. Көрермендер үшін көз тартарлық фотозоналар мен өнер нысандары орнатылады.

Орны: Астана алаңы
Күні: 21 және 22 наурыз, 18:00

💃"Шуақты қаладан жеткен отбасылық мұралар” көрмесі

Бұл көрмеде белгілі суретшілер Григорий мен Олег Пономаренконың жеке коллекциялары мен MPL Sarl қорының жинағынан алынған картиналары ұсынылады.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92.
Күні: 24 және 25 наурыз, 12:00 – 18:00

👀"Наурыз тойы — мерекем, салт-дәстүрім — берекем" кітап жәрмеңкесі

Қонақтар жазушылармен және публицистермен жүздесіп, ақындар мен дәстүрлі өнер өкілдерінің өнерін тамашалай алады.

Орны: Арбат
Күні: 21, 22, 23 және 24 наурыз, 11: 00 – 15:00

🫰"Костюм киген адам” көрмесі

Қазақстандық суретші Басма өз еңбектерінде қарапайым адамның саясаткер, шенеунік не кәсіпкер болған сәтінен бастап қалай өзгеретінін бейнелейді. Костюм, жейде не галстук киген сәттен бастап, адам ақырындап өзге күйге ене бастайды. Уақыт өте келе, костюм адамға толық билік жүргізіп, оның санасын қарапайым халықтың мұң-мұқтажынан алшақтатады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51
Күні: 24 және 25 наурыз, 10:00 – 19:00

👏Nauryz Fest фестивалі

Бұл шара мәдени мұра мен заманауи технологияларды тоғыстырады.

Орны: Абай Алаңы
Күні: 21, 22, 23 және 24 наурыз, 10:00 – 16:00


АСТАНА:

😻"Портреттер емес" көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады. Бұл – өткен мен болашақтың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы. Онда әрбір сурет терең ойға батырып, жүректен орын алады. Сондай-ақ өз алдына бөлек бір сыр шертеді.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз, 10:00 - 20:00


ШЫМКЕНТ:

🗣Гала-концерт

Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концерт.

Орны: Астана Алаңы
Күні: 21 наурыз, 19:00


Түркістан:

🤝"Көне түркі мұрасы” ұлттық қолөнер көрмесі.

Орны:"Этноауыл" кешені
Күні: 21 наурыз, 13:00

👍"Ән мен әнші” концерті

Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне орай өтетін мерекелік концерт.

Орны: "Керуен Сарай" алаңы
Күні: 21 наурыз, 19:30


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #Шымкент #Түркістан #қайдабарукерек #тегін #көрмелер #мейрам
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤5🔥2😍2🆒1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Ақшақар" отбасылық мелодрамасы. Бұл — 1937 жылдың Disney анимациялық фильмі негізінде түсірілген көркем фильм. Зұлым патшайым өзінің өгей қызы – ханшайым Ақшақарды өлтіруге бұйрық береді. Алайда Ақшақар қашып, жеті ергежейлі тұратын үйді паналайды. Басты рөлдерде: Гал Гадот, Рейчел Зеглер.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=flZN8FQv5ik

🎬"Super курьер" комедиясы. Тимур – жүрегі кең, мейірімді курьер. Өзгелерге көмектесуде алдына жан салмайды. Бірде ол сот төрешісін қарақшылардан құтқарып, күтпеген ұсыныс алады. Енді ол сот төрешісінің қызы — Сабинаның жүргізушісі болуға тиіс. Алайда қызды белгісіз біреулер ұрлап кеткенде, Тимурға қорқынышын жеңіп, оны құтқару үшін батыл қадамға баруына тура келеді. Сонымен қатар қылмыскерлерге қыздың не себепті соншалықты қажет болғанын да анықтауы керек. Басты рөлдерде: Тимур Бақтыбаев, Дулыға Ақмолда, Еркебұлан Дайыров, Құттыбай Сағындықов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-WKXz-Dcvho

🎬"Жошы хан" тарихи драмасы. Алтын Орданың негізін қалаушы, Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы – Жошы ханның өмір жолы аңыз бен құпияға толы. Оның дүниеге келуі жайлы сан алуан жорамал бар, ал өлімі әлі күнге дейін жұмбақ. Ол – тарихтағы ең тылсым тұлғалардың бірі. Жошы хан – біз үшін кім? Жаулап алушы ма, әлде ұлы мемлекетке негіз қалаған кемеңгер билеуші ме? Оны түсіну арқылы біз өзімізді де тереңірек танып, тарихтағы орнымызды айқындай аламыз. Басты рөлдерде: Шыңғыс Бейбітұлы, Болат Ұзақов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=k0uOQXKogXs

🎬"Шоқан. Қашқария сапар" мультфильмі. Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай әзірленген бұл мультфильм көрермендерді ғалымның ең маңызды экспедицияларының бірі – “Қашқарияға саяхат” негізінде жасалған қызық оқиғамен таныстырады. Балаларға түсінікті әрі тартымды тілде баяндалған тарих 8 жасар Азат есімді баланың күтпеген жерден 1858 жылға тап болуымен басталады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=1R7UCmYVDxE

🎬"Западня" триллері. Эдди қымбат көлікті ұрламақ болады, бірақ оның иесі Уильям заңды өз қолына алады. Осылайша Эдди аса қауіпті адамның тұтқынына түсіп, қатыгез “мысық пен тышқан” ойыны басталады. Бұл қанды текетірестің шарықтау шегі Лос-Анджелестің қақ ортасында өтпек. Басты рөлдерде: Билл Скарсгард, Энтони Хопкинс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7jjilh6DBw8

🎬"Киллер в отставке" комедиясы. Зейнетке шыққан киллер Дэнниге ерекше тапсырма жүктеледі – ол жас қылмыскер Вильборгқа жетекшілік етуі тиіс. Жігіттің мергендігі мықты болғанымен, ол тек нысананы ғана емес, жазықсыз адамдарды да атып тастайды. Екеуіне қылмыстық топтың басшысын жою міндеттеледі. Алайда көп ұзамай олар қақпанға түскендерін түсінеді – қарсыластары екеуінің де көзін жоюды көздейді. Басты рөлдерде: Кристоф Вальц, Люси Лью. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=wE3SfCLRdS0

🎬"Новокаин" боевигі. Нейтан Кейн – қарапайым жігіт, бірақ сирек кездесетін генетикалық ерекшелігінің арқасында физикалық ауырсынуды сезінбейді. Алайда оның сүйікті қызы банк тонаушылардың тұтқынына түскенде, Нейтан осы ерекшелігін қаруға айналдыруға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джек Куэйд, Эмбер Мидфандер. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=02mwGJ6eBuA

🎬"Опус" триллері. Журналист қызға отыз жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен аты аңызға айналған әншінің алыстағы зәулім үйінен шақырту келеді. Жұлдызға табынушылар мен есінен танған қонақтардың ортасында қалған ол көп ұзамай өзіне жасырын жоспар құрылғанын аңғарады. Басты рөлдерде: Айо Эдебири, Джон Малкович. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Sc54np58Ans

#киножаңалықтары #аптаныңпремьералары #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #Ақшақар #Superкурьер #Жошыхан #Қашқариясапары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥3❤2😍2👌1
💡📆📆📆📆📆 22 наурыз

💐22 наурыз – Жыл басы. Бұл күн – халқымыздың байырғы дәстүрлеріне, ұлттық мәдениетінің терең тамырларына сүйенген жаңа кезеңнің бастауын білдіреді. Еліміздің түкпір-түкпірінде этноауылдар бой көтеріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылады. Ата-бабалар рухын сезініп, көненің көзіне айналған құндылықтарды жаңғыртуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, бұл күні Наурыз мерекесіне орай көше безендіру мен ұлттық нақыштағы көркем безендірулерге арналған байқаулардың қорытындысы шығарылады.

👀Бүгін — Халықаралық таксистер күні. 1907 жылы 22 наурызда Лондон көшелерінде алғашқы таксометр орнатылған автокөліктер пайда болды. Лондондық жүргізушілер құрылғыны француздың “такс” (“төлем”) және гректің “метрон” (“өлшеу”) сөздерінен құралған “таксометр” деп атады. Содан бері жеке қалалық көлік “такси” деп аталып, жүргізушілер “таксист” деген атауға ие болды. Бүгінде Қазақстанда шамамен 150 мыңға жуық адам такси қызметімен айналысады. Егер таныс таксистеріңіз болса, олардың кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

👋130 жыл бұрын тарихта алғашқы көпшілікке арналған киносеанс өтті. 1895 жылы 22 наурызда Парижде француз фотоөнеркәсібінің дамуына арналған конференцияда ағайынды Жан Луи мен Огюст Люмьерлер алғаш рет көпшілікке кинофильм көрсетті. «Фабрикадан шыққан жұмысшылар» атты бұл бір минуттық қара-ақ, дыбыссыз фильмде зауыт жұмысшыларының еңбек күнінен кейін ғимараттан шығып келе жатқан сәті бейнеленген. Бүгінде мұндай сюжет бізге қарапайым көрінуі мүмкін, алайда сол заманда бұл нағыз таңғажайып жаңалық еді.

Фильмді мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=Zhw78tlCWgk


👥22 наурыз – қазақтың қос тұлғасының туған күні. 123 жыл бұрын ұлттық драматургияның негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болған Ғабит Мүсірепов (1902-1985) дүниеге келді. Ол “Қыз Жібек” музыкалық драмасының, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” пьесасының, “Ұлпан” романының және басқа да атақты шығармалардың авторы. Жазушының шығармалары әлемнің 34 тіліне аударылып, қазақ әдебиетінің даңқын асқақтатты. Сонымен қатар 76 жыл бұрын әнші, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменов (1949-1992) дүниеге келді. Ол Құрманғазы атындағы консерваторияда халық әні кафедрасын құруға бастамашы болып, оның алғашқы меңгерушісі атанды. Жәнібек Кәрменовтің орындауында Ақтамберді, Бұқар жырау және Шәкәрімнің шығармалары алғаш рет көпшілікке ұсынылған. Сонымен бірге ол “Ақылбайдың әні”, “Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні” кітаптарының авторы.

Сіздің қалаңызда Ғабит Мүсіреповтің есімімен аталған қандай ғимараттар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жылбасы #Таксистеркүні #Алғашқыкинофильм #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ҒабитМүсірепов #ЖәнібекКәрменов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥4😍2❤1👌1
💡📚📚📚📚📚📚🐴

Наурызға қатысты ұмыт болған салт-дәстүрлер 🌷

Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍

https://youtube.com/shorts/RamGqk2Z0EY

#наурыз #жаңалықтар #новости #традиция #үйдежатпа
#рек #обычаи #девушки #любовь #парень #ұйқыашар #дәстүр
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9👏5🤩1👌1😍1
💡📆📆📆📆📆 23 наурыз

💐23 наурыз – Тазару күні. Бұл күннің басты мәні – жан мен тәнді тазарту, жаңару. Ел аумағында сенбіліктер, экологиялық акциялар өткізіліп, қоғам табиғатпен үйлесімді өмір сүру қажеттігін еске салады. Табиғат заңдарын бұзбай, оны ысырап етпей, керісінше, ұқыпты пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың міндеті
 


👀Бүгін ерлер қауымы арасындағы ынтымақтастық күні тойланады. Олардың арасындағы бауырмалдық пен мызғымас достық жасына әрі мүддесіне қарамастан қалыптасады. Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк сынды жазушылар өз шығармаларында ерлер арасындағы берік достықты жырлаған. Алайда бұл құбылыс тек әдебиетте ғана емес, өмірде де жиі кездеседі: дер кезінде созылған достың қолы талай жанды құтқарып, қиын сәттерде тірек бола білген.

Сіздің ойыңызша, достыққа кімдер берік? Ерлер немесе әйелдер?


👋Бүгін “ОК” таңбасының пайда болған күні. Ең танымал нұсқа бойынша, бұл аббревиатура алғаш рет 1839 жылы 23 наурызда америкалық Morning Post газетінде жарияланған. Ол “all correct” сөзінің әдейі бұрмаланған “all korrect” нұсқасының әзіл түріндегі қысқартуы ретінде пайда болған. Айта кетерлігі, “OK” сөзінің шығу тегі туралы 40-тан астам теория бар. Бүгінде бұл сөз бүкіл әлемде келісімді білдіру немесе “қалайсың?” деген сұраққа жауап беру үшін қолданылады.

👥23 наурыз — екі атақты ер адамның туған күні. 115 жыл бұрын жапондық режиссер, сценарист және продюсер Акира Куросава (1910-1998) дүниеге келді. Ол — кино тарихында ең ықпалды режиссерлердің бірі. Өнер иесі үш мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп алды және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның 7 жұмысы әлемдегі ең үздік фильмдер тізіміне енді. Сонымен қатар 100 жыл бұрын қазақ химик-металлург, халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясы бойынша жаңа бағыттың негізін қалаушы Евней Бөкетов (1925-1983) өмірге келді. Сондай-ақ 50-ден астам өнертабыстың, 10 патенттің, ғылым мен мәдениет туралы бірқатар әңгіменің авторы. 1992 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетіне Евней Бөкетовтың есімі берілді.

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ТазаруКүні #ЕрлерЫнтымақтастығы #OKсөзініңПайдаболғанКүні #ТуғанКүндер #ТанымалТұлғалар #АкираКуросава #ЕвнейБөкетов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤5🔥1👌1🕊1
💡📚📚📚📚📚📚🐴

Наурыз көже дайындау үшін қанша ақша керек?

Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍

https://youtube.com/shorts/lHTggWtoOvo

#наурыз #жаңалықтар #новости #традиция #үйдежатпа
#рек #обычаи #цены #наурызкөже #наурызкоже
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5😱3👌3⚡1🔥1
💡💫💫💫💫💫💫💫

24–30 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл апта Тоқтылар үшін нағыз қаржылай сынаққа толы болмақ! Ең бастысы – банкоматқа өкпелемеңіз, ол сізге ештеңе қарыз емес. Ақша есепті жақсы көреді, ашуды емес. Шығындарыңызды мұқият бақылаңыз, әйтпесе жұма күні “ерекше диетаға” көшіп, нан мен өмір жайлы терең ойлар ғана серігіңіз болуы мүмкін.

♉️Егер ақша – зұлымдық болса, онда сіз әулиелікке бір табан жақындадыңыз! Бірақ өзіңізді сәл еркелететін уақыт та келген шығар? Мәселен, жинаған қаржыңызды сақтайтын тағы бір жастық сатып алыңыз. Апта соңында күтпеген табысқа кенелуіңіз мүмкін, сондықтан ұсақ шығындардан қорықпаңыз – Ғалам сізге міндетті түрде қайтарып береді (тым болмаса, ұсақ ақшамен болса да).

♊️Сіз әдеттегідей “үнемдеу керек” пен “көзді жұмып жұмсайын” деген екіұдай сезімде жүрсіз. Жұлдыздар бұл аптада бірінші нұсқаны таңдауға кеңес береді, әйтпесе сенбі күні әмиян орнына күртешеңіздің қалтасын пайдалануға тура келеді. Күтпеген жерден табыс түсуі мүмкін, бірақ табыс көзі заңды ма, соны тексеруді ұмытпаңыз.

♋️Бұл аптада сізді түрлі қаржылай сынақтар күтіп тұр: жеңілдіктер, науқандар, “соңғы мүмкіндік” деген жарнамалар белең алуы мүмкін… Бірақ әмияныңыз бұл құлшынысыңызды қолдамайтын секілді. Маркетологтар сіздің осал тұстарыңызды жақсы біледі, сол себепті сақ болыңыз. Ақшаңызды ақылмен жұмсаңыз, кем дегенде жалақыға дейін шыдауға тырысыңыз.

♌️Сіздің қаржылай жағдайыңыз патша көңіліңізге сай болмауы мүмкін. Апта ортасында шығындарыңызды реттемесеңіз, демалыс күндері кассада “Қаражатыңыз жеткіліксіз” деген жазумен бетпе-бет келуіңіз ғажап емес. Дегенмен сәрсенбі күні күтпеген сый болуы мүмкін – бәлкім, біреу бұрынғы қарызын қайтарып берер.

♍️Сізге “өз-өзіңіздің бас есепшісі” деген лауазым керемет жарасар еді! Әрбір тиыныңыз есепте, алайда қаржыны тым қатты қысып ұстаудың қажеті жоқ – ақша қозғалысты жақсы көреді. Апта соңында тиімді ұсыныс түсуі мүмкін, бірақ егер біреу “ақшаңызды екі есе көбейткіңіз келе ме?” деп сұраса, асықпаңыз. Бұл байып кетудің жолы емес, күмәнді қақпан болуы мүмкін.

♎️Таразылар — үнемшілдік пен сауда жасауға деген құмарлықтың арасында теңгерімді ұстап үйренген. Алайда бұл аптада жұлдыздар бір жағын таңдауға кеңес береді. Әйтпесе аптаның соңында банк шотыңызды көріп, таңданыстан бас шайқайтын боласыз. Апта ортасында күтпеген табыс түсуі мүмкін, бірақ оны оңды-солды шашпай, ақылмен жұмсаңыз. “Керек секілді, бірақ қазір емес” деген заттарға ақша шығындамасаңыз, ұтылмайсыз.

♏️Сарышаяндар, егер біреу сізге “жеңіл ақша” ұсынса, әмияныңызды қатаң бақылауда ұстаңыз! Осы аптада сізді қаржылық тұзақтар күтіп тұр. Тек сенімді табыс көздеріне жүгініп, күмәнді ұсыныстардан бірден бас тартқаныңыз абзал. Жұма күні күтпеген шығындар болуы мүмкін, бірақ ол қажет нәрсеге жұмсалмақ, сондықтан алаңдамаңыз.

♐️Сіздің осы аптаның ұраныңыз: “Кең өмір сүру керек, тіпті қалта тесік болса да!”. Бірақ жұлдыздар сәл сабыр сақтауға шақырады. Ақшаны жөн-жосықсыз шашсаңыз, жексенбі күні “жомарт” достарыңыздың асханасына көз тігетін боласыз.

♑️Тауешкілер, сіз әдетте ақшаны есеппен жұмсайсыз. Бірақ бұл аптада “қажет емес, бірақ көңілге жағымды” бір нәрсеге қызығуыңыз мүмкін. Өзіңізді тым қатты тежемеңіз – өмір тек үнемдеуден тұрмайды.

♒️Бұл аптада қаржылай тәжірибелерден аулақ болған жөн. Биткойн, акциялар, стартаптар – қазір мұндай инвестициялар үшін оңтайлы уақыт емес. Бейсенбі күні кенеттен ақша түсуі мүмкін, бірақ бұл өзіңіз ұмытып кеткен жалақыңыз болуы да ғажап емес.

♓️Балықтар, ақша қолда тұрақтамай, жылдам жұтылып кетеді. Әсіресе, “керемет мүмкіндік” деп жар салған жарнамаларға сеніп, асығыс шешім қабылдамаңыз. Жексенбі – қаржылай жоспар құруға қолайлы күн.

Қорытынды:Бұл апта қаржылай тұрғыда қызықты болмақ, бірақ есіңізде болсын: ақша – мақсат емес, құрал. Оны ақылмен жұмсап, ұқыпты жинаңыз, сонда әмияныңыз әрдайым толы болады!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥3👌2❤1🤩1🫡1
💡📆📆📆📆📆 24 наурыз

👃Бүгін — Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. 1882 жылы 24 наурызда неміс ғалымы Роберт Кох туберкулез ауруын тудыратын бактерияны анықтап, бұл жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды. Қазіргі таңда туберкулез әлемдегі ең көп адам өліміне әкелетін инфекциялық аурулардың бірі болып қалып отыр. Жыл сайын бұл дерттен шамамен 1,5 миллион адам көз жұмады. Туберкулездің дамуына дұрыс тамақтанбау, темекі мен алкоголь өнімдерін тұтыну, есірткі қолдану, еңбек және тұрмыс жағдайының нашарлығы, сондай-ақ кейбір созылмалы аурулар әсер етеді. Дегенмен, Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде туберкулезге шалдығу көрсеткіші 4 есеге төмендеді.

Денсаулығыңызды күтіңіз және салауатты өмір салтын ұстаныңыз!

🧠24 наурыз — Халықаралық депрессиямен күрес күні. Депрессия алғаш рет ежелгі дәрігер Гиппократтың еңбектерінде сипатталған. Ол бұл ауруды “меланхолия” деп атап, оның басты белгілері ретінде көңіл күйдің түсуі, ұйқысыздық, тәбеттің жоғалуы, алаңдаушылық пен ашушаңдықты көрсеткен.
Депрессияның негізгі себебі – ағзадағы “бақыт гормондары” саналатын серотонин мен дофаминнің жетіспеушілігі. Бұл дертке шалдыққан адамдар үшін жақындарының қолдауы аса маңызды. Жылы сөз, шынайы жанашырлық пен қолдау кейде кәсіби терапиядан да күшті әсер етуі мүмкін.

Көңіл күйіңіз көтеріңкі болсын, ұсақ-түйекке бола уайымдамаңыз!



💅Бүгін — маникюр шеберлерінің кәсіби мерекесі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл кәсіп түрі шын мәнінде табандылықты, ұқыптылықты және шығармашылықты талап етеді. Ежелгі Римде, Греция мен Мысырда маникюр адамның әлеуметтік мәртебесі мен байлығын білдіретін. Ал бүгінде оны кез келген адам жасата алады. Есіңізде болсын, жақсы күтім көрсетілген қолдар мен әдемі тырнақтар — ұқыптылық пен сенімділік беріп қана қоймай, айналадағы адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды.

Егер бүгін маникюр жасатуға барсаңыз, өз шеберіңізді мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!



👥24 наурыз — қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. Бүгін суретші, сәулетші, Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков 83 жасқа толды. 1992 жылы Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған байқауда оның жобасы 245 жұмыстың ішінен жеңімпаз атанды. Ол – Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сонымен қатар 82 жыл бұрын ақын-жазушы Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) дүниеге келді. Ол көптеген поэзиялық жинақтың авторы. Одан бөлек проза да жазған. Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы, “Алаш” халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты. Сонымен қатар ол көптеген кәсіби және мемлекеттік наградалардың иегері, Шешен Республикасының ең жоғары мемлекеттік марапаты – “Ұлт намысы” орденінің иегері.

Рафаэль Ниязбековтің қай шығармасы ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Туберкулезбенкүрес #Депрессияменкүрес #Маникюршебері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖандарбекМәлібеков #РафаэльНиязбек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2⚡2🔥2👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Шоқан. Қашқария сапары” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/gTouoRQo2nE

#ШоқанҚашқариясапары #приключения #история #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #тарих
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7🔥5😍3❤1👍1🤝1
💡📆📆📆📆📆 25 наурыз

🙁25 наурыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық құлдық құрбандарын еске алу және трансатлантикалық құл саудасының күні. Бұл дата 2007 жылы, трансатлантикалық құл саудасының жойылуына 200 жыл толуына орай белгіленді. Оның мақсаты – құлдықтың азабын тартқан және азаттық жолында қаза тапқан жандарды еске алу. Әлемде құлдық ең соңғы болып 1981 жылы Мавританияда жойылды. Алайда 2021 жылдың деректеріне сәйкес, қазіргі заманда құлдық құрбандарының саны 50 миллионға жеткен. Олардың 28 миллионы – мәжбүрлі еңбекке жегілгендер, ал 22 миллионы – еркінен тыс некеге тұрғандар.


😇1930 жылы 25 наурызда Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты Бақалы ауылында Бәрібаев көтерілісі өтті. Ол кеңестік биліктің ұжымдастыру саясаты мен репрессияларына қарсы бағытталған еді. Көтерілісшілер Бақалы коммунасын басып алып, ауылдық кеңесті таратып, халыққа тәркіленген астықты, малды және өзге де мүлікті таратып берді. Алайда бұл көтеріліс көп ұзамай қарулы кеңес әскері тарапынан басып-жаншылды. Нәтижесінде 29 адам ату жазасына кесілді.


🤩Бүгін тәтті әуесқойлары халықаралық вафли күнін атап өтеді. Көпшілікке белгілі әрі неміс тілінде “ұяшық, бал ұясы” деген мағынаны білдіретін алғашқы вафлилер Германияда XIII ғасырда дайындала бастады. Бүгінде дүкен сөрелерінде тек тәтті вафлилер ғана емес, сондай-ақ ірімшік қосылған немесе түрлі дәмдеуіштермен толықтырылған тұзды түрлері де ұсынылады. Әлемдегі ең танымал вафлилердің бірі – бельгиялық вафли. Олар классикалық десертті дайындау дәстүріне сүйене отырып, өзінің теңдесі жоқ дәмімен ерекшеленеді.

Сізге вафлидің қай дәмі ұнайды?



😻25 наурыз — әлемдегі ең әсем қалалардың бірі Венецияның туған күні. 421 жылы Солтүстік Италия тұрғындары басқыншылардан қашып, батпақты аралдарға қала салуды бастады. Венеция 100-ден астам шағын аралдан тұрады және Адриатика теңізінің жылымында орналасқан. Бұл қалада жолдар мүлдем жоқ – барлық қозғалыс тек қайықтар арқылы каналдар бойымен жүреді. Қазіргі таңда Венеция – ірі туристік және ғылыми-білім беру орталығы. Оның бірегей сәулеттік келбеті мен Венеция жылымы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Сіз әлемнің қай қалаларына барғыңыз келеді?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #құлдыққұрбандары #Бәрібаевкөтерілісі #вафликүні #әсемқалалар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥2🤩2👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Ақшақар” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/QAnmGmgvL78

#Ақшақар #белоснежка #мюзикл #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #disney #принцесса #приключения
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔5🔥3👌3👍1
💡📆📆📆📆📆 26 наурыз

🤩1993 жылы 26 наурызда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары “Аралды құтқару халықаралық қоры туралы ережеге” қол қойып, Арал теңізі мен Арал маңы аймағының мәселелерін шешу, экологиялық жағдайды жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы келісімді бекітті. Кеуіп кету процесі басталғанға дейін Арал теңізі әлемдегі төртінші ірі көл болған. Онда 34 түрлі балық түрі тіршілік етті.

Сіз қалай ойлайсыз, Арал теңізі қайта қалпына келуі мүмкін бе?

😮‍💨26 наурыз – Халықаралық эпилепсиямен ауыратын адамдар күні. Бұл күннің белгіленуі қоғамның эпилепсия туралы түсінігін арттырып, ауруға қатысты түрлі мифтерді жоққа шығаруға бағытталған. Эпилепсия жұқпалы ауру емес, ал оның тұқым қуалау ықтималдығы өте төмен – небәрі 8%. Бұл дертке шалдыққан жандар дені сау, көрікті балалардың ата-анасы бола алады. 2022 жылы Қазақстанда 76 мың эпилепсия диагнозы қойылған науқас тіркелген, олардың 27 мыңы – балалар.

👏26 наурызда медитация әуесқойлары жалғыздық күнін атап өтеді. Адам – әлеуметтік жаратылыс, бірақ ең ашық, көпшіл жандардың өзіне кейде жалғыздық қажет болып жатады. Медитация жанды мазалайтын ойлар мен эмоциялардан арылуға, ми қызметін жақсартуға және психологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде адамның қоғаммен қарым-қатынасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Сіз бір күніңізді ешкіммен сөйлеспей өткізе алар ма едіңіз? :)

🫂26 наурыз – танымал қос тұлғаның туған күні. 135 жыл бұрын қазақтың ақыны, композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежанов (1890–1954) дүниеге келді. Бекежановтың “Толқын”, “Нартай сазы”, “Ахау, жалған”, “Нартайдың әні” сынды әндері қазақ халық музыкасының алтын қорына енді. Оның “Домбыра сазы”, “Өлеңдер мен айтыстары”, “Өсиет”, “Аманат” атты шығармалары кітап болып жарық көрген. Бүгінде Қызылорда облыстық қазақ драма театры ақынның есімімен аталады. Сонымен қатар бүгін британдық кино және театр актрисасы Кира Найтли өзінің 40 жас мерейтойын атап өтеді. Кира Найтли 50-ге жуық фильмге түсіп, олардың көбі блокбастерлерге айналды. Өзінің мансабы барысында ол әйелдер құқығын қорғау ұйымдары мен қайырымдылық қорларға тұрақты түрде қаражат аударып келеді.

Сізге Кира Найтлидің қай фильмі көбірек ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Аралдықалпынакелтіру #Медитация #Қазақстандағыэпилепсия #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НартайБекежанов #КираНайтли
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3🔥3👌1
💡💡💡💡💡💡💡

Қаржы сауаты: Қарапайым жолмен ақша жинаудың 3 тәсілі

💴 Қаржылай тұрақтылыққа жетудің басты жолы – қаражатты дұрыс басқару және үнемдеу дағдысын қалыптастыру. Көп адам ақша жинауды кейінге қалдыруға әуес. Алайда жүйелі жоспар құрып, қарапайым әдістерді қолдансаңыз, уақыт өте келе жинақтың қалай көбейетінін байқайсыз.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың көпшілігі қаражатын үйде емес, банкте сақтағанды жөн көреді. Депозит – қаражатты көбейтудің ең тиімді жолдарының бірі. Алайда оны пайдаланбас бұрын кейбір маңызды жайттарға назар аударған жөн.

1️⃣ Депозит: қаражатты тиімді сақтау құралы

🔹 Ақшаны депозитке салу арқылы оның сіз үшін жұмыс істейтінін байқауға болады. Қазіргі таңда инфляцияның әсерінен тауар бағасы күн сайын өсіп келеді. Егер қаржыны үйде сақтасаңыз, ол өз құнын жоғалтуы мүмкін. Ал депозит бұл қауіптің алдын алуға көмектеседі.

🔹 Депозиттің тағы бір артықшылығы – Ұлттық банктің кепілдігіне кіретін қаржы ұйымын таңдасаңыз, банк банкротқа ұшыраған жағдайда қаражатыңыз қайтарылады.

🔹 Сонымен қатар депозитте тұрақты өсім болады. Яғни, оны ашқан кезде бекітілген жылдық пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады.

🔹 Депозит таңдағанда ең алдымен банктің қаржылық тұрақтылығына, оның рейтингісіне назар аудару қажет.

🔹 Депозиттер сақтау мерзіміне қарай қысқамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді:
• Қысқамерзімді депозит – пайыздық мөлшерлемесі төмен, бірақ қаражатты кез келген уақытта айыппұлсыз шешіп алуға мүмкіндік бар. Бұл кейде ақша жинауға кедергі келтіруі мүмкін.
• Ұзақмерзімді депозит – пайыздық мөлшерлемесі жоғары, алайда белгіленген мерзімнен бұрын ақшаны шешіп алу мүмкін емес.

🔹 Кейбіреулер ақшаны акция ретінде сақтау туралы ойланады. Бірақ акция бағасы тұрақсыз – бірде өсіп, бірде құлдырап отырады. Сондықтан инвестиция жасамас бұрын толық ақпарат жинап, тәуекелдерді ескерген дұрыс.

2️⃣ Ақша жинауды әдетке айналдыру

Қаржыңызды тиімді басқару үшін нақты стратегия қолдану керек. Солардың бірі – “5 конверт” әдісі. Бұл тәсіл шығындарыңызды жүйелеуге көмектеседі.

💰 “5 конверт” техникасы:
🔸 60% – негізгі ай сайынғы шығындарға (тұрғын үй, коммуналдық төлемдер, азық-түлік)
🔸 10% – ірі сатып алуларға (мысалы, жаңа телефон немесе қолсағат алу)
🔸 10% – күтпеген шығындарға (техниканың бұзылуы, шұғыл жағдайлар)
🔸 10% – демалыс пен ойын-сауыққа (театр, кино, мейрамхана)
🔸 10% – жинақтау үшін (депозитке немесе арнайы сандықшаға салу)

3️⃣ Қаржылай тұрақтылыққа қадам

Ақшаны дұрыс басқарып, үнемдеуді әдетке айналдырсаңыз, қаржылай қауіпсіздік жастығын қалыптастыра аласыз. Ең бастысы – кіріс пен шығысты бақылап, тиімді стратегияларды қолдану. Бүгіннен бастап ақша жинауға кірісіңіз!

#қаржы #финансы #қазынакеңес #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤3🤝2⚡1👍1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👏Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Тамаша!👍

🫂Бүгін қасиетті Қадір түні басталады

Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!🙌🏻

🤩Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесі: доллар бағамы 501,81 теңгеге тұрақтады

Өзгерісті байқадыңыз ба?🤔

🤫АҚШ 25,3 млн долларға Алматыдан 49 жылға жерді жалға алады

Мәссаған😯

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-54/

#Қазақстан #жаңалықтар #Қадіртүні #мектеп #тамақтану #қор биржасы #доллар #АҚШ #Алматы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍2❤1🤩1👌1
💡📆📆📆📆📆 27 наурыз

👌1930 жылы 27 наурызда Жетісуда Ақсу көтерілісі басталды. Шеру Кеңес үкіметі жүргізген ұжымдастыру саясатына жалпы халықтың жауабы ретінде ұйымдастырылды. Оның барысында дәстүрлі көшпелі қоғам үшін тиімсіз экономикалық механизм күштеп енгізілді. 7 мамырда Қытай жеріне кетуге әрекет жасаған көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Кеңес үкіметі жүргізген жазалау операциясы кезінде 161 адам қаза тауып, 509 адам тұтқынға түскен.



🤝27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні. Бұл күн 1961 жылы ЮНЕСКО шешімімен бекітілген. Аталған мерекені сахна өнерінің майталмандары ғана емес, көрермендер де атап өтеді. Театр қойылымдары біздің дәуірімізге дейінгі 2,5 мың жыл бұрын Ежелгі Египеттен бастау алды. Сол кезден бастап театрдың комедия және трагедия жанрлары танымал болды. Бүгінде Қазақстанда әртүрлі жанрдағы 65 театр жұмыс істейді.

Сіз театрға жиі барасыз ба?


🤩2017 жылдың 27 наурызында Димаш Құдайберген “Азияның ең танымал әртісі ретінде” беделді “China Top Music Awards” сыйлығына ие болды. China Top Music Awards - ең дарынды орындаушыларға табысталатын марапат. Бұл Қытай музыкалық қауымдастығындағы ең жоғары құрмет болып есептелгендіктен, оны Қытайдың “Грэмми” сыйлығы деп те атайды.

Димаш тағы қандай марапаттарға ие болғанын білесіз бе?



🫂27 наурыз — танымал қос адамның туған күні. Бүгін америкалық режиссер, сценарист, актер және продюсер Квентин Тарантино 62 жасқа толды. Ол екі мәрте “Оскар” сыйлығын, төрт мәрте “Алтын глобус” және басқа да беделді марапаттарды иеленді. Сонымен қатар Тарантиноның фильмдері 47 номинацияға қатысып, 37 түрлі сыйлыққа ие болды. Оның алты фильмі “Барлық уақыттағы үздік 100 фильм” тізіміне енген. Сондай-ақ бүгін тайлық әнші және биші, Оңтүстік кореялық Blackpink қыздар тобының мүшесі Лиса Манобан 28 жасын атап өтеді. Өнер иесі 2021 жылы Оңтүстік Кореяда сатылу көрсеткіші бойынша рекорд жаңартқан жеке альбомын шығарды. Оның YouTube арнасындағы бейнеролигі бір күнде ең көп қаралым жинаған музыкалық бейнебаян атанды. Сонымен қатар әнші қайырымдылық шараларына белсенді түрде ат салысады.

Сізге Квентин Тарантиноның қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ақсуйкөтерілісі #театркүні #ДимашҚұдайберген #Туғанкүндер #Танымаладамдар #КвентинТарантино #Blackpink
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👌2👍1