Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 25 маусым

✔️109 жыл бұрын Қазақстанда Ресей патшалығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Оған 1916 жылғы 25 маусымдағы “Қазақтардың тыл жұмыстарына реквизициялау туралы” патша жарлығы себеп болды. Аталған жарлыққа сәйкес, Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына жіберу жоспарланған еді. Ең ірі әрі ұйымдасқан көтеріліс Торғай өңірінде өтті. Ол Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін толық қамтыды. Оны халық батыры Амангелді Иманов басқарды. 1916 жылғы қозғалыс Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық соғыстан кейін алғаш рет бүкіл қазақ даласын қамтыған қозғалыс болды.

🙌25 маусым – Халықаралық теңізшілер күні. Олар — жаһандық экономиканың алға жылжуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандар. Мамандардың айтуынша, теңіз арқылы жүк тасымалдау — ең арзан әрі тиімді жол. Бүгінде әлемдік сауданың 80%-дан астамы дәл осы теңіз арқылы жүзеге асады. Бұл салада шамамен 1,5 миллион теңізші еңбек етеді.

Казахстан теңізге тікелей шыға алмаса да, елдің батысында Каспий теңізіндегі сауда флотының әлеуеті артып келеді. Осы өңірдің маңызды көлік-логистикалық орталығы — Ақтау теңіз порты.

Егер таныс теңізшілеріңіз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!


👍Сондай-ақ бүгін тері пигментінің өзгеруінен пайда болатын витилиго дертіне қарсы күрес күні аталып өтеді. Бұл күн Майкл Джексонның өмірден өткен күнімен тұспа-тұс келеді. Оған 1986 жылы дәл осы диагноз қойылған. Витилиго — адамның терісінде ақ дақтардың пайда болуымен сипатталады. Оның нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз. Өкінішке қарай, витилиго дертіне шалдыққандар көбінесе қоғам тарапынан түсініспеушілік пен кемсітушілікке ұшырайды. Дәрігерлер мұндай адамдардың ешкімнен кем еместігін, ал терідегі ерекшеліктердің — олардың табиғи болмысының бір бөлігі екенін түсіндіреді. Айта кетейік, бұл дертке шалдыққан жандардың қатарында әлемге әйгілі Майкл Джексонмен қатар, миллиардер Роман Абрамович пен АҚШ президенті Дональд Трамп та бар.

Егер таныстарыңыздың арасында осы аурумен ауыратын адамдар болса, оларға қолдау білдіріңіз!

👥25 маусым — қазақтың екі атақты адамының туған күні. 82 жыл бұрын театр және кино актері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Владимир Толоконников (1943-2017) дүниеге келді. Өнер иесі бірінші қазақ телехикаясы “Махаббат бекеті” және “Собачьем сердце” фильміндегі Шариков рөлімен танымал. Актер 75 жасында фильм түсірілімінде жүріп, жүрек талмасынан көз жұмды. Сонымен қатар бүгін режиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов 64 жасқа толды. Атырау тумасы бірнеше мәрте Forbes журналының нұсқасы бойынша Ресейдегі ең табысты режиссерлер тізімінде бірінші орыннан көрінген. Ол Голливудта Анджелина Джоли, Морган Фриман және Бенедикт Камбербэтч ойнаған 9 фильм түсірді. Тимурдың айтуынша, ол Қазақстанға бір күн болса да келудің жолын табады.

Сізге Тимур Бекмамбетовтың қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақстандағыкөтеріліс #Теңізшілеркүні #Витилигодиагнозы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ВладимирТолоконников #ТимурБекмамбетұлы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2👌1🙊1
💡💡💡💡💡💡💡

“Жеткілікті өмірдің боларына  сенемін”. Аз табыс тапса да, молшылықтан күдерін үзбеген ананың кіріс пен шығысына шолу
 
🟢 “Табыс & Шығыс” айдарында біз жасы, жынысы, мамандығы, тұрғылықты жері әртүрлі Қазақстан азаматтарының бір айда тапқан табысы мен шығынын есептейміз. Кіріс пен шығынды жатқа білу қаржылық сауатты арттырып, қарыздан құтылып, табысты болуға жетелейді.  

🔗 Бүгінгі кейіпкеріміз – Жәудір Мырзабай. 29 жастағы келіншек – балабақшада жұмыс істейді. Түркістан қаласында тұрады. 3 баланың анасы.

💸 Бір айдағы табысы:

Жұмыстағы жалақы – 90 000 теңге
Қосымша табыс –жоқ
Жолдасының табатыны  200 000 теңге
Жалпы табыс – 290 000 теңге
 
💵 Бір айдағы шығыны:

Азық-түлікке кететін шығын – 80 000 теңге
Кредиттерді өтеу – 70 000 теңге
Берешек қарыздар  – 80 000
Көліктің жанармайы және жөндеу жұмыстарына –20 000
Дәрі-дәрмекке шамамен – 10 000 теңге
Жол шығыны – 2 000 теңге
Коммуналды шығындар –  15 000 теңге
Абоненттік төлем – 3 000 теңге
Күнделікті қалта шығындары теңге – 3 000 теңге
Күнделікті нанға кететін ақша – 500 теңге
Той, жиындарға –  30 000 теңге
 
Жалпы шығын – 320 000 мың
Бір айдағы сальдо – минус 30 000теңге
 
🖍️ Жәудірдің түсініктемесі:

Кірісімізден шығысымыздың көп болғанына қарап, аз табыс табатынымызды аңғаруға болады. Бірақ бұл біздің аз жұмыс істейтіндігімізді білдірмейді. Үйге таңғы 7:30-дан кеткеннен кешке бірақ кіремін. Жалақысы жоғары жұмысқа орналасу әзірге бұйырмай тұр. Кейде, мен осы нені дұрыс істемей жүрмін деген сұрақ мазалайды. Мұның алдында түрлі тәттілер пісіріп, үйден де табыс таптым. Тапсырыс берушінің аздығы ма әлде шығынын ақтамадым ба әйтеуір көзін таба алмадым. Сонымен тоқтап қалды. Өзім құр уайымға салынғанша деп қолымнан келгенін істеуге асық болып тұратын адаммын. Балаларымды үйде қайын атам қарайтындықтан, балабақша төлеміне ақша кетпейді. Ал тұңғышым даярлық тобына барады. Айтқандай атамыздың зейнетақысы бар. Дегенмен дәрі-дәрмегі, баратын жері деген секілді өз шығындарына кетеді. Бірақ үйге ет алуға көмектеседі. Несиені де арасында төлеп беретінін айта аламын. Байқасам, ай сайын қарызға қарыз қосылады екен. Бұл мені одан әрі уайымға салып, денсаулығыма нұқсан келтіреді. Дегенмен Құдайдан ешқашан үмітімді үзген емеспін. Жеткілікті өмірдің боларына  сенемін. Бастысы, “бақытым – балаларым” деген анамын.
 
Өз отбасыңыздың бір айдағы қаржылық картинасымен бөліскіңіз келсе, «Табыс & Шығыс» айдарының колумнисті Мөлдір Бегімбетке хабарласыңыздар: WhatsApp +7 775 609 75 45

#финансы #табыс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2👌2🔥1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

👍Депутат бірнеше жұмысшы мамандықтың жалақысын өсіруді ұсынды

Тамаша!👍

👥Қаржылай қақпан: Заңсыз микроқаржы ұйымдары 300 мыңнан астам азаматты тақырға отырғызған

Сұмдық😨

🙌Киік санын 20 пайызға азайту жоспарланып отыр

Бұған не дейсіз?🤔

🤩Мобильді аударымдар қыркүйектен бастап тексеріледі

Жаңа талап екі айдан кейін күшіне енеді📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-8/

#Қазақстан #Жаңалықтар #жұмысшымамандық #жалақы #Заңсызмикроқаржыұйымдары #киік
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1👌1
💡📆📆📆📆📆 26 маусым

🙌26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аталып өтеді. БҰҰ мәліметінше, кейінгі 10 жылда нашақорлар саны 22 пайызға артқан. Әлемде 275 миллион нашақор болса, оның 18 мыңнан астамы қазақстандықтар. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да аз емес. Есірткіден болатын өлім-жітім бойынша Қазақстан 93 елдің ішінде 33-орында тұр. Көріп отырғанымыздай, нашақорлықпен күресте тек құқық қорғау шаралары жеткіліксіз. Оған халықтың өзі ғана нүкте қоя алады.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

😨Сонымен қатар бүгін халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні. Бұл күнді БҰҰ адамға жасалатын азаптаулар мен ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді жою мақсатында атап өтеді. 1987 жылдың 26 маусымында Азаптауға қарсы конвенция күшіне енді. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда жаппай тұтқындау орын алды. Прокуратураға құқық қорғау органдарының азаматтарды азаптау және құқықтарын бұзу фактілері туралы арыздар келіп түсті, олардың кейбір фактілері расталды.


👍Бүгін — тіс щеткасының пайда болған күні. Адамзат ауыз қуысының гигиенасына ерте кезден бастап мән берген. Ол үшін әртүрлі заттарды қолданған – матаның қиындылары, бұтақтар мен таяқшалардан жасалған арнайы тазалағыштар. Дегенмен оларды пайдалану әрдайым ыңғайлы бола бермеген. 1770 жылы 26 маусымда ағылшын азаматы Уильям Эддис алғашқы арзан әрі қолжетімді тіс щеткасын өнеркәсіптік жолмен өндіре бастады. Оның ойлап тапқан щеткасы қазіргі үлгіден айтарлықтай ерекшеленбейді.

Сіз қандай тіс щеткасын қолданасыз?


👥26 маусым — атақты екі әншінің туған күні. Бүгін OneRepublic ән жазушысы әрі вокалисі Райан Теддер 46 жасқа толды. Өнер иесі Адель, Бейонсе, Дженнифер Лопес, Элли Голдинг, Maroon 5 секілді әлем жұлдыздарына арнап ән жазған. Райан тоғыз рет “Грэмми” сыйлығына ұсынылып, оның үшеуін жеңіп алған. 2014 жылы Billboard басылымы оны “Поп-музыканың құптя королі” деп атады. Сонымен қатар бүгін ерекше дауыс тембрі бар америкалық әнші Ариана Гранде 32 жасын атап өтеді. Оның кәсіби мансабы бала кезінде Nickelodeon арнасынан бастау алды. Бүгінде ол альбом жазып, фильмдерде, телехикаяларда және театрда өнер көрсетеді. 2019 жылы Ариана Givenchy сән үйінің бет-бейнесіне айналды.

Сізге кім ұнайды: Арина Гранде немесе Райан Теддер?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Есірткігеқарсыкүрес #Азаптауқұрбандары #Тісщеткасыныңойлаптабылуы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #РайанТеддер #АрианаГранде
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2👌1
💡💡💡💡💡💡💡

Жанға жақын хоббиді қалай табуға болады? ТОП-5 кеңес

🟢 Күн сайын жұмыс, оқу, әлеуметтік желідегі дүрбелең, жауапкершілік… Адам кейде осының бәрінен шаршап, “маған не нәрсе шын мәнінде ләззат сыйлайды?” деген сұраққа тіреледі. Жанға жақын хобби өзіңізді қайта табуға, ішкі тыныштыққа қол жеткізуге, өмірді жаңа бояумен көруге көмектеседі.

1️⃣ Балалық шағыңызға үңіліңіз

Сіз кішкентай кезіңізде немен айналысқанды ұнаттыңыз? Сурет салу ма еді, билеу ме, әлде ермексаздан мүсін жасау ма? Көп жағдайда жанымызға ең жақын нәрселерді бала күнімізде сеземіз, бірақ есейгенде ұмытып кетеміз.

2️⃣ Жаңа нәрсе байқап көріңіз

Хобби іздеу кезінде қателесу – қалыпты нәрсе. Бірнеше апта тоқу үйреніп, кейін орта жолдан қалдырсаңыз өзіңізді жазғырмаңыз. Ол бекер кеткен уақыт емес. Себебі сіз өзіңізге сай келмейтін істі түсінесіз. Мүмкін керамика жасау жаныңызға жайлылық сыйлар, не болмаса табиғатта серуендеу, яки жазба жазған ұнайтын шығар?

3️⃣ Қандай күйде өзіңізді еркін сезінесіз?

Кей адамдар жалғыздықта шығармашылықпен айналысқанды ұнатады. Ал біреулер керісінше, ұжымдық істерден шабыт алады – волонтерлік, би топтары, дебаттар немесе командалық спорт түрлері. Өз энергияңызды не көтеретінін байқаңыз.

4️⃣ Хобби – табыс көзі емес, жан тыныштығы

Хобби табысты кәсіпке айналса жақсы, әрине. Бірақ бастапқыда сізге нағыз қуаныш сыйлайтын нәрсені іздеңіз. Ол үшін ешкімге есеп берудің қажеті жоқ. Бұл – сіздің жеке кеңістігіңіз, рухани демалысыңыз.

5️⃣ Өзгерістен қорықпаңыз

Қызығушылықтар уақыт өте өзгереді. Бүгінгі хобби ертең сіз үшін қызықсыз болып қалуы мүмкін – бұл табиғи құбылыс. Ең бастысы жаныңыз дамып, үнемі жаңа нәрселерге ашық болуыңыз.

✔️ Қорытынды

Хобби табу – өз жүрегіңе құлақ асу. Ол – ішкі баламен қайта табысу, өмірге деген құштарлықты ояту. Сондықтан жанға рахат сыйлайтын істі іздеуден шаршамаңыз, байқап көріңіз, құлшынысыңызды тоқтатпаңыз.

#қазынакеңес
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2👌2🤩1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

✔️Алдағы уақытта зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топ өкілдеріне несие рәсімдеу шектелуі мүмкін

Құлаққағыс!📌

🙌Қазақстандықтар өз үйлерінің шатырына күн батареяларын орнатып, табыс табуларына болады

Министрлік халыққа тиімді ұсыныс айтыпты😍

👥2024 жылға арналған жылжымайтын мүлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 қазанда аяқталады

Мемлекеттік кірістер комитеті ескерту жасады📍

🙌Алдағы уақытта барлық пойыз бейнекамерамен жабдықталады - ҚТЖ

Жақсы жаңалық екен!👍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-106/

#Қазақстан #Жаңалықтар #зейнеткерлер #әлеуметтікосалтоп #несие #үй #шатыр #күнбатареясы #жылжымайтынмүліксалығы #пойыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3👌1
💡📆📆📆📆📆 27 маусым

🙌27 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен микро, шағын және орта кәсіпорындар күні аталып өтеді. Бұл – құрамында 250 адамға дейін жұмыс істейтін компаниялар. Шағын болғанымен, олар кез келген елдің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады. Алайда мұндай кәсіпорындар көбіне бюрократиялық кедергілер мен қаржылай қиындықтарға тап болады. Осы күннің мақсаты – әлем елдері басшыларының назарын шағын бизнесті қолдау қажет екеніне аудару.
Биыл Қазақстанда 2,2 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Олар 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

👇27 маусым – Дүниежүзілік балықшылар күні. Қазіргі таңда әлемдік кәсіби балық аулау көлемі жылына шамамен 90 миллион тоннаны құрайды. Оның 90%-ы теңіздерден, қалғаны ішкі су айдындарынан ауланады. Балық шаруашылығы тікелей және жанама түрде 120 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл сала – халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік әл-ауқатты арттырудағы маңызды күш.

Таныс балықшыларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

👀Сондай-ақ 27 маусым – Дүниежүзілік микробиом күні. Адам ағзасындағы микробтардың саны адам жасушаларынан он есе көп. Олардың жалпы салмағы 5 килограмға дейін жетуі мүмкін. Ағзамыздағы бұл микроағзалар ас қорыту жүйесінен бастап көңіл күйге дейінгі барлық процеске әсер етеді. Әр адамның микробиомы ерекше және ол үш жасқа дейін ана сүті мен табиғи факторлардың ықпалымен қалыптасады. Кейін бұл жүйе өмір салты мен қоршаған ортаға байланысты өзгеріп отырады.

Бұл күн – өзіңді ішкі әлеміңмен жақынырақ таныстыратын ерекше мүмкіндік.

👥27 маусым — атақты екі адамның туған күні. Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкант Байғали Серкебаев 67 жасқа толды. Ол аты аңызға айналған A'Studio тобының продюсері әрі тұрақты жетекшісі, атақты опера әншісі Ермек Серкебаевтың ұлы. Сонымен қатар бүгін америкалық актер және продюсер Тоби Магуайр 50 жас мерейтойын атап өтеді. Ол “Өрмекші адам” трилогиясында (2002-2007) басты кейіпкерді сомдады, кейін 2021 жылы “Өрмекші адам: үйге жол жоқ” (2021) фильмінде бұл рөлді қайта ойнады. Осылайша, Марвел суперқаһармандары арасында бір кейіпкерді ең ұзақ сомдаған актер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Сізге Marvel суперқаһарманынан кім ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшедата #шағынжәнеортабизнес #балықшыларкүні #Микроағзалар #Туғанкүндер #Танымаладамдар #БайғалиСерікбаев #AStudio #Өрмекшіадам.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4👌1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Қара дуа"қорқынышты фильмі. Бай отбасының қызы Айжан дуаның құрбанына айналады. Оның жақындары балгерге жүгініп, қыздың үстінен дұға оқиды. Бірақ сиқырдың салдарынан Айжанның денесіне жын қонады. Басты рөлдерде: Нұрзат Болотбекова, Айсалқын Күйікбаева. Жас рейтингі: 18+

Біздің кино обзор мына жерде: https://youtube.com/shorts/xgaQIxMhJ1c?si=3yIPG9MFZTx59Fo4

🎬"Особенный доктор" мистикалық детективі. Контузиядан кейін басы ауырып жүрген запастағы әскери интернеттен “Ерекше дәрігер” деген клиниканы табады. Бұл жерде кез келген дерттен бір сеанспен айығуға уәде беріледі. Алайда ол кішкентай қыз-дәрігермен танысқан соң, өз ауруын ұмытып, балалар еңбегін заңсыз пайдаланғандарды әшкерелеуге кіріседі. Басты рөлдерде: Азиз Бейшеналиев, Галина Табала, Алексей Шемес, Шыңғыс Капин.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=nQWvjdnumDI

🎬"F1" спорттық драмасы. Формула-1 жарысының жұлдызы Сонни Хэйс 1990-жылдары болған ауыр апаттан кейін спорттан кеткен. Жылдар өткен соң жарыс командасының иесі одан команданың данышпан жас шабандозына тәлімгер әрі екінші пилот болуын сұрайды. Басты рөлдерде: Брэд Питт, Симон Эшли, Хавьер Бардем.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TOWNc5IgoII

🎬"Шпионская свадьба" комедиясы. Тропикалық арал, танымал аспаздардан дәмді ас, ақ көйлек – бәрі мінсіз той үшін дайын. Бірақ қалыңдықтың жан құрбысы – әлемдік қылмыстық ұйымдар көздеген құпия агент. Мереке қарсаңында қарулы жалдамалылар бай қонақтарды кепілге алады… Басты рөлдерде: Ребел Уилсон, Анна Кэмп. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Yag1EHaGFyA

🎬"Великая Лилиан Холл" өмірбаяндық драмасы. Аты аңызға айналған Бродвей актрисасы Лилиан Холл жаңа рөлге дайындалып жүр. Бірақ ол тез өршіген деменциямен күресіп, театрға деген махаббатын соңғы рет сахнада көрсетуге тырысады. Басты рөлдерде: Джессика Ланг, Пирс Броснан. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=rztMyqFzEzU

🎬"М3ган 2.0" триллері. М3ГАН-ның қанды оқиғасынан екі жыл өткен соң, оның жасаушысы Джемма жаңа қауіп – әскерилер жасап шығарған Амелия атты кибер-қауіпті тоқтату үшін М3ГАН-ды қайта тірілтуге мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джемейн Клемент, Эллисон Уильямс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=_KpAXPQBGIs

🎬" Астрал. Остров проклятых" қорқынышты фильмі. Жас жігіттер мен қыздар яхтамен серуен кезінде беймәлім аралға тап болады. Бұрын мұнда психиатриялық аурухана болған екен. Аралда қамалған зұлым рухтар бостандыққа ұмтылады… Басты рөлдерде: Тускя Намя, Ханна Ханнон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=eMiGgMlMXIw

🎬"100% тигр" мультфильмі. Тео — тасман жолбарысы, өз түрінің соңғы өкілі. Оны сәби кезінде кенгурулар тауып алып, өсірген. Бірақ бір күні Тео өз өткені мен түп-тамыры туралы аян көріп, жоғалған отанын құтқаруға аттанады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=DhPoDnQt0i8

🎬"Джамбо и маленькое приведение" мультфильмі. Донды бәрі “Джамбо” деп атайды — ол толық, шапшаң емес және спортқа ебі жоқ. Бірақ ол өзін дәлелдегісі келіп, “Голос” ән байқауына қатысуға бел буады. Оған көмектесуге кішкентай, сүйкімді елес келеді.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=YO4koXGXj3o

#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңафишасы #Қазақстанкинотеатрлары #ерекшедәрігер #Қарадуа
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

👀Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріледі

Министрлік жақсы жаңалықты жеткізіпті💸

👇Tele2/Altel-дің сатылымынан бюджетке 76 миллиард теңге түсті

Аталған байланыстарды қатарлықтар иемденді 📌

🙌2025 жылдың басынан бері Қазақстанға 5,5 мыңға жуық қандас көшіп келді

Тамаша!👍

👀Астанада Sergek жүйесімен жабдықталған дрондар сынақтан өтеді: енді тәртіп бұзғандар әуеден анықталады

Мәссаған, бұған не дейсіз?😮

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-9/

#Қазақстан #Жаңалықтар #еңтөменгіжалақы #Tele2 #Altel #қандас #Sergek #тәртіпбұзғандар #дрон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3😨3👍1👌1
💡📆📆📆📆📆 28 маусым

👀Бүгін — Қазақстанда Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні. 1991 жылы 28 маусымда Қазақстанда алғашқы “БАҚ туралы” заң қабылданды. Айта кету керек, бұрын бұл мереке 10 мамырда аталып өттң. Себебі 1870 жылы осы күні алғашқы қазақтілді басылым — “Түркістан уәлаяты газеті” жарық көрді. Алайда кейін бұл басылымның Ресей үкіметінің қаржыландыруымен шыққаны, оның беттерінде қазақ даласын отарлауды насихаттайтын материалдар жарияланғаны анықталды.

Егер таныс журналистерді білсеңіз, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!



🗣28 маусымда “шынайы құшақтау” күні де аталып өтеді. Бұл күн әлемде “Счастливый день сердечных объятий” деген атпен белгілі. Ғалымдардың пікірінше, тактильді байланыс адамның өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне зор ықпал етеді. Психологтар ұзақ өмір сүру үшін күніне 4 мәрте құшақ, деннің саулығы үшін 8 мәрте құшақ және интеллектуал тұрғысынан даму мен жеке өсу үшін 12 құшақ қажет деп санайды. Бұл күннің мақсаты – виртуалды әлемде көп уақыт өткізетін адамдардың назарын жан-жарына, ата-ана мен балаға деген сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде тактильді байланыстардың маңыздылығына аудару.

👀1997 жылы 28 маусымда бүкіл әлем көз тіккен рингте Майк Тайсон Эвандер Холифилдтің құлағынан тістеп алды. Мұндай әрекетке Майкты итермелеген жағдай — Холифилдтің басымен оның бетіне әдейі соққы жасауы еді. Жекпе-жек тоқтатылады, бірақ Тайсонға ескерту жасалғаннан кейін төреші жарысты жалғастыруға рұқсат береді. Алайда көп ұзамай Тайсон қарсыласының құлағының тағы бір бөлігін жұлып алған соң, жекпе-жек тоқтатылып, Тайсон жарыстан шеттетілді. Сондай-ақ ол 3 миллион доллар айыппұл төледі. 2009 жылы танымал телешоуда Тайсон Холифилдтен кешірім сұрады. Өз кезегінде ол “Темір” Майкқа кешірім берді.

Ұлы Тайсонның ерсі әрекетін мына жерден көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=zKPMVex-UKk


👥28 маусымда өмірге келген танымал тұлғалар. 313 жыл бұрын француз философы, жазушы, ағарту дәуірінің ойшылы Жан-Жак Руссо (1712-1778) дүниеге келді. Ол сентиментализм бағытының негізін қалаушы. Руссо табиғатқа қайтуды насихаттап, адамдар арасындағы толық әлеуметтік теңдікті орнатуға шақырды. Сонымен қатар бүгін әлемдегі ең бай адам Илон Маск 54 жасқа толды. Ол SpaceX негізін қалаушы, бас директоры әрі бас инженері; Tesla инвесторы, бас директоры; The Boring Company, Neuralink және OpenAI негізін қалаушы. 2022 жылы ол Twitter желісін сатып алды. Биыл оның байлығы 350 миллиард долларды құрады.

Илон Масктың туған күніне қандай жылы лебізіңізді білдіресіз?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ҚазақстанныңБАҚтары #тактильдібайланыс #Тайсонныңтістеуі #Туғанкүндер, #ЖанЖакРуссо #ИлонМаск
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

28-29 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады?

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🤞"Қияли ойлар" көрмесі

Көрмеге қойылған туындылар көрерменге әлемді өз түйсігімен көруге, көзге көрінетін нәрсенің ар жағынан сыр іздеуге мүмкіндік береді. Бұл картиналар сананы түртіп, жанға әсер ететін қарапайым әрі күрделі оқиғалардың терең мағынасын ұғынуға жетелейді. Экспозиция көркем ойдың кеңістігінде шындық, түс және миф арасындағы шекараларды еркін аралайды.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 28 және 29 маусым, 11:00 – 19:00

👀"Композитор" фильмінің көрсетілімі

Аталған туындыда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Алматыға тап болып, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достық байланыс орнатқан қытай композиторы Сянь Синхайдың тағдыры суреттеледі. Қазақстан мен Қытай бірлесе түсірген бұл өмірбаяндық драма — тарих қойнауынан сыр шертетін терең мазмұнды шығарма.

Орны: "Арман" кинотеатры, Достық даңғылы, 104
Күні: 28 маусым, 19:00

💄GIRLHOOD көрмесі

Көрмеге қойылған суреттер әйелдер арасындағы рухани жалғасты бейнелейді. Олар бұл желіні өз ішіне бүгіп, тұйықтап қоймай, қайта оны жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Өзге әйелдерден берілген өмірлік тәжірибе көрерменнің ішкі жан дүниесімен ұштасып, жеке әрі терең сезімге жетелейді.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00-22:00

👤AIGA әлем чемпионаты

AIGA — түрлі техника мен мектеп, әр алуан күрес стилі тоғысқан спорттық жекпе-жектің ең көрнекті түрлерінің бірі. Бұл – шеберлік пен шыдамдылық сынға түсетін, нағыз мықтылардың айқасы.
⠀
📍 Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 44
Күні: 29 маусым, 09:00 – 17:00

👥"Құмтышқанның түсі" көрмесі

Медиа суретші Алена Бражникова-Агаджикова нейрожелілердің көмегімен өзінің балалық қиялында ғана бар Түрікменстан туралы естеліктерді жандандырад. Бұл – атасының әңгімелері мен бала кезгі армандардан туған елге деген сағыныш пен естеліктің, қиял мен технологияның тоғысындағы нәзік әрі әсерлі көрме.

Орналасқан жері: 101 dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 28 және 29 маусым, 14:00 – 21:00


АСТАНА:

🦋"RUUIN KIM/RUHIN Kim" көрмесі

Қонақтарды Лейла Махаттың өзін-өзі анықтаудың өзекті мәселесін қозғайтын Жаңа 37 картинасы күтеді. Мұнда тамырлар туралы есте сақтаудың маңыздылығы ұрпақтар беретін рухани байлықпен тең.

Орны: LM Kulanshi Art галереясы, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00 - 16:00

💐"QAZAQ CONTENT" көрмесі

Көрерменге Лейла Махаттың өзіндік болмыс пен рухани тамыр жайлы ой қозғайтын жаңа 37 туындысы ұсынылады. Бұл шығармаларда адам баласының тегін ұмытпай, рухани байлығын сақтап, оны ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы көркем тілмен бейнеленген.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00 - 20:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍3🤩2