Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

💡3 айда 1,02 млн теңге: Кәсіпкер ретінде тіркелмегендер үшін мобильді аударымдарға шектеу қойылды

Құлаққағыс!📌

👋Қазақстанда криптовалюта карталары пайда болды

Ұлттық банк жаңа жобаны іске қосыпты👍

🤗Қазақстанда картоп пен сәбіз қымбаттады

Байқадыңыз ба?🤔

😻Алматыда Қытай ұлттық музейі жәдігерлерінің көрмесі өтеді

Сіз де тамашалап қайтыңыз!

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-99/

#Қазақстан #Жаңалықтар #мобильдіаударым #кәсіпкер #криптовалюта #карта #картоп #сәбіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤔2👌1
💡📆📆📆📆📆 4 маусым

💪Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы 4 маусымда Елтаңба, Ту және Әнұран ресми түрде бекітілді. Осы мемлекеттік рәміздердің түпнұсқасы бүгінде Ақордада сақтаулы. Қазақстанның көк байрағы мыңдаған рет дүбірлі додаларда желбіреп, әлемнің ең биік шыңдары мен ғарыш кеңістігінде самғады. Жер шарының адам аяғы сирек басатын түкпір-түкпірінде көк Туымыз көтерілді. Бұл — халқымыздың мақтанышы, елдігіміздің айғағы.

Айта кетейік, дәл осы күні — 1943 жылғы 4 маусымда — Қазақстанның алғашқы Әнұранын жасауға арналған байқау жарияланды. Ол гимн кейінгі 50 жыл бойы шырқалып келеді.

Туымыздың, Елтаңбамыздың, Әнұранымыздың авторлары кім екенін білесіз бе?



👀Бүгін – агрессия құрбаны болған жазықсыз балаларды еске алу күні. 1982 жылы 4 маусымда Израиль ұшақтары Бейрутке алғашқы әуе шабуылын жасады. Осылайша палестиналық және ливандық балалар жазықсыз ажал құшты. Жер-жүзін дүр сілкіндірген осы қанды оқиғадан кейін, БҰҰ бұл күнді — жазықсыз сәбилердің қайғы-қасіретін ұмытпас үшін — ресми түрде атап өтуді шешті.

Соғыс кезінде тек сарбаздар ғана емес, бейкүнә балалар да құрбан болады. Олар зорлық-зомбылыққа, моральдық қысымға ұшырайды. Адамзат мұндай трагедияларға көз жұмбай, балалардың жанайқайын естуі тиіс.

👀Маусымның алғашқы сәрсенбісінде әлем жұртшылығы жүгіру күнін атап өтеді. Жүгіру — адамзат тарихындағы ең көне спорт түрлерінің бірі. Ол ежелгі Олимпиада ойындарының да құрамына енген. Оның кең таралуының басты себебі — қолжетімді болуында. Жүгіруге тек аяқкиіміңіз болса жеткілікті, ал жаттығу орнын өзіңіз таңдайсыз. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Қазақстанда да марафондар ұйымдастырылып жүр. Сонымен қатар жаттықтырушылармен бірге тегін жаттығуға мүмкіндік беретін жүгіру клубтары да көбейіп келеді.

Ал сіз жүгіру жарыстарына қатысып көрдіңіз бе?

👠4 маусымда өмірге келген танымал әйел адамдар. Бүгін опера дивасы, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева 66 жасқа толды. Ол Нью-Йорк, Париж, Амстердам, Лиссабон, Мәскеу және басқа қалалардың әйгілі опера театрларында жеке концертін берді. Мансап жолында 3 альбомын жарыққа шығарды. Оның ішінде опера ғана емес, қазақтың халық әндері де бар. Бүгін америкалық актриса, режиссер, продюсер, модель, БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли 50 жас мерейтойын атап өтеді. 40-тан астам фильмдегі рөлімен танымал болған өнер иесі “Оскар” және үш мәрте “Алтын глобус” сыйлығын иеленді. Forbes журналы оны бірнеше рет Голливудтағы гонорары жоғары актриса деп таныды.

Сізге Анджелина Джолидің қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Мемлекеттікрәміздер #Агрессияқұрбандары #Жүгірукүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НұржамалҮсенбаева #АнджелинаДжоли
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2👌2
💡💡💡💡💡💡💡

Қаржы пирамидаларына алданбау үшін нені білу керек?

Кейінгі жылдары Қазақстанда “жеңіл әрі жоғары табысты” уәде ететін қаржы пирамидалары көбейіп кетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде “инвестиция салып, оны бірнеше есе етіп қайтарып ал” деген хабарламалар жиілеп, алаяқ схемаларға алданған адамдар саны артып келеді.

📌 Қаржы пирамидасы деген не?

Қаржы пирамидасы — бұл жаңа қатысушылардың салған ақшасы арқылы бұрынғы қатысушыларға табыс төленетін заңсыз жүйе. Мұндай ұйымдарда нақты бизнес-модель, тауар немесе қызмет көрсетілмейді. Түскен қаражат тек тізбекпен беріледі.

Олар қалай жұмыс істейді?

Көп жағдайда пирамидалар өзін инвестициялық жоба немесе жеке даму клубы ретінде таныстырады. Бастапқыда адам белгілі бір соманы салып, кейін тағы адам тартып, “табысқа жету сатыларынан” өте бастайды. Уақыт өте келе бұл жүйе қатысушылардың ақшасын алып, жоқ болып кетеді.

Пирамида ұйымдастырушылары:

• 1-2 ай ішінде 100-200% табыс уәде етеді;
• Қатысушыларға адамдар тартса, “бонус”, “премия” береді;
• Заңды тіркелмейді немесе жалған лицензия көрсетеді;
• Тауар не қызметті жай ғана бүркеншік ретінде қолданады (мысалы: косметика, коучинг, білім платформалары).

Қауіпті белгілер: қалай тануға болады?

1. Кепілдендірілген жоғары табыс — қаржы нарығында ешбір инвестиция 100% табысқа кепілдік бермейді.
2. Жаңа адам тартуға ынталандыру — классикалық “достарыңды шақыр да ақша тап” схемасы.
3. Тауардың жоқтығы немесе жасанды болуы негізге алынады. Яғни, өнім тек желеу.
4. Құпиялылық және асығыстық — “дәл қазір шешім қабылда, ертең кеш болады!” деген психологиялық қысым.
5. БАҚ-қа сенімді емес жарнама — жалған пікірлер, қолдан жасалған табыс тарихтары.

‼️ Миллиондаған шығын: нақты мысалдар

2022 жылы Алматы қаласында тіркелген “ASTEX.kz” атты қаржы пирамидасы 10 000-нан астам қазақстандықты алдап, 5,7 миллиард теңгеден астам қаржыны иемденіп кеткен. Ұйым криптовалютаға инвестиция салу арқылы табыс табуға болады деп уәде еткен.

Сол жылы Qnet желілік компаниясы да сотқа тартылды. Ондаған қазақстандық өздерінің достарын тартып, қарызға батқан. Алайда компания өкілдері өздерінің “пирамидалық жүйеге қатысы жоқ” екенін айтып ақталған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2021–2024 жылдар аралығында Қазақстанда қаржы пирамидалары бойынша 200-ден астам қылмыстық іс қозғалған. Олардың басым бөлігі WhatsApp, Instagram және TikTok желілері арқылы адамдарды тартқан.

📌 Заң не дейді?

2022 жылы Қазақстанда “Қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастыру және оған қатысу” бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Пирамида құрған адам 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал оған жарнама жасаған адам айыппұл немесе бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.

Қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін не істеу керек?

• Қаржы ұйымының лицензиясы бар-жоғын Қаржы нарығын реттеу агенттігінің сайтынан тексеріңіз.
• Уәде етілген табыстың шындыққа сәйкестігіне сыни көзбен қараңыз.
• Жақындарыңызбен кеңесіңіз – эмоциямен шешім қабылдамаңыз.
• Әлеуметтік желілерден келген күмәнді ұсыныстарды фактчек арқылы тексеріңіз.
• Егер алдансаңыз – бірден полицияға немесе прокуратураға хабарласыңыз.

☝🏻 Қаржы пирамида ұйымдастырушыларының арбауына түспеу үшін қаржылай сауатты арттырып, уәделерге емес, нақты сандар мен заңға сенген жөн.

Бүгінгі таңда қаржы пирамидалары тек алаяқтардың ғана емес, қарапайым азаматтардың да проблемасына айналып отыр. Олардың тоқтауы – әр адамның қырағылығы мен саналы таңдауына байланысты.

#қазынакеңес #пирамида #қаржы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2👌2😍1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

☺️“21 миллиард теңгеден астам шығын келген”. Алматы облысында Amanat Drive қаржы пирамидасы әшкереленді

Сұмдық! Абай болыңыздар! 📌

😁Астанада Қазақстанның Туының көлемді бейнесі 3 000 кубиктен құрастырылды

Ғажап!😍

🤩3 айдың ішінде Қазақстанға 5000-ға жуық адам көшіп келген

Ал елден кеткендер саны - 1 122 адам екен‼️

👍Қазақстанда әйелдерге арналған жасанды интеллект негіздерін үйрететін тегін онлайн-курс басталады

Қатысып көріңіз!🔥

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-100/

#Қазақстан #Алматыоблысы #қаржыпирамидасы #Ту #жасандыинтеллект
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4😍2❤1👌1
💡📆📆📆📆📆 5 маусым

☘️5 маусым — Қазақстанда экологтар күні. Бұл — Қазақстанның табиғатын қорғап, оны сақтау жолында еңбек етіп жүрген жандардың ресми түрде бекітілген кәсіби мерекесі. Экологтар күні БҰҰ бекіткен Дүниежүзілік қоршаған орта күнімен тұспа-тұс келеді. Бұл күннің мақсаты — ғаламшарда орын алып жатқан негізгі мәселелерге жұртшылықтың қызығушылығын тудыра отырып, адамдарды қоршаған ортаны жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауға шақырады.

Егер таныстарыңыздың арасында экологтар болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз.


✍️Бүгін – Жануарларға қатысты кемсітушілікке қарсы күрес күні. Бұл күн адамзаттың өзге тіршілік иелеріне үстемдікпен қарауы мен әділетсіз қатынасын тоқтатуға шақырады. Кейбір адамдар өзін табиғаттан жоғары санап, жан-жануарларға тек өз пайдасы үшін қарайды. Мұндай көзқарас өркениетті қоғамда орын алмауы тиіс.
Бұл күн – расизм мен жыныстық кемсітушілік сияқты, жануарларды алалау да дұрыс еместігін еске салады. Жануарлар да тіршілік иесі, олар да құрметке лайық.

Сіз мұндай бастамаларды қолдайсыз ба?

🗣Бүгін — Танымал жаңсақ пікірлер күні. 5 маусым тарихта тағы бір елеулі оқиғамен байланысты: 1944 жылы дәл осы күні Ұлыбритания, АҚШ және Канада елдерінен құралған 150 мың сарбаздан тұратын одақтас әскер Францияның солтүстігіне түсірілді. Бұл операция нацистердің “Үшінші рейх мың жыл өмір сүреді” деген сеніміне үлкен соққы болды. Гитлердің жоспары Еуропаны арийлік ұлтпен қоныстандыру және Кеңес Одағына үстемдік жүргізу болған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады. Нацизмге тойтарыс берілді, ал Нюрнберг процесі олардың адамзатқа қарсы бағытталған идеологиясын айыптады. Бұл күн – тарихтағы қате сенімдер мен жалған түсініктердің соңы қандай болатынын еске түсіреді.


👤5 маусым — қос тұлғаның туған күні. Бүгін америкалық актер және музыкант Марк Уолберг 54 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Ал олардың көпшілігі блокбастерлерге айналды. Өнер иесі өзінің алғашқы жоғары табысын 1990 жылдардың басында рэпер Марки Марк ретінде тапты. Сонымен қатар бүгін грек-рим күресінен қазақстандық жалғыз Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко 53 жасын атап өтеді. 1996 жылы Аталантадағы жеңісінен басқа, ол екі рет әлем чемпионы, екі рет Азия чемпионы атанды. Спорттық мансабын аяқтаған соң күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып, талай чемпиондарды тәрбиеледі.

Сізге Марк Уолбергтің қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Экологкүні #жануарлардыалалау #кеңтарағанжаңсақпікірлер #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #МаркУолберг #ЮрийМельниченко
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3
💡💡💡💡💡💡💡

SMART әдісі: Мақсатқа жетудің нақты 5 жолы

🎯 SMART – бұл мақсат қоюдың және оған жүйелі түрде қол жеткізудің танымал әрі нәтижелі әдісі. Әрбір әріп белгілі бір қағиданы білдіреді. Осы қағидаларды ұстану арқылы сіз арманыңызды нақты жоспарға айналдырып, мотивацияны сақтап қала аласыз.

✅ S – Specific (Нақты)

Мақсат анық әрі дәл болуы тиіс. Жай ғана “Денсаулығымды жақсартамын” деу жеткіліксіз. Оның орнына “Күніне 2 литр су ішемін” немесе “Аптасына 3 рет спортзалға барамын” десеңіз, нақты әрекет жоспары пайда болады.

✅ M – Measurable (Өлшенетін)

Мақсатты өлшеп отыру – прогресті бақылауға мүмкіндік береді. “Көп оқу” сияқты жалпылама тілек емес, “Айына 2 кітап оқимын” деген нақты әрі өлшенетін мақсат болуы тиіс. Бұл сіздің жетістікке қаншалықты жақындағаныңызды көрсетеді.

✅ A – Achievable (Қолжетімді)

Мақсат шынайы болуы керек. Егер ол тым биік немесе қол жетпестей көрінсе, адам тез шаршайды. Мысалы, “Жыл соңына дейін миллионер боламын” дегеннің орнына “Ай сайын табысымды 10%-ға арттырамын” деу әлдеқайда шынайы әрі орындалатын мақсат.

✅ R – Relevant (Маңызды)

Мақсат сіз үшін құнды және өзекті болуы шарт. Ол өміріңіздегі үлкен мақсаттармен үндес болуы керек. Мысалы, “Жаңа жұмысқа тұру” мақсатын таңдасаңыз, бұл шешім мансаптық дамуыңызға немесе табысыңызға қалай әсер ететінін ойлаңыз.

✅ T – Time-bound (Мерзімді)

Мақсаттың нақты орындалу мерзімі болуы қажет. Бұл уақыт шеңбері сізді ынталандырып, әрекетке итермелейді. “Жақында саяхаттаймын” дегеннен гөрі “Қараша айына дейін Түркияға баруға қаражат жинаймын” десеңіз, бұл нақты әрі жоспарлы әрекетке жол ашады.

💡 Қорытынды

SMART әдісі сізге мақсаттарды нақтылап, сол бағытта жүйелі қадамдар жасауға көмектеседі. Қол жетімді, өлшенетін және мағыналы мақсатпен сіз жетістікке жақындай түсесіз. Ең бастысы – өз ниетіңізді анықтап, оған қарай нақты қадам жасау.

#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👌4👍3
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👀Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалады деген күдікпен видеоблогер ұсталды

Абай болыңыздар!📌

🗣Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды

Тамаша!😍

📆Қазақстанда неге бәрі қымбаттап жатыр? Ұлттық банк себебін атады

Сіз де бағадағы өзгерістерді байқадыңыз ба?🤔

👥Қазақстан аумағындағы шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының картасы ұсынылды🙏

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-101/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Кәсіпкер #Маңғыстау #жылдамоқитыноқушы #Ұлттықбанк #азықтүлікбағасы #ЖОО
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👌2❤1
💡📆📆📆📆📆 6 маусым

🐏Бүгін Құрбан айт мейрамы аталып өтеді. Құрбан айт — мұсылман жұрты үшін қасиетті де ұлық мереке. Айт намазынан кейін үш күн ішінде әрбір мұсылман Алла разылығы үшін құрбандық шалу парызын орындайды. Бұл — адамның Жаратушыға рухани бет бұрып, ықылас-ниетін білдіруінің көрінісі. Құрбан айттың тарихы қасиетті Құранда баяндалған. Онда Ибраһим пайғамбардың көрген түсі мен оған бағынуы жайлы айтылады. Бірде түсінде бір періште пайғамбарға келіп, Алланың әмірімен жалғыз ұлын құрбандыққа шалуы тиіс екенін жеткізеді. Пайғамбар бұл әмірге мойынсұнып, баласын құрбан етуге дайын болады. Осы сәтте Алла Тағала суық қарудың бейкүнә балаға зиянын тигізбеуін қадағалайды. Бұл сынақты Аллаһ Ибраһимнің иманын сынау үшін жіберген еді. Сынақтан сүрінбей өткен пайғамбарға Алла тағдыр жазмышымен аспаннан құрбандыққа шалатын қошқар жіберіп, ұлының орнына сол құрбан етіледі.

Бұл күн — сенімнің, мойынсұнудың, мейірім мен рақымның мерекесі.

🗣6 маусым — Дүниежүзілік зиянкестерге қарсы күрес күні. Бұл күн – адам өміріне және тіршілік ортасына зиян келтіретін жәндіктер мен жануарлардың қаупі туралы еске салып, оларға қарсы тиімді күрес жолдарын насихаттауға арналған. Кең мағынада зиянкестер деп — адамға, оның өміріне, ауыл шаруашылығына немесе денсаулығына залал келтіретін кез келген өсімдік пен жануарды айтуға болады. Алайда әрбір зиянкесті жойып жіберу дұрыс емес, өйткені олардың кейбірі тек нақты жағдайда ғана зиянды болуы мүмкін. Сол себепті олардың санын бақылауда ұстау — ең тиімді әрі табиғатқа залал келтірмейтін амалдардың бірі.

Сіз қандай зиянкестерден жиі зардап шегесіз?




👀6 маусымда компьютер ойынының әуесқойлары Тетрис күнін атап өтеді. Бұл ойын 1984 жылы пайда болды. Содан бері Тетрис әлем бойынша кеңінен танылды. Оның құрылымдық қағидаттары кейін Dr. Mario, Candy Crush секілді танымал ойындардың негізіне айналды. Бір қызығы, тетристі ойлап тапқан кеңес программисі Алексей Пажитнов өнертабысынан 1996 жылға дейін не кеңестік, не ресейлік үкімет тарапынан ешқандай пайда көрмеген. Осы оқиға негізінде биыл “Тетрис” фильмі жарыққа шықты.

Ал сіз тетрис ойынын жақсы ойнаушы едіңіз бе?


👥6 маусым — қазақтың атақты екі тұлғасының туған күні. Бүгін суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тұрсын Әбуов 89 жасқа толды. Оның туындылары дала көшпелілерінің мәдениетін әлемдік мәдениеттер кеңістігіне лайық және мәнерлі түрде енгізе алды. Олар Ақорда мен Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия және басқа елдердің мұражайларында қойылған. Сонымен қатар бүгін музыкант, композитор, продюсер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Бари Әлібасов 78 жасқа толды. Семей өңірінің тумасы ТМД елдерінде үлкен жетістікке жеткен “Интеграл” және “На-на” музыкалық ұжымдарын құрып, оларға жетекшілік етті. Өнер иесі “Астанаға 10 жыл” медалімен марапатталған.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Зиянкестерменкүрес #Тетрисойыныныңөнертабысы #Құрбанайт2025 #Туғанкүндер #Белгілітұлғалар #ТұрсынӘбуов #БариӘлибасов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Алтын Адам" мультфильмі. Бұл анимациялық туынды жас сақ жауынгері Аңқылдың шытырман оқиғаларын баяндайды. Аңқыл Хан Тәңірі шыңына өмір шоғын іздеп жол тартады. Сапары барысында ол достар тауып, нағыз жауынгерге айналып, сақ даласына төнген зұлымдықпен күреседі. Батыр Аңқылдың бастан кешкендері жас көрерменге батырлық пен адалдықтың, мейірім мен ерліктің үлгісі болмақ.

Біздің кино шолу осы сілтемеде: https://youtube.com/shorts/BbCvwTMU7nc?si=W0pEPBm9syltYCnY

🎬"Балерина" боевигі. Кәсіби балерина Ева Макарро ата-анасының өліміне кінәлілерді табу үшін “Руска Рома” деген қылмыстық топқа қосылады. Ол жолында көптеген қарсыластар мен одақтастарға тап болады. Солардың бірі – қылмыстық әлемде “Баба-яга” атымен танымал аты шулы киллер Джон Уик. Басты рөлдерде: Киану Ривз, Ана де Армас. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=AQzE5dZvMXE

🎬"Странные звуки" триллері. Жас жазушы қыз көрші пәтерден шығып жатқан түсініксіз дыбыстар жайлы әңгіме жазып, байқауға қатыспақ болады. Осы мақсатпен ол көршілерін бақылауға кіріседі. Басты рөлдерде: Рю Хва-ата, Пак Чин-у. жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VWZW8t3U_N0

🎬"Моя мама - волшебница" драмасы. Бұл оқиға Парижде өрбиді, алайда әлемнің кез келген түкпірінде орын алуы әбден мүмкін. Алты баланың анасы бір күні дәрігерлерден ұлының ешқашан жүре алмайтынын естиді. Алайда ол тағдырға мойынсұнбай, баласының өмірін қуаныш пен үмітке, махаббат пен ертегіге толы шынайы ғажайыпқа айналдырады. Басты рөлдерде: Лейла Бехти, Джонатан Коэн. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=cG6RqAqqbC4

🎬"Оно: Новая глава" қорқынышты фильмі. Психотерапевт Синтия Уинстоун өзгелердің санасына ене алатын ерекше қабілетке ие. Бірде оған 14 жастағы Райли есімді қыз көмек сұрап келеді — ол өзіне жабысып алған қорқынышты тылсымнан құтылғысы келеді. Ал Синтияның қызы Джордан өз бетінше бұл істі зерттемек болып, Райлидің үйіне кіріп, жертөледен байлаулы әйелді тауып алады… Басты рөлдерде: Эшли Грин, Шон Эшмор. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Mx6PnHLBCPY

🎬"Заклятие: Демон внутри" қорқынышты фильмі. Әкесінің жұмбақ өлімінен кейін Каролина анасы мен мұғалімдерімен жиі жанжалдаса бастайды. Өз бойынан қорқынышты өзгерістерді байқаған қыз денесінде пайда болған таңбаның — ежелгі мысырлық жынның белгісі екенін сезеді. Ал бұл зұлым күш күн өткен сайын күшейе түсуде… Басты рөлдерде: Джиа Хантер, Джек Гулдборн. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xn9Wrqz2-f4

🎬"Ганзель и Гретель: Миссия “Спящая красавица" мультфильмі. Ғажайыптарсыз аман қалуы мүмкін емес. Патшалықты құтқару үшін Сиқырлы қауіпсіздік қызметі іске кіріседі. Ең үздік агент — батыл Гретель мен оның тапқыр інісі Гензель ұйқыға кеткен ханшайымның құпиясын ашуға аттанады. Бұл күрделі тапсырмада оларға күтпеген жерден қаһарман Принц Рагнар қосылып, үшеуі сиқырға толы әлемді төңкеріп шығады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Qx7DiJ5sv1w

🎬"Нэчжа побеждает Царя драконов" мультфильмі. Нэчжа есімді бала-демон досымен бірге Айдаһар патшасы мен оның әскеріне қарсы соғысады. Бірақ найзағайдың соққысына түсіп, екеуі де рухқа айналып кетеді. Енді оларды қайта тірілтудің жалғыз жолы – Киелі лотосты табу.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Etn2aH5dtHM

#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңафишасы #Қазақстанкинотеатрлары #АлтынАдам #мультфильм #Балерина #ДжонУик
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3👌1
💡📆📆📆📆📆 7 маусым

☀️7 маусымда монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл – елімізде адал әрі әділ бәсекелестіктің дамуына бар күшін салып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. Бәсекелестікті қорғау органы тек Қазақстан Республикасының Президентіне ғана бағынады.

Егер араларыңызда осы салада еңбек етіп жүрген таныстарыңыз болса, бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!


🍒7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні де аталып өтеді. Азық-түлік сапасының төмен болуы 200-ден астам түрлі аурудың туындауына себеп болады. Өсімдіктерді өсіру кезінде қолданылатын химиялық заттар адам ағзасына түсіп, аллергия, асқазан-ішек аурулары, тіпті қатерлі ісікке де алып келуі мүмкін. БҰҰ бұл мәселеге 2016 жылы ерекше назар аударды. Әлем бойынша жыл сайын жүздеген мың адам сапасыз тағамнан көз жұмады, олардың 40%-ын 5 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Денсаулығыңыз үшін құрамында химикаты жоқ табиғи өнімдерді тұтыныңыз!


🗣7 маусымда тағы бір қызық күн - циник күні аталып өтеді. Бұл күн әлеуметтік, мәдени немесе діни құндылықтарға, мораль мен этика нормаларына немқұрайлы қарайтын, кейде оларды әдейі елемейтін адамдарға арналады. Цинизм көбіне дөрекілікпен, әдепсіздікпен, тіпті кейде ашықтан-ашық қыңырлықпен сипатталады.

Егер сіз осындай адамдарды білсеңіз, бүгінгі ерекше күнмен "құттықтап” қойыңыз!

👥7 маусым — атақты екі актердің туған күні. Бүгін 110-нан астам фильмде басты рөлді сомдаған британдық актер Лиам Нисон 74 жасқа толды. “Список Шиндлера” фильміндегі рөлі үшін “Оскарға” ұсынылып, “Үздік ер адам рөлі” номинациясы бойынша Вольпи кубогының иегері атанды. Сонымен қатар бүгін Британ империясының орденінің офицері, америкалық модель әрі актриса Эмили Ратаковски 34 жасын атап өтеді. Өнер иесі “128 ударов сердца в минуту”, “Красотка на всю голову”, “Искусство обмана” фильмдерімен көпшілікке танылды.

Сізге қай өнер иесі ұнайды: Эмили Ратаковски немесе Лиам Нисон?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #монополияғақарсыорган #қауіпсізөнімдер #цинизм #Туғанкүндер #Танымаладамдар #ЛиамНисон #ЭмилиРатажковски
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2👌2
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

7–8 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады?

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астанада тегін баруға болатын таңдаулы іс-шаралар топтамасын дайындады. Өкінішке қарай, басқа қалалардан нақты мәлімет түспеді. Егер сіз өз қалаңызда өтетін көрмелер мен мәдени іс-шаралардан хабардар болсаңыз, бізбен пікір алаңында бөлісуді ұмытпаңыз.

АЛМАТЫ:

🗣The Spirit of Tengri музыкалық фестивалі

Биыл Орталық Азиядағы ең ірі заманауи этникалық музыка фестивалі The Spirit of Tengri сахнасында Италия, Ұлыбритания, Колумбия, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен келген ethno-world жанрындағы үздік әртістер өнер көрсетеді.

Фестивальдің арнайы қонағы — Башқұртстаннан келген AY YOLA тобы.

Сонымен қатар көрермендерді Handmade жәрмеңкесі, этногрим аймақтары мен ұлттық ойындар күтіп тұр. Кеш соңында аспанды жарыққа бөлейтін ерекше дрондар шоуы өтеді.

Өтетін орны: Абай алаңы (Республика сарайының алды)
Күні: 7 және 8 маусым, 17:30 – 20:00


👀“Нүкте мен Сызық” көрмесі

Бұл — ұстаз бен шәкірттің, Арыстанбек Шалбаев пен Айша Бақтығұлованың арасында өрбіген шығармашылық диалог. Мұндағы абстракт өнер пішін туралы емес, ішкі күй туралы сыр шертеді. Авторлардың туындылары — ақылмен емес, жүрекпен сезінуге шақыратын, әлемді эмоция арқылы бейнелейтін шығармалар. Нүкте мен сызықтың үйлесімі — түйсік пен қабылдаудың өзіндік тіліне айналған көркем әлем.

Өтетін орны: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 7 және 8 маусым, 10:00 – 19:00


💪Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу. Бұл тақырыптар — суретші Баха Бүбіханованың шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан терең дүниелер. Байқау жеңімпазы 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленіп, оның туындысы Қазақстандағы ең ауқымды өнер топтамаларының бірі — Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорына қабылданады.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 7 және 8 маусым, 11:00 – 19:00

☀️“Baqsylyq” көрмесі

Бұл көрмеде көрермендер Қазақстанның заманауи өнер өкілдерінің туындылары арқылы Орталық Азия халықтарының қазіргі мәдени мұрасы мен шаманизм ұғымының тарихи-әлеуметтік байланыстарын тамашалай алады. Сондай-ақ қонақтарды сан түрлі тосын өнер нысандары күтеді. Олардың қатарында XVIII ғасырдан бастау алатын көне зергерлік бұйымдар секілді мәдени артефактілер де бар.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй
Күні: 7 және 8 маусым, 12:00 – 17:00


АСТАНА:

👥"QAZAQ CONTENT" көрмесі

Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген суретшілердің жұмыстары қойылады. Бұл – стильдік емес, мағыналық үндестікке негізделген экспозиция. Жобаның өзегі – халықтың рухани болмысы мен ішкі әлемін бейнелейтін мазмұн. Бұл – ұлттың өмірбаяны іспетті көркем әңгіме.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 7 және 8 маусым, 10:00 - 20:00

🍒“Magic All Around – күнделікті өмірдегі сиқырлы ойлау” көрмесі

Бұл көрме – сиқырлы ойлаудың визуалды мысалдарын ұсынатын ерекше жоба. Астрологияға сенім, бал ашу, тұмарлар, ырымдар мен көз тию сынды ғылыми негізі жоқ, бірақ өмірімізде кең таралған құбылыстар осы тақырыптың өзегіне айналған.

Өтетін орны: Chili Grill, Желтоқсан көшесі, 2Т
Күні: 7 және 8 маусым, 13:00 - 03:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #TheSpiritofTengri2025
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3👌2