Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

😚Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концерті ел қазынасына 400 миллион теңге табыс түсірмек

Министрліктің айтуынша, шетелден 15 мыңға жуық адам келуі мүмкін👍

🤩11 сәуірден бастап Қазақстанның футболына арналған коллекциялық монеталар сатыла бастайды

Тамаша!😍

🫠Алматыдағы Ботаникалық бақ уақытша жұмыс істемейді

Құлаққағыс!📌

Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң әзірленеді

🤝ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары еңбек саласына қатысты маңызды тақырыпты талқылады🔺

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-62/

#Қазақстан #жаңалықтар #ДженниферЛопес #концерт #футбол #монета #Ботаникалықбақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌3
💡📆📆📆📆📆 9 сәуір

🤩1870 жылы 9 сәуірде Адай көтерілісін басу үшін Маңғыстауға Ресей әскерлері енгізілді. Кіші жүздегі халық толқуларының басты себептері – патша үкіметінің жаңа салық түрлерін енгізуі және қазақтардың ата-қоныстарының шекараларын өзгертуі болды. Шамамен 10 мың адам қатысқан бұл көтеріліс қатал түрде басып-жаншылды. Дегенмен Ресей билігі белгілі бір дәрежеде ымыраға баруға мәжбүр болды. Қуғын-сүргіннен қауіптенген көтеріліс басшылары мен көптеген адайлықтар Хиуа хандығының аумағына кетіп қалды. Бұл оқиға – ХІХ ғасырда қазақ халқының патша билігіне қарсы соңғы қанды көтерілісі ретінде тарихта қалды.

🤝9 сәуір – Автономды сенсорлы меридиан реакциясы халықаралық күні. Бұл құбылыс – адамның таныс әрі жағымды дыбыстарға (сыбырлау, сықырлау, қытырлау секілді) жауап ретінде бастың желке тұсынан бастап бүкіл денені жайлап өтетін шымырлауды сезінуімен байланысты. Мәселен, жаңа затты орауышынан шешкен кездегі дыбыс немесе қағаздың сытырлаған үні көпшіліктің есінде ерекше әсер қалдырады. Осындай қарапайым бейнероликтер миллиондаған қаралым жинайды, себебі олар адамның бойында тыныштық пен ләззат сезімін оятады.

Ал сізде қандай дыбыстан денеңіз шымырлайды?

👍9 сәуір – Халықаралық Топ-менеджер күні. Бұл күні компанияның даму бағытын айқындайтын, маңызды стратегиялық шешімдер қабылдайтын жоғары деңгейлі басшылардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Топ-менеджерлер — ірі кәсіпорындардың коммерциялық және әкімшілік қызметін басқарушылар. Олардың жетістікке жетуі көбіне сәтті жобаларды жүзеге асырумен байланысты. Бұл – жоғары жалақы мен беделге ие мамандық. Алайда ол үлкен жауапкершілік пен күйзеліске толы қызмет екенін де ескерген жөн.

Біздің арнаға жазылыңыз, дамыңыз, топ-менеджер болуға талпыныңыз!

👥9 сәуір – танымал екі тұлғаның туған күні. 689 жыл бұрын атақты қолбасшы Темір (Темірлан) дүниеге келді. Ол Осман империясымен, Алтын Ордамен, Моғолстанмен, Үндістанмен және өзге де көптеген мемлекетпен соғысып, ірі жеңіліс көрмеген. Темір Самарқандты астана еткен Әмір Темір империясын құрды. Оның әскери жорықтары Азия, Кавказ және Ресей тарихына зор ықпал етті. Темір Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақты нұсқаулар бергені белгілі. Бұл кесене кейін қазақ хандары мен билері, батырлары мәңгі дамыл тапқан киелі мекенге айналды. 92 жыл бұрын әйгілі француз театр және кино актері Жан-Поль Бельмондо (1933-2021) дүниеге келді. “Профессионал”, “Әйел – ол әйел”, “Мұрагер” секілді фильмдерімен танымал актер аға буын көрермендердің сүйікті тұлғасына айналды. Ол Францияның жоғары марапаттары мен кәсіби сыйлықтарына ие болған.

Ал сіз Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып көрдіңіз бе?

#күнтізбе #9сәуір #кесене #Маңғыстау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌3🔥2❤1
💡📰📰📰📰📰📰

Декреттік төлем сәуірден бастап өзгереді. Енді жүкті әйелдер қанша ақша алады?

📌 2025 жылдың 8 сәуірінен бастап жүктілік, босану бойынша төлемдер, сондай-ақ баланы бағып-қағуға қарастырылатын жәрдемақыны есептеу тәсіліне енгізілген өзгерістер өз күшіне енді. Бұл өзгерісті енгізуге декреттік демалыс төлемдері көлемін жасанды жолмен көтермелеу жағдайларының анықталуы, осыған байланысты қылмыстық істердің қозғалуы түрткі болған. «Үйде жатпа» сайты енді жүкті келіншектер қанша алатынын жаңа тәсілмен есептеп көрмек.

Негізінен, Қазақстандағы жүкті келіншектердің мына төлемдерді алуға құқығы бар:

1) Жұмыс істейтін әйелдер:

• Жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлем, бұл - декреттік демалысқа арналған ақы. Қазақстанда декреттік демалысқа қалыпты босану жағдайында 126 күн беріледі. Оның ішінде 70 күн жүктілік және 56 күн босанғаннан кейін кезеңге қарастырылады. Төлем сомасы соңғы 12 айдағы орташа табысының көлеміне қарай есептеледі.
• Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы. Бұл – мемлекетпен белгіленген сома әрі бала санына қарай ол сәл-пәл өзгеріп отырады.
• Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы. Төлем сомасы соңғы 24 айдағы орташа табысының көлеміне қарай есептеледі.

2) Жұмыс істемейтін әйелдер:

• Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы.
• Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы.

🔺Өзгеріске ұшыраған не нәрсе?

1)Бұрын әйел адамның табысы қанша болса, соның 12 немесе 24 ай көлемін алып есептей беретін, ешқандай шектеу болмайтын. Ал енді декреттік демалыс кезеңіндегі әлеуметтік төлем мен босануға байланысты жәрдемақыны есептеу кезінде жұмыс беруші санына қарамастан, ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 7 еседен аспайтын көлемін қамтитын орташа айлық табыс қарастырылады. Яғни, бірнеше жерде жұмыс істеп, айына 595 мың теңге тапқан әйелдің декреттік демалыс төлемі 2 249 000 теңгені қамтымақ (бір реттік). Ал әйелдің ай сайынғы табысы 595 мыңнан асып, 600 мың, 700 мың немесе 1 млн теңгені құраса, белгіленген сомадан (595 мың теңгеден) асқан бөлігі есепке алынбайды.

Мұндай шектеу, негізінен бұрыннан бар-тұғын. Бірақ ол тек бір жұмыспен қамтушыға қатысты қарастырылып келген. Яғни, бірнеше жерде жұмыс істеу арқылы әйел адам бұл шекті әр жұмысында сақтай алатын. Мәселен, жинақталған бір айлық табысы 1 млн теңге болатын әйелдің декреттік демалыс төлемі 4-5 млн теңгеге дейін шығып кететін. Енді мұндайға жол жоқ.

2)Декреттік демалысқа шыққаннан кейінгі әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды

Жүктілік және босану бойынша төлемдер есебінен енді сақтандыру жағдайы туындаған кезеңнен кейінгі әлеуметтік аударымдар алынып тасталып отыр (яғни, декреттік демалысқа шыққаннан кейінгі). Ал декреттік демалыс кезеңінде есепке алынбаған аударымдар бала күтімі бойынша төлемді есептегенде де қарастырылмайтын болады.

Айта кетсек, бұрын декреттік демалысқа шыққаннан кейін де әйел адамдар әлеуметтік аударымдар жасата беретін, сөйтіп бала күтіміне есептелетін жәрдемақы сомасын арттыруға мүмкін алатын.

Жұмыс істемейтін әйелдерге қатысты ешқандай өзгеріс жоқ.

‼️ Олар мемлекет белгілеген төлемдерді алады.

• Бала босанғанда берілетін жәрдемақы: бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК, яғни 2025 жылғы есеп бойынша 149 416 теңге.
• Төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК, яғни 2025 жылғы көлеммен есептегенде 247 716 теңге.
1,5 жыл бойындағы бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы:

• бірінші балаға – 5,76 АЕК (2025 жылы - 22 649 теңге).
• екінші балаға – 6,81 АЕК (2025 жылы - 26 777 теңге).
• үшінші балаға – 7,85 АЕК (2025 жылы - 30 867 теңге).
• төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (2025 жылы - 34 995 теңге).
Бұл арада жұмыс істемейтін әйел алғашқы сәбиін дүниеге әкелгенде жалпы сомасы 557 мың теңге көлемінде мемлекеттік төлем (бір реттік) алады (22 ай барысында).

(дереккөз – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы бұйрығы, ол 2025 жылдың 8 сәуірінен бастап өз күшіне енді)

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/dekrettik-t-lem-s-uirden-bastap-zgeredi-endi-zh-kti-jelder-ansha-a-sha-alady/

Авторы: Кәмшат Тілеухан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3👎1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

💐Тағы 12 мыңнан астам қазақстандық "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасының қатысушысы атанды

Керемет!👍

🚗Елімізде 10 және 20 жылдан асқан автокөліктерге салынатын салық мөлшері азайтылады

Жақсы жаңалық екен🔥

🔥Қазақстанда алаяқтықпен рәсімделген несиелер кешірілуі мүмкін

Жаңа заң жобасы қабылдануы мүмкін📌

🗣Негізгі ҰБТ-ға өтініш 12 сәуірден бастап қабылданады

Барша түлекке сәттілік тілейміз! 🙌🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-63/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Наурыз #автокөлік #салық #алаяқтық #несие #ҰБТ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🤝2👌1
💡📆📆📆📆📆 10 сәуір

👥10 сәуірде халықаралық аға-әпке, іні-қарындас күні аталып өтеді. Олар өмірдің қиын-қыстау кезеңі мен қуанышты сәттерінде әрдайым жанымыздан табылып, жетістіктерімізге шынайы ризашылық білдіре алады. Ал сәтсіздікпен бетпе-бет келген уақытта қолдау білдіруге дайын екендерін жеткізеді. Сонымен қатар табысқа жетуімізге шабыт сыйлап, түрлі келеңсіз жайттан арылуға көмектесе алады. Бір сөзбен айтқанда, бауырларға қай кезде де арқа сүйеп, сенім артуға болады. Біз олармен бірге өсіп, бір мәселені бастан өткеріп, бір жағдайға қуана аламыз. Мұның жеке тұлға болып қалыптасуда ықпалы зор екені сөзсіз.

Бауырларыңызды бүгінгі айтулы күнмен құттықтап қойыңыз!


⚡️Бүгін — Дүниежүзілік гомеопатия күні. 1755 жылы 10 сәуірде неміс дәрігері, баламалы медицинаның осы түрінің негізін қалаушы Самуэль Ганеман дүниеге келді. Гомеопатия 2 принципке негізделген. Біріншісі - ауруды ауру арқылы емдеу, екіншісі - шағын немесе ультра төмен дозада дәрілік заттарды қолдану. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары оны қолданудың дәлелді базасы жоқ екенін және денсаулық пен өмірге қауіп төндіретінін атап өтеді. Осыған қарамастан, оны Үндістан халқының жарты бөлігі, француздардың 1/3 және немістердің 45%-ы пайдаланады. Ал Англияда ол корольдік отбасының қамқорлығында тұр.

Өзіңізге қамқор болыңыз және ауырмаңыз!

🍌Бүгін тағы бір мереке — “банан күні” аталып өтеді. Әлемде өнім саны бойынша банандар апельсиннен кейін екінші орында тұр. Тағамдық құндылығы бойынша банан картопты 1,5 есе басып озады. Бір бананда жүрек бұлшықетінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті калийдің тәуліктік дозасының 10%-ы бар. Сонымен қатар ол каротинге, ферменттерге, органикалық қышқылдарға, С, РР, Е, В1, В2 витаминдеріне бай. Көңіл күйіңіз болмаса, банан жеуге кеңес береміз. В6 дәрумені мен триптофан амин қышқылы табиғи антидепрессант серотонинді өндіруге ықпал етеді.

Сізге қай жеміс ұнайды: банан немесе апельсин?

🗣113 жыл бұрын атауы ұзақ жылдар бойы теңіз апатының символына айналған “Титаник” кемесі алғашқы әрі соңғы сапарына аттанды. Бұл өз уақытындағы ең ірі жолаушылар кемесі еді. Ол 14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні Солтүстік Атлантикада айсбергпен соқтығысып, суға батып кетеді. Мұнда 2200 жолаушының 1490-нан 1635-ке дейінгісі қайтыс болды. Титаник оқиғасы 1997 жылы Джеймс Кэмеронның әйгілі фильмінде жаңа бағытта кең көрініс тауып, түрлі-түсті бояуға ие болды.

“Титаник” фильмін тамашалаған кезде көз жасыңызға ерік бердіңіз бе?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Отбасылықмерекелер #Гомеопатия #Дұрыстамақтану #Титаник #апат
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍8👌3🔥1👏1
💡💡💡💡💡💡💡

Табандылық — жетістікке жетудің басты құпиясы

📍Табандылық – таланттан да жоғары қасиет. Осыған байланысты халқымызда табандылық пен төзімділіктің сан үлгісі бар. Мәселен, Алаш арыстарының өмірін алыңыз: қуғын-сүргінге ұшыраса да, идеясынан таймаған, жолынан жаңылмаған. Әлихан Бөкейхан өз сөзінде: “Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден” деген. Демек кез келген жетістіктің кілті адамның ерік-жігерімен ұштасып жатыр.

📍Қазір көптеген жастар “қолымнан келмейді”, “уақытым жоқ”, “мүмкіндігім аз” деп шаршап, мойып қалады. Ал шын мәнінде табыс – тек еңбекпен келетін нәтиже. Қанша рет құласаң да, қайта тұру – нағыз батырлық.

Себебі адамның бойындағы ең құнды қасиеттердің бірі – табандылық. Бұл – өзіңе, арманыңа, мақсатыңа адал болу. Ал табандылықты қалай дамытуға болады?

1️⃣ Мақсатың анық болсын

Анық мақсат – бағыт береді. Қайда бара жатқаныңды білсең, жол жүргенде адаспайсың. Мақсатсыз адам жел қай жақтан соқса, солай жығылатын қаңбақ секілді. Ал мақсаты айқын адам – желге қарсы жүретін кемедей.

2️⃣ Кедергіні жау емес, ұстаз деп біл

Кез келген табанды адамның өмірінде жеңілістер болған. Бірақ олар тоқтап қалмады. Қиындықты – шынығу, қатені – сабақ, сын-ескертпені – өсудің жолы деп қабылдады. Есіңізде болсын, кедергілердің артында қашан да мүмкіндік жасырынып тұрады.

3️⃣ Күнде бір қадам жаса

Үлкен жетістік бір күнде келмейді. Күн сайын бір қадам жасасаңыз, уақыт өте биік тауларды да бағындырасыз. Бүгін бір бет кітап оқыңыз, ертең бір жаттығу жасаңыз – бұл ұсақ қадамдар емес, табандылықтың тастарын қалап жатқан ісіңіз.

4️⃣ Ең қиын сәтте – өзіңе уәде бер

Адам ең әлсіреген, ең үмітсіз күйінде нағыз шешім қабылдайды. Сол кезде өз-өзіңізге: “Мен тоқтамаймын. Себебі арманыма лайықпын” деп серт беріңіз. Ол серт сізге алға жылжуға күш береді.

5️⃣ Қайта-қайта құласаң да, қайта тұр

Әлемдегі ең табысты адамдар – жүз мәрте сүрініп, жүз бір рет тұрғандар. Табандылық – сүрінгеніңде емес, қайта тұрғаныңда көрініс табады.

✅ Қорытынды

Табандылық – туа бітпейді, қалыптасады. Егер сіз күнде өзіңізді шыңдап отырсаңыз, бір күні арманыңыздың шыңында тұратыныңыз анық.

Өмір – бәйге. Ал табандылықпен соңына дейін барған адамның міндетті түрде бағы жанады.

#қазынакеңес #бәйге #табандылық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🗣Дженнифер Лопестің концертіне билеттер 11 сәуірде сатылымға шығады: бағасы – 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін

Концерт Астанада өтетінін еске саламыз!😍

⚡️OpenAI Илон Маскқа қарсы сотқа арыз түсірді

Мәссаған!😯

🤗Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға арналған қажетті құжаттар тізімі жарияланды

Құлаққағыс!📌

🤭Алматыда “Жеңіс тарихы” атты патриоттық челленджі басталды

Онлайн-акцияға мектеп оқушылары, жастар мен алматылықтар белсенді қатысып жатыр👍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-64/

#Қазақстан #Жаңалықтар #ДженниферЛопес #билет #OpenAI #ИлонМаск #Жеңістарихы #челлендж
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌1😍1
💡📆📆📆📆📆 11 сәуір

😯11 сәуір – Халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарының азат етілген күні. Дәл осы күні, 1945 жылы Бухенвальд концлагерінің тұтқындары азаптаушыларға қарсы шығып, “ажал лагерін” басып алды. Себебі бір күн бұрын басшылық тарапынан барлық тұтқынды өлтіру туралы бұйрық берілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 14 000-нан астам фашистік концлагерьде 20 миллионнан астам адам азап шекті. Тұтқындар арасында қарттар мен балалар да болды. Мұнда азаттыққа жетпей көз жұмғандардың саны 11 миллионнан асты. Ең ірі әрі қатыгез концлагерь – Освенцим болғаны тарихтан белгілі.

🗣Бүгін Балқаш тұрғындары қала күнін атап өтеді. 1937 жылы 11 сәуірде Балқашстрой ауылына қала мәртебесі берілді. Қаланың дамуы — мыс кен орындарының ашылуы мен Балқаш кен-металлургия комбинатында мыс қорыту зауытының салынуына себеп болды. Бүгінде мұнда 80 мыңға жуық адам тұрады.

Егер Балқаш қаласынан таныстарыңыз болса, қала күнімен құттықтап қойыңыз!



🤗Сонымен қатар бүгін — Дүниежүзілік Паркинсон дертіне қарсы күрес күні. Бұл күн 1755 жылы дүниеге келген ағылшын дәрігері Джеймс Паркинсонның құрметіне аталып өтеді. Ол алғаш рет бұл дертті ғылыми түрде сипаттап, жүйке жасушаларының біртіндеп жойылуы нәтижесінде дофамин бөлінуінің азаюын байқаған. Қазақстанда Паркинсон ауруымен ауыратындар саны шамамен 25 мың адамды құрайды. Жыл сайын бұл көрсеткіш 2 500 адамға артып келеді. Бүгінде аталған ауру қарттармен қатар, 30-40 жастағы адамдар арасында да жиі кездеседі. Сондықтан ертерек алдын алу шараларын сақтап, емделуді қолға алғаныңыз абзал.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!

⚡️11 сәуір — Дүниежүзілік аниме күні. Оның басқа елдердің дәстүрлі мультфильмдерінен айырмашылығы – аниме жасөспірімдер мен ересектерге де арналған. Олар сериал, фильм түрінде түсіріліп, кейіпкерлері мен көріністері аса мұқият әрі әсерлі бейнеленеді. Анименің сюжеті — Жапонияның комикстеріне, компьютерлік ойындарына, махаббаты мен ғылыми фантастикасына негізделген. Бұл – Жапония мәдениетінің бірегей көрінісі.

Сіз қандай аниме кейіпкерлерін білесіз?

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #Концлагерь #БалқашКүні #ПаркинсонАуруы #АнимеКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤2👌1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬 "Патруль. Последний приказ" комедиясы. Бұл жолы «Патруль» әлемі Абай облысы, Семей қаласында өрбиді. Мұнда еліміздің Президенті жұмыс сапарымен келмек. Басты кейіпкерлеріміз Президентті алып жүретін кортежге қосылуға бар күшін салады, себебі Мемлекет басшысын сүйемелдеу – әрбір полиция қызметкерінің арманы. Басты рөлдерде: Әділжан Шомбалов, Медет Аманбаев, Еділ Анарбай, Рүстем Омаров. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=72wpFJKUuv0

🎬"Все на мослы: Битва поколений" фантастикасы. Бұл әлемде тарихи тұлғаларға тиесілі бірнеше Ұлы Асық бар: Шыңғысхан, Тутанхамон, Ескендір Зұлқарнайын, Наполеон, Аристотель және Ван Гог. Осы асықтардың барлығын жинаған адам бір ғана тілегін айтып, оның орындалуына қол жеткізе алады. Фильм жас пен кәрінің арасында өтетін асық ойыны чемпионаты туралы баяндайды. Басты рөлдерде: Ерден Губашев, Гүлнар Сильбаева, Марат Әлібаев, Арнат Өтепбергенов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=KHvCsna71_M

🎬"Новичок" боевигі. Фильмнің басты кейіпкері – ЦРУ-дың криптографы. Оның әйелі Лондонда болған лаңкестік шабуыл кезінде қаза табады. Билік өкілдерінің әрекетсіздігін көргеннен кейін, ол әділдік іздеуді өз қолына алады және террористерді өзі іздеуге бел буады. Басты рөлдерде: Рами Малек, Лоренс Фишберн. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xWVN2FlYASc

🎬"Дроп" триллері. Ұзақ жылдан кейін алғаш рет кездесуге барған жесір әйел серігінің өзінің күткенінен әлдеқайда сымбатты әрі тартымды екенін көріп қуанады. Алайда романтикалық кеш шынайы қорқынышқа айналады – әйелдің телефонына белгісіз нөмірден AirDrop арқылы анонимді қауіп-қатерлер келе бастайды. Басты рөлдерде: Брэндон Скленар, Меган Фейхи. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xRQ7t0mkAi0

🎬"Под огнем" экшн-фильмі. Ирак, 2006 жыл. Элиталық арнайы жасақ сарбаздары жау аумағының қақ ортасында тұтқынға түседі. Енді олар өмірлеріндегі ең ауыр сағаттарды бастан өткеріп, қандай жағдай болса да бір-бірін құтқаруға тырысады. Басты рөлдерде: Джозеф Куинн, Космо Джарвис. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=NXz-SAkqh4M

🎬"Дыхание шторма" драмасы. Сүңгуірлер отырған кеме күтпеген жерден күшті дауылға тап болады. Апат кезінде қауіпсіздік арқаны үзіліп, команда мүшелерінің бірі теңіздің түбінде қалып қояды. Оның оттегі қоры небәрі 5 минутқа жетеді, ал көмек тек жарты сағаттан кейін ғана келе алады. Экипаж мүшелері өз өмірлерін қатерге тігіп, досын аман алып қалуға шешім қабылдайды. Басты рөлдерде: Вуди Харрелсон, Симу Лю, Фин Коул. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5TEuD2DNzT0

🎬"Все, что тебя касается" комедиясы. Маша ешқашан әкесін көрмеген және оны тастап кеткен деп ойлап жүрген. Бір күні анасының күнделігінен оның аты-жөнін және ата-анасы «Звери» тобының концертінде танысқанын біліп қалады. Әлеуметтік желіден әкесінің осы топтың концертіне баратыны туралы жазбасын көрген соң, ол да сол кешке аттанып, шындықты білмек болады. Басты рөлдерде: Маша Кошина, Олег Чугунов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-AOr62vU19c

🎬 "Кайдзю № 8: Миссия разведка" анимесі. Алып кайдзю монстрлары үнемі қалаларға шабуылдайтын әлемде адамзат олармен күресу үшін арнайы қорғаныс күштерін құрған. Басты кейіпкер — 32 жастағы Кафка Хибино, бұл жасқа келсе де, бірде-бір емтиханнан өте алмай, кайдзю қалдықтарын тазалаушы болып жұмыс істеп жүр. Алайда бір күні оның өмірі күрт өзгереді — ол өзі кайдзюға айналады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=JPFZVjC7Z2g


#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #ЖаңаПатруль #Всенамослы #Аниме
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🤗“Үрейге негіз жоқ”. Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының өзгеріске ұшырамайтынын жеткізді

Сүлейменов мәлімдеме жасапты📌

⚡️Енді ескі көлігіңіз бен техникаңызды өткізіп, 2 млн теңгеге дейін жеңілдік ала аласыз

Жақсы мүмкіндік екен!👍

🗣Шымкентте Мәдениет және өнер университеті ашылады

Тамаша!🔥

🤩Ораза айт мерекесі тойланған аумақты қоқыстан тазарқан 3 жасар атыраулық Дінмұхаммед Президенттен алғыс хат алды

Құтты болсын!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-65/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Ұлттықбанк #теңге #ТимурСүлейменов #ескікөлік #техника #жеңілдік #Шымкент #Мәдениетжәнеөнер #университеті
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤3👌1