Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🤩“Baqsylyq” көрмесі

Бұл көрмеде көрермен Қазақстанның заманауи өнер өкілдерінің туындылары арқылы Орталық Азия халықтарының қазіргі мәдени мұрасының шаманизм ұғымымен тарихи-әлеуметтік байланысын тамашалайды. Сонымен қатар қонақтарды тосын әрі әсерлі өнер туындылары күтеді. Олардың қатарында XVIII ғасырдан бастау алатын көне зергерлік әшекейлер сынды түрлі мәдени артефактілер де бар.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй.
Күні: 24 және 25 мамыр, 12:00 – 17:00

😚Евгений Фридлиннің «Көлеңкелер ойыны» атты жеке көрмесі

Бұл — жарық пен көлеңке, күн мен түн, жалпақтық пен мозаика арасындағы шекараны зерттеген импрессионистің тың жобасы, көркемдік тәжірибесі. Әрбір туынды — нәзік сезім мен терең ойдың жемісі. Еуропалық пейзаждар бір сәтте-ақ Алматы мен оның маңайындағы таныс мекендерге ұласып, павлодарлық ескі үйлер мен Жерорта теңізі тақырыбындағы қиялға толы көріністерге жалғасады. Көрменің әр қадамы — жаңа сезім мен эстетикалық ләззаттың көрінісі.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92
Күні: 24 мамыр, 12:00-18:00

🥳“Нүкте мен Сызық” көрмесі

Бұл — ұстаз бен шәкірттің, Арыстанбек Шалбаев пен Айша Бақтығұлованың арасында өрбіген шығармашылық диалог. Мұндағы абстракт өнер пішін туралы емес, ішкі күй туралы сыр шертеді. Авторлардың туындылары — ақылмен емес, жүрекпен сезінуге шақыратын, әлемді эмоция арқылы бейнелейтін шығармалар. Нүкте мен сызықтың үйлесімі — түйсік пен қабылдаудың өзіндік тіліне айналған көркем әлем.

Өтетін орны: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 24 және 25 мамыр, 10:00 – 19:00

👥Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу. Бұл тақырыптар — суретші Баха Бүбіханованың шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан терең дүниелер. Байқау жеңімпазы 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленіп, оның туындысы Қазақстандағы ең ауқымды өнер топтамаларының бірі — Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорына қабылданады.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 24 және 25 мамыр, 11:00 – 19:00


АСТАНА:

🤩“Magic All Around – күнделікті өмірдегі сиқырлы ойлау” көрмесі

Бұл көрме – сиқырлы ойлаудың визуалды мысалдарын ұсынатын ерекше жоба. Астрологияға сенім, бал ашу, тұмарлар, ырымдар мен көз тию сынды ғылыми негізі жоқ, бірақ өмірімізде кең таралған құбылыстар осы тақырыптың өзегіне айналған. Туындылар әртүрлі техникада жасалған: кескіндеме, графика, жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер, фотосуреттер, тоқыма өнері, инсталляциялар мен мультимедиялық жобалар.

Көрмеге Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар қалаларынан, сондай-ақ Грузия, Ресей және Израиль елдерінен кәсіби және жас суретшілер қатысқан.

Өтетін орны: Chili Grill, Желтоқсан көшесі, 2Т
Күні: 24 және 25 мамыр, 13:00 — 03:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Лило мен Стич” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/_5v5dAlksDo

#лилоистич #лиломенстич #мультфильм #фильм #кинообзор #киношолу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👌3❤1👍1
💡📆📆📆📆📆 25 мамыр

🤩Бүгін — Халықаралық жоғалып кеткен балалар күні. Иә, қандай да бір отбасы мүшесінің із-түссіз жоғалуы — жақындары үшін қайғылы жағдай. Соның ішінде баланың ғайып болуы — ең үлкен қасірет. 1979 жылы 25 мамырда алты жасар америкалық мектеп оқушысы Эвиан Пэйтес үйіне қайтар жолда жоғалып кетті. Оны табу мүмкін болмады. 4 жыл өткеннен кейін Америка Құрама Штаттарының Президенті бұл күнді 1997 жылдан бастап халықаралық деңгейде атап өтуді ұсынады. Осылайша “25 мамыр - жоғалған балалардың ұлттық күні” деп жарияланды. Әлемде миллиондаған бала белгісіз себеппен жоғалып жатыр. Өкініштісі, жыл сайын олардың саны артып келеді. Іздеу статистикасы бойынша Қазақстанда жыл сайын 250-ге жуық бала жоғалады екен.

Өзіңізге және балаларыңызға абай болыңыз!


😻Мамыр айының соңғы жексенбісінде — Қазақстан химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Химиялық білімді дұрыс әрі тиімді пайдалану — адамзатқа бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі, энергия тапшылығы мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау осы саланың жетістіктерімен тығыз байланысты. Бұл кәсіби мереке – технологтар мен инженерлерді, экологтар мен ғалымдарды, зерттеушілер мен фармацевтерді, радиохимиктерді, жалпы, бар өмірін химия мен химия өнеркәсібіне арнаған жандарды біріктіретін ерекше күн.

Егер айналаңызда химия саласында еңбек етіп жүрген таныстарыңыз болса – мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз!


👀25 мамыр — Дүниежүзілік қалқанша безі күні. Бұл мүше гормоналды тепе-теңдікті сақтап, зат алмасуды реттейді. Сонымен қатар жүйке жасушаларының қалыптасуына қатысады. Бүгінде жер бетіндегі халықтың 10 пайыздан астамы қалқанша безі ауруларына шалдыққан, бірақ көпшілігі бұл туралы тіпті білмейді де. Бұл аурулардың басым бөлігі ағзадағы йод жетіспеушігімен тікелей байланысты. Сондықтан күнделікті өмірде белгілі бір мөлшерде йодты (150-200 мг) қабылдау арқылы аталған аурудан алдын алуға болады.

Дұрыс тамақтаныңыз, белсенді өмір салтын ұстаныңыз және деніңіз сау болсын!



👥25 мамырда өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін ирландиялық актер Киллиан Мерфи 49 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Оның ішінде “Оппенгеймер”, “Острые козырьки”, “Темный рыцарь” және “Начало” фильмдерін ерекше атап өтуге болады. Өнер иесі көптеген кәсіби марапаттың иегері. Сонымен қатар бүгін қазақ әншісі Луина да 38 жасқа қадам басты. Луина Каринбаеваның мансабы 2010 жылы X Factor музыкалық таланттар байқауынан басталды. Содан бері ол көптеген кәсіби марапаттарға ие болып, ал бейнебаяндары миллиондаған қаралым жинап келеді. People Awards 2019 жүлдесіне сай, ол “ең көрікті әнші” атанды.

Луинаның қай әні ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #жоғалғанбалалар #химияөнеркәсібі #қалқаншабезі #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #КиллианМерфи #Луина
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4❤2👍2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Миссия невыполнима: Финальная расплата” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/5NsEr4RqWtg

#МиссияневыполнимаФинальнаярасплата #боевик #приключения #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #томкруз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌2❤1
💡💫💫💫💫💫💫💫

26 мамыр мен 1 маусым аралығына арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Тоқты, сіз – тез байып кетудің жолын бірінші болып іздейтін, алаңсыз әрекетке бейім жансыз. Бірақ бұл апта – асығатын емес, сабыр сақтайтын кезең. Жұлдыздар сізге: “Сәл кідір, бәрін есепте!” – дейді. Жаңа инвестжобаларға кірісудің орнына, бар қаржыңызды сақтап қалу амалын қарастырыңыз. Бәлкім, дәл осы үнем – болашақтағы берекенің кілті болар.

♉️Торпақ, сіздің сән-салтанатқа деген сүйіспеншілігіңізді күллі ғалам біледі. Алайда бұл апта – тәбетті тия тұратын кезең. Тағы бір брендтік бұйымға ақша шашпас бұрын, ойланыңыз: “Мына қаржыны жинап қойсам, жүрегім тыныш, ұйқым тынық болмас па еді?” – деп.

♊️Егіздер, сіздің табыс табу тәсілдеріңіз де сан қырлы. Бірақ бұл аптада жұлдыздар: “Бәріне бірдей үлгерем деп шашырама!” – деп ескертеді. Бір-екі нақты бағытқа назар салып, шындап кіріскен жөн. Әйтпесе, “екі қоянды қуып, екеуінен де айырылып” қалуыңыз мүмкін.

♋️Шаян, сіз – отбасының жанашырысыз, қолы ашық жандардың бірісіз. Бірақ осы аптада сақ болыңыз: сіздің кеңпейілдігіңізді біреулер пайдаланып кетпесін. «Міндетті түрде қайтарам» деп келген алыс туысқа ақшаны бере салмас бұрын, ойланыңыз. Мүмкін ол туыс емес, жай ғана шебер актер шығар?

♌️Арыстан, сіз қай жерде жүрсеңіз де көзге түсіп, жарқырап тұрғанды жақсы көресіз. Бірақ бұл аптада қаржыңызды сырт көз үшін шашуға асықпаңыз. Нағыз арыстан – ақшасын орнымен жұмсап, ертеңін бүгіннен ойлайтын, инвестициямен дос жан екенін ұмытпаңыз.

♍️Бикеш, сіздің есеп-қисапқа жүйріктігіңіз – ерекше қабілет. Алайда осы аптада шамадан тыс есепке батып кетпеңіз. Кейде ұсақ-түйек шығындарда логика емес, ішкі түйсікке сенім арту да маңызды. Өзіңізге бір қуаныш сыйлап, жан рахатын да естен шығармаңыз.

♎️Таразы, сіздің әділдік пен тепе-теңдікті жақсы көретініңіз рас. Бірақ дәл осы апта – өз мүддеңізді қорғауға тиіс кез. Жалақыңызға, жұмыс шарттарына қатысты мәселені ашық айтудан қорықпаңыз. Қаржылық тепе-теңдік – әділ келіссөзден басталады.

♏️Сарышаян, сіз – ақша ағынын ішінен көре алатын рентген-көзді жандардың бірісіз. Сізге көрінбейтін дүние – өзгеге тіптен ұғынықсыз. Осы аптада жұлдыздар тереңге бойлап, үміт артқан жобаларыңызды қайта қазбалай қарауға кеңес береді. Бәлкім, ол жерде тек ақша емес, қаржылай қазына жасырынған болар?

♐️Мерген, сізге еркіндік пен күтпеген оқиғалар ұнайтыны секілді, қаржы саласында да тосын бұрылыстардан тайсалмайсыз. Бұл аптада күтпеген шығындар болуы мүмкін, бірақ бойыңыздағы үміт пен сенімді жоғалтпаңыз. Әр қаржылық сәтсіздік – ертеңгі табыстың сабағы, тәжірибеңізді кейін ақшамен өлшейтін күн де келеді.

♑️Тауешкі, сіз алдағы күнге жоспар құрып, болашағыңызды нақты бағдарлап үйренгенсіз. Бұл аптада ұзақмерзімді қаржылай мақсаттарыңызды қайта қарап шығыңыз. Уақыт өзгереді, армандар да соған сай түрленеді. Жаңа түзетулер сіздің арман-мақсаттарыңызды қолжетімді ете түседі.

♒️Суқұйғыш, сіздің тың идеяларыңыз ешкімге ұқсамайды, ал табыс табу тәсілі – шын мәнінде бірегей. Осы апта – тосын ойларыңызды жүзеге асырып көруге таптырмас сәт. Ешкім сенбейтін бастамалардан-ақ табыс тауып кетуіңіз ғажап емес. Мүмкін дәл сіздің “біртүрлі” ойыңыз – болашақтың миллиардтық жобасы шығар?

♓️Балықтар, сіздің ең мықты қаруыңыз – жүрек түбіндегі түйсік. Бұл аптада ішкі дауысыңызды тыңдаңыз – ол сізді жаңылыстырмайды. Егер бір ұсыныс тым жақсы көрінсе, онда оған күмәнмен қарауға тұрарлық. Есіңізде болсын: шын пайда – сенімді жолда.

Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.


#Жұлдызжорамал #Апталықжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2
💡📆📆📆📆📆 26 мамыр

👤1856 жылы 26 мамырда Шоқан Уәлиханов “Көкетай ханның асы” аңызының бір бөлігін қағазға түсірді. Бұл күн “Манас” эпосының алғашқы жазбасы ретінде тарихқа енді. Ғалым эпосқа “Манас” – көне даладағы “Илиада” секілді, қырғыздың мифтері мен аңыздарының энциклопедиясы. Қазіргі уақытта “Манас” эпосы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жауһарларының тізіміне, сондай-ақ әлемдегі ең көлемді эпопея ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. “Манас” эпосын дамытуға жазушы Мұхтар Әуезов пен академик Әлкей Марғұлан да үлес қосты.

🗣26 мамыр — Дүниежүзілік қызғылт шашты адамдар күні. Жер бетінде адамдардың небәрі 1–2%-ында ақшыл, секпіл басқан тері, мыс түстес, қызғылт-сары немесе ашық қоңыр шаш болады. Бұл фенотип өкілдері, әдетте, күн сәулесі аз түсетін аймақтарда жиі кездеседі. Қазақтар арасында да қызыл шашты жандар кездеседі. Тарихтағы ең танымал қызыл шашты тұлғалар қатарында Шыңғыс хан, Христофор Колумб, Леонардо да Винчи мен Джордж Вашингтонның есімі аталады.

Сіздің ойыңызша ерте заманда қазақтардың көк көзді, аққұба болғаны рас па?


👀Бүгін фантастика жанрын сүйетіндер үшін ерекше күн – Дүниежүзілік Дракула күні.
1897 жылдың 26 мамырында Брэм Стокердің әлемдегі ең қанқұйлы құбыжықтардың бірі туралы қорқынышты романы жарық көрді. Дракуланың образын жазуға шабыт берген тұлға – қазіргі Румыния аумағындағы Валахия билеушісі Влад III Басараб. Оны “Цепеш” деп атаған – румын тілінен аударғанда “қазық” деген мағынаны білдіреді. Тарихи деректерге сүйенсек, ол билігі кезінде шамамен 100 мың адамды қазыққа отырғызып өлтірген.
Дракуланың бейнесі сан мәрте фильмдер мен көркем туындыларда көрініс тапқан.

Ал сізге вампирлер туралы қандай фильм ұнайды?

👥26 мамыр — қос тұлғаның туған күні. 97 жыл бұрын “Өлім дәрігері” деген атпен танымал америкалық дәрігер Джек Кеворкиан (1928-2011) дүниеге келді. Ол науқастарға улы дәрі-дәрмек беріп, олардың өлуіне себепші болатын “өзін-өзі өлтіру машинасын” құрастырды. Оны өзіне қол жұмсағысы келетін 130-дан астам науқас қолданды. Алайда оның идеясын дәрігерлер мен билік өкілдері айыптап, медициналық лицензиясынан айырады. Осылайша ол “адам өлтірді” деген айып арқалады. Содан соң бас бостандығынан айырылып, абақтыға қамалды. Сонымен қатар бүгін кино және театр саханасында талай рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір 75 жас мерейтойын атап өтеді. Оны “Ағайынды” сериалындағы Ерсайна ретінде танитын шығарсыз. Актердың қатысуымен өткен соңғы туынды – “Құнанбай”. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Манасжыры #ШоқанУәлиханов #қызылшаштыадамдар #графДракула #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ДәрігерӨлім #АйдосБектемір
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2👌2
💡💡💡💡💡💡💡

25 минуттық сиқыр: Помодоро әдісі жұмысыңызды қалай жеңілдетеді?

📍Помодоро әдісі – өнімділікті арттырып, тапсырманы уақытында орындауға көмектесетін танымал уақыт басқару техникасы. 1980 жылдары Франческо Чирилло ойлап тапқан бұл әдістің негізгі мәні – назарды бір бағытқа қойып, үзілістер арқылы жұмыс өнімділігін сақтау.

Әдістің негізгі қағидалары:

1️⃣ Тапсырманы анықтау: Алдымен қандай тапсырманы орындау керегін нақтылап алыңыз. Мысалы, есеп беру, оқуға арналған материалды талдау немесе жобаны жоспарлау.
2️⃣ Таймерді орнату: Таймерді 25 минутқа қойыңыз. Бұл уақыт кезеңі бір “помодоро” деп аталады. Осы уақытта тек тапсырмаға шоғырлану маңызды. Барлық алаңдататын құралдарды (телефон, әлеуметтік желі және т.б.) өшіріңіз.
3️⃣ Үзіліс жасау: 25 минуттық жұмыс аяқталған соң, 5 минуттық үзіліс жасаңыз. Бұл үзіліс мидың тынығуына мүмкіндік береді және келесі кезеңге дайындықты жеңілдетеді.
4️⃣ Төрт “помодородан” кейін ұзақ үзіліс жасау: Төрт жұмыс кезеңін аяқтаған соң, 15-30 минутқа дейін ұзақ үзіліс жасаңыз. Бұл күннің қалған бөлігінде назарды бір бағытта ұстауға көмектеседі.

🖇️ Помодоро әдісінің артықшылықтары

▪️Назарыңызды бір бағытта ұстауға көмектеседі: Қысқа уақыт аралығында тапсырманы орындауға толығымен ден қойылады.
▪️Шаршауды азайтады: Үзілістердің арқасында ми тынығып, ұзақ уақыт бойы жұмысқа деген қабілет сақталады.
▪️Тапсырмаларды бөлу: Ауқымды тапсырмаларды бірнеше кезеңге бөліп, жеңіл әрі жүйелі орындауға мүмкіндік береді.
▪️Уақытты тиімді пайдалану: Әдіс жұмысты сағаттап емес, нақты нәтижеге бағытталған кезеңдер арқылы басқаруға көмектеседі.

✔️ Помодоро әдісін қалай қолдануға болады?

1️⃣ Мақсаттарды нақтылау: Әр күнге арналған негізгі тапсырмалар тізімін жасаңыз.
2️⃣ Таймер қосымшаларын пайдаланыңыз: Таймерді қолдану үшін арнайы қосымшалар (Toggl, Focus Keeper, Tomato Timer) немесе қарапайым телефон таймерін қолдануға болады.
3️⃣ Үзілістерді тиімді пайдаланыңыз: 5 минуттық үзілісте серуендеу, жаттығу жасау немесе жай ғана терең дем алу арқылы өзіңізді сергітіңіз.
4️⃣ Талдау жүргізу: Күннің соңында қанша “помодоро” аяқтағаныңызды есептеп, жұмысыңыздың тиімділігін бағалаңыз.

🟢 Помодоро әдісі кімдерге пайдалы?

• Студенттерге — оқу материалдарын тиімді игеру үшін;
• Кеңсе қызметкерлеріне —тапсырмаларды уақтылы орындап, өнімділікті арттыру үшін;
• Жазушылар мен шығармашылық адамдарға — жобалармен жұмыс істеу барысында;
• Фрилансерлер мен өз уақытын басқарғысы келетін кез келген адамға.

#қазынакеңес #помодоро
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2👌2😍1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🖇️Қазақстанда бір жылдың ішінде бензин орташа есеппен 2,2 процентке қымбаттады

Ал сіз бағадағы өзгерісті байқадыңыз ба? 😮

👀ҰБТ-2025: смартфон мен шпаргалка алып кірмек болған 26 талапкер тестілеуден шеттетілді

Обал болыпты…🥲

👥Бибісара Асаубаева әйелдер арасында екінші гроссмейстер атанды

Тамаша! Құтты болсын!😍

https://youtube.com/shorts/0i5yfQ823l0?si=BMeeUOoeg7mBG4jG

🤩Алматыда 1 маусымнан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Құлаққағыс📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-93/

#Қазақстан #Жаңалықтар #бензин #ҰБТ2025 #смартфон #шпргалка #БибісараАсаубаева #гроссмейстер #Алматы #электрэнергиясы
👌3👍1👏1🤔1
💡📆📆📆📆📆 27 мамыр

💪Бүгін — батыл шешімдер қабылдау күні. Көп адам жүрегінің түкпірінде не қалайтынын біле тұра, қорқыныш пен қоғамның таптаурын түсініктерінің жетегінде қалып, шешуші қадам жасауға жүрексінеді. Ал батыл әрі тосын шешім кейде аяқ астынан келіп, ең дұрыс нұсқа болмауы да мүмкін. Дегенмен, өмір кейде бір-ақ мүмкіндік береді, сол сәтті дер кезінде пайдалану өте маңызды. Бұл күн – өзгерістерге бастайтын үндеу болсын. Есіңізде болсын, кез келген істе өкініш сезімі орын алмас үшін оны міндетті түрде жасап көріңіз. Сабақты ине сәтімен екенін жадыңыздан шығармаңыз!



🤩1992 жылдың 27 мамырында Жамбыл облысының Шу ауданындағы Балуан Шолақ атындағы ауылда әйгілі балуан, сазгер, ақын Балуан Шолаққа (1864-1919) арналған ескерткіш ашылды. Бала күнінде қолын үсітіп, оң қолының саусақтарынан айырылса да, ол ерекше күшімен көзге түсті. Оның Севр мен Каронды жеңгені әлі күнге дейін ел аузында. Балуан Шолақ өнерден де алыс болған жоқ: ол домбыра тартып, ән салып, шығармалары “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына енген. Сондай-ақ бала кезінен өнерге жақын болып, ән айтып, домбырада ойнады. Сәбит Мұқановтың “Балуан Шолақ” кітабында айтыскер ақынның өмір жолы жақсы баяндалған.

Сіздің қалаңызда Балуан Шолақ есімімен аталған көше не ғимараттар бар ма?


👀Бүгін балық әуесқойлары майшабақ күнін атап өтеді. Арнайы құтыға салынған майшабақтар (шпроты) алғаш рет 1890 жылы 27 мамырда Ригада пайда болды. Мұндай балықтардың дәмі тіл үйіреді. Сонымен қатар құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер де бар. Атап айтатын болсақ, ақуыз, пайдалы май, А, В1, В2, Е дәрумендері, фосфор, хром және кальций. Ал құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері бойынша ет өнімінен кем түспейді. Аталған өнімде жоғары калория болғандықтан, ол диета ұстап жүрген адамдарға жарамайды.

Сізге қай балық түрі ұнайды: майшабақ әлде килька?



👥27 мамырда өмірге келген атақты адамдар. Бүгін “Бәйтерек” ұлттық дәстүрлі театрының негізін қалаушы, жазушы-ғалым Мырзатай Жолдасбеков 88 жасқа толды. Оның ғылыми еңбектерінде Қытайда, Түркияда, Иранда және басқа да елдерде жарық көрген халық ақындары жырларының мағыналық сұлулығы жүйеленіп ашылған. Сондай-ақ ол түркі рунологиясы бойынша іргелі зерттеу жұмысының авторы. Осы еңбегі үшін “Күлтегін” атындағы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар бүгін ағылшын аспазы, ресторатор және тележүргізуші Джейми Оливер 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол танымал аспаздық кітаптардың авторы әрі бүкіл әлем бойынша мейрамханалар желісінің иесі. Әлемдегі ең танымал аспаздың байлығы 200 миллион долларға бағаланады.

Сіз Джейми Оливердің хабарын тамашалайсыз ба?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн?#Мотивация #БалуанШолақ #Шпрот #Туғанкүндер #тұлғалар #МырзатайЖолдасбеков #ДжеймиОливер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌2❤1
💡💡💡💡💡💡💡

Үй кезегіне қалай онлайн тіркелуге болады? “Отбасы банкінде” жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды

🏠 Енді баспанаға мұқтаж қазақстандықтар “Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы” ақпараттық платформасы арқылы өтініш беріп, кезекке тұра алады. Бұл туралы Отбасы банкінің өкілдері хабарлады.

Платформа 24 мамыр күні сағат 09:00-де іске қосылды. Өтініш беру үшін orken.otbasybank.kz сайтына кіріп, жарамды ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы тіркелу қажет.

✔️ Кімдер өтініш бере алады?

Отбасы банкінің мәліметінше, өтініш берген азаматтың тұрғын үйге мұқтаж екенін жүйе автоматты түрде тексереді. Егер өтініш беруші – кәмелет жасына толған Қазақстан азаматы болып, өзі мен отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда жеке меншігінде тұрғын үй болмаған жағдайда, ол азамат мұқтаждар тізіміне енгізіледі.

Мемлекеттік қызмет ретінде тіркеу бір жұмыс күнінде жүргізіледі. Егер өтінішке қосымша құжаттар (мысалы, үйдің апатты екенін растайтын анықтама) тіркелсе, қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Ал демалыс күндері келіп түскен өтініштер келесі жұмыс күні қаралады.

🏘️ Цифрлық портрет жасалады

Жүйе тек меншік құқығындағы баспананы емес, отбасы құрамын, әлеуметтік жағдайды, кіріс деңгейін, жәрдемақы немесе зейнетақы алу фактілерін де автоматты түрде тексереді. Осылайша, әрбір азаматтың цифрлық портреті жасалып, мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары қажет екені анықталады.

📞 Өтініш берген азамат пен оның отбасы мүшелеріне 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіліп, дербес деректерді жинауға келісім сұралады. Бұл хабарламаға жауап беру қажет.

🟢 Қандай қолдау шаралары қарастырылған?

Айта кетейік, мұқтаж азаматтарға тегін пәтер берілмейді. Жағдайына қарай келесі қолдау тетіктері ұсынылады:

• жалдамалы баспананың төлемін субсидиялау;
• жергілікті әкімдіктердің жалдамалы пәтерлері;
• бастапқы жарнасы төмен, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2–5% болатын тұрғын үй бағдарламалары;
• “Наурыз” бағдарламасы және “Наурыз жұмыскер” бағыты.

🟢 Алғашқы кезекте кімдерге басымдық беріледі?

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларында бірінші кезекте баспана алу құқығына ие азаматтар:
• Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген тұлғалар;
• Батыр аналар мен көпбалалы отбасылар;
• Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар;
• 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар жандар;
• Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
• Жесір немесе жесір қалған азаматтар.

Кезекке тұру күніне қарай баспана бөлінеді. Жалпы пәтер қорының кем дегенде 70%-ы – жоғарыда аталған азаматтарға беріледі.

❓Қазіргі базада тұрғандар не істеуі керек?

2025 жылдың 17 маусымынан кейін әкімдіктердің тұрғын үй кезегі Отбасы банкіне беріледі. Осыған байланысты азаматтарға egov.kz порталындағы деректердің (ЖСН, отбасы құрамы, некелік жағдай, мүлік туралы мәліметтер, тіркелген мекенжай) актуалдығын тексеру ұсынылады. Сондай-ақ kezekte.kz сайтынан ИИН арқылы өз мәртебесін қарап, сәйкессіздік болса – әкімдікке хабарласу қажет.

ЭЦҚ-ның болуы және Мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірдің болуы міндетті. Себебі, барлық хабарламалар 1414 қысқа нөмірінен келеді.

📝 Қандай жағдайларда тіркеуден бас тартылады?

• Соңғы 5 жылда тұрғын үй болған жағдайда;
• Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе әкімдік арқылы жалға берілген баспанада тұрып жатса;
• Жалған немесе қате мәліметтер ұсынған жағдайда;
• Бұрын мемлекеттік баспананы алған және жекешелендірген жағдайда;
• Апатты жағдайдағы үй басқа қалада болса;
• Мемлекеттік ипотекалық қолдаумен баспана алған болса.

#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👀1 АҚШ долларының орташа бағамы 546,5 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін — BCC Invest болжамы

Мәссаған!😮

🏠“Отбасы банкі” дивиденттік төлемдерге 84,5 млрд теңге жұмсамақ

Айта кетейік, ҚР Үкіметі «Отбасы банкін» 2027 жылға дейін ішінара IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр📌

💪Астанада LRT диспетчерлерін оқытуға үміткерлерді қабылдау басталды

Түйіндемелер "CTS" компаниясының ресми сайты арқылы қабылданады👍

🤩Қазақстанда бірден 6 кәсіби мереке пайда болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын дайындапты‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-94/

#Қазақстан #Жаңалықтар #1АҚШдоллары #Отбасыбанкі #дивиденттіктөлем #LRT #диспетчер #"CTS"компаниясы #кәсібимереке
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1👌1
💡📆📆📆📆📆 28 мамыр

💃28 мамыр — Халықаралық әйелдер денсаулығына арналған іс-қимыл күні. Бұл күн, ең алдымен, әйелдердің репродуктивті саулығына назар аударуға арналған. Соңғы жылдары түрлі жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығы нашарлап бара жатқанын мамандар жиі айтып жүр. Сарапшылардың болжамынша, бедеулікке шалдыққан әйелдердің саны алдағы уақытта артуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, соңғы он жылда бедеулік дерегі екі есеге жуық өскен. Бүгінде әлем бойынша әрбір жиырмасыншы жұп осы дертке тап болған. Көбіне бедеуліктің алдын алу мүмкін екенін, ол үшін гинеколог пен эндокринолог дәрігерге дер кезінде қаралу қажет екенін мамандар ескертеді.

Барша әйелге зор денсаулық пен бақыт тілейміз!

🤩Бүгін Ақтөбе тұрғындары қала күнін атап өтеді. 1869 жылы 28 мамырда Ақтөбе әскери бекінісі құрылып, оған 1891 жылы қала мәртебесі берілді. Бүгінде Ақтөбе — Батыс Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірі. Сонымен қатар халық саны жағынан елімізде төртінші орында. Қаланың тұрғындар саны 550 мыңнан асады.

Ақтөбеліктерді қала күнімен құттықтаймыз!



🤗28 мамырда әлемнің көптеген елі қара шашты әйелдердің бейресми мерекесін атап өтеді. Психологтардың пікірінше, қара шашты әйелдер сезімтал, құштар, сабырлы әрі терең ойлы болып келеді. Олар логикалық ойлау қабілетімен, парасаттылығымен, сымбаттылығымен ерекшеленеді. Аққұба және қара торы арулар арасында бейресми бәсеке талай жылдан бері жалғасып келеді. Алайда ғылыми деректер жер бетінде қоңыр шашты адамдардың саны басым екенін растайды. Мерекенің пайда болу тарихы да ерекше. Мәселен, дүниежүзілік аққұбалар күні 2006 жылдан бері тойланып келе жатқандықтан, қара шашты арулар да өз мерекесін бейресми түрде бекітті.

Айта кету керек, қазақтардың көпшілігі— қара шашты арулар. Сондықтан бүгінгі мерекемен барша қыздар қауымын құттықтаймыз!

👀28 мамырда аспаздар майонездің пайда болған күнін атап өтеді. Аңызға сүйенсек, 1756 жылы герцог Ришелье Маон аралында жаудың қоршауында отырған кезінде омлет пен қуырылған жұмыртқадан жалығып, аспазына бұрын-соңды болмаған ерекше тағам дайындауды тапсырады. Қолда бар жұмыртқа, май және лимоннан аспаз жеңіл әрі дәмді соус әзірлеп, оны герцогқа ұсынады. Бұл жаңа соус герцогтің ғана емес, француз жауынгерлерінің де көңілінен шығады. Осылайша, король Людовик XV mayonnaisе-дің алғашқы әуесқойлары болды. Кейінірек бұл соус әлемнің түкпір-түкпіріндегі үй шаруасындағы әйелдердің сүйікті өнімдерінің біріне айналды. Үй жағдайында дайындалған табиғи майонез – ешқандай хош иістендіргіштер мен қоспасыз – ағзаға пайдалы май қышқылдары, Е және F дәрумендеріне бай.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #әйелдерденсаулығы #Ақтөбекүні #қарашаштыарулар #Туғанкүндер #майонездіңпайдаболуы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3👌1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақ экономикасы: сауда айырбасында қандай тауарлар маңызды болды?

📌 Көшпенділер экономикасында сауданың айырбас түрі қарқынды дамыды. Себебі олар мүлікті, малды баспа бас алмастырып отырды. Осы тұста тауар айырбасы негізгі үш бағытты қамтыды. Олар елдер арасында, қала мен оның төңірегі арасында, қала мен көшпелі дала арасында айналыста жүрді.

Тауар айырбасының бағыттары

◾️ Айырбас құны үш жасқа жеткен қой және осы жастағы басқа малдар болды. Мұндай сауда тұрмыстық қажеттіліктен туындаған. Бұл сауда жасау немесе пайда табудың мақсатында емес, керісінше тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүргізіліп отырған.

Көшпелі және отырықшы халықтар арасындағы сауда

◾️ Мысалы, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттары мен қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер арасында белсенді түрде іске асып отырды.

◾️ Дегенмен сауда жасап, пайда көздеген бұқарлық, хиуалық саудагерлер орта азиялықтар мен ноғай саудагерлерін көшпелі ортада жатсына қабылдады. Олардың әрекеті қазақ дәстүрлі қоғамының құндылықтары мен нормаларына жат екендігін сыналды.

◾️ Осыған байланысты бірқатар тұрақты тіркестер мен мәтіндер қалыптасты: сауда сақал сипағанша; қыз мұраты - кету, сауда мұраты - ұту; саудада достық жоқ; еңбек түбі — қуаныш, сауда түбі - борыш.

Айырбас саудасының негіздері

◾️ Көшпенді қазақ тұрмысқа қажет заттарына керек уақытында ғана айырбас жасап отырған. Орыс деректеріне сүйенсек, қазақтар айырбас сауданы көбінесе қоймен жасаған, ал орыс саудагерлері қазақтармен жылқыны айырбастауға құштар болды. Себебі, қазақтар жылқы малын баптап, күйін жақсы келтіріп отырған.

Сауда орталықтары

◾️Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех-Нуджикет қалаларында жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды. Бұл туралы деректерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер болды.

#қазынакеңес #көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2👌2⚡1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👀Депутат Тұлпар күнін атап өтуді ұсынды

Бұған не дейсіз?🤔

🤗Биыл Құрбан айт 6 маусымда басталады

Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады📌

🥸Jusan Bank өз атауын ресми түрде Alatau City Bank деп өзгертпек

Жаңа логотипін көрдіңіз бе?😍

🤗Елімізде сапасыз жолдар үшін енді төлем алынбайды

Ақылы жолдардан ақау кетсе, енді ақы төлемейсіз‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-95/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Тұлпаркүні #Құрбанайт #JusanBank #AlatauCityBank #сапасызжолдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4❤2👌1