Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 23 наурыз

💐23 наурыз – Тазару күні. Бұл күннің басты мәні – жан мен тәнді тазарту, жаңару. Ел аумағында сенбіліктер, экологиялық акциялар өткізіліп, қоғам табиғатпен үйлесімді өмір сүру қажеттігін еске салады. Табиғат заңдарын бұзбай, оны ысырап етпей, керісінше, ұқыпты пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың міндеті
 


👀Бүгін ерлер қауымы арасындағы ынтымақтастық күні тойланады. Олардың арасындағы бауырмалдық пен мызғымас достық жасына әрі мүддесіне қарамастан қалыптасады. Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк сынды жазушылар өз шығармаларында ерлер арасындағы берік достықты жырлаған. Алайда бұл құбылыс тек әдебиетте ғана емес, өмірде де жиі кездеседі: дер кезінде созылған достың қолы талай жанды құтқарып, қиын сәттерде тірек бола білген.

Сіздің ойыңызша, достыққа кімдер берік? Ерлер немесе әйелдер?


👋Бүгін “ОК” таңбасының пайда болған күні. Ең танымал нұсқа бойынша, бұл аббревиатура алғаш рет 1839 жылы 23 наурызда америкалық Morning Post газетінде жарияланған. Ол “all correct” сөзінің әдейі бұрмаланған “all korrect” нұсқасының әзіл түріндегі қысқартуы ретінде пайда болған. Айта кетерлігі, “OK” сөзінің шығу тегі туралы 40-тан астам теория бар. Бүгінде бұл сөз бүкіл әлемде келісімді білдіру немесе “қалайсың?” деген сұраққа жауап беру үшін қолданылады.

👥23 наурыз — екі атақты ер адамның туған күні. 115 жыл бұрын жапондық режиссер, сценарист және продюсер Акира Куросава (1910-1998) дүниеге келді. Ол — кино тарихында ең ықпалды режиссерлердің бірі. Өнер иесі үш мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп алды және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның 7 жұмысы әлемдегі ең үздік фильмдер тізіміне енді. Сонымен қатар 100 жыл бұрын қазақ химик-металлург, халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясы бойынша жаңа бағыттың негізін қалаушы Евней Бөкетов (1925-1983) өмірге келді. Сондай-ақ 50-ден астам өнертабыстың, 10 патенттің, ғылым мен мәдениет туралы бірқатар әңгіменің авторы. 1992 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетіне Евней Бөкетовтың есімі берілді.

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ТазаруКүні #ЕрлерЫнтымақтастығы #OKсөзініңПайдаболғанКүні #ТуғанКүндер #ТанымалТұлғалар #АкираКуросава #ЕвнейБөкетов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤5🔥1👌1🕊1
💡📚📚📚📚📚📚🐴

Наурыз көже дайындау үшін қанша ақша керек?

Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍

https://youtube.com/shorts/lHTggWtoOvo

#наурыз #жаңалықтар #новости #традиция #үйдежатпа
#рек #обычаи #цены #наурызкөже #наурызкоже
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5😱3👌3⚡1🔥1
💡💫💫💫💫💫💫💫

24–30 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл апта Тоқтылар үшін нағыз қаржылай сынаққа толы болмақ! Ең бастысы – банкоматқа өкпелемеңіз, ол сізге ештеңе қарыз емес. Ақша есепті жақсы көреді, ашуды емес. Шығындарыңызды мұқият бақылаңыз, әйтпесе жұма күні “ерекше диетаға” көшіп, нан мен өмір жайлы терең ойлар ғана серігіңіз болуы мүмкін.

♉️Егер ақша – зұлымдық болса, онда сіз әулиелікке бір табан жақындадыңыз! Бірақ өзіңізді сәл еркелететін уақыт та келген шығар? Мәселен, жинаған қаржыңызды сақтайтын тағы бір жастық сатып алыңыз. Апта соңында күтпеген табысқа кенелуіңіз мүмкін, сондықтан ұсақ шығындардан қорықпаңыз – Ғалам сізге міндетті түрде қайтарып береді (тым болмаса, ұсақ ақшамен болса да).

♊️Сіз әдеттегідей “үнемдеу керек” пен “көзді жұмып жұмсайын” деген екіұдай сезімде жүрсіз. Жұлдыздар бұл аптада бірінші нұсқаны таңдауға кеңес береді, әйтпесе сенбі күні әмиян орнына күртешеңіздің қалтасын пайдалануға тура келеді. Күтпеген жерден табыс түсуі мүмкін, бірақ табыс көзі заңды ма, соны тексеруді ұмытпаңыз.

♋️Бұл аптада сізді түрлі қаржылай сынақтар күтіп тұр: жеңілдіктер, науқандар, “соңғы мүмкіндік” деген жарнамалар белең алуы мүмкін… Бірақ әмияныңыз бұл құлшынысыңызды қолдамайтын секілді. Маркетологтар сіздің осал тұстарыңызды жақсы біледі, сол себепті сақ болыңыз. Ақшаңызды ақылмен жұмсаңыз, кем дегенде жалақыға дейін шыдауға тырысыңыз.

♌️Сіздің қаржылай жағдайыңыз патша көңіліңізге сай болмауы мүмкін. Апта ортасында шығындарыңызды реттемесеңіз, демалыс күндері кассада “Қаражатыңыз жеткіліксіз” деген жазумен бетпе-бет келуіңіз ғажап емес. Дегенмен сәрсенбі күні күтпеген сый болуы мүмкін – бәлкім, біреу бұрынғы қарызын қайтарып берер.

♍️Сізге “өз-өзіңіздің бас есепшісі” деген лауазым керемет жарасар еді! Әрбір тиыныңыз есепте, алайда қаржыны тым қатты қысып ұстаудың қажеті жоқ – ақша қозғалысты жақсы көреді. Апта соңында тиімді ұсыныс түсуі мүмкін, бірақ егер біреу “ақшаңызды екі есе көбейткіңіз келе ме?” деп сұраса, асықпаңыз. Бұл байып кетудің жолы емес, күмәнді қақпан болуы мүмкін.

♎️Таразылар — үнемшілдік пен сауда жасауға деген құмарлықтың арасында теңгерімді ұстап үйренген. Алайда бұл аптада жұлдыздар бір жағын таңдауға кеңес береді. Әйтпесе аптаның соңында банк шотыңызды көріп, таңданыстан бас шайқайтын боласыз. Апта ортасында күтпеген табыс түсуі мүмкін, бірақ оны оңды-солды шашпай, ақылмен жұмсаңыз. “Керек секілді, бірақ қазір емес” деген заттарға ақша шығындамасаңыз, ұтылмайсыз.

♏️Сарышаяндар, егер біреу сізге “жеңіл ақша” ұсынса, әмияныңызды қатаң бақылауда ұстаңыз! Осы аптада сізді қаржылық тұзақтар күтіп тұр. Тек сенімді табыс көздеріне жүгініп, күмәнді ұсыныстардан бірден бас тартқаныңыз абзал. Жұма күні күтпеген шығындар болуы мүмкін, бірақ ол қажет нәрсеге жұмсалмақ, сондықтан алаңдамаңыз.

♐️Сіздің осы аптаның ұраныңыз: “Кең өмір сүру керек, тіпті қалта тесік болса да!”. Бірақ жұлдыздар сәл сабыр сақтауға шақырады. Ақшаны жөн-жосықсыз шашсаңыз, жексенбі күні “жомарт” достарыңыздың асханасына көз тігетін боласыз.

♑️Тауешкілер, сіз әдетте ақшаны есеппен жұмсайсыз. Бірақ бұл аптада “қажет емес, бірақ көңілге жағымды” бір нәрсеге қызығуыңыз мүмкін. Өзіңізді тым қатты тежемеңіз – өмір тек үнемдеуден тұрмайды.

♒️Бұл аптада қаржылай тәжірибелерден аулақ болған жөн. Биткойн, акциялар, стартаптар – қазір мұндай инвестициялар үшін оңтайлы уақыт емес. Бейсенбі күні кенеттен ақша түсуі мүмкін, бірақ бұл өзіңіз ұмытып кеткен жалақыңыз болуы да ғажап емес.

♓️Балықтар, ақша қолда тұрақтамай, жылдам жұтылып кетеді. Әсіресе, “керемет мүмкіндік” деп жар салған жарнамаларға сеніп, асығыс шешім қабылдамаңыз. Жексенбі – қаржылай жоспар құруға қолайлы күн.

Қорытынды:Бұл апта қаржылай тұрғыда қызықты болмақ, бірақ есіңізде болсын: ақша – мақсат емес, құрал. Оны ақылмен жұмсап, ұқыпты жинаңыз, сонда әмияныңыз әрдайым толы болады!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥3👌2❤1🤩1🫡1
💡📆📆📆📆📆 24 наурыз

👃Бүгін — Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. 1882 жылы 24 наурызда неміс ғалымы Роберт Кох туберкулез ауруын тудыратын бактерияны анықтап, бұл жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды. Қазіргі таңда туберкулез әлемдегі ең көп адам өліміне әкелетін инфекциялық аурулардың бірі болып қалып отыр. Жыл сайын бұл дерттен шамамен 1,5 миллион адам көз жұмады. Туберкулездің дамуына дұрыс тамақтанбау, темекі мен алкоголь өнімдерін тұтыну, есірткі қолдану, еңбек және тұрмыс жағдайының нашарлығы, сондай-ақ кейбір созылмалы аурулар әсер етеді. Дегенмен, Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде туберкулезге шалдығу көрсеткіші 4 есеге төмендеді.

Денсаулығыңызды күтіңіз және салауатты өмір салтын ұстаныңыз!

🧠24 наурыз — Халықаралық депрессиямен күрес күні. Депрессия алғаш рет ежелгі дәрігер Гиппократтың еңбектерінде сипатталған. Ол бұл ауруды “меланхолия” деп атап, оның басты белгілері ретінде көңіл күйдің түсуі, ұйқысыздық, тәбеттің жоғалуы, алаңдаушылық пен ашушаңдықты көрсеткен.
Депрессияның негізгі себебі – ағзадағы “бақыт гормондары” саналатын серотонин мен дофаминнің жетіспеушілігі. Бұл дертке шалдыққан адамдар үшін жақындарының қолдауы аса маңызды. Жылы сөз, шынайы жанашырлық пен қолдау кейде кәсіби терапиядан да күшті әсер етуі мүмкін.

Көңіл күйіңіз көтеріңкі болсын, ұсақ-түйекке бола уайымдамаңыз!



💅Бүгін — маникюр шеберлерінің кәсіби мерекесі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл кәсіп түрі шын мәнінде табандылықты, ұқыптылықты және шығармашылықты талап етеді. Ежелгі Римде, Греция мен Мысырда маникюр адамның әлеуметтік мәртебесі мен байлығын білдіретін. Ал бүгінде оны кез келген адам жасата алады. Есіңізде болсын, жақсы күтім көрсетілген қолдар мен әдемі тырнақтар — ұқыптылық пен сенімділік беріп қана қоймай, айналадағы адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды.

Егер бүгін маникюр жасатуға барсаңыз, өз шеберіңізді мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!



👥24 наурыз — қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. Бүгін суретші, сәулетші, Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков 83 жасқа толды. 1992 жылы Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған байқауда оның жобасы 245 жұмыстың ішінен жеңімпаз атанды. Ол – Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сонымен қатар 82 жыл бұрын ақын-жазушы Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) дүниеге келді. Ол көптеген поэзиялық жинақтың авторы. Одан бөлек проза да жазған. Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы, “Алаш” халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты. Сонымен қатар ол көптеген кәсіби және мемлекеттік наградалардың иегері, Шешен Республикасының ең жоғары мемлекеттік марапаты – “Ұлт намысы” орденінің иегері.

Рафаэль Ниязбековтің қай шығармасы ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Туберкулезбенкүрес #Депрессияменкүрес #Маникюршебері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖандарбекМәлібеков #РафаэльНиязбек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2⚡2🔥2👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Шоқан. Қашқария сапары” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/gTouoRQo2nE

#ШоқанҚашқариясапары #приключения #история #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #тарих
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7🔥5😍3❤1👍1🤝1
💡📆📆📆📆📆 25 наурыз

🙁25 наурыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық құлдық құрбандарын еске алу және трансатлантикалық құл саудасының күні. Бұл дата 2007 жылы, трансатлантикалық құл саудасының жойылуына 200 жыл толуына орай белгіленді. Оның мақсаты – құлдықтың азабын тартқан және азаттық жолында қаза тапқан жандарды еске алу. Әлемде құлдық ең соңғы болып 1981 жылы Мавританияда жойылды. Алайда 2021 жылдың деректеріне сәйкес, қазіргі заманда құлдық құрбандарының саны 50 миллионға жеткен. Олардың 28 миллионы – мәжбүрлі еңбекке жегілгендер, ал 22 миллионы – еркінен тыс некеге тұрғандар.


😇1930 жылы 25 наурызда Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты Бақалы ауылында Бәрібаев көтерілісі өтті. Ол кеңестік биліктің ұжымдастыру саясаты мен репрессияларына қарсы бағытталған еді. Көтерілісшілер Бақалы коммунасын басып алып, ауылдық кеңесті таратып, халыққа тәркіленген астықты, малды және өзге де мүлікті таратып берді. Алайда бұл көтеріліс көп ұзамай қарулы кеңес әскері тарапынан басып-жаншылды. Нәтижесінде 29 адам ату жазасына кесілді.


🤩Бүгін тәтті әуесқойлары халықаралық вафли күнін атап өтеді. Көпшілікке белгілі әрі неміс тілінде “ұяшық, бал ұясы” деген мағынаны білдіретін алғашқы вафлилер Германияда XIII ғасырда дайындала бастады. Бүгінде дүкен сөрелерінде тек тәтті вафлилер ғана емес, сондай-ақ ірімшік қосылған немесе түрлі дәмдеуіштермен толықтырылған тұзды түрлері де ұсынылады. Әлемдегі ең танымал вафлилердің бірі – бельгиялық вафли. Олар классикалық десертті дайындау дәстүріне сүйене отырып, өзінің теңдесі жоқ дәмімен ерекшеленеді.

Сізге вафлидің қай дәмі ұнайды?



😻25 наурыз — әлемдегі ең әсем қалалардың бірі Венецияның туған күні. 421 жылы Солтүстік Италия тұрғындары басқыншылардан қашып, батпақты аралдарға қала салуды бастады. Венеция 100-ден астам шағын аралдан тұрады және Адриатика теңізінің жылымында орналасқан. Бұл қалада жолдар мүлдем жоқ – барлық қозғалыс тек қайықтар арқылы каналдар бойымен жүреді. Қазіргі таңда Венеция – ірі туристік және ғылыми-білім беру орталығы. Оның бірегей сәулеттік келбеті мен Венеция жылымы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Сіз әлемнің қай қалаларына барғыңыз келеді?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #құлдыққұрбандары #Бәрібаевкөтерілісі #вафликүні #әсемқалалар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥2🤩2👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Ақшақар” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/QAnmGmgvL78

#Ақшақар #белоснежка #мюзикл #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #disney #принцесса #приключения
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔5🔥3👌3👍1
💡📆📆📆📆📆 26 наурыз

🤩1993 жылы 26 наурызда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары “Аралды құтқару халықаралық қоры туралы ережеге” қол қойып, Арал теңізі мен Арал маңы аймағының мәселелерін шешу, экологиялық жағдайды жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы келісімді бекітті. Кеуіп кету процесі басталғанға дейін Арал теңізі әлемдегі төртінші ірі көл болған. Онда 34 түрлі балық түрі тіршілік етті.

Сіз қалай ойлайсыз, Арал теңізі қайта қалпына келуі мүмкін бе?

😮‍💨26 наурыз – Халықаралық эпилепсиямен ауыратын адамдар күні. Бұл күннің белгіленуі қоғамның эпилепсия туралы түсінігін арттырып, ауруға қатысты түрлі мифтерді жоққа шығаруға бағытталған. Эпилепсия жұқпалы ауру емес, ал оның тұқым қуалау ықтималдығы өте төмен – небәрі 8%. Бұл дертке шалдыққан жандар дені сау, көрікті балалардың ата-анасы бола алады. 2022 жылы Қазақстанда 76 мың эпилепсия диагнозы қойылған науқас тіркелген, олардың 27 мыңы – балалар.

👏26 наурызда медитация әуесқойлары жалғыздық күнін атап өтеді. Адам – әлеуметтік жаратылыс, бірақ ең ашық, көпшіл жандардың өзіне кейде жалғыздық қажет болып жатады. Медитация жанды мазалайтын ойлар мен эмоциялардан арылуға, ми қызметін жақсартуға және психологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде адамның қоғаммен қарым-қатынасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Сіз бір күніңізді ешкіммен сөйлеспей өткізе алар ма едіңіз? :)

🫂26 наурыз – танымал қос тұлғаның туған күні. 135 жыл бұрын қазақтың ақыны, композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежанов (1890–1954) дүниеге келді. Бекежановтың “Толқын”, “Нартай сазы”, “Ахау, жалған”, “Нартайдың әні” сынды әндері қазақ халық музыкасының алтын қорына енді. Оның “Домбыра сазы”, “Өлеңдер мен айтыстары”, “Өсиет”, “Аманат” атты шығармалары кітап болып жарық көрген. Бүгінде Қызылорда облыстық қазақ драма театры ақынның есімімен аталады. Сонымен қатар бүгін британдық кино және театр актрисасы Кира Найтли өзінің 40 жас мерейтойын атап өтеді. Кира Найтли 50-ге жуық фильмге түсіп, олардың көбі блокбастерлерге айналды. Өзінің мансабы барысында ол әйелдер құқығын қорғау ұйымдары мен қайырымдылық қорларға тұрақты түрде қаражат аударып келеді.

Сізге Кира Найтлидің қай фильмі көбірек ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Аралдықалпынакелтіру #Медитация #Қазақстандағыэпилепсия #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НартайБекежанов #КираНайтли
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3🔥3👌1
💡💡💡💡💡💡💡

Қаржы сауаты: Қарапайым жолмен ақша жинаудың 3 тәсілі

💴 Қаржылай тұрақтылыққа жетудің басты жолы – қаражатты дұрыс басқару және үнемдеу дағдысын қалыптастыру. Көп адам ақша жинауды кейінге қалдыруға әуес. Алайда жүйелі жоспар құрып, қарапайым әдістерді қолдансаңыз, уақыт өте келе жинақтың қалай көбейетінін байқайсыз.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың көпшілігі қаражатын үйде емес, банкте сақтағанды жөн көреді. Депозит – қаражатты көбейтудің ең тиімді жолдарының бірі. Алайда оны пайдаланбас бұрын кейбір маңызды жайттарға назар аударған жөн.

1️⃣ Депозит: қаражатты тиімді сақтау құралы

🔹 Ақшаны депозитке салу арқылы оның сіз үшін жұмыс істейтінін байқауға болады. Қазіргі таңда инфляцияның әсерінен тауар бағасы күн сайын өсіп келеді. Егер қаржыны үйде сақтасаңыз, ол өз құнын жоғалтуы мүмкін. Ал депозит бұл қауіптің алдын алуға көмектеседі.

🔹 Депозиттің тағы бір артықшылығы – Ұлттық банктің кепілдігіне кіретін қаржы ұйымын таңдасаңыз, банк банкротқа ұшыраған жағдайда қаражатыңыз қайтарылады.

🔹 Сонымен қатар депозитте тұрақты өсім болады. Яғни, оны ашқан кезде бекітілген жылдық пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз қалады.

🔹 Депозит таңдағанда ең алдымен банктің қаржылық тұрақтылығына, оның рейтингісіне назар аудару қажет.

🔹 Депозиттер сақтау мерзіміне қарай қысқамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді:
• Қысқамерзімді депозит – пайыздық мөлшерлемесі төмен, бірақ қаражатты кез келген уақытта айыппұлсыз шешіп алуға мүмкіндік бар. Бұл кейде ақша жинауға кедергі келтіруі мүмкін.
• Ұзақмерзімді депозит – пайыздық мөлшерлемесі жоғары, алайда белгіленген мерзімнен бұрын ақшаны шешіп алу мүмкін емес.

🔹 Кейбіреулер ақшаны акция ретінде сақтау туралы ойланады. Бірақ акция бағасы тұрақсыз – бірде өсіп, бірде құлдырап отырады. Сондықтан инвестиция жасамас бұрын толық ақпарат жинап, тәуекелдерді ескерген дұрыс.

2️⃣ Ақша жинауды әдетке айналдыру

Қаржыңызды тиімді басқару үшін нақты стратегия қолдану керек. Солардың бірі – “5 конверт” әдісі. Бұл тәсіл шығындарыңызды жүйелеуге көмектеседі.

💰 “5 конверт” техникасы:
🔸 60% – негізгі ай сайынғы шығындарға (тұрғын үй, коммуналдық төлемдер, азық-түлік)
🔸 10% – ірі сатып алуларға (мысалы, жаңа телефон немесе қолсағат алу)
🔸 10% – күтпеген шығындарға (техниканың бұзылуы, шұғыл жағдайлар)
🔸 10% – демалыс пен ойын-сауыққа (театр, кино, мейрамхана)
🔸 10% – жинақтау үшін (депозитке немесе арнайы сандықшаға салу)

3️⃣ Қаржылай тұрақтылыққа қадам

Ақшаны дұрыс басқарып, үнемдеуді әдетке айналдырсаңыз, қаржылай қауіпсіздік жастығын қалыптастыра аласыз. Ең бастысы – кіріс пен шығысты бақылап, тиімді стратегияларды қолдану. Бүгіннен бастап ақша жинауға кірісіңіз!

#қаржы #финансы #қазынакеңес #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤3🤝2⚡1👍1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👏Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Тамаша!👍

🫂Бүгін қасиетті Қадір түні басталады

Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!🙌🏻

🤩Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесі: доллар бағамы 501,81 теңгеге тұрақтады

Өзгерісті байқадыңыз ба?🤔

🤫АҚШ 25,3 млн долларға Алматыдан 49 жылға жерді жалға алады

Мәссаған😯

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-54/

#Қазақстан #жаңалықтар #Қадіртүні #мектеп #тамақтану #қор биржасы #доллар #АҚШ #Алматы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍2❤1🤩1👌1
💡📆📆📆📆📆 27 наурыз

👌1930 жылы 27 наурызда Жетісуда Ақсу көтерілісі басталды. Шеру Кеңес үкіметі жүргізген ұжымдастыру саясатына жалпы халықтың жауабы ретінде ұйымдастырылды. Оның барысында дәстүрлі көшпелі қоғам үшін тиімсіз экономикалық механизм күштеп енгізілді. 7 мамырда Қытай жеріне кетуге әрекет жасаған көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Кеңес үкіметі жүргізген жазалау операциясы кезінде 161 адам қаза тауып, 509 адам тұтқынға түскен.



🤝27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні. Бұл күн 1961 жылы ЮНЕСКО шешімімен бекітілген. Аталған мерекені сахна өнерінің майталмандары ғана емес, көрермендер де атап өтеді. Театр қойылымдары біздің дәуірімізге дейінгі 2,5 мың жыл бұрын Ежелгі Египеттен бастау алды. Сол кезден бастап театрдың комедия және трагедия жанрлары танымал болды. Бүгінде Қазақстанда әртүрлі жанрдағы 65 театр жұмыс істейді.

Сіз театрға жиі барасыз ба?


🤩2017 жылдың 27 наурызында Димаш Құдайберген “Азияның ең танымал әртісі ретінде” беделді “China Top Music Awards” сыйлығына ие болды. China Top Music Awards - ең дарынды орындаушыларға табысталатын марапат. Бұл Қытай музыкалық қауымдастығындағы ең жоғары құрмет болып есептелгендіктен, оны Қытайдың “Грэмми” сыйлығы деп те атайды.

Димаш тағы қандай марапаттарға ие болғанын білесіз бе?



🫂27 наурыз — танымал қос адамның туған күні. Бүгін америкалық режиссер, сценарист, актер және продюсер Квентин Тарантино 62 жасқа толды. Ол екі мәрте “Оскар” сыйлығын, төрт мәрте “Алтын глобус” және басқа да беделді марапаттарды иеленді. Сонымен қатар Тарантиноның фильмдері 47 номинацияға қатысып, 37 түрлі сыйлыққа ие болды. Оның алты фильмі “Барлық уақыттағы үздік 100 фильм” тізіміне енген. Сондай-ақ бүгін тайлық әнші және биші, Оңтүстік кореялық Blackpink қыздар тобының мүшесі Лиса Манобан 28 жасын атап өтеді. Өнер иесі 2021 жылы Оңтүстік Кореяда сатылу көрсеткіші бойынша рекорд жаңартқан жеке альбомын шығарды. Оның YouTube арнасындағы бейнеролигі бір күнде ең көп қаралым жинаған музыкалық бейнебаян атанды. Сонымен қатар әнші қайырымдылық шараларына белсенді түрде ат салысады.

Сізге Квентин Тарантиноның қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ақсуйкөтерілісі #театркүні #ДимашҚұдайберген #Туғанкүндер #Танымаладамдар #КвентинТарантино #Blackpink
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👌2👍1
💡😎😎😎😎😎

“Қателіктер қорқынышты емес. Ең бастысы – әрдайым жаңа нәрседе қателесу” – Илон Масктың табысқа жету қағидалары

👤“Егер адам қандай да бір дүниені өте маңызды деп санаса, ол оны міндетті түрде істейді”, – дейді Илон Маск. Бұл сөздерімен ол мүмкіндіктер шектеулі болған жағдайда да, табысқа жетудің басты шарты – табандылық пен өз ісіне деген сенім екенін меңзейді.

📍Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Масктың қазіргі қаржылай жағдайы – қажырлы еңбектің, стратегиялық ойлаудың және үздіксіз ізденістің нәтижесі. Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы кәсіпкер ешқашан қол қусырып қарап отырған емес. Ол салық төлеу бойынша тарихтағы ең ірі жеке төлемді жасаса да, қаржылай қиындыққа ұшырамады. Өйткені оның байлығы жыл сайын еселеніп келеді.

Біз бүгін Илон Масктың өмірлік қағидалары мен оның табысқа жетуіне көмектесетін нақыл сөздерін ұсынамыз.

1️⃣ Өмірді өзгерту үшін – 6 ай

“Өзіңізге 6 ай уақыт беріңіз. Егер өміріңізді өзгертуге шындап ниеттенсеңіз, 6 ай бойы бір нәрсені жүйелі түрде жасаңыз. Нәтижесін көретініңізге кепілдік беремін. Егер сіз бас тартсаңыз, демек оны қаламайсыз.”

Көп адамдар өз жұмысына қанағаттанбай, аз жалақыға өмір сүріп жатыр. Олар үшін маңыздысы – ақша табу емес, өзіне қуаныш сыйлайтын, шабыт беретін іспен айналысу. Егер сіз өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, алты ай бойы бір бағытта тұрақты түрде жұмыс істеп көріңіз. Бастысы – тоқтап қалмау.

2️⃣ Қиындықтарға қарамастан, әрекет ету

“Егер адам қандай да бір дүниені өте маңызды деп санаса, ол оны міндетті түрде істейді. Тіпті мүмкіндік болмаса да”.

Табысқа жету жолында сізге сенбейтін, тіпті мазақ ететін адамдар табылады. Бірақ егер сіз үшін бұл іс маңызды болса, ешкімнің пікіріне тәуелді болмаңыз. Тек алға жылжыңыз, табандылық танытыңыз.

3️⃣ Дұрыс сұрақ қою – табысқа бастар жол

“Ең қиын нәрсе – дұрыс сұрақтар қою. Мұны тапқаннан кейін, қалғанының бәрі өте оңай”.

Көпшілігіміз жауап іздейміз, бірақ дұрыс қойылған сұрақ – шешімнің жартысы. Егер сіз мәселені басқа қырынан қарасаңыз, жаңаша ойлап, тиімді шешім таба аласыз.

4️⃣ Табысты болу – тынымсыз еңбектену

“Егер сізде миллиондаған доллар болса, бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Бірақ мен жұмыс істеуді тоқтатпаймын. Күн сайын, тіпті демалыс күндері де еңбектенемін.”

Нағыз жетістік – сүйікті ісіңмен айналысу. Ақша жеткілікті болған жағдайда да, табысты адам өз ісін жалғастыра береді. Өйткені бұл оған шабыт сыйлайды, өмірінің мәніне айналады.

5️⃣ Қателіктерден қорықпау

“Қателіктер қорқынышты емес. Ең бастысы – әрдайым жаңа нәрседе қателесу.”

Кез келген жетістік – қателіктер мен сәтсіздіктерден тұрады. Маңыздысы – сол қателіктерді қайталамау және әр тәжірибеден сабақ алу.

6️⃣ Өзіңді үнемі жетілдіру

“Өзіңізден кері байланыс алу өте маңызды: не істеп жатқаныңызды және оны қалай жақсартуға болатынын үнемі ойлану қажет.”

Егер өз ісіңізді дамытқыңыз келсе, үнемі жетілдіруге ұмтылыңыз. Ойларыңызды саралап, “Бәрі дұрыс, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ” деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені дамуды тоқтату – артта қалумен тең.

📌 Қорытынды

Илон Масктың өмірлік қағидалары – табысқа жетудің нақты жолдары. Ол өзінің қажырлы еңбегі, батылдығы және үздіксіз дамуға деген ұмтылысы арқылы әлемге әйгілі кәсіпкер атанды. Егер сіз де жетістікке жеткіңіз келсе, жоғарыда айтылған қағидаларды өміріңізде қолдануға тырысыңыз. Бастысы – арманыңызға сену және ешқашан тоқтамау.

#мотивация #лайфхак #илонмаск
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10👍4👏2😍2❤1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

🤩“Құны — 540 теңге”. Италияда үйлер өте арзан бағада сатылып жатыр

Мәссаған, ал сіз сатып алар ма едіңіз?😍

💡28 наурыздан бастап елімізде жаңа дизайндағы 1 000 теңгелік банкноталар айналымға шығады

Дизайны ұнады ма?🤔

🤝Маңғыстау – Қазақстандағы ең кедей өңір ретінде анықталды

Әрбір азамат бақуатты өмір сүрсін деп тілейміз!🙌🏻

🥸Қазақстанда шетелдік маркетплейстер бұғатталуы мүмкін

Салық төлемеген жағдайда осы шешім қабылдануы мүмкін екен📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-55/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Италия #үй #1000теңге #Маңғыстау #еңкедейөңір #салық #маркетплейс #шетел
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3🔥2👌2
💡📆📆📆📆📆 28 наурыз

💪28 наурызда салауатты өмір салтын ұстанатын жандар Халықаралық нутрициолог күнін атап өтеді. Бұл мамандық күн санап танымал бола түсуде, ал мереке оның маңыздылығы мен міндеттерін түсіндіруге арналған. Нутрициологтың басты мақсаты – дұрыс тамақтану мен өмір салты арқылы денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және адамның күш-қуатын сақтауға көмектесу. Нутрициолог атану үшін кәсіби дайындық курстарынан өту жеткілікті, ал диетолог болу үшін міндетті түрде медициналық жоғары білім қажет.

Осы мамандық иелерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

🗣28 наурызда әлем бойынша тарихшылар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі – ежелгі грек ойшылы Геродот. Оны римдік мемлекет қайраткері әрі шешен Цицерон «тарихтың атасы» деп атаған. Қазақ тарихнамасында алғашқы зерттеушілердің қатарында Мұхаммед Хайдар Дулати мен Шоқан Уәлихановтың есімдері ерекше аталады. Тарих – ұлттың жады. Сондықтан оны білу — әр азаматтың міндеті. Өткенін білмейтін адамның көпшілік арасында сыйы да болмайды.

Егер таныстарыңыздың арасында тарихшылар болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

👀Бүгін – Үлкен өзгерістер күні. Бұл күн адамды жалқаулықтан арылып, өз өмірінің қожайыны екенін дәлелдеуге шақырады. Өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін тау қопарудың қажеті жоқ. Ең бастысы – алғашқы қадам жасау. Ол қиын болса да, ең маңыздысы – сол. Дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа ден қою – жақсы өзгерістерге жол ашатын басты қадамдар.

Барша оқырманға мақсаттарына жету жолында табандылық пен сәттілік тілейміз!

👥Бүгін — екі әйгілі адамның туған күні. Осыдан 145 жыл бұрын қазақ ақыны, әнші, әрі композитор Мәди Бәпиұлы (1880-1921) дүниеге келді. Оның «Қаракесек», «Шіркін-ай», «Мәди» әндері қазақтың тұңғыш ұлттық операсы «Қыз Жібекке» енгізілген. Мәди Бәпиұлының өмірі мен шығармашылығы Ахмет Жұбанов, А. Бектасов сынды зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылып, Әбдіжәміл Әбішевтің «Дауыл» атты романына арқау болған. Өкінішке қарай, ол кеңес билігі тарапынан сотсыз, тергеусіз ату жазасына кесілді. Бүгін сондай-ақ атақты америкалық әнші және актриса Леди Гага 39 жасқа толды. Экстравагантты стилімен танылған өнер иесі – тарихта «Оскар», «Грэмми», BAFTA және «Алтын глобус» сыйлықтарын бір жылда қатарынан иеленген алғашқы адам. Сонымен қатар ол музыка әлеміндегі ең ұлы 100 әйелдің қатарында төртінші орынды иеленген.

Сізге Леди Гага әнші ретінде көбірек ұнай ма, әлде актриса ретінде ме?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Дұрыстамақтану #Тарихшыларкүні #Мотивация #Туғанкүндер #МәдиБәпиұлы #ЛедиГага
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7👍6🔥2🍌2