Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.
АЛМАТЫ:
Музей жылына бір-ақ рет қойылатын бірегей әрі сирек экспонаттарды тамашалауға шақырады.
Өтетін орны: Орталық мемлекеттік музей, Самал-1 ықшамауданы, 44-үй.
Күні: 17 мамыр, 18:00-23:00
Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу.
Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 17 және 18 мамыр, 11:00 – 19:00
Мерекелік бағдарлама екі бөлімге бөлінген. Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін жас өнерсүйер қауымды шеберлік сабақтары, ашық аспан астындағы сурет салу (пленэр), квест-ойындар күтеді.
Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 шағынауданы, 22/1-үй.
Күні: 18 мамыр, 14: 00-00:00
“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.
Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 17 және 18 мамыр, 10:00 – 19:00
Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаулардың атқылау үдерістерін зерттеп, сол негізде жасаған жұмыстарын назарға ұсынады.
Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 17 мамыр, 10:00 – 19:00
Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 17 және 18 мамыр, 11:00 – 19:00
АСТАНА:
Кеш қонақтарын театрландырылған экскурсиялар, шеберлік сағаттары, қызықты квесттер, кітаптар мен қолөнер жәрмеңкелері, цирк әртістерінің өнері, алуан түрлі концерттік бағдарлама, DJ-сет және тағы да басқа қызықты шаралар күтеді.
Өтетін орны: Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54
Күні: 18 мамыр, 10: 00-00:00
Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы.Қытай суретшісі Лу Лин мен қазақ график-суретшісі, QYZYLZHEBE лақап атымен танымал Ілияс Дәулбаев көрерменге ойлы, терең мағынаға толы диалог ұсынады.
Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1 КЕРІСІГЕ" көрмесі
Күні: 17 және 18 мамыр, 10:00 - 20:00
ШЫМКЕНТ:
Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шахар-Бану Әлімқұлованың жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Кеш барысында қонақтар үшін мазмұнды экскурсиялар мен естелікке фотосессиялар ұйымдастырылады.
Өтетін орны: Бейнелеу өнері музейі, Мадели Қожа көшесі, 2Б
Күні: 18 мамыр, 10:00-17:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!
#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер #Мұражайдағытүн
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3
Бүгінгі кино шолуымыз “Игроманка” атты фильміне арналады
Жіберіп алмаңыз!
Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤
https://youtube.com/shorts/3prJTbSdk_A
#Игроманка #драма #игра #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Ана ұлы мен ойынның арасында таңдау жасайды | Игроманка | Қазақша кино шолу | Кинообзор
👍4👌2❤1
Сіз мұражайларға жиі барасыз ба?
Омар Хайямның қай рубаиасы есіңде қалды?
Сізге Батырхан Шүкеновтің қай әні ұнайды?
#Күнтізбе, #Мереке, #ЕрекшеКүн, #ТүркіЖазуы, #МузейКүні, #ТуғанКүндер, #ТанымалТұлғалар, #ОмарХайям, #ОлжасСүлейменов, #БатырханШүкенов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌2❤1⚡1
Бүгінгі кино шолуымыз “Пункт назначения: Узы крови” атты фильміне арналады
Жіберіп алмаңыз!
Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤
https://youtube.com/shorts/a6jz_ymf4_0
#ПунктназначенияУзыкрови #хоррор #ужасы #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
«Пункт назначения» қайта оралды! | Қазақша кино шолу | Кинообзор | Пункт назначения: Узы крови
👍4👌1
19–25 мамырға арналған қаржылай жұлдыз жорамал
Аптаңыз сәтті өтсін! Есіңізде болсын: ақша — басты құндылық емес, бірақ өмірді жеңіл әрі көңілді ететіні рас!
Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.
#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар #қазақша
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤4👌1
Сіздің ойыңызша, қай купюраның дизайны әдемі?
Түріктердің арасында таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!
Сіз Рубик текшесінің барлық жағын сәйкестендіре алдыңыз ба?
Қадырәлінің қай жобасын ұнатасыз?
#Күнтізбе, #Мереке, #ЕрекшеКүн, #БанкнотФабрикасы, #АтатүрікКүні, #РубикТекшесі, #ТуғанКүндер, #ТанымалТұлғалар, #ҚыдырәліБолманов, #СэмСмит
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌3❤2
Уақытты тиімді жоспарлауға арналған Trello қосымшасы: Тегін платформаның ТОП-5 артықшылығы
✍🏻 Қазіргі заман — технология дәуірі. Уақытты тиімді басқару, күнделікті істерді жүйелеу және ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін цифрлық құралдарды қолдану табысты адамның басты дағдыларына айналды. Солардың бірі — Trello қосымшасы. Ол жобаларды басқаруға арналған интуитивті, ыңғайлы әрі тегін платформа ретінде кеңінен қолданылады.
📍Trello дегеніміз не?
Trello — бұл Kanban тақтасы негізінде жұмыс істейтін жобаларды және тапсырмаларды басқару құралы. Оны жеке тұлғалар да, шағын командалар да, ірі компаниялар да кеңінен қолданады. Пайдаланушы “тақта” (board), “тізім” (list) және “карточка” (card) форматында өз жұмыс жоспарын ұйымдастыра алады.
📍Жоспар жазудағы артықшылықтары
1️⃣ Көрнекілік және құрылымды болуы
Trello-да кез келген жоспар визуалды түрде көрсетіледі. Әр тапсырманы нақты категорияларға бөліп, қадам-қадаммен орындауға мүмкіндік береді. Бұл құрылым жұмысқа деген мотивацияны арттырады.
Мысалы:
• Тақта атауы: “Диплом жұмысын жазу жоспары”
• Тізімдер: “Зерттеу жоспары”, “Жинақталған материалдар”, “Жазу”, “Редакциялау”, “Тапсыру”
2️⃣ Уақытты тиімді басқару
Карточкаларға мерзім (дедлайн) орнатуға болады. Бұл тапсырманы уақытында орындауға итермелейді. Сонымен қатар “Calendar” функциясы арқылы барлық істі күнтізбе бойынша реттеп көруге болады.
3️⃣ Маңызды істерді анықтау
Trello карточкаларына түрлі түсті белгілер (labels) қою арқылы тапсырманың маңыздылығын айқындауға болады:
• Қызыл — шұғыл
• Сары — орташа
• Жасыл — аяқталған
4️⃣ Ынтымақтастық
Егер сіз бір жобаны басқа адамдармен бірге орындайтын болсаңыз, Trello-да командалық жұмыс өте оңай жүзеге асады. Әр адамға нақты тапсырма бекітіліп, оның орындалу барысы бақыланып отырады.
5️⃣ Икемділік
Trello-ны оқу, жеке даму, жұмыс және тұрмыстық жоспарлау сияқты кез келген салада қолдануға болады.
⁉️ Trello-ны қалай қолдануға болады?
(қысқаша нұсқаулық)
▪️ Тіркелу: Trello.com сайтына тіркеліңіз немесе мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.
▪️ Жаңа тақта құру: Мысалы, “Күнделікті жоспар”, “Жобаларым”, “Оқу жоспары” дегендей.
▪️ Тізімдер қосу: Мысалы, “Істелетін жұмыстар”, “Орындалу үстінде”, “Аяқталған”
▪️ Карточкалар жасау: Әрбір іс-шараға жеке карточка құрыңыз.
▪️ Мерзім, белгі, файл қосу: Әр карточкаға дедлайн қойып, керек болса құжат тіркеңіз.
🟢 Trello-ны қайда және қалай қолдануға болады?
🔺Trello — әмбебап құрал. Оны өмірдің түрлі саласында тиімді пайдалануға болады. Мәселен, білім саласында Trello оқу процесін ұйымдастыруда үлкен көмекші бола алады. Студенттер курстық немесе дипломдық жұмысын кезең-кезеңімен жоспарлап, қажет әдебиеттер тізімін, зерттеу бағыттарын және мерзімдерін бір жерде жинақтап жүргізе алады. Сондай-ақ күнделікті оқу жоспарын жасап, қай пәнге қанша уақыт бөлінетінін белгілеп отыруға болады.
🔺 Жеке даму бағытында да Trello таптырмас көмекші. Мысалы, бір айда қанша кітап оқитыныңызды, спортпен қанша күн айналысатыныңызды немесе жаңа дағдыларды үйрену жоспарын нақтылап, прогресті бақылап отыруға болады. Бұл мотивацияны арттырып, жоспарлы өмір салтын қалыптастырады.
🔺Жұмыста Trello-ны жобаларды басқаруға, тапсырмаларды бөлісуге және командалық жұмысты үйлестіруге пайдалануға болады. Әріптестерге тапсырма беру, дедлайн орнату, жұмыс барысын бақылау сияқты функциялар кез келген жобаны тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, контент-жоспарлау, іс-шара ұйымдастыру, есеп тапсыру тәрізді міндеттер де бір жүйеге түседі.
🔺Ал күнделікті өмірде Trello үй шаруасын жоспарлауға, азық-түлік сатып алатын тізімді жазуға, отбасы істерін үйлестіруге немесе алдағы сапардың бүге-шүгесіне дейін жоспар жасауға көмектеседі. Яғни, Trello арқылы өзіңіздің уақытты тиімді жұмсайтын, тәртіпті әрі мақсатқа бағытталған адамға айналуыңызға болады.
✔️ Trello — бұл жоспар құралы ғана емес, ол уақытты үнемдеуге, тәртіпке келтіруге, шығармашылықты арттыруға сеп болатын сенімді көмекші.
#Trello #карта #жұмыс #оқу #жоспар #уақыт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌2❤1
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Мәссаған😶
Құтты болсын!😍
Сапалы жұмыс болсын!👍
Тамаша!🔥
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-88/
#Қазақстан #блогер #мемлекетқазынасы #Евровидение-2025 #JJ #ЖЭО
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2👌2
Сізге балдың қай түрі ұнайды?
Әрдайым сақ болыңыз және ауырмаңыз!
Сізге иттердің қай тұқымы ұнайды?
Ал сізде неше джинсы бар?
#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #АраКүні #Сынық #ИтТұқымдары #АлғашқыДжинсы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6⚡2👌2
Түйе үстіндегі өркениет: Қазақтың керуен жолдары жайлы не білеміз?
Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ қоғамында сауда қатынастары — тек экономикалық қажеттілік емес, сонымен қатар өркениетпен байланыс орнатудың маңызды құралы болды. Қазақ даласы — Еуразияны көктей өтетін Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарының бірі ретінде ғасырлар бойы керуен саудасының күретамыры саналған.
📍Керуен саудасының маңызы
Қазақтардың керуен саудасы, негізінен, мал шаруашылығына негізделген өнімдер мен көршілес отырықшы елдердің қолөнер және тұрмыстық бұйымдары арасындағы айырбас арқылы жүрді. Ет, жүн, тері, мал – көшпелілер ұсынған басты тауарлар болса, олардың орнына қазақтар шай, қант, маталар, зергерлік бұйымдар, қару-жарақ пен астық сияқты заттарды сатып алатын.
Керуен саудасы тек экономикалық алмасумен шектелмей, саяси-дипломатиялық қатынастардың дамуына да ықпал етті. Қазақ хандары мен сұлтандары көршілес елдермен (Қытай, Ресей, Бұхар, Қоқан, Хиуа) бейбіт қарым-қатынас орнатып, керуендерге жол ашу арқылы өз биліктерін күшейтіп отырған.
✔️ Керуен жолдары мен бағыттары
Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты қазақ даласы арқылы өткен. Олардың ішінде ең танымал бағыттар:
• Оңтүстік бағыт: Тараз – Шымкент – Түркістан – Сайрам – Сарыағаш арқылы Бұхара мен Самарқанға жететін жол;
• Солтүстік бағыт: Отырар – Сарысу бойымен – Ұлытау арқылы Сарайшық пен Астраханьға, одан әрі Мәскеуге дейін жалғасатын жол;
• Шығыс бағыты: Жетісу арқылы Қытайға шығатын жолдар (қазіргі Жаркент, Қорғас маңы).
Бұл жолдармен тек тауар ғана емес, мәдениет, дін, тіл мен білім де алмасып отырды. Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар (Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн) тек сауда орталығы емес, білім мен ғылымның, өнер мен діннің де ордасы болды.
📍Керуендер, әдетте, ондаған немесе жүздеген түйеден құралған. Әр түйе 200 келіге дейін жүк артатын. Қауіпсіздік үшін қарулы күзетшілер мен жолды жақсы білетін жолсеріктер (бастаушы, шабарман) еріп жүрді. Саудагерлердің ішінде тек қазақтар емес, татар, өзбек, парсы, орыс көпестері де болды.
Керуендер апталап, айлап жол жүріп, жазда тау асуларымен, қыста жазықтармен жүріп отыратын. Олар жолай орналасқан құдықтар мен керуен-сарайларда тынығып, малды суарып, азық жинап отырған.
🔺Керуен саудасының тоқырауы
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ресей империясының отарлау саясаты күшейіп, жаңа экономикалық жүйе енгізілген соң дәстүрлі керуен саудасы біртіндеп әлсіреді. Теміржолдардың салынуы, кедендік шектеулер мен шекаралық бақылаудың күшеюі керуен жолдарын тарылтты. Дегенмен, қазақтың көшпелі мәдениеті мен сауда-саттық дәстүрі ұзақ уақыт бойы аймақтық қатынастардың маңызды тетігі болып қала берді.
▪️Көшпелі қазақтың керуен саудасы — бұл тек экономикалық құбылыс емес, мәдени, тарихи және геосаяси мәні бар күрделі жүйе. Ол Қазақ даласын Еуразия кеңістігіндегі ірі өркениеттермен жалғап, елдің ішкі бірлігі мен сыртқы ықпалын нығайтқан маңызды дәуірлік кезеңдердің бірі ретінде бағаланады.
#көшпенділер #экономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌4❤2😍1
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Бұған не дейсіз? 🤔
Тамаша жаңалық!😍
Тұз бен қантты тұтынуға байланысты өзгеріс орынды екен👍
Дайындықтарыңыз қалай?☺️
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-89/
#Қазақстан #Жаңалық #Мектеп #асхана #ақшажинау #заң #тамақтану #студент #шәкіртақы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👌6😍1
Таныстарыңыздың арасында мәдениет және өнер қызметкерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!
Сізге шайдың қай түрі ұнайды?
Сіз қай команданың жанкүйерісіз?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Мәдениеткүні #Қазақстандағыөнер #шайкүні #Айтекебикесенесі #футболфедерациясы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13👌2❤1⚡1
Табыс & Шығыс айдары:
“Еңбекке ерте араласу – қаржылай сауаттың бастауы”. 23 жастағы бойжеткен бір айлық табысы мен шығынын айтты
📍“Табыс & Шығыс” айдарында біз жасы, жынысы, мамандығы, тұрғылықты жері әртүрлі Қазақстан азаматтарының бір айда тапқан табысы мен шығынын есептейміз. Кіріс пен шығынды жатқа білу қаржы сауатын арттырып, қарыздан құтылып, табысты болуға жетелейді.
💁🏻♀️ Бүгінгі кейіпкеріміз – Ақтоты Қалмұрат. 23 жастағы ару маркетолог әрі smm болып жұмыс істейді. Жан-жақты табыс көзі бар бойжеткен қашықтан да қаражат табуға бейімделген. Алматы қаласында тұрады. Тұрмыс құрмаған. Жоғары білімі бар. Студент кезінен шәкіртақыдан бөлек, қосымша табыс табумен айналысқан.
💸 Бір айдағы табысы:
Жұмыстағы жалақы – 500 000-600 000 теңге
Қосымша табыс – 500 000 теңге
Жалпы табыс - 1 000 000 теңге
💸 Бір айдағы шығыны:
Азық-түлікке кететін шығын – 50 000 теңге
Пәтерақы - 75.000 теңге
Кредиттерді өтеу – жоқ
Түскі асқа – 5000 теңге
Дәрі-дәрмекке шамамен - 30 000 теңге
Жол шығыны – 5000 теңге
Күтім заттарына – 70 000-100 000 теңге
Коммуналды шығындар – 10 000 теңге
Жақындарыңа көмек ретінде беретін ақша –50 000теңге
Қыдырып демалуға – 70 000 теңге
Интернет төлемі – 6700 теңге
Киім-кешек - 30 000-50 000 теңге
Кітап алу/курс оқу – 30 000-100 000 теңге
Фитнес залының төлемақысы – 50 000 теңге
Әлеуметтік желіге арналған жазылым ақысы- 4500 теңге
Ақылы ұялы телефон қосымшалары - 10 000 теңге
💵 Жалпы шығын – 470 000 айына мың
Бір айдағы сальдо – плюс 500 000 теңге
📌 Ақтотының түсініктемесі:
Орталық Азия соның ішінде дамушы мемлекеттің азаматшасы болғандықтан, қатарыңнан қалмау, талпынып жан-жақты тірлік қылу біздерге тән. Яғни, аяқты аспанға көтеріп, алаңсыз күн кешу деген жоқ. Бір жағы дамыған елдердегідей бәсеке басым болмағандықтан, мүмкіндік те көп. Аллаға ниет етіп, қолдан келген амалдың барлығын жасасаң табыссыз қалмайсың деп ойлаймын. Өзім студент кезден жұмыстың ауыр жеңіліне қарамай, бос уақытымның барлығында еңбекке араластым. Ақшаны ерте жастан табудың пайдасы көп екенін нақты айта аламын. Себебі, қаржылай жауапкершілік пайда болады. Қаржы сауаты мезетінде қалыптасқан адамның кіріс-шығысқа есеп жүргізуі, өз ақшасын өзі басқара алуы оңай болады. Кризис, инфляция секілді т.б күтпеген соққылар кезінде жұтылып кетпеуге берісі ұтылып қалмауға алдын ала қалқан жасайсың. Түрлі жұмысты істеп көргенімнің арқасында, өзіме не керегін білдім. Ысылдым. Негізгі мамандығым педагогика бағыты. Дегенмен мен маркетинг саласын тәжірибеде жасап бастап, одан соң арнайы оқып та алдым. Есесіне, кәсіби түрде меңгергенімнің арқасында әрдайым жұмыс көзі маған дайын тұрады. Онлайн саудамен де ара-тұра айналысамын.
Уақытымның ауқымды бөлігін жұмыс істеуге арнайтындықтан, үйден сирек тамақтанамын. Яғни, толтырып азық-түлік сатып алмаймын. Оны әзірлеуге уақыт кетіргенше, табыс тапқан мен үшін абзалырақ. Салыстырсам сырттан тамақтанумен шығыны бірдей-ақ. Жұмыстан босаған уақытта нарықты зерттеуге немесе жаңа білім алуға назар қоюға тырасамын. Қазір қыздармен бірлесіп пәтер жалдап тұрамын. Коммуналдық шығын және пәтерақыны бөліп төлейміз. Қазір жеке үйімнің болуына аса қажеттілік жоқ. Алайда болашақта өз қаржыммен үй ала аламын деп ойлаймын. Бастысы, басымда қарыз жоқ. Еркінмін. Ақша жетіспеушілігі, біреуге борышкер болу адамды ішкі мазасыздыққа алып келеді. Онымен алысып күрескенше, нәпсіңмен күрескен тиімдірек. Қыз баласы болсаң да, тұрақты жоғары табыс керек. Адамға сенімділік және ертеңгі күнге үміт сыйлайды. Сүйікті ісіңмен айналысу өмірдің мәні іспетті. Ол әрі жеткілікті қаражат әкеліп тұрса, адамның жаны толығымен тыныштықта болады деген пікірдемін. Әрі қайырымдылықпен айналыса алуға септігі бар. Өмірде алу мен беру заңдылығын сақтаған адамда орынсыз шығын алдынан шықпайды деп ойлаймын.
📞 Өз отбасыңыздың бір айдағы қаржылық картинасымен бөліскіңіз келсе, «Табыс & Шығыс» айдарының колумнисті Мөлдір Бегімбетке хабарласыңыздар: WhatsApp +7 775 609 75 45
#табыс #шығыс #финансы #қаржы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍2🔥1
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Статистика жарияланыпты📌
Қабылданар ма екен🤔
Құтты болсын!😍
Жақсы болар еді👍
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-90/
#Қазақстан #Жаңалық #орташазейнетақы #ақша #университет #ипотека #үй #Өзбекстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3⚡1👌1