Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

🤩“300 млн теңге бөлінді”. Асхат Аймағамбетов қазақша анимацияны дамытуға шақырды

Сіздің қазақша мультфильмдер мен анимацияға көңіліңіз тола ма?🤔

🥳1-сыныпқа өтінім қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді

eGov порталында бірінші сыныпқа қабылдау қызметі қайта іске қосылмақ👍

😎Енді жаңа жеке куәлікті үйден шықпай жасатуға болады

Тамаша мүмкіндік! 😍

👏Алдағы күндері +35 градусқа дейін ыстық болады

Мәссаған😮

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-58/

#Қазақстан #жаңалықтар #АсхатАймағамбетов #Мультфильм #анимация #eGov #1сынып #жекекуәлік #жаңаереже
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍3❤1👎1👌1😍1
💡📆📆📆📆📆 2 сәуір

🗣Бүгін — Қазақстан әскери-теңіз күштерінің мерекесі. 1993 жылы 2 сәуірде Каспий теңізіндегі қазақстандық шекараны қорғау үшін теңіз және жағалау артиллериясынан тұратын Қарулы Күштердің жеке бөлімі құрылды. Бұл құрылымдардың негізгі базасы – Ақтау теңіз порты. Бүгінде Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы шамамен 3000 адамды құрайды.

Әскери-теңіз күштерінде жұмыс істейтін достарыңыз болса, мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз.


✍️Бүгін — Халықаралық балалар кітабы күні. Аталған күн 1805 жылы 2 сәуірде дүниеге келген әлемге әйгілі ертегілердің авторы Ганс Кристиан Андерсеннің құрметіне орай белгіленген. Балалар өмірінде кітаптың алатын орны ерекше. Мұндағы суреттер, қызық әңгімелер, ұйықтар алдында ертегі оқып берген сүйікті адамның дауысы кез келген адамның жадында өмір бойы сақталады. Алайда кейінгі жылдары кітаптың орнын телефон басып, бұл үрдіс балалардың рухани және зияткерлік дамуына кері әсер етуде.

Сіз балаларға қандай қазақ жазушыларының кітаптарын оқуға ұсынар едіңіз?


🧠2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизммен ауыратын адамдар үшін әлеуметтік қарым-қатынас орнату қиын, олардың қоршаған ортамен байланысы шектеулі, мінез-құлқы өзгеше, қызығушылықтары тар, белсенділігі төмен болады. Бұл ауру нәсіліне және тұрғылықты жеріне қарамастан пайда болады. Аутист болып өмірге келген балалардың отбасында бір мәселе және ата-ана тарапынан оларға бірдей қамқорлық көрсетіледі. Мұндай жандар әлемнің толыққанды бір мүшесі болуы қажет. Олар мұны арнайы мамандар мен қамқор адамдардың көмегімен жасай алады. Қазақстанда аутизммен ауыратын 9 мыңға жуық бала бар.

👥2 сәуір — қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. Бүгін музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин 84 жасқа толды. Ол қазақ музыкасының тарихы туралы 100-ден астам басылым мен телешоудың авторы. Оның “Абайды еске алуға арналған лирикалық поэмасы”, “Халық қаһармандары туралы үш поэмасы”, “Мұқан Төлебаевтың “Қазақстан” поэмасы” және басқа да көптеген шығармасы қазақ музыкатану ғылымына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар бүгін кинорежиссер, сценарист, продюсер Сламбек Тәуекел 77 жасын атап өтеді. Оның “Батыр-Баян”, “Махамбет”, “Ата-Жұрт”, “Жерұйық” фильмдерін көпшілік біледі. Сондай-ақ деректі және анимациялық фильмдерге де режиссерлік етті. Бірнеше рет Қазақстан Кинематографистер одағының басқарма мүшесі және хатшысы болып сайланды.

Ақсақалдарымызға ұзақ ғұмыр әрі шығармашылық табыс тілейміз!

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Әскери-теңізкүштері #Балалар #кітабыкүні #Аутизммәселесі #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар
#ЮрийАравин #СламбекТәуекел
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥3👌2
💡💡💡💡💡💡💡

Қаржы жинаудың заманауи жолдары: тиімді қосымшалар мен платформалар

Қаржы жинауға арналған қосымшалар әртүрлі мақсатқа қызмет етеді: қайырымдылық, краудфандинг, ортақ шығындарды басқару, жинақтау және инвестиция. Төменде ең танымал қосымшалар мен олардың ерекшеліктері туралы толық ақпарат ұсындық.

1️⃣ Қайырымдылық пен краудфандинг платформалары

Бұл санаттағы қосымшалар жеке адамдарға, ұйымдарға немесе стартаптарға қажетті қаржы жинауға көмектеседі.

◾️GoFundMe – әлемдегі ең танымал қайырымдылық платформаларының бірі. Медициналық шығындар, әлеуметтік жобалар, білім алу, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек сияқты әртүрлі мақсаттарға қаражат жинауға мүмкіндік береді.
◾️Kickstarter – шығармашылық және инновациялық жобаларға инвестиция тарту үшін қолданылады. Мұнда кітаптар, ойындар, гаджеттер және басқа да өнімдерге қаржы жинауға болады.
◾️Indiegogo – стартаптар мен әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға арналған жаһандық платформа. Kickstarter-ден айырмашылығы – кез келген жоба толық қаржыландырылмаса да, жиналған ақшаны ала алады.
◾️Patreon – контент жасаушыларға (музыканттар, блогерлер, жазушылар, суретшілер) тұрақты қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

2️⃣ Ортақ шығындарды басқару және ақша аударымдары

Бұл қосымшалар достармен, әріптестермен немесе отбасымен ортақ шығындарды есептеп, әділ бөлуге көмектеседі.

🔺Splitwise – бірнеше адам арасындағы ортақ шығындарды басқаруға арналған. Мысалы, достарыңызбен саяхаттаған кезде немесе бірге пәтер жалдағанда әркім қанша қарыз екенін анық есептеп береді.
🔺Venmo – АҚШ-та кең тараған төлем жүйесі. Достар арасында бірден ақша жіберуге және ортақ шығындарды басқаруға мүмкіндік береді.
🔺Cash App – ақша аударымдарын жылдам жүзеге асыратын қарапайым және ыңғайлы қосымша.
🔺Revolut – тек төлемдер мен ақша аударымдары ғана емес, сонымен қатар жинақтау және инвестициялау функциялары бар қаржы қосымшасы.

3️⃣ Жинақтау және инвестиция қосымшалары

Бұл санаттағы қосымшалар ақша жинауға және қаржыны тиімді басқаруға көмектеседі.

◾️Monzo – бюджетті бақылау, шығындарды талдау және мақсатты жинақтау үшін ыңғайлы банк қосымшасы.
◾️Acorns – автоматты түрде майда қаражатты инвестицияға айналдырады. Мысалы, $3.75-қа кофе сатып алсаңыз, қосымша $0.25-ті инвестициялық шотыңызға аударады.
◾️Yolt – қаржы жоспарлау мен жинақтауға көмектесетін смарт-қосымша.
◾️Qapital – автоматты түрде қаражат жинауға көмектесетін қосымша. Пайдаланушылар белгілі бір мақсат қоя алады (мысалы, саяхатқа ақша жинау), ал қосымша әрбір шығынның белгілі бір пайызын жинақтау шотына аударады.

4️⃣ Қазақстанда танымал қаржы жинау платформалары

• Kaspi Gold/Kaspi QR – ақша аудару, жинақтау және төлем жасау үшін ең танымал қазақстандық банк қосымшасы.
• Halyk Homebank – Halyk Bank қосымшасы арқылы да ақша жинауға және аударуға болады.
• Wooppay – онлайн төлемдер мен аударымдарға арналған қазақстандық сервис.
• Tikket – қайырымдылық және краудфандинг жобалары үшін платформа ретінде қолданылады.

📌 Қаржы жинауға арналған қосымшаны таңдағанда, оның мақсатына назар аудару керек. Егер қайырымдылық үшін қажет болса – GoFundMe, Kickstarter, Indiegogo сияқты платформалар ыңғайлы. Ортақ шығындарды есептеу үшін – Splitwise немесе Venmo қолдануға болады. Ал жинақтау және инвестиция үшін Acorns, Revolut, Monzo секілді қосымшалар тиімді шешім болмақ.

#қазынакеңес #қаржы #финансы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥4👌2❤1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

💪Forbes 2025: Қазақстандық жеті кәсіпкер әлемнің ең бай адамдары қатарына енді

Көш басын Вячеслав Ким бастап тұр екен!👍

👀Декреттік төлемдерге шектеу: 8 сәуірден бастап ең жоғары жәрдемақы мөлшері 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі

Мәссаған😮

👤SIM-картаны үшінші тұлғаға беру бойынша әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Абай болыңыздар!📌

👏Жаслан Мәдиев TikTok-қа кіргенде VPN-ді пайдаланбауға кеңес берді

Ескере жүріңіз!▪️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-59/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Forbes2025 #миллиардер #ВячеславКим #Декреттіктөлем #SIM-карта #ЖасланМәдиев #TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1🤔1👌1
💡📆📆📆📆📆 3 сәуір

🙉3 сәуір — Дүниежүзілік су жануарлары күні. Аталған күннің мақсаты – әлемдегі су жануарлары арасында кездесетін түрлі проблемаға халықтың назарын аудару. Бұл - ең алдымен, шамадан тыс балық ауланумен, сондай-ақ тұщы су мен дүниежүзілік мұхиттардың ластануымен байланысты. Мұндай әрекет су экожүйесінің қоректік тізбегін бұзып қана қоймайды, сонымен қатар химиялық заттармен қоректенген балық пен басқа да теңіз өнімдерінің бұзылуына, сәйкесінше адамдардың улануына алып келеді.

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?



📲Бүгін ұялы телефонның пайда болған күні. 1973 жылы 3 сәуірде Motorola инженері Мартин Купер бірінші рет нөмір теріп, компания кеңсесіне салмағы 2,5 келі болатын Motorola DynaTAC 8000X ұялы телефонынан қоңырау шалды.

Сіздің алғашқы ұялы телефоныңыз қай брендттен болды?



👀Сәуір айының бірінші бейсенбісі – Халықаралық жол жөндеу күні. Ең көне жолдар біздің дәуірімізге дейін 4 мыңжылдықта Месопотамия мен Англияда пайда болды. Жол жөндеу жұмысы неліктен маңызды? Алдымен бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қозғалысы үшін қажет. Биыл Қазақстанда 2,5 мың шақырым жолды жөндеу және салу жоспарланған. Аталмыш мақсатқа 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Қазақстандағы жолдардың сапасына көңіліңіз тола ма?


👥3 сәуірде өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін қазақтың халық батыры, елімізде 1916 жылы орын алған ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушы Амангелді Имановтың (1873-1919) туғанына 152 жыл толды. Оған Ж.Жабаев, О.Шипин, тағы басқа ақындар өз өлеңдері мен жырларын арнаған. Жазушы Ғ.Мүсірепов “Амангелді” пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Ал бейнелеу өнерінде халық суретшілері Ә.Қастеев пен Қ.Телжанов Аманкелді образын ерекше бейнеледі. Содан соң 1938 жылы режиссер М.Левиннің “Амангелді” фильмі түсірілді. Сонымен қатар 101 жыл бұрын америкалық актер және режиссер Марлон Брандо (1924-2004) дүниеге келді. Ол екі мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп, көптеген беделді марапаттың иегері атанды. Сонымен қатар “100 жылдағы ең керемет 100 кино жұлдызының” тізіміне енді. Көпшілік оны “Өкіл әке” фильміндегі Вито Корлеоне рөлімен еске алады.

Сіздің қалаңызда Амангелді Имановтың есімімен аталған ғиамараттар мен орындар бар ма?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жануарлардықорғау #Жолжөндеу #Алғашқытелефон #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АмангелдіИманов #МарлонБрандо
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥2👌2
💡💡💡💡💡💡💡

“5 секунд ережесі” арқылы кез келген іске қалай кірісуге болады? — Мел Роббинстен кеңес

📌 Белгілі америкалық медиатұлға әрі бизнесвумен Мел Роббинс өзінің өмірін түбегейлі өзгерткен “5 секунд” ережесін ойлап тапты. Бұл әдіс қарапайым әрі тиімді, бірақ көп нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Нақтырақ айтсақ, кез келген істі бастау үшін 1-ден 5-ке дейін санап, дереу іске кірісе аласыз. Бұл әдіс қалай жұмыс істейді? Бүгін осы жайында кеңестер ұсынамыз.

🗣️Мелдің айтуынша, егер сіз бес секунд ішінде әрекет етуді бастап кетсеңіз, миыңыз кідіріс жасап үлгермейді. Бұл ереже адамның нақты шешім қабылдауына көмектеседі.

📍Шешім қабылдау дегеніміз:

• өз қорқыныштарыңыз бен күмәнді ойларыңызға қарамастан қадам жасай білу;
• жайлылық аймағынан шығу;
• идеяларыңызбен бөлісу және көзқарасыңызды білдіру;
• құндылықтар мен сенімді қалыптастыру;
• тіпті қиын күннің өзінде төсектен тұруға шабыт.

🟢 “Бес секунд ережесі” дегеніміз не?

Адамдар өмірін өзгерткісі келгенімен, көп жағдайда әрекетсіз қалып жатады. Яғни, мидағы түрлі ой мүмкіндікті шектеп тастайды. Осылайша алға жылжу қиын әрі қауіпті болып көрінеді.

Ғалымдардың пайымдауынша, бір қадам алға басудың қиынға соғуы “әдеттерімізге” байланысты. Біз бір істі жиі жасағандықтан, ми сол әрекетке үйреніп кетеді. Мел Роббинс те осы мәсәлемен бетпе бет келді. Ол күнін ерте бастап, көп нәрсеге үлгеру үшін төсектен ерте тұруға тырысады. Десе де оны жүзеге асыру қиынға соғады. Бір күні ол теледидардан бір жарнамаға көз шалады. Мұнда зымыран ұшуға дайындалып, санақ бестен кері қарай жүреді. Бұл жарнама Мелдің өмірін түбегейлі өзгертуге себепші болады. Мәселен, таңертең жылы төсектен тұрғысы келмегенде өзін зымырандай сезініп, іштей 5-4-3-2-1 деп санап көруге бел буады. Бұл бір қарағанда күлкілі идея болып көрінуі мүмкін. Бірақ нәтижелі әдістердің бірі болады.

✔️ Біз бастан кешіретін күмәндар, қорқыныштар және жағымсыз эмоциялар - жай ғана әдеттер. Ал №5 ережесінің кері санағы осы үлгіні өзгертуге көмектеседі. Психологияда мұны “бастау кезеңі” деп атайды. Ережені қаншалықты жиі орындасаңыз, миыңыз соғұрлым тезірек үйреніседі. Жаңа шешім - жаңа өмірдің жаршысы.

Бұл әдісті кез келген салада қолдануға болады. Аризона университетінің Корнелл және Дюк мектептерімен бірлесіп жасаған жаңа зерттеуі ми мен әрекет ету инстинкті арасында күшті байланыс бар екенін дәлелдеді. Сіз мақсат қойған кезде, миыңыз оны істер тізіміне жазып алады.

Сол себепті:

- қандай да бір істі бастай алмай жүрсіз бе? 5 секунд ішінде орныңыздан тұрып, әрекет етуді бастап кетіңіз.
- Оятарды сағат 6:00-ге қойдыңыз ба? Қоңырау шырылдағанда бірден орныңыздан тұруға тырысыңыз.
- Қандай да бір адамға хабарласуға жүрексінесіз бе? Телефонды алыңыз да нөмірін теріңіз;
- Денсаулығыңызға қамқорлық жасаймын деп көптен ойлап жүрсіз бе? Бірден тексеріске жол тартыңыз.

Бұл кеңестер шағын әрі үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Бастысы әрекет етуден қорықпаңыз. Табысқа жету үшін бірінші қадам жасаудан маңызды ештеңе жоқ екенін жадыңызда ұстаңыз. Ішпыстырарлық өміріңіздің нүктесін қоятын – тек өзіңіз.

#қазынакеңес #іс #5секунд #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥5👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

👤Биыл Алматы қаласының ата-ана болғысы келген ерлі-зайыптыларына 673 млн теңге бөлінді

Тамаша!👍

👀Трамп Қазақстанға да баж салығын енгізді

АҚШ президенті 200-ге жуық елге баж салығын енгізді📌

💪"Әдебиет" порталы "Менің кітапханам" атты челлендж бастады

Қатысып көріңіздер!📍

🫠Елімізде тағы да алты елді мекен ваучерлік қаржыландыруға қосылды

Министрлік ата-аналарға сүйінші жаңалық айтты▪️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-60/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Алматы #ерлі-зайыпты #бажсалығы #Меніңкітапханам #челлендж
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5❤4👍2
💡📆📆📆📆📆 4 сәуір

📱Бүгін – Халықаралық интернет күні. Бұл күн VII ғасырда өмір сүрген, алғаш рет “Этимология” энциклопедиясын жасаған және студенттердің қамқоршысы саналатын Севильялық Исидордың қайтыс болған күнімен байланысты. Католик шіркеуі оны интернеттің қамқоршысы етіп таңдаған, себебі интернет әлемі – адамзаттың практикалық және теориялық білімінің кең қазынас. Бүгін сондай-ақ веб-мастерлер мен интернет-әзірлеушілердің кәсіби мерекесі аталып өтеді. 4.04. күнінің цифрлары 404 қателігін (“Бет табылмады”) еске түсіреді, бұл олардың жұмысына тікелей қатысты.

Егер таныстарыңыз арасында веб-мастерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🐾4 сәуірде дүниежүзілік қаңғыбас жануарлар күні аталып өтеді. Әлемде шамамен 600 миллионға жуық мысық пен ит және басқа да үй жануарлары бар. Бұл күн адамдарды үйсіз-күйсіз қалған жануарлардың қайғылы тағдырына назар аударуға және қараусыз қалған тіршілік иелерінің ауыр жағдайына бей-жай қарамауға шақырады. Оларға көрсетілетін көмек адамгершілік пен имандылық тұрғысынан саналы адамның маңызды белгісі екенін есте ұстаған жөн.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


🐇Бүгін тағы бір қызық мереке — Халықаралық сәбіз күні. Бұл күн көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы ақпарат таратуға бағытталады. Қызғылт сары, қызыл, сары, ақ және басқа түстердегі көкөніс тек тамақ дайындауда ғана емес, сонымен қатар халықтық медицинада, косметологияда және диетологияда қолданылады. Сәбіз А,В, С, Е және К дәрумендеріне, микроэлементтерге, флавоноидтар мен эфир майына бай. Сол себепті бұл көкөніске мыңдаған жыл бойы сұраныс жоғары болып келген.

Сізге қай көкөніс ұнайды: сәбіз немесе қызылша?


🫂4 сәуір — қазақтың үш чемпионының туған күні. Бүгін боксшы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Василий Жиров 51 жасын атап өтеді. 1999 жылы ол бірнеше рет қорғаған IBF әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Танымал USA Today басылымы Василийді 2001 жылдың барлық салмақ дәрежесі бойынша ең үздік кәсіпқой боксшысы деп атады. 45 жыл бұрын бокстан 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов (1980-2000) дүниеге келді. Ол 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатына ұшырап, қыршынынан қиылды. 2020 жылы чемпионды еске алу мақсатында “Бекзат” фильмі түсірілді. Сонымен қатар бүгін жүзуден 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 30 жасқа толды. Ол аталған спорт түрінен Олимпиада алтынын иеленген тұңғыш қазақстандық атанды. 2017 жылы “Халық сүйіктісі” сыйлығы аясында Қазақстандағы жылдың спортшысы деп танылды.

Барлық спортшымызға тек жеңіс тілейміз! Жақсы жаңалықтарымен қуанта берсін!

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #интернеткүні #веб-мастерлермерекесі #көшпеліжануарлар #Пайдалытағамдар #Туғанкүндер #Белгіліадамдар #ВасилийЖиров #БекзатСаттарханов #ДмитрийБаландин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2👌1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Азартник" қылмыстық драмасы. Бұрынғы карташы Нурик күнкөріс үшін жүкші болып жұмыс істеп, бос уақытында такси жүргізеді. Алайда тағдыр оны қайтадан картаға әкеледі. Ол үй, көлік сатып алып, өмірі реттелгендей көрінеді. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Қалаға Түркиядан келген кәсіби ойыншы Нурикті жеңіп, барынан айырады – ақшасы, үйі, көлігі, тіпті жары да сол ойыншының қолында кетеді. Басты рөлдерде: Нұрсұлтан Мейірбек ,ании Беркінбай, Индира Меңдібаев, Ұлықбек Қадыров. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=S-zDo2Bo0OI

🎬"Қызыл көйлек" драмасы. Ыстықкөл жағасында жас отбасы ескі кафені қалпына келтіруге кіріседі. Алайда олардың арманы қорқынышты түске айналады – ғимараттың қабырғаларында өткеннің қараңғы құпиялары қайта тіріледі. Тылсым құбылыстар мен түсініксіз үрей әр түнді өмір үшін күреске айналдырады. Армандаған мекен енді қашып құтылу мүмкін емес орынға айналады. Басты рөлдерде: Айжан Сыдықова, Саламат Қалыбек уұлу. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Fyd-N7GH5WI

🎬"Ғашығым" мелодрамасы. Мақсат Айсұлуға алғаш көргеннен-ақ ғашық болады. Алайда көп ұзамай ол Айсұлудың Тілек атты “жігіті” бар екенін біледі. Тілек — оның ата-анасының достарының ұлы. Ата-анасы Мақсатты қолдамай, Тілекті қызына лайық деп санайды. Мақсат Айсұлудың жүрегін жаулап алу үшін, өз отбасын құру үшін актерлерді жалдайды, бірақ бұл жоспары сәтсіз болады. Басты рөлдерде: Мадалена Абдрахманова, Бакболот Қоңырбаев.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TsPX47u6RO4

🎬"Minecraft в кино" фантастикасы. Сәтсіздікке тап болған төрт адам кенеттен құпия порталға тартылып, оларды қиял күшімен жасалған ерекше кубикалық әлемге алып барады. Үйіне қайта оралу үшін, олар осы әлемнің заңдарын меңгеріп, тәжірибелі шебермен қызық саяхатқа шығуға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джек Блэк, Джейсон Момоа.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=c_uiTcuqa7I

🎬"Падение короны" тарихи драмасы. 18-ші ғасыр, Француз революциясының орталығы. Король мен оның отбасы тұтқындалып, түрмеге жабылады. Әлеуметтік өмірдің әсемдігі оқшауланумен және дәрменсіздікпен ауысады. Қымбатшылыққа үйренген патшайым алғаш рет өз болашағынан және балаларының тағдырынан қорқып, осал күйге түседі. Басты рөлдерде: Гийом Кане, Мелани Лоран. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6pu-vYCCiZw

🎬"Смерть единорога" фантастикасы. Ридли әкесімен бірге демалыс өткізуге мәжбүр болады. Әкесімен қарым-қатынасы тек ғажайып арқылы ғана түзеледі деп ойлаған сәтте, олар… нағыз бір мүйізді құлыншақты қағып алады. Әкесінің жұмыс істейтін ашкөз отбасы оның емдік қасиеттерін пайдаланып ақша табуды шешеді. Алайда, құлыншақтың ашулы ата-аналары пайда болып, байларды аулауға кіріседі. Басты рөлдерде: Пол Радд, Дженна Ортега. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=r0eKbYttj64

🎬"Последний охотник на демонов" триллері. Ескі қақпалар ашылып, біздің әлемге жеңілмейтін титанның басшылығымен жындар легі шабуыл жасады. Шабуылдың эпицентрінде қалған полицей Джейк жерді қараңғылық армиясы жұтпай тұрып, порталдың жабылу жолын табуға тырысады. Басты рөлдерде: Мишель Моррон, Уильям Моусли. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FAd-zFJ4e7A

🎬"Проклятие матери. Одержимая" қорқынышты фильмі. Жалғызбасты ана қараңғылық күштерімен байланыс орнатып, өзінің балаларының ештеңеден мұқтаж болмауын қамтамасыз ету үшін бақсыдан көмек алады. Басты рөлдерде: Шариф Дааниш, Дафф Вардхана. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=bhRMDt1Dilc

🎬"Астрал. Спуск к дьяволу" қорқынышты фильмі. Эвелин күтпеген жерден әпкесінен үлкен үйді мұраға алады.Басты рөлдерде: Алекс Палладино, Шон Бриджерс. Жас рейтингі: 18+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dRJL5TpTTbM

#киножаңалықтары #аптаныңпремьерасы #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #Азартник #қызылкөйлек #ғашығым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍2👌2🔥1🤨1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🫂Енді көлік терезесінен басын шығарғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Ескере жүріңіз!📌

🤩Қазақстан халқының несие жүктемесі дамыған елдерден әлдеқайда төмен

Көрсеткіш әлі де көңіл көншітпейді😮

👏Алматы облысында экстремизмді алдын алу мақсатында комикстерге 19 млн теңге жұмсалмақ

Жаңа жоба іске қосылмақ!👍

👀Бірінші сыныпқа өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады

Құлаққағыс!‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-61/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Көлік #айыппұл #несие #әлемдікрейтинг #экстремизм #комикс #1сынып #құжат
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌3❤2