Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Көш басын Вячеслав Ким бастап тұр екен!👍
Мәссаған😮
Абай болыңыздар!📌
Ескере жүріңіз!▪️
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-59/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Forbes2025 #миллиардер #ВячеславКим #Декреттіктөлем #SIM-карта #ЖасланМәдиев #TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1🤔1👌1
Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
Сіздің алғашқы ұялы телефоныңыз қай брендттен болды?
Қазақстандағы жолдардың сапасына көңіліңіз тола ма?
Сіздің қалаңызда Амангелді Имановтың есімімен аталған ғиамараттар мен орындар бар ма?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жануарлардықорғау #Жолжөндеу #Алғашқытелефон #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АмангелдіИманов #МарлонБрандо
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥2👌2
“5 секунд ережесі” арқылы кез келген іске қалай кірісуге болады? — Мел Роббинстен кеңес
📌 Белгілі америкалық медиатұлға әрі бизнесвумен Мел Роббинс өзінің өмірін түбегейлі өзгерткен “5 секунд” ережесін ойлап тапты. Бұл әдіс қарапайым әрі тиімді, бірақ көп нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Нақтырақ айтсақ, кез келген істі бастау үшін 1-ден 5-ке дейін санап, дереу іске кірісе аласыз. Бұл әдіс қалай жұмыс істейді? Бүгін осы жайында кеңестер ұсынамыз.
🗣️Мелдің айтуынша, егер сіз бес секунд ішінде әрекет етуді бастап кетсеңіз, миыңыз кідіріс жасап үлгермейді. Бұл ереже адамның нақты шешім қабылдауына көмектеседі.
📍Шешім қабылдау дегеніміз:
• өз қорқыныштарыңыз бен күмәнді ойларыңызға қарамастан қадам жасай білу;
• жайлылық аймағынан шығу;
• идеяларыңызбен бөлісу және көзқарасыңызды білдіру;
• құндылықтар мен сенімді қалыптастыру;
• тіпті қиын күннің өзінде төсектен тұруға шабыт.
🟢 “Бес секунд ережесі” дегеніміз не?
Адамдар өмірін өзгерткісі келгенімен, көп жағдайда әрекетсіз қалып жатады. Яғни, мидағы түрлі ой мүмкіндікті шектеп тастайды. Осылайша алға жылжу қиын әрі қауіпті болып көрінеді.
Ғалымдардың пайымдауынша, бір қадам алға басудың қиынға соғуы “әдеттерімізге” байланысты. Біз бір істі жиі жасағандықтан, ми сол әрекетке үйреніп кетеді. Мел Роббинс те осы мәсәлемен бетпе бет келді. Ол күнін ерте бастап, көп нәрсеге үлгеру үшін төсектен ерте тұруға тырысады. Десе де оны жүзеге асыру қиынға соғады. Бір күні ол теледидардан бір жарнамаға көз шалады. Мұнда зымыран ұшуға дайындалып, санақ бестен кері қарай жүреді. Бұл жарнама Мелдің өмірін түбегейлі өзгертуге себепші болады. Мәселен, таңертең жылы төсектен тұрғысы келмегенде өзін зымырандай сезініп, іштей 5-4-3-2-1 деп санап көруге бел буады. Бұл бір қарағанда күлкілі идея болып көрінуі мүмкін. Бірақ нәтижелі әдістердің бірі болады.
✔️ Біз бастан кешіретін күмәндар, қорқыныштар және жағымсыз эмоциялар - жай ғана әдеттер. Ал №5 ережесінің кері санағы осы үлгіні өзгертуге көмектеседі. Психологияда мұны “бастау кезеңі” деп атайды. Ережені қаншалықты жиі орындасаңыз, миыңыз соғұрлым тезірек үйреніседі. Жаңа шешім - жаңа өмірдің жаршысы.
Бұл әдісті кез келген салада қолдануға болады. Аризона университетінің Корнелл және Дюк мектептерімен бірлесіп жасаған жаңа зерттеуі ми мен әрекет ету инстинкті арасында күшті байланыс бар екенін дәлелдеді. Сіз мақсат қойған кезде, миыңыз оны істер тізіміне жазып алады.
Сол себепті:
- қандай да бір істі бастай алмай жүрсіз бе? 5 секунд ішінде орныңыздан тұрып, әрекет етуді бастап кетіңіз.
- Оятарды сағат 6:00-ге қойдыңыз ба? Қоңырау шырылдағанда бірден орныңыздан тұруға тырысыңыз.
- Қандай да бір адамға хабарласуға жүрексінесіз бе? Телефонды алыңыз да нөмірін теріңіз;
- Денсаулығыңызға қамқорлық жасаймын деп көптен ойлап жүрсіз бе? Бірден тексеріске жол тартыңыз.
Бұл кеңестер шағын әрі үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Бастысы әрекет етуден қорықпаңыз. Табысқа жету үшін бірінші қадам жасаудан маңызды ештеңе жоқ екенін жадыңызда ұстаңыз. Ішпыстырарлық өміріңіздің нүктесін қоятын – тек өзіңіз.
#қазынакеңес #іс #5секунд #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥5👌1
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Тамаша!👍
АҚШ президенті 200-ге жуық елге баж салығын енгізді📌
Қатысып көріңіздер!📍
Министрлік ата-аналарға сүйінші жаңалық айтты▪️
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-60/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Алматы #ерлі-зайыпты #бажсалығы #Меніңкітапханам #челлендж
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5❤4👍2
Егер таныстарыңыз арасында веб-мастерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
Сізге қай көкөніс ұнайды: сәбіз немесе қызылша?
Барлық спортшымызға тек жеңіс тілейміз! Жақсы жаңалықтарымен қуанта берсін!
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #интернеткүні #веб-мастерлермерекесі #көшпеліжануарлар #Пайдалытағамдар #Туғанкүндер #Белгіліадамдар #ВасилийЖиров #БекзатСаттарханов #ДмитрийБаландин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2👌1
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=S-zDo2Bo0OI
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Fyd-N7GH5WI
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TsPX47u6RO4
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=c_uiTcuqa7I
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6pu-vYCCiZw
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=r0eKbYttj64
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FAd-zFJ4e7A
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=bhRMDt1Dilc
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dRJL5TpTTbM
#киножаңалықтары #аптаныңпремьерасы #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #Азартник #қызылкөйлек #ғашығым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
АЗАРТНИК | Трейлер | 3 Сәуірден бастап барлық кинотеатрларда
Режиссер Рақымжан Қалдыкөз
Қоюшы Оператор Шерхан Таңсықбаев
Қоюшы суретші
Бағдат Қожахмет
Бас продюсер
Сүндет Көшекеев
Атқарушы продюсер
Ерасыл Құдайберген
Бекен Нарбай
Екінші режиссер
Мейрамгүл Жанатқызы
Монтаж режиссері
Бейімбет Сағади
Костюм суретшісі…
Қоюшы Оператор Шерхан Таңсықбаев
Қоюшы суретші
Бағдат Қожахмет
Бас продюсер
Сүндет Көшекеев
Атқарушы продюсер
Ерасыл Құдайберген
Бекен Нарбай
Екінші режиссер
Мейрамгүл Жанатқызы
Монтаж режиссері
Бейімбет Сағади
Костюм суретшісі…
❤6👍2👌2🔥1🤨1
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Ескере жүріңіз!📌
Көрсеткіш әлі де көңіл көншітпейді😮
Жаңа жоба іске қосылмақ!👍
Құлаққағыс!‼️
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-61/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Көлік #айыппұл #несие #әлемдікрейтинг #экстремизм #комикс #1сынып #құжат
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌3❤2
Көші-қон полициясының қызметкерлерін білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
🤩1920 жылы 5 сәуірде Қазақстанның түкпір-түкпірінен әрі көршілес елдерден он мыңдаған адам келетін Бурабай курорты ашылды. Табиғатымен, көлдерімен, өсімдігі мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен танымал Бурабай «Қазақстанның інжу-маржаны» және «Қазақтың Швейцариясы» деген атауларға ие. Бурабай ұлттық паркінде 14 ірі көл бар, олардың ішінде Бурабай, Шортан, Қатаркөл және басқа да көптеген ұсақ көлдер орналасқан. Бурабайдың негізгі әрі ерекше белгісі – Көкшетау тауы. Оның биіктігі — 947 метр.
Сізге қай мекенде демалған ұнайды: Бурабай әлде Алакөл?
Батыржаннан әлем чемпионы атағын күтеміз!
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #миграциялықполиция #адамгершілік #Қазақстанныңінжумаржаны #Туғанкүндер #Танымаладамдар #ФарреллУильямс #БатыржанЖүкембаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2👌1
Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.
АЛМАТЫ:
Индира Элиф Бадамбаева мен оның ең үздік жиырма шәкіртінің туындыларынан нәзіктік пен жылылықтың лебі еседі. Бұл – бүгінде сілкіністер мен жоғалтуларды бастан кешіп жатқан әлемге аса қажет қасиет. “Қарағым-ай” көрмесі – шығармашылықтың өмірді жаңғыртатын құдіретін дәлелдейтін оқиға. Мұнда қазақтың терең тамырлы мұрасы заманауи мазмұнмен үйлесіп, дәстүр әр суретшінің жүрек көзінен өткен дара көзқараспен толықтырылады.
Кіру тегін, тек ашылу күнінде.
Өтетін орны: ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 ықшамауданы, 44-үй
Күні: 5 сәуір, 14:00
Спорт пен музыканы тоғыстырған ерекше фестиваль қайта оралады. Сізді Қазақстанның үздік райдерлерінің экстремалды трюктары мен таза тау ауасындағы жанды концерттер күтеді. Шаңғы тебуді қалайтындар үшін арнайы пакет ұсыныстар қарастырылған.
Өтетін орны: Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 558/1.
Күні: 5 және 6 сәуір, 11:00 – 19:00
көрмесі
Бұл жоба алты жыл қатарынан Адамзаттың ғарышты бағындыруына арналған Ғарышкерлер күнін қарсы алудың бастауы болып келеді. Көрме-байқаудың басты мақсаты – Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері мен магистранттарының, сондай-ақ Б. Тұрғынбай шеберханасының жас оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық шабытын оятып, олардың көркемдік қабілетін дамыту.
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 5 және 6 сәуір, 11:00 – 19:00
Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады. Сізді мәтін, дыбыс пен бейнелер тоғысқан ерекше атмосфера күтеді.
Арнайы қонақ — Bye, Ella музыкалық жобасы.
Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92-үй.
Күні: 5 сәуір, 14:00
Мұнда денеңізді еркін сезініп, өз орныңызға бой үйретуге, тәніңізбен байланыс орнатуға көмектесетін би техникасы көрсетіледі. Осыдан кейін сізді шипалы би ағынына жетелейді. Рухыңызды бидің тілімен жеткізіп, денеңізге ерік беріңіз – сонда жаныңыз жаңа кеңістіктерге жол ашады.
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй.
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 6 сәуір, 15:00
Бұл мәдени жоба Алматы қаласының ең үздік 30 жас суретшісін таныстыруды мақсат етеді. Қатысушылардың жасы 30-дан аспауы тиіс. Жоба аясында жас дарындарды қолдау мақсатында бірқатар көрме ұйымдастырылады.
Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51 30-дан 30-ға дейін" көрме-жәрмеңкесі
Күні: 5 және 6 сәуір, 10:00 – 19:00
🤩Катерина Никонорованың «lovinnale» көрмесі
Суретшінің жаңа коллаждар топтамасы – оның шығармашылық өмірінің бір сәтін бейнелейді.
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 5 және 6 сәуір, 12:00 – 17:00
АСТАНА:
Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады.
Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 5 және 6 сәуір, 10:00 - 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!
#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегінкөрмелер #GorillaWinterJungle #битерапиясы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍5🥰2
Бүгінгі кино шолуымыз “Азартник” атты фильміне арналады.
Жіберіп алмаңыз!
Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤
https://youtube.com/shorts/Wc11smrUmBg
#Азартник #драма #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #криминал
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Құмар ойын өмірді қалай құртады? | Азартник | Қазақша кино шолу | Кинообзор
👍8👌2
Сізге қай спорт түрі көбірек ұнайды?
Ол әйелдер арасындағы блиц шахматтан әлем чемпионы атанған ең жас шахматшы ретінде танылып, тарихқа енді. Гиннестің дүниежүзілік рекордтар ұйымы Бибісараға 2021 жылдың желтоқсанында Польшада өткен шахматтан әлем чемпионатындағы жеңісі үшін арнайы сертификат табыстады.
542 жыл бұрын әйгілі италиялық суретші әрі сәулетші Рафаэль Санти (1483–1520) дүниеге келді. Қысқа ғұмырында ол әлемге танымал суретшілердің біріне айналды. Оның “Сикстин мадоннасы” картинасы – әлемдегі ең танымал туындылардың бірі саналады және баға жетпес өнер туындысы болып есептеледі. Сондай-ақ бүгін қазақтың белгілі суретшісі, этнограф-қарутанушы ғалым Қалиолла Ахметжан 76 жасқа толды. Оның картиналары Қазақстанда ғана емес, Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан, Германия сияқты елдердің мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақтаулы. Ол «Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері)» атты әйгілі монографияның және 70-тен астам ғылыми мақаланың авторы.
Сіз білетін қазақ суретшілерінен кімдерді атай аласыз?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #спорткүні #үстелтеннисі #БибісараАсаубаева #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #РафаэльСанти #ҚалиоллаАхметжан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2
Бүгінгі кино шолуымыз “Ғашығым” атты фильміне арналады.
Жіберіп алмаңыз!
Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤
https://youtube.com/shorts/rI-04vIHmI0
#Ғашығым #мелодрама #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #любовь
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Жігіт сүйіктісі үшін жалған отбасы жалдады! | Ғашығым | Қазақша кино шолу | Кинообзор
👍9👌3❤1🔥1