Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🌿Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу. Бұл тақырыптар — суретші Баха Бүбіханованың шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан терең дүниелер.

Байқау жеңімпазы 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленіп, оның туындысы Қазақстандағы ең ауқымды өнер топтамаларының бірі — Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорына қабылданады.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 3 және 4 мамыр, 11:00 – 19:00

🌝"Zat" көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 – 19:00

🔥"Volcano" заманауи керамика көрмесі

Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаудың атқылау үдерісін зерттеп, осы тақырыпқа арналған жұмыстарын ұсынады. Табиғаттың бұл қуатты құбылысын – лаваның ағысы тудырған күш пен энергияны терең ұғынып, суретші оны өз бойынан өткізе отырып, көркем түрде бейнелеген.
Өтетін орны: «Өнер» арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51
Күні: 3 мамыр, 10:00 – 19:00

💪"Ұлы Жеңіс – ерлікке құрмет, ұрпаққа өнеге” атты сурет және мүсін көрмесі

Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 3 және 4 мамыр, 11:00 – 19:00

😻"Ancient Futures: мұраны, қолөнерді және экологияны зерттеу” көрмесі
⠀
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 3 және 4 мамыр, 12:00 – 17:00


👏"T1 / 2" саунд-арт инсталляциясы
⠀
“T1/2” — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген.

Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 3 және 4 мамыр, 14:00 – 22:00

👤Spring Art Fair көрмесі
⠀
Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 – 20:00


АСТАНА:

👣“КЕРІСІНШЕ” көрмесі

Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 - 20:00

👀SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 - 16:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤8
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Громовержцы” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/e8Sa-g4J7Og

#Громовержцы #марвел #боевик #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #фантастика
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌2❤1
💡📆📆📆📆📆 4 мамыр

🌝1939 жылы 4 мамырда Қазақстан Композиторлар одағы құрылды. Оның бастамашылары қазақ музыкасының жеті атақты авторы — Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Борис Ерзакович, Василий Великанов, Сергей Шабельский және Мұқан Төлебаев болды. Ұйымның негізгі міндеті Қазақстанның ұлттық, классикалық музыкалық өнерін насихаттау және үздік дәстүрлерді дамыту еді. Бүгінде оның мүшелігінде 124 композитор бар. Аталмыш одақтың арқасында “Қыз Жібек”, “Біржан – Сара”, “Алпамыс”, “Абылай хан” операсы, “Әлия” балеті және басқа да туындылар дүниеге келді.

Егер таныстарыңыздың арасында композиторлар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🔥4 мамыр — Халықаралық өрт сөндірушілер күні. Бұл — ең қауіпті әрі ең абыройлы мамандықтардың бірі. Әр күн сайын мыңдаған адам өз өмірін қатерге тігіп, өзгені құтқаруға күш салады. Олардың ерен еңбегі лайық бағаланып, құрметке ие болуы тиіс. Қазақстанда өрт сөндірушілер өз кәсіби мерекесін 17 сәуірде атап өтеді. Әрине, бұл еңбектің ескерусіз қалмағаны жөн. Дегенмен бұл игі мамандық иелерін Халықаралық мерекесімен тағы да құттықтауға болады!


✨4 мамырда фантастика жанрының әуесқойлары “Жұлдыздар соғысы” күнін атап өтеді. Оның негізін Джордж Лукас қалады. Мереке алғаш рет осы кинотуындыны жан-тәнімен сүйетін көрерменнің бастамасымен пайда болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Фильмдегі атақты тіркес — “May the Force be with you” (“Күш сенен таймасын”) — “May the 4th be with you” (“4 мамыр күні күш сізбен болсын”) деген сөз ойынына ұласқан.

Сізге “Жұлдыздар соғысының” қай кейіпкері ұнайды?


👥4 мамыр — әйгілі екі әйелдің туған күні. 96 жыл бұрын британдық актриса, модель, биші және гуманитарлық қызмет қайраткері Одри Хепбёрн (1929-1993) дүниеге келді. Өнер иесі киноиндустрия саласында сән эталонына айналып, америкалық кинематографияда ең ұлы актрисалар тізімінде үшінші орынға ие болды. “Оскар” және басқа да беделді марапаттардың иегері. Сондай-ақ бүгін қазақстандық скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Монте-Карло халықаралық фестивалінің “Бірінші скрипка” дипломының лауреаты, Нью-Йорктегі джаз қауымдастығының мүшесі Жәмилә Серкебаева 55 жасқа толды. Ол этникалық және фольклорлық музыканы, классикалық, джаз, рок, кантри және попты шебер орындайды. Әлемге танымал көптеген өнерпазбен дуэт құрған. Франция, Америка, Бельгия, Ресей, Сингапур және басқа да елдерде гастрольдік сапармен өнер көрсеткен.

Сіз қазақ скрипкашыларының арасынан кімді танисыз?


#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ҚазақстанКомпозиторлары #ЖұлдыздарСоғысы #ӨртсөндірушіКүні #ТуғанКүндер #ТанымалАдамдар #ОдриХепбёрн #ЖәмилаСерікбаева
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤4👌2🎉1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Желаяқ” атты мультфильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/FAMzlO7srO4

#Желаяқ #мультфильм #анимация #кино #үйдежатпа #супергерой #кинообзор #приключения
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌4
💡💫💫💫💫💫💫💫

5–11 мамырға арналған апталық қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Осы аптадағы қаржылай жағдайыңыз қуаттауға қойылған телефонға ұқсайды: бәрі дұрыс секілді, бірақ жұмсай бастаған сәтте-ақ “қуаты” тез таусылады. Сол себепті ақшаны қажетсіз дүниелерге жұмсамай, оймен әрекет етіңіз. Айталық, жұмыртқа пісіретін функциясы бар телефон қабын сатып алудың қажеті шамалы.

♉️Осы аптада әмияныңыздың сәл жеңілдегенін байқайсыз. Уайымға салынбаңыз — көктем келгенде ақша да саяхаттағысы келеді. Бәлкім, олар бір сәтке шет ел асып кеткен шығар, бірақ аптаның соңына дейін қайта оралуын қадағалаңыз.

♊️Егіздер үшін бұл апта – қаржылай тұрғыдан шарықтау мен құлдырауға толы, нағыз америкалық әткеншек секілді. Кіріс те болуы мүмкін, шығын да. Қалт-құлт еткен сәттерде байыппен әрекет етіңіз — белдікті бекем буыңыз! Ескі дүниелеріңізді сатып қосымша пайда табуға болады. Бірақ ескі ойыншықтарыңызды сатпас бұрын ойланыңыз — олар сізге естелік, ал өзгеге тек қажетсіз дүние ғана.

♋️Бұл аптада қаржылай тұрақтылыққа қол жеткізудің амалын қарастырған жөн. Үйге бір бөлме гүлін алып келіңіз — ол сізге ұқыптылық пен үнемшілдікті еске салып тұрады. Егер сол гүлді суаруды ұмытсаңыз, сіздің де қаржыңыз “қурап” қалуы мүмкін.

♌️Арыстандар, бұл аптада өзіңіздің қаржылай зеректігіңізді көрсетуге мүмкіндік тумақ. Дегенмен тым шабытпен кетпеңіз! Бар байлығыңызды 90-жылдардағы CD-дискілерге инвестициялаудың қажеті жоқ. Одан да өзіңізге қуаныш сыйлайтын, жүрекке жақын дүние алыңыз — мысалы, жаңа тәж.

♍️Бикештер, бұл аптада қаржылай істерде белсенділігіңіз артып, биіктен көрінесіз. Жоспарлау қабілетіңіз артық шығыннан аман сақтайды. , кейде өзіңізді қуантудан да қашпаңыз — шын мәнінде пайдалы, жүрекке жылу сыйлайтын жақсы тағамға ақша жұмсаған әлдеқайда орындырақ. Ал “ақылды” гаджеттерге келсек, олардың біразы сөреде шаң басып қалуы мүмкін.

♎️Таразылар, осы аптада сізге маңызды қаржылай шешім қабылдауға тура келеді. Ең бастысы – тепе-теңдік! Егер банк шотыңыздағы баланс тоңазытқышыңыздағы өнімдермен сай келмесе, қай тұста үнемдеуге болатынын ойланған жөн. Ақылға салсаңыз, бәрін үйлестіруге болады.

♏️Сарышаяндар, апта барысында ақшаға келгенде аса мұқият болыңыз. Қаражатыңыз сүйікті тіскебасарларыңыздай – әп-сәтте жоқ болып кетуі мүмкін. Әсіресе “табыстың оңай жолы” деген жарнамаларға елігіп қалмаңыз — олар сіздің бюджетіңізге жасалған тұзақ болуы ықтимал.

♐️Мергендер, бұл аптада сүйікті ісіңізден табыс табуға тамаша мүмкіндік туады! Өз қабілетіңізді немесе хоббиіңізді ақшалай пайдаға айналдыруға тырысыңыз. Әсіресе, сапарлардан алған әсеріңізді өзгелермен бөлісіп, блог жүргізуді бастасаңыз — соның өзі үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ.

♑️Тауешкілер, сіздің қаржылық аптаңыз жақсы кітап іспетті өтеді – аздап интрига, бірақ көбі пайдалы мәліметке толы. Ұсақ-түйекке алаңдамай, кеңірек ойлауға тырысыңыз. Егер бір досыңыз “керемет” жобасына ақша сұраса, алдымен оның сізге Лондондағы көпірді сатып жібермегеніне көз жеткізіңіз.

♒️Суқұйғыштар, осы аптада қаржылық мәселелерде шығармашылық қабілетіңіз жарқырайды. Бәлкім, үнемдеудің тосын тәсілін табарсыз — мысалы, ескі газеттерден өзіндік бюджет жоспарын жасап көру. Тек бір нәрсені есте сақтаңыз: креативтілік тамаша қасиет, бірақ арманның арты шындыққа соқпай кетпеуі керек. Шындықпен санасуды ұмытпаңыз.

♓️Балықтар, бұл аптада байлыққа қатысты армандарыңыз орындалуы мүмкін, бірақ тек бір шартпен: бар ақшаңызды лотерея билеттеріне шашып жібермесеңіз. Оның орнына өз дарыныңызға инвестиция құйыңыз — бұл әлдеқайда сенімді әрі пайдалы жол. Есіңізде болсын: 1000 теңгенің 10 пайызы – 0 теңгенің 100 пайызынан әлдеқайда жақсы.

Аптаңыз сәтті өтсін әрі қаржыңыз еселене берсін!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌2❤1
💡📆📆📆📆📆 5 мамыр

🙏1918 жылы 5 мамырда Омбыда қазақ жастарының жалпы құрылтайы өз жұмысын бастады. Съезд делегаттарының қатарында М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Сейітов, А.Байгелдин, Ғ.Досумбекова және тағы басқа қазақ халқының белгілі қайраткерлері болды. Съезд нәтижесінде “Жас азамат” ұйымы құрылды. Оның мақсаты – Алаш республикасының мүддесін қорғау және ұлттық сананы көтеру үшін барлық өңірден жастарды біріктіру болды. 1920 жылы “Алаш Орда” партиясы таратылғаннан кейін Кеңес өкіметі тарапынан “Жас азамат” ұйымы да жұмысын тоқтатты.

💪5 мамыр – Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде денсаулығында қандай да бір шектеуі бар адамдар саны 1 миллиардтан асады. Бұл жалпы халықтың шамамен 15%-ын құрайды. Ал олардың 100 миллионға жуығы — балалар. Халықтың қартаюына және созылмалы аурулардың көп таралуына байланысты аталған көрсеткіш жыл сайын тұрақты түрде өсіп жатыр. Қазақстанда 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның 100 мыңы — 18 жасқа дейінгі балалар.


👀5 мамыр — Халықаралық акушерлер күні. Баланың дүниеге келуі барлық уақытта маңызды болғандықтан, бұл кәсіптің пайда болу тарихы ерте заманнан басталады. Мамандықтың маңыздылығын асыра бағалау өте қиын. Өйткені ананың және сәбиінің денсаулығы мен өмірін сақтап қалу, акушердің практикалық тәжірибесі және кәсіби дағдыларына байланысты.

Егер таныс акушерлер болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

👥5 мамырда өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 129 жыл бұрын театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Сералы Қожамқұлов (1896-1979) дүниеге келді. Қазақтың тұңғыш кино актері – кәсіби ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Мансап жолында 20-дан астам фильмге түсті. Сонымен қатар бүгін көпшілік үшін талғампаздық пен нәзіктіктің эталонына айналған актриса, тележүргізуші және модель Әсел Сағатова 40 жасқа толды. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапттың иегері 20-дан астам фильмде басты рөлді сомдаған. Сонымен қатар екі баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізеді.

Сізге қай қазақ актрисасы ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақтардыңқұрылтайы #Мүгедектердіңқұқығы #Акушерлеркүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #СералыҚожамқұлов #ӘселСағатова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤4⚡1👌1
💡💡💡💡💡💡💡

Google Calendar қосымшасы арқылы уақытты қалай дұрыс жоспарлауға болады?

📌 Google Calendar — әлем бойынша ең танымал және тегін жоспарлау құралдарының бірі. Оның артықшылықтары:

🟢 Тегін әрі қолжетімді: Android, iOS, компьютер — бәріне оңай бейімделеді.
🟢 Қарапайым әрі ыңғайлы: Интерфейсі түсінікті, технологиясымен таныс емес адамдарға да үйрену қиындық тудырмайды.
🟢 Еске салғыш функциясы: Кездесу, тапсырма, туған күн — бәріне уақыт қойып, хабарлама аласыз.
🟢 Күнделікті, апталық, айлық жоспарлар: Уақытыңызды визуалды түрде бақылап, алдағы күндерге дайын боласыз.

Google Calendar-ды тиімді пайдалану жолдары:

1️⃣ Таңғы 5 минуттық жоспарлау

Телефоныңызды ашқан сәтте ең алдымен Google Calendar қосымшасына “Бүгін не істеймін?” деген сұраққа жауап жазыңыз.

2️⃣ Уақытты блоктарға бөліңіз

Бұл тәсіл time-blocking деп аталады. Мысалы:

• 09:00–10:00 — Жұмысқа кірісу, пошта тексеру
• 10:00–12:00 — Шығармашылық тапсырма
• 12:00–13:00 — “Түскі ас пен серуен

Осылайша ойыңызды шашыратпай, бір нәрсеге шоғырлануды арттырасыз.

3️⃣ Күн сайын өзіңізге де уақыт арнаңыз

Кемі 30 минутты өзіңізге арнаңыж: кітап оқу, тынығу, дұға ету, серуендеу.

4️⃣ Апта соңында өзіңізге есеп беріңіз

Өткен күндерге көз жүгіртіп, қайда көп уақыт жұмсағаныңызды, нені елеусіз қалдырғаныңызды бағамдаңыз. Бұл – өзіңізді тәрбиелеудің, дамытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

‼️ Қорытынды

Уақыт — сіздің ең үлкен капиталыңыз. Оны басқара білген адам өмірін де, арманын да басқара алады. Google Calendar — тек уақытты жоспарлауға үйретіп қана қоймай, өз-өзіңізбен келісім жасауға мүмкіндік береді. Ендеше, уақытымызды – қадірлейік, өзімізді – құрметтейік.

#қазынакеңес #гугл #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3👌2⚡1🔥1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👀Кәсіпкерлерге арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды — Қаржы министрлігі

Енді әр кәсіпкердің жеке кабинеті болмақ👍

💪Министр бірқатар отандық тауарды шығару көлемі 30%-ке артқанын мәлімдеді

Тұрмыстық химия мен жағармай өндірісі 30%-ға артыпты📌

🤩Биыл 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Бұл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады екен📍

😎Астанада 600-ден астам бала Жеңіс күніне арнап Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады

Тамаша!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-80/

#Қазақстан #Жаңалықтар #БауыржанМомышұлы #портрет #кәсіпкер #цифрлықсервис
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌3❤1⚡1
💡📆📆📆📆📆 6 мамыр

☹️6 мамыр — Халықаралық диетаға қарсы күрес күні. Миллиондаған адам артық салмақпен күресу үшін бірнеше жыл жұмыс істейді. Алайда тек бестен біреуі ғана уақытша салмақ тастайды. Ал 1% - ы тұрақты түрде артық салмақтан арыла алады. Аталған күннің мақсаты — түрлі түсінікке еліктемей, өзіңізді сол қалпыңызда толық қабылдап үйренуге шақырады. Бұл қағиданы салауатты өмір салтын ұстанатындар қабылдады. Осы тұста, көпшілігі бастысы адамның дені сау болып, артық салмаққа қарамастан, құлпырып жүруге болады деген пікірді алға тартады.

Қалай ойлайсыз, диета ұстаған дұрыс па?


🙏2010 жылдың 6 мамырында Астанада Ұлы Отан соғысында Германия мен Австрияда қаза тапқан қазақтарға арналған “Арманда кеткен боздақтар” естелік кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітапта Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германиядағы концлагерьлердің қабырғасында қаза тапқан 6200-ден астам қазақстандық туралы мәлімет бар. Сонымен қатар мұнда Австрия аумағында соғысып, ажал құшқан 980 қазақстандықтың аты-жөні, 200-ден астам адамның жерленген жері де енгізілген.



🗣1626 жылы 6 мамырда голландиялық Питер Минит құны 24 долларға бағаланған Манхэттен аралын үндістандық Манахатта тайпасынан сатып алды. Бұл жерде қазіргі Нью-Йорктің ізашары Жаңа Амстердам құрылған. Оның тарихи өзегі - осы арал. Қазір Манхэттен Америка Құрама Штаттарында халық тығыз қоныстанған және ең бай аудандардың бірі. Бүгінгі күні аралдың болжамды құны 49 миллиард долларды құрайды.

Міне, бұл жағдайды керемет мәміле деп атауға болады.



👥6 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 74 жыл бұрын қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіров (1951-2020) дүниеге келді. Ол 1980 жылы Мәскеуде өткен классикалық күреске Қазақстан атынан қатысты. 2014 жылы Халықаралық күрес федерациясының Даңқ залына енді. 2020 жылы Астанадағы жекпе-жек сарайы Үшкемпіровтің құрметіне орай өзгертіліп, жанынан ескерткіші ашылды. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, режиссер, продюсер және кәсіпкер Джордж Клуни 64 жаcқа толды. “Оскар” иеленген актер мансап жолында 50-ден астам фильмде басты рөлді сомдады. Time журналы оны әлемдегі ең ықпалды 100 адамның қатарына қосты.

Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмнің трейлерін мына жерден көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=JAk7uRhkJQI

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Дұрыстамақтану #Естеліккітабы #Манхэттенаралы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖақсылықҮшкемпіров #ДжорджКлуни
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡6👍3❤1👌1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақтың жер игеру үлгісі жайлы не білеміз?

📌 Көшпелі қазақтардың өмір салты мен экономикасы жерді тиімді пайдалануға негізделді. Бүгінгі Қазақстанда да көшпелі дәстүрдің ізі сақталып, ауыл шаруашылығының маңызды салалары жерді тиімді пайдалануға сүйенеді. Төменде осы жүйенің негізгі қадамдарын ұсынамыз.

1️⃣ Көшпелі өмір салтының негізі – жерді тиімді пайдалану

Көшпелі қазақтардың экономикалық жүйесінің басты ерекшелігі – жерді маусымдық көші-қон арқылы пайдалану. Жазғы жайлаулар мен қысқы қыстаулар арасында малды көшіріп отыру табиғи ресурстарды сақтап, жайылымдардың тозуын алдын алды. Бұл жүйе табиғатпен үндесіп, жер байлығын сақтауға мүмкіндік берді.

2️⃣ Жер – байлықтың көзі

Көшпелі қоғамда жердің құндылығы оның кеңдігі мен жайылымдығымен өлшенді. Әр ру мен қауымның белгілі бір жер аумағы болды, ол маусымдық көші-қон кезінде қолданылды. Жердің құнарлығы мен судың жақындығы мал басының көбеюіне және шаруашылықтың дамуына ықпал етті.

3️⃣ Экономикалық тиімділік

Көшпелі жер пайдалану жүйесі табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. Қазақ даласында жайылымға арналған жерлердің әртүрлігі малдың тез көбеюіне және сапалы ет пен жүн өнімдерінің өндірісіне оң әсер етті. Бұл экономиканың негізгі тірегі ретінде жердің рөлін айқындады.

4️⃣ Қазіргі әсері

Бүгінгі күні Қазақстанның 180 миллион гектардан астам жайылымдық жері бар. Бұл – көшпелі ата-бабаларымыздың дәстүрлі жер пайдалану жүйесінің бүгінгі ауыл шаруашылығына тигізген әсері. Мал шаруашылығының табысты болуы осы үлкен жайылымдық аймақтарды дұрыс пайдалануға байланысты.

5️⃣ Экологиялық тепе-теңдік

Көшпелі қазақтардың жерді пайдалану тәсілі табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Табиғи ресурстарды тиімді игеру, жайылымдарды кезек-кезек пайдалану қазіргі замандағы экологиялық тұрақтылықтың үлгісі болып отыр.

#көшпенділер #экономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌2
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👥“Келешек” бағдарламасымен 5 жастағы балаңызға 235 920 теңге көлемінде қаражат алуға болады

Талаптармен таныса алдыңыз ба?📌

💡Қазақстанда қалдықтар көлемі 11,4%-ке көбейді

Сұмдық😶

🤩“362 млн доллар жеке инвестиция”. Енді Алматы әуежайы қызметкерлерінің жалақысы өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады

Тамаша!😍

😍Вьетнамдық инвестор Қазақстаннан әуежай сатып алуы мүмкін

Мәссаған, бұған не дейсіз?🤔

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-81/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Келешек #бағдарлама #бала #ақша #Алматыәуежайы #жаңажұмысорны
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡3👍3❤1👌1
💡📆📆📆📆📆 7 мамыр

🌚Бүгін — Отан қорғаушылар күні. Бұл күн 1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылған күн ретінде тарихта қалды. Ал 2012 жылдан бастап ресми мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді. Бұл күні Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген әскери қызметкерлерді құттықтап, оларға алғыс білдіру дәстүрге айналған.

Айта кетейік, бүгінде Қарулы Күштер қатарында ерлермен қатар, офицерлік шенге ие болған әйелдер де қызмет атқарып жүр.

Бүгін ер-азаматтарымыз қандай сыйлық алады екен?


🌎Бүгін — Халықаралық планетарийлер күні. Мерекенің мақсаты – жұртшылықты планетарийлердің қызметімен таныстыру және астрономиялық білімді насихаттау. 1925 жылы 7 мамырда Германияда әлемдегі алғашқы планетарий ашылды. Қазіргі уақытта әлемде екі мыңнан астам планетарий бар. Қазақстандағы алғашқы тұрақты планетарий 1967 жылы Ақтөбе қаласында ашылып, қазір де астрономия мен ғарыш саласын насихаттайтын алдыңғы қатарлы орталықтардың бірі саналады.

Жұлдыздарды тамашалағанды ұнатасыз ба?


🤩1887 жылы 7 мамырда америкалық Томас Стивенс велосипедпен әлем бойынша алғашқы саяхатын жасады. Ол шамамен 20 мың шақырым жол жүріп, үш жылдан аса уақыт жолда болды. Бүкіл әлем бойынша сапары барысында Стивенс өзінің саяхат жазбаларын Harper's Magazine журналына жіберді, ол кейінірек 1000 беттен тұратын екі томдық “Велосипедпен әлемді саяхаттау” кітабында жарияланды. Стивенстің велосипеді Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мұражайда сақталды. Алайда ол соғысқа қолдану мақсатында істен шықты.

Велосипедпен алыс сапарларға шыға аласыз ба?


🤩Сонымен қатар бүгін дүниежүзілік күлкі күні аталып өтеді. Күлкінің жақсы екенін бәрі біледі. Алайда оның күнделікті өмірде денсаулығымыз бен әл-ауқатымызды жақсартуда қаншалықты құнды екенін түсінетіндер аз. Бұл күн алғаш рет 1998 жылы Үндістанның Мумбай қаласында доктор Катари есімді адамның бастамасымен атап өтілді. Кейін бұл бастама бүкіл елге, тіпті шетелге тарап кетті. 2000 жылы Дания астанасы Копенгагенде күлкі мерекесіне 10 000-нан астам адам жиналып, бір уақытта күліп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ерлеркүні #Планетарий #Әлемдішарлау #Күлкікүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4👌1
💡📰📰📰📰📰📰

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ ерлерінің ізі қалмаған сала бар ма өзі?

Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍

https://youtube.com/shorts/N9vAYPPZ4KM

#7май #жаңалықтар #новости #мужчины #үйдежатпа
#рек #қазақстан #праздник
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌3👎1
💡📆📆📆📆📆 8 мамыр

🤲8 және 9 мамырда БҰҰ бастамасымен Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған “Еске алу және келісім күні” аталып өтеді. Адамзат тарихындағы ең ауқымды соғыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс барысында 6 жыл ішінде соғысқа тартылған елдер 71 миллионнан астам адамынан айырылды. Ал оның 600 мыңға жуығы — қазақстандықтар.

👏1975 жылы 8 мамырда Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарды еске алуға арналған Даңқ мемориалы ашылды. Ол төрт бөліктен тұрады. Ал ортасында Мәңгілік алау жанып тұрады. 1982 жылдан бастап ескерткіш республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енді. Мемориал оңтүстік астананың басты көрікті жерлерінің бірі. Қалалық дәстүр бойынша, үйлену тойы кортеждері міндетті түрде осы жерге аялдайды.

Ал сіздің Даңқ мемориалының жанында түскен суретіңіз бар ма?


🙌Бүгін — Дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай күні. 1824 жылы 8 мамырда Жан Анри Дюнан дүниеге келді. Оның бастамасымен 1863 жылы аталған ұйым құрылды. Комитеттің алғашқы эмблемасы ақ фондағы қызыл крест болды. Бірақ Осман империясы оны қолданудан бас тартты. Өйткені бұл крест жорықтарымен теріс байланыстарды тудырды. 1929 жылы Женева конвенциясы қызыл жарты айды екінші эмблема деп таныды. Қазіргі таңда оны мұсылман халқы басым ұлттық ұйымдар пайдаланады. Оның ішінде Қазақстанда да бар.



👥8 мамырда дүниеге келген атақты ер адамдар. Бүгін қазақтың белгілі актері, театр және кино режиссері, сценарист, ұстаз Асанәлі Әшімов 88 жасқа толды. Көптеген мемлекеттік және кәсіби наградалардың иегері Әуезов театрының сахнасында 30-дан астам фильмге түсіп, 50-ден астам рөлдерді сомдады. Сонымен қатар бүгін испаниялық әнші, композитор, продюсер және актер Энрике Иглесиас 50 жас мерейтойын атап өтеді. Өзінің мансап жолында ол 40-тан астам сингл мен студиялық 10 альбом шығарды. Өнер иесінің туындылары 116 мәрте платинаға, 227 мәрте алтынға ие болды. Ал сатылымның жалпы мөлшері 100 миллион жазбаны құрайды.

Сізге Энрике Иглесиастың қай әні ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ескеалукүні #Даңқмемориалы #ҚызылЖартыай #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АсанәліӘшімов #ЭнрикеИглесиас
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4👌2🔥1