Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 8 мамыр

🤲8 және 9 мамырда БҰҰ бастамасымен Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған “Еске алу және келісім күні” аталып өтеді. Адамзат тарихындағы ең ауқымды соғыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс барысында 6 жыл ішінде соғысқа тартылған елдер 71 миллионнан астам адамынан айырылды. Ал оның 600 мыңға жуығы — қазақстандықтар.

👏1975 жылы 8 мамырда Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болғандарды еске алуға арналған Даңқ мемориалы ашылды. Ол төрт бөліктен тұрады. Ал ортасында Мәңгілік алау жанып тұрады. 1982 жылдан бастап ескерткіш республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енді. Мемориал оңтүстік астананың басты көрікті жерлерінің бірі. Қалалық дәстүр бойынша, үйлену тойы кортеждері міндетті түрде осы жерге аялдайды.

Ал сіздің Даңқ мемориалының жанында түскен суретіңіз бар ма?


🙌Бүгін — Дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай күні. 1824 жылы 8 мамырда Жан Анри Дюнан дүниеге келді. Оның бастамасымен 1863 жылы аталған ұйым құрылды. Комитеттің алғашқы эмблемасы ақ фондағы қызыл крест болды. Бірақ Осман империясы оны қолданудан бас тартты. Өйткені бұл крест жорықтарымен теріс байланыстарды тудырды. 1929 жылы Женева конвенциясы қызыл жарты айды екінші эмблема деп таныды. Қазіргі таңда оны мұсылман халқы басым ұлттық ұйымдар пайдаланады. Оның ішінде Қазақстанда да бар.



👥8 мамырда дүниеге келген атақты ер адамдар. Бүгін қазақтың белгілі актері, театр және кино режиссері, сценарист, ұстаз Асанәлі Әшімов 88 жасқа толды. Көптеген мемлекеттік және кәсіби наградалардың иегері Әуезов театрының сахнасында 30-дан астам фильмге түсіп, 50-ден астам рөлдерді сомдады. Сонымен қатар бүгін испаниялық әнші, композитор, продюсер және актер Энрике Иглесиас 50 жас мерейтойын атап өтеді. Өзінің мансап жолында ол 40-тан астам сингл мен студиялық 10 альбом шығарды. Өнер иесінің туындылары 116 мәрте платинаға, 227 мәрте алтынға ие болды. Ал сатылымның жалпы мөлшері 100 миллион жазбаны құрайды.

Сізге Энрике Иглесиастың қай әні ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ескеалукүні #Даңқмемориалы #ҚызылЖартыай #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АсанәліӘшімов #ЭнрикеИглесиас
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4👌2🔥1
💡💡💡💡💡💡💡

Адамға шабыт сыйлайтын 5 әдіс

Кейде оқуға деген ынта жоғалып, алға жылжу қиынға соғады. Бірақ шабыт – ішкі күшті оятатын, сізді мақсатыңызға қарай жетелейтін қуатты құрал. Оны қолдана білсеңіз, кез келген істің биігіне шығуға болады. Назарларыңызға күнделікті мотивацияны арттырып, рухтандыратын 5 әдісті ұсынамыз.

1️⃣ Ең алдымен өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: “Мен бұл істі не үшін үйренгім келеді?”

Сол сұраққа нақты әрі шынайы жауап беріп, алдыңызға жетуге болатын мақсаттар тізімін жазыңыз. Бұл мақсаттар сіздің өміріңізде маңызы бар, жүрегіңізбен қалаған нәрселер болуы керек.

✍️ Оларды қағазға түсіріп, жиі көретін жерге іліп қойыңыз. Әр жолы шаршаған, жалқаулық жеңген сәтте сол тізімге көз жүгіртіңіз. Ол сізге ішкі күш пен шабыт береді.

2️⃣ Барлық істен қызықты нәрсе табыңыз

Зерттелетін материалдың сіздің өміріңізбен қандай байланысы бар екенін қарастырыңыз. Мысалы, әдеби кітапты оқудан жалықсаңыз - мұндағы кейіпкерлермен ортақ нәрсені табуға тырысыңыз. Ал егер биологияны оқығыңыз келмесе, өзіңіз және басқа тіршілік иелері туралы қаншалықты көп білетініңізді елестетіп көріңіз.

3️⃣ Таймер пайдаланыңыз⏰

📌Сабақ оқуға 30-50 минут бөліп, содан кейін қысқа үзіліс жасаңыз. Ол аяқталғаннан кейін оқуға қайта кірісіңіз.

4️⃣ Өзіңізді үнемі жігерлендіріп отырыңыз✅

Сабақ оқып болғаннан кейін өзіңізді марапаттаңыз. Мәселен, сүйікті тамағыңызды жеп, үй жануарларымен ойнаңыз, қызықты видео қараңыз немесе ыстық ванна қабылдаңыз. Ал емтиханнан кейін өзіңізді әлдеқайда маңызды нәрсемен қуантыңыз. Мысалы, достарыңызбен кофе ішіңіз немесе көптен бері қалап жүрген нәрсеңізді сатып алыңыз.

5️⃣ Біреумен үйреніңіз👫

Ол адаммен бір бөлмеде бірге тұрудың қажеті жоқ. Бірақ сіздің мәселелеріңізге бей-жай қарамайтын және сіздің жетістіктеріңіз туралы сөйлесетін адамның болуы маңызды. Бір-біріңізге әр апта сайын жасалған жұмыс туралы есеп беріп отырыңыздар. Осы кезде мақсатқа жету оңай болады және уақытты тиімді басқарасыздар.

#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

💡Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімі жарияланды: Вячеслав Ким көш бастады

Байлар тізімімен таныстыңыз ба? 😍

🙌Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 1000 теңгелік жаңа банкнота айналымға шығарылады

Дизайны ұнады ма?🤔

😻Қызылорда облысындағы әуежайды енді вьетнамдық компания басқарады

Әуежайды тізгіні вьетнамдық компанияға өтіпті‼️

👏Енді Қазақстанда SIM-карталарды тек байланыс операторлары сатады

Жаңа заң қабылданады екен📍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-82/

#Қазақстан #Еңбайадам #Кәсіпкер #ВячеславКим #ForbesKazakhstan #ҰлыЖеңістің80жылдығы #1000теңге #банкнота #Қызылордаоблысы #әуежай #вьетнамдықкомпания #SIM-карта
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌1
💡📆📆📆📆📆 9 мамыр

💪Бүгін 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толды. Сол бір қасіретті жылдары Қазақстаннан 6,5 миллион халықтың ішінен 1,2 миллионнан астам адам майданға аттанды. Солардың жартысынан көбі – 600 мыңнан астамы ұрыс даласында қаза тапты. Қан майданда мыңдаған қазақстандық сарбаз ерлік көрсетіп, түрлі орден-медальдармен марапатталды. 520 жауынгерге — Кеңес Одағының Батыры атағы, ал 110 мың сарбазға — Даңқ ордені берілді. Қазір Қазақстанда Ұлы Отан соғысының көзі тірі 111 ардагері қалды. Олардың әрқайсысына мемлекет тарапынан 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін бір реттік төлем жасалады.

Оқырмандарымызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

🤑2010 жылы 9 мамырда Австрия астанасы Венада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары осы елдің аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған алғашқы мемориал ашылды. Бұл – Батыс Еуропада орнатылған алғашқы ескерткіш. Сондай-ақ қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштер Волгоградта, Минскіде және Италияның Триест қаласында бар. Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлова атындағы көшеде оның құрметіне ескерткіш қойылған. Бішкекте екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған ұшқыш Талғат Бигелдиновке бюст орнатылған. Ал 2009 жылы Румынияның Струнга ауылында 1944 жылы сол жерде қаза тапқан қазақстандық жауынгер Шернияз Аяғановқа мемориал ашылды.

Ерлердің есімі – ел есінде! Мәнгілік тағзым!

😻1840 жылдың 9 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының аумағына «Қарақол» деп аталған метеорит құлады. Оның сынықтары алдымен Семейге жеткізіліп, кейіннен Санкт-Петербургке жөнелтілген. “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясының мәліметінше, метеориттің массасы — 2,8 келі. Пішіні киіз үйге ұқсас ерекше болғандықтан, ол сирек кездесетін метеориттер қатарына жатқызылған. Өкінішке қарай, метеорит Қазақстанға қайтарылмады. Қазіргі таңда ол Мәскеудегі Геохимия және сараптамалық химия институтының музейінде сақтаулы.

Бұл метеорит туралы бұрын естіп пе едіңіз?


🙌9 мамыр — Дүниежүзілік көше музыканттары күні. Бұл — көшелерде өнер көрсетіп, адамдардың көңілін көтеретін әрі еңбегімен нәпақасын табатын кәсіби музыканттар мен әуесқой өнерпаздардың мерекесі. Көбіне олар танымал әндерді орындайды, ал кейде авторлық шығармаларын да тарту етеді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда әлемге танымал әншілердің біразы өнер жолын көшеде ән айтып бастаған. Мысалы, Эд Ширан да кезінде көше музыканты болған.

Егер таныстарыңыздың арасында көше музыканттары болса, оларды осы ерекше күнмен құттықтауды ұмытпаңыз!

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жеңіскүні #Даңқмемориалы #Қазақстандағыметеорит #көшемузыканттары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

"Ұлы Жеңіс – ерлікке құрмет, ұрпаққа өнеге” атты сурет және мүсін көрмесі


Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 11:00 – 19:00

👣Дрон шоуы

9 мамырда Алматы аспанында батырлық пен рухты паш еткен ерекше көрініс өтеді.

Өтетін орны: Абай алаңы, Достық даңғылы мен Абай көшесінің қиылысы
Күні: 9 мамыр, 21:00. Алдын ала келіңіз, себебі көшелер жабылады

👤Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 10 мамыр, 14:00

😻"Zat" көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 10:00 – 19:00

👏Spring Art Fair көрмесі
⠀
Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады.
⠀
Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 10:00 – 20:00


АСТАНА:

👀Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу

Жеңіс құрметіне шамамен төрт мыңнан астам отшашу атылады. Аспанды жарыққа бөлейтін бұл көрініс – батыр бабаларға тағзымның, ел бірлігінің және ұрпақ сабақтастығының белгісі болмақ.

Өтетін орындар: Ботаникалық бақ және “Атырау” көпіріне жақын аумақ
Күні: 9 мамыр, 22:00

👋Мерекелік концерт

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді.

Өтетін орны: Қалалық алаң
Күні: 9 мамыр, 17:00

🗣“Qazaqstan Barysy Grand Slam” халықаралық дзюдо турнирі

Бұл дүбірлі додаға әлемнің 47 елінен 412 спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.Өтетін орны: Жекпе-жек сарайы (Ж. Үшкемпіров атындағы), Қабанбай батыр даңғылы, 43
Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 11:00 – 18:00

🌝"КЕРІСІНШЕ” көрмесі

Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы. Қытай суретшісі Лу Лин мен қазақ график-суретшісі, QYZYLZHEBE лақап атымен танымал Ілияс Дәулбаев көрерменге ойлы, терең мағынаға толы диалог ұсынады.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1 КЕРІСІГЕ" көрмесі
Күні: 9, 10 және 11 мамыр, 10:00 - 20:00


ШЫМКЕНТ:

🔥Мерекелік гала-концерт

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты гала-концерт өтеді.

Орны: "Астана" алаңы
Күні: 9 мамыр, 20:00 – 23:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер #дрондаршоуы #сәлем #Концерт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤6👌1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Sasyq" комедиясы. Аудан әкімдігі жоғары лауазымды қонақтарды қарсы алуға қызу дайындалып жатқанда, жергілікті маскүнем Садық Оспанұлы өз бетінше ғаламдық мәселелерді шешуге кіріседі. Бір уақытта орын алған екі ауқымды оқиға сөзсіз қақтығысқа әкеледі. Ал өмірден қажыған дүкенші Надежда мен аңқау полицей Баур екі оттың ортасында қалады. Басты рөлдерде: Бақытжан Әлпейіс, Шыңғыс Капин, Ирка Абдулманова, Дулыға Ақмола.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-QtT4HWfigY

🎬"Adam: Нартәуекел" мультфильмі. Тоқтар есімді бала жоғалған әкесін табу үшін ғарышқа сапар шегеді. Жолда ол ата-анасынан айырылған өзге ғаламшарлық балалармен танысады. Олармен бірге қатыгез билеуші Тумаға қарсы күресті бастайды. Бірақ Тума Тоқтардың әкесінің жадысын өшіріп, оны зұлымдықтың сойылын соғатын оң қолына айналдырып үлгерген. Енді Тоқтар адамдық сезімді әкесінің жүрегінде қайта оята ала ма, әлде әкесі мәңгілікке қараңғылықтың тұтқынында қала ма? Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=j2w7h-t1lHg

🎬"Все оттенки красного" медодрамасы. Жігіт — өмірге бейқам қарап, қалағанының бәріне оңай қол жеткізіп үйренген бай баласы. Ал қыз — өз орнын табуға ұмытылады. Бір-біріне деген тартылыс оларды терең сезімге жетелейді. Алайда осы жалындаған құштарлықтың ішінде шынайы махаббат пен уытты қарым-қатынастың аражігін ажыратып үйренуге тура келеді. Басты рөлдерде: Кес ван ден Брок, Дэнни Дорланд. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=GD8FYOD0zAs

🎬"Очи" фантастикасы. Юрайя есімді қыз бала мұхиттың ортасындағы аралда өмірге келеді. Бұл арал орманды, жабайы аң-құсы көп мекен. Алайда ең үрейлісі — жұмбақ жаратылыс иелері, Очи атты тіршілік иелері. Бір күні Юрайя орманда адасып қалған Очи баласын тауып алып, оны ата-анасына қайтаруға бел буады. Осы сапарда ол бұл ерекше жануармен тіл табысып, адамдарға Очилерден қорыққаннан гөрі, олармен достасқан дұрыс екенін дәлелдеуге тырысады. Басты рөлдерде: Хелена Ценгель, Фин Вулфхард.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qUELFYCyU4M

🎬"Бес попутал" комедиясы. Өзімшіл Иванның өмірі – тап-тұйнақтай: жақсы жұмысы, аңқау қалыңдығы, жасырын ғашығы және келешекке құрған жоспары бар. Алайда көлік апатынан кейін ол Шайтанның қолына түседі. Шайтан оған келісім ұсынады: егер Иван күнәсіз қыз Аняны ажал құштыратын болса, тозаққа түспейді. Бірақ Анямен танысқан соң, Иванның өмірге деген көзқарасы өзгереді. Енді таңдау жасау оңайға соқпайды… Басты рөлдерде: Иван Злобин, Павел Деревянко. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Gkl_FeJufj8

🎬"Пёс из будущего" фантастикасы. Басты кейіпкер — танымал музыкалық топтың әншісі. Ол көлік апатынан көз жұмады. Артында кішкентай қызы қалады. 20 жылдан кейін ол Жерге ит кейпінде қайта оралады. Енді ол қызымен бірге болуға мүмкіндік алады — бұрын адам қалпында жете алмаған жақындықты ит ретінде табады. Басты рөлдерде: Аарон Квок, Лан Иньин.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xXN-Gl_a-2M

🎬"Астрал. Мертвое сердце". Жоғары сынып оқушысы экзорцизм кезінде қайтыс болады. Оның жүрегі бұрыннан сырқат еді. Әкесі — әйгілі кардиохирург — қызына өз қолымен донорлық жүрек салған. Алайда дәл сол жүрек бойына тылсым жынның кіруіне себеп болды деген күдік оның жанын жегідей жейді. Қайғыдан қан жұтқан отбасы үш күндік жерлеу рәсіміне дайындалып жатқанда, әкесі кенет қызының “мені құтқар” деген үнін ести бастайды… Басты рөлдерде: Пак Щин-ян, Ли Мин-ги. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=v0Xj548rUPc

🎬"Кукла. Реинкарнация" қорқынышты фильмі. 11 жастағы ұлы қайтыс болған соң, робототехника маманы баласына ұқсайтын қуыршақ жасап шығарады.
Басты рөлдерде: Леона Кларк, Майкл Лонгден. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.

youtube.com/watch?v=O_EvhRMazYo

#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңафишасы #Қазақстанкинотеатрлары #Sasyq #ADAM:Нартәуекел
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2👌1
💡📆📆📆📆📆 10 мамыр

☘️10 мамырда дүниежүзілік “Денсаулық үшін қозғалыс күні” аталып өтеді. Қозғалыстың жеткіліксіздігі ағзамыздағы күрделі биохимиялық және физиологиялық үдерістердің қалыпты жүруіне кері әсер етеді. Бұл жағдай жас ұлғайған сайын күшейе түседі. Сондықтан адам әр мүмкіндікті пайдаланып, қозғалыста болуы қажет. Тек денеге арналған жаттығулар мен күнделікті спорт жүрек бұлшықетінің қалыпты болуын қамтамасыз етіп, адамды көптеген аурудан алдын алады.

Белсенді өмір салтын сақтаңыз және ауырмаңыз!


🌝2001 жылы 10 мамырда Астанада қазақтың белгілі мемлекет, қоғам және әскери қайраткері Кенесары Қасымұлына (1802-1847) арналған ескерткіш ашылды. Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары ел тәуелсіздігін сақтау жолында Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтары мен қырғыздарға қарсы күрес жүргізді. Абылай ханның немересі бастаған бұл көтеріліс 1837 жылы басталып, қазақ халқының ең ұзақ әрі ауқымды қарсылығы ретінде тарихта қалды. Кенесарының 1847 жылы көтерілісте жеңіліске ұшырап, қаза табуы Ресей империясына қазақ жерін толықтай бағындырып, Орталық Азияға терең енуіне жол ашты.

📚Бүгін — Германияда кітап күні. 1933 жылы 10 мамырда Берлинде және Германияның басқа қалаларындағы алаңда нацистік режимге қарсы гуманист жазушылардың кітаптарын өртеп жіберген айуандық әрекет орын алды. Осы кезде оқиға орнына елдегі барлық жоғары оқу орынның студенттері мен оқытушыларының қатысуы талап етілді. Бұл күннің мақсаты дүниежүзіндегі миллиондаған адамға фашизмнің шынайы бет-бейнесін еске түсіріп, мұндай “оттың” болашақта қайталанбауын талап етеді.


💪Бүгін Халк 63 жасқа толды. 1962 жылы 10 мамырда Marvel Comics компаниясы Брюс Бэннер есімді ғалым туралы алғашқы комиксті жарыққа шығарды. Осы күннен бастап жасыл алып Халк әлемдегі ең танымал кейіпкерлердің біріне айналды. Оның бейнесі фильмдерде, мультфильмдер мен бейнеойындарда кеңінен қолданылады. Ресми сипаттамаға сәйкес, Халктың бойы — 229 см, салмағы — 522 кг, ал көтере алатын салмағы — 150 миллиард тоннаға дейін жетеді.

Сізге “Кек алушылар” тобының қай қаһарманы ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Салауаттыөмірсалты #Кенесарыхан #Кітапкүні #Суперқаһармандар #Халк
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Sasyq” атты комедия фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/-6cJJ-S8Ol4

#Sasyq #комедия #драма #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #инопланетянин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2👌2
💡📆📆📆📆📆 11 мамыр

💅Мамырдың екінші жексенбісінде — Халықаралық аналар күні аталып өтеді. Адам баласы сәби кезінен бастап соңғы демі қалғанша, жүрегінде анасының нұрлы бейнесін сақтап өтеді. Өйткені ана — әркімнің ең жақыны, ең асылы. Ана ғана кешіре алады, түсінеді, тыңдайды, ақылын айтады, дем береді, шексіз сүйеді. Оның махаббаты мен жанашырлығы ешқандай жағдайға тәуелді емес. Қазақстанда Аналар күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл ол 17 қыркүйекке тура келіп тұр. Бірақ ананы құттықтау үшін арнайы мерекені күтудің қажеті жоқ. Себебі “Ағайын көп, ана жалғыз”.

🗣11 мамырда дүниежүзілік өзімшілдік туралы хабардар ету күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты — адамдарды тек өз мүддесін күйттеген тұтынушылық көзқарастан бас тартуға шақыру. Тек өз тілегі мен қажетін ойлаған адам кей сәттерде жеңіске жеткендей көрінгенімен, ұзақ мерзімде бұл жол оны өкініш пен жалғыздыққа әкелуі мүмкін. Қоғам — тек өзім деп өмір сүретін орын емес. Айналаңа жанашырлықпен қарап, өзгеге де орын беру — рухани кемелдіктің белгісі.

Өзімшіл адамдар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?


👀1944 жылы 11 мамырда Қырым татарларын жаппай депортациялау басталды. Сол күні Иосиф Сталин арнайы Жарлыққа қол қойып, жүздеген мың адам туған жерінен күштеп көшірілді. Қырым татарларын жүк көліктерімен теміржол бекеттеріне жеткізіп, мал таситын вагондарға тиеп, бірнеше апта бойы жол жүргізді. Жалпы саны 200 мыңдай адам жер аударылды. Ресми деректер бойынша, арнайы қоныс аудару орындарында олардың 20-25 пайызы өмірден өтті. Кеңестік тоталитарлық саясат салдарынан туған жерінен ажыраған көптеген ұлт өкілдері екінші Отанын Қазақстаннан тапты. Қазақ жері қасірет шеккен жұртқа құшақ жайып, панасына айналды.


👥11 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 121 жыл бұрын қазақ археология және этнография мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұлан (1904-1985) дүниеге келді. Ол қола және ерте темір дәуірінің бірегей археологиялық ескерткіштерін ашты. 300-ден астам ғылыми-танымал жарияланымы жарық көрді. Ғалымның 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен аталып өтті. Сонымен қатар 121 жыл бұрын испандық суретші, график, мүсінші, режиссер және жазушы Сальвадор Дали (1904-1989) дүниеге келді. Өнер иесі - сюрреализмнің әйгілі өкілдерінің бірі.
Оның эксцентриктік мәнері мен қызықты қоғамдық әрекеттері өзіндік өнер туындыларына қарағанда көбірек назар аударады.

Сіз қандай қазақ ғалымдарын білесіз?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Анакүні #Эгоизм #Қырымтатарларындепортациялау #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ӘлкейМарғұлан #СальвадорДали
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4👌1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

🚀 Бүгінгі кино шолуымыз “ADAM: Нартәуекел” атты мультфильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/btbq9SkZDeQ

#ADAMНартәуекел #мультфильм #анимация #кино #үйдежатпа #космос #кинообзор #приключения
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4🤩1
💡💫💫💫💫💫💫💫

12–18 мамырға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Тоқтылар, бұл аптада қаржылай мақсаттарыңыз өзіңіздің оттай мінезіңізден де анық көрінеді! Бірақ қолыңызға түскен әр теңгені оңды-солды жұмсай бермеңіз. Есіңізде болсын: ең қызуқанды Тоқтының өзі де жеңілдікпен сатылып жатқан “ыстық бәліштен” күйіп қалуы мүмкін!

♉️Торпақтар, тұрақтылыққа деген сүйіспеншілігіңіз бұл жолы өз жемісін береді. Көптен кимеген жазғы киімнің қалтасынан ұмыт қалған ақша тауып қалуыңыз әбден мүмкін. Бірақ оны тағы бір кактус өсіретін жиынтыққа жұмсап қоймаңыз. Иә, кактус әдемі, бірақ табыс әкелмейді ғой!

♊️Бұл аптада қаржы жайлы ойларыңыз сөйлесіп отырған тақырыптарыңыздан да жылдам ауысады. Әр нәрсеге бірден инвестиция құюға асықпаңыз. Жарқырап тұрған заттың бәрі алтын емес. Әсіресе ол жай ғана дүкен пакеті болса.

♋️Шаяндар, ішкі түйсігіңіз қаржылай қорларыңызды тексеретін уақыт келгенін ескертеді. Дегенмен “тиімді инвестиция” деп, мысықтарға арналған қалпақ тігетін стартаптарға ақшаңызды ұстатып жібермеңіз. Кейде ақшаны жастық астында сақтау — ең дұрыс шешім.

♌️Арыстандар, сіз әрдайым назардасыз, сондықтан қаржылай шешімдеріңіз де ел көзіне түспек. Бірақ ірі сауда-саттықтарда абай болыңыз. Қымбат аксессуарларға бар қаржыңызды салып жіберудің қажеті жоқ — патша Арыстан болсаңыз да, кейде шөп жеуге тура келетін күн туады!

♍️Бикештер, ұйымдастырушылық қабілетіңіз мінсіз бюджет жасауға көмектеседі. Алайда ішкі бақылаушыңыз әмиянды тым қатты қысудан сақ болсын. Кейде аяқасты жасалған шағын бір сатып алу — дәл сізге қажет тыныс болмақ!

♎️Таразылар, бұл аптада қиял мен шынайылықтың арасында тепе-теңдік сақтауға тырысасыз. Есіңізде болсын: айналаңыздағы барша жанға жаға білуден бұрын, өзіңізге де көңіл бөлу маңызды. Кейде жай ғана бояуға арналған нөмірлі сурет жиынтығын сатып алу — рухани демалыс болуы мүмкін.

♏️Сарышаяндар, ақылыңыз жүйрік, амалдарыңыз айлакер — бірақ бұл жолы қулықпен жүйені алдамақ болғаныңыз өзіңізге кері әсер етуі мүмкін. Дүкен аралап, бірдеңе сатып алуға өзіңізге рұқсат беріңіз. Әйтпесе қанша мықты жоспарыңыз болса да, дүкенде өз өлшеміңіз табылмаса, бәрі зая кетеді!

♐️Мергендер, сіздің үміт пен қуанышқа толы табиғатыңыз басқалар проблема көрген жерде мүмкіндік көруге көмектеседі. Бірақ кейде “керемет идеялардан” гөрі, қалтадағы ақшаны сақтап қалған жақсы. Әсіресе, егер ол идея — әлдеқашан күшін жойған концертке билет алу болса!

♑️Тауешкілер, бұл аптада еңбекқорлығыңыз өз жемісін береді. Бірақ тынымсыз еңбектің арасында демалыс туралы да ұмытпаңыз. Ең мықты Тауешкінің өзі де — үнемі оталып жүре беретін бу машинасы емес қой. Кейде кішкене көңіл көтеріп, демалуға да хақыңыз бар.


♒️Суқұйғыштар, шығармашылығыңыз ерекше табыс табу жолдарын ойлап табуға сеп болады. Дегенмен бір уақытта бірнеше жобамен айналысуға әуестенбеңіз. Әйтпесе, сіздің керемет идеяларыңыз аспанда қалықтаған шарлар секілді жай ғана көкке ұшып кетуі мүмкін.

♓️Балықтар, сезімталдығыңыз қашан инвестиция салып, қашан шегіну керегін дөп басуға көмектеседі. Бірақ эмоцияға беріліп, қаржыңызды соған байлап қоюға жол бермеңіз. Есіңізде болсын: ең әуезді әннің өзі де, егер қайталап тыңдай берсеңіз — жалықтырып жіберуі мүмкін!

Сәтті апта болсын!

Аптаңыз сәтті өтіп, қаржыңыз әрдайым сіз ойлағандай оң көрсеткіште болсын!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌3❤1🤝1
💡📆📆📆📆📆 12 мамыр

👩‍⚕️Бүгін — Халықаралық медбикелер күні. Дәл осы күні, яғни 1820 жылдың 12 мамырында атақты Флоренс Найтингейл дүниеге келді. Ол мейірбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі саналады және Ұлыбританияда орта және кіші медициналық қызметкерлерді даярлау жүйесін құрып, оны жолға қойған тұлға. Бүгінде Қазақстанда 140 мыңнан астам медбике жұмыс істейді. Олардың атқаратын қызметі үлкен жауапкершілікке толы әрі науқастарды емдеуде дәрігерлерден кем түспейді.

Егер таныс медбикелерді білсеңіз, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!



💪12 мамырда халықаралық созылмалы шаршау синдромы күні де аталып өтеді. 1982 жылға дейін бұл синдромды қарапайым шаршау, вегетативті-дистония немесе тіпті науқастың қиялынан туған жағдай деп есептейтін. Алайда бүгінде бұл – дербес ауру ретінде қарастырылып, нақты диагностика мен кешенді емді талап етеді. Әсіресе, созылмалы шаршау түрі 33 жастағы әйелдерде жиі кездеседі. Емдеудің тиімді әдісіне иммунитетті нығайту, массаж, физиотерапиялық жаттығулар, акупунктура, гипноз, аутогендік жаттығулар жатады.

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз!


👀2017 жылы 12 мамырда Қазақстанның Айрақты-Шоманай таулы алқабында алғаш рет геоглифтер галереясы құрылды. Бұл алып жер бедеріндегі суреттер — ежелгі көшпелілердің тасқа салған суреттерін елестетеді. Авторы — маңғыстаулық археолог әрі тарихшы Андрей Астафьев. Геоглифтер этноауыл, Адай ата тарихи-мәдени орталығы мен Отпантау шыңының тартымдылығын арттырып, келушілер санын көбейтуге үлес қосып отыр.

Сіз аталған геоглифтерді мына бейнебаяннан көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=CT_Kw8-Dgy0



👥12 мамырда өмірге келген танымал тұлғалар. 146 жыл бұрын Түркістан-Сібір темір жолының құрылысын жобалаған қазақтың тұңғыш инженері Мұхамеджан Тынышпаев (1879-1937) дүниеге келді. Ол “Алаш Орданың” мүшесі, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, Түркістан автономиясының бірінші премьер-министрі болды. Кеңес үкіметі “халық жауы” ретінде тұтқынға алып, 1937 жылы ату жазасына кесті. Тек 1970 жылы толық ақталды.
Сонымен қатар бүгін Мысырдан шыққан америкалық актер Рами Малек 44 жасқа толды. Өнер иесі “Оскар” және көптеген беделді марапаттың иегері. Мансап жолында ол 20-дан астам фильмде басты рөлді сомдап шықты.

Сізге Рами Малектің қай фильмі ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Медбикекүні #Созылмалышаршау #Қазақстангеоглифтері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МұхамеджанТынышбаев #РамиМалек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍3👌1
💡💡💡💡💡💡💡

"3-6-9" әдісі: Арманыңызды мақсатқа айналдыратын сиқырлы формула

🖍️Әр адамның жүрегінде орындалса деп тілейтін арманы бар. Бірақ армандардың бәрі шындыққа айнала бермейді — себебі көпшілік оларды нақты ниетке айналдырып, күнделікті әрекетпен бекіте алмайды. Осындай сәтте ойды шоғырландырып, санаға мақсатты бекітетін ерекше әдістердің бірі – "3-6-9" техникасы. Бұл – аффирмация мен визуализацияны біріктіретін қарапайым әрі тиімді тәсіл. Күн сайын санаулы минут бөліп, ойды дұрыс бағыттай білсеңіз, бұл әдіс арманыңызға бір қадам жақындатады.

"3-6-9" — мақсатқа жетуге бағытталған визуализация және аффирмация әдісі. Техника нумерология мен "тартымдылық заңы" принциптеріне сүйенеді. Алғаш рет оны көпшілікке танымал еткен – танымал спикерлер мен TikTok-тағы мотивациялық контент авторлары. Бірақ бұл әдістің түбінде әйгілі өнертапқыш Никола Тесла тұрғаны айтылады. Ол:

«Егер сіз 3, 6 және 9 сандарының ұлылығын түсінсеңіз, онда сіз әлемнің құпиясын ұғасыз» – деген.

🌀 3-6-9 техникасы қалай жұмыс істейді?

Бұл әдістің мақсаты — сіздің ойыңызды нақты ниетке бағыттап, оны күнделікті әрекетке айналдыру.

Ол мынадай қарапайым ережелерге негізделген:

• Таңертең – мақсатыңызды немесе аффирмацияңызды 3 рет жазыңыз.
• Түсте – сол сөз тіркесін 6 рет қайталап жазыңыз.
• Кешке – сол ойды 9 рет жазыңыз немесе іштей қайталап, елестетіп жатыңыз.

✍️ Қандай сөйлем жазу керек?

Міндетті түрде нақты, сенімді және позитивті болсын. Болашақта емес, қазірдің өзінде орындалып қойғандай жазылады.

Мысалы:

✅ Мен өз кәсібімді ашып, табысты болып жүрмін.

✅ Мен IELTS-тен жоғары балл алып, шетелде оқып жүрмін.

✅ Мен өз көлігімді мініп, бостандықты сезініп келемін.

💡 Неліктен дәл 3-6-9?

Бұл сандар сананың терең қабаттарына әсер етеді деп есептеледі. Кейбір дереккөздерде бұлар ғаламдағы энергия ағынын білдіреді:

3 — ойдың басталуы,

6 — ниеттің күшеюі,

9 — шындыққа айналуы.

🎯 Кімге пайдалы?

Өзін жоғалтып алғандарға

Арманына сенуді ұмытқандарға

Мақсат қойып, оған жетуге тұрақты әрекет еткісі келетіндерге

Мотивация жетпей жүргендерге

✅ Нәтиже болу үшін...
Әр сөйлемді сеніммен жазып, елестетіп, эмоциямен қайталау керек.
Жазып отырып — көзіңізді жұмып, өзіңізді сол арманның ішіне енгізіңіз.

🌱 Қорытынды:

"3-6-9" — бұл тек сандар ойыны емес. Бұл – сананы бағыттау, ниетті нақтылау, және тұрақты фокус арқылы армандарды шындыққа айналдыру техникасы. Ең бастысы – бұл әдіс сіздің миыңызға “бұл мүмкін” деген ойды бекітеді.

#арман #мақсат
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌11👏6👍5🙈1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👀Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 300 мың теңгеден асты

Ал сіздің айлығыңыз көрсетілген сомаға жете ме әлде одан аса ма?😶

💪Елімізде жаңа үйлер бағасы шарықтап барады

Ал сіз үй алып үлгердіңіз бе?🤔

✍️Қазақстанда әр адамға күніне 5 литрден су беріп, тұтынуды шектеу мәселесі қаралып жатқан жоқ

Ескере жүріңіздер!📍

✈️Алматы мен Дели арасында әуе қатынасы қайта ашылады

Ұшулар бұрынғы кесте бойынша орындалады екен‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-83/

#Қазақстан #жаңалықтар #орташажалақы #жаңаүйлер #баға #су #Алматы #Дели #әуеқатынасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌2😨2