Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 31 мамыр

💪31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бүгін Қазақстан халқы сталиндік режим тұсында жазықсыз қаза тапқандарды еске алады. 1926 жылғы КСРО халықтарының санағы бойынша 3 968 289 қазақ өмір сүрсе, 1937 жылы олардың саны 2 862 458 адамға дейін қысқарды. Нақтырақ айтсақ, қазақтардың 72,1%-ы ғана аман қалды. Ал кейбір тарихшылар ашаршылық құрбандарының санына көбірек баға береді. Тек 1970 жылы қазақтар өз сандарын 1926 жылғы деректермен қалпына келтірді. Сондай-ақ Қазақстанда 1921-1954 жылдар аралығында 100 мыңға жуық адам сотталып, 20 мыңнан астам адам атылып кетті. Олардың қатарында қазақ халқының көптеген танымал өкілдері болды.

Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының қайсын білесіз?


👃31 мамырда Халықаралық темекісіз күн аталып өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, темекі шегу жеті миллионға жуық адамның өліміне себепші болды. Бұл сан әлі де өсуде. Аталмыш жаман әдет 25-тен астам ауру туғызып, түрлі дертті асқындырып жібереді. Сол себепті әлемдік қауымдастыққа ХХІ ғасырда темекі шегуді және оны жоюға байланысты мәселелерді қарастыру міндеті қойылды.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?



👀31 мамыр — Дүниежүзілік аққұбалар күні. Бұл бейресми мереке күні көптеген қалада ирониялық акциялар мен “аққұбалар шеруі” өтеді. Кейбір ғалымдардың мәліметінше, нағыз аққұба адамдардың кездесуі - сирек құбылыс. Сондықтан бірнеше ғасырдан кейін аққұба қыздар жер бетінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін екенін айтады. Қазақстанда моңғол шапқыншылығына дейін қазақтар арасында көк көзді аққұба адамдардың көп болғанын ғалымдар әлі күнге дейін айтып келеді.

Ал сіз танымал жандардың арасынан аққұба адамдарды білесіз бе?


👥31 мамыр — атақты екі актердің туған күні. Бүгін 70-тен астам фильмде басты рөлді сомдап, Оскар сыйлығын төрт мәрте иеленген актер Клинт Иствуд 95 жас мерейтойын атап өтеді. Өткен жылы ол мансап жолындағы соңғы фильмінің түсірілімі басталғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар бүгін “Алтын глобус” сыйлығын екі рет иеленген, 60-қа жуық фильмде басты рөлді сомдаған актер Колин Фаррел 49 жасқа толды. Ол “Александр”, “Телефонная будка”, “Залечь на дно в Брюгге”, Вспомнить все”, “Джентльмены” фильмдеріндегі рөлінің арқасында танымал болды.

Сізге қай актер ұнайды: Клинт Иствуд немесе Колин Фаррелл?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Саясиқуғынсүргін #Ашаршылық #Шылымшегугеқарсыкүрес #Аққұбааруларкүні #Туғанкүндер #Танымаладамдар #КлинтИствуд #КолинФаррелл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👌1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🌕Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара
⠀

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен балалар шығармашылық ұжымы сахнада өнер көрсетеді. Аниматорлар қызық шоу-бағдарламалар мен түрлі байқаулар ұйымдастырады. Ал саябақта нағыз мерекелік атмосфера орнайды.

📍 Өтетін орны: Орталық мәдениет және демалыс саябағы
Күні: 1 маусым, 11:00 – 18:00

🌺“Нүкте мен Сызық” көрмесі

Бұл — ұстаз бен шәкірттің, Арыстанбек Шалбаев пен Айша Бақтығұлованың арасында өрбіген шығармашылық диалог. Мұндағы абстракт өнер пішін туралы емес, ішкі күй туралы сыр шертеді. Авторлардың туындылары — ақылмен емес, жүрекпен сезінуге шақыратын, әлемді эмоция арқылы бейнелейтін шығармалар. Нүкте мен сызықтың үйлесімі — түйсік пен қабылдаудың өзіндік тіліне айналған көркем әлем.

Өтетін орны: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 31 мамыр және 1 маусым, 10:00 – 19:00

🌝Спорттық отбасылық мереке

Бірінші Президент саябағында нағыз думанды күн өтеді. Қонақтарды көңілді аниматорлар, аквагрим, интерактивті аймақтар мен музыкалық қойылымдар күтеді.

Орны: Тұңғыш Президент саябағы
Күні: 1 маусым, 10:00-18:00


💐Евгений Фридлиннің “Көлеңкелер ойыны” атты жеке көрмесі

Бұл — жарық пен көлеңке, күн мен түн, жалпақтық пен мозаика арасындағы шекараны зерттеген импрессионистің тың жобасы, көркемдік тәжірибесі. Әрбір туынды — нәзік сезім мен терең ойдың жемісі.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92
Күні: 31 мамыр, 12:00-18:00

👑“Baqsylyq” көрмесі

Мұнда көрермен Қазақстанның заманауи өнер өкілдерінің туындылары арқылы Орталық Азия халықтарының қазіргі мәдени мұрасының шаманизм ұғымымен тарихи-әлеуметтік байланысын тамашалайды.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй
Күні: 31 мамыр және 1 маусым, 12:00 – 17:00


АСТАНА:

💃Халықаралық клоундар фестивалі

Әлемнің түкпір-түпірінен келетіниөнерпаздар қатысатын думанды шеру елорданың көрнекті жерлерін аралап өтеді. Шеру “Бәйтерек” монументінен басталып, “Хан Шатыр” сауда орталығының қарсы бетіндегі “Ғашықтар” саябағына дейін жалғасады.

Көңілді мереке Kazmedia Hall сахнасында өтетін қайырымдылық гала-концертпен түйінделмек.

Баршаңызды жарқын көңіл күй мен шаттыққа толы ерекше шараға шақырамыз!
Күні: 1 маусым, 11:00 - 16:00

🫶"QAZAQ CONTENT" көрмесі

Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген суретшілердің жұмыстары қойылады. Бұл – стильдік емес, мағыналық үндестікке негізделген экспозиция. Жобаның өзегі – халықтың рухани болмысы мен ішкі әлемін бейнелейтін мазмұн. Бұл – ұлттың өмірбаяны іспетті көркем әңгіме.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 31 мамыр және 1 маусым, 10:00 - 20:00

🤩Балаларға арналған мерекелік анимациялық бағдарлама

Бағдарламада крафт-ойындар, мүсіндеу, ашық хаттар жасау, қуыршақ қойылымы, аквагрим, кейіпке ену сәттері бар. Сонымен қатар Life Band тобының қатысуымен өтетін жарқын флешмоб өтеді.

Өтетін орны: “Abu Dhabi Plaza” СОСО, Сығанақ көшесі, 60/5
Күні: 1 маусым, 10:00 - 18:00


Шымкент:

👀"Bala Shym" өнер фестивалі

Өнер мектептері мен Оқушылар сарайының жас тәрбиеленушілері сурет, қолданбалы өнер, вокал және хореография салаларындағы өз таланттарын ортаға салады.
Өтетін орны: Шымкент қаласының Орталық саябағы
Күні: 1 маусым, 9:30 - 13:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #Шымкентафишасы #қайдабарукерек #Тегін #балалармерекесі #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👌2👍1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Эмир Самарканда” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/z0GGSgFXkJc

#ЭмирСамарканда #военный #боевик #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #узбекистан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5❤1
💡📆📆📆📆📆 1 маусым

👀1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке тек балаларға ғана емес, ересектерге де ұнайды. Себебі дәл осы күні Қазақстанның әр қаласында таңертеңнен кешке дейін түрлі көңілді шаралар, концерттер, ойын-сауық бағдарламалары өткізіледі. Сонымен қатар бұл күн – жаздың, демалыс пен каникул маусымының басталғанын білдіретін белгі іспетті. Балалар мерекесі жыл сайын дәстүрлі түрде “Баланың өмір сүру құқығын қорғайық” деген ұранмен өтеді. Оның мақсаты – тек бүлдіршіндерді қуантумен шектелмей, қоғам назарын балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне аудару.

👤Бүгін — Дүниежүзілік ата-аналар күні. Өйткені бала тәрбиесі мен қорғаны ең алдымен отбасыда қалыптасады. Ал ата-ана – сол отбасының жүрегі мен тірегі. Баланың қандай ортада өсетіні – олардың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Бұл мереке ата-ананың махаббаты мен қамқорлығы, түсіністік пен қолдау секілді отбасылық құндылықтарды дәріптеуді көздейді. Адам тұлғасы тек жылы қарым-қатынас пен сүйіспеншілікке толы ортада ғана толық қалыптасады.

Ата-анаңызды бүгінгі мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз!



👀Бүгін фантастика жанрының жанкүйерлері Суперменнің туған күнін атап өтеді. 1938 жылы 1 маусымда жазушы Джерри Сигель мен суретші Джо Шустер Криптон планетасының кейіпкері туралы алғашқы комиксті шығарды. Жердегі ата-анасы оған Кларк Кент деген есім береді. Ол әділдік пен жауапкершілікке негізделген мызғымас ұстанымдарымен ерекшеленеді. Сол себепті де оны сүйіп оқитын жанкүйерлері әлемде өте көп. Балалар бұл күні Суперменнің бетпердесін тағып, костюмдерін киіп, сүйікті кейіпкеріне деген махаббатын білдірсе, ата-аналар олардың қуанышы үшін Супермен бейнеленген ойыншықтар мен сыйлықтар алып жатады.

Сізге супер қаһармандардың қайсысы ұнайды?


👥1 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін америкалық актер және режиссер Морган Фриман 88 жасқа толды. Ол “Оскар”, “Күміс аю” және екі мәрте “Алтын глобус” сыйлығының иегері. Мансап жолында 90-ға жуық фильмде басты рөлді сомдады. Сондай-ақ өнер иесі өзінің сабырлы терең дауысымен әрі әңгіме айту шеберлігімен танымал. Сонымен қатар бүгін қазақстандық әнші әрі продюсер Алмас Кішкенбаев 40 жас мерейтойын атап өтеді. Ол көптеген қазақстандық және халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты және қатысушысы. Әнші Superstar KZ бірінші маусымында жеңіске жетіп, дүйім жұртқа танылды.

Сізге Алмастың қай әні ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Балалардықорғаукүні #Атааналаркүні #Суперменкүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МорганФриман #АлмасКішкенбаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍3👌1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Каратэ-пацан: Легенды” атты фильміне арналады


Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/UcIChOs-KI0

#КаратэпацанЛегенды #драма #спорт #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #каратэ #спорт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌3
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!

1 шілде күні маусым айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!

Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.

Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.

Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 шілде шығарамыз. Коммент жазыңыздар!

Бүгін біз мамыр айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!

Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз желтоқсан айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.

Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл

Сонымен, қараша айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣ ҚАНАТГАУҺАР
2️⃣ @….
3️⃣ Perizat 🍹
4️⃣ Гүлназ
5️⃣ @aagwwd

(Кестеде толық мәліметтер берілген.)

1 маусымеап бастап маусым айының комментерін санауды бастаймыз.

Ең үздік комментарий үшін
Abylai оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.

Осы айда мерекеге байланысты тағы да @Ulbosyn2019 Zhansaya киноға билет беріледі☺️

Маусым айында бізде 6 жеңімпаз болады.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.

Ескерту:
❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.

❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.


Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы☑️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉5❤4😍4
💡💫💫💫💫💫💫💫

2–8 маусым аралығына арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада бойыңызда алапат қуат бар – баяғы тозығы жеткен су құбыры секілді, тоқтаусыз бұрқ-сарқ қайнап тұрсыз! Әрбір теңге, доллар, еуро үшін шайқасқа аттануға дайынсыз. Бірақ ескеріңіз: тойдан кейінгі айлықты оңды-солды шаша салу – ерлік емес. Бұл аптада шеберлігіңізді жарқыратып көрсететін сәт тууы мүмкін. Сол кезде әмияныңыз да сізге іштей алғыс айтып қалар. Тек өз амбицияңыздың дүбірінен сол мүмкіндікті қалт жіберіп алмаңыз!

♉️Торпақтар, сіз үшін қаржы деген – жинақ пен тұрақтылықтың символы. Бірақ осы аптада бір қымбат әрі әдемі затқа (мысалы, алтын унитазға) бар байлығыңызды шашқыңыз келіп тұруы мүмкін. Бір сәт ойланыңыз! Ақшаңызды әлдеқайда пайдалы дүниеге салыңыз – мысалы, дәретхана қағазын өндіретін компанияның акциясына. Дағдарыс болса да, ол өнімнің қадірі қашан да бар!

♊️Егіздер, бұл аптада тек ойыңыз емес, әмияныңыз да екіге бөлініп кеткелі тұр. Бір жағы криптовалютаға салғысы келсе, екінші жағы лоторея билетін алып, бағын сынағысы келеді. Есіңізде болсын: “тегін ірімшік – тек қақпанда”, ал оңай келген ақша – көбіне өзгенікі. Бір бағытты таңдап, соған бар күшті салмасаңыз, ақыры екі бос қалта мен өкініш қалар.

♋️Шаяндар, бұл аптада қаржылай түйсігіңіз айрықша сергек. Су түбіндегі олжаны аңдыған шаяндай, тиімді ұсынысты алыстан-ақ аңғарасыз. Бірақ эмоцияға ерік бермеңіз – сезімдеріңіз парасатты шешімді тұмшалап тастамауы керек. Ең тиімді жеңілдік те – қажетсіз тауарға жұмсалса, бос шығын болмақ.

♌️Арыстандар, осы аптада жомарттығыңызды паш етіп, айналаңызға шуақ шашқыңыз келеді. Сізге мақтау айтылып, біреулер қарыз сұрап, енді бірі сыйлық жайлы ишара жасауы мүмкін. Алайда сабыр етіңіз! Арыстанның алтын қоры – қасиетті, оған ешкімнің қолы жетпеуі керек. Оның орнына өзіңізге қаражат құйыңыз: сән салонына барып, жаңа тәж сатып алыңыз (болмаса, жаңа тарақ та жарайды).

♍️Бикештер, бұл апта сізге есеп пен жоспардың аптасы болмақ. Әр тиынды санаңыз, кіріс-шығыстың тізімін түзіңіз, артық дүниелерден (интернеттегі мысықтарға жазылу сияқты) бас тартыңыз. Жоспарды мықтап ұстансаңыз, апта соңында әмияныңызда әжептәуір сома қалатынына өзіңіз де таңғаласыз.

♎️Таразылар, бұл аптада сізге таңдаудың қиындығы сезілмек: еңбек пен көңіл көтерудің, үнем мен сән-салтанаттың арасында қаласыз. Есіңізде болсын – бар нәрсе тепе-теңдікте. Бір мезет жұмыс істеп, бір мезет тынығыңыз; сәл үнемдеп, сәл еркелеңіз. Сонда ғана қаржыңыз да, көңіліңіз де орнында болады!

♏️Сарышаяндар, бұл аптада сіздің қаржылай тегеурініңіз темірдей мықты болмақ. Басқалар байқамайтын жерден-ақ сіз мүмкіндік көресіз. Дегенмен ар-ожданды естен шығармаңыз. Өзгелердің қателігі мен әлсіздігінен пайда табу – байлықтың емес, жүректің жұтаңдығы. Оның орнына әділетті еңбекпен табыс тапсаңыз, Ғалам сізге ризашылығын молынан береді.

♐️Мергендер, бұл аптада “бәрін тастап, қыдырып кетсем бе екен?” деген ой жиі мазалауы мүмкін. Қымбат әрі қажетсіз дүниелерге, немесе бір тойға бар ақшаны жұмсағыңыз келетін сәттер де болады. Бірақ ұмытпаңыз: қаржылай еркіндік – бұл ақшаның көптігі емес, оны ұқыпты басқару өнері. Болашағыңызды ойлап, саналы инвестиция жасағаныңыз жөн.

♑️Тауешкілер, осы аптада қаржылай тұрақтылығыңызға сызат түсуі ықтимал. Кенеттен шыққан шығын, бұзылған техника немесе айыппұл – бәрі де жүйкеңізге салмақ салуы мүмкін. Бірақ үрейге бой алдырмаңыз!

♒️Суқұйғыштар, бұл аптада кенеттен ойыңызға миллион табыс әкелетін ерекше идея келуі мүмкін. Бірақ асығыстық танытпаңыз! Оны бәріне айтып шашпай, алдымен жан-жақты ойластырып, нақты бизнес-жоспар құрыңыз.

♓️Балықтар, бұл аптада ағысқа қарсы жүзбегеніңіз абзал. Қаржы саласында тәуекелге бару, күмәнді ұсыныстарға келісу, тіпті ақшаны қарызға беру – бәрі де жағымсыз салдарға апаруы мүмкін.

Байлық та, береке де сіздің жағаңызға міндетті түрде келіп тіреледі.

Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#ЖұлдызЖорамал #АпталықЖұлдызЖорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👌2🫡2👍1
💡📆📆📆📆📆 2 маусым

👋2 маусым — дұрыс тамақтану және артық тағамнан бас тарту күні. Бұл күннің мақсаты – халыққа дұрыс тамақтану тәртібін түсіндіре отырып, қандай тағамдар мен әдеттер адам денсаулығына пайдалы болатыны туралы ақпарат беру. Қазақстанда ересек тұрғындар арасында артық салмақтың орташа көрсеткіші әйел адамдарда 29,7%, ал ер адамдар 33,9% құрайды. Яғни, әйелдердің 25,8%-ы, ерлердің 15,3%-ы семіздікке шалдыққан. Біздің елімізде ересек тұрғындардың жартысынан көбі артық салмақтан зардап шегеді.

Дұрыс тамақтаныңыз және белсенді өмір салтын ұстаныңыз!

Біздің дәмді әрі ең бастысы пайдалы бәліш мәзәрін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/shorts/P8IAq9lInGA

💪Бүгін — Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні. 1955 жылы 2 маусымда ғарыш айлағының жобасы мен оның ұйымдық құрылымы бекітілді. 1957 жылы мұнда алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды, ал 1961 жылы ғарышқа адам ұшты. Осылайша адамзат тарихындағы ғарыштық дәуір Қызылорда облысынан басталды. Қазір Байқоңыр ғарыш айлағын келісім бойынша Ресей 2050 жылға дейінгі жылына 150 миллион долларға жалға алып отыр.


🧠2021 жылдың 2 маусымында қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасындағы Gibraltar FIDE Women's Grand Prix турнирінде мерзіменен бұрын гран-при жеңіп алды. Ол аталмыш ойынның әр кезеңін жеңіспен аяқтап, мүмкін болатын 11 ұпайдың 8,5 ұпайын жинады. Осы жетістік Жансаяға ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын орындауға мүмкіндік берді. Бұл — тек Қазақстан үшін емес, бүкіл Орталық Азия үшін тарихи жетістік. Жансая – мұндай деңгейге жеткен алғашқы шахматшы қыз.

Сіз қазақ шахматшыларының қайсысын білесіз?

👥2 маусым — атақты екі тұлғаның туған күні. 285 жыл бұрын француз ақсүйегі, саясаткер, жазушы және философ Маркиз де Сад (1740-1814) дүниеге келді. Ол имандылықпен, дінмен немесе заңмен шектелмейтін абсолютті бостандық идеясының уағызшысы болды. Ол өмірдің басты құндылығы жеке адамның талпыныстарын қанағаттандырумен жұмыс істеді. “Садизм” ұғымы да ғұламаның есімімен байланысты. 91 жыл бұрын қазақ ғалымы, заманымыздың ірі түркітанушы ғалымдарының бірі Алтай Аманжолов (1934-2012) дүниеге келді. Ол түркі филологиясы мен тіл біліміне қатысты 200-ден астам еңбектің авторы. Ғалым баяндау айқындылығымен және нақты дәлелдерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар ол еңбектерінде көптеген көне жазба ескерткіштерін ашты.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекше күн #дұрыстамақтану #Байқоңырғарышайлағы #ЖансаяӘбдімәлік #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МаркиздеСад #АлтайАманжолов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌2😍2
💡💡💡💡💡💡💡

“Бақа жеу” әдісі: Нәтижеге жетудің ең тиімді тәсілі

📍 Таң ата салысымен-ақ санамызда шешілмеген шаруалар тізімі сарт-сарт ете бастайды. Ұсақ-түйек істер, күйзелтетін тапсырмалар, кейінге ысырылып жүрген жұмыстар. Бірақ солардың ішінде ең көп уайым тудыратын бір шаруа бар. Біз одан қашқақтаймыз. Ол “бақа” деп аталады.

🟢 Егер күннің басында бір бақа жеуге тура келсе, қалған істеріңіз жеңіл өтеді. Себебі ең қиыны — артта қалады.

Міне, “Eat the Frog” әдісінің негізгі философиясы да осы.

🐸 Eat the Frog дегеніміз не?

Бұл – өнімділік пен тәртіпті арттыруға арналған Брайан Трейсидің танымал әдісі. Мағынасы – күніңізді ең маңызды әрі ең қиын тапсырмадан бастау.

• “Бақа” — сіз кейінге қалдырып жүрген, бірақ орындай алсаңыз, өміріңізді алға жылжытатын іс.
• Оны орындамай тұрып басқа шаруаға кіріссеңіз — ішкі қысым мен мазасыздық кетпейді.

🌄 Бұл әдісті қалай қолдануға болады?

1️⃣ Бақаңызды анықтаңыз.
Күнделікті істер тізіміндегі ең ауыр әрі жиі кейінге қалдыратын тапсырма — сол сіздің “бақаңыз”.

2️⃣ Бақаңызды бірінші орындаңыз.
Таңертең ми сергек, күшіңіз мол. Сол сәтті ең маңызды іске арнаңыз.

3️⃣ Бақаға ұзақ қарап тұрмаңыз.
Жоспар, анализ, “дайындық” деген сылтауларға берілмеңіз. Қиыны — бастау. Қалғаны өзінен өзі жүреді.

4️⃣ Бұл әдісті әдетке айналдырыңыз.
Күн сайын ең қиын істі бірінші орындау — тәртіп пен табандылықтың кепілі.

📍 Неге бұл әдіс тиімді?

✅ Сергек шақта шешім қабылдайсыз.
Таңда оңай көрінетін іс, кешке ауыр боп сезіледі.

✅ Психологиялық жеңіс береді.
Тапсырма орындалған сайын — миыңыз “мен мықтымын” деп қуаттанады.

✅ Ішкі кінәдан арылтасыз.
Кешке дейін маза бермейтін “жасауым керек еді” деген ойдан құтыласыз.

🧘‍♀️ Мысалдар:

Магистрант:

– Бақа: ғылыми жұмыстың кіріспесін жазу.
– Таңертең осыған 1 сағат бөлсеңіз — күннің қалған бөлігінде өзіңізді жеңіл сезінесіз.

Журналист:

– Бақа: қиын спикермен хабарласып, сұхбатты келісу.
– Бұл істі түске дейін атқарып тастасаңыз — материал тезірек дайын болады.

🧭 Қандай іс – нағыз “бақа”?

• Ұзақ уақыт кейінге шегерілген;
• Көңіл күйіңізді түсіріп жүрген;
• Орындасаңыз — нәтижесі зор болатынын білесіз.

🟨 Бақа міндетті түрде үлкен, күрделі іс болмауы да мүмкін. Ол – сіздің ең көп уайымдатып жүрген, бірақ бітсе, жеңілдік әкелетін іс.

📝 Қорытынды:

“Бақа жеу” – әдемі естілмегенімен, өмірде шынайы нәтиже беретін әдіс. Күніңізді ең күрделі тапсырмадан бастауға батылдық таба білсеңіз, қалғанының бәрі оңай.

Бір күнде бір бақа жеген адам — бір жылда үлкен жетістікке жетеді.

#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🤩3👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👏2 шілдеден бастап “Отбасы банк” алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын мерзімінен бұрын өтеу тәртібіне өзгерістер енгізеді

Құлаққағыс!📌

💪2023 жылдан бері елімізде 28,4 мың азамат банкрот деп танылған – Қаржы министрлігі

Ал сіз мұндай мәселеге тап болған жоқсыз ба?🤔

👏Қазақстанда бір айда 988 млн АҚШ доллары сатылды

Мәссаған! 😮

🙄14 жастағы шахматшы Елназ Қалиахмет Қазақстан тарихындағы ең жас чемпион атанды

Ғажап! Құтты болсын!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-98/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Отбасыбанк #тұрғынүй #Қаржыминистрлігі #банкрот #АҚШдоллары #шахматшы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3👌2
💡📆📆📆📆📆 3 маусым

👏3 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық велосипед күні аталып өтеді. Велосипед экологияға зиян келтірмейді әрі физикалық жағынан адам денсаулығына пайдалы. Сол себепті оның танымалдығы жыл сайын артып келеді. Оны пайдалану өте қарапайым және бағасы да қолжетімді. Алғашқы велосипедтің патентін XIX ғасырдың басында неміс өнертапқышы Карл фон Дрез алған. Ал ғасыр соңында Францияда алғашқы веложарыс ұйымдастырылған.

Сізге велосипед әлде скутер тепкен ұнай ма?


🙌Бүгін Дүниежүзілік туа пайда болған қисық аяқты адамдар күні аталып өтеді. Бұл күн 1914 жылы дүниеге келген америкалық дәрігер Игнасио Понсетидің құрметіне аталып өтеді. Оның әдісі бүгінде табандардың туа біткен ақауын емдеудегі ең тиімді тәсіл ретінде танылған. Қисық аяқтылық — тірек-қимыл жүйесі аурулары арасында екінші орында тұр және әрбір мың нәрестенің 4-5-інде кездеседі. Есіңізде болсын, туа біткен немесе жүре пайда болған аяқтың қисықтығын жүйелі емдеу арқылы жеңуге болады.

👋Бүгін экстремал әуесқойлары парашют күнін атап өтеді. 1785 жылы 3 маусымда француздық Франсуа Бланшар әуеден секіруге арналған парашютты ойлап тапты. Бастапқыда оның өз өнертабысын сынап көруге батылы бармады. Осылайша алдымен 300 метр биіктен парашютпен итті түсіреді. Нәтижесінде ит аман-есен қонады. 1797 жылы бірінші рет секірген адам — аэронавт Андре-Жак Гарнерин болды. Айта кетейік, парашюттің алғашқы сызбасын Леонардо да Винчи 1483 жылы жасаған.

Сіз парашюттан секіргіңіз келе ме?

👥3 маусым — қос қазақ тұлғасының туған күні. 102 жыл бұрын "Қарлығаштың құйрығы неге айыр”ертегісінің авторы Әмен Хайдаров (1923-2015) дүниеге келді. Бұл жұмыс 1967 жылы 48 елде көрініс тапты. Сонымен қатар Нью-Йоркте өткен мультфильм фестивалінде беделді сыйлыққа ие болды. Оның "Ақсақ Құлан", "Қожа-Насыр - құрылысшы" және т.б. туындылары қазақ анимациясының тарихында елеулі құбылыс болды. 1976 жылы ол Алматыда Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің тұңғыш халықаралық мультипликаторлар симпозиумын өткізуге бастамашы болды. Сонымен бірге бүгін рэпер әрі музыкалық продюсер Скриптонит 35 жасқа толды. Павлодар облысының тумасы Әділ Жәлелов 2013 жылы өзін көпшілікке таныта бастады. Содан бері ол 8 альбомын жарыққа шығарды. 2021 жылы ТМД арасындағы музыкалық нұсқа бойынша тыңдарманы көп әртіс атанды.

Алғашқы қазақ мультфильмін мына сілтемеден көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=ZkBfEFv34mo

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #алғашқывелосипед #қисықаяқтылықтыемдеу #парашюттіңөнертабысы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #АменХайдаров #Скриптонит
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2👌1😍1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақ мәдени жолының қалыптасуы

Адамзат өркениетінің дамуы рухани және материалдық мәдениеттен тұрады. Ұзақ уақыт бойы еуропацентристік көзқарас үстем болып, мәдениетті тек Батыс дүниесінің жемісі ретінде қарастыру кең тарады. Бұл бағыт өкілдері мәдениетті жасаушы тек еуропалықтар деп білді.

Алайда, Шығыс өркениеттерінің асыл мұралары мен озық үлгілері бұл жаңсақ пікірді жоққа шығарды. «Мәдениет» ұғымының өзі кең әрі сан қырлы болғандықтан, оған берілген анықтамалар да әр алуан. Жалпы алғанда, адамзат ақыл-ойы мен іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан құндылықтардың барлығын мәдениет деп атаймыз.

Рухани мен материалдық мәдениет арасында нақты шекара жоқ. Әсіресе көшпелілердің рухани мәдениеті ерекше даму жолымен дараланады. Бұл – олардың өмір салты мен тіршілік формасына тікелей байланысты.

Кейбір батыс зерттеушілер: «Көшпелілер өз алдына мәдени құндылықтар тудыра алмайды, олар тек отырықшы халықтардың мәдениетін иемденеді, бірақ ол оларға бөтен болып қала береді», – деген тұжырымдар айтады. Бұл – терең қате, үстірт пікір.

Көшпелілер – өз болмысына, тіршілік-қарекетіне сай мәдениет қалыптастырған халық. Олардың материалдық мәдениеті үнемі қозғалыста болуға бейімделген. Нағыз көшпелі тұрмысқа лайық жасалған мұралардың қатарына – оңай жиналып, тез тігілуге ыңғайлы киіз үйді, жылқыға арналған ер-тұрман мен ат әбзелдерін, ағаш пен теріден жасалған ыдыс-аяқтар мен бесікті, тағы басқа көптеген бұйымдарды жатқызуға болады.

🏕️ Тұрғын үй – өмір салтының айнасы. Адам мекендейтін үй оның дүниетанымына, әлемдегі орнын түсінуіне тікелей әсер етеді. Мәселен, орманды аймақта өмір сүретін халық үшін аспан төртбұрыш ретінде қабылданады, олардың үйлері де төрт қабырғалы. Ал кең далада мекендеген көшпелілер үшін көкжиек шеңбер пішінінде көрінеді, сондықтан олардың баспанасы – дөңгелек киіз үй. Бұл – Орталық Азия архитектурасындағы күмбездік құрылымдардың түп бастауына айналған ерекше феномен.

🌿 Табиғатпен үндестік – көшпелі рухтың өзегі. Көшпелі халық табиғатпен етене өмір сүрді. Олардың дүниетанымы табиғатпен тығыз байланысты болды. Ақынжандылық, қиялшылдық пен шығармашылық ойлау көшпелілерде терең дамыды. Бұл қасиеттер отырықшы халықтарға тән емес деу – дұрыс емес. Бірақ көшпелі тіршілік салты мұндай қабілеттердің қалыптасуына көбірек мүмкіндік берді.

🖋️ Сонымен қатар, көшпелілерде де жазу-сызудың алғашқы белгілері ерте пайда болған. Бұл – олардың да өзіндік өркениеттік жолы, мәдени әлемі бар екенін дәлелдейді.

#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍4❤1👍1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

💡3 айда 1,02 млн теңге: Кәсіпкер ретінде тіркелмегендер үшін мобильді аударымдарға шектеу қойылды

Құлаққағыс!📌

👋Қазақстанда криптовалюта карталары пайда болды

Ұлттық банк жаңа жобаны іске қосыпты👍

🤗Қазақстанда картоп пен сәбіз қымбаттады

Байқадыңыз ба?🤔

😻Алматыда Қытай ұлттық музейі жәдігерлерінің көрмесі өтеді

Сіз де тамашалап қайтыңыз!

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-99/

#Қазақстан #Жаңалықтар #мобильдіаударым #кәсіпкер #криптовалюта #карта #картоп #сәбіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤔2👌1