Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡💡💡💡💡💡💡

Кез келген істі соңына дейін жеткізу: мотивацияны арттыратын 10 әдіс

Кейде қандай да бір істі бастап алып, соңына дейін жеткізе алмай қиналамыз. Мотивация жоғалады, күш-қуат сарқылады. Мұндайда өзіңізді қайта шабыттандыру үшін нақты әдістер қажет. Төмендегі 🔟 тәсіл – кез келген жұмысты жүйелі түрде аяқтауға көмектесуге мүмкіндік береді.

1️⃣ SMART қағидасы бойынша мақсат қою

Мақсат нақты әрі жүйелі болса, оған жету әлдеқайда оңай. SMART – бұл:
• S (Specific) – нақты, анық болуы;
• M (Measurable) – өлшенетіндей болуы;
• A (Achievable) – қол жеткізуге болатын;
• R (Relevant) – маңызды әрі өзекті;
• T (Time-bound) – уақыт шеңберімен шектелген болуы.

2️⃣ Күн сайын жоспар құру

Әр күнге нақты тапсырма қойыңыз. Жазылған жоспар – сананы жинақтап, нақты іске жұмылдырады. Әрбір орындалған тапсырма — кішкентай жеңіс. Бұл – мотивацияны арттыратын қарапайым, бірақ мықты тәсіл.

3️⃣ Қадамдарға бөліп жоспарлау

Үлкен мақсатты ұсақ кезеңдерге бөліңіз. Мысалы, 100 беттен тұратын жұмысты он бөлікке бөліп, әрбір бөлікті орындаған сайын жетістік ретінде қабылдаңыз. Бұл — “плитка” әдісі деп аталады.

4️⃣ Өзіңізді марапаттаңыз

Жоспарланған істі аяқтасаңыз, өзіңізге кішкентай сый жасаңыз: сүйікті сусыныңызды ішу, жақсы фильм көру немесе серуендеу. Бұл миға “мен жетістікке жеттім” деген белгі береді.

5️⃣ Тәжірибелі адамдармен кеңесу

Сіздің жолыңызды бұрын жүріп өткен адамдармен сөйлесіңіз. Олар – тәжірибе мен шабыттың көзі. Тәжірибелі адамдардың кеңесі мен қолдауы сізге жаңа серпін береді.

6️⃣ Қолдайтын ортаны таңдаңыз

Мотивацияның жартысы — айналаңыздағы адамдарға байланысты. Жақындарыңыз сізге сенім артып, қолдау білдірсе, сіздің ішкі күшіңіз арта түседі.

7️⃣ Жетістіктеріңізді мойындаңыз

Әр қадамыңызды бағалаңыз. Кеше не істедіңіз, бүгін қандай ілгерілеу болды – бәрін түртіп отырыңыз. Жетістік күнделігі – өзіңізге деген сенімді арттырады.

8️⃣ Белгілі бір кезеңдерді атап өтіңіз

Әр кезеңді кішкентай мерекеге айналдырыңыз. Мысалы, 30 күн қатарынан күнделік жаздыңыз ба – өзіңізді ерекше бір күнмен қуантыңыз. Бұл мотивацияны жоғалтпай, істі әрі қарай жалғастыруға итермелейді.

9️⃣ Жұмыс пен демалысты үйлестіріңіз

Тұрақты әрі тепе-тең жұмыс кестесі — мотивацияны сақтаудың кепілі. Тынымсыз еңбек адамның қуатын сарқиды, ал уақытылы демалыс — жаңа күш пен ынтаның көзі.

🔟 Соңғы нәтижені көз алдыңызға елестетіңіз

Істің қалай аяқталатынын, қандай жетістікке жететініңізді ойша бейнелеңіз. Визуализация – миды мақсатқа бағыттайтын күшті құрал. Не үшін бастадыңыз? Соңы қандай болмақ? Осыны ойлау ішкі шабытты оятады.

#қазынакеңес #мотивация
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🫶Ата-анаға жаңа мүмкіндік: Енді зейнетақы жинағының бір бөлігін баланың еміне жұмсауға болады

Жақсы мүмкіндік екен👍

🗣Елімізде инфляция қайта үдей түсті: Астана көш басында

Бірнеше есеге өсіпті😶

🌝Қазақстанда "овербукинг" үшін жауапкершілік енгізілді: әуе компаниялары енді артық билет сата алмайды

Әдетте билет бар, орын жоқ болатын еді. Шешімі табылды📍

🤍Астанада LRT жолақысы 100-200 теңге аралығында болады

LRT жобасы қыркүйек айында тестілік режимде іске қосылмақ📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-69/

#Қазақстан #Жаңалықтар #зейнетақы #баланыңемі #инфляция #овербукинг #LRT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4👌2😍1
💡📆📆📆📆📆 18 сәуір

📚2020 жылы 18 сәуірде Халықаралық Түркі академиясы көпшілікке ғылыми еңбектерін тегін оқуға мүмкіндік берді. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзірбайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, моңғол және басқа да туысқан халықтар тілінде жарыққа шықты. Олардың мазмұны түркі әлемінің тарихына, бай әдеби мұрасына, тарихи жазба ескерткіштері мен түркі тілдеріне қатысты зерттеулерге негізделген. Сонымен қатар еңбекте туысқан елдердің этнографиясы, фольклоры мен салт-дәстүрі қамтылған.

Кітаптарды мына сілтемеге өту арқылы таңдай аласыз: https://turkicacademy.org/kz/izdaniya/knigi/vse

🙌18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күннің мақсаты – әлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтауға қоғам назарын аудару. Қазіргі таңда “Мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі” дүниежүзілік конвенцияға 175 мемлекет мүше. Ал 122 елде Дүниежүзілік 754 мұра нысаны ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Оның бесеуі Қазақстанда орналасқан. Сонымен бірге осы тізімге Қазақстан аумағынан тағы 14 нысан енгізілуі мүмкін.

Ал сіз Қазақстандағы қандай Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи ескерткіштерді білесіз?

👏2013 жылдың 18 сәуірінде қазақ ғалымы Сағымбек Алтайұлына "Өнертапқышты дамытуға қосқан үлесі үшін" Альфред Нобель медалі табысталды. Бұл беделді марапат – адамзат игілігіне қызмет ететін, халық шаруашылығына зор пайда әкелетін жаңалықтардың авторларына табысталатын ерекше құрмет. Сағымбек Алтайұлы – 25-тен астам патент пен авторлық куәліктің иегері, ғылыми еңбектердің авторы, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ұстаз.

Араңызда Сағымбек Алтайұлының шәкірттері болса, осы айтулы күнде ардақты ұстазыңызды шын жүректен құттықтауды ұмытпаңыздар.


🗣Сонымен қатар бүгін — Халықаралық жонглерлер күні. Мыңдаған жылдар бойы жандылығы мен әсерлілігін жоғалтпаған бұл өнер түрі – әлемдегі ең қызықты көріністердің бірі. Аспанға зымыраған табақтар мен шеңберлер, қолға ілінген доптар — көрерменнің таңданысын тудырып, цирк өнерінің айнымас бөлшегіне айналған. Жонглерлік шеберлікті шыңдау үшін арнайы жағдайдың қажеті жоқ — қай жерде болса да жаттығып, шеберлігіңізді көрсете аласыз.

Ал сіздің жонглерлікті үйренуге талпынысыңыз болды ма?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #түркікітапханасы #тарихиескерткіштер #қазақғалымдары #жонглерлеркүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌6👍4❤3
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Мафия" триллері. Ауылда бірнеше жұмбақ өлім орын алады. Ал ауыл тұрғындары мұны өз-өзіне қол жұмсау деп есептейді. Бірақ учаскелік инспектор ерекше сәйкестіктерді байқап, өз тергеуін бастайды. Оның жанына жақында қалаға келген тергеуші қосылады. Бірге олар маньяктың ізіне түседі. Басты рөлдерде: Рамазан Амантай, Жақсылық Айтқұрман, Жасұлан Әйтенов, Шарифбек Закиров. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=q0eYutqq0es

🎬"Өш" триллері. Ауылдағы бір жас қыз қатыгез зорлықтың құрбанына айналады. Қолдау мен қорғаудан гөрі, ол күйеуі мен енесінің сенімсіздігі мен сатқындығына тап болады. Жәрдем болмайтынын түсінген ол тағдырын өз қолына алуға шешім қабылдайды. Осылайша кезекпен өзіне зорлық көрсеткендерді жазалай бастайды. Басты рөлдерде: Сүйүн Оролбекқызы, Имаш Әжікүл. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=0XO1Evro0zQ

🎬"Шымылдық" комедиясы. Жас жұбай махаббатпен некеге тұрғанымен, отбасы ішіндегі түсініспеушіліктер олардың ажырасу туралы шешім қабылдауына түрткі болады. Бұл ортақ шешімнен кейін олар жеңілдік сезініп, әрқайсысы өз жолымен жаңа өмірге қадам басуды асыға күтеді. Алайда қай жерде ұйықтаса да, таңертең олар әрқашан өнер мұражайындағы дәстүрлі неке төсегінде оянады. Басты рөлдерде: Дадахон Обидов, Ситор Әлімжанова.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ovJi-Oa0rUU

🎬"Грешники" триллері. Егіздер өткенді артқа тастап, жаңа өмір бастау үшін туған қалаларына оралады. Алайда олар күтпеген жерден, әлдеқайда зұлым әрі қауіпті күшпен бетпе-бет келеді. Бұл олардың оралуын күтіп тұрған еді. Басты рөлдерде: Майкл Б. Джордан, Джек О ' Коннелл. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=mnGU4ObfjYw

🎬"Рейс на вылет" боевигі. Араққа салынған бұрынғы құпия агент өз мансабын қайта қалпына келтіру үшін соңғы мүмкіндік алады. Оның тапсырмасы – ұшақта аса қауіпті хакерді қолға түсіру. Бірақ осы рейсте хакерді өлтіру үшін бірнеше киллер жүреді. Басты рөлдерде: Джош Хартнетт, Кэти Сакхофф. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Ywa4TkG2t6g

🎬"Микки Монстр" қорқынышты фильмі. Балаларға ұзақ жылдар бойы қуаныш сыйлаған Микки атты қуыршақ, олардың зұлымдығы мен ашуына жауап ретінде, өз ішінде құбыжыққа айналады. Осылайша ол әлемді хаосқа айналдыруды мақсат етеді. Егер Вилли пароходының жолаушылары оны тоқтатпаса, Нью-Йоркте жаңа билеуші пайда болуы мүмкін. Басты рөлдерде: Тайлер Пози, Дэвид Ховард Торнтон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=SN9oN-bcnJM

🎬"Последний экзорцист" қорқынышты фильмі. Ватиканның тапсырмасымен діни қызметкер өзінің қайтыс болған әкесінің ішіне енген қуатты жынды жеңу үшін жеті экзорцистің өлімінің себебін зерттейді. Басты рөлдерде: Марк О ' Брайен, Жаклин Байерс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dsmLo3r_nsg

🎬"Джунгли Юрского периода" мультфильмі. Жануарлар африкалық джунглиден уақыт порталына түсіп кетеді, оны өзге ғаламшарлықтар артында ашық қалдырған екен. Болашаққа оралу үшін достарға динозаврлардың көмегі қажет болады. Бірақ бұл көмек ежелгі жәндіктер үшін оңай емес, өйткені олардың әлемін қарулы келімсектер басып алуға дайын.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=S-jonjpW3go

🎬"Пираты опасного моря: Капитан Клык" мультфильмі. Ең жақсы достар Рэйвен мен Пинки ең күшті пират әрі жеті теңіздің патшасы, Капитан Клыктың қол астында қызмет етеді. Бір күні қулықты графиня Сибилла Пинкиді ұрлап, Капитан Клыкты тұзаққа түсіріп, пираттар еліне билік жүргізуді мақсат етеді. Енді батыл Рэйвен, Капитан Клык, оның айдаһары мен көңілді аспаз графиняны тоқтатып, Пинкиді құтқаруы керек.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gG73mthqiMg


#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #Мафия #Өш #Шымылдық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👏Қазақстан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Бәрі жақсы болсын🙌🏻

🗣Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жүйелі бұзатын жүргізушілерге жеңілдік беруді тоқтатуды ұсынды

50% жеңілдік қарастырылған екен📌

https://www.youtube.com/shorts/i-zK6RqB1ns

📚Honor мен Google стратегиялық серіктестік орнатып, жасанды интеллектіні баршаға қолжетімді етпек

Тамаша!👍

💪Геннадий Головкин спорт саласындағы доктор атағын алды

Құтты болсын!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-70/

#Қазақстан #жаңалықтар #Ауғанстан #гуманитарлықкөмек #МаратҚожаев #Google #ГеннадийГоловкин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌1
💡📆📆📆📆📆 19 сәуір

🏛1735 жылы 19 сәуірде Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазір қала Ресейдің бір бөлігі болғанымен, біздің халқымыз үшін бұл қаланың тарихи маңызы зор. Мұнда 1913 жылы тұңғыш “Қазақ” газеті басылып шығарылды. Сонымен қатар 1917 жылы бірінші және екінші жалпықазақ съезі өтіп, нәтижесінде Қазақ ұлт-азаттық “Алаш” партиясы құрылып, Алаш Орда республикасы жарияланды. 1920-1925 жылдары Орынбор Қазақстанның астанасы болды. 1925 жылы Кеңес өкіметінің шешімімен Орынбор мен оның облысы Ресейге өтіп, астана Қызылорда қаласына көшірілді.

Тағы қай қала Қазақстанның астанасы болды?

📖1928 жылы 19 сәуірде ағылшын тіліндегі алғашқы Оксфорд сөздігі басылып шықты. Аталмыш сөздіктің бірінші басылымында 500 мыңға жуық сөз және 5 мыңнан астам автордың 20 мыңға жуық шығармасынан 2 млн-ға жуық дәйексөз болды. Оксфорд – халықаралық дәрежедегі ағылшын тіліндегі ең танымал әрі ең ірі академиялық сөздіктерінің бірі. Бүгінде ағылшын тілі 54 елдің ресми тілі болып есептеледі. Бұл тілде шамамен 1,5 миллиард адам сөйлейді. Өткен жылдың соңында Oxford Qazaq Dictionary алғашқы қазақ-ағылшын сөздігі жарыққа шыққанын атап өткен жөн. Осылайша, қазақ тілі әлемнің 100 маңызды әрі базалық тілдерінің сөздік құрамын біріктіретін жалпы жаһандық тілдік корпусқа енді.

👀Сәуір айының үшінші сенбісінде көңілді мереке — Дүниежүзілік цирк күні аталып өтеді. Цирк — адамзат тарихындағы ең көне өнер түрлерінің бірі саналады. Себебі акробаттар, жонглёрлар, ат үстінде өнер көрсететіндер мен сайқымазақтар жайлы деректер Ежелгі Дүние дәуірінен бастау алады. Алайда қазіргі заманғы цирктің негізі XVIII ғасырдың соңында қаланды. Оның негізін қалаушы — ағылшын шабандозы Филип Астлей саналады. Ол тәжірибе арқылы аттар үшін ең қолайлы шеңбер диаметрі — 13 метр екенін анықтаған. Бұл өлшем жылқыларға толық шабыс кезінде оңай қозғалып, трюктер жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде әлемдегі цирктердің көпшілігінде арена дәл осы өлшеммен жасалады.

Сізге қазақ цирк өнерпаздарының қайсысы ұнайды?


👥19 сәуір — қос тұлғаның туған күні. Бүгін пианист, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова 68 жасқа толды. Ол 20 жылға жуық Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды. Өнер иесінің бастамасымен “Классика” музыкалық агенттігі құрылды. Сонымен қатар ол бірнеше халықаралық жобаны жүзеге асырды. Соның ішінде Францияда өткен “Kazakh Seasons” фестивалін, 18-ден астам елде ұйымдастырған концерттерін, 30-дан астам жарыққа шығарған компакт-дискілері мен Қазақстанның өнер иелері туралы түсірген 20-дан астам музыкалық фильмдерін атап өтуге болады. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса, “Алтын глобус” сыйлығының иегері Кейт Хадсон 46 жасқа толды. Мансап жолында ол 30-дан астам фильмге түсті. Ал сән журналдары әртісті бірнеше мәрте әлемдегі ең әдемі әйел деп атады.

Сізге Кейт Хадсонның қандай фильмдері ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақстанастанасы #Оксфордсөздігі #цирккүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖәнияӘубәкірова #КейтХадсон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3👌2
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.


АЛМАТЫ:

👏Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» көрмесі
⠀
Алматыдағы Almaty Gallery көрме залында суретші Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 50 кескіндемелік туындысы ұсынылған. Әрбір шығармада өмір жолындағы таңдау тақырыбы көтеріледі — адам жарық пен қараңғының қайсысын таңдайды, тағдыр соған қарай өрбиді. Суретшінің айтуынша, бұл — жанның үнсіз әңгімесі, жүректен шыққан ішкі сыбыр. Көрермен туындыларды жай ғана тамашалап қоймай, олардың астарына үңіліп, ой түйгенін қалайды. Осы мақсатта Айжан-Сара әрбір жұмысына шағын әдеби эсселерді тіркеп отырған.
⠀
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 19 және 20 сәуір, 11:00 – 19:00

🤙"Zat" көрмесі
⠀
“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады. 13 заманауи қазақстандық суретші мен дизайнердің қолында қарапайым бұйымдар — жиһаз, кескіндеме, зергерлік әшекейлер, керамика мен жарық инсталляциялары — жаңа мағынаға ие болады. Әрбір зат тек тұрмыстық қызметімен шектелмей, автордың ішкі жан толғанысын, ой-толғамын жеткізетін ерекше көркем образға айналған.

Орналасқан жері: Efes Art Space, желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 – 19:00

💫"Ancient Futures: Мұраны, Қолөнерді және Экологияны Зерттеу» көрмесі
⠀

Бұл көрме – өткен мен болашақтың арасындағы көпір. Мұнда ежелгі дәстүрлі білім мен қазіргі биотехнологиялар тоғысады. Шеберлер мен зерттеушілердің еңбектері арқылы көрермен мәдениеттер мен дәуірлердің қиылысында тұрған, табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолын іздейтін көркем әрі философиялық ойға бойлайды.
⠀
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 19 және 20 сәуір, 12:00 – 17:00


☀️Саунд-арт инсталляция «T1/2»
⠀
«T1/2» — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген. Инсталляция — көрінбейтін, бірақ сезілетін іздерді тасымалдайтын, жердің жады мен үнсіз шежіресін жеткізетін дыбыстың мүмкіндігін зерттейді.
⠀
Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 19 және 20 сәуір, 14:00 – 22:00

🔥Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады. Сізді мәтін, дыбыс пен бейнелер тоғысқан ерекше атмосфера күтеді.

Орны: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92
Күні: 19 сәуір, 12:00-18:00

💐Spring Art Fair көрмесі
⠀
Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады.
⠀
Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 – 20:00



АСТАНА:

👀“Тезек” көркем фильмінің көрсетілімі
⠀


⠀
Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 19 сәуір, 14:00

👤"Портреттер емес" көрмесі

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 - 20:00

🙌SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 - 16:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🤝3❤2😍1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Мафия” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/5eFtidKKy_Q

#мафия #триллер #маньяк #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #детектив  #қазақстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5⚡2❤1🔥1👌1
💡📆📆📆📆📆 20 сәуір

🌝20 сәуір — Өмірдің мәнін іздеу күні. Бұл күні адамдарға бір сәт болса да ішкі әлеміне үңіліп, «Мен кіммін? Бұл өмірге не үшін келдім?» деген сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік беріледі. Бір адам өмірінің мағынасын кәсіби жетістіктен тапса, енді бірі – адал да тәрбиелі ұрпақ өсіруден көреді. Әр дін де өмірдің мәнін өзінше түсіндіреді.

Ал сіз өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?

📚Бүгін кітап сүйер қауым – Халықаралық климаттық фантастика күнін атап өтеді. Климат-фантастика немесе қысқаша Cli-Fi деп аталатын бұл жанр жаһандық жылыну мен климат өзгерістерін сипаттайды. Бұл күннің мақсаты – климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптерді көркем шығармалар мен фильмдер арқылы адамзатқа жеткізу. Егер біз қазірден бастап әрекет етпесек, болашақта қандай қауіптер күтіп тұрғанын осы жанр жақсы ашады.
⠀
Cli-Fi жанрындағы қандай кітаптар мен фильмдерді ұсына аласыз?


🔥1991 жылдың 20 сәуірінде Атыраудағы Теңіз кен орнында алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді. Бұл – әлемдегі ең терең орналасқан мұнай кен орны саналады. Теңіздің барланған қоры 3 миллиард тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемдік жіктемеде алып кен орындар қатарына жатады. 1993 жылы Қазақстан мен америкалық “Шеврон” компаниясы арасында бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойылып, еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын – “Теңізшевройл” құрылды.

Егер Теңізде жұмыс істейтін таныстарыңыз болса, бүгінгі мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👤2001 жылы 20 сәуірде аты аңызға айналған The Beatles тобының негізін қалаушылардың бірі — сэр Пол Маккартни Ұлыбританиядағы алғашқы музыкант-миллиардер атанды. Ол бірнеше рет Гиннес рекордтар кітабына енген. Соның ішінде қазіргі заманның ең табысты музыканты әрі композиторы ретінде.
Биыл ең бай музыканттар рейтингінде миллиардерлер қатарында алтауы бар: рэпер Джей Зи ($2,5 млрд), Тейлор Свифт пен Рианна ($1,4 млрд), Брюс Спрингстин ($1,2 млрд), Пол Маккартни ($1,2 млрд) және композитор Эндрю Ллойд Уэббер ($1 млрд).
⠀
Ал сіз өміріңізде қанша ақша тапқыңыз келеді?

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ӨмірдіңМәні #КлиматФантастикасы #ҚазақстанМұнайы #МузыкантМиллиардер #ТеңізКенОрны #ПолМаккартни #КлиФай #СаналыӨмір #20Сәуір #ТарихиКүн
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2❤1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Шымылдық” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/BKVwzrs2L38

#Шымылдық #комедия #любовь #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #узбекистан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4👍3
💡💫💫💫💫💫💫💫

21–27 сәуірге арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада Тоқтылардың ақшасы тентек күшіктей — бірде жоғалып, бірде тосыннан қайтып келеді. Артынан жүгіріп, ұстауға тырыспаңыз — одан пайда жоқ. Ең дұрысы — шыдам мен сабырға “инвестиция” салыңыз. Апта соңына қарай күтпеген жерден табыс түсіп, “Мүмкін, еңбегім зая кетпеген шығар?” деп, өзіңізге риза болуыңыз әбден мүмкін.

♉️Торпақтардың қаржылай жағдайы бұл аптада жылы көрпедей жайлы болады — өзіңізге сенімді жүресіз. Бірақ сәл ұқыпсыздық танытсаңыз, салқындық сезілуі мүмкін. “Пайдалы” деген сылтаумен кезекті қажетсіз затқа ақша жұмсаудан сақтаныңыз. Оның орнына өз көңіл күйіңізге пайдасы тиетін нәрсеге қаржы бөліңіз — бұл әлдеқайда орынды шешім.

♊️Бұл аптада қаржыңыз құм сағаттай сырғып өтуі мүмкін. Бір жағынан табыс келіп жатса, бір жағынан қалай кеткенін де аңғармай қаласыз. Әмиянға жалынудың қажеті жоқ — ол бәрібір өз білгенін істейді. Одан да шығындарыңызды дәптерге түртіп жүріңіз. Сонда қайда, неге кетіп жатқанын байқап қалуыңыз мүмкін.

♋️Бұл аптада ақшаға аса сақтықпен қараңыз. Қаржыңыз дәл сіздің мелодрама көргеннен кейінгі көңіл күйіңіз секілді — құбылмалы әрі болжау қиын. Сенімсіз істерге ақша салмаңыз, “ертең қайтарам” деген достарға қарыз беруден аулақ болыңыз. Одан да өзіңізге бір жылы нәрсе алып, көңіліңізді көтергеніңіз жөн.

♌️Бұл аптада тек ерекше мінезіңізбен ғана емес, қаржылай жағынан да жарқырайсыз. Бірақ жылтырақ дүниелер мен көңілді кештерге бар қаржыны құртып алу қаупі бар. Есіңізде болсын: алтын тек мойныңызда ғана емес, банк шотыңызда да жарқырауы тиіс. Қуаныш пен ұқыптылықтың арасынан үйлесім табыңыз — сонда әмияныңыз да, өзіңіз де риза боласыз.

♍️Бұл аптада Бикештер әр тиынды есептейтін болады — тіпті калькулятордың өзі демалыс сұрап қалуы мүмкін. Алайда мұнтаздай ұқыптылығыңыз өз жемісін береді: өзгелер байқамаған тұстан үнемдеудің жолын табасыз. Дегенмен, өзіңізді ұмытпаңыз — болмашы бір қуанышқа ақша жұмсауды қалыс қалдырсаңыз, кейін сол ақшаны көңіл көтергіш дәрі-дәрмекке жұмсауға тура келуі мүмкін.

♎️Таразыларға жұлдыздар ақшаны көңіл күйге немесе соңғы көрген телехикаяның әсеріне қарап жұмсамауға кеңес береді. Қаржы тұрақтылық пен нақты жоспарды жақсы көреді. Егер «алсам ба, алмасам ба?» деп екіұдай болып жүрсеңіз, кішкене үзіліс жасап ойланыңыз: шынымен керек зат па, әлде кезекті қалау ғана ма?

♏️Сарышаяндар осы аптада қаржылай қуаттың күрт артқанын сезінуі мүмкін — тіпті бір қазына сандығын тауып алғандай күй кешесіз. Бірақ абай болыңыз: ақшаны тым қатты ұстап қалуға тырысу — оның өз еркімен кетуіне себеп болуы мүмкін. Бір сәт дем алып, көңіліңізге қуаныш сыйлайтын дүниеге ақша жұмсаңыз — бұл өз бақытыңызға салынған инвестиция болмақ.

♐️Мергендер бұл аптада қаржы тақырыбына тым биіктен қарап кетуі мүмкін. Жерге дер кезінде түскен дұрыс, шоттағы қалдықты да ұмытпай бақылап отырған жөн. Жұлдыздар ескертеді: аяқ астынан жасалған сауда-саттық сіздің бюджетті көпіршік секілді жарып жіберуі мүмкін.

♑️Тауешкілер осы аптада қаржылай жоспар құруда ерекше мұқият болмақ — тіпті кәсіби есепшілер де қызыға қарауы мүмкін. Алайда жұлдыздар кенеттен болатын қуанышты шығындар үшін аздаған орын қалдыруды ұсынады. Кейде жоспарланбаған сатып алу жоспарланғанынан әлдеқайда көп қуаныш сыйлайды. Есіңізде болсын: ақшаны басқару — өнер, ал фанатизм — сол өнердің жауы.

♒️Суқұйғыштар осы аптада ерекше немесе жаңашыл бір нәрсеге ақша салғысы келуі мүмкін… мысалы, криптовалюта сатып алу немесе ұшатын мысық өсіретін стартапқа инвестиция құю (әзіл әрине!). Ең бастысы — шешім қабылдамас бұрын асықпай ойланыңыз және бұл саладан хабары бар адамдармен кеңескеніңіз жөн.

♓️Балықтар бұл аптада қаржы өзенінде тыныш жүзіп келе жатқандай күй кешеді… бірақ кенеттен күтпеген шығындар дауылы соғуы мүмкін. Жұлдыздар «құтқарушы парашют» — яғни, шағын резервтік қор ұстап жүрген дұрыс дейді.

Аптаңыз сәтті өтсін әрі қаржыңыз еселене берсін!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады.Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌4👏3❤2
💡📆📆📆📆📆 21 сәуір

👏21 сәуір – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылым – Мемлекеттік күзет қызметінің кәсіби мерекесі. Бұл қызмет 1995 жылы құрылған. 2014 жылдан бастап оның құрамына Республикалық ұлан мен Президент күзеті қызметі енді. Сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметінің жанынан «Көкжал» арнайы мақсаттағы тобы құрылған. Ұйымның құрылымы мен штаттық саны тікелей Мемлекет басшысының шешімімен бекітіледі.

Мемлекеттік күзет қызметіндегі достарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🙌21 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық шығармашылық және инновация күні аталып өтеді. Бұл күннің негізгі мақсаты — адамның шығармашылық қабілетін дамытып, оның талантын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Бүгінде креативті индустриялардың ғаламдық ауқымдағы экономикалық үлесі 3,6 трлн АҚШ долларын құрайды. Ғылым мен техникадағы инновациялық жетістіктер адамдардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етсе, экономикалық салада – ашаршылық пен кедейшілік мәселелерін шешуге жол ашады.

😻Бүгін тәтті әуесқойлары халықаралық пірәнік (прияник) күнін тойлайды. Осыған ұқсас тәтті нан өнімі туралы алғашқы деректер ежелгі Египет пен Рим жазбаларында кездеседі. Тарихта бұл тағам мерекелік символға айналған, өйткені оның құрамындағы заттар арзан әрі күнделікті қолданыстағы өнімдерге жатпаған. Бүгінгі таңда пірәніктер үлкен және кішкентай болып келеді. Сонымен қатар салмасына бал, қант, джем, жаңғақ және т.б. заттар қосылады.

Сізге пірәніктің қай түрі ұнайды?

💪Бүгін әлемдегі ең көне әрі ең әйгілі қалалардың бірі Рим 2778 жылдығын атап өтеді. Аңызға сүйенсек, қаланың негізін қалаған Ромул мен Рем есімді ағайынды бауырлар Тибр өзенінің бойынан жаңа қоныс іздеп, дәл осы жерде қала құрған. Тарихшылар Римнің негізі біздің дәуірімізге дейінгі 753 жылдың 21 сәуірінде қаланған деп есептейді. Қазіргі таңда Рим – Италияның астанасы. Оның сәулеті мен өнер туындылары бүкіл әлемдік мәдениетке орасан зор әсер етті. Ежелгі Рим форумының және Колизейдің қирандылары бір кездегі ұлы империяның даңқын көрсетеді. Ал Ватикан – католик шіркеуінің орталығы, өзінің Әулие Петр соборы және музейлерімен туристерді көптеп тартады.

Римге барғыңыз келе ме?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Президенткүзеті #Шығармашылықкүні #Прәніккүні #Танымалқала
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌2
💡💡💡💡💡💡💡

Сіз кімсіз: Экстраверт, интроверт әлде амбиверт?

Адам табиғаты – тұңғиық. Біреулер айналасына жарық шашып, ортаның шырайын кіргізіп жүрсе, енді біреулер өз ішкі әлемінде тұнып тұрған тереңдікпен өмір сүреді. Ал үшіншілері осы екеуінің арасын ұштастырып, кез келген жағдайға бейім бола алады. Бұл – адамның психологиялық типіне байланысты өрбиді. Себебі адам табиғатынан экстраверт, интроверт немесе амбиверт болады.☝🏻
⠀
📍Экстраверттер – өмірге ғашық жандар. Олар үшін әрбір таң – жаңа мүмкіндік, әрбір кездесу – шабыт. Олар көпшіліктің ортасында қуаттанып, адамдармен араласудан ерекше ләззат алады.
⠀
Негізі экстраверт болсаңыз, өмір сүру жеңілірек. Себебі мұндай адамдар эмоциясын сыртқа шығара алады. Мәселен, ашу-ыза, реніш сынды жағымсыз дүниелер орын алған сәтте, бірден шешуге тырысады. Ішінде сақтамайды. Өмірге тек позитивпен қарайды.
⠀
Бұған қоса олар діттеген мақсаттарына жетпейінше, тыным таппайтын жандар. Олар тәуекел етуден қорықпайды. Әрдайым жаңа мүмкіндіктерді іздеп жүреді. Келеңсіздіктер болған жағдайда, беріле салмайды. Күреседі. Талпынады. Осылайша, әрекетіне қарай белгілі бір деңгейде жетістікке жете алады.
⠀
📍Ал интроверттер «ішімдегіні тап» деп тұратын, томаға-тұйық адамдар. Олар көп жағдайда сезімдерін іште сақтап, өздеріне берілген мүмкіндіктерден айырылып қалып жатады. Олар өте сабырлы болып келеді.
⠀
Интроверт адам жалғыз қалудан қорықпайды. Керісінше, жалғыздық оларға күш береді. Кез келген іске зейінін қойып, салмақты түрде қарайды. Эмоцияға беріліп, бірден шешім шығармайды. Олар бәрімен бірдей ашылып сөйлесе алмайды. Белгілі бір адамдармен ғана қатынас құра алады. Интроверттер жалғыз қыдырып, тыныштықта сүйікті ісімен шұғылданғаннан ләззат алады.
⠀
📍Ал амбиверттер – қос әлемнің тоғысқан тұсы. Олар кейде экстраверт секілді ортада жарқырап жүрсе, кейде интроверттей тұйықталып, тыныштықты қалайды. Амбиверттер – икемді әрі жан-жақты адамдар. Олардың көңіл күйі мен әрекеті жағдайға, көңіл ауанына байланысты құбылып отырады. Бірде толқын болып жағаға ұрса, бірде терең тұңғиыққа батып кетуі мүмкін.

Амбиверттер ең бастысы – өз жүрек қалауын басшылыққа алады. Оларға мәжбүрлі әлеуметтік байланыс емес, шынайы ішкі үндестік керек. Сол үндестікпен өмір сүргенде ғана олар өздерін жайлы сезінеді.
⠀
📌 Ал сіз адамдардың қай санатына жатасыз?

Сізді шабыттандыратын не – адамдар ма, әлде жалғыздық па?
Қуанышыңызды бөліскіңіз келе ме, әлде іште сақтайсыз ба?
⠀
Өзіңізді тану – өмірді танудың алғашқы қадамы. Ал өзіңізді тапсаңыз – бақыттың кілтін тапқаныңыз.

#қазынакеңес #интроверт #экстроверт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🤩Қазақстанда үйленген жас жұбайлардың жартысы ажырасып кеткен

Елімізде ажырасу жағдайлары көбейіп кетіпті📍

🤗Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қайтадан суыта бастайды

Синортиктер ескерту жасады🔎

👏Яндекс такси мен Индрайвер жүргізушілерінің жасырын табысы тексеріледі

Жаңа талап орнамақ🖇️

✊Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік инженерлерінің қатарына енді

Керемет! Құтты болсын! 😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-71/

#Қазақстан #Жаңалықтар #ажырасу #жасжұбай #ауарайы #Яндекс #Индрайвер #инженерлер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2👌2