Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

💡Қазақстанда алғашқы АЭС салу бойынша жол картасы бекітілді

“Росатом” елімізге ең үздік АЭС салуға уәде берді📌

👥60 мың қазақстандық зейнетақыларын БЖЗҚ-дан алмаған

Мәссаған!😮

😻Алматыда 20 жыл бойы құжатсыз жүрген зейнеткер жеке куәлік алды

1964 жылы туған әйел кеңес үкіметі кезінде алған төлқұжатын жоғалтып алған екен✔️

🤗Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсайтын шығыны қымбаттап кетті

Оның шығыны 3 есе артқан😨

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-6/

#Қазақстан #Жаңалықтар #БЖЗҚ #зейнетақы #зейнеткер #денсаулықсақтау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2👌1
💡📆📆📆📆📆 21 маусым

🌝21 маусым — Жазғы күн тоқырауы. Бұл кезде күн ұзақ, ал түн қысқа болады. Аталған күн 20, 21 немесе 22 маусымға дейін жалғасын табады. Осыдан кейін күн қысқарып, түн ұзаруы басталады. Жазғы күн тоқырауы – ежелгі дәуірден-ақ көптеген халықтың күнтізбелік өмірінде маңызды орын алған. Күнге табыну наным-сенімдерінің негізінде тіршілік еткен халықтар үшін бұл ерекше сәт жыл мезгілдерінің алмасуын белгілейтін табиғи бағдар болған.


👏21 маусымда селфи күні аталып өтеді. 1839 жылы өзінің алғашқы фотосуретін Филадельфия тұрғыны Роберт Корнелиус түсірген. Бүгінде осы негіздегі суреттер бүкіл әлемді шарпыды. Алайда мамандар селфи жасау барысында қауіпсіздікті ұмытпауға шақырады. Мәселен, Астанада жас жігіт көпір үстінде селфи жасамақ болып, Есіл өзеніне құлап кеткен еді. Ал Шымкентте қауіпті қылмыс жасаған күдіктімен суретке түскен полицей жұмысынан қуылды. Сонымен қатар жақсы суретке түсу үшін ауыр жарақат алып, ажал құшқан қаншама жағдайлар бар.




😎21 маусым — Дүниежүзілік йога күні. Йога — дене жаттығуы ғана емес, адамның ішкі жан дүниесін тыныштандырып, рухани тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін практика. 2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы йоганың маңыздылығын мойындап, адамдардың ерте өлімінің негізгі себептерінің бірі қозғалыссыз өмір салты екенін еске салды. Бүгінде аталған күн 175-тен астам елде, оның ішінде Қазақстанда да аталып өтеді.

Йогамен айналысып көрдіңіз бе?


👥21 маусым — атақты екі музыканттың туған күні. 69 жыл бұрын қазақ гитаристі, композитор әрі өңдеуші Болат Сыздықов (1956-2016) дүниеге келді. Ол мансап жолын Роза Рымбаеваның гитарисі ретінде бастады. Содан соң “A`Studio” тобында өнер көрсетті. 1992 жылы Карина Абдулиннамен бірге әйгілі Musicola дуэтін құрады. Болаттың туған жері - Қарағанды қаласы. Жұлдыздар даңғылында атақты өнер иесінің құрметіне орай есімі жазылған тақтайша орнатылды. Сонымен қатар 63 жыл бұрын “Кино” рок-тобының негізін қалаушы және жетекшісі Виктор Цой (1962-1990) өмірге келді. Ол ықпалды және әйгілі кеңестік рок-музыканттардың бірі. Музыкалық қызметтен бөлек, ол актер ретінде сегіз фильмге түсті. 2018 жылдың 21 маусымында Алматыда Төлебаев көшесінде (Қабанбай-батыр көшесінің қиылысы) "Игла" кинофильмінің соңғы сахнасы түсіріліп, Виктордың туған күніне орай оның кейіпкері Мороға ескерткіш ашылды.

Егер "Мюзикола" дуэтін білмесеңіз, онда олардың "Арман жолы" әнін міндетті түрде тыңдап көріңіз. https://www.youtube.com/watch?v=761nt47-QDE

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #күнтоқырауы #Селфикүні #Йогакүні #Туғанкүндер, #Танымалтұлғалар #БолатСыздықов #ВикторЦой
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4❤2👍2
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

21-22 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады?

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астанада тегін баруға болатын таңдаулы іс-шаралар топтамасын дайындады. Өкінішке қарай, басқа қалалардан нақты мәлімет жоқ. Егер сіз өз қалаңызда өтетін көрмелер мен мәдени іс-шаралардан хабардар болсаңыз, бізбен пікір алаңында бөлісуді ұмытпаңыз.

АЛМАТЫ:

🥳"Baqsylyq" көрмесі

Бұл көрмеде көрермен Қазақстанның заманауи өнер өкілдерінің туындылары арқылы Орталық Азия халықтарының қазіргі мәдени мұрасы мен шаманизм ұғымының тарихи-әлеуметтік байланыстарын тамашалай алады. Сондай-ақ қонақтарды сан түрлі тосын өнер нысандары күтеді. Олардың қатарында XVIII ғасырдан бастау алатын көне зергерлік бұйымдар секілді мәдени артефактілер де бар.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй
Күні: 21 және 22 маусым, 12:00 – 17:00

👣"Ару Жайлау" зергерлік көрмесі

Көрерменге ұлттық нақыштағы әшекейлер мен осы жылдың сән трендтеріне сай жасалған алтын-күміс бұйымдар, асыл және жартылай бағалы тастармен көмкерілген зергерлік туындылар ұсынылады. Келушілер отандық шеберлердің әшекейлерін бөлшек және көтерме бағамен сатып ала алады.
⠀
Орны: “Атакент” ҚІСО, Тимирязев көшесі, 42-үй
Күні: 21 және 22 маусым, 10:00 – 17: 30

🦵"Қосаяқтың түсі" көрмесі

Медиаөнер шебері Алена Бражникова-Агаджикова нейрожелілердің көмегімен өзінің балалық қиялында ғана бар Түрікменстан туралы естеліктерді тірілтті. Бұл – атасының әңгімелері мен бала кезгі армандардан туған елге деген сағыныш пен естеліктің, қиял мен технологияның тоғысындағы нәзік әрі әсерлі көрме.

Орналасқан жері: 101 dump gallery, Панфилов көшесі, 101
Күні: 21 және 22 маусым, 14:00 – 21:00

🧠"Қияли ойлар" көрмесі

Көрмеге қойылған туындылар көрерменге әлемді өз түйсігімен көруге, көзге көрінетін нәрсенің ар жағынан сыр іздеуге мүмкіндік береді. Бұл картиналар сананы түртіп, жанға әсер ететін қарапайым әрі күрделі оқиғалардың терең мағынасын ұғынуға жетелейді. Экспозиция көркем ойдың кеңістігінде шындық, түс және миф арасындағы шекараларды еркін аралайды.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 21 және 22 маусым, 11:00 – 19:00

💃GIRLHOOD көрмесі

Көрмеге қойылған суреттер әйелдер арасындағы рухани жалғастықты бейнелейді. Олар бұл желіні өз ішіне бүгіп, тұйықтап қоймай, қайта оны жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Өзге әйелдерден берілген өмірлік тәжірибе көрерменнің ішкі жан дүниесімен ұштасып, жеке әрі терең сезімге жетелейді.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 21 және 22 маусым, 10:00-22:00


👀“Нүкте мен Сызық” көрмесі

Бұл — ұстаз бен шәкірттің, Арыстанбек Шалбаев пен Айша Бақтығұлованың арасында өрбіген шығармашылық диалогтың көрінісі. Көрмеде ұсынылған абстрактілі өнер туындылары — сыртқы форма емес, ішкі әлем мен күй туралы сыр шертеді. Авторлардың еңбектері ақылмен емес, жүрекпен сезінуге шақырады. Әрбір нүкте мен әрбір сызық эмоцияның тілімен сөйлейтін, түйсік арқылы қабылданатын ерекше көркем кеңістікке айналған. Бұл көрме — көруге емес, сезінуге арналған.

Орны: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 21 және 22 маусым, 10:00 – 19:00

АСТАНА:

🫢"QAZAQ CONTENT" көрмесі

Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген суретшілердің жұмыстары қойылады. Бұл – стильдік емес, мағыналық үндестікке негізделген экспозиция. Жобаның өзегі – халықтың рухани болмысы мен ішкі әлемін бейнелейтін мазмұн. Бұл – қылқалам арқылы жазылған ұлт өмірбаяны, уақытпен бірге тербелетін көркем әңгіме.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 21 және 22 маусым, 10:00 - 20:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар.

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍5
💡📆📆📆📆📆 22 маусым

🤝Бүгін – Ұлы Отан соғысының басталған күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді. Төрт жылға созылған бұл сұрапыл соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмады. 6 миллион 200 мың халқы бар Қазақстан азаматтардың 20 пайызын майданға аттандырса, соның ішінде әрбір үшінші адам майдан даласынан оралмады. 500-ден астам жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.


🥳2014 жылы 22 маусымда Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Қазақстан, Қытай және Қырғызстан бірлесіп дайындаған өтінім ЮНЕСКО Білім, ғылым және мәдениет ұйымының Дохада өткен 38-сессиясында қабылданды. Жоба аясында Жібек жолының бойындағы 33 тарихи ескерткіш ұсынылды. Оның 22-сі Қытайда, 8-і Қазақстанда, 3-еуі Қырғызстанда орналасқан.



🤗22 маусымда тәтті әуесқойлары шоколадты эклэр күнін атап өтеді. Эклер француз тілінен аударғанда “найзағай жарқылы” деген мағынаны білдіреді. яғни бұл тәттінің көзді ашып-жұмғанша жоқ болып кететінін меңзейді. Эклерді Наполеонның аспазы Мари-Антуан Карем ойлап тапқан. Оның айтуынша, мінсіз эклердің ұзындығы 14 сантиметр болуы керек. Бүгінде бұл десерт әр елде түрліше дайындалып, әртүрлі аталады. Қазақстанда “эклер” дәстүрлі атауын сақтап қалса, Испанияда оны “пепито” деп атайды.

Сізге қайсы ұнайды: эклер немесе кекс?


👥22 маусымда өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін қазақтың белгілі өнер қайраткері Амангүл Иханова 77 жасқа толды. Ол былғарыдан картина жасаудың ерекше әдісін ойлап тауып, “кушкон” деп аталатын тәсілді патенттеген автор. Суретшінің туындылары бүгінде әлемнің әр түкпіріндегі музейлер мен жекелеген коллекцияларда сақтаулы. Олардың қатарында Ұлыбритания королінің жеке топтамасы мен Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Бас ғимаратының холлында орналасқан туындысы да бар. Амангүл Иханова АҚШ президенті Джимми Картердің, Испания королі Хуан IV-тің, Франкфурт-на-Майн қаласы әкімдігінің және Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар бүгін америкалық театр және кино актрисасы Мерил Стрип 76 жасын атап өтеді. Кино мамандары мен сыншылары өнер иесін қазіргі заманның ұлы актрисаларының бірі ретінде мойындағар. Үш мәрте “Оскар” сыйлығын иеленген актриса 70-тен астам фильмде басты рөлді сомдап, көрермен жүрегінен ерекше орын алды.

Сізге Мерил Стриптің қай фильмі ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қасіреткүні #ҰлыЖібекжолы #Бүкіләлемдікмұранысандары #Десертмейрамы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #АмангүлИханова #МерилСтрип
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👌2👍1🔥1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Элио” атты мультфильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/bok7ntlfQK4

#элио #комедия #приключения #кино #үйдежатпа #мультфильм #кинообзор #pixar #космос
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍1
💡💫💫💫💫💫💫💫

23–29 маусымға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада әмияныңыз тентек жасөспірімдей мінез көрсетеді: бірде толып, бірде босап қалады. Кенеттен туындайтын шығындардан сақ болыңыз. Бәлкім, сүйікті дәмханаңыз “есеңгіретер жеңілдіктер күнін” жариялап, өзіңізге “жоқ” дей алмай қалуыңыз мүмкін!

♉️Торпақтар, сіз әрдайым материалдық дүниеге жақынсыз. Алайда кейде жанды тәтті бір сәтпен, мысалы, жақсы бір шоколадпен еркелеткен де жөн. Ақша бәрін шешпесе де, кішкентай қуаныш жүрекке жылулық сыйлайды.

♊️Бұл аптада сіздің ойыңызға керемет табыс табу идеясы келеді, бірақ ол бұлттай ғайып болуы да мүмкін. Армандау жақсы, бірақ “Б жоспарыңыздың да” болғаны абзал!

♋️Шаяндар, қаржылай жағдайыңыз теңіз толқынындай толқып тұрады: кейде көтеріліп, кейде шегініп. Ақшаңыз “демалысқа” шыққандай сезілсе, уайымдамаңыз. Мүмкін, ол жақсы жаңалықпен қайтып келер!

♌️Арыстандар, бұл аптада өзіңізді нағыз патшадай сезінесіз және бюджетіңіз де соған сай болады. Бірақ есіңізде болсын — патшалар да кейде үнемдеуі тиіс. Ақшаңызды бір салтанатты нәрсеге, мысалы, жаңа “патша киіміне” жинаған дұрыс.

♍️Бикештер, сіздің тәртіпке және қаржылай есепке деген сүйіспеншілігіңіз бұл жолы өзіңізге қарсы жұмыс істеуі мүмкін. Дегенмен бар өмір калькулятормен шектелмейді. Шамадан тыс есеп-қисапқа кіріп кетпеңіз. Кейде жанды сергітетін шағын бір демалыс әлдеқайда маңыздырақ – өзіңізге де дем беруді ұмытпаңыз.

♎️Бұл аптада үлкен сауда жасамас бұрын жақсылап ойланыңыз. Кейде адамға қажеті — зат емес, сезім. Мәселен, жаңа кофемашина сатып алғанша, достарыңызды жылы шайға шақырған әлдеқайда естен кетпес сәт сыйлауы мүмкін.

♏️Бұл аптада қаржылай түйсігіңіз ерекше сергек болады. Ішкі даусыңыз сізді алдамайды. Дегенмен есіңізде болсын: кейде сәл ғана тәуекел ету ең ұтымды шешімнің бастауы болмақ. Егер сізге “керемет табыс әкелетін” бір идеяға инвестиция салуды ұсынса, алдымен мұқият ойланыңыз. Мүмкін, бұл жай ғана “тез баюдың” кезекті айласы шығар.

♐️Мергендер, бұл аптада өзіңізді мүмкіндіктері шексіз адамдай сезініп, шығынға еркін бой алдыруыңыз мүмкін. Дәл бір қалтаңызда шексіз балансы бар “алтын карта” жатқандай. Алайда апта соңына қарай қаржыңыздың түбі көрініп қалуы ғажап емес. Сондықтан қазірден бастап “шығынсыз күндер” аптасын жоспарлау – ақылды шешім болмақ.

♑️Тауешкілер, бұл аптада сіз бар назарыңызды жинақтауға аударып, жаңғақ терген еңбекқор тиіндей қарекетке көшесіз. Бірақ ұмытпаңыз: өмір тек үнемдеуден тұрмайды. Ақшаңыздың әр теңгесін есептегенмен, кейде шағын ғана қуаныш жанға үлкен серпін береді. Ақылды тиін де кейде мереке жасап, өз-өзіне демалыс сыйлап тұратынын ұмытпаңыз.

♒️Суқұйғыштар, бұл аптада шығармашылық шабытыңыз шалқып, ақша табудың өзгеше жолдарын табасыз. Мысалы, үйдегі ескі заттарды интернет арқылы сату – табысты бастаманың бірі болмақ. Бірақ ұмытпаңыз: сіз үшін құнды көрінген нәрселер басқалар үшін жай ғана шаң басқан естелік болуы мүмкін.

♓️Балықтар, бұл аптада байлыққа деген армандарыңыз шындыққа айналуы ықтимал. Бірақ лотерея мен қиял әлемінде жүзуді доғарып, нақты іске ден қойған жөн. Қолда барға шүкіршілік етіп, шынайы құндылықтарды бағалаңыз. Себебі, бақыттың өзі бір байлық.

Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін!

Айта кетейік, ақша әзіл мен көтеріңкі көңіл күйді ұнатады!

Бұл жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалған. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3👎1👌1
💡📆📆📆📆📆 23 маусым

🙌Бүгін — Қазақстан полициясы күні. 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" заңды қабылдады. Бұл – еліміздің полиция қызметінің міндеттері мен функцияларын айқындаған алғашқы құқықтық акт болды. 2021 жылдың деректеріне сәйкес, Қазақстанда әр 100 мың адамға 372 полицейден келеді. ІІМ-нің жоспарына сәйкес, биылдан бастап әйел-полицейлердің саны артуы мүмкін. Олар отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес саласында жұмыс істемек.

🤝Бүгін — Халықаралық мемлекеттік қызметкерлер күні. Бұл күнді 2002 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен. 2013 жылы Президент Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілді. Осылайша, бүгін мемлекеттік қызметте жүрген 90 мыңнан астам қазақстандық кәсіби мерекесін атап өтеді.

Егер таныстарыңыздың арасында мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!



✍️Сонымен қатар 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді. 1894 жылы 23 маусымда Сорбоннада өткен спорт конгресінде Пьер де Кубертеннің Олимпиада ойындарын қайта жаңғырту туралы бастамасы қолдау тауып, Халықаралық Олимпиада комитеті құрылды. Бұл күннің мақсаты – олимпиаданың құндылықтары мен міндеттерін насихаттау, салауатты өмір салтын және жалпы спорт туралы ақпараттарды кеңінен таныстыру.



👥Бүгін атақты екі адамның туған күні. 131 жыл бұрын махаббат үшін тақтан бас тартқан Ұлыбритания королі Эдуард VIII (1894-1972) дүниеге келді. Ол 1936 жылы таққа отырды. Алайда тек 10 ай патша болды. Себебі үкімет оған ажырасқан әйел Уоллис Симпсонға үйленуге келісім бермеді. Осылайша Эдуард VIII тақтан бас тарту туралы актке қол қойды. Бұл тақ мұрагеріне қайшы әрекет еді. Алайда ол өз таңдауын жасап, себебін түсіндірді. "Король міндеттерін өзім сүйетін әйелдің қолдауынсыз және көмегінсіз атқара алмаймын деп шештім", – деді Эдуард VIII. Бүгін футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі Зинедин Зидан 53 жасқа толды. Әлем чемпионаттарының, Еуропаның, Чемпиондар лигасының жеңімпазы үш мәрте әлемнің үздік футболшысы деп танылды және өз заманының ең қымбат ойыншысы болды. Футболшы ретінде зейнеткерлікке шыққаннан кейін ол мадридтік “Реалмен” қатарынан екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер болды.


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақстанполициясы #мемлекеттікқызметкерлер #Олимпиадакүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #Англиякоролі #ЗинединЗидан
👍3
💡💡💡💡💡💡💡

Мақсатыңызға жетуге көмектесетін ТОП-5 тегін қосымша

Мақсатқа жету үшін шабыт жеткіліксіз. Мұндағы басты құрал — тәртіп, уақытты тиімді басқару және жүйелі әрекет. Қазіргі цифрлық дәуірде бұл жолда көмекке келетін түрлі тегін қосымшалар бар. Олар күнделікті өміріңізді реттеп, мотивацияңызды арттырып, арманыңызды жүзеге асыруға серік бола алады.

Төменде мақсат қою, жоспарлау және тәртіпке үйрену үшін ең тиімді әрі қолдануға ыңғайлы 5 тегін қосымшаны ұсынамыз:

1️⃣ Todoist

Бұл қосымша арқылы күнделікті, апталық, тіпті жылдық мақсаттарыңызды нақты жоспарлап, әрбір қадамыңызды бақылап отыра аласыз.

Тегін нұсқасында:

• Тапсырмалар мен жобалар құру;
• Еске салғыштарды орнату;
• Апталық және айлық прогресті қадағалау мүмкіндігі бар.

📌 Кәсіпкерлер, студенттер мен фрилансерлер үшін таптырмас құрал.

2️⃣ Notion

Бұл қосымша — шығармашылықты жаны сүйетіндер мен көп функционалды қосымшаны іздегендер үшін таптырмас құрал. 📒

✔️ Тегін нұсқасында:

• Қалауыңызша шаблондар құрып, құрылымды жоспар жасау;
• Белгілер мен кестелер арқылы визуализация;
• Ақпаратты папка, парақ, бөлім арқылы бөле аласыз.

3️⃣ Habitica

Мақсатқа жетудің бір жолы — пайдалы әдет қалыптастыру. Habitica — күнделікті тапсырмаларды ойын түрінде орындауға мүмкіндік береді.

✔️ Тегін нұсқасында:
• Әр орындалған тапсырма үшін «кейіпкеріңіз» тәжірибе жинайды;
• Достарыңызбен бірге “топтасып” ойын ойнап, өзіңізді және өзгелерді ынталандыра аласыз;
*Мақсаттарыңызды қызық әрі ойын түрінде жүргізу мүмкіндігі бар.

4️⃣ Trello

Тізімдер, карточкалар мен тақталар арқылы тапсырмаларды реттеп, жұмыс барысын визуалды түрде ұйымдастыруға болады.

✔️ Тегін нұсқасында:
• Жеке және топтық жобаларға арналған Канбан жүйесі;
• Әрбір тапсырманы статусына қарай бөліп, бақылау;

• Ескерту, дедлайн қою және файл бекіту мүмкіндігі.

📍Ақылы нұсқасы көбіне командалық жұмыс үшін қажет.

5️⃣ Forest

Телефонға алаңдамай, зейінді бір іске бағыттауға көмектесетін ерекше мотивациялық қосымша.

✔️ Тегін нұсқасында:

• Бір тапсырмаға толық көңіл бөлсеңіз, “виртуалды ағашыңыз” өседі;
• Уақытты тиімді ұйымдастыру.
📍Ақылы нұсқасы қосымша ағаш түрлерін ашу үшін ғана керек.

📌 Қорытынды

Мақсатқа жету жолы — тәртіп пен тұрақтылықтан басталады. Осы 5 қосымшаның әрқайсысы сізге күнделікті өміріңізді жүйелеуге, уақытты үнемдеуге және үлкен мақсаттарға біртіндеп жақындауға көмектеседі. Бастысы – әрекет ету және үнемі өз прогрессіңізді бақылау.

Сіз қай қосымшаны пайдаланасыз?🤔

#қазынакеңес #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4❤2
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

✍️Елімізде 8 миллион азамат декларация тапсырудан босатылады

Тамаша! 🔥

👥Зейнетақы мен жәрдемақыға 800 млрд теңге бөлінеді — Жұманғарин мәлімдеме жасады

Осы жылы Қазақстанда зейнетақыларды, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді индекстеуге бюджеттен аталған сома бөлінеді📌

😎4,5 сағаттан артық үзіліссіз көлік басқарған жүргізушілерге айыппұл салынады

Құлаққағыс📍

🫡Енді сим-карталарды таратқан мобильді операторлар жауапқа тартылуы мүмкін

Жөн шешім екен✔️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-7/

#новости #симкарта #жаңалықтар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3⚡1👌1
💡📆📆📆📆📆 24 маусым

👃 24 маусым — Сезім күні. Адамның бойында алты сезім мүшесі бар, олар — көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсік және тепе-теңдік сақтау. Бұл сезімдер айналамыздағы әлемді тануға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш күннің мақсаты - бес сезім мүшесін дамыту арқылы алтыншы сезім мүшесінің оянуына жол ашу. “Алтыншы сезім” дегеніміз: болашақты немесе өткен шақты көре білу, басқа адамның ойын немесе ол туралы ақпаратты оқу және т.б.

Ал сіз адамның "алтыншы" сезім мүшесі бар екеніне сенесіз бе?




💃55 жыл бұрын Алматы циркінің ұжымы құрылды. 1970 жылы 24 маусымда Самарада Алматы, Мәскеу, Саратов қалаларындағы цирк училищелерінің түлектері бас қосқан жас ұжым алғашқы қойылымын көрсетті. Елімізде цирк өнерінің дамуы осылай басталды. 1972 жылы Алматының көрікті жеріне айналған Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараты ашылды. Қазір қазақ циркі өнердің өзіндік мәдени қабаты ретінде белсенді дамып келеді. Оның беделі халықаралық ірі фестивальдер мен байқаулардағы жоғары марапаттармен расталады.

Қазақтың цирк әртістерінен кімді білесіз?



🤗24 маусымда фантастика әуесқойлары Халықаралық перілер күнін атап өтеді. Көпке беймәлім, бірақ адамдар бірнеше мың жыл бұрын заманауи мультфильмдер мен ертегілердегі осы танымал кейіпкерлерге сенген. Кейбір мифологияларға сәйкес, нағыз перілер кішкентай емес, адамның бойымен бірдей болуы мүмкін. Сонымен қатар перілер тек әйел ғана емес, ер жыныстылары да болды. Олардың арасында мейірімдісі де, жаман мінездісі де бар екені айтылады. Бізге таныс перінің әсем бейнесі тек 19 ғасырдың аяғында – романтизм дәуірінде ғана пайда болды. Халық аңыздарынан сусындаған жасаушылар олардың сыртқы келбетін өзінше бейнелей бастады. Кейінірек бұл сурет авторлық ертегілерде, фильмдерде және анимацияда орын алды.


👥24 маусым — атақты екі адамның туған күні. 85 жыл бұрын қазақ әдебиетінің сыншысы Сейіт Қасқабасов (1940-2025) дүниеге келді. Ол фольклор жанры мен эпикалық шығармашылық теориясы саласында терең зерттеулер жүргізіп, көптеген еңбегін жариялады. Оның 1930 жылдардағы әділетсіз қуғын-сүргінге ұшыраған Алашорда қайраткерлерін ақтаудағы сіңірген еңбегі ерекше. Сондай-ақ бүгін футбол тарихындағы үздік ойыншы Лионель Месси 38 жасқа толды. Футболшы сегіз дүркін “Алтын доп”, алты дүркін “Алтын бутсы” иегері. Forbes журналы оны әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы деп таныды. Әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін футболшы еуропалық футболдан кетуге шешім қабылдап, АҚШ-қа көшіп, Дэвид Бекхэм ойнайтын клубқа ауысты.

Сізге қай футболшы ұнайды: Месси немесе Роналду?

#күнтізбе #мереке #ерекшекүн #адамныңсезімі #Алматыциркі #ертегікейіпкерлері #туғанкүндер #танымаладамдар #СейітҚасқабасов #ЛионельМесси
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Сақ дәуірінің экономикасы: Ұлы даладағы алғашқы трансконтинентальді байланыстар туралы не білеміз?

✔️ Ерте темір дәуірі, б.з.б. IX–III ғасырлар аралығы — Ұлы даланың тарихында терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен ерекшеленетін кезең болды. Бұл өзгерістердің негізгі қозғаушы күші – Тәңіртаудан Қара теңізге дейінгі кең аумақта қоныстанған сақ (скиф) тайпалары еді. Олар көшпелі өмір салтымен, әскери шеберлігімен және сыртқы саудадағы белсенділігімен ерекшеленді.

📍 Көшпелі экономика және мал шаруашылығы

Сақ қоғамының басты тірегі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жылқы, қой, ешкі және түйе малдары негізгі шаруашылық объектісіне айналды. Жылқы ерекше маңызға ие болды: ол көлік, әскери тактика мен шаруашылықтың маңызды бөлігіне айналды. Пасторальды өмір салтына бейімделген киіз үйлер, жиналмалы ыдыстар және көшпелі тұрмыстың басқа да құралдары мобильді қоғамның қажеттілігінен туындады.

📌 Темір дәуірі және өндірістік жаңғыру

Темірдің игерілуі қару-жарақ пен еңбек құралдарын жасауда бұрынғы қола дәуірін ығыстырып, сақ қоғамының әскери қуатын арттырды. Қылыш, жебе ұштары, пышақтар мен балталар – сақ жауынгерлерінің негізгі жарақтары болды. Сонымен қатар, алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, «жануарлар стилінде» орындалған әшекейлер олардың көркемдік мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетті.

✔️ Сауда және халықаралық байланыстар

Сақ тайпалары Қытай, Иран, Үндістан және Жерорта теңізі мемлекеттерімен белсенді сауда және мәдени байланыс орнатты. Ұлы даладан өтетін ерте трансконтинентальді сауда жолдары арқылы Қытай айнасы, ирандық ыдыстар мен үнді моншақтары келіп жатты, ал керісінше, сақ бұйымдары да сыртқа экспортталды. Бұл тайпалар тек саудагерлер ғана емес, жолдарды бақылаушы және қорғаушы күш ретінде де маңызды рөл атқарды.

📍Әлеуметтік құрылым және ресурстарды қайта бөлу

Сақ қоғамы әлеуметтік жағынан жіктелген болды. Аристократия мен әскери топтар қоғамдағы негізгі байлық пен ресурстарға иелік етті. Иссық, Бесшатыр және Берель секілді қорғандарда табылған бай заттар жоғары таптың материалдық үстемдігін көрсетеді. Қоғамда әскери олжа, алым-салық және сауда жолдарын бақылау экономиканың негізгі көздері болды.

📌 Экономикалық ойлау және болашақ Жібек жолының негізі

Ұлы далада сол кезеңде қазіргі заманғы биржа немесе инвестиция жүйелері болмағанымен, олардың архаикалық нұсқалары пайда болды. Мал басын көбейту, жауынгерлерді қаруландыру, сән-салтанатты рәсімдерге қатысу – бұлардың бәрі экономикалық қайтарым күтетін әлеуметтік инвестициялар түрінде қарастырылады.

Сақ кезеңінде Қытай мен Жерорта теңізі арасындағы сауда байланыстарының тұрақты түрде дамуы болашақ Ұлы Жібек жолының негізін қалады. Бұл сауда жолдарының пайда болуында және жұмыс істеуінде көшпелілердің белсенді рөл атқарғаны анық.

#сақтар #көшпенділер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👥Енді жеке куәлікті eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға болады

Жаңа жүйе іске қосылды😍

💡Қазақстан Дубай мен Дохаға рейстерді уақытша тоқтатты

Әлем тыныш болсын!🙌🏻

💃Кейінгі бес айда Қазақстан экономикасы 6 пайызға өсті — Тоқаев

Тамаша!👍

✔️Елімізде 242 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылған‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-105/

#Қазақстан #Жаңалықтар #eGovkz #eGovMobile #Дубай #Доха #экономика #атаулыәлеуметтіккөмек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌1
💡📆📆📆📆📆 25 маусым

✔️109 жыл бұрын Қазақстанда Ресей патшалығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Оған 1916 жылғы 25 маусымдағы “Қазақтардың тыл жұмыстарына реквизициялау туралы” патша жарлығы себеп болды. Аталған жарлыққа сәйкес, Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына жіберу жоспарланған еді. Ең ірі әрі ұйымдасқан көтеріліс Торғай өңірінде өтті. Ол Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін толық қамтыды. Оны халық батыры Амангелді Иманов басқарды. 1916 жылғы қозғалыс Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық соғыстан кейін алғаш рет бүкіл қазақ даласын қамтыған қозғалыс болды.

🙌25 маусым – Халықаралық теңізшілер күні. Олар — жаһандық экономиканың алға жылжуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандар. Мамандардың айтуынша, теңіз арқылы жүк тасымалдау — ең арзан әрі тиімді жол. Бүгінде әлемдік сауданың 80%-дан астамы дәл осы теңіз арқылы жүзеге асады. Бұл салада шамамен 1,5 миллион теңізші еңбек етеді.

Казахстан теңізге тікелей шыға алмаса да, елдің батысында Каспий теңізіндегі сауда флотының әлеуеті артып келеді. Осы өңірдің маңызды көлік-логистикалық орталығы — Ақтау теңіз порты.

Егер таныс теңізшілеріңіз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!


👍Сондай-ақ бүгін тері пигментінің өзгеруінен пайда болатын витилиго дертіне қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күн Майкл Джексонның өмірден өткен күнімен тұспа-тұс келеді. Оған 1986 жылы дәл осы диагноз қойылған. Витилиго — адамның терісінде ақ дақтардың пайда болуымен сипатталады. Оның нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз. Өкінішке қарай, витилиго дертіне шалдыққандар көбінесе қоғам тарапынан түсініспеушілік пен кемсітушілікке ұшырайды. Дәрігерлер мұндай адамдардың ешкімнен кем еместігін, ал терідегі ерекшеліктердің — олардың табиғи болмысының бір бөлігі екенін түсіндіреді. Айта кетейік, бұл дертке шалдыққан жандардың қатарында әлемге әйгілі Майкл Джексонмен қатар, миллиардер Роман Абрамович пен АҚШ президенті Дональд Трамп та бар.

Егер таныстарыңыздың арасында осы аурумен ауыратын адамдар болса, оларға қолдау білдіріңіз!

👥25 маусым — қазақтың екі атақты адамының туған күні. 82 жыл бұрын театр және кино актері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Владимир Толоконников (1943-2017) дүниеге келді. Өнер иесі бірінші қазақ телехикаясы “Махаббат бекеті” және “Собачьем сердце” фильміндегі Шариков рөлімен танымал. Актер 75 жасында фильм түсірілімінде жүріп, жүрек талмасынан көз жұмды. Сонымен қатар бүгін режиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов 64 жасқа толды. Атырау тумасы бірнеше мәрте Forbes журналының нұсқасы бойынша Ресейдегі ең табысты режиссерлер тізімінде бірінші орыннан көрінген. Ол Голливудта Анджелина Джоли, Морган Фриман және Бенедикт Камбербэтч ойнаған 9 фильм түсірді. Тимурдың айтуынша, ол Қазақстанға бір күн болса да келудің жолын табады.

Сізге Тимур Бекмамбетовтың қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақстандағыкөтеріліс #Теңізшілеркүні #Витилигодиагнозы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ВладимирТолоконников #ТимурБекмамбетұлы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2👌1🙊1
💡💡💡💡💡💡💡

“Жеткілікті өмірдің боларына  сенемін”. Аз табыс тапса да, молшылықтан күдерін үзбеген ананың кіріс пен шығысына шолу
 
🟢 “Табыс & Шығыс” айдарында біз жасы, жынысы, мамандығы, тұрғылықты жері әртүрлі Қазақстан азаматтарының бір айда тапқан табысы мен шығынын есептейміз. Кіріс пен шығынды жатқа білу қаржылық сауатты арттырып, қарыздан құтылып, табысты болуға жетелейді.  

🔗 Бүгінгі кейіпкеріміз – Жәудір Мырзабай. 29 жастағы келіншек – балабақшада жұмыс істейді. Түркістан қаласында тұрады. 3 баланың анасы.

💸 Бір айдағы табысы:

Жұмыстағы жалақы – 90 000 теңге
Қосымша табыс –жоқ
Жолдасының табатыны  200 000 теңге
Жалпы табыс – 290 000 теңге
 
💵 Бір айдағы шығыны:

Азық-түлікке кететін шығын – 80 000 теңге
Кредиттерді өтеу – 70 000 теңге
Берешек қарыздар  – 80 000
Көліктің жанармайы және жөндеу жұмыстарына –20 000
Дәрі-дәрмекке шамамен – 10 000 теңге
Жол шығыны – 2 000 теңге
Коммуналды шығындар –  15 000 теңге
Абоненттік төлем – 3 000 теңге
Күнделікті қалта шығындары теңге – 3 000 теңге
Күнделікті нанға кететін ақша – 500 теңге
Той, жиындарға –  30 000 теңге
 
Жалпы шығын – 320 000 мың
Бір айдағы сальдо – минус 30 000теңге
 
🖍️ Жәудірдің түсініктемесі:

Кірісімізден шығысымыздың көп болғанына қарап, аз табыс табатынымызды аңғаруға болады. Бірақ бұл біздің аз жұмыс істейтіндігімізді білдірмейді. Үйге таңғы 7:30-дан кеткеннен кешке бірақ кіремін. Жалақысы жоғары жұмысқа орналасу әзірге бұйырмай тұр. Кейде, мен осы нені дұрыс істемей жүрмін деген сұрақ мазалайды. Мұның алдында түрлі тәттілер пісіріп, үйден де табыс таптым. Тапсырыс берушінің аздығы ма әлде шығынын ақтамадым ба әйтеуір көзін таба алмадым. Сонымен тоқтап қалды. Өзім құр уайымға салынғанша деп қолымнан келгенін істеуге асық болып тұратын адаммын. Балаларымды үйде қайын атам қарайтындықтан, балабақша төлеміне ақша кетпейді. Ал тұңғышым даярлық тобына барады. Айтқандай атамыздың зейнетақысы бар. Дегенмен дәрі-дәрмегі, баратын жері деген секілді өз шығындарына кетеді. Бірақ үйге ет алуға көмектеседі. Несиені де арасында төлеп беретінін айта аламын. Байқасам, ай сайын қарызға қарыз қосылады екен. Бұл мені одан әрі уайымға салып, денсаулығыма нұқсан келтіреді. Дегенмен Құдайдан ешқашан үмітімді үзген емеспін. Жеткілікті өмірдің боларына  сенемін. Бастысы, “бақытым – балаларым” деген анамын.
 
Өз отбасыңыздың бір айдағы қаржылық картинасымен бөліскіңіз келсе, «Табыс & Шығыс» айдарының колумнисті Мөлдір Бегімбетке хабарласыңыздар: WhatsApp +7 775 609 75 45

#финансы #табыс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2👌2🔥1