Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👥2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен кейбір медициналық қызметтерге ҚҚС төмендетіледі

Министр мән-жайды түсіндіріпті👍

👋Алматыда ертең дабыл жүйесі іске қосылады

Құлаққағыс📌

😍Гонконгтен Қазақстанға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Тамаша!😍

🥸Жаңа астықтың 7,5 млн тоннасы экспортталды

Мәссаған!😶

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-77/

#Қазақстан #Жаңалықтар #ҚҚС #дәрі-дәрмек #дабылжүйесі #Гонконг #тікелейәуерейсі #астық #экспорт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4❤2
💡📆📆📆📆📆 30 сәуір

💪1945 жылдың 30 сәуірінде 20 жастағы лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы қатардағы жауынгер Григорий Булатов Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен еді. Бұл – Рейхстагтың үстінде желбіреген көптеген жалаулардың ең алғашқысы болатын.
Олардың әрекеті жауынгерлерге күш пен батылдық берді. Алайда жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жыл бойы еленбей келді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілгені мәлім. Батырдың ерлігі жылдар бойы ресми Мәскеу тарапынан көпе-көрнеу ескерілмеді. Бүкіл кеңестік тарих оқулықтарында М.Егоров пен М.Кантарияның есімі айтылып, оларға КСРО Батыры атағы берілді деп жазылып келді. Кейін Қонаев Қошқарбаевқа Батыр атағын беру туралы арыз жазып, оған Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев және басқа да қазақ зиялыларының өкілдері қол қояды. Бірақ Кеңес өкіметі оны жауапсыз қалдырды. 1999 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған Халық Қаһарманы атағы берілді.

Сіздің жақын жандарыңыздың арасында Ұлы Отан соғысына қатысықандар бар ма?


👏30 сәуірде ЮНЕСКО бастамасымен Халықаралық джаз күні аталып өтеді. Бұл — өткен ғасырдан бүгінгі таңға дейін музыка өнерінің бірегей түрі ретінде қалып, нәсілдер мен ұлттарды біріктіріп келеді. Сол себепті ол бейбітшілік символы саналады. Ұлт пен ұрпақ арасындағы шекараны жойып, татулық пен бейбітшіліктің символына айналған бұл жанрдың басты аспаптарының бірі – саксофон. Осы аспапта ойнау шеберлігімен танылған тұлғалардың бірі – Батырхан Шүкенов еді.

Сізге музыка өнерінің қай бағыт ұнайды?




🤩30 сәуір — Халықаралық шам жасаушылар күні. Бұл күн ғасырлар бойы адамдар үшін жалғыз жарық көзін ойлап тапқан шырақ жасаушы шеберлердің құрметіне арналған. Иә, қол шамдарының пайда болуы электр шамдарын өндіру мен тұтынудың азаюына әкелді. ХХІ ғасырда да аталмыш шамдар адамдар өмірінде маңызды рөл атқаруда. Қазіргі таңда оларды арнайы рәсімдер үшін, бөлмені безендіру мақсатында және медитация үшін қолданады.

Ал сіз шамдарды қандай мақсатта қолданасыз?


👥30 сәуір өмірге келген танымал тұлғалар. 112 жыл бұрын Қазақстанның халық әртісі, актер және режиссер Әубәкір ЫСМАЙЫЛОВ (1913-1999) дүниеге келді. Ұлттық кәсіби кескіндеме мектебінің негізін қалаушылардың бірі 1928 жылы қазақ өнерінің тұңғыш көшпелі көрмесіне қатысты. 1939 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан халық би ансамблін ұйымдастырды. Ол театрда режиссер және қоюшы-суретші болып қызмет етіп, фильмдерде ойнады. Сонымен қатар бүгін израильдік актриса және модель, БҰҰ ізгі ниет елшісі Гал Гадот 40 жасқа толды. Ол көпшілікке «Әділет лигасы», «Ғажайып әйел» және «Форсаж» фильмдеріндегі рөлімен танымал. 2022 жылы ол Tiffany & Co жоғары зергерлік бұйымдар желісінің бас елшісі болды.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #РахымжанҚошқарбаев #Жеңістуы #джазкүні #ақпараткөздері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ӘубәкірЫсмайылов #ГальГадот
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2❤1
💡💡💡💡💡💡💡

Қарыз құрсауынан қалай шығуға болады? ТОП-7 кеңес

📝 Қарызға кіру оңай, ал одан шығу қиын. Бірақ дұрыс стратегия мен қаржылай тәртіп болса, кез келген қарыздан құтылуға болады. Төменде қарызды өтеудің ең тиімді 7 жолын ұсынамыз.

1️⃣ Қарыздарыңызды нақты тізімдеп, басымдық белгілеңіз

Алдымен, барлық қарызыңызды қағазға немесе Excel кестесіне жазып шығыңыз.

Оларға:

✅ Қарыз сомасы
✅ Пайыздық мөлшерлеме
✅ Ай сайынғы төлем
✅ Қарыз мерзімі

Егер бірнеше несиеңіз болса, ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі барын бірінші өтеуге тырысыңыз. Бұл сізді артық төлемдерден құтқарады.

2️⃣ “Қар жинау” әдісін қолданыңыз

Бұл әдіс бойынша ең кішкентай қарызды бірінші жауып, одан кейін үлкеніне көшу керек. Бірінші қарызды жапқанда, өзіңізді жеңіл сезініп, мотивация аласыз.

✅ Мысал:
• 50 000 теңге – шағын қарыз
• 250 000 теңге – тұтынушылық несие
• 1 000 000 теңге – ипотека

Алдымен, 50 000 теңгені жауып, сосын қалғандарын кезең-кезеңімен төлеу керек.

3️⃣ Қосымша табыс көздерін іздеңіз

Қарызды жылдамырақ жабу үшін табысты көбейту маңызды. Ол үшін:

✅ Фриланспен айналысыңыз (жазу, дизайн, аударма)
✅ Қосымша жұмыс табыңыз
✅ Қажетсіз заттарды сатыңыз
✅ Бизнес бастауға немесе инвестицияға талпыныңыз

Мысалы, егер ай сайын 20 000 теңгеден артық тапсаңыз, бұл қарызыңыздың тезірек жабылуына көмектеседі.

4️⃣ Шығындарды азайтып, бюджетіңізді реттеңіз

Көп адам өз қаражатын дұрыс басқармағандықтан қарызға кіреді. Сондықтан қажетсіз шығындарды қысқартыңыз:

❌ Кофеханалар мен қымбат мейрамханалар
❌ Қымбат бренд заттар
❌ Артық жазылымдар (Netflix, фитнес-клуб және т.б.)

✅ Мысалы: Егер ай сайын 50 000 теңге үнемдесеңіз, бұл қарызды өтеуге үлкен көмек болады.

5️⃣ Қарызды қайта қаржыландырыңыз

Егер несиеңіздің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса, оны басқа банкке төмен пайызбен ауыстыруға болады. Бұл сіздің ай сайынғы төлеміңізді азайтады және қарызды жеңілдетеді.

✅ Мысал: Егер қазіргі несиеңіздің жылдық мөлшерлемесі 25% болса, ал басқа банк 15%-бен берсе, сіз айына 10 000-20 000 теңге үнемдей аласыз.

6️⃣ “Несие картасын” пайдалануды шектеңіз

Несие картасы – қаржылай қиындықтың басты себептерінің бірі. Себебі:
❌ Жоғары пайыздық мөлшерлеме
❌ “Оп-оңай” ақша болып көрінуі
❌ Адам психологиясы оны жиі пайдалануға бейім

Картаны мүлде қолданбаңыз немесе ай сайын толық жауып отырыңыз.

7️⃣ Өзіңізге қаржы тәртібін орнатыңыз

Қарыздан құтылу үшін ең бастысы – дұрыс қаржы әдеттерін қалыптастыру:
✅ Табыс пен шығынды жазып отыру
✅ Қаржы жинауға дағдылану
✅ Тек қажетті заттарды сатып алу
✅ Қаржы сауатын арттыру

📍Қорытынды

Қарыздан құтылу — жүйелі процесс. Сондықтан оған уақыт пен тәртіп керек. Бастысы – нақты жоспар жасап, үздіксіз әрекет ету.

📌 Есіңізде болсын: Қаржыңызды өзіңіз басқармасаңыз, қарыз сізді басқарады!

#қарыз #қаржы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🙊2🔥1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

💡Депутаттар тойды кредитке өткізуге қарсы шықты

Бұл ұсынысты қолдайсыз ба? 🤔

✅Еңбек биржасында 1 млн-нан астам бос жұмыс орны жарияланады

Жұмыс іздеп жүргендерге жақсы мүмкіндік👍

😅Қазақстандықтардың табысы өскен сайын, төленетін салық мөлшері де жоғарылайды — Жаңа Салық кодексі қабылданды

Құжатқа сәйкес, елімізде жеке табыс салығына прогрессивті шкала енгізіледі📌

🤩Жұмыссыз ретінде тіркелгендер үшін медициналық сақтандыру жарнасын әкімдіктер төлейді

Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады📍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-78/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Той #кредит #Еңбекбиржасы #салық #медициналықсақтандыру #жарна
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌3❤1🥱1
💡📆📆📆📆📆 1 мамыр

🗣1 мамыр – Ұлттық бірлік күні. Қазіргі таңда Қазақстан 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілінің жылы қонысына айналды. Ел аумағында тұратын түрлі этностар өздерінің ұлттық салт-дәстүрін, мәдениеті мен рухани болмысын сақтауға толық мүмкіндік алды. Ұлт мәселесін даналықпен шешу – елімізді ірі қақтығыстар мен алауыздықтан аман алып қалды. Бүгінде Қазақстанда ұлттар мен ұлыстар арасында өзара құрметке, сенім мен түсіністікке негізделген берік қарым-қатынас қалыптасты.

Бірлік күні құтты болсын!



💪1 мамырда емдік массаж күні аталып өтеді. Қазіргі таңда адам өмірі күйзеліске толы. Осы тұста, емдік массаж түрлі физиологиялық ауыртпалық пен денедегі психологиялық блоктарды жоюға көмектеседі. Сол себепті бүгін арнайы массажға жазылып, денеңізге күтім жасап үлгеріңіз!

Егер массаж жасайтын таныстарыңыз болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!



🤝2019 жылдың 1 мамырында “Әміре” фильмі АҚШ-та өткен халықаралық фестивальде "Үздік көркем фильм" және “Үздік актер” аталымдары бойынша қос жүлдеге ие болды. Аты аңызға айналған қазақ әншісі Әміре Қашаубаев (1988-1934) — Еуропа жұртшылығына домбыраны және қазақтың ұлттық вокалдық өнерін алғаш болып таныстырған тұлға. Ол 1925 жылы Парижде өткен Бүкіләлемдік музыка байқауында өнер көрсетіп, күміс медаль иеленген. Әміренің сахнадағы бейнесін шебер сомдаған — актер Санжар Мади.
Айта кетейік, 2018 жылы бұл фильм Голливуд кинофестивалінде Silver Screen Award жүлдесін де жеңіп алған болатын.

Фильмнің трейлерін мына жерден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=3gIqu_PfigQ




👏Бүгін пошталық марканың пайда болған күні. 1840 жылдың 1 мамырында Лондон поштасында патшайым Викторияның бейнесі бейнеленген алғашқы пошта маркалары сатылымға шықты. Кейін бұл ерекше пошта ақысының белгісі әлемнің барлық елінде қолданысқа енді.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы пошта маркасы 1992 жылдың 20 наурызында жарық көрді. Онда “Алтын адам” бейнеленді.

#Күнтізбе #Қазақстанмерекелері #Ерекшекүн #емдікмассаж #қазақкиносы #поштамаркалары #филателист
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌3
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Қайын ата – Күйеу бала” атты комедия фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/pbkO1KbZiVU

#Қайыната–Күйеубала #комедия #зять #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #семья
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!

1 маусым күні мамыр айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!

Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.

Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.

Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 маусым шығарамыз. Коммент жазыңыздар!

Бүгін біз сәуір айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!

Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз желтоқсан айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.

Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл

Сонымен, қараша айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣ @aagwwd
2️⃣ @Ulbosyn2019
3️⃣ omirzakkyzy
4️⃣ Жан
5️⃣ Жусупова

(Кестеде толық мәліметтер берілген.)

1 қаңтардан бастап қаңтар айының комментерін санауды бастаймыз.

Ең үздік комментарий үшін
Гүлназ оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.

Мамыр айында бізде 6 жеңімпаз болады.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.

Ескерту:
❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.

❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.


Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы☑️
🥰10❤4👍4🎉3
💡📆📆📆📆📆 2 мамыр

🔥ЮНЕСКО 2019 жылдың 2 мамырында 2020 жылды барша түркі жұртының ұлы ойшылы Тоныкөкке арнау туралы шешім қабылдады. Түркілердің руна жазбасы мен ескерткіштері айғақтағандай, Тоныкөк есімі Шығыс Түрік қағанатының құрылуымен, Қытаймен күресте тәуелсіздікті қайта алуымен тығыз байланысты. Ол — жауларымен болған шайқастарды құлыптасқа (Орхон-Енисей) жазба ретінде қалдырған жалғыз қолбасшы. Бұл арқылы тарихшылар жау күштерінің құрамын, қарулану деңгейін, шайқас өткен жер мен уақытын нақты анықтай алады. Тоныкөктің ең асқақ арманы — түркі халқының тәуелсіз, еркін өмір сүруі, ішкі-сыртқы дұшпандарға бағынбай, азат ел болуы еді.



📚Бүгін кітап сүйер қауым халықаралық Хәрри Поттер күнін атап өтеді. 2 мамырда сиқыршылар әлемінде аты аңызға айналған Хогвартс үшін шайқас өтіп, Екінші сиқыршылар соғысы аяқталды. Дәл осы күні Хәрри Поттер өмірінде ең көп азап әкелген — лорд Волан-де-Мортты жеңіп, зұлымдыққа қарсы тұра білді. Джоан Роулингтің бұл туындысы — оқырманға махаббат пен батылдықты, мейірімділік пен табандылықты, жақынға жәрдемдесуді, рухани беріктік пен қайсар мінезді ұғындырады. Бір қызығы, зерттеулерге сүйенсек, оқырмандардың 61 пайызынан астамы аталған роман олардың өмірлік көзқарасы мен дүниетанымына әсер еткенін айтқан.

Хәрри Поттер кітабының жанкүйерлерін осы күнмен құттықтаймыз!



👀2 мамырда БҰҰ бастамасымен дүниежүзілік тунец күні аталып өтеді. Бұл күн ғаламшардағы балық көзін қорғауға және сақтауға шақырады. Бүгінде табиғатта тунецтің шамамен 40 түрі бар, ал оның етін әлем халқы ең құнды ас ретінде тұтынады. Жыл сайын шамамен 7 миллион тонна тунец ауланады. Ең қымбат тунец 2019 жылы Жапониядағы аукционда 278 келі салмақта $3,1 миллионға сатылған. Бұл — адамзаттың теңіз байлығын бағалауы мен тұтынуының нақты көрінісі.


👥2 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 113 жыл бұрын қазақтың тұңғыш опера әншісі, драмалық актриса Күләш Байсейітова (1912-1957) дүниеге келді. 1933 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетті. Талант иесі 24 жасында-ақ КСРО халық әртісі атағына ие болды. Оның есімі шетелдік сахналарда да құрметке бөленді. Бүгінде Күләш Байсейітованы еске алу мақсатында республикалық вокалшылар байқауы тұрақты өткізіліп келеді. Сонымен қатар бүгін атақты ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Манчестер Юнайтед”, “Реал Мадрид”, “Милан”, “Пари Сен-Жермен” клубтарының құрамында өнер көрсеткен спортшы Англия құрамасы сапында Алматыға да келген. Бекхэмнің есімі бір кездері Google жүйесінде ең жиі ізделген спорттық тұлға ретінде тіркеліп, сән әлемінде де беделді брендке айналды.

Сіздің қалаңызда Күләш Байсейітованың есімімен аталған қандай ғимараттар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Түркітарихы #Жануарлардықорғау #ХәрриПоттеркүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #КүләшБайсейітова #ДэвидБекхэм
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3👌2😍1
💡💡💡💡💡💡💡

Мәселені дәрі ішу арқылы тұншықтырмаңыз. Оларды шешіңіз — Джим Керри

✔️ Джеймс Юджин Керри — канадалық әрі америкалық актер, әзілқой, сценарист және продюсер. Өнер иесі “Маска”, “Бэтмен мәңгілік”, “Эйс Вентура: Үй жануарларын іздестіру”, “Эйс Вентура: Табиғат шақырғанда”, “Өтірікші өтірікші”, “Құдіретті Брюс”, “Трумэн шоуы”, “Айдағы адам” фильмдерімен танымал. Ол комедия жанры бойынша АҚШ-та жоғары жалақы алатын актерлардың бірі. “Однажды укушенный” фильмінде алғашқы басты ролін сомдады. Керридің талантын сыншылар жоғары бағалады. Актер алты мәрте “Алтын глобус” номинациясын иеленді. Сонымен қатар BAFTA және басқа да бірқатар марапаттың иегері. БАҚ өкілдері Кэрридің мансап жолында ешқашан “Оскарға” ұсынылмағанын бірнеше рет атап өтті.

📌 Ендеше назарларыңызға өнер иесінің нақыл сөздерін ұсынамыз.

1️⃣ Менің өмірім емес, түсім қорқынышты.

2️⃣ Мәселелерді дәрі ішу арқылы тұншықтырмаңыз. Оларды шешіңіз.

3️⃣ Мен есімі ғасырлар бойы сақталатын ұлы актер болғым келді. Осы арқылы өзімді мақтан етемін деп ойладым. Бірақ қателесіппін. Айтарым, жай ғана өз-өзіңізбен болып үйреніңіз. Болды, басқа ештеңе қажет емеч.

4️⃣ Егер сіз арманыңыздан бас тартсаңыз, сізде басқа не қалады?

5️⃣ Жағдай шынымен нашарлап кетсе, тек күлу ғана қалады.

6️⃣ Егер дәл қазір әрекетсіз жүрсеңіз, онда сізде нақтылық жоқ немесе сіз бір нәрсеге өкінесіз.

7️⃣ Сіздің өміріңіздегі жағдайдың бәрі сіз арқылы емес, сіз үшін жасалады.

8️⃣ Жақсы жігіттер ең соңынан келеді.

9️⃣ Мен мына қағида бойынша өмір сүремін: «сену – өзіңе көз жеткізу – армандау».

🔟 Маған бұрын көзінде мұңы бар әйелдер ұнайтын. Мүмкін мен оларды бақытты еткім келген шығар.

1️⃣1️⃣ Менің өмірімнің негізгі ережелері қандай? Біріншіден, есіңізде болсын: «Өмірім біртүрлі өтіп жатыр, мен өзіме артылған міндетті дұрыс атқарып жатқан жоқпын» деген сезім мазалайтын болса, онда бәрі сізге аяғын сүртетін болады. Екіншіден, ешқашан өзіңізге тым салмақты қарамаңыз. Менің агентім және сенімді екі менеджерім The Cable Guy үшін қаламақы туралы келіссөз жүргізіп жатқанда - бұл менің үйімде болды. Біз екінші тараппен телефон арқылы динамик режимінде сөйлестік ...

1️⃣2️⃣ Мен сүйгім келеді және сүйемін. Оның қанша уақытқа созылатыны маңызды емес. Себебі бұл сезім ғасырлар бойы немесе бір сәттік болуы мүмкін.

#қазынакеңес #дәрі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2❤1🤩1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🥹“Несие пайызы төмендемей, экономика дамымайды”. Депутат банк жүйесіне өзгеріс қажет екенін мәлімдеді

Бұған не дейсіз?🤔

🥸Елімізде коммуналдық қызмет пен азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

Тұрғындар қалтасына салмақ түсіп жатыр📌

👤Мамырда Ұлттық қордан 1 млрд доллар алынбақ

Ақшаның қандай мақсатқа жұмсалатыны белгілі болды📍

💥Жеңіс күні Астанада мерекелік отшашу болады

Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады екен🎉

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-79/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Несие #экономика #банкжүйесі #Ұлттыққор #коммуналдыққызмет
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1👌1
💡📆📆📆📆📆 3 мамыр

👀3 мамырда түркі халықтарының ынтымақтастығы күні аталып өтеді. Бұл – түркі жұрты көп шоғырланған өңірлерде тойланатын маңызды күн. Мерекенің басты мақсаты – түркі халықтарының этникалық, мәдени және тілдік тамыры ортақ екенін ескере отырып, оларды бірлікке, өзара қолдауға және саяси тұтастыққа шақыру. Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше болса, Венгрия мен Түрікменстан бақылаушы елдер ретінде тіркелген.



🌞Бүгін дүниежүзілік Күн күні аталып өтеді. Адамзатқа ең жақын жұлдыз – Күн Жер бетіндегі тіршілік атаулыға жарық пен жылу беретін қуат көзі. Бұл күннің мақсаты – жаңартылатын көздерді пайдалануға назар аудару және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін көрсету. Бүгінде Қазақстан осы технологияларды дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, 2020 жылы еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің жалпы энергетикалық балансқа қосқан үлесі 3 пайызды құрады. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Сіз аталған технологияны дамыту идеясын қолдайсыз ба?



📖3 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін атап өтеді. Демократияның негізі – адамның қоғам мүшесі ретіндегі басты құқықтарын негізге алатын баспасөз және пікір бостандығы. Әрбір азамат өмір сүріп жатқан қоғамның жағдайын білуге ​​және кез келген ақпаратқа қол жеткізуге құқылы. 2023 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сөз бостандығы индексінде Уганда мен Шри-Ланка арасында орналасқан 180 елдің ішінде 134-ші орынға ие болды.



📤Бүгін “спамның” пайда болғанына 47 жыл толды. 1978 жылы 3 мамырда DEC өз тұтынушыларына жаңа шағын компьютерлері туралы 400-ге жуық спам хабарламасын жолдаған. Қазір спаммен күресу мәселесі жаһандық сипатқа ие. Осы тұста, арнайы зерттеу орталықтары мен спамға қарсы халықаралық альянстар бар. Спаммен күресу және оны қорғау үшін мыңдаған нұсқаулық әзірленді. Себебі кейде хабарламаларда қауіпті вирустық сілтемелер болады. Әлемдегі ең ірі спам өндірушілер – АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытай.

Ал сіз спам хабарламаларға қалай жауап бересіз?

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ТүркіХалықтары #Астрология #БаспасөзБостандығы #СпамнанҚорғану
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤1👌1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🌿Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу. Бұл тақырыптар — суретші Баха Бүбіханованың шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан терең дүниелер.

Байқау жеңімпазы 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленіп, оның туындысы Қазақстандағы ең ауқымды өнер топтамаларының бірі — Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорына қабылданады.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 3 және 4 мамыр, 11:00 – 19:00

🌝"Zat" көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 – 19:00

🔥"Volcano" заманауи керамика көрмесі

Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаудың атқылау үдерісін зерттеп, осы тақырыпқа арналған жұмыстарын ұсынады. Табиғаттың бұл қуатты құбылысын – лаваның ағысы тудырған күш пен энергияны терең ұғынып, суретші оны өз бойынан өткізе отырып, көркем түрде бейнелеген.
Өтетін орны: «Өнер» арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51
Күні: 3 мамыр, 10:00 – 19:00

💪"Ұлы Жеңіс – ерлікке құрмет, ұрпаққа өнеге” атты сурет және мүсін көрмесі

Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 3 және 4 мамыр, 11:00 – 19:00

😻"Ancient Futures: мұраны, қолөнерді және экологияны зерттеу” көрмесі
⠀
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 3 және 4 мамыр, 12:00 – 17:00


👏"T1 / 2" саунд-арт инсталляциясы
⠀
“T1/2” — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген.

Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 3 және 4 мамыр, 14:00 – 22:00

👤Spring Art Fair көрмесі
⠀
Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 – 20:00


АСТАНА:

👣“КЕРІСІНШЕ” көрмесі

Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 - 20:00

👀SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 - 16:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤8