Сіз ақша аудару жүйесін пайдаланасыз ба?
Сіз осындай экологиялық даталарды қолдайсыз ба?
Сол күні Pepsi-Cola сауда белгісі де тіркелді. Бұл сусын алғаш рет 1893 жылы дәріхана иесі Калеб Брэдхэм ойлап тапқан «Брэдтың сусыны» деген атпен сатылған. Кейін 1898 жылы ол «Pepsi-Cola» деп аталды. «Пепсис» сөзі грек тілінен аударғанда «ас қорыту» дегенді білдіреді. Алғашқыда бұл сусын асқазан ауруына қарсы дәрі ретінде ұсынылған.
1961 жылы оның атауы қысқартылып, тек «Pepsi» деген атпен қалды. Қазір бұл бренд – Coca Cola-ның басты бәсекелесі.
Сізге қай сусын ұнайды: Pepsi немесе Coca Cola?
Митхун Чакрабортидің қай фильмдерін тамашаладыңыз?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ақшааударымдары #Экологиялықмәселелер #Алғашқыконвейер #Саудабелгісі #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ОралАқшолақов #МитхунЧакраборти
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌3
Артық ойдан арылудың ең қарапайым әрі тиімді жолы туралы не білеміз?
‼️ Бүгінгі ақпарат ағыны адам санасына жүк, жүрекке уайым, санаға күмән жүктеп жатыр. Әрбірімізде шешілмей жүрген сұрақтар, басталмай қалған істер, іште бүккен ойлар бар. Осындайда санадағы түйткілді тарқатуға көмектесетін ерекше тәсіл бар – ол фрирайтинг әдісі.
🔎 Фрирайтинг – қазақшаға аударғанда “еркін жазу” немесе “еркін хат” деген мағынаны білдіреді. Бұл – қолыңызға қалам алып, ішкі дүниеңізді сүзгіден өткізбей, ашық әрі шынайы түрде ақ қағазға түсіру. Бұл әдіс көп жағдайда психологиялық жеңілдік беріп, нақты шешім табуға жол ашады.
📌 Кімдерге пайдалы?
• Бір істі бастағысы келіп, батылдық таппай жүргендерге;
• Мәселесіне жауап таппай жүргендерге;
• Жаңа идея іздеген шығармашыл жандарға;
• Ішкі ойын сыртқа шығара алмай жүрген, эмоционалды тығырықтағы адамдарға;
• Шабытын жоғалтқандарға;
• Мидағы ауыр ойдан арылғысы келетін кез келген адамға бұл әдіс нағыз көмекші құрал бола алады.
📍Фрирайтингті қалай жазуға болады?
1. Тыныш ортаға жайғасыңыз. Қолға қалам мен таза парақты алыңыз.
2. Оятқышты 20 не 30 минутқа қойыңыз.
3. Ішкі сұрағыңызды анықтаңыз. Мысалы:
– «Мен неге алаңдаймын?»
– «Қандай бағытқа бет бұруым керек?»
– «Мені не бақытты етеді?»
4. Таймер қосылғаннан кейін – жай ғана жаза беріңіз. Ойыңызға келген кез келген дүниені – талғамай, сұрыптамай, тоқтамай қағазға түсіріңіз.
5. Таймер шырылдағанға дейін тоқтамаңыз. Ой келмей жатса – «ештеңе ойыма келмей тұр» деп жазыңыз. Маңыздысы – жазу.
6. Уақыт біткен соң жазғаныңызды оқып шығыңыз. Ішінен маңызды ойларды, қайталанған тіркестерді түртіп алыңыз – бұл сіздің ішкі түйсігіңіздің жауабы болуы мүмкін.
📍Фрирайтингтің басты ережелері:
▪️ Ойланбаңыз – жазыңыз. Қағазға ой сүзгіден өтпей түсуі тиіс. Қателер мен стильге мән берудің қажеті жоқ.
▪️ Шынайы болыңыз. Біреудің пікіріне тәуелді болмай, өз ішкі дауысыңызға құлақ түріңіз.
▪️ Ойыңыз бөлініп кетсе – тоқтамаңыз. Мазасыз ойлардан арылудың бірден-бір жолы – оларды жазып тастау.
▪️ Сөз емес, сөйлеммен жазыңыз. Ойыңыз тұтас ағын секілді ағуы керек.
Фрирайтинг – әр адамның ішкі дауысы. Ол сіздің санаңызға жиналған ауыр ойды сыртқа шығарып, маңызды шешімге бір қадам жақындатады. Кейде адамға психолог та емес, кеңесші де емес, тек өзі керек. Осы әдісті күнделікті өміріңізге енгізсеңіз – жауабын таба алмаған сұрақтарыңыз өздігінен тарқай бастайды.
#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤4👌1
Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
Кедейлік шегі өсіпті📍
Тамаша!😍
Алаяқтық әрекеттің жолы кесілді‼️
Абай болыңыздар!📌
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-3/
#Қазақстан #Жаңалықтар #кедейлікшегі #Париж #НұрғисаТілендиев #ауарайы #туристіккомпания #алаяқтық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👌1
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Экологиялықмәселелер #Антисанитарлықжағдайлар #Бөкейханкесенесі #Украинкітаптары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4👍1
Әр қазақ оқуы тиіс ТОП-5 тарихи кітап
Қазақ халқының өткені — ұлт рухының, болмысымыздың, бүгініміздің алтын арқауы. Назарларыңызға әр қазақ оқуы тиіс бес тарихи шығарманы ұсынамыз.
1️⃣ Көшпенділер
“Көшпенділер” – қазақ әдебиетіндегі ең ауқымды тарихи эпопеялардың бірі. Авторы — Ілияс Есенберлин. Үш кітаптан тұратын бұл трилогия (“Алмас қылыш”, “Жанталас”, “Қаһар”) XV–XIX ғасырлар арасындағы Қазақ хандығының қилы тағдырын баяндайды. Шыңғыс ханнан бастап Кенесарыға дейінгі тарихи тұлғалар, хандықтардың құрылуы, ел үшін жанын берген батырлар мен сөз бастаған жыраулардың бейнесі – барлығы осы эпопеяда шебер суреттелген. Есенберлин бұл еңбекті партиялық цензураның қыспағында жүріп жазып шыққанымен, қазақ рухын оятқан, елдік сананы жандандыруға үлес қосқан шедевр қалдырды.
2️⃣ Алтын орда
Тарихи тереңге бойлаған бұл трилогияда түркі өркениетінің ұлы кезеңі – Алтын Орда дәуірі сипатталады. Романда ел тағдырын, мемлекет іргесінің қалануын, ұлы даладағы билік пен бірліктің күрделі жолын көркемдікпен өрнектеген. Есенберлин бұл туындысында тек өткенді баяндап қоймай, ұлт болмысы мен рухын жаңғырту жолында жазушылық жауапкершілікпен қалам тербеген.
3️⃣ Қан мен тер
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың аталған трилогиясы — халық пен уақыттың тынысын тап басып бейнелеген күрделі шығарма. Үш кітаптан тұратын роман («Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу») Арал өңіріндегі балықшы ауыл өмірі арқылы кеңестік жүйенің ауыр көлеңкесін, қарапайым халықтың тағдыр-талайын терең суреттейді. Автор өзі өскен топырақты шексіз сағынышпен жырлайды. Туған жер, әділет, азат ой, тағдырлы адамдар – бәрі де бұл шығармада шынайы тілмен бейнеленеді.
“...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді” – дейді жазушы.
4️⃣ Аласапыран романы
“Аласапыран” роман-дилогиясы 1980-1982 жылдары жарияланды. Негізгі кейіпкер – Ораз-Мұхамед сұлтан. Қазақ пен орыс әлемі түйіскен тұста өмір сүрген тарихи тұлғаның тағдыры арқылы сол дәуірдегі саясат, мәдениет, күрделі өзгерістер мен дипломатиялық қатынастар кең ауқымда ашылады. Алайда Ораз-Мұхамед куә болған, ұғынған дүние шындығынан ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы орыс, қазақ қоғамында орын алған қым-қуыт өзгерістерді, күрт бұрылыстар сырын кең де айқын топшылау қиын емес.
5️⃣ Қызыл жебе
Бұл роман-трилогия қазақ халқының аяулы ұлы, кеңестік кезеңде әділет пен азаттық үшін күрескен қайраткер Тұрар Рысқұловтың өміріне арналған. Шығарма Тұрардың балалық шағынан бастап, саяси аренадағы күрделі кезеңдерге дейінгі өмірін шынайы суреттейді. Жазушы кейіпкері арқылы халыққа қызмет етудің, әділдік пен адалдықтың құнын ұғындырады.
Шығарманың өн бойында кездесетін кейіпкерлердің қай-қайсысының да өзіндік ерекшелігі, мақсат-мүддесі айқын суреттеліп, жазықсыз жапа шеккен жандардың өзара ыстық ықыласы мен достығы әсерлі де нанымды бейнеленеді. Шерхан Мұртазаның халқына өлшеусіз еңбек сіңірген Тұрар Рысқұловты “тірілткен” “Қызыл жебе” роман-эпопеясы ұлттың рухын көтерген бірден бір шығарма.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍7👌2🔥1
Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍
Биржадағы күндізгі сауда тоқтатылды😶
Мәссаған! Кейінгі уақытта елімізде киік саны көбейіп кеткені туралы айтылып жүр еді. Енді көрші елге сыйға тартпақ екен📌
Керемет! Құтты болсын!🔥😍
Министрлік мәлімдеме жасады📍
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-104/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Доллар #Қытай #киік #Еуропа #еңүздікфизик #жекедерек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4👍1
Барша оқырманымызға үйлесімдікте өмір сүруді тілейміз!
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін туылым көрсеткіші күрт өскендіктен, бала арбасына деген сұраныс та артты. Арзан әрі қолжетімді болуы үшін пластмасса мен болат қоспаларын қолдану өндіріс процесін жеңілдетіп, арбаны көпшілікке қолжетімді етті.
Сізге қай өнер иесі ұнайды: Пол Маккартни немесе Максим Галкин?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #руханитепетеңдік #алғашқықазақстандықспутник #балаарбасыныңөнертабысы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ПолМаккартни #МаксимГалкин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👌1
Ипотекалық несие бойынша жаңа норма орта жолдан тоқтатылды. Неге?
📌 Екінші тұрғын үй нарығынан пәтер сату немесе сатып алу ойыңызда болса, онда үлгеріп қалыңыз! Өйткені күні кеше банктердің ипотекалық несие беруді жағалай тоқтата бастауына түрткі жаңа норманың күші жойылды. Нақтырақ айтқанда, оны қолданысқа енгізу мерзімі 2025 жылдың 16 маусымынан 2025 жылдың 1 қарашасына дейін шегерілді.
🔎 Жуырда Ұлттық Банк несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне айтарлықтай қысқарту жүргізді. Соның ішінде ипотекалық несие де бар. Оған сәйкес, екінші деңгейдегі банктер 2025 жылдың 16 маусымынан бастап ипотекалық несиелерді енді 25 емес, 20% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен бере бастауы керек еді. Алайда екінші деңгейдегі банктердің көбісі мұндай өзгеріске дайын болмай шықты.
▪️Біріншісі, екінші нарықтан жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-бен ипотекалық несие беруді банктер тиімсіз деп санайды, сондықтан олар мейілінше мұндай өтініштерді қабылдамауға тырысады. Ал бұл екінші нарықтағы пәтерлерді сату кезінде қиындықтар туындайтынын білдіруі мүмкін.
▪️Екіншіден, мұндайда коммерциялық банктер «Отбасы банк» қана ие тұрғын үй құрылыс жинағына қызығуы мүмкін. Яғни, оларға ескі үйлерден гөрі жаңа баспана сатқан әлдеқайда тиімді болуы ықтимал.
Енді осы екі тезисті дәлелдеп, басын аша түсейік.
✔️ Бірінші жағдайда, яғни «ескі пәтерлерді банктерге сату неге тиімсіз» дегенге келсек, уақыт өте келе, ұсталған дүниенің құны түседі. Демек, банк кепілдігіндегі жылжымайтын мүлік құнсыздана береді. Бұл сақтандыруды қажет ететін тәуекел ретінде қарастырылады. Сол себепті жаңа норма «күшіне енді» дегенде банктер жапа-тармағай ипотекалық несие шарттарына осы сипатта түзетулер енгізе отырып, оны жаңартуға көшкен болуы мүмкін. Осылайша, банктер үшін ипотеканың өзіндік құны кемінде 18,5-19,5%-ға дейін барады. Сонда банктерге қосымша маржа ретінде небәрі 0,5-1,5% ғана қалады. Бұл – өте төмен пайда. Сондықтан банктер шектеулі әрі қысқа мерзімді ресурстарын мұндай өнімге салуға құлықсыз болады. Оның орнына олар пайыздық мөлшерлемесі жоғары әрі өтімділік тәуекелі мен пайыздық тәуекелді жаба алатын тұтынушылық несиелерге одан сайын басымдық бере бастайды».
🟢 Банктерге ескі пәтерді сату тиімсіз екенін түсіндірдік. Енді олар ипотекалық несие құралын жаңа пәтерлерге қатысты қолданғысы келері ақиқат. Ал бұл жүйеде «Отбасы банк» басымдыққа ие екені белгілі. Екінші себептің жауабы осы арада туындайды. Бұл ретте банктердің әрекет етіп жатқанына Мәжіліс қабырғасында көтерілген мына жайт дәлел. Маусым айының басында Мәжілісте Amanat партиясының атынан депутат Ерболат Сатыбалдин Үкіметке сауал жолдап, екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға мүмкіндік беруді сұрады. Сөйткен ол ұзақ мерзімді ипотекалық қаржыландыру нарығын құру кезінде БЖЗҚ қаражатын пайдалану, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жайын да қарастыру қажет екенін айтты.
Бұл ретте ол rent-to-buy (баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу) жүйесін енгізу идеясын алға тартты.
“Мысалы, ай сайынғы 200 мың теңге төлемнің 50 мың теңгесі жинақ ретінде есепке алынады. Осылайша, үш жыл ішінде азамат қаражат жинап қана қоймай, сонымен қатар төлем қабілеттілігін де растайды. Бұл жүйе, әсіресе жастарға, жалғызбасты аналарға және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолайлы болар еді”, – деп атап өтті Сатыбалдин.
🟢 Екінші деңгейдегі банктерге «Отбасы банк» игеріп отырған алаңға енуге рұқсат беріледі ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Белгілісі, ипотекаға келгенде банктерді шала бүлінуге түрткі болған жаңа норма кері қайтарылып алынғаны. Нақтысында, оның 2025 жылдың 1 қарашасында іске қосылатыны жарияланды. Бұл ретте Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп қабылдаған қаулыда былай делінеді:
https://zhatpa.kz/kazyna-kenes/ekinshi-t-r-yn-j-nary-ynan-p-ter-satu-nemesesatyp-alu-ojy-yzda-bolsa-lgerip-aly-yz/
Авторы: Кәмшат Тілеухан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үйде жатпа
Екінші тұрғын үй нарығынан пәтер сату немесесатып алу ойыңызда болса, үлгеріп қалыңыз! - Үйде жатпа
Екінші тұрғын үй нарығынан пәтер сату немесесатып алу ойыңызда болса, үлгеріп қалыңыз!
👏3👍2👌2❤1
Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
Мәссаған! 😮
Ал сіз азық-түлік бағасының қымбаттағанын байқадыңыз ба?🤔
Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады📌
Жақсы жаңалық екен!😍
https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-4/
#Қазақстан #Жаңалықтар #Отбасыбанк #комиссия #азықтүлікбағасы #зейнетақы #УЕФА #футбол
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3👌1
Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?
Қалай ойлайсыз, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі футболшылар қашан шығады?
Шымкент пен Түркістан облысындағы оқырмандарымызға бір сұрақ қойғымыз келеді: осы оқиғадан кейін қарапайым адамдардың өмірі қалай өзгерді? Пікірге жаза кетіңіздер.
Сізге қай фильм ұнайды: Галактика сақшылары немесе Аватар?
#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #сексуалдықзорлық #балаларфутболы #Шымкенттіңмәртебесі #түркіәлемініңастанасы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #КененӘзірбаев #ЗоиСалдана
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2👌2
Мотивацияны қалай оятуға болады?
Өз-өзіңізді шабыттандыру – кез келген мақсатқа жетудің алғашқы әрі маңызды қадамы. Күш-қуат та, ниет те ішкі сенім мен себептен туады. Ал оны үнемі ұстап тұру үшін мына тәсілдерді қолданып көріңіз.
1️⃣ «Не үшін?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз
Мотивация нақты себептен басталады. “Мен мұны не үшін үйренгім келеді?”, “Бұл менің болашағыма қалай әсер етеді?” деген сұрақтарға шынайы әрі ашық жауап беріңіз.
📝 Мақсаттарыңызды қағазға түсіріңіз. Қаншалықты ұсақ болса да – бәрі маңызды. Оларды күн сайын көзіңіз түсетін жерге іліп қойыңыз. Күйіңіз түскен сәтте сол тізімге қайта көз жүгіртіңіз. Бұл сізді алға жетелейді.
2️⃣ Әр істен қызық табуға тырысыңыз
Оқу — өзіңді танудың жолы.
📚 Мысалы, әдебиет пәнінен жалықсаңыз – кейіпкерлердің сізбен қандай ұқсастығы барын іздеңіз. Олар қандай шешім қабылдады, олардың орнында болсаңыз не істер едіңіз?
🧬 Биология қиын көрінсе – өз денеңіз жайлы, табиғаттағы тіршілік иелері туралы қызық деректерге көз салыңыз.
3️⃣ Таймер әдісі – фокус пен тыныштықтың құралы
⏳ Pomodoro әдісін қолданып көріңіз:
– 30–50 минут оқуға арнаңыз,
– 5–10 минуттық үзіліс жасаңыз,
– 3–4 циклдан кейін ұзақ үзіліске шығыңыз.
🎧 Үзілісте сүйікті музыка тыңдап, көзді тынықтырып, терезе алдында аздап тұрудың өзі де жеткілікті.
4️⃣ Өзіңізді марапаттауды ұмытпаңыз
Кішкентай жетістікке қуана біліңіз және өзіңізді марапаттауды ұмытпаңыз.
🎁 Мысалы:
– Сабақ бітсе – шоколад жеңіз 🍫
– Бір тарауды меңгерсеңіз – сериалдың бір бөлімін көріңіз 🎬
– Емтиханнан аман өтсеңіз – достарыңызбен кешкі серуенге шығыңыз 🚶♀️
Бұл әдіс – мотивацияны үзбей ұстап тұрудың тиімді жолы.
5️⃣ Жалғыз емес екеніңізді сезініңіз
👫 Бірге оқитын дос, пікірлес адам, тіпті онлайн серіктес те – мақсатқа жетуге көп көмек береді. Бір-біріңізге аптасына бір рет есеп беріп отырыңыздар. Не істедім? Не бітпей қалды?
🗓 Бұл тәсіл:
– уақытты тиімді басқаруға көмектеседі,
– өзіңізге сырттай көзқарас қалыптастырады,
– жалқаулықпен күресуге түрткі болады.
🔑 Мотивация – бұл жүйе
Күн сайын мотивация бола бермейді. Бірақ егер жүйе болса, мотивацияға тәуелді болмайсыз. Жүйе дегеніміз:
• күн тәртібі,
• тұрақты оқу уақыты,
• демалу мен жұмыс істеудің теңгерімі,
• нақты мақсат пен сенім.
#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌3😍2