Сіздің қалаңызда Балуан Шолақ есімімен аталған көше не ғимараттар бар ма?
Сізге қай балық түрі ұнайды: майшабақ әлде килька?
👥27 мамырда өмірге келген атақты адамдар. Бүгін “Бәйтерек” ұлттық дәстүрлі театрының негізін қалаушы, жазушы-ғалым Мырзатай Жолдасбеков 88 жасқа толды. Оның ғылыми еңбектерінде Қытайда, Түркияда, Иранда және басқа да елдерде жарық көрген халық ақындары жырларының мағыналық сұлулығы жүйеленіп ашылған. Сондай-ақ ол түркі рунологиясы бойынша іргелі зерттеу жұмысының авторы. Осы еңбегі үшін “Күлтегін” атындағы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар бүгін ағылшын аспазы, ресторатор және тележүргізуші Джейми Оливер 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол танымал аспаздық кітаптардың авторы әрі бүкіл әлем бойынша мейрамханалар желісінің иесі. Әлемдегі ең танымал аспаздың байлығы 200 миллион долларға бағаланады.
Сіз Джейми Оливердің хабарын тамашалайсыз ба?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн?#Мотивация #БалуанШолақ #Шпрот #Туғанкүндер #тұлғалар #МырзатайЖолдасбеков #ДжеймиОливер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌2❤1
Үй кезегіне қалай онлайн тіркелуге болады? “Отбасы банкінде” жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды
🏠 Енді баспанаға мұқтаж қазақстандықтар “Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы” ақпараттық платформасы арқылы өтініш беріп, кезекке тұра алады. Бұл туралы Отбасы банкінің өкілдері хабарлады.
Платформа 24 мамыр күні сағат 09:00-де іске қосылды. Өтініш беру үшін orken.otbasybank.kz сайтына кіріп, жарамды ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы тіркелу қажет.
✔️ Кімдер өтініш бере алады?
Отбасы банкінің мәліметінше, өтініш берген азаматтың тұрғын үйге мұқтаж екенін жүйе автоматты түрде тексереді. Егер өтініш беруші – кәмелет жасына толған Қазақстан азаматы болып, өзі мен отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда жеке меншігінде тұрғын үй болмаған жағдайда, ол азамат мұқтаждар тізіміне енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет ретінде тіркеу бір жұмыс күнінде жүргізіледі. Егер өтінішке қосымша құжаттар (мысалы, үйдің апатты екенін растайтын анықтама) тіркелсе, қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Ал демалыс күндері келіп түскен өтініштер келесі жұмыс күні қаралады.
🏘️ Цифрлық портрет жасалады
Жүйе тек меншік құқығындағы баспананы емес, отбасы құрамын, әлеуметтік жағдайды, кіріс деңгейін, жәрдемақы немесе зейнетақы алу фактілерін де автоматты түрде тексереді. Осылайша, әрбір азаматтың цифрлық портреті жасалып, мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары қажет екені анықталады.
📞 Өтініш берген азамат пен оның отбасы мүшелеріне 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіліп, дербес деректерді жинауға келісім сұралады. Бұл хабарламаға жауап беру қажет.
🟢 Қандай қолдау шаралары қарастырылған?
Айта кетейік, мұқтаж азаматтарға тегін пәтер берілмейді. Жағдайына қарай келесі қолдау тетіктері ұсынылады:
• жалдамалы баспананың төлемін субсидиялау;
• жергілікті әкімдіктердің жалдамалы пәтерлері;
• бастапқы жарнасы төмен, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2–5% болатын тұрғын үй бағдарламалары;
• “Наурыз” бағдарламасы және “Наурыз жұмыскер” бағыты.
🟢 Алғашқы кезекте кімдерге басымдық беріледі?
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларында бірінші кезекте баспана алу құқығына ие азаматтар:
• Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген тұлғалар;
• Батыр аналар мен көпбалалы отбасылар;
• Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар;
• 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар жандар;
• Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
• Жесір немесе жесір қалған азаматтар.
Кезекке тұру күніне қарай баспана бөлінеді. Жалпы пәтер қорының кем дегенде 70%-ы – жоғарыда аталған азаматтарға беріледі.
❓Қазіргі базада тұрғандар не істеуі керек?
2025 жылдың 17 маусымынан кейін әкімдіктердің тұрғын үй кезегі Отбасы банкіне беріледі. Осыған байланысты азаматтарға egov.kz порталындағы деректердің (ЖСН, отбасы құрамы, некелік жағдай, мүлік туралы мәліметтер, тіркелген мекенжай) актуалдығын тексеру ұсынылады. Сондай-ақ kezekte.kz сайтынан ИИН арқылы өз мәртебесін қарап, сәйкессіздік болса – әкімдікке хабарласу қажет.
ЭЦҚ-ның болуы және Мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірдің болуы міндетті. Себебі, барлық хабарламалар 1414 қысқа нөмірінен келеді.
📝 Қандай жағдайларда тіркеуден бас тартылады?
• Соңғы 5 жылда тұрғын үй болған жағдайда;
• Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе әкімдік арқылы жалға берілген баспанада тұрып жатса;
• Жалған немесе қате мәліметтер ұсынған жағдайда;
• Бұрын мемлекеттік баспананы алған және жекешелендірген жағдайда;
• Апатты жағдайдағы үй басқа қалада болса;
• Мемлекеттік ипотекалық қолдаумен баспана алған болса.
#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌1
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Мәссаған!😮
🏠“Отбасы банкі” дивиденттік төлемдерге 84,5 млрд теңге жұмсамақ
Айта кетейік, ҚР Үкіметі «Отбасы банкін» 2027 жылға дейін ішінара IPO-ға шығаруды жоспарлап отыр📌
Түйіндемелер "CTS" компаниясының ресми сайты арқылы қабылданады👍
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа бұйрықтың жобасын дайындапты‼️
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-94/
#Қазақстан #Жаңалықтар #1АҚШдоллары #Отбасыбанкі #дивиденттіктөлем #LRT #диспетчер #"CTS"компаниясы #кәсібимереке
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1👌1
Барша әйелге зор денсаулық пен бақыт тілейміз!
Ақтөбеліктерді қала күнімен құттықтаймыз!
Айта кету керек, қазақтардың көпшілігі— қара шашты арулар. Сондықтан бүгінгі мерекемен барша қыздар қауымын құттықтаймыз!
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #әйелдерденсаулығы #Ақтөбекүні #қарашаштыарулар #Туғанкүндер #майонездіңпайдаболуы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3👌1
Көшпелі қазақ экономикасы: сауда айырбасында қандай тауарлар маңызды болды?
📌 Көшпенділер экономикасында сауданың айырбас түрі қарқынды дамыды. Себебі олар мүлікті, малды баспа бас алмастырып отырды. Осы тұста тауар айырбасы негізгі үш бағытты қамтыды. Олар елдер арасында, қала мен оның төңірегі арасында, қала мен көшпелі дала арасында айналыста жүрді.
Тауар айырбасының бағыттары
◾️ Айырбас құны үш жасқа жеткен қой және осы жастағы басқа малдар болды. Мұндай сауда тұрмыстық қажеттіліктен туындаған. Бұл сауда жасау немесе пайда табудың мақсатында емес, керісінше тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүргізіліп отырған.
Көшпелі және отырықшы халықтар арасындағы сауда
◾️ Мысалы, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттары мен қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер арасында белсенді түрде іске асып отырды.
◾️ Дегенмен сауда жасап, пайда көздеген бұқарлық, хиуалық саудагерлер орта азиялықтар мен ноғай саудагерлерін көшпелі ортада жатсына қабылдады. Олардың әрекеті қазақ дәстүрлі қоғамының құндылықтары мен нормаларына жат екендігін сыналды.
◾️ Осыған байланысты бірқатар тұрақты тіркестер мен мәтіндер қалыптасты: сауда сақал сипағанша; қыз мұраты - кету, сауда мұраты - ұту; саудада достық жоқ; еңбек түбі — қуаныш, сауда түбі - борыш.
Айырбас саудасының негіздері
◾️ Көшпенді қазақ тұрмысқа қажет заттарына керек уақытында ғана айырбас жасап отырған. Орыс деректеріне сүйенсек, қазақтар айырбас сауданы көбінесе қоймен жасаған, ал орыс саудагерлері қазақтармен жылқыны айырбастауға құштар болды. Себебі, қазақтар жылқы малын баптап, күйін жақсы келтіріп отырған.
Сауда орталықтары
◾️Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех-Нуджикет қалаларында жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды. Бұл туралы деректерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер болды.
#қазынакеңес #көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2👌2⚡1
Кеш жарық, құрметті оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅
Бұған не дейсіз?🤔
Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады📌
Жаңа логотипін көрдіңіз бе?😍
Ақылы жолдардан ақау кетсе, енді ақы төлемейсіз‼️
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-95/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Тұлпаркүні #Құрбанайт #JusanBank #AlatauCityBank #сапасызжолдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4❤2👌1
Есіңізде болсын: дұрыс және теңгерімді тамақтану – денсаулықтың негізгі кепілі.
Қазақстанның «ҚазБат» бітімгершілік батальоны 2000 жылы құрылған. Оның жауынгерлері Иракта саперлік, су және логистикалық қызметтер атқарып, ерлігімен танылды.
Егер айналаңызда “ҚазБатта” қызмет еткен таныстарыңыз болса – оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!
1982 жылы бұл шыңға шыққан алғашқы қазақ – Қазыбек Валиев болса, 2011 жылы Мақсұт Жұмаев әлемдегі барлық 14 сегізмыңдықты бағындырған алғашқы қазақ болып, “Quest-14” клубының 27-мүшесіне айналды. Ал 2024 жылы Анар Бурашева Эверестке шыққан алғашқы қазақ әйелі атанды.
Ал сіз қай таудың шыңын бағындырдыңыз?
https://youtube.com/shorts/cS2Su8kxCaM?si=ol8p3zUdxpi5WaB8
Таныстарыңыздың арасында түріктер болса, оларды жеңіс күнімен құттықтап қойыңыз!
Тегтер: #Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #СалауаттыТамақтану #БейбітшілікСақшылары #ЭвересттіБағындыру #ЫстамбұлдыАлу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Первая девушка-казашка покорила Эверест | Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Эверестті бағындырды
👍3👌2
Теміржолдан Grammy сахнасына дейін: Қарапайым қазақ баласының әлемді бағындыру тарихы
📌 Иманбек (Imanbek) Зейкенов – әлемге танымал қазақстандық музыкалық продюсер, диджей, ремикс жасаушы. Ол – Grammy сыйлығын жеңіп алған тұңғыш қазақ. Оның есімі бүгінде халықаралық музыка индустриясында ерекше құрметпен аталады.
🔍 Өнер иесі 2000 жылы 21 қазанда Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген. Әкесі теміржолшы, анасы бала күтімімен үйде отырған. Иманбек қарапайым қазақ отбасында өмірге келді, музыкалық мектепте оқымаған, шетелде білім алмаған. Бірақ бала кезінен жүрегінде тұтанған музыкаға деген махаббат оның өмір жолын түбегейлі өзгертті.
📌 Бала күнінде түрлі дыбыстарды естіп, соны қайталауға құмар болды. Гитара тартуды оған әкесі үйреткен. Ал дыбыс жазу өнерін Иманбек YouTube-тан видеолар көру арқылы өз бетімен меңгерді. Осылайша, ешкім үйретпей-ақ, өз түйсігімен, есту қабілетімен музыканы “сезінуді” үйренді.
📍 Мектепті бітірген соң ол теміржол колледжіне түсіп, кейін теміржолшы болып жұмыс істей бастайды. Алайда бұл оның жүрегінің қалауы емес еді. Жұмыстан кейін түннің бір уағына дейін компьютердің алдында отырып, ешқандай студиясыз, жай ғана үйде отырып, музыкалық өңдеулермен айналысты. Бұл – жай ермек емес, шын жүректен шыққан еңбек, жанкештілік пен арманға деген адалдық еді.
🔍 2019 жылы Saint Jhn орындайтын “Roses” әніне ремикс жасайды. Бұл ремикс TikTok арқылы бүкіл әлемге таралып, әлемдік деңгейдегі хитке айналады. Миллиондаған тыңдаушыны баураған бұл әуен бір сәтте Иманбекті музыка әлемінің жұлдызына айналдырды.
Кайли Дженнер, Джастин Бибер, Трэвис Скотт, Эллен Дедженерес сынды әлемдік жұлдыздар ремиксті өз парақшаларында бөлісіп, Иманбектің есімін жаһанға танытты.
📍 2021 жылы Иманбек әлемдегі ең беделді музыка сыйлығы — Grammy Awards жеңімпазы атанып, тарихқа енді. Ол Grammy алған алғашқы қазақ болып, тарихтың жаңа парағын ашты.
🔍 Иманбектің ерекше бір қасиеті – қарапайымдылығы мен табандылығы. Ол өзін ешқашан “жұлдыз” санаған емес. Қазір де туған жерінен алыстамай, музыкамен айналысып жүр. Сонымен қатар ол Қазақстандағы жас музыканттарға арналған продюсерлік орталық ашып, жаңа таланттарға жол ашып жатыр.
🎶 Кейінгі жылдары Иманбек “Sweet Goodbye”, “Belly Dancer” сынды әлемдік хит әндерге продюсерлік етті. Оның еңбегі мен өнері – қазақ жастарының шексіз мүмкіндігі бар екенін дәлелдеген айқын мысал.
✨ Мотивациялық қорытынды
Иманбектің өмір жолы бізге мынаны ұғындырды:
– Ең бастысы — өз-өзіңе сену;
– Жүйелі білім болмаса да, талпыныс пен табандылық жетістікке жеткізеді;
– Арман — тек ойда емес, әрекетте жүзеге асады.
— Сен кім болсаң да, қайда тұрсаң да – егер табанды еңбек етсең, саған да әлемнің есігі ашылады.
#көшпенділерэкономикасы #Imanbek #ИманбекЗейкенов #Grammy #ремикс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3👌2😍2
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Мәссаған! 😮
Тамаша!😍
Жақсы мүмкіндік екен!👍
Құтты болсын! 🔥
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-96/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Ұялытелефон #баланс #апорт #жекекуәлік #Азиячемпионаты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6⚡2👍2👌1😍1
💡📆📆📆📆📆 30 мамыр
🫶30 мамыр — Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күні. Бүгінгі таңда бұл мәселе химия өнеркәсібінің дамуы мен экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаһандық сипат алды. Қазақстандықтардың 25-35%-ы өсімдіктердің гүлдену кезеңіне сәйкес келетін аллергиялық ринит және демікпенің өршу белгілерін сезінеді. Сол себепті дәрігерлер науқастарға тозаңнан аулақ болуға, оны көзге және тыныс алу жолдарына тигізбеуге кеңес береді. Сонымен қатар темекі шегуді тоқтату, дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау ұсынылады.
😻Бүгін халықаралық феминизм күні де аталып өтеді. Аталған күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Әйелдер өз құқықтары үшін күресті XVIII ғасырда бастағанымен, нақты өзгерістерге тек XX ғасырдың 60-жылдары ғана қол жеткізе алды. Содан бері әйелдер шалбар киіп, еркін жүре бастады, өз кәсібін ашып, мансап жолын қалыптастыра алды, сайлауға қатысу және дауыс беру құқығына ие болды.
Қазақстанда да әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған қозғалыстар белсенді жұмыс істейді. Алматы мен Астанада 8 наурыз күні феминистік шерулер дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Сіз Қазақстанда феминизмнің дамуын қолдайсыз ба?
🗣1953 жылы 30 мамырда Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында тұңғыш рет “Дудар-ай” операсы қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, ал музыкасын Е.Брусиловский жазды. Қоюшы режиссері - Қ.Байсейітов. Бұл орыс қызы Мәриям мен қазақтың сал серісі Думанның арасындағы сезім мен нәзік махаббатты сипаттайтын туынды. Ол орыс қызы Мәриям Жагорқызының әйгілі әніне жазылған. “Дудар-ай” бүгінгі күнге дейін барлық қазақстандық опера театрларының репертуарына енген.
Тағы қандай қазақ опера туындыларын білесіз?
👥30 мамыр — танымал қос музыканттың туған күні. 67 жыл бұрын шведтік Roxette дуэтінің вокалисі Мари Фредрикссон (1958-2019) дүниеге келді. Ол 1990 жылдың басында “Әдемі әйел” фильмінің саундтрегін орындағаннан кейін танымал болды. Өнер иесі көптеген беделді марапаттың иегері. Оның әндері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді. Нақтырақ айтсақ, YouTube қосымшасында әншінің туындылары миллиондаған қаралымға ие болуда. Сонымен қатар бүгін Еуропалық оркестрлерді басқарған скрипкашы, тұңғыш қазақ дирижері Алан Бөрібаев 46 жасқа толды. Оның репертуарында әлемдік музыканың бірнеше үлгісі бар. Шетелде дирижерлық ете отырып, әрдайым жұрттың ыстық ықыласына бөленген қазақ композиторларының музыкасын үнемі насихаттап келеді. Өнер иесі А. Педротти атындағы (1998, Италия), Н.Малько атындағы (2001, Дания) конкурстардың лауреаты.
Сіз қазақ классикалық музыканттарының қайсысын білесіз?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшедата, #астманыемдеу #аллергияныемдеу #феминизмкүні #Дударайоперасы #Туғанкүндер #Танымаладамдар #Roxetteдуэті #АланБүрібаев

💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞
🎬"Остров. Ұмытылмас саяхат" комедиясы. Жомарт Таиландқа жол тартады. Оның мақсаты — құрылыс компаниясының бұрынғы директорын тауып, мемлекет қаржысын жымқырды деген айыпты жоққа шығару. Бірақ бұл миссия оған оңайға соқпайды: жолында улы жәндіктер, жергілікті қылмыскерлер және басқа да тосын жағдайлар көп. Сапар барысында оған Мәдина Оспанова сомдаған кейіпкер серік болады. Бұл фильм — шынайы күлкі мен шытырманға толы хикая. Басты рөлдерде: Еркебұлан Тоқтар, Мәдина Оспан, Сафуан Рысбайұлы. Жас рейтингі: 16+
Біздің кинообзор мына жерде: https://youtube.com/shorts/Ol1IxUebzZM?si=8jcppI_AG92NNBmk
🎬"Каратэ-пацан: Легенды" спорттық боевигі. Таныс әлемдегі жаңа оқиға. Бұл жолы екі алпауыт дәстүр тоғысады — нәтижесінде жаңа аңыз туады. Басты рөлдерде: Джеки Чан, Бен Ван, Ральф Маччио.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=55qOCxcLj6o
🎬"Финикийская схема" боевигі. Сыр бүккен көлеңкелі өмірдің тасасында өрбитін ауыр драма. Бұл фильм – әке мен қыз арасындағы сенім мен сатқындықтың нәзік шекарасын зерттейді. Моральдық таңдаулар мен ішкі арпалыс, жанды жаралайтын шындық пен есті елең еткізер шиеленістер көрерменді терең толғанысқа жетелейді. Басты рөлдерде: Бенисио Дель Торо, Скарлетт Йоханссон, Том Хэнкс, Бенедикт Камбербэтч. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=lwhUrvetC-4
🎬"Быстрее ветра" спорттық драмасы. Макс – болашағынан зор үміт күттірген бұрынғы кәсіби автожүргізуші. Бір кездері жылдамдықпен өмір сүрген ол бүгінде қарапайым тіршілік кешіп жүр. Алайда тағдыр тосын сый жасап, оны әлемдегі үздік спортшыларды тәрбиелейтін ерекше академияға жетелейді. Осылайша жүрек түкпіріндегі ұмыт бола бастаған арман қайта оянады. Академияда ол Уилл есімді жас спортшымен танысады. Екеуінің арасында бірден ыстық сезім тұтанады. Енді Макс жеңіс жолы мен жүрек үні түйіскен сәтте өмірінің басты шешімін қабылдауы қажет: махаббат па, әлде чемпиондық па?
Басты рөлдерде: Паола Локателли, Карио чектері. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=8FAK5wC190U
🎬"Игры возмездия" боевигі. Бокуши – соғыс өртімен шыныққан, тактиканы жетік меңгерген суыққанды сардар. Ол өзіне арнап темірдей тәртіппен басқарылатын жеке бекініс тұрғызып, айналасына майдан көрген, қарусыз қалмайтын жауынгерлерді топтастырады. Оның не ойлап жүргенін үкімет түсіне алмай әлек болады. Қауіп күшейген сәтте билік Бокушидің бұрынғы шәкірті – арнайы жасақтың үздік сарбазы Нэшті іске қосады. Ал Нэш үшін өмір бойы ішінде тұншыққан кек алу сәті туады. Себебі дәл осы Бокуши оның отбасын, сүйіктісін және болашағын тартып алған адам еді. Бірі – өз шындығын қорғауға дайын, екіншісі – әділет үшін бәрін құрбан етуге әзір. Алдағы шайқаста тек біреуі ғана тірі қалады…
Басты рөлдерде: Роберт Де Ниро, Джейми Фокс, Скотт Иствуд. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ds3QNYJlJLY
#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңафишасы #Қазақстанкинотеатрлары #ОстровҰмытылмассаяхат #КаратэпацанЛегенды

Таиландта түсірілген қазақстандық фильм | Остров. Ұмытылмас саяхат | Қазақша кино шолу | Кинообзор
❤5👍2👌1