Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 7 маусым

☀️7 маусымда монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл – елімізде адал әрі әділ бәсекелестіктің дамуына бар күшін салып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. Бәсекелестікті қорғау органы тек Қазақстан Республикасының Президентіне ғана бағынады.

Егер араларыңызда осы салада еңбек етіп жүрген таныстарыңыз болса, бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!


🍒7 маусымда Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні де аталып өтеді. Азық-түлік сапасының төмен болуы 200-ден астам түрлі аурудың туындауына себеп болады. Өсімдіктерді өсіру кезінде қолданылатын химиялық заттар адам ағзасына түсіп, аллергия, асқазан-ішек аурулары, тіпті қатерлі ісікке де алып келуі мүмкін. БҰҰ бұл мәселеге 2016 жылы ерекше назар аударды. Әлем бойынша жыл сайын жүздеген мың адам сапасыз тағамнан көз жұмады, олардың 40%-ын 5 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Денсаулығыңыз үшін құрамында химикаты жоқ табиғи өнімдерді тұтыныңыз!


🗣7 маусымда тағы бір қызық күн - циник күні аталып өтеді. Бұл күн әлеуметтік, мәдени немесе діни құндылықтарға, мораль мен этика нормаларына немқұрайлы қарайтын, кейде оларды әдейі елемейтін адамдарға арналады. Цинизм көбіне дөрекілікпен, әдепсіздікпен, тіпті кейде ашықтан-ашық қыңырлықпен сипатталады.

Егер сіз осындай адамдарды білсеңіз, бүгінгі ерекше күнмен "құттықтап” қойыңыз!

👥7 маусым — атақты екі актердің туған күні. Бүгін 110-нан астам фильмде басты рөлді сомдаған британдық актер Лиам Нисон 74 жасқа толды. “Список Шиндлера” фильміндегі рөлі үшін “Оскарға” ұсынылып, “Үздік ер адам рөлі” номинациясы бойынша Вольпи кубогының иегері атанды. Сонымен қатар бүгін Британ империясының орденінің офицері, америкалық модель әрі актриса Эмили Ратаковски 34 жасын атап өтеді. Өнер иесі “128 ударов сердца в минуту”, “Красотка на всю голову”, “Искусство обмана” фильмдерімен көпшілікке танылды.

Сізге қай өнер иесі ұнайды: Эмили Ратаковски немесе Лиам Нисон?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #монополияғақарсыорган #қауіпсізөнімдер #цинизм #Туғанкүндер #Танымаладамдар #ЛиамНисон #ЭмилиРатажковски
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2👌2
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

7–8 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады?

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астанада тегін баруға болатын таңдаулы іс-шаралар топтамасын дайындады. Өкінішке қарай, басқа қалалардан нақты мәлімет түспеді. Егер сіз өз қалаңызда өтетін көрмелер мен мәдени іс-шаралардан хабардар болсаңыз, бізбен пікір алаңында бөлісуді ұмытпаңыз.

АЛМАТЫ:

🗣The Spirit of Tengri музыкалық фестивалі

Биыл Орталық Азиядағы ең ірі заманауи этникалық музыка фестивалі The Spirit of Tengri сахнасында Италия, Ұлыбритания, Колумбия, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен келген ethno-world жанрындағы үздік әртістер өнер көрсетеді.

Фестивальдің арнайы қонағы — Башқұртстаннан келген AY YOLA тобы.

Сонымен қатар көрермендерді Handmade жәрмеңкесі, этногрим аймақтары мен ұлттық ойындар күтіп тұр. Кеш соңында аспанды жарыққа бөлейтін ерекше дрондар шоуы өтеді.

Өтетін орны: Абай алаңы (Республика сарайының алды)
Күні: 7 және 8 маусым, 17:30 – 20:00


👀“Нүкте мен Сызық” көрмесі

Бұл — ұстаз бен шәкірттің, Арыстанбек Шалбаев пен Айша Бақтығұлованың арасында өрбіген шығармашылық диалог. Мұндағы абстракт өнер пішін туралы емес, ішкі күй туралы сыр шертеді. Авторлардың туындылары — ақылмен емес, жүрекпен сезінуге шақыратын, әлемді эмоция арқылы бейнелейтін шығармалар. Нүкте мен сызықтың үйлесімі — түйсік пен қабылдаудың өзіндік тіліне айналған көркем әлем.

Өтетін орны: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 7 және 8 маусым, 10:00 – 19:00


💪Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу. Бұл тақырыптар — суретші Баха Бүбіханованың шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан терең дүниелер. Байқау жеңімпазы 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленіп, оның туындысы Қазақстандағы ең ауқымды өнер топтамаларының бірі — Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорына қабылданады.

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140
Күні: 7 және 8 маусым, 11:00 – 19:00

☀️“Baqsylyq” көрмесі

Бұл көрмеде көрермендер Қазақстанның заманауи өнер өкілдерінің туындылары арқылы Орталық Азия халықтарының қазіргі мәдени мұрасы мен шаманизм ұғымының тарихи-әлеуметтік байланыстарын тамашалай алады. Сондай-ақ қонақтарды сан түрлі тосын өнер нысандары күтеді. Олардың қатарында XVIII ғасырдан бастау алатын көне зергерлік бұйымдар секілді мәдени артефактілер де бар.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй
Күні: 7 және 8 маусым, 12:00 – 17:00


АСТАНА:

👥"QAZAQ CONTENT" көрмесі

Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген суретшілердің жұмыстары қойылады. Бұл – стильдік емес, мағыналық үндестікке негізделген экспозиция. Жобаның өзегі – халықтың рухани болмысы мен ішкі әлемін бейнелейтін мазмұн. Бұл – ұлттың өмірбаяны іспетті көркем әңгіме.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 7 және 8 маусым, 10:00 - 20:00

🍒“Magic All Around – күнделікті өмірдегі сиқырлы ойлау” көрмесі

Бұл көрме – сиқырлы ойлаудың визуалды мысалдарын ұсынатын ерекше жоба. Астрологияға сенім, бал ашу, тұмарлар, ырымдар мен көз тию сынды ғылыми негізі жоқ, бірақ өмірімізде кең таралған құбылыстар осы тақырыптың өзегіне айналған.

Өтетін орны: Chili Grill, Желтоқсан көшесі, 2Т
Күні: 7 және 8 маусым, 13:00 - 03:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #TheSpiritofTengri2025
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Балерина” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/SOJUpP7Lf5w

#балерина #киануривз #боевик #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #триллер #джонуик
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌3❤1
💡📆📆📆📆📆 8 маусым

🌧8 маусым – Дүниежүзілік мұхит күні. Мұхит жер шарының 70 пайызын алып жатыр. Адамзат тіршілігі дәл осы алып су айдынымен тығыз байланысты. Ол — өмірдің қайнар көзі, Жердің тынысы. Әлемде төрт мұхит ресми түрде белгілі: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары. Соңғы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар бесінші — Оңтүстік мұхитты да бөліп қарастыра бастады. Бұл мұхит үш алып мұхиттың түйіскен тұсында орналасқан, өзіндік ерекше климаттық жағдайы мен экожүйесі бар.

🧠8 маусым – Дүниежүзілік ми ісігіне қарсы күрес күні. Бұл — адам өміріне зор қауіп төндіретін күрделі сырқатқа, ми ісігіне назар аудартуға арналған. Статистикаға сүйенсек, күн сайын әлем бойынша 500-ден астам адамға осы диагноз қойылады. Аталған күн — тек есте сақтау үшін ғана емес, саясаткерлер мен инвесторларды зерттеу мен инновациялық емдеу тәсілдеріне қаржы бөлуге шақыруды көздейді. Аурудың белгілері мен салдары туралы ақпараттандыру — адамдардың өмірін аман сақтап қалуға көмектеседі. Ми ісігімен Жанна Фриске мен Roxette тобының солисі Мари сынды танымал тұлғалар да күресіп, өмірден өтті.

Салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығыңызды күтіңіз!

🤗8 маусым – Халықаралық үй шаруасындағы әйелдер күні. Отбасы бақыты мен үйдің жылуы — күн сайын елеусіз атқарылатын, бірақ баға жетпес еңбектің жемісі. Осы ұлы міндеттің басым бөлігін мойнына алатын — үй шаруасындағы әйелдер. Баланы тәрбиелеу, отбасына тыныштық пен тәртіп орнату, үй ішіне жылу мен жайлылық сыйлау — бұл қоғам үшін аса құнды, көзге көрінбейтін еңбек. Қазір кей отбасыларда бұл міндетті ер азаматтар атқарады, әсіресе, әйел табысы жоғары болған жағдайда.

Барша нәзік жандыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!

👀8 маусым – Шаңсорғыштың пайда болған күні. 1869 жылы дәл осы күні америкалық Айвз Макгаффни ұсақ қоқыстарды жинауға арналған құрылғыны патенттеген еді. Ол механикалық желдеткіштің көмегімен жұмыс істейтін, ал қалақшаларын қолмен айналдыру керек болатын. Бұл аса қолайсыз болғандықтан, көпшілікке ұнай қоймады. Біраз уақыттан кейін бензинмен жұмыс істейтін шаңсорғыштар пайда болды. Алайда олардың қатты дауыс шығарып, түтіндеуі жұрттың көңілінен шықпады. 1906 жылы Джим Кирби алғаш рет электрлі шаңсорғыш жасап шығарды. Ол Макгаффнидің құрылғысын жетілдіріп, оған су сүзгісін, электр желдеткішін орнатып, телескоптық шланг пен ауыстырмалы бастиектер ойлап тапты.

Сіз қандай фирманың шаңсорғышын қолданасыз?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Дүниежүзілікмұхит #Миісігі #Үйшаруасындағыәйелдер #Шаңсорғыштыңөнертабысы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7👍2❤1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

📽 ҰБТ-ға дайындалып жүрсіз бе? Ендеше, тарихты қызықты әрі әсерлі түрде қайталағыңыз келсе, мына қазақстандық тарихи фильмдерді қарап көріңіз!
⠀
Тізімімізде – қазақтың ұлы тұлғалары мен маңызды тарихи кезеңдерді бейнелейтін туындылар✅
⠀
Қызық болса, видеоны соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз!

https://youtube.com/shorts/VgVMPVJEjHs?si=nzaZcuOoCPBYvTdv

⠀
#қазақтар #тарих #ҰБТ2025 #қазақстан #фильм #ру #жаңалықтар #шапырашты #қыпшақ #қазақхандары #үйдежатпа #рек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤2👌1
💡💫💫💫💫💫💫💫

9–15 маусымға арналған көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада тоқтылардың қаржылай қарқыны шарықтау шегіне жетеді. Бар назарыңыз “жаңа әрі жылтыр” дүниелерге ауып, соларға ақша құюға дайын тұрасыз. Алайда асығыстық танытпаған абзал. Су түбіне сүңгімес бұрын, оның шынымен де терең әрі қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Себебі астында тас жатуы мүмкін. Кейде сабырлы досыңыздың ақылын тыңдап көрген де пайдалы: ол сіз байқамаған тұстарды аңғара алады. Қиялға беріліп, бар жинағыңызды ертегіге ұқсас “бір мүйізді жануарлар өсіретін фермаға” салып жіберуден сақ болыңыз. Қаржылай шешімдерде салқынқандылық танытыңыз.

♉️Бұл аптада торпақтардың тұрақтылық пен жайлылыққа деген құлшынысы ерекше күшейеді. Әр теңгеңізді үнемдеп, бүкіл дүние астаң-кестең болатын күнге дайындалып жатқандай күй кешесіз. Бірақ есіңізде болсын: өмір тек жинақтаудан тұрмайды. Өз-өзіңізді аз да болса қуантып тұру — жан мен қалтаға ортақ ем. Өзіңізге шағын қуаныш сыйлауға рұқсат етіңіз — мысалы, бір плитка шоколад алыңыз (немесе тым үнемшіл болсаңыз, бір құйма алтын да жарайды). Ақша – жастық астында ұмыт болатын емес, сізге қызмет ететін құрал болуы керек.

♊️Егіздер, бұл аптадағы қаржылай жағдайыңыз дәл көңіл күйіңіз секілді құбылмалы болмақ. Бір күні байлықтың төрінде отырсаңыз, келесі күні қалтаңызда тек жолақыға жететін тиын қалуы мүмкін. Сондықтан басты кеңес – шығындарыңызды аздап болса да жүйелеңіз. Арнайы кесте, қосымша немесе жай ғана блокнот арнап қойыңыз – бұл үнемдеуді еске салып тұрады. Тағы бір ескерту: “бәріңе мен алып берем” деген уәдеңізден сақ болыңыз – қалтаңыз көтермей қалуы мүмкін.

♋️Шаяндар, бұл аптада қаржылай түйсігіңіз ерекше сезімтал болмақ. Кішкентай шығынның өзі әмияныңыздағы бұрынғы молшылық кезеңдерді сағындыруы мүмкін. Бірақ ақша деген – өмірден ләззат алу үшін берілген мүмкіндік. Оны тек “қара күнге” сақтамай, жарқын сәттерге жұмсауды да ұмытпаңыз. Жылы теңіз, көк аспан, толқындардың үні – осындай ұсақ қуаныштар сіздің ішкі әлеміңізді де байыта түседі.

♌️Арыстандар, бұл аптада сән-салтанат пен жарқырауға деген құштарлығыңыз шектен шығады. Беделіңізді көрсететін бір нәрсеге соңғы тиыныңызды жұмсауға дайын тұрасыз. Кеңес: нағыз құндылық – қымбат дүниелерде емес, соларға қол жеткізетін қабілетіңізде.

♌️Бикештер, бұл аптада сіздің ұқыптылық пен есепке жүйріктігіңіз шарықтай түседі. Қаржылай қауіп-қатерден сақтану үшін әр қадамыңызды алдын ала жоспарлайсыз.

♍️Таразылардың үйлесім мен тепе-теңдікке деген ұмтылысы бұл аптада қаржылай өміріне де әсер етеді. Ақшаға байланысты дау-дамайдан аулақ болып, ымыраға келудің амалын іздейсіз.

♏️Сарышаяндар, сіздің жалын атқан ішкі құлшынысыңыз бен табандылығыңыз қаржы мәселесінде де анық байқалады. Қаржылай табысқа жету жолында бәріне дайынсыз.

♐️Мергендер, бұл аптада сіздің еркіндікке, қызық пен шытырманға деген құмарлығыңыз ерекше оянады. Яғни, қызық көрінген кез келген іске ақша құюға дайын тұрасыз. Кеңес: соңғы тиыныңызды жұмсап, дүние кезуге аттанардан бұрын, кері қайту жоспарыңыз бар екеніне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар жақсысы – сол сапардан аз да болса пайда түсіріп қайтсаңыз, тіпті керемет.

♑️Тауешкілер, мақсатқа ұмтылысыңыз бен еңбекқорлығыңыз бұл аптада өз жемісін бере бастайды. Қаржылай тұрақтылыққа жету үшін аянбай еңбек етесіз. Кеңес: өзіңізді және денсаулығыңызды ұмытпаңыз.

♒️Суқұйғыштар, бұл аптада сіздің ерекше ойлау қабілетіңіз бен жаңашылдығыңыз жаңа табыс көздерін ашуға сеп болмақ. Идеялар бірінен соң бірі туады, алайда бәрі бірдей табысты бола бермеуі мүмкін.

♓️Балықтар, бұл аптада сіздің интуицияңыз бен сезімталдығыңыз қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Қай жаққа ақша салу керек, ал қай жаққа тіпті жоламау қажет екенін жүрегіңізбен сезесіз.

Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін!

Айта кетейік, ақша әзіл мен көтеріңкі көңіл күйді ұнатады!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍3
💡📆📆📆📆📆 9 маусым

🫂9 маусымда Халықаралық достар күні аталып өтеді. Достық – адамның тұлға ретінде қалыптасуына, өзін-өзі бағалауына, өмірлік тәжірибе жинақтауына көмектеседі. Ежелгі грек философы Сократ: “Достық болмаса, адамдар арасындағы қарым-қатынастың құндылығы болмайды” десе, Цицерон “доссыз өмір – күн жылуынан айырылумен тең” деп есептеді. Аустралиялық геронтолог-ғалымдардың зерттеуі бойынша, достары көп адамның өмір сүру ұзақтығы 22%-ға артады екен.

Достарыңызды бүгінгі мерекемен құттықтап қойыңыз! Жақын жандарыңызбен достықтарыңыз берік болсын!


👀1887 жылы 9 маусымда Алматыда 9-10 баллдық жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан 1799 тас және 839 ағаш үй қирап, 30 мың тұрғынның шамамен 800-і қаза тапты. Бұл апат елді қатты есеңгіреткені соншалық, қаланы басқа аймаққа көшіру мәселесі де көтерілді. Бірақ уақыт өте келе қорқыныш сезімі сейілді. Осы оқиғадан соң Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі болған емес. Бірақ сейсмологтар кез келген сәтте апат болуы мүмкін екенін жиі айтады.

Алматылықтардың жер сілкінісіне қаншалықты дайын екенін біздің сюжеттен көре аласыз: https://youtube.com/shorts/NaJQJg1Z-V0?si=9WXRW1Y52l6laGaX
 

💪Бүгін мультфильм әуесқойлары Дональд Дактың 91 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол алғаш рет 1934 жылы 9 маусымда “Ақылды кішкентай тауық” мультфильімімен экранға шықты. Уолт Диснейге Микки Маусқа қарағанда қаталдау, қыңырлау кейіпкер керек болды. Кларенс Нэштің жарнамада қолданған үйрек даусы Диснейдің көңілінен шығып, осылайша Дональд Дак өмірге келді. Дональдтың мінезі шатақтау болса да, ол көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды. Нэш бұл кейіпкердің дауысын 1934 жылдан 1985 жылға дейін өзі дыбыстады, кейін бұл істі шәкірті Тони Ансельмо жалғастырды.

Сізге қай мультфильм кейіпкері көбірек ұнайды?

👥9 маусым — атақты екі өнер иесінің туған күні. Бүгін америкалық актер әрі режиссер Джонни Депп 62 жасқа толды. Оны бүкіл әлем “Кариб теңізінің қарақшылары” фильміндегі капитан Джек Воробей ретінде таниды. 2022 жылы ол бұрынғы әйелі Эмбер Хердпен болған сотта жеңіске жетті. Содан соң ол құны 63 мың долларды құрайтын кеш өткізді. Сонымен қатар бүгін Израильден шыққан америкалық театр әрі кино актрисасы Натали Портман 44 жасқа толды. Ол 13 жасында “Леон-киллер” фильмінде ойнаған дебюттік рөлі арқылы танымалдыққа ие болды. 2010 жылы “Қара аққу” фильміндегі басты рөлі үшін “Үздік әйел рөлі” номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ өнер иесі “Оскар”, “Алтын глобус”, “BAFTA” және “Сатурн” сыйлықтарының иегері.

Сізге қай өнер иесі ұнайды: Джонни Депп немесе Натали Портман?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Достаркүні #Алматыдағыжерсілкінісі #ДональдДак #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ДжонниДепп #НаталиПортман
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3👌2🔥1
💡💡💡💡💡💡💡

Ішкі тыныштыққа бастар жол: медитацияның пайдасы мен оны дұрыс жасаудың 5 әдісі

🧘🏻‍♂️🧘🏻‍♀️ Медитация — бұл күнделікті күйбең тіршіліктен, артық уайым мен мазасыздықтан арылып, өз ішкі әлеміңізбен байланыс орнатудың ең тиімді тәсілі.

🌿 Медитация не береді?

🟢 Күйзелісті жойып, мазасыздықты азайтады.
🟢 Өзіңізге деген сенім артып, өмірге құштар жандардың қатарынан боласыз.
🟢 Ішкі жан дүниеңізбен тереңірек сырласып, өзіңізді толық тануға мүмкіндік береді.
🟢 Зейініңіз артып, есте сақтау қабілетіңіз жақсарады.
🟢 Ерік-жігеріңіз нығайып, эмоцияңызды басқаруды үйренесіз.
🟢 Артық тамақтануды бақылауға көмектеседі.
🟢 Жаныңызға жайлылық сыйлап, ұйқыңызды қалыпқа келтіреді.

📌 Медитацияны қалай жасау керек?

Медитацияны күніне екі рет 20-30 минут жасауды әдетке айналдырған жөн. Себебі күн ішінде адам түрлі эмоцияны бастан өткереді. Ал рухани жаттығу артық ойлардан арылып, денені босаңсытуға үлкен мүмкіндік береді.

Медитацияға арналған орынды таңдау

✔️ Медитацияның басты қағидасы – тыныштық. Сізге ешкім кедергі келтірмейтін жерді таңдаңыз. Бұл таза ауада немесе үй жағдайында болуы мүмкін. Алайда жатын бөлмеде жасауға кеңес бермейміз, өйткені ми медитацияны емес, ұйқыны ойлауы мүмкін.

Денеңізді қалай дұрыс ұстау керек?

✔️ Ең бастысы – арқаңызды тік ұстау. Отырысыңыз ыңғайлы болуы керек. Егер бүкірейіп отырсаңыз, дұрыс тыныс ала алмайсыз. Тыныс алуыңыз үшін дене мүсініңізді түзеңіз. Кей адамдар жатып жасауды жөн көреді, бірақ бұл жағдайда ұйықтап қалу ықтималдығы жоғары болғандықтан, медитация өнімділігі төмендеуі мүмкін.

Процесс қалай жүреді?

✔️ Ыңғайлы отырысқа жайғасқан соң, денеңізді босаңсытыңыз. Терең тыныс алып, көзіңізді жұмып, жақсы ойларды елестетіңіз. Осы сәтте:
• Өзіңізді қандай адам ретінде көргіңіз келетінін ойлаңыз.
• Ішіңізден өзіңізді жақсы көретініңізді және бағалайтыныңызды қайталаңыз.
• Өміріңіздің түрлі саласына қатысты жағымды аффирмацияларды айтыңыз: денсаулық, оқу, отбасы, қарым-қатынас, тұлғалық даму.

Егер ойыңыз басқа жаққа ауып кетсе, оны бақылап, қайтадан позитивті ойға оралыңыз. Бұл – қалыпты жағдай. Бастысы – ашуға немесе негативке бой алдырмау. Жағымсыз ойлар пайда болса, оларды бірден жақсы ойлармен алмастыруға тырысыңыз.

Медитация кезінде не істеу керек?

✔️ Мұрын арқылы терең тыныс алып, ауыз арқылы демді шығарыңыз. Осы сәтте өкпенің толық ауамен толғанын сезінесіз.
✔️ Дем алуды реттеп алған соң, көзіңізге тыныш әрі әдемі жерді елестетіңіз. Бұл теңіз жағалауы, тау бөктері немесе өзіңізге жайлы үйдің бұрышы болуы мүмкін.

Медитацияның нәтижесі

Медитация сізге ашу-ызаны басқаруға, ішкі сезімдеріңізді түсінуге және кез келген жағдайға сабырмен қарауға үйретеді. Бұл тәжірибе арқылы ой-санаңызды жинақтап, өмірдің түрлі мәселесін жылдам әрі тиімді шешуді меңгересіз.

Медитацияны күнделікті әдетке айналдырып, рухани дамуға уақыт бөліңіз – нәтижесі сізді қуантатыны сөзсіз!

#медитация #қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👌4👍2
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

👀Елімізде темекі бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін

Қаржы министрлігі бұйрық жобасын әзірлепті📌

🫂Қазақстанда қарыз және микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелеріне шектеу енгізілді

Тамаша!👍

💡Мектеп оқушыларын тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілді

Денсаулық сақтау министрлігі биыл жаңа оқу жылынан бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзірді бекітті📌

✔️Жалған ақша жасаған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен экстрадицияланды‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-yn-synamyz/

#Қазақстан #темекі #қарыз #микрокредит #Мектеп #оқушылары #тамақтандыру #стандарт #Жалғанақша
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2👌1
💡📆📆📆📆📆 10 маусым

👋1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасы – Астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Бұл – еліміздің жаңа саяси, мәдени және экономикалық орталығының әлемге ресми таныстырылған күні еді.
1999–2005 жылдары бұл күн қаланың туған күні ретінде аталып өтті. Ал 2006 жылдан бастап 6 шілде – Астана күні болып, мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды.
Астананы көшіру туралы алғашқы ой 1994 жылы Парламент отырысында айтылып, 1997 жылы Президенттің арнайы жарлығымен жүзеге асты. Бұрынғы Целиноград, кейінгі Ақмола – бүгінде жаңа Қазақстанның айбынды символына айналды.

💪10 маусым – қолөнер шеберлерінің еңбегін дәріптейтін күн. ЮНЕСКО дерегінше, технологияның дамуымен бірге 200-ге жуық дәстүрлі қолөнер түрі жойылып кеткен. Десе де, ата-баба мұрасын жалғаған қолөнершілер әлі де бар: олар халық аспаптарын жасайды, қыш күйдіреді, кесте тігіп, ағаш пен былғарымен жұмыс істейді. Hand made бұйымдары – табиғи материалдардан жасалған ерекше өнер туындылары. Олар – тек зат емес, әр ұлттың тарихы мен руханиятының көрінісі. Әр елде өз өнерін сақтап, жаңғыртып жүрген шеберлер бар.

Егер таныстарыңыздың арасында қолөнершілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!



👀Бүгін — Дүниежүзілік балмұздақ күні. 1786 жылы осы күні АҚШ-та алғаш рет балмұздақ жаппай сатыла бастады. Аңызға сенсек, Еуропаға балмұздақтың алғашқы нұсқасын Марко Поло Қытайдан әкелген. XVII ғасырда француз аспазшысы Жерар Тирсен сүт пен кілегейден дайындалған ванильді мұздатылған крем ойлап тауып, оны “неаполитан балмұздағы” деп атаған. Алайда балмұздақ жасаушы құрылғыға патентті ағылшын әйелі – Нэнси Джонсон алды. Өкінішке қарай, қаржы тапшылығынан ол бұл жаңалығын америкалықтарға сатуға мәжбүр болды.

Сізге балмұздақтың қай түрі ұнайды?



✍️Бүгін түйіршікті қаламның пайда болған күні. 1943 жылы 10 маусымда түйіршікті қаламды АҚШ тұрғыны Милтон Рейнольдс патенттеді. Дегенмен заманауи қаламды венгр журналисі Ласло Биро 1931 жылы ойлап тапты. Өкінішке қарай, патент жүйесі жетілмегендіктен, ол тек Венгрия мен Аргентинада қаламға патентті тіркей алды. Бироның өнертабысы адамдардың өмірін жеңілдете білді. Олар дарынды жазушыны әлі күнге дейін ризашылықпен еске алады. Ласлоның құрметіне, ағылшын тілінде түйіршікті қалам - biro, ал Аргентинада оны “birome” деп атайды.

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #АстанаТаныстырылымы #ҰстаКүні #БалмұздақКүні #ҚаламТарихы
👌3❤2👍1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Ұлы даладағы инвестициялар:
Ұлы дала көшпенділері ақшасыз экономиканы қалай құрды

 
📌 Көзіңізге елестетіп көріңіз: көкжиекке дейін созылған Ұлы даланың шексіз кеңістігі, толқындай тербелген шөп теңізі, жосылған жылқылар мен көшіп жүрген тайпалар. Мұнда банк те, биржа да, тиын-тебен де жоқ — тек табиғат, адамдар, мал және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан білім ғана бар. Егер біз экономика тек қағаз ақша мен акциядан басталады деп ойласақ — қатты қателесеміз. Экономикалық ойлау осы далада ақшадан әлдеқайда бұрын пайда болды. «Капитал», «биржа» сынды терминдер кейін шыққанымен, тәуекел, кіріс пен салым логикасы сол кезде-ақ өмір сүрді. Тек олар басқаша көрініс тапты.
 
1️⃣ Табын — бас инвестициясы
(Қола дәуірі мен Ерте темір ғасыры)

Мыңдаған жыл бұрын, қола мен ерте темір дәуірінде басты байлық — мал болды. Жылқы, қой, сиыр — бұл тек ет пен сүттің көзі емес, сонымен қатар капиталдың түрі еді. Табын ұстау — акцияға инвестиция салғанмен бірдей: еңбек пен қауіпке толы, бірақ «дивиденд» ретінде төл алу, айырбастаужәне беделге ие болу мүмкіндігі бар.
 
2️⃣ Түріктер дәуірі: жаугершілік — венчурлық жоба ретінде

VI ғасырда Түрік қағанатының пайда болуымен көшпеділердің экономикасы саяси көрініс тауып, кең ауқымға ие болды. Қағанаттар ірі корпорациялар сияқты, өздерінің «инвестициялық портфелін» құрды.

 
3️⃣ Дешті Қыпшақ: даланың сақтандыру желісі

Түрік қағанаты ыдыраған соң, X–XII ғасырларда көшпелі әлемнің саяси орталығы батысқа қарай — қыпшақтарға ауысты. Еуропалықтар оларды куман немесе половецтер деп атады. Қыпшақ хандығы Дунайдан Ертіске дейінгі кең байтақ жерді қамтыды, сансыз сауда жолдарын бақылап отырды. Қыпшақтар транзиттік сауданың сақтандыру жүйесіне айналды: күзету, бағыттап, келіссөз жүргізіп, айырбастау ережесін бұзғандарды жазалады.
 
4️⃣ Селжұқтар: Ұлы дала мен Шығысты жалғайтын көпір

Егер Ұлы далада венчурлық модельдердің шыңы — Қыпшақ хандығы болса, XI–XIII ғасырларда Иран, Ирак пен Анадолы жерінде билік еткен Оғыз қағанатының мұрагері ретінде сахнаға шыққан Селжұқ сұлтанаты болды. Көшпелі текті Селжұқтар өз тарихында алғаш рет әкімшілік империяға айналып, сауданы стратегиялық құралға айналдырды.

 5️⃣ Жібек жолы: көшпенділер — Еуразия брокерлері

Біз көбіне Жібек жолын Қытай мен Еуропа арасындағы шаңды соқпақ деп елестетеміз. Бірақ теңіз саудасы пайда болғанға дейін Ұлы дала Қытай мен Жерорта теңізін байланыстыратын басты магистраль болды. Жібек жолы — бұл интернет секілді, тауар айналымына арналған күрделі желі.
 
6️⃣ Шыңғыс хан империясы: құрлықтық ауқымдағы инвестициялар

Шыңғыс хан жорығын бастағанда Ұлы дала әлемдік сауданың қозғаушы күшіне айналды. Оның империясы жай ғана жерді басып алған жоқ — ол саудаға арналған инфрақұрылымды құрды. Жолдар, пошта жүйесі, заңдар — бәрі Қытайдан Персия мен Еуропаға дейін сауданың қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету үшін жасалды.
 
7️⃣ Юань империясы: Құбылай басқарған қытайлық капитал

XIII–XIV ғасырларда Құбылай Қытайды жаулап алып, Юань империясын құрды. Бұл — тарихтағы ерекше кезең: Қытай экономикасы далалық элитаның бақылауына өтті.

 
8️⃣ Алтын Орда: алтын экономика

Шыңғысхан империясы ыдыраған соң, шығыста Юань, ал батыста Алтын Орда Еуразияның басты экономикалық орталығына айналды. Хандар қалаларға — Сарай-Бату мен Сарай-Беркеге — стратегиялық бақылау мен табыс көздері ретінде инвестиция салды. Алтын Орда кезінде инвестициялық модельдер тіпті күрделене түсті. Бұрынғыдай ақсүйектер әскер жасақтап қана қоймай, тұтас сауда және қамқорлық жүйесін құрды.
 
🟢 Экономика — термин емес, мінез-құлық

Көшпенділерде тиын да, биржа да болған жоқ. Бірақ бүгінгі тілмен айтқанда — экономикалық мінез-құлық болды. Жоспарлау, тәуекелді бағалау, ресурсты әртараптандырды. Ұрпаққа, некеге, абыройға инвестиция салды.

 
Авторы: Батыржан Сейдомар

#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌6👍3❤2👏1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🤩Ұлттық Банк елімізде доллар айырбастау тәртібін түсіндірді

Ескере жүріңіз!📌

🥸Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойында 300 Әлия бас қосты

Ғажап!😍

🫠Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 1-орынды иеленді

Құтты болсын!👍

👍Қазақстандық өнерпаздар "Славян базары" фестиваліне қатысады

Сәттілік!🤲🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-102/

#Қазақстан #ҰлттықБанк #доллар #Ақтөбе #ӘлияМолдағұлова #Бокс #Славянбазары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👌2
💡📆📆📆📆📆 11 маусым

💪1918 жылы 11 маусымда “Алаш” жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан жеріндегі Кеңес үкіметінің барлық қаулысын заңсыз деп жариялады. Бұл тарихи шешім ұлттық сананың оянуына, ел тәуелсіздігі жолындағы күрестің жаңа кезеңіне бастау болды. Осыдан кейін большевиктер алашордашылардың негізгі талабын орындап, 1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылды. Ал 1937 жылы ол Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналды. Осы саяси процестердің жалғасы ретінде 1990 жылы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланып, 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан құрылды.
Алайда ұлт мүддесі үшін белсенді азаматтық ұстаным танытып, ұлттық мәселелерді батыл көтерген Алашорда көсемдерінің көбісі саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді.


💃11 маусым – Әйел бақыты күні. Бүгін – әйел затының ішкі тепе-теңдігі мен жүрек тыныштығын дәріптейтін ерекше күн. Әйел бақыты – адамның жан дүниесін ашып, шынайы әлеуетін жүзеге асыруға жол ашатын құнды ресурс.
Ана, жар ретіндегі әйелдің рөлі оның шығармашылық не кәсіби жетістіктерінен кем емес. Армандары орындалып, үміті ақталған әйел – айналасына қуаныш пен махаббат нұрын төгеді. Сол себепті бұл мереке жыл сайын үш рет – 21 ақпанда, 11 маусымда және 18 қазанда аталып өтеді.

Барша әйелді осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Бақытты болыңыздар!

👀1955 жылы 11 маусымда Франциядағы әйгілі “Ле-Манның 24 сағаты” жарысы кезінде автоспорт тарихындағы ең жантүршігерлік апат болды. Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген француз шабандозы Пьер Левег жылдамдығы 240 км/сағ болған сәтте басқаруды жоғалтып, қоршауға соғылады.
Көлік жарылып, бөлшектері трибунада отырған көрерменге ұшып түскен. Ресми мәліметке сүйенсек, апат салдарынан 83 адам қаза тауып, 120 адам жарақат алған. Кейбір дереккөздерде құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екені айтылады.

Жолда абай болыңыз!


👥11 маусым — атақты екі адамның туған күні. 115 жыл бұрын аты аңызға айналған теңіздің тереңдігін зерттеуші Жак Ив Кусто (1910-1997) дүниеге келді. Ол 1943 жылы аквалангты ойлап тапты. Кусто 50-ден астам кітаптың авторы және деректі фильмдердің режиссері. Соның ішінде екеуі Оскарға ие болды. Плутондағы Кусто төбесі де оның құрметіне орай аталды. Сондай-ақ бүгін америкалық актер әрі режиссер Шайа Лабаф 39 жасқа толды. Өзінің мансап жолында ол 40-тан астам фильмде ойнады әрі “Трансформерлер” ғылыми-фантастикалық экшн фильміндегі басты рөлі арқылы кең танымалдыққа ие болды.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Алашпартиясы #Әйелбақыты #автоспорттағыапат #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖакИвКусто #ШайаЛаБаф
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍5👌3
💡💡💡💡💡💡💡

Үй сатып аларда нені ескеру қажет? ТОП-7 кеңес

Тұрғын үй сатып алу — өмірдегі маңызды әрі жауапты шешімдердің бірі. Бұл адамның тұрмысына, отбасының әл-ауқатына, болашаққа деген сеніміне тікелей әсер ететін үлкен қадам. Сондықтан баспаналы болуға бел буған әрбір адам келесі негізгі факторларды ескеруі тиіс:

1️⃣ Қаржыңызды есепке алыңыз

Алдымен, өзіңіздің ай сайынғы табысыңызды, шығындарыңызды және жинаған қаражатыңызды есептеңіз. Егер ипотека алуды жоспарлап отырсаңыз, банкке төленетін бастапқы жарна (көбіне 10–30%) мен ай сайынғы төлем сіздің табысыңыздың 40–50%-нан аспауы қажет. Әйтпесе, бұл ұзақмерзімді қаржылай ауыртпашылыққа әкелуі мүмкін.

2️⃣ Ипотекалық шарттарды зерттеу

Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ), қосымша төлемдер мен сақтандыру шарттарын мұқият қараңыз. Әсіресе бастапқы жарна көлемі мен банк талабына назар аудару қажет. Мысалы, қазіргі таңда көптеген азамат бастапқы жарнаны төлей алмай отыр. Осыған байланысты депутат Ерболат Сатыбалдин Үкіметке ипотекалық шарттарды қайта қарау туралы депутаттық сауал жолдады. Бұл халықтың көкейіндегі мәселе екенін тағы бір дәлелдейді.

"Тұрғын үй адамның басты конституциялық құқығы. Бұл Ата Заңда айқын жазылған талап. Алайда іс жүзінде бұл құқықты жүзеге асыру қиынға соғып отыр. Мәселен, шамамен отыз миллион теңге тұратын автокөлікті сатып алу әлдеқайда жеңіл. Жылдық мөлшерлеме небәрі 6 пайыз, бастапқы жарна талап етілмейді. Құжат ресімде онлайн әрі жылдам. Ал дәл осы сомаға баспана алғысы келген азамат кемі отыз пайыздық бастапқы жарна төлеуге мәжбүр. 18–20% көлеміндегі жоғарғы пайызбен келісуге тиіс. Құжат жинау процесі ұзақ, нәтижесінде банк ипотека бермей қоюы да мүмкін”, — деді ол.

3️⃣ Үйдің орналасқан жері

Баспана сатып аларда оның орналасуы аса маңызды рөл атқарады. Жұмысқа, мектепке, балабақшаға, дүкендер мен қоғамдық көлікке жақын орналасқан үйлер — ыңғайлы әрі бағасы тұрақты болады. Сонымен қатар аудандағы инфрақұрылымның даму перспективаларын да ескерген жөн.

4️⃣ Құжаттардың заңдылығы

Жылжымайтын мүлікке қатысты барлық құжатты мұқият тексеру — міндет. Үйдің меншік құқығы, техникалық паспорты, жер телімінің мәртебесі, алдыңғы иесінің қарызы бар-жоғы, үйге сот тыйымы салынбағаны — бәрі заңгердің немесе нотариустың қатысуымен тексерілуі тиіс.

5️⃣ Техникалық жағдайы

Сатып алатын үйдің немесе пәтердің техникалық жағдайын білікті маманмен бірге тексеріңіз. Жасырын ақаулар кейін қомақты шығынға алып келуі мүмкін (жылу жүйесі, шатыр, электр желісі, канализация, қабырғада сыз бар-жоғы т.б.).

6️⃣ Ескі немесе жаңа үй?

Бүгінде адамдар ескі үйден гөрі жаңа салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне қызығады. Бірақ құрылыс компаниясының сенімділігін, тұрғын үйдің эксплуатация мерзімін және басқа да заңдық тәуекелдерді ескеру маңызды. Қайталама нарықта да өзіндік артықшылықтар бар: орналасқан жері ыңғайлы, инфрақұрылымы қалыптасқан.

7️⃣ Келісімшартты мұқият оқу

Сатып алу-сату келісімшартын толықтай оқып шығу — заң тұрғысынан да, қаржы жағынан да маңызды. Кез келген түсініксіз тармақты нотариустан немесе заңгерден нақтылап сұраған жөн.

Қорытынды

Үй сатып алу — тек эмоциямен шешілетін мәселе емес. Қаржылай есеп, құқықтық тексеріс пен болашақты бағамдай алатын парасат қажет. Осы қағидалар ескерілген жағдайда ғана жаңа баспана — нағыз бақыт пен жайлылықтың мекеніне айналады.

#қазынакеңес #үй
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍5👌2⚡1