Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡💫💫💫💫💫💫💫

12–18 мамырға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Тоқтылар, бұл аптада қаржылай мақсаттарыңыз өзіңіздің оттай мінезіңізден де анық көрінеді! Бірақ қолыңызға түскен әр теңгені оңды-солды жұмсай бермеңіз. Есіңізде болсын: ең қызуқанды Тоқтының өзі де жеңілдікпен сатылып жатқан “ыстық бәліштен” күйіп қалуы мүмкін!

♉️Торпақтар, тұрақтылыққа деген сүйіспеншілігіңіз бұл жолы өз жемісін береді. Көптен кимеген жазғы киімнің қалтасынан ұмыт қалған ақша тауып қалуыңыз әбден мүмкін. Бірақ оны тағы бір кактус өсіретін жиынтыққа жұмсап қоймаңыз. Иә, кактус әдемі, бірақ табыс әкелмейді ғой!

♊️Бұл аптада қаржы жайлы ойларыңыз сөйлесіп отырған тақырыптарыңыздан да жылдам ауысады. Әр нәрсеге бірден инвестиция құюға асықпаңыз. Жарқырап тұрған заттың бәрі алтын емес. Әсіресе ол жай ғана дүкен пакеті болса.

♋️Шаяндар, ішкі түйсігіңіз қаржылай қорларыңызды тексеретін уақыт келгенін ескертеді. Дегенмен “тиімді инвестиция” деп, мысықтарға арналған қалпақ тігетін стартаптарға ақшаңызды ұстатып жібермеңіз. Кейде ақшаны жастық астында сақтау — ең дұрыс шешім.

♌️Арыстандар, сіз әрдайым назардасыз, сондықтан қаржылай шешімдеріңіз де ел көзіне түспек. Бірақ ірі сауда-саттықтарда абай болыңыз. Қымбат аксессуарларға бар қаржыңызды салып жіберудің қажеті жоқ — патша Арыстан болсаңыз да, кейде шөп жеуге тура келетін күн туады!

♍️Бикештер, ұйымдастырушылық қабілетіңіз мінсіз бюджет жасауға көмектеседі. Алайда ішкі бақылаушыңыз әмиянды тым қатты қысудан сақ болсын. Кейде аяқасты жасалған шағын бір сатып алу — дәл сізге қажет тыныс болмақ!

♎️Таразылар, бұл аптада қиял мен шынайылықтың арасында тепе-теңдік сақтауға тырысасыз. Есіңізде болсын: айналаңыздағы барша жанға жаға білуден бұрын, өзіңізге де көңіл бөлу маңызды. Кейде жай ғана бояуға арналған нөмірлі сурет жиынтығын сатып алу — рухани демалыс болуы мүмкін.

♏️Сарышаяндар, ақылыңыз жүйрік, амалдарыңыз айлакер — бірақ бұл жолы қулықпен жүйені алдамақ болғаныңыз өзіңізге кері әсер етуі мүмкін. Дүкен аралап, бірдеңе сатып алуға өзіңізге рұқсат беріңіз. Әйтпесе қанша мықты жоспарыңыз болса да, дүкенде өз өлшеміңіз табылмаса, бәрі зая кетеді!

♐️Мергендер, сіздің үміт пен қуанышқа толы табиғатыңыз басқалар проблема көрген жерде мүмкіндік көруге көмектеседі. Бірақ кейде “керемет идеялардан” гөрі, қалтадағы ақшаны сақтап қалған жақсы. Әсіресе, егер ол идея — әлдеқашан күшін жойған концертке билет алу болса!

♑️Тауешкілер, бұл аптада еңбекқорлығыңыз өз жемісін береді. Бірақ тынымсыз еңбектің арасында демалыс туралы да ұмытпаңыз. Ең мықты Тауешкінің өзі де — үнемі оталып жүре беретін бу машинасы емес қой. Кейде кішкене көңіл көтеріп, демалуға да хақыңыз бар.


♒️Суқұйғыштар, шығармашылығыңыз ерекше табыс табу жолдарын ойлап табуға сеп болады. Дегенмен бір уақытта бірнеше жобамен айналысуға әуестенбеңіз. Әйтпесе, сіздің керемет идеяларыңыз аспанда қалықтаған шарлар секілді жай ғана көкке ұшып кетуі мүмкін.

♓️Балықтар, сезімталдығыңыз қашан инвестиция салып, қашан шегіну керегін дөп басуға көмектеседі. Бірақ эмоцияға беріліп, қаржыңызды соған байлап қоюға жол бермеңіз. Есіңізде болсын: ең әуезді әннің өзі де, егер қайталап тыңдай берсеңіз — жалықтырып жіберуі мүмкін!

Сәтті апта болсын!

Аптаңыз сәтті өтіп, қаржыңыз әрдайым сіз ойлағандай оң көрсеткіште болсын!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌3❤1🤝1
💡📆📆📆📆📆 12 мамыр

👩‍⚕️Бүгін — Халықаралық медбикелер күні. Дәл осы күні, яғни 1820 жылдың 12 мамырында атақты Флоренс Найтингейл дүниеге келді. Ол мейірбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі саналады және Ұлыбританияда орта және кіші медициналық қызметкерлерді даярлау жүйесін құрып, оны жолға қойған тұлға. Бүгінде Қазақстанда 140 мыңнан астам медбике жұмыс істейді. Олардың атқаратын қызметі үлкен жауапкершілікке толы әрі науқастарды емдеуде дәрігерлерден кем түспейді.

Егер таныс медбикелерді білсеңіз, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!



💪12 мамырда халықаралық созылмалы шаршау синдромы күні де аталып өтеді. 1982 жылға дейін бұл синдромды қарапайым шаршау, вегетативті-дистония немесе тіпті науқастың қиялынан туған жағдай деп есептейтін. Алайда бүгінде бұл – дербес ауру ретінде қарастырылып, нақты диагностика мен кешенді емді талап етеді. Әсіресе, созылмалы шаршау түрі 33 жастағы әйелдерде жиі кездеседі. Емдеудің тиімді әдісіне иммунитетті нығайту, массаж, физиотерапиялық жаттығулар, акупунктура, гипноз, аутогендік жаттығулар жатады.

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз!


👀2017 жылы 12 мамырда Қазақстанның Айрақты-Шоманай таулы алқабында алғаш рет геоглифтер галереясы құрылды. Бұл алып жер бедеріндегі суреттер — ежелгі көшпелілердің тасқа салған суреттерін елестетеді. Авторы — маңғыстаулық археолог әрі тарихшы Андрей Астафьев. Геоглифтер этноауыл, Адай ата тарихи-мәдени орталығы мен Отпантау шыңының тартымдылығын арттырып, келушілер санын көбейтуге үлес қосып отыр.

Сіз аталған геоглифтерді мына бейнебаяннан көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=CT_Kw8-Dgy0



👥12 мамырда өмірге келген танымал тұлғалар. 146 жыл бұрын Түркістан-Сібір темір жолының құрылысын жобалаған қазақтың тұңғыш инженері Мұхамеджан Тынышпаев (1879-1937) дүниеге келді. Ол “Алаш Орданың” мүшесі, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, Түркістан автономиясының бірінші премьер-министрі болды. Кеңес үкіметі “халық жауы” ретінде тұтқынға алып, 1937 жылы ату жазасына кесті. Тек 1970 жылы толық ақталды.
Сонымен қатар бүгін Мысырдан шыққан америкалық актер Рами Малек 44 жасқа толды. Өнер иесі “Оскар” және көптеген беделді марапаттың иегері. Мансап жолында ол 20-дан астам фильмде басты рөлді сомдап шықты.

Сізге Рами Малектің қай фильмі ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Медбикекүні #Созылмалышаршау #Қазақстангеоглифтері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МұхамеджанТынышбаев #РамиМалек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍3👌1
💡💡💡💡💡💡💡

"3-6-9" әдісі: Арманыңызды мақсатқа айналдыратын сиқырлы формула

🖍️Әр адамның жүрегінде орындалса деп тілейтін арманы бар. Бірақ армандардың бәрі шындыққа айнала бермейді — себебі көпшілік оларды нақты ниетке айналдырып, күнделікті әрекетпен бекіте алмайды. Осындай сәтте ойды шоғырландырып, санаға мақсатты бекітетін ерекше әдістердің бірі – "3-6-9" техникасы. Бұл – аффирмация мен визуализацияны біріктіретін қарапайым әрі тиімді тәсіл. Күн сайын санаулы минут бөліп, ойды дұрыс бағыттай білсеңіз, бұл әдіс арманыңызға бір қадам жақындатады.

"3-6-9" — мақсатқа жетуге бағытталған визуализация және аффирмация әдісі. Техника нумерология мен "тартымдылық заңы" принциптеріне сүйенеді. Алғаш рет оны көпшілікке танымал еткен – танымал спикерлер мен TikTok-тағы мотивациялық контент авторлары. Бірақ бұл әдістің түбінде әйгілі өнертапқыш Никола Тесла тұрғаны айтылады. Ол:

«Егер сіз 3, 6 және 9 сандарының ұлылығын түсінсеңіз, онда сіз әлемнің құпиясын ұғасыз» – деген.

🌀 3-6-9 техникасы қалай жұмыс істейді?

Бұл әдістің мақсаты — сіздің ойыңызды нақты ниетке бағыттап, оны күнделікті әрекетке айналдыру.

Ол мынадай қарапайым ережелерге негізделген:

• Таңертең – мақсатыңызды немесе аффирмацияңызды 3 рет жазыңыз.
• Түсте – сол сөз тіркесін 6 рет қайталап жазыңыз.
• Кешке – сол ойды 9 рет жазыңыз немесе іштей қайталап, елестетіп жатыңыз.

✍️ Қандай сөйлем жазу керек?

Міндетті түрде нақты, сенімді және позитивті болсын. Болашақта емес, қазірдің өзінде орындалып қойғандай жазылады.

Мысалы:

✅ Мен өз кәсібімді ашып, табысты болып жүрмін.

✅ Мен IELTS-тен жоғары балл алып, шетелде оқып жүрмін.

✅ Мен өз көлігімді мініп, бостандықты сезініп келемін.

💡 Неліктен дәл 3-6-9?

Бұл сандар сананың терең қабаттарына әсер етеді деп есептеледі. Кейбір дереккөздерде бұлар ғаламдағы энергия ағынын білдіреді:

3 — ойдың басталуы,

6 — ниеттің күшеюі,

9 — шындыққа айналуы.

🎯 Кімге пайдалы?

Өзін жоғалтып алғандарға

Арманына сенуді ұмытқандарға

Мақсат қойып, оған жетуге тұрақты әрекет еткісі келетіндерге

Мотивация жетпей жүргендерге

✅ Нәтиже болу үшін...
Әр сөйлемді сеніммен жазып, елестетіп, эмоциямен қайталау керек.
Жазып отырып — көзіңізді жұмып, өзіңізді сол арманның ішіне енгізіңіз.

🌱 Қорытынды:

"3-6-9" — бұл тек сандар ойыны емес. Бұл – сананы бағыттау, ниетті нақтылау, және тұрақты фокус арқылы армандарды шындыққа айналдыру техникасы. Ең бастысы – бұл әдіс сіздің миыңызға “бұл мүмкін” деген ойды бекітеді.

#арман #мақсат
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌11👏6👍5🙈1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👀Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 300 мың теңгеден асты

Ал сіздің айлығыңыз көрсетілген сомаға жете ме әлде одан аса ма?😶

💪Елімізде жаңа үйлер бағасы шарықтап барады

Ал сіз үй алып үлгердіңіз бе?🤔

✍️Қазақстанда әр адамға күніне 5 литрден су беріп, тұтынуды шектеу мәселесі қаралып жатқан жоқ

Ескере жүріңіздер!📍

✈️Алматы мен Дели арасында әуе қатынасы қайта ашылады

Ұшулар бұрынғы кесте бойынша орындалады екен‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-83/

#Қазақстан #жаңалықтар #орташажалақы #жаңаүйлер #баға #су #Алматы #Дели #әуеқатынасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌2😨2
💡📆📆📆📆📆 13 мамыр

🕊Бүгін — Дүниежүзілік қоныс аударатын құстар күні. Жер бетінде тіршілік ететін 11 мыңға жуық құс түрінің шамамен 1800-і жылына екі рет мыңдаған шақырымды еңсеріп, ұшып өтеді. Алайда бұл сапар оңай емес – жол бойында оларды көптеген қауіп-қатерлер күтіп тұрады. Ауыл шаруашылығының өзгеруі мен жаһандық жылынуға байланысты тіршілік ортасының жойылуы, сондай-ақ браконьерліктің күшеюі қоныс аударатын құстар санының азаюына әкеліп отыр. Көші-қон жолында көптеген ел бар. Сондықтан проблемаларды бірігіп шешуге болады.


🌻13 мамыр — Дүниежүзілік бақбақ күні. “Кішкентай сары гүлдер” адамдарға эстетикалық ләззат сыйламайды, есесіне емдік қасиетіне байланысты тамақ пен сусын дайындауға қолданылады. Сонымен қатар тосап, салат, тағамдар да жасауға болады. Бұл гүлден күш пен сергектік сыйлап, қуаттандыратын, кофе тәрізді сусын дайындалады. Бақбақ — тиянақты гүлдердің бірі. Себебі ол жапырақтарын таңғы сағат 6-да ашып, кешкі сағат 15.00-де бүршіктерін жинайды.

Сіз бақбақтан әшекей бұйым дайындап көрдіңіз бе?

🌷2011 жылы 13 мамырда Нью-Йоркте өткен “Spring in full color” атты өнер байқауында қазақстандық суретші және кино суретшісі Нұрлан Әбішевтің жұмыстары үздік деп танылды. Оның “Мен сені сағынғанда” (“Лирикалық” номинациясында алтын медаль) және “Шарын шатқалы” (“Реализм” аталымы бойынша күміс медаль) атты екі бірдей туындысы жоғары марапатқа ие болды. Бұған дейін суретшіміз 2004 жылы “Шәкен жұлдыздары” кинофестивалінің “Остров Возрождения” фильміндегі қоюшы-суретшінің жұмысы үшін лауреат атанды. Ал Анапада өткен “КиноШок” фестивалінде Гран-при жеңіп алған болатын.


🙌Бүгін асхана пышағының пайда болған күні. 1637 жылы 13 мамырда кардинал Ришелье деген атпен белгілі Арман дю Плесси қауіпсіздік мақсатында француз королінің сарайында ас кезінде қолданылған пышақтарды дөңгелету керек деген жарлық шығарды. Көпшілік бұл жаңашылдықты қабылдай алмады. Бірақ бірте-бірте үйреніп кетті. Тренд ретінде француз ақсүйектері еуропалық ақсүйектерді өздеріне қызықтыра алды. Енді дөңгелек үстел пышақтары әлемнің барлық елінде қолданылып келеді.

Әйгілі кардинал Ришельенің қазақ есімі бар екенін білесіз бе?

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ҚонысАударатынҚұстар #БақбақКүні #НұрланӘбішев #АсханаПышағы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍3👌1
💡📚📚📚📚📚📚🐴

ҰЛЫ ДАЛА ЭКОНОМИКАСЫ.
ҚОЛА және ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ

 
📌 Ұлы дала экономикасының тарихы - Қола дәуірі мен Ертетемір дәуіріндегі динамикалық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл кезеңде жергілікті егіншілік және металлургия қоғамдарынан сак (скиф) заманындағы жоғары мобильдікөшпелі қоғамдарға дейін ұлы дала халықтары экологиялық және геосаяси өзгерістерге бейімделіп, тіршілік ету мен әлеуметтік даму саласындағы ерекше қабілеттерін көрсетті.
 
🟢 Негізгі кезеңдері:

📍Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы — бұл тұрақты және тиімді шаруашылық үлгісі, ол мобильділікті және ландшафтқа бейімделуді қамтамасыз етті.
📍Металлургияның дамуы, оның ішінде темірді игеру, бұл экономикалық, әскери және қолөнер әлеуетін арттырды.
📍Аймақаралық сауда желілеріне интеграция, онда Ұлы дала тек алыс шет аймақ емес, Шығыс пен Батыс арасындағы белсенді транзиттік аймақ ретінде әрекет етті.
📍Әлеуметтік стратификацияның тереңдеуі, әсіресе сак кезеңінде әскери аристократияның билігін арттыру және ресурстарды оның пайдасына қайта бөлу.
 
Ұлы дала (Еуразияның даласы) — Карпаттан және Төменгі Дунайдан батыста, Алтай, Сібір және Манжурияның шеткіаймақтарына дейін созылып жатқан кең табиғи-географиялық аймақ. Бұл орасан зор ашық кеңістік мыңжылдықтар бойыШығыс пен Батыс арасындағы ең маңызды байланыстырушыкеңістік рөлін атқарды. Осы алып аймақта көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардың қалыптасып дамуы, әлемдік тарихтың қалыптасуына айтарлықтай әсер етті.

Ең ерекше қызығушылық тудыратын нәрсе — бұл қоғамдардың экономикасы Қола (шамамен б.з.б. 3000–900 жж.) және Ерте темір дәуірінде (шамамен б.з.б. 900–300 жж.)көшпелі шаруашылықтың қалыптасу кезеңі болды. Бұл кезеңде сақ (скиф) тайпаларының қалыптасуы басталды — Еуразияның Ұлы даласындағы көшпелі өркениеттің ең айқын мысалдарының бірі. Олардың шаруашылық қызметі, әлеуметтік ұйымдасуы және мәдени тәжірибелері, дала аймағының қатал жағдайларына бейімделудің және оның экономикалық әлеуетін игерудің кең ауқымды үдерістерін түсінуге кілт береді.

Ұлы дала көшпенділердің экономикасын зерттеу кешенді көзқарасты қажет етеді, ол археология, палеоэкономика, этнография және климатология деректерін қамтиды. Археологиялық артефактілер, қоныстар мен қорғандардың қалдықтары негізінде біз негізгі шаруашылық қызмет түрлерін жаңғыртып, өндіріс пен айырбас жүйесіндегі трансформацияларды қадағалап, ресурстарды әлеуметтік бөлу ерекшеліктерін анықтай аламыз.

Көне көшпелі өркенитінің қазіргі замандағы мәселесі, сол уақыттағы өмірлік философиясын түсінбеуі. Мал шаруашылығымен айналысатын адамдар аристократ және бай адамдар деп саналатын, сондай-ақ жазда жайлауға және қыста қыстаққа көшіп қону мәселесі табиғатты және биоалуантүрлілікті сақтаудың саясаты болған. Мысалы: кәзіргі Қазақстанда мал шаруашылығының мәселесі киіктің көбеюі, неге? Көктеменен бастап жайлауға бармауы.

Сондықтан Ұлы дала экономикасын зерттеу тек көне қоғамдардың өмір сүру механизмдерін түсінуге ғана емес, сондай-ақ дала кеңістігінің ежелгі Шығыс пен Еуропа арасындағы экономикалық және мәдени көпір ретіндегі рөлін ашуға мүмкіндік береді.
 
▪️Қола дәуірінің экономикасы мен

Қола дәуірінде мал шаруашылығы Ұлы дала экономикасында басты орын алады. Археозоологиялық табыстар қой, ешкі, сиыр, сондай-ақ жылқыларды өсіру туралы айтады. Соңғылары, негізінен ет көзі ретінде пайдаланылса да, тасымалдау және әскери жануарлар ретінде ерекше рөлге ие бола бастады, әсіресе кеш Андронов және Сынтас кезеңдерінде. Қысқы кезеңде малды қорада ұстау және көктемгі-жазғы мезгілдердемалды көшпелі түрде жүргізу көне көшпелі экономика негіздерін қалады.
Мал шаруашылығымен қатар Жер шаурашылығы маңызды рөл атқарды, әсіресе өзендер мен су қоймаларының жағасында орналасқан тұрақты немесе жартылай тұрақты қоныстарда. Қазба жұмыстарында қарапайым ирригациялық жүйелер, топырақты кетпенмен өндеу және бастапқы кезеңдегі егісегіншілігі табылды. Арпа, бидай және бұршақ өсірілді.

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/koshpendiler-ekonomikasy/ly-dala-ekonomikasy/

#экономика #далатарихы #көшпенділер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3👌2
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

Қазақстандықтар маусымда 10 күн демалады

Құрбан айтқа дайындықтарыңыз қалай?📍

Сыртқы нарықта қазақтың қойына сұраныс артып, бағасы шарықтады

Қой етінің қымбаттау себебі айтылыпты😶

Астана тұрғыны 17 млн теңгеге Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан

Сұмдық, абай болыңыздар!📌

Қазақстандық оқушы информатикадан өткен халықаралық олимпиадада үздік деп танылды

Құтты болсын!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-84/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Маусым #демалыс #қойеті #Вьетнам #әуебилеттері
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3🔥3👌1
💡📆📆📆📆📆 14 мамыр

💼14 мамыр – Халықаралық фрилансерлер күні. Мұндай адамдар кеңседе отырып, жалдамалы жұмыс істемейді. Алайда өз қалауы мен мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырыс берушілер мен жұмысты тауып, өздеріне ыңғайлы кесте бойынша еңбек етеді. Фриланс — еркін әрі ыңғайлы жұмыс түрі. Өйткені ол тапсырыс беруші мен мердігерді тек бір аумақтан іздемейді. Олар әлемнің кез келген жерінен жұмыс істеп, аударымдар мен төлемдерді онлайн түрде қабылдай береді. Сондықтан фрилансерлердің саны күн сайын артып келеді.



💪2015 жылы 14 мамырда Швейцарияда Frank Muller мануфактурасы Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген сағаттардың шектеулі сериясын шығарды. Олардың құны 29 мың доллар болды. Ал алтыннан жасалғаны 35 мың долларды құрады. Қазақстан нарығында осы тауарды ұсынатын өкілдердің айтуынша, сағаттың санаулы саны ғана шығарылған. Бір қызығы, бағасы қымбат болғанымен сағат лезде сатылып кеткен. Швейцариялық брендтер қазақ рәміздері бар сағаттарды бірнеше мәрте шығарды. Ең қымбат көшірмелерінің құны 250 мың долларға жетті.

Сіз осындай сағатты сатып алар ма едіңіз?


👀Бүгін вазелиннің пайда болған күні. 1878 жылы 14 мамырда британдық-америкалық химик Роберт Чесбро аталған өнімді патенттеді. Мұнайшылармен жұмыс істеу барысында оның назары бір нәрсеге ауады. Яғни, жұмысшылар алған жарақаттары мен күйіктеріне ерекше бір дәрі жағып жатқанын байқайды. Бұл заттың теріні қалпына келтіруге көмектесетінін аңғарған ғалым оның пайдалы құрамдарын зерттеп, бөліп алып, нәтижесінде бүгінде әлем бойынша ең танымал май түрі — “майлы желе” пайда болды.

Ал сіз күйікті қалай емдейсіз?

👥14 мамыр — қос тұлғаның туған күні. Бүгін Голливудта өнер көрсеткен тұңғыш қазақ актері Нұржұман Ықтымбаев 84 жасқа толды. Көптеген мемлекеттік және кәсіби марапаттардың иегері 150-ден астам рөлдерді сомдап шықты. Оның кейіпкерлері әртүрлі мінезбен ерекшеленеді. Мәселен, жұмсақ та, қатал да әрі шешім шығаруға бейім де бола алады. Сонымен қатар бүгін Facebook-тің негізін қалаушы және Meta Platforms компаниясының бас директоры Марк Цукерберг 41 жасқа толды. 23 жасында ол әлемдегі ең жас миллиардер атанды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оның байлығы 167 миллиард долларды құрап, ең бай адамдар тізімінде 4-ші орында тұр.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #фрилансеркүні #қазақшасағаттар #вазелинніңөнертапқышы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НұржұманЫқтымбаев #МаркЦукерберг
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍3❤2😍1
💡📰📰📰📰📰📰

Доллар орнын криптовалюта баса ма?

Қазақстанда криптовалютаны қолданушылар саны күннен күнге артып келеді. Бейресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде жүргізілген барлық крипто-операциялардың 95% - ы заңды алаңнан тыс жерде жасалады. Реттеуші органдардың мәліметінше, Қазақстандағы криптовалютаның көлеңкелі айналымыжылына 15 миллиард доллардан асады. Ал бұл елімізде рұқсат етілген АХҚО сынды заңды алаңдарда жүргізілетін операциялардан 18 есе көп көлем. Сондықтан Қазақстанда цифрлық активтердің айналымын заңнамалық реттеу үшін тиісті құжатты әзірлеу жұмыстарына бел шеше кіріскен. Тек былтырдан бастап елімізде сегіз криптобиржа заңды түрде жұмыс істей бастады. Демек, бұл валюта түрінің заңды қолданысына жақын күндері елімізде кеңінен жол ашылмақ. Сондықтан бүгін “Үйде жатпа” сайты криптовалюта сатып алғысы келетіндер үшін толыққанды мағлұмат ұсынбақ.    

Білгеніміз маңызды...

2018-19 жылдардан бастап осы жаңа саланы реттейтін кез келген заңнаманың болмауы (бізде тыйым салынбаған нәрсе рұқсат етілген деп қабылданатыны белгілі) және салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы елімізге майнерлердің лап қоюына түрткі болды. Олар 2021 жылға қарай Қазақстанды өндірілген криптовалюта көлемі бойынша әлемдегі екінші елге (АҚШ-тан кейін)айналдырды. Билік жер қойнауынан материалдық шикізат өндіруге асығыс кірісіп, салық заңнамасына түзетулер енгізіп, майнерлерді прогрессивті шкала бойынша салық төлеуге мәжбүр етті. Бірақ, ақырында заңсыз жұмыс істейтін майнерлердің бір легі әлемнің аз реттелетін экономикаларына кетіп тынды. Қазіргі уақытта заңнама тұрғысынан елімізде криптовалюта мәртебесі шектеулі: Қытайдағыдай толықтай тыйым салынбаған, бірақ крипта төлем құралы ретінде елімізбен ресми танылмаған, тіпті, бертінге дейін оның эмиссиясы мен айналымына да тыйым салынып келген.

Крипто мәртебесінің тұрақты жаңартылып отыратындығына қарамастан (мысалы, 2024 жылдың сәуірінен бастап негізгі цифрлық валюталардың бағасындағы өзгерістер ҚР Салық сайтында жарияланады), бұл процесс токендер, салық салымы, тіпті көлеңкелі құрылымдар мен терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін пайдалана отырып операцияларды реттеуге байланысты қордаланғанмәселелердің көптігімен өте баяу жүруде. Әрине, содан кейін де реттелмеген және үлкен құбылмалылыққа бейім криптовалюта нарығына алапсатарлар мен алаяқтар үйір. Соның кесірінен қаншама инвесторлар орасан ақшасын жоғалтты, кейбір биржалар тақырға отырды, ал алаяқтық болса, нарық төңірегінде қатты жылдамдықпен өрбуде. Бірақ соған қарамастан шенеуніктер өз кабинеттерінде заңнамалық жобаларды әзірлеуде еш асығар емес.

Әзірге, ерекше мәртебеге ие «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) шеңберінде фиаттық емес ақшалар айналымына рұқсат етілген. Онда да АХҚО-да криптовалюта ақша айырбасы, ақша жинағы және есепайырысу құралы ретінде ғана қарастырылады. Яғни, фиаттық валюта үшін сатып алу және сату операцияларын жүргізуге рұқсат, онда да ұлттық валютаға айырбастауға. Бұл транзакциялардың барлығы бұрын тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерлікке ғана бағытталған. АХҚО криптовалюта операцияларын нарықтық операциялардың жеке түрі ретінде қарастырады және контрагенттерге криптовалютаны фиат валютасына сатып алуға, сатуға және айырбастауға, сондай-ақ бір цифрлық активті екіншісіне айырбастауға көмектесетін қызметтер көрсетеді, бірақ бұл операциялардың барлығын АХҚО қатысушылары ғана жүзеге асыра алады.

Қазақстанда лицензияға ие криптобиржалар

Осылайша, 2024 жылдың басынан бастап АХҚО шеңберінде белгілі бір түрдегі стейблкоиндердің эмиссиясына да рұқсат етілді. Сегіз криптобиржа ресми түрде лицензияға ие болды: Binance, Bybit, ATAIX Eurasia, Biteeu, CaspianEx, BigOne, Delta DA және Xignal&MT. Бұлардың ішінде тек  ATAIX  қазақстандық болып табылады.

 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/dollar-ornyn-kriptovaljuta-basa-ma/

Авторы: Кәмшат Тілеухан

#финансы #доллар #крипта #ақша
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍2❤1😍1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👥Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлемдік рейтингте 70-орында тұр

Мәссаған! Қытайды басып озыпсыз👍

💪Сәуірде 37 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды

Бұл айда баспана сатылымы 32,8%-ке артыпты😍

😶Қазақстанда кейбір жағдайларда жасанды интеллектіні пайдалануға тыйым салынады

Жаңа өзгеріске қалай қарайсыз?😶

💼Әлемдегі “ең кедей президент” атанған Уругвайдың бұрынғы басшысы Хосе Мухика қайтыс болды

Тоқсанға қараған шағында көз жұмыпты🙌🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-85/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Өмірсүрусапасы #рейтинг #баспана #ХосеМухика #еңкедейпрезидент
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5
💡📆📆📆📆📆 15 мамыр

👥15 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Отбасы – қоғамның ең маңызды әрі негізгі әлеуметтік институттарының бірі. Ол – ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпір, адамның әлеуметтенуіндегі алғашқы баспалдақ. Баланың қоғамға толыққанды азамат ретінде қалыптасуы – мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды.

Осы мерекемен барша оқырманды шын жүректен құттықтаймыз!



👏Бүгін — Халықаралық климат күні. Климаттың сақталуы – бүгінгі адамзаттың алдында тұрған ең өзекті жаһандық мәселелердің бірі. “Қазгидромет” РМК-ның деректеріне сүйенсек, көктемгі айлардың температурасы жыл сайын артып келеді. 2050 жылға қарай Қазақстанда орташа температура 2–3°C-қа жоғарылайды деген болжам бар. Бұл еліміздің Австралия, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Африка елдерімен қатар, су ресурстарының тапшылығы секілді күрделі экологиялық проблемалармен бетпе-бет келу қаупін арттырады.


💼15 мамырда халықаралық туа біткен дақтар туралы ақпараттандару күні. Көптеген меңдер мен дақтар адам денсаулығына еш зиян келтірмейді және қоршаған орта үшін де қауіпсіз. Кейбіреулері сырт көзге ұнамсыз көрінуі мүмкін, ал енді біреулерінің келбетті толықтырып, ерекшелік беріп тұратыны бар. Бұл күн адамдардың сырт келбетінде кездесетін ерекшеліктерге түсіністікпен қарап, стигма мен кемсітудің алдын алуға үндейді.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?



👥15 мамырда өмірге келген танымал тұлғалар. 103 жыл бұрын Қазақстаннан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова (1922-2008) дүниеге келді. Қазақстанның Халық қаһарманы Ұлы Отан соғысында екі мәрте ауыр жараланса да, қайтадан қызметіне оралып, Жеңісті Берлин маңында қарсы алды. “Эйр Астана” әуе компаниясының бір ұшағы және Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімімен аталған. Бүгін көркем гимнастикадан Азияның бірнеше дүркін чемпионы Әлия Юсупова 41 жасқа толды. 2004 жылы ол Олимпиада ойындарында төртінші орынға ие болды. 2021 жылдан бастап Қазақстан гимнастика федерациясын басқарады.

Әлияның Афиныда доппен өнер көрсетуін мына сілтемеден көре аласыз-2004 https://www.youtube.com/watch?v=ZRp1fVsAifw

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшедата #Отбасыкүні #Климаттысақтау #Туабіткендақ #Туғанкүндер #Белгілітұлғалар #ХиуазДоспанова #ӘлияЮсупова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4👌2