Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👥Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлемдік рейтингте 70-орында тұр

Мәссаған! Қытайды басып озыпсыз👍

💪Сәуірде 37 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды

Бұл айда баспана сатылымы 32,8%-ке артыпты😍

😶Қазақстанда кейбір жағдайларда жасанды интеллектіні пайдалануға тыйым салынады

Жаңа өзгеріске қалай қарайсыз?😶

💼Әлемдегі “ең кедей президент” атанған Уругвайдың бұрынғы басшысы Хосе Мухика қайтыс болды

Тоқсанға қараған шағында көз жұмыпты🙌🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-85/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Өмірсүрусапасы #рейтинг #баспана #ХосеМухика #еңкедейпрезидент
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5
💡📆📆📆📆📆 15 мамыр

👥15 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Отбасы – қоғамның ең маңызды әрі негізгі әлеуметтік институттарының бірі. Ол – ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпір, адамның әлеуметтенуіндегі алғашқы баспалдақ. Баланың қоғамға толыққанды азамат ретінде қалыптасуы – мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды.

Осы мерекемен барша оқырманды шын жүректен құттықтаймыз!



👏Бүгін — Халықаралық климат күні. Климаттың сақталуы – бүгінгі адамзаттың алдында тұрған ең өзекті жаһандық мәселелердің бірі. “Қазгидромет” РМК-ның деректеріне сүйенсек, көктемгі айлардың температурасы жыл сайын артып келеді. 2050 жылға қарай Қазақстанда орташа температура 2–3°C-қа жоғарылайды деген болжам бар. Бұл еліміздің Австралия, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Африка елдерімен қатар, су ресурстарының тапшылығы секілді күрделі экологиялық проблемалармен бетпе-бет келу қаупін арттырады.


💼15 мамырда халықаралық туа біткен дақтар туралы ақпараттандару күні. Көптеген меңдер мен дақтар адам денсаулығына еш зиян келтірмейді және қоршаған орта үшін де қауіпсіз. Кейбіреулері сырт көзге ұнамсыз көрінуі мүмкін, ал енді біреулерінің келбетті толықтырып, ерекшелік беріп тұратыны бар. Бұл күн адамдардың сырт келбетінде кездесетін ерекшеліктерге түсіністікпен қарап, стигма мен кемсітудің алдын алуға үндейді.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?



👥15 мамырда өмірге келген танымал тұлғалар. 103 жыл бұрын Қазақстаннан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова (1922-2008) дүниеге келді. Қазақстанның Халық қаһарманы Ұлы Отан соғысында екі мәрте ауыр жараланса да, қайтадан қызметіне оралып, Жеңісті Берлин маңында қарсы алды. “Эйр Астана” әуе компаниясының бір ұшағы және Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімімен аталған. Бүгін көркем гимнастикадан Азияның бірнеше дүркін чемпионы Әлия Юсупова 41 жасқа толды. 2004 жылы ол Олимпиада ойындарында төртінші орынға ие болды. 2021 жылдан бастап Қазақстан гимнастика федерациясын басқарады.

Әлияның Афиныда доппен өнер көрсетуін мына сілтемеден көре аласыз-2004 https://www.youtube.com/watch?v=ZRp1fVsAifw

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшедата #Отбасыкүні #Климаттысақтау #Туабіткендақ #Туғанкүндер #Белгілітұлғалар #ХиуазДоспанова #ӘлияЮсупова
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4👌2
💡💡💡💡💡💡💡

Бизнес әлеміндегі батыл арулар туралы ТОП-6 мотивациялық фильм

📍 Әйел және кәсіп. Бұрын бұл қос ұғымды қатар қою мүмкін емес сияқты көрінетін. Ал қазір ерлерге ғана тән деп санаған кеңістікті олар біртіндеп өзіне бағындырып келеді. Бүгінде нәзік жандылар компания басқарып, стартап ашып қана қоймай, қаржы нарығында еркін ойқастап жүр. Назарларыңызға әйел рухының мықтылығын, жанкештілігін және іскерлігін паш ететін ТОП-6 фильмді ұсынамыз.

🎞️ Я не знаю, как она это делает (2011)

Бұл – барлық жерге үлгергісі келетін әйел туралы оқиға. Басты кейіпкер Кейт – табысты қор менеджері, үлгілі жар, екі баланың анасы. Ер адамдар кеңседе бір қалыпты жұмыс істеп отырғанда, Кейт таң атысымен-ақ күйбең тіршіліктің қазанын қайнатып үлгереді: тамақ пісіреді, бала күтеді, бастықпен мәселе шешеді, нарықты қадағалайды… Айта берсе, бітпейді. Сырт көзге бәріне үлгеріп жүргендей көрінгенімен, бұл – жай ғана көзбояушылық.

Бәріне бақылау орнатуға тырысқан сайын ол түрлі күлкілі, кейде тіпті қиын жағдайларға тап болады. Жеке өмір мен мансаптағы мәселелер қабаттасып, кейіпкер шын мәнінде ештеңеге үлгермей жатқанын ұғына бастайды. Бұл комедияны көріп шыққан соң, ер азаматтар әйелдерінің “бәріне үлгеру” деген қабілетіне жаңа көзқараспен қарайтыны анық.


🎞️ Компаньон (1996)

Лорес Айрис – өте дарынды қаржы талдаушысы. Ақылына көркі сай, табанды әрі іскер. Алайда ерлер үстемдік еткен корпорацияда әйелді байыппен қабылдай қою қиын. Лорес ұзақ жылдар бойы бір компанияда тынымсыз еңбек етіп, жоғары лауазымға лайық болса да, бұл орынға ер адам тағайындалады.

Амалы таусылып, Лорес жұмыстан кетіп, өз кәсібін ашуға бел буады. Бірақ бизнес бастау одан да қиын болып шығады – нәзік, бірақ ақылды әйелмен ешкім серіктес болғысы келмейді. Сонда ол тәуекелге барып, ойдан құрастырылған “іскер серіктесі” бар екенін жариялайды. Және бұл қадам бәрін өзгертеді.

Бұл фильм – ұзақ уақыт бойы корпоративті әлемде үстемдік еткен ескі түсініктерге қарсы айтылған өткір әрі шынайы жауап.


🎞️ Мелкая (2019)

Джордан Сандерс – ірі компанияда жоғары лауазымды атқарып жүрген басқарушы. Оған тек бір мәміле жасау қалды. Осыдан кейін ол көптен күткен қызметінде жоғарылауы мүмкін. Бірақ таңертең оянғанда бәрі астан-кестен болады. Ол 13 жастағы жасөспірім қызға айналған.

Жетістікке жетуге бірнеше күн ғана қалды, бірақ Джордан берілмек емес. Жағдайды көмекшісі реттеуге тырысып жүргенде, өзі мектеп партасына қайта отырып, өмірге мүлде басқа қырынан қарай бастайды. Ол өз бала күнгі армандарымен бетпе-бет келіп, шын мәнінде кім екенін қайта ұғынады.


🎞️ Джой (2015)

Джой Мангано – Лонг-Айлендтегі жалғызбасты ана. Екі баланы тәрбиелеп, отбасыны асырау үшін әуежайда жұмыс істейді. Үйінде бұрынғы күйеуі, телесериалдарға әуес анасы, махаббатын жаңа бастаған әкесі және бәсекелес әпкесімен бірге тұрады. Ал сіз бұл отбасылық драма деп ойладыңыз ба? Жоқ, бәрі енді басталады.

Жастайынан түрлі жаңалық ойлап табуды ұнатқан Джой өмірдің қиындықтарына қарамай, ерекше бір нәрсе ойлап табады – өзі сығып алуға болатын ғажайып швабра. Бұл – үй шаруасындағы әйелдердің өмірін жеңілдететін жаңалық. Қарсы шыққандар көп болады, сенбейтіндер де табылады, бірақ Джой табандылығымен бизнес әлемінде өз орнын тауып, өз дәуірінің ең беделді кәсіпкер әйелдерінің біріне айналады.


🎞️ Опасная игра Слоун (2016)

Әйелдің саяси алаңда не шаруасы бар? Бірақ Элизабет Слоун сынды жандар дәл осы салаға жаратылған секілді. Ол – аналитик, тактик, айлакер әрі батыл. Лоббистік компанияда жұмыс істей жүріп, кез келген сенатордың көңілін таба алады. Бұл оған – заң жобаларының тағдырын шешуге мүмкіндік береді.


🎞️ Стажер (2015)

Бен – 70 жастағы жесір, өмір бойы баспаханада еңбек еткен. Зейнетке шыққан соң бос отыруға шыдамай, бір күні егде жастағы стажерлерге арналған бағдарламаға көзі түседі.
Осылайша ол About The Fit атты сәнді интернет-дүкенге жұмысқа орналасады. Компанияны жас әрі жалындаған кәсіпкер Джулс Остин басқарады.

#фильм #кино #қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4❤2👍1🤩1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👏Қытайлық туристер Қазақстанға ағылып келуде: олардың саны бес жылда 9 есеге артты

Жақсы көрсеткіш екен👍

💼Педофилдер өмір бойына бақылауға алынады – жаңа заң қабылданбақ

Педофидерге қатысты заң күшейтілмек📍

👥24 мамырдан бастап Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үйге кезекке тұру жүйесі жаңартылады

Жаңа ережемен таныстыңыз ба?🤔

👏Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізу күні өзгергенін хабарлады

Құлаққағыс📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-86/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Қытай #турист #педофил #жаңазаң #мемлекеттіктұрғынүй #ҰБТ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍6👍2👌1🙊1
💡📆📆📆📆📆 16 мамыр

💼1907 жылдың 16 мамырында Мемлекеттік Думада сөз сөйлеген депутат Бақытжан Қаратаев Ресей империясының қазақ жеріндегі қоныс аудару саясатын алғаш болып сынға алды. Бақытжан Қаратаев (1863-1934) – қазақтың тұңғыш заңгері. Сонымен қатар ол ар-ождан бостандығы және аграрлық комиссиялардың құрамында жұмыс істеді. Ол бірінші болып аграрлық және ұлттық мәселелерді көтеріп, Ресей үкіметінің орыс және украин шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру жөніндегі жоспарының халыққа қарсы екендігін ашық айтты.


👏Бүгін UNESCO бастамасымен халықаралық “жарық күні” атылып өтеді. Жарық – Жер бетіндегі тіршіліктің басты негіздерінің бірі.
Күн сәулесі егіннің өнімділігіне, ауа райына, маусым алмасуына, табиғи құбылыстардың түзілуіне, ағзаға қажет D дәруменінің пайда болуына және адамның рухани тыныштығына тікелей әсер етеді. 1960 жылдың 16 мамырында инженер Теодор Майман жарықтың мүмкіндіктерін зерттей отырып, алғашқы лазерді ойлап тапты.
Сондай-ақ жарық ауру тудыратын бактерияларды жоя алады. Бұны медицинада ультракүлгін шамдар арқылы кеңінен қолданады.

👥16 мамыр — екі қазақ қаламгерінің туған күні. 90 жыл бұрын ақын, филолог, фольклортанушы Оразақын Асқар (1935-2019) дүниеге келді. Ол халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының және Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты. Сонымен қатар “Тұңғыш”, “Мейірім”, “Белжайлау”, “Балқарағай”, “Өркеш”, “Орбұлақ”, “Күнгей”, “Тәуелсіздік тартулары” жыр жинақтарының авторы. Оразақын Асқар – ұлт сөзін қадірлеген қаламгер, ол ұзақ жылдар бойы халық арасында ұмыт бола бастаған тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді жинап, 20 мың жолдан тұратын қос кітап құрастырған. Ал 89 жыл бұрын балалар жазушысы Мұхамеджан Етекбаев (1936-1998) өмірге келді. Ол балаларға арналған 20 кітаптың авторы. Атап айтатын болсақ, “Алтын мүйізді киік”, “Қысық бұтақ”, “Қызыл ала автобус”, “Болатбек”, “Жапалақ туралы ертедегі”, “Алатау ертегісі”, “Жамбылдың мұражайы үйі”, “Айтолқын”, “Қара жартас хикаясы” және т.б. 1966 жылдан бастап ақтық демі таусылғанша Жамбыл мұражайының директоры болып қызмет атқарды.



👥16 мамыр — қос кино жұлдызының туған күні. Бүгін ирландиялық актер әрі продюсер Пирс Броснан 72 жасқа толды. Ол Джеймс Бонд туралы төрт фильмде басты рөлді сомдап, екі рет “әлемнің ең сымбатты ер адам” атағына ие болған. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса және фотомодель Меган Фокс 39 жасқа толды. Ол “Трансформерлер” және “Ниндзя - тасбақалар” фильміндеріндегі басты рөлімен танымал. Актриса сұлулық үшін пластикалық хирургияға жүгінгенін жасырмайды, дегенмен беделді журналдар оны бірнеше рет әлемнің ең тартымды әйелдері тізіміне енгізген.

Сізге қай өнер иесі ұнайды: Пирс Броснан немесе Меган Фокс?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақжерінеқонысаудару #Лазердіңөнертабысы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ОразақынАсқар #МұхамеджанЕтекбаев #ПирсБроснан #МеганФокс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍5👌1😍1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Игроманка" драмасы. Жұлдыз — ойынға тәуелді әйел. Бірақ бір күні ол өміріндегі ең қиын таңдауға тап болады: ойын немесе ұлы. Бір қарағанда, шешімі айқын болып көрінеді. Бірақ Жұлдыз үшін өзімен бетпе-бет келіп, өткеннің жараларын емдеу оңайға соқпайды. Осы сәтте, оның ішкі күйзелісі мен рухани ізденісі басталады. Басты рөлдерде: Гузель Жан, Жалғас Жанғазин, Бақтияр Қожа, Алтынай Нөгербек.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=hlYMQnIb-PY

🎬"Пункт назначения: Узы крови" қорқынышты фильмі. Колледжде оқитын бойжеткен күнде бір сұмдық түсті қайта-қайта көреді. Осы түс оны туған ауылына оралуға итермелейді. Бірақ бұл жай ғана түнгі елес емес, бүкіл әулетін қара түнекке сүйреп бара жатқан қарғыс екенін түсінгенде, бәрі кеш болуы мүмкін. Оны тоқтату үшін бір ғана мүмкіндік бар — бұл шеңберді кім және қалай бұза алады? Басты рөлдерде: Тони Тодд, Брэк Бассингер. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=0CysFGWyKK8

🎬"Верный друг драмасы. Нью-Йоркте тыныш өмір сүріп жүрген жазушы әйел күтпеген жерден ескі досынан мұра алады. Бұл — асыл, бірақ айтқанға көнбейтін алып ит еді. Сөйтіп беймаза тіршілік иесімен оның өмірі әп-сәтте астаң-кестең болады: сынған заттар, шағымданған көршілер, тіпті пәтерден қуылу қаупі де болады… Бірақ уақыт өте келе ол бұл иттің тек ауыртпалық емес екенін, қайта екеуінің бір-біріне шын қажет екенін ұғына бастайды. Басты рөлдерде: Билл Мюррей, Наоми Уоттс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=y8Zf_35zo1M

🎬“Потерянная принцесса” шытырман оқиғалары. Құпия мен қараңғалыққа толы ескі қамал миллиардер Алек Туатидің назарын аударады. Сол жерде сақталған аңызға айналған махаббат пен ата-баба аманаты оны өз тағдырын қайта қарауға жетелейді. Ал бұл жолда ол сенімді одақтастар тауып, зұлымдыққа қарсы тұрып, ұмыт қалған тарихты қайта жаңғыртуы тиіс. Басты рөлдерде: Киллиан О ' Салливан, Эрик Робертс. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nIosh9m_Qvw

🎬"Загадочное убийство Белль" детективі. Пьер — ауыл мектебінің мұғалімі, ал әйелі Клеа — дәріхана меңгерушісі. Бір күні олар досының сұлу қызы Белльді үйге қонаққа шақырады. Бірақ бірнеше күннен кейін Белль жұмбақ жағдайда көз жұмады. Басты рөлдерде: Шарлотта Гейнсбург, Гийом Кане. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=v53SVPnblBs

🎬"Багровая отмель" триллері. Тәжірибелі сүңгуірлерден құралған топ су түбінде жатқан көлік пен оның ішіндегі алтын жүктi көтеруге тапсырыс алады. Оған қоса, алтынның иісін сезген қаланың қылмыстық топтары да іске араласып, жанталас күрес басталады. Басты рөлдерде: Гермиона Корфилд, Джейк Райан. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ujvG7u0AzwE

🎬"Как заработать на убийстве" триллері. Мишель мен Кати – өмірден баз кешкен ерлі-зайыпты. Күнделікті күйбең тірлік пен қаржылай тығырық олардың арасындағы сезімді өшіріп, үй ішіндегі үнсіздік әлдеқашан үйреншікті күйге айналған. Алайда бір күні күтпеген жағдай орын алады. Орман ішінде болған жол апаты – бәрін күрт өзгертеді.

Басты рөлдерде: Франк Дюбоск, Лор Калами. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=RjXmSyXZf3U

🎬"Сущность.Семейный кошмар" қорқынышты фильмі. Розарио әжесінен айырылып, туған үйіне оралады. Алайда ауа райының қолайсыздығынан жедел жәрдем келіп үлгермейді, және ол түнді марқұммен бірге өткізуге мәжбүр болады. Күн батқан сәттен бастап, Розарио жын-сайтанмен бетпе-бет келеді. Басты рөлдерде: Эмерод Тубия, Эмилия Фоше. Жас рейтингі: 18+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=tNjPlgonl_M

#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңпостері #Қазақстанкинотеатрлары #Игроманка #Пунктназначения2025
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3🤩1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👏Қазақтың “Беташары” ЮНЕСКО тізіміне ресми түрде енді

Құтты болсын!😍

😍Енді ерікті зейнетақы жарналарынан төлем алу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ

Жаңа жүйе іске қосылады екен👍

🙌Биылғы оқу жылында қазақстандық дарынды балалар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль иеленген

Тамаша көрсеткіш!🔥

👀ҰБТ-2025: Қазақстанда тестілеудің негізгі кезеңі басталды

Ал талапкерлерге сәттілік тілейміз!

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-87/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Беташар #ЮНЕСКО #зейнетақы #жарна #халықаралықолимпиада #ҰБТ-2025
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌2❤1
💡📆📆📆📆📆 17 мамыр

😍Бүгін көпшілік интернеттің пайда болған күнін атап өтеді. 1991 жылы 17 мамырда интернет WWW (World Wide Web) стандартының бекітілуімен қолданысқа енді. Оның алғашқы қызметі электрондық пошта, ақпараттық бюллетеньдер және файлдарды тасымалдаумен шектелді. Содан бері отыз жылдан астам уақыт өтсе де, Интернет жайлы пікірлер әлі де сан алуан. Бірі – таңдай қағып, тамсанып жатса, енді бірі – сыни көзқарасын білдіруде. Осы жолдарды еңсеру арқылы биіктерді бағындыра алды. Мәселен, қазіргі ақпаратты да интернеттің дамуының арқасында оқып отырсыз.

Сіз интернетсіз қанша уақыт өткізе аласыз?



👏17 мамыр — Халықаралық пульмонолог күні. Пульмонолог – тыныс алу жүйесі мен өкпе ауруларын алдын алумен, оны зерттеумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын маман. Олар респираторлық аурулардың түрін емдеп қана қоймай, көптеген адамға темекіден бас тартуға және осы жаман әдетке байланысты проблемалардан арылуға көмектеседі. Пандемиядан бері пульмонологтардың маңыздылығы артып, сұранысқа ие мамандардың қатарына енді.

Егер таныстарыңыздың арасында пульмонологтар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!



👀233 жыл бұрын Уолл-стритте Нью-Йорк қор биржасы құрылды. 1792 жылы 17 мамырда 24 брокер кең жапырақтары жылу мен жаңбырдан құтқаратын ағаштың атымен аталған “Платан” келісіміне қол қойып, өз қауымдастығын құруға шешім қабылдады. Қазір әлемдегі ең ірі қор биржасы АҚШ пен қаржы саласының күш-қуатының негізгі символына айналды. Биржада әлемге әйгілі Dow Jones индексі анықталады.

Егер акциялар мен бағалы қағаздар нарығына қызығушылық танытсаңыз, комментарийге жаза кетіңіз. Алдағы уақытта толық ақпаратты бөлісетін боламыз.


🙌Бүгін Қазақстан Президенті, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды. Сонымен қатар ол Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Әкесі Кемел Тоқаев (1923-1986) — Ұлы Отан соғысына қатысушы, жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін қалаушы. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қатынастарға арналған 10 кітаптың авторы әрі салауатты өмір салтын қолдаушы. Президент көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерді оқығанды ​​ұнатады. Ажырасқан. Тимур деген ұлы бар.

Happy birthday mister President! https://www.youtube.com/watch?v=iH3oOVKt0WI

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Интернеткүні #өкпеаурулары #қорбиржасы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #Қасым-ЖомартТоқаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌3
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🌑Орталық музейдегі “Музей түні”

Музей жылына бір-ақ рет қойылатын бірегей әрі сирек экспонаттарды тамашалауға шақырады.

Өтетін орны: Орталық мемлекеттік музей, Самал-1 ықшамауданы, 44-үй.
Күні: 17 мамыр, 18:00-23:00

🌺Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 17 және 18 мамыр, 11:00 – 19:00

💐Ә. Қастеев атындағы өнер музейіндегі “Музей түні”

Мерекелік бағдарлама екі бөлімге бөлінген. Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін жас өнерсүйер қауымды шеберлік сабақтары, ашық аспан астындағы сурет салу (пленэр), квест-ойындар күтеді.

Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 шағынауданы, 22/1-үй.
Күні: 18 мамыр, 14: 00-00:00

🙄"Zat" көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 17 және 18 мамыр, 10:00 – 19:00

🤗“Volcano” заманауи керамика көрмесі

Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаулардың атқылау үдерістерін зерттеп, сол негізде жасаған жұмыстарын назарға ұсынады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 17 мамыр, 10:00 – 19:00

🤗"Ұлы Жеңіс – ерлікке құрмет, ұрпаққа өнеге” атты сурет және мүсін көрмесі

Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 17 және 18 мамыр, 11:00 – 19:00


АСТАНА:

😍Ұлттық музейде “Музей түні”

Кеш қонақтарын театрландырылған экскурсиялар, шеберлік сағаттары, қызықты квесттер, кітаптар мен қолөнер жәрмеңкелері, цирк әртістерінің өнері, алуан түрлі концерттік бағдарлама, DJ-сет және тағы да басқа қызықты шаралар күтеді.

Өтетін орны: Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54
Күні: 18 мамыр, 10: 00-00:00

🙌"Керісінше” көрмесі

Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы.Қытай суретшісі Лу Лин мен қазақ график-суретшісі, QYZYLZHEBE лақап атымен танымал Ілияс Дәулбаев көрерменге ойлы, терең мағынаға толы диалог ұсынады.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1 КЕРІСІГЕ" көрмесі
Күні: 17 және 18 мамыр, 10:00 - 20:00


ШЫМКЕНТ:

👀Бейнелеу өнері музейінде “Музей түні”

Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шахар-Бану Әлімқұлованың жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Кеш барысында қонақтар үшін мазмұнды экскурсиялар мен естелікке фотосессиялар ұйымдастырылады.

Өтетін орны: Бейнелеу өнері музейі, Мадели Қожа көшесі, 2Б
Күні: 18 мамыр, 10:00-17:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер #Мұражайдағытүн
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Игроманка” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/3prJTbSdk_A

#Игроманка #драма #игра #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌2❤1
💡📆📆📆📆📆 18 мамыр

🤩Бүгін — Қазақстанда “түркі жазуы” күні. 2014 жылдың 18 мамырында Моңғолиядан Астанаға Күлтегін тас ескерткішінің көшірмесі жеткізілді. Көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп те аталады. Түркі жазба мұраларының көпшілігі Орталық Азия аумағынан табылған. Солардың ішіндегі ең танымалдары – Солтүстік Моңғолиядағы Орхон, Селенге, Толы өзендерінің бойынан табылған жазулар. Бұл руналық жазбалар белгілі түркі билеушілері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналған.


🤗18 мамыр – Халықаралық мұражай күні. Бұл мереке жыл сайын 18 мамырда әлемнің 150-ден астам елінде аталып өтеді. Музейлер – адамның мәдени әрі рухани дамуына үлкен үлес қосатын киелі орындар. Көптеген туристер жаңа қалаға немесе елге саяхаттағанда, сол жердегі музейлер мен этнографиялық көрмелерге барып, сол өңірдің тарихымен жақынырақ танысуды жөн көреді. Қазақстанда қазіргі таңда 150-ге жуық музей бар. Бүгін олардың көпшілігі Ашық есік күнін өткізіп жатыр. Кез келген адам көрмелерді тегін тамашалай алады.

Сіз мұражайларға жиі барасыз ба?


👤Бүгін — Омар Хайямның (1048-1131) туған күні. Аты аңызға айналған ғалым әрі философ түрлі салада еңбек етіп, кең танымалдыққа ие болды. Атап айтатын болсақ, тарих, математика, астрономия, әдебиет, тіпті аспаздық білімі де болды. Ол философиялық рубаилардың авторы ретінде Иран мен бүкіл Шығыс тарихындағы көрнекті тұлғаға айналды.

Омар Хайямның қай рубаиасы есіңде қалды?

👥18 мамыр — қазақтың қос тұлғасының туған күні. Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, дипломат, әдебиеттанушы Олжас Сүлейменов 89 жасқа толды. Ол — Кеңестік цензура тыйым салған “Игорь жасағы туралы жыр” және “Аз и Я” түркі элементтері туралы лингвистикалық зерттеулердің авторы. Сонымен қатар адамзат тарихындағы ең ірі бейбітшілік бастамалардың бірі – “Невада — Семей” антиядролық қозғалысының негізін қалаған тұлға. 63 жыл бұрын әнші, композитор, A'Studio тобының негізін қалаушы әрі алғашқы солисі Батырхан Шүкенов (1962-2015) дүниеге келді. Өнер иесі өзінің табиғи сымбаттылығымен, жан тербететін үнімен халықтың жүрегінен орын алды. Оның әндері әлі күнге дейін радиоларда шырқалып, бейнебаяндарын мыңдаған адам тамашалайды.

Сізге Батырхан Шүкеновтің қай әні ұнайды?

#Күнтізбе, #Мереке, #ЕрекшеКүн, #ТүркіЖазуы, #МузейКүні, #ТуғанКүндер, #ТанымалТұлғалар, #ОмарХайям, #ОлжасСүлейменов, #БатырханШүкенов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌2❤1⚡1