Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 2 маусым

👋2 маусым — дұрыс тамақтану және артық тағамнан бас тарту күні. Бұл күннің мақсаты – халыққа дұрыс тамақтану тәртібін түсіндіре отырып, қандай тағамдар мен әдеттер адам денсаулығына пайдалы болатыны туралы ақпарат беру. Қазақстанда ересек тұрғындар арасында артық салмақтың орташа көрсеткіші әйел адамдарда 29,7%, ал ер адамдар 33,9% құрайды. Яғни, әйелдердің 25,8%-ы, ерлердің 15,3%-ы семіздікке шалдыққан. Біздің елімізде ересек тұрғындардың жартысынан көбі артық салмақтан зардап шегеді.

Дұрыс тамақтаныңыз және белсенді өмір салтын ұстаныңыз!

Біздің дәмді әрі ең бастысы пайдалы бәліш мәзәрін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/shorts/P8IAq9lInGA

💪Бүгін — Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні. 1955 жылы 2 маусымда ғарыш айлағының жобасы мен оның ұйымдық құрылымы бекітілді. 1957 жылы мұнда алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды, ал 1961 жылы ғарышқа адам ұшты. Осылайша адамзат тарихындағы ғарыштық дәуір Қызылорда облысынан басталды. Қазір Байқоңыр ғарыш айлағын келісім бойынша Ресей 2050 жылға дейінгі жылына 150 миллион долларға жалға алып отыр.


🧠2021 жылдың 2 маусымында қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасындағы Gibraltar FIDE Women's Grand Prix турнирінде мерзіменен бұрын гран-при жеңіп алды. Ол аталмыш ойынның әр кезеңін жеңіспен аяқтап, мүмкін болатын 11 ұпайдың 8,5 ұпайын жинады. Осы жетістік Жансаяға ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын орындауға мүмкіндік берді. Бұл — тек Қазақстан үшін емес, бүкіл Орталық Азия үшін тарихи жетістік. Жансая – мұндай деңгейге жеткен алғашқы шахматшы қыз.

Сіз қазақ шахматшыларының қайсысын білесіз?

👥2 маусым — атақты екі тұлғаның туған күні. 285 жыл бұрын француз ақсүйегі, саясаткер, жазушы және философ Маркиз де Сад (1740-1814) дүниеге келді. Ол имандылықпен, дінмен немесе заңмен шектелмейтін абсолютті бостандық идеясының уағызшысы болды. Ол өмірдің басты құндылығы жеке адамның талпыныстарын қанағаттандырумен жұмыс істеді. “Садизм” ұғымы да ғұламаның есімімен байланысты. 91 жыл бұрын қазақ ғалымы, заманымыздың ірі түркітанушы ғалымдарының бірі Алтай Аманжолов (1934-2012) дүниеге келді. Ол түркі филологиясы мен тіл біліміне қатысты 200-ден астам еңбектің авторы. Ғалым баяндау айқындылығымен және нақты дәлелдерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар ол еңбектерінде көптеген көне жазба ескерткіштерін ашты.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекше күн #дұрыстамақтану #Байқоңырғарышайлағы #ЖансаяӘбдімәлік #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МаркиздеСад #АлтайАманжолов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌2😍2
💡💡💡💡💡💡💡

“Бақа жеу” әдісі: Нәтижеге жетудің ең тиімді тәсілі

📍 Таң ата салысымен-ақ санамызда шешілмеген шаруалар тізімі сарт-сарт ете бастайды. Ұсақ-түйек істер, күйзелтетін тапсырмалар, кейінге ысырылып жүрген жұмыстар. Бірақ солардың ішінде ең көп уайым тудыратын бір шаруа бар. Біз одан қашқақтаймыз. Ол “бақа” деп аталады.

🟢 Егер күннің басында бір бақа жеуге тура келсе, қалған істеріңіз жеңіл өтеді. Себебі ең қиыны — артта қалады.

Міне, “Eat the Frog” әдісінің негізгі философиясы да осы.

🐸 Eat the Frog дегеніміз не?

Бұл – өнімділік пен тәртіпті арттыруға арналған Брайан Трейсидің танымал әдісі. Мағынасы – күніңізді ең маңызды әрі ең қиын тапсырмадан бастау.

• “Бақа” — сіз кейінге қалдырып жүрген, бірақ орындай алсаңыз, өміріңізді алға жылжытатын іс.
• Оны орындамай тұрып басқа шаруаға кіріссеңіз — ішкі қысым мен мазасыздық кетпейді.

🌄 Бұл әдісті қалай қолдануға болады?

1️⃣ Бақаңызды анықтаңыз.
Күнделікті істер тізіміндегі ең ауыр әрі жиі кейінге қалдыратын тапсырма — сол сіздің “бақаңыз”.

2️⃣ Бақаңызды бірінші орындаңыз.
Таңертең ми сергек, күшіңіз мол. Сол сәтті ең маңызды іске арнаңыз.

3️⃣ Бақаға ұзақ қарап тұрмаңыз.
Жоспар, анализ, “дайындық” деген сылтауларға берілмеңіз. Қиыны — бастау. Қалғаны өзінен өзі жүреді.

4️⃣ Бұл әдісті әдетке айналдырыңыз.
Күн сайын ең қиын істі бірінші орындау — тәртіп пен табандылықтың кепілі.

📍 Неге бұл әдіс тиімді?

✅ Сергек шақта шешім қабылдайсыз.
Таңда оңай көрінетін іс, кешке ауыр боп сезіледі.

✅ Психологиялық жеңіс береді.
Тапсырма орындалған сайын — миыңыз “мен мықтымын” деп қуаттанады.

✅ Ішкі кінәдан арылтасыз.
Кешке дейін маза бермейтін “жасауым керек еді” деген ойдан құтыласыз.

🧘‍♀️ Мысалдар:

Магистрант:

– Бақа: ғылыми жұмыстың кіріспесін жазу.
– Таңертең осыған 1 сағат бөлсеңіз — күннің қалған бөлігінде өзіңізді жеңіл сезінесіз.

Журналист:

– Бақа: қиын спикермен хабарласып, сұхбатты келісу.
– Бұл істі түске дейін атқарып тастасаңыз — материал тезірек дайын болады.

🧭 Қандай іс – нағыз “бақа”?

• Ұзақ уақыт кейінге шегерілген;
• Көңіл күйіңізді түсіріп жүрген;
• Орындасаңыз — нәтижесі зор болатынын білесіз.

🟨 Бақа міндетті түрде үлкен, күрделі іс болмауы да мүмкін. Ол – сіздің ең көп уайымдатып жүрген, бірақ бітсе, жеңілдік әкелетін іс.

📝 Қорытынды:

“Бақа жеу” – әдемі естілмегенімен, өмірде шынайы нәтиже беретін әдіс. Күніңізді ең күрделі тапсырмадан бастауға батылдық таба білсеңіз, қалғанының бәрі оңай.

Бір күнде бір бақа жеген адам — бір жылда үлкен жетістікке жетеді.

#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🤩3👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👏2 шілдеден бастап “Отбасы банк” алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын мерзімінен бұрын өтеу тәртібіне өзгерістер енгізеді

Құлаққағыс!📌

💪2023 жылдан бері елімізде 28,4 мың азамат банкрот деп танылған – Қаржы министрлігі

Ал сіз мұндай мәселеге тап болған жоқсыз ба?🤔

👏Қазақстанда бір айда 988 млн АҚШ доллары сатылды

Мәссаған! 😮

🙄14 жастағы шахматшы Елназ Қалиахмет Қазақстан тарихындағы ең жас чемпион атанды

Ғажап! Құтты болсын!😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-98/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Отбасыбанк #тұрғынүй #Қаржыминистрлігі #банкрот #АҚШдоллары #шахматшы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3👌2
💡📆📆📆📆📆 3 маусым

👏3 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық велосипед күні аталып өтеді. Велосипед экологияға зиян келтірмейді әрі физикалық жағынан адам денсаулығына пайдалы. Сол себепті оның танымалдығы жыл сайын артып келеді. Оны пайдалану өте қарапайым және бағасы да қолжетімді. Алғашқы велосипедтің патентін XIX ғасырдың басында неміс өнертапқышы Карл фон Дрез алған. Ал ғасыр соңында Францияда алғашқы веложарыс ұйымдастырылған.

Сізге велосипед әлде скутер тепкен ұнай ма?


🙌Бүгін Дүниежүзілік туа пайда болған қисық аяқты адамдар күні аталып өтеді. Бұл күн 1914 жылы дүниеге келген америкалық дәрігер Игнасио Понсетидің құрметіне аталып өтеді. Оның әдісі бүгінде табандардың туа біткен ақауын емдеудегі ең тиімді тәсіл ретінде танылған. Қисық аяқтылық — тірек-қимыл жүйесі аурулары арасында екінші орында тұр және әрбір мың нәрестенің 4-5-інде кездеседі. Есіңізде болсын, туа біткен немесе жүре пайда болған аяқтың қисықтығын жүйелі емдеу арқылы жеңуге болады.

👋Бүгін экстремал әуесқойлары парашют күнін атап өтеді. 1785 жылы 3 маусымда француздық Франсуа Бланшар әуеден секіруге арналған парашютты ойлап тапты. Бастапқыда оның өз өнертабысын сынап көруге батылы бармады. Осылайша алдымен 300 метр биіктен парашютпен итті түсіреді. Нәтижесінде ит аман-есен қонады. 1797 жылы бірінші рет секірген адам — аэронавт Андре-Жак Гарнерин болды. Айта кетейік, парашюттің алғашқы сызбасын Леонардо да Винчи 1483 жылы жасаған.

Сіз парашюттан секіргіңіз келе ме?

👥3 маусым — қос қазақ тұлғасының туған күні. 102 жыл бұрын "Қарлығаштың құйрығы неге айыр”ертегісінің авторы Әмен Хайдаров (1923-2015) дүниеге келді. Бұл жұмыс 1967 жылы 48 елде көрініс тапты. Сонымен қатар Нью-Йоркте өткен мультфильм фестивалінде беделді сыйлыққа ие болды. Оның "Ақсақ Құлан", "Қожа-Насыр - құрылысшы" және т.б. туындылары қазақ анимациясының тарихында елеулі құбылыс болды. 1976 жылы ол Алматыда Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің тұңғыш халықаралық мультипликаторлар симпозиумын өткізуге бастамашы болды. Сонымен бірге бүгін рэпер әрі музыкалық продюсер Скриптонит 35 жасқа толды. Павлодар облысының тумасы Әділ Жәлелов 2013 жылы өзін көпшілікке таныта бастады. Содан бері ол 8 альбомын жарыққа шығарды. 2021 жылы ТМД арасындағы музыкалық нұсқа бойынша тыңдарманы көп әртіс атанды.

Алғашқы қазақ мультфильмін мына сілтемеден көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=ZkBfEFv34mo

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #алғашқывелосипед #қисықаяқтылықтыемдеу #парашюттіңөнертабысы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #АменХайдаров #Скриптонит
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2👌1😍1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақ мәдени жолының қалыптасуы

Адамзат өркениетінің дамуы рухани және материалдық мәдениеттен тұрады. Ұзақ уақыт бойы еуропацентристік көзқарас үстем болып, мәдениетті тек Батыс дүниесінің жемісі ретінде қарастыру кең тарады. Бұл бағыт өкілдері мәдениетті жасаушы тек еуропалықтар деп білді.

Алайда, Шығыс өркениеттерінің асыл мұралары мен озық үлгілері бұл жаңсақ пікірді жоққа шығарды. «Мәдениет» ұғымының өзі кең әрі сан қырлы болғандықтан, оған берілген анықтамалар да әр алуан. Жалпы алғанда, адамзат ақыл-ойы мен іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан құндылықтардың барлығын мәдениет деп атаймыз.

Рухани мен материалдық мәдениет арасында нақты шекара жоқ. Әсіресе көшпелілердің рухани мәдениеті ерекше даму жолымен дараланады. Бұл – олардың өмір салты мен тіршілік формасына тікелей байланысты.

Кейбір батыс зерттеушілер: «Көшпелілер өз алдына мәдени құндылықтар тудыра алмайды, олар тек отырықшы халықтардың мәдениетін иемденеді, бірақ ол оларға бөтен болып қала береді», – деген тұжырымдар айтады. Бұл – терең қате, үстірт пікір.

Көшпелілер – өз болмысына, тіршілік-қарекетіне сай мәдениет қалыптастырған халық. Олардың материалдық мәдениеті үнемі қозғалыста болуға бейімделген. Нағыз көшпелі тұрмысқа лайық жасалған мұралардың қатарына – оңай жиналып, тез тігілуге ыңғайлы киіз үйді, жылқыға арналған ер-тұрман мен ат әбзелдерін, ағаш пен теріден жасалған ыдыс-аяқтар мен бесікті, тағы басқа көптеген бұйымдарды жатқызуға болады.

🏕️ Тұрғын үй – өмір салтының айнасы. Адам мекендейтін үй оның дүниетанымына, әлемдегі орнын түсінуіне тікелей әсер етеді. Мәселен, орманды аймақта өмір сүретін халық үшін аспан төртбұрыш ретінде қабылданады, олардың үйлері де төрт қабырғалы. Ал кең далада мекендеген көшпелілер үшін көкжиек шеңбер пішінінде көрінеді, сондықтан олардың баспанасы – дөңгелек киіз үй. Бұл – Орталық Азия архитектурасындағы күмбездік құрылымдардың түп бастауына айналған ерекше феномен.

🌿 Табиғатпен үндестік – көшпелі рухтың өзегі. Көшпелі халық табиғатпен етене өмір сүрді. Олардың дүниетанымы табиғатпен тығыз байланысты болды. Ақынжандылық, қиялшылдық пен шығармашылық ойлау көшпелілерде терең дамыды. Бұл қасиеттер отырықшы халықтарға тән емес деу – дұрыс емес. Бірақ көшпелі тіршілік салты мұндай қабілеттердің қалыптасуына көбірек мүмкіндік берді.

🖋️ Сонымен қатар, көшпелілерде де жазу-сызудың алғашқы белгілері ерте пайда болған. Бұл – олардың да өзіндік өркениеттік жолы, мәдени әлемі бар екенін дәлелдейді.

#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍4❤1👍1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

💡3 айда 1,02 млн теңге: Кәсіпкер ретінде тіркелмегендер үшін мобильді аударымдарға шектеу қойылды

Құлаққағыс!📌

👋Қазақстанда криптовалюта карталары пайда болды

Ұлттық банк жаңа жобаны іске қосыпты👍

🤗Қазақстанда картоп пен сәбіз қымбаттады

Байқадыңыз ба?🤔

😻Алматыда Қытай ұлттық музейі жәдігерлерінің көрмесі өтеді

Сіз де тамашалап қайтыңыз!

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-99/

#Қазақстан #Жаңалықтар #мобильдіаударым #кәсіпкер #криптовалюта #карта #картоп #сәбіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤔2👌1
💡📆📆📆📆📆 4 маусым

💪Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы 4 маусымда Елтаңба, Ту және Әнұран ресми түрде бекітілді. Осы мемлекеттік рәміздердің түпнұсқасы бүгінде Ақордада сақтаулы. Қазақстанның көк байрағы мыңдаған рет дүбірлі додаларда желбіреп, әлемнің ең биік шыңдары мен ғарыш кеңістігінде самғады. Жер шарының адам аяғы сирек басатын түкпір-түкпірінде көк Туымыз көтерілді. Бұл — халқымыздың мақтанышы, елдігіміздің айғағы.

Айта кетейік, дәл осы күні — 1943 жылғы 4 маусымда — Қазақстанның алғашқы Әнұранын жасауға арналған байқау жарияланды. Ол гимн кейінгі 50 жыл бойы шырқалып келеді.

Туымыздың, Елтаңбамыздың, Әнұранымыздың авторлары кім екенін білесіз бе?



👀Бүгін – агрессия құрбаны болған жазықсыз балаларды еске алу күні. 1982 жылы 4 маусымда Израиль ұшақтары Бейрутке алғашқы әуе шабуылын жасады. Осылайша палестиналық және ливандық балалар жазықсыз ажал құшты. Жер-жүзін дүр сілкіндірген осы қанды оқиғадан кейін, БҰҰ бұл күнді — жазықсыз сәбилердің қайғы-қасіретін ұмытпас үшін — ресми түрде атап өтуді шешті.

Соғыс кезінде тек сарбаздар ғана емес, бейкүнә балалар да құрбан болады. Олар зорлық-зомбылыққа, моральдық қысымға ұшырайды. Адамзат мұндай трагедияларға көз жұмбай, балалардың жанайқайын естуі тиіс.

👀Маусымның алғашқы сәрсенбісінде әлем жұртшылығы жүгіру күнін атап өтеді. Жүгіру — адамзат тарихындағы ең көне спорт түрлерінің бірі. Ол ежелгі Олимпиада ойындарының да құрамына енген. Оның кең таралуының басты себебі — қолжетімді болуында. Жүгіруге тек аяқкиіміңіз болса жеткілікті, ал жаттығу орнын өзіңіз таңдайсыз. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Қазақстанда да марафондар ұйымдастырылып жүр. Сонымен қатар жаттықтырушылармен бірге тегін жаттығуға мүмкіндік беретін жүгіру клубтары да көбейіп келеді.

Ал сіз жүгіру жарыстарына қатысып көрдіңіз бе?

👠4 маусымда өмірге келген танымал әйел адамдар. Бүгін опера дивасы, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева 66 жасқа толды. Ол Нью-Йорк, Париж, Амстердам, Лиссабон, Мәскеу және басқа қалалардың әйгілі опера театрларында жеке концертін берді. Мансап жолында 3 альбомын жарыққа шығарды. Оның ішінде опера ғана емес, қазақтың халық әндері де бар. Бүгін америкалық актриса, режиссер, продюсер, модель, БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли 50 жас мерейтойын атап өтеді. 40-тан астам фильмдегі рөлімен танымал болған өнер иесі “Оскар” және үш мәрте “Алтын глобус” сыйлығын иеленді. Forbes журналы оны бірнеше рет Голливудтағы гонорары жоғары актриса деп таныды.

Сізге Анджелина Джолидің қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Мемлекеттікрәміздер #Агрессияқұрбандары #Жүгірукүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НұржамалҮсенбаева #АнджелинаДжоли
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2👌2
💡💡💡💡💡💡💡

Қаржы пирамидаларына алданбау үшін нені білу керек?

Кейінгі жылдары Қазақстанда “жеңіл әрі жоғары табысты” уәде ететін қаржы пирамидалары көбейіп кетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде “инвестиция салып, оны бірнеше есе етіп қайтарып ал” деген хабарламалар жиілеп, алаяқ схемаларға алданған адамдар саны артып келеді.

📌 Қаржы пирамидасы деген не?

Қаржы пирамидасы — бұл жаңа қатысушылардың салған ақшасы арқылы бұрынғы қатысушыларға табыс төленетін заңсыз жүйе. Мұндай ұйымдарда нақты бизнес-модель, тауар немесе қызмет көрсетілмейді. Түскен қаражат тек тізбекпен беріледі.

Олар қалай жұмыс істейді?

Көп жағдайда пирамидалар өзін инвестициялық жоба немесе жеке даму клубы ретінде таныстырады. Бастапқыда адам белгілі бір соманы салып, кейін тағы адам тартып, “табысқа жету сатыларынан” өте бастайды. Уақыт өте келе бұл жүйе қатысушылардың ақшасын алып, жоқ болып кетеді.

Пирамида ұйымдастырушылары:

• 1-2 ай ішінде 100-200% табыс уәде етеді;
• Қатысушыларға адамдар тартса, “бонус”, “премия” береді;
• Заңды тіркелмейді немесе жалған лицензия көрсетеді;
• Тауар не қызметті жай ғана бүркеншік ретінде қолданады (мысалы: косметика, коучинг, білім платформалары).

Қауіпті белгілер: қалай тануға болады?

1. Кепілдендірілген жоғары табыс — қаржы нарығында ешбір инвестиция 100% табысқа кепілдік бермейді.
2. Жаңа адам тартуға ынталандыру — классикалық “достарыңды шақыр да ақша тап” схемасы.
3. Тауардың жоқтығы немесе жасанды болуы негізге алынады. Яғни, өнім тек желеу.
4. Құпиялылық және асығыстық — “дәл қазір шешім қабылда, ертең кеш болады!” деген психологиялық қысым.
5. БАҚ-қа сенімді емес жарнама — жалған пікірлер, қолдан жасалған табыс тарихтары.

‼️ Миллиондаған шығын: нақты мысалдар

2022 жылы Алматы қаласында тіркелген “ASTEX.kz” атты қаржы пирамидасы 10 000-нан астам қазақстандықты алдап, 5,7 миллиард теңгеден астам қаржыны иемденіп кеткен. Ұйым криптовалютаға инвестиция салу арқылы табыс табуға болады деп уәде еткен.

Сол жылы Qnet желілік компаниясы да сотқа тартылды. Ондаған қазақстандық өздерінің достарын тартып, қарызға батқан. Алайда компания өкілдері өздерінің “пирамидалық жүйеге қатысы жоқ” екенін айтып ақталған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2021–2024 жылдар аралығында Қазақстанда қаржы пирамидалары бойынша 200-ден астам қылмыстық іс қозғалған. Олардың басым бөлігі WhatsApp, Instagram және TikTok желілері арқылы адамдарды тартқан.

📌 Заң не дейді?

2022 жылы Қазақстанда “Қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастыру және оған қатысу” бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Пирамида құрған адам 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал оған жарнама жасаған адам айыппұл немесе бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.

Қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін не істеу керек?

• Қаржы ұйымының лицензиясы бар-жоғын Қаржы нарығын реттеу агенттігінің сайтынан тексеріңіз.
• Уәде етілген табыстың шындыққа сәйкестігіне сыни көзбен қараңыз.
• Жақындарыңызбен кеңесіңіз – эмоциямен шешім қабылдамаңыз.
• Әлеуметтік желілерден келген күмәнді ұсыныстарды фактчек арқылы тексеріңіз.
• Егер алдансаңыз – бірден полицияға немесе прокуратураға хабарласыңыз.

☝🏻 Қаржы пирамида ұйымдастырушыларының арбауына түспеу үшін қаржылай сауатты арттырып, уәделерге емес, нақты сандар мен заңға сенген жөн.

Бүгінгі таңда қаржы пирамидалары тек алаяқтардың ғана емес, қарапайым азаматтардың да проблемасына айналып отыр. Олардың тоқтауы – әр адамның қырағылығы мен саналы таңдауына байланысты.

#қазынакеңес #пирамида #қаржы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2👌2😍1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

☺️“21 миллиард теңгеден астам шығын келген”. Алматы облысында Amanat Drive қаржы пирамидасы әшкереленді

Сұмдық! Абай болыңыздар! 📌

😁Астанада Қазақстанның Туының көлемді бейнесі 3 000 кубиктен құрастырылды

Ғажап!😍

🤩3 айдың ішінде Қазақстанға 5000-ға жуық адам көшіп келген

Ал елден кеткендер саны - 1 122 адам екен‼️

👍Қазақстанда әйелдерге арналған жасанды интеллект негіздерін үйрететін тегін онлайн-курс басталады

Қатысып көріңіз!🔥

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-100/

#Қазақстан #Алматыоблысы #қаржыпирамидасы #Ту #жасандыинтеллект
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4😍2❤1👌1
💡📆📆📆📆📆 5 маусым

☘️5 маусым — Қазақстанда экологтар күні. Бұл — Қазақстанның табиғатын қорғап, оны сақтау жолында еңбек етіп жүрген жандардың ресми түрде бекітілген кәсіби мерекесі. Экологтар күні БҰҰ бекіткен Дүниежүзілік қоршаған орта күнімен тұспа-тұс келеді. Бұл күннің мақсаты — ғаламшарда орын алып жатқан негізгі мәселелерге жұртшылықтың қызығушылығын тудыра отырып, адамдарды қоршаған ортаны жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауға шақырады.

Егер таныстарыңыздың арасында экологтар болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз.


✍️Бүгін – Жануарларға қатысты кемсітушілікке қарсы күрес күні. Бұл күн адамзаттың өзге тіршілік иелеріне үстемдікпен қарауы мен әділетсіз қатынасын тоқтатуға шақырады. Кейбір адамдар өзін табиғаттан жоғары санап, жан-жануарларға тек өз пайдасы үшін қарайды. Мұндай көзқарас өркениетті қоғамда орын алмауы тиіс.
Бұл күн – расизм мен жыныстық кемсітушілік сияқты, жануарларды алалау да дұрыс еместігін еске салады. Жануарлар да тіршілік иесі, олар да құрметке лайық.

Сіз мұндай бастамаларды қолдайсыз ба?

🗣Бүгін — Танымал жаңсақ пікірлер күні. 5 маусым тарихта тағы бір елеулі оқиғамен байланысты: 1944 жылы дәл осы күні Ұлыбритания, АҚШ және Канада елдерінен құралған 150 мың сарбаздан тұратын одақтас әскер Францияның солтүстігіне түсірілді. Бұл операция нацистердің “Үшінші рейх мың жыл өмір сүреді” деген сеніміне үлкен соққы болды. Гитлердің жоспары Еуропаны арийлік ұлтпен қоныстандыру және Кеңес Одағына үстемдік жүргізу болған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады. Нацизмге тойтарыс берілді, ал Нюрнберг процесі олардың адамзатқа қарсы бағытталған идеологиясын айыптады. Бұл күн – тарихтағы қате сенімдер мен жалған түсініктердің соңы қандай болатынын еске түсіреді.


👤5 маусым — қос тұлғаның туған күні. Бүгін америкалық актер және музыкант Марк Уолберг 54 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Ал олардың көпшілігі блокбастерлерге айналды. Өнер иесі өзінің алғашқы жоғары табысын 1990 жылдардың басында рэпер Марки Марк ретінде тапты. Сонымен қатар бүгін грек-рим күресінен қазақстандық жалғыз Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко 53 жасын атап өтеді. 1996 жылы Аталантадағы жеңісінен басқа, ол екі рет әлем чемпионы, екі рет Азия чемпионы атанды. Спорттық мансабын аяқтаған соң күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып, талай чемпиондарды тәрбиеледі.

Сізге Марк Уолбергтің қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Экологкүні #жануарлардыалалау #кеңтарағанжаңсақпікірлер #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МаркУолберг #ЮрийМельниченко
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3
💡💡💡💡💡💡💡

SMART әдісі: Мақсатқа жетудің нақты 5 жолы

🎯 SMART – бұл мақсат қоюдың және оған жүйелі түрде қол жеткізудің танымал әрі нәтижелі әдісі. Әрбір әріп белгілі бір қағиданы білдіреді. Осы қағидаларды ұстану арқылы сіз арманыңызды нақты жоспарға айналдырып, мотивацияны сақтап қала аласыз.

✅ S – Specific (Нақты)

Мақсат анық әрі дәл болуы тиіс. Жай ғана “Денсаулығымды жақсартамын” деу жеткіліксіз. Оның орнына “Күніне 2 литр су ішемін” немесе “Аптасына 3 рет спортзалға барамын” десеңіз, нақты әрекет жоспары пайда болады.

✅ M – Measurable (Өлшенетін)

Мақсатты өлшеп отыру – прогресті бақылауға мүмкіндік береді. “Көп оқу” сияқты жалпылама тілек емес, “Айына 2 кітап оқимын” деген нақты әрі өлшенетін мақсат болуы тиіс. Бұл сіздің жетістікке қаншалықты жақындағаныңызды көрсетеді.

✅ A – Achievable (Қолжетімді)

Мақсат шынайы болуы керек. Егер ол тым биік немесе қол жетпестей көрінсе, адам тез шаршайды. Мысалы, “Жыл соңына дейін миллионер боламын” дегеннің орнына “Ай сайын табысымды 10%-ға арттырамын” деу әлдеқайда шынайы әрі орындалатын мақсат.

✅ R – Relevant (Маңызды)

Мақсат сіз үшін құнды және өзекті болуы шарт. Ол өміріңіздегі үлкен мақсаттармен үндес болуы керек. Мысалы, “Жаңа жұмысқа тұру” мақсатын таңдасаңыз, бұл шешім мансаптық дамуыңызға немесе табысыңызға қалай әсер ететінін ойлаңыз.

✅ T – Time-bound (Мерзімді)

Мақсаттың нақты орындалу мерзімі болуы қажет. Бұл уақыт шеңбері сізді ынталандырып, әрекетке итермелейді. “Жақында саяхаттаймын” дегеннен гөрі “Қараша айына дейін Түркияға баруға қаражат жинаймын” десеңіз, бұл нақты әрі жоспарлы әрекетке жол ашады.

💡 Қорытынды

SMART әдісі сізге мақсаттарды нақтылап, сол бағытта жүйелі қадамдар жасауға көмектеседі. Қол жетімді, өлшенетін және мағыналы мақсатпен сіз жетістікке жақындай түсесіз. Ең бастысы – өз ниетіңізді анықтап, оған қарай нақты қадам жасау.

#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👌4👍3