Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🤗“Үрейге негіз жоқ”. Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының өзгеріске ұшырамайтынын жеткізді

Сүлейменов мәлімдеме жасапты📌

⚡️Енді ескі көлігіңіз бен техникаңызды өткізіп, 2 млн теңгеге дейін жеңілдік ала аласыз

Жақсы мүмкіндік екен!👍

🗣Шымкентте Мәдениет және өнер университеті ашылады

Тамаша!🔥

🤩Ораза айт мерекесі тойланған аумақты қоқыстан тазарқан 3 жасар атыраулық Дінмұхаммед Президенттен алғыс хат алды

Құтты болсын!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-65/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Ұлттықбанк #теңге #ТимурСүлейменов #ескікөлік #техника #жеңілдік #Шымкент #Мәдениетжәнеөнер #университеті
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤3👌1
💡📆📆📆📆📆 12 сәуір

🚀12 сәуір – Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні. Бұл күн Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың (1899-1964) туған күніне орай бекітілді. Себебі Қазақстанның қазба байлығын ашу әрі геологиялық барлау тарихы осы кісінің есімімен тығыз байланысты. Оның құрметіне қала мен университетке, тау-кен металлургия комбинатына және 40-тан астам мектепке оның есімі берілген.

Егер таныстарыңыздың арасында ғылым қызметкерлері болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!


✈️Бүгін — Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Қызылорда облысындағы “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшып шығып, Жерді айнала орбита бойымен ұшып өтті. Бұл тарихи сапар 108 минутқа созылды.

Қазақтың қандай ғарышкерлерін білесіз?


😿12 сәуір қайғылы күндердің бірі — Халықаралық қараусыз қалған балалар күні. Түрлі деректерге сүйенсек, бүгінде әлемде 100-150 миллионға жуық қараусыз қалған бала бар. Олардың негізгі мәселесі кедейшілікпен, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықпен тығыз байланысты. Дәл осы себептермен қыздар мен жігіттер отбасылары мен үйлерінен айырылып, күндіз-түні қауіпті жерлерде өмір сүруге мәжбүр.


🤗Бүгін дүниежүзінде атжалман күні аталып өтеді. Бұл сүйкімді әрі шапшаң кеміргіш алғашында далада, індерде тіршілік етсе, тек ХХ ғасырда ғана үй жануары ретінде таныла бастады. Атжалмандарды (хомяк) АҚШ, Батыс Еуропа елдерімен қатар, Қазақстан халқы да ерекше жақсы көреді. Айтпақшы, TikTok-та “Хомяк” лақап атымен танылған алматылық Алина Ким – ТМД кеңістігіндегі ең танымал тиктокер қыздардың бірі.

Сізге қай жануар ұнайды: атжалман немесе қоян?

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ҚазақстанҒылымы #ҒарышкерлерКүні #ҚараусызБалалар #ҮйЖануарлары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2👌2
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.


АЛМАТЫ:

🧠"06+BAIQOÑYR: ой кеңістігі” көрмесі

Бұл жоба алты жыл қатарынан Адамзаттың ғарышты бағындыруына арналған Ғарышкерлер күнін қарсы алудың бастауы болып келеді. Көрме-байқаудың басты мақсаты – Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері мен магистранттарының, сондай-ақ Б. Тұрғынбай шеберханасының жас оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық шабытын оятып, олардың көркемдік қабілетін дамыту.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 12 және 13 сәуір, 11:00 – 19:00

🍀"T1 / 2" саунд-арт инсталляциясы

Бұл жоба Камилла Нарышева мен Вики Кларктың Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жасаған дала жазбаларына негізделіп жасалған. Жұмыс дыбыстың белгілі бір мекеннің жадымыздағы ізіне айналу қабілетін, көзге көрінбейтін, бірақ сезілетін қалдықтарды жеткізу мүмкіндігін зерттейді.

Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101-үй, домофон 1.
Күні: 12 және 13 сәуір, 14:00 – 22:00

💅Spring Art Fair көрмесі

Көрмеде Қазақстанның жас суретшілері мен танымал шеберлері өздерінің үздік туындыларын ұсынады. Сондай-ақ көрермен авторлармен кездесулерге, поэзиялық кештерге, дәрістер мен шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 12 және 13 сәуір, 10:00 – 20:00

👣Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады. Сізді мәтін, дыбыс пен бейнелер тоғысқан ерекше атмосфера күтеді.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92-үй
Күні: 12 сәуір, 12:00-18:00

👀Катерина Никонорованың “lovinnale” көрмесі

Суретшінің жаңа коллаждар топтамасы — өмірінің бетінде қалқып шыққан көпіршіктер тәрізді — көрерменді махаббатқа деген ішкі сапарға жетелейді. Драмалар, табыстар, кездесулер, тәжірибелер мен кедергілерден өткен Катипа махаббат сезімін және осы бір қайталанбас тәжірибені ең қарапайым шартты белгілер арқылы жеткізеді.
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 12 және 13 сәуір, 12:00 – 17:00


АСТАНА:

🗣SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А.
Күні:12 және 13 сәуір, 10:00 - 16: 00

👤"Портреттер емес" көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады. Бұл – өткен мен болашақтың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы. Онда әрбір сурет терең ойға батырып, жүректен орын алады. Сондай-ақ өз алдына бөлек бір сыр шертеді.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 12 және 13 сәуір, 10:00 - 20:00



Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12👌2❤1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

🚔 Бүгінгі кино шолуымыз “Патруль. Последний приказ” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/4a7WZrvFuw4

#ПатрульПоследнийприказ #комедия #патруль #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #семей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌3🔥1
💡📆📆📆📆📆 13 сәуір

🍀13 сәуір — Халықаралық өсімдіктерге алғыс айту күні. Олардың әралуандығы мен әдемілігі адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды. Өсімдіктердің арқасында ауа оттекпен толығып, зиянды заттар сіңіріледі, ал ағзаға тіршілікке қажетті дәрумендер түседі. Ғалымдардың айтуынша, өсімдіктер адамның психикасына да оң әсер етеді.

Ал сіз үй жағдайында қандай өсімдік түрін өсіресіз?


🗣Бүгін музыка әуесқойлары дүниежүзілік рок-н-ролл күнін атап өтеді. 1954 жылы 13 сәуірде америкалық музыкант Билл Хейли осы стильде дүниежүзілік хитке айналған “Clock Around the Clock” әнін жазды. Музыканың жаңа түрі адам өміріндегі барлық шекара мен кедергілерді жойып, түрлі нәсілдік наным-сенімді оңай жеңді. Қазіргі таңда рок-н-ролл бір толқындағы жандарды жинау үрдісін әлі де жалғастыруда. Сонымен қатар әлемдегі ойын-сауық орындары рок-н-ролл стилінде қызықты кештер өткізіп тұрады.

Сізге қазақтың қандай рок топтары ұнайды?


👀Сонымен бірге бүгін функционалдық неврологиялық бұзылулардың халықаралық күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – осы дерт туралы ақпаратты арттырып, зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету, сондай-ақ алдын алу мен емдеу жолдарын зерттеуге үлес қосу. Ауру белгісі ретінде науқастар әлсіздік, қозғалыс бұзылыстары, сезімталдықтың жоғалуы немесе есінен тану секілді неврологиялық белгілерді бастан кешіреді. Дәрігерлер бұл жағдайды түсіндіру немесе емдеу әлі мүмкін емес екенін айтады, өйткені науқастың миы қалыпты болғанымен, оның жұмыс істеу жүйесінде ақау бар.


👤13 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 217 жыл бұрын италиялық ғалым Антонио Меуччи (1808-1889) дүниеге келді. Ол – телефонды ойлап тапқан адам. Өкінішке қарай, ол патентін уақытында ұзартпағандықтан, телефонға қатысты авторлық құқықтар бойынша сотта Александр Беллге жеңіліп қалған. Тек 2002 жылы АҚШ Конгресі Антонио Меуччиді телефонның нағыз өнертапқышы ретінде ресми түрде мойындады. Сонымен қатар бүгін тарихтағы ұлы шахматшылардың бірі Гарри Каспаров 62 жасқа толды. 13-ші әлем чемпионы атанған ол 1985 жылдан 2006 жылға дейін (екі қысқа үзіліспен) FIDE рейтингінде көш бастап келді. Қазір саясатпен белсенді айналысады.

Сіз қазақ шахматшыларының арасында кімнің жанкүйерісіз?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Бөлмеөсімдіктері #Рок-н-роллкүні #Неврологиялықбұзылыс #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #Телефонөнертапқышы #Белгілішахматшылар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌2🔥1🕊1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Все на мослы: Битва поколений” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/CD4FU2fF2pw

#ВсенамослыБитвапоколений #комедия #фантастика #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #асық #ойын #игра #казахстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9⚡1👎1👌1
💡💫💫💫💫💫💫💫

14–20 сәуірге арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Тоқтылар, бұл аптада қаржы мәселесінде асығыстық танытпаңыз. “Тәуекел – ердің ісі” деген дұрыс, бірақ жинаған ақшаңызды оңды-солды жұмсауға болмайды. Әсіресе, аяқ астынан пайда болған ұсыныстарға сеніп, инвестиция құюдан аулақ болыңыз. Қаражатыңызды кейін қажетке жарайтын дүниелерге сақтағаныңыз абзал – мысалы, жолда асығып келе жатып салынған айыппұлға.

♉️Торпақтар, бұл аптада қалтаңызда тұрақтылық орнайды, тек өзіңізге керегі жоқ дүниелерге ақша шашпасаңыз болғаны. Әсіресе “қонақ келгенде керек болады” деп кезекті ыдыс-аяқ жиынтығын сатып алуға асықпаңыз. Есіңізде болсын: бақыт ақшада емес, бірақ сол ақша өзіңізді еркін сезінуге жетсе – нағыз бақыт сол!

♊️Егіздер, бұл аптада ақшаңыз көз алдыңызда зым-зия жоғалып кететіндей әсер қалдыруы мүмкін. Ақшаңыз қайда кетіп жатқанын бақылап отырыңыз. Уақытыңызды білім алуға, біліктілігіңізді арттыруға жұмсаған дұрыс – ертеңгі табысыңыз соған тікелей байланысты болмақ.

♋️Шаяндар, бұл аптада өзіңізді шетке ысырып қоймай, бір жақсы нәрсеге көңіл бөліңіз. Қанша еңбек етсеңіз, сонша марапатқа лайықсыз. Бірақ асыра сілтемей, сақтықты да ұмытпаңыз – күтпеген жағдайларға қор жинап жүрген дұрыс.

♌️Арыстандар, бұл аптада қаржы жағынан сәтті келісімдер күтіп тұр. Бірақ айнаға қарап өзіңізге тамсанып отыруға кететін қаражатты азайтсаңыз жақсы болар еді. Есіңізде болсын, патша болсаңыз да, кейде үнемдеуге тура келеді.

♍️Бикештер, бұл аптада қаржы жағынан күтпеген жағымды жаңалық болады. Мүмкін, баяғыда ұмытып кеткен біреуден қарыз қайтар немесе көктемгі күрткеңіздің қалтасынан тиын-тебен шығып қалар. Қалай болғанда да, ол ақшаны орнымен жұмсаңыз – мысалы, өз-өзіңізді дамытуға арналған кітап сатып алыңыз. Осы сәтте жан дүниеңіз де, әмияныңыз да рақмет айтады.

♎️Таразылар, бұл апта сізден маңызды қаржылай шешімдер қабылдауды талап етеді. Басқаларға сеніп тапсырмай, өз түйсігіңізге жүгініңіз. Есіңізде болсын, қателессеңіз де – бұл өмірдің соңы емес. Қаласаңыз, тағы бір несие алуға болады… (әзіл ғой, әрине!).

♏️Сарышаяндар, бұл аптада қаржылай қауіптен аулақ жүрген жөн. Бақ сынайтын ойындар мен күмәнді ұсыныстардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Қайта, сол ақшаны өзіңізге пайдалы бір нәрсеге жұмсаңыз – мысалы, тәуекелге бой алдырмауды үйрететін курсқа жазылсаңыз, жаман болмас.

♐️Мергендер, бұл аптада күтпеген табысқа кенелуіңіз мүмкін. Бірақ абай болыңыз – ол ақша қалай келсе, солай кетіп те қалуы ғажап емес. Сол себепті бір бөлігін өзіңіз армандап жүрген сапарға жұмсаған дұрыс шығар. Өйткені жұмсалған ақша үшін емес, орындалмаған арман үшін өкіну қиын.

♑️Тауешкілер, бұл аптада басты міндетіңіз – бюджетіңізді жоспарлау. Кіріс пен шығысыңызды қағазға түсіріп, соған сай өмір сүруге тырысыңыз. Жинақтау – қызықсыз шаруа емес, керісінше, болашақта үлкен істі бастауға немесе дәмі тіл үйіретін қымбат кофені рахаттанып ішуге мүмкіндік беретін ақылға қонымды қадам.

♒️Суқұйғыштар, бұл аптада қаржы саласында шығармашылығыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік туады. Ақша табудың бұрын қолданбаған тәсілдерін ойластырып көріңіз. Бәлкім, үйде шаң басып жатқан ескі заттарыңызды “ретро бұйым”, “вintage” деп онлайн базарға шығарып сатуға болатын шығар? Бұл көзге ескі көрінсе де, біреуге нағыз табыс болуы мүмкін.

♓️Балықтар, қаржылай шешім қабылдауда бұл аптада ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз. Қайда жұмсау керек, неден аулақ болу керек – бәрін жүрек сезімімен аңғара аласыз. Бірақ сақ болыңыз: интуиция мен ішіңіздегі “тәтті жегім келіп тұр” дейтін ашқарақты шатастырып алмаңыз. Ақша тортқа емес, нақты қажетке жұмсалсын.

Аптаңыз сәтті өтсін және қаржыңыз еселене берсін!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤1🔥1👌1
💡📆📆📆📆📆 14 сәуір

☀️14 сәуірде өршіл мақсат қоюға итермелейтін “Биіктерге ұмтыл” күні аталып өтеді. Бұл күн әрбір адамды арман жолында батыл қадам жасауға үндейді. Расымен де, жайлы аймақтан шықпай өмір сүру жеңіл әрі қауіпсіз көрінуі мүмкін. Алайда жаңа дүниелерге ұмтылу, белгісіз жолға қадам басу – өзіндік өсу мен жаңашылдықтың бастауы. Егер жасаған әрекетіңіз күткендей нәтиже бермесе, мұңаюдың қажеті жоқ. Ең бастысы — өзіңізді жеңіп, әрекеттене алғаныңыз. Бұл – өз алдына үлкен жетістік. Жағдайды саралап, алға қадам басудан тартынбаңыз!

Жаңа бастамаларыңызға табыс, істеріңізге береке тілейміз!


🌥Бүгін “Аспанға көз таста” атты тағы бір қызық күн аталып өтеді. Сәуір айының ортасында Жерге ерекше құбылыс – Лирид метеор жауыны түседі. Бұл – адамға еш қауіп төндірмейтін, табиғаттың таңғажайып сыйы. Сонымен қатар осы кезеңде кіші планеталар шеруі мен өзге де астрономиялық көріністер орын алады – оларды кез келген адам аспанға қарап тамашалай алады. Табиғаттың ғажайып сұлулығына куә болу үшін гаджеттерді бір сәтке ысырып, аспанға көз тастау жеткілікті. Бұл – қоршаған әлемді тануға, ой кеңістігін кеңейтуге таптырмас мүмкіндік.

Ал сіз жұлдыздарға қарағанды ұнатасыз ба?


👀14 сәуірде Кореяда “Қара күн” тойланады. Аталған мерекені бойдақтар Әулие Валентин күнінен кейін тойлауды әдетке айналдырған. Оңтүстік Кореяда адамдар бір-біріне сыйлық тарту ететін екі ерекше мереке бар. Бірі — Әулие Валентин күні (14 ақпан). Бұл мерекеде әйелдер ер адамдарға сыйлық ұсынады. Екіншісі — Ақ күн (14 наурыз). Аталған күні ерлер жауап ретінде әйел адамдарға сыйлық сыйлайды. Ал “Қара күн” — қос мерекеде де сыйлық алмаған жандарға арналады. Әдетте, бұл күні бойдақтар қара киімдерін киіп, бас қосады. Осылайша барлығы қара соя пастасы қосылған кеспемен тамақтанады.

Ал сіз Әулие Валентин күнінде сыйлық алдыңыз ба?


👥14 сәуірде дүниеге келген атақты тұлғалар. 114 жыл бұрын қазақ әдебиетінің сыншысы, жазушы Белгібай Шалабаев (1911-1990) өмірге келді. Ол “Әдебиет майданы”, “Жекпе-жек” әңгімелерінің, “Өмірде не болмайды” повестер мен фельетондар жинағының авторы. Сонымен бірге “Қазақ әдебиеті тарихының” бірінші томын жазған. “Қазақ прозасының тарихы”, “Әйел кейіпкерінің сюжеті”, “Қазақ романының тарихы” монографияларының авторы. Бүгін америкалық актер және продюсер Эдриен Броди 52 жасқа толды. Өнер иесі екі мәрте “Оскар” сыйлығын иеленді. Алғашқы “Оскарды” 29 жасында жеңіп, тарихта беделді марапатты иеленген ең жас актер атанды. Көпшілік оны “Кинг Конг”, “Пианист” және “Күрте” фильмдеріндегі рөлдері арқылы жақсы таниды. Тіпті астероидтардың біріне өнер иесінің есімі берілген.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Мотивациялықкүн #Жұлдызжауу #Жалғызбастыларкүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #БельғибайШалабаев #ЭдриенБроуди
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥2👌2❤1
💡💡💡💡💡💡💡

Кітап оқу барысында жиі кездесетін қателер

🔴 Регрессиямен оқу (оқып кеткен жолға қайта оралу);
🔴 Артикуляциямен оқу (дауыстап оқу);
🔴Әр сөзге жеке-жеке фиксация жасау;
🔴Мақсатсыз оқу;
🔴Жоспарсыз оқу;

Кітапты жылдам оқу үшін:

👀 Бірінші кезекте көру аймағын кеңейту қажет;
✔️ Одан кейін оқу жылдамдығын арттыру шарт;
🧠Бұдан бөлек есте сақтау қабілетін жақсартуды назардан тыс қалдырмау керек;
🙇Сосын міндетті түрде фокусты (зейін) қойып, тұрақты түрде кітап оқуды әдетке айналдыру арқылы үздік нәтижеге жетуге болады😊

✔️ Кітапты дұрыс оқуға арналған ТОП- 5 лайфхак

1️⃣ Өзіңізге сұрақ қойыңыз

Әр айдың басында үш сұраққа жауап беріңіз. Тізімдегі сұрақтардың кез келгеніне жауап “иә” болса, келесі қадамдарға қорықпай өтуге болады. Егер жауап “жоқ” болса, сұрақ қоюды жалғастыру керек.

📎 Қазір оқығым келетін кітап немесе автор бар ма?
📎 Дәл қазір мен үшін қандай мәселелер маңызды? Өмірімде жақсартқым келетін сала бар ма?
📎 Соңғы кездері мені не қызықтырады? Мен бұл туралы көп ақпарат оқуға дайынмын ба?

Бұл сұрақтар ішкі сұранысыңызды қанағаттандыратын кітапты дәл таңдауға, қажеттіліктеріңіз бен қалауларыңызды түсінуге мүмкіндік береді.

2️⃣ Кітаптарды таңдаудың балама жолдары

Сұрақтар кітапты таңдаудың жалғыз жолы емес. Оқуды қызықты саяхатқа айналдырудың тағы төрт әдісін қараңыз.

Тізімдерді пайдаланыңыз. Интернетте көптеген беделді библиографиялар бар. Goodreads және Amazon сияқты ресурстар оларды тұрақты негізде құрастырады.

Бір тақырыпты, жанрды немесе басқа ортақ мүмкіндіктерді бөлісетін кітаптарды оқыңыз. Мысалы, жыл ішінде тек өмірбаяндарды немесе әйелдер жазған кітаптарды оқыңыз.

3️⃣ Кітаптың 5 критерийдің біріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Шарттардың біріне сәйкес келетін кітапты оқыған кезде, оны сызып тастаңыз.

Олар:

🔹мұқабасының қызық болуы;
🔹фильмге бейімделген кітап;
🔹марапатталған кітап;
🔹нақты оқиғаларға негізделген кітап;
🔹шет тілінде жазылған кітап;

4️⃣ Ұсынылған, бірақ оқуға міндетті емес кітап.

Оқығыңыз келетін кітапты таңдағаннан кейін, кітапқа шолу жасап, мазмұны мен кіріспесіне қараңыз.

Бұл қадамды үнемі орындауға тырысыңыз. Кейде мүмкіндікті пайдаланып, кітапты сіз үшін ештеңе білмейтін нағыз шытырман оқиғаға айналдыру жақсырақ.

5️⃣ Аудиал, визуал немесе кинестетик болуыңызға байланысты кітап таңдаңыз. Егер аудиал болсаңыз, аудио кітаптарды тыңдауға тырысыңыз. Егер визуал болсаңыз, онда кітапты көзбен көріп, оқығаныңыз дұрыс. Ал кинестетик болсаңыз, қолыңызға ұстап, оның әр суретіне, мұқабасына мән бергеніңіз жөн.

#қазынакеңес #лайфхак #кітап
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

😅Азық-түлік бағасын көтергендер 600 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды

Мәссаған!😶

🥸Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

Абай болыңыздар! 📌

😎Қазақстандық музыкалар Instagram мен Facebook желілеріне қайта оралды

Тамаша! Байқадыңыз ба?😍

👐Елімізде теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді

Құлаққағыс‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-66/


#новости #жаңалықтар #елденеболды #алаяқтар #музыка #инстаграм
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌3❤1
💡📆📆📆📆📆 15 сәуір

🩷15 сәуірде “Ұлттық ғашықтар күні”тойланады. Бұл мереке Шығыс Қазақстан облысы Тарлаулы ауылының маңында кесенесі орналасқан “Қозы Көрпеш — Баян сұлу күні” деп те аталады. Жастарды салт-дәстүрге баулу мақсатында ғашықтардың ұлттық мерекесін атап өту бастамасы 2011 жылы көтерілді. Осылайша алматылық студенттер аспанға үш мыңнан астам қағаз шамдарды ұшыру арқылы мерекені тойлау дәстүрінің негізін қалады.

Сіз бұл күнді қалай атап өтесіз?


🤫15 сәуірде халықаралық экологиялық білім күні аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – әлем тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты табиғат пен оның ресурстарына құрметпен қарауға шақырады. Иә, Қазақстанда да бұрынғы ядролық полигондар, Арал теңізінің құрғауы, ірі қалалардағы ауаның ластануы, өзен-көлдердің тайыздануы, ауыл шаруашылығы жерлерінің шөлейттенуі және т.б. сияқты күрделі экологиялық проблемалар бар. Егер әр адам тек қара басының қамын ойлайтын болса, онда аталмыш мәселелерлі шешу мүмкін болмайды.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


👐Бүгін — Дүниежүзілік өнер күні. Аталмыш мереке кездейсоқ таңдалмады. Нақтырақ айтсақ, 1452 жылы 15 сәуірде дүниеге келген атақты итальяндық суретші Леонардо да Винчидің құрметіне орай белгіленген. Мұны Халықаралық өнер қауымдастығы бейбітшіліктің, көркем ой еркіндігінің және өзін-өзі көрсетудің символы деп жариялады. Әдетте, бұл күні ашық аспан астында көрмелер, конференциялар және мұражай сағаттары өткізіледі. Өнер күнін тойлау идеясын “Google Art Project” жобасы қолдады. Олар адамдарға интернет арқылы жоғары сападағы өнер туындыларына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынды.

Сағат 11:00-де қандай көрмені тегін тамашалауға болатынын хабарлаймыз.


😎1395 жылы 15 сәуірде кавказдық Терек өзенінің жағасында Темірлан жасағы мен Алтын Орда ханы Тоқтамыс арасында үлкен шайқас болды. Темірлан 150 000 әскерімен, Тоқтамыстың 180 000 сарбазына қарсы шықты. ХІV ғасырдағы ең ірі шайқас Тоқтамыстың толық жеңілуімен аяқталды. Сондай-ақ бұл оқиғаның Алтын Орда үшін апатты салдары болды. Орыс князьдері 1480 жылға дейін салық төлеген алып әрі күшті мемлекет ыдырап, құлдырай бастады.


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ұлттықғашықтаркүні #экологиялықбілім #өнеркүні #XIVғасырдағышайқас #АлтынОрда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍6👌1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақтың 3 бағытты қамтыған сауда айырбасы

📌 Өздерің білетіндей, көшпенділер экономикасында сауданың айырбас түрі қарқынды дамыды. Себебі олар мүлікті, малды баспа бас алмастырып отырды. Осы тұста тауар айырбасы негізгі үш бағытты қамтыды. Олар елдер арасында, қала мен оның төңірегі арасында, қала мен көшпелі дала арасында айналыста жүрді.

◾️ Айырбас құны үш жасқа жеткен қой және осы жастағы басқа малдар болды. Мұндай сауда тұрмыстық қажеттіліктен туындаған. Бұл сауда жасау немесе пайда табудың мақсатында емес, керісінше тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүргізіліп отырған.

◾️ Мысалы, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттары мен қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер арасында белсенді түрде іске асып отырды.

◾️ Дегенмен сауда жасап, пайда көздеген бұқарлық, хиуалық саудагерлер орта азиялықтар мен ноғай саудагерлерін көшпелі ортада жатсына қабылдады. Олардың әрекеті қазақ дәстүрлі қоғамының құндылықтары мен нормаларына жат екендігін сыналды.

◾️ Осыған байланысты бірқатар тұрақты тіркестер мен мәтіндер қалыптасты: сауда сақал сипағанша; қыз мұраты - кету, сауда мұраты - ұту; саудада достық жоқ; еңбек түбі — қуаныш, сауда түбі - борыш.

◾️ Көшпенді қазақ тұрмысқа қажет заттарына керек уақытында ғана айырбас жасап отырған. Орыс деректеріне сүйенсек, қазақтар айырбас сауданы көбінесе қоймен жасаған, ал орыс саудагерлері қазақтармен жылқыны айырбастауға құштар болды. Себебі, қазақтар жылқы малын баптап, күйін жақсы келтіріп отырған.

◾️Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех-Нуджикет қалаларында жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды. Бұл туралы деректерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер болды.

#көшпенділерэкономикасы #АлтынОрда #XIV #сауда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

😎Елімізде зейнеткерлердің қарызын азайту көзделіп отыр

Яғни, несиесі мен банкроттық рәсімдері жеңілдемек👍

🤫"Наурыз-2025" ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы заем берілді

Әр қазақ баспаналы болсын!🙌🏻

💡3 және 5 мамырда Астанада Жеңіс шеруіне басты дайындық өтеді

Шеруге қатысасыз ба?🤔

🤩Әлем чемпионы Аида Әбікееваға автокөлік сыйға тартылды

Құтты болсын!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-67/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Наурыз-2025 #Жеңісшеруі #АидаӘбікеева
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌3
💡📆📆📆📆📆 6 сәуір

👋6 сәуір — Дүниежүзілік дауыс күні. Аталған күн дауыс құбылысына әрі оның адам өміріндегі ерекше рөліне назар аударуға шақырады. Дауыс – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – ойымызды, сезімімізді, жан дүниемізді жеткізетін қайталанбас құрал. Дауыс арқылы біз күлкімізді де, мұңымызды да, қуанышымызды да білдіреміз.
Осы ерекше күннің аясында бір сағат үнсіздік сақтау ұсынылады. Яғни, күнделікті қарапайым шаруаларды дауысты қолданбай, ішкі тыныштықпен атқарып көру – дауыстың қадірін сезінуге себеп болмақ.

Бүгін бір сағат үнсіздікте қала аласыз ба?



🗣2019 жылы 16 сәуірде әйгілі күш экстримі шебері қазақстандық рекордсмен Сергей Цырульников Vortex Sport Battle 7 турнирінде Ресейдің ең мықты спортшысын жеңіп, ел мерейін үстем етті. Сергей – күш қолдануға арналған арнайы нөмірлер бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Гиннес рекордтар кітабының иегері, сондай-ақ ел ішінде жеті мәрте рекорд жаңартқан спортшы. Ол Қазақстанның күш мәдениетін шетелде де танытып жүр. “Қазақстандық палуан” ауылдарда ашық жаттығуларды және ынталандыру кездесулерін өткізу үшін “Ауылдағы спорт” қозғалысын құрды. 2021 жылы оның командасы 48 ауылды аралады. Сергей – TikTok-тағы ең танымал қазақстандықтардың бірі. Оның парақшасында 4 миллионнан астам жазылушы бар.

Сергейдің қандай жазбаларын білесіз?


✍️2020 жылдың 16 сәуірінде қазақ жазушысы Баянғали Әлімжановтың “A Hundred Years on the Steppe” (“Жүз жылдық толғау”) шығармасы Ұлыбританияда беделді Hertfordshire Press баспасында жарық көрді. Бұл оқиға – қазақ халқының мәдениеті мен тарихын ағылшын тілді әлемге танытудың маңызды қадамы болды. Hertfordshire Press баспасы бұл жағынан ерекше, себебі ол Қазақстанның 50-ден астам кітабын шығарған. Бұл – біздің әдебиетіміздің жаһанға жол тартқан тағы бір жарқын мысалы.



👥16 сәуірде өмірге келген атақты адамдар. 136 жыл бұрын дыбыссыз кино өнерінің аңыз тұлғасы Чарли Чаплин (1889-1977) дүниеге келді. Оның сыртқы келбеті, яғни қара мұрты, үлкен қалпағы және қолына таяқ ұстаған бейнесі әлі күнге дейін ел есінде сақтаулы. Өнер иесі 3 дүркін “Оскар” сыйлығының иегері атанды. Сонымен қатар 100 жылдағы “үздік 100 кино жұлдыздарының” тізіміне енді. Бүгін қазақ әншісі әрі сазгер Марат Омаров 66 жасқа толды. Ол көптеген халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты. Сонымен бірге халық сүйіп тыңдайтын көптеген әннің авторы. 2020 жылы әлемдік челленджге қосылып, “Коронавирус, кет, кет, кет!” атты көңілді әнін жарыққа шығарды.

Сізге Марат Омаровтың қай әні ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Дыбыскүні #БаянғалиӘлімжанов #СергейЦырульников #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЧарлиЧаплин #МаратОмаров
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1🔥1