Газа секторына жасалған соққылар кезінде журналистер қаза тапты
Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәуліктің басынан бері Газа секторында кемінде 11 палестиндік көз жұмған. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш журналист бар. Тағы алты адам жараланған.
Al Jazeera мәліметінше, Газа денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мунир әл-Бурш сәрсенбі күні израильдік соққы фотожурналистер отырған автокөлікке тигенін хабарлады. Оның айтуынша, қаза тапқан үш журналист Мысырдың Газаға көмек көрсету комитетімен бірлесіп жұмыс істеген. Бұл комитет анклавтағы Мысырдың гуманитарлық жобаларын үйлестіреді.
Қаза тапқандар — Анас Гунаим, Абдул Ра’уф Шаат және Мохаммад Кешта. Әріптестері мен медицина қызметкерлерінің айтуынша, олар Газаның орталық бөлігінде, Нецарим дәлізіне жақын аумақта қызмет атқарған. Оқиға орнындағы журналистердің мәліметінше, олармен бірге тағы бір адам қаза тапқан.
Әлеуметтік желілерде жол жиегінде өртеніп кеткен көліктің фото және видеолары тарады — оның үстінен әлі де түтін көтеріліп тұрғаны көрінеді. Комитет өкілі Мохаммед Мансур Associated Press агенттігіне журналистер ішкі қоныс аударған адамдарға арналған жаңа лагерьді түсіріп жүргенін айтты. Оның сөзінше, соққы Израиль бақылау аймағынан шамамен бес шақырым қашықтықта жасалған, ал көлік Израиль әскери күштеріне Мысыр комитетінің транспорты ретінде белгілі болған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱1😢1
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
Эльвира Әзімова ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы.
Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.
Аида Балаева ‒ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.
Айдар Жарылғанов – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық
комиссияның хатшысы.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Эльвира Әзімова ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы.
Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.
Аида Балаева ‒ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.
Айдар Жарылғанов – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық
комиссияның хатшысы.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔5😡2❤1👎1
Сарапшы: Теңіздегі жағдай Қазақстан экономикасына тікелей қауіп төндіреді
«Теңізшевройл» компаниясы Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны — Теңізден мұнай жеткізуге байланысты форс-мажор жариялады. Бұл ел экспортының басым бөлігіне қауіп төндіруі мүмкін. Ресми себеп — электрмен жабдықтаудағы ақау. Алайда жағдай бұдан да күрделі болуы ықтимал.
Өрт пе, әлде КҚК мәселесі ме?
Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов форс-мажордың негізгі себебі трансформатордағы өрт емес деп есептейді.
Оның айтуынша, Теңізден өндірілген мұнай экспортқа шығу үшін Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы өтеді. Ал дәл сол терминалда бірнеше айдан бері күрделі техникалық мәселелер бар.
— Өрттен кейін форс-мажор жарияланғанымен, бұл екі оқиғаның бір-біріне тікелей қатысы жоқ. ТШО-да мұндай жағдайларға арналған қосалқы жүйелер де, резервтер де бар. Сондықтан 18 қаңтардан бастап өндірістің тоқтауы КҚК-дегі проблемалармен байланысты болуы мүмкін, — дейді сарапшы.
Кім өндіруі керек?
Сарапшы Теңіздегі мұнай өндірудің уақытша тоқтауы (мүмкін ай соңына дейін) бүкіл Қазақстан экономикасына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.
Негізгі табыс көзі саналатын мұнай өндірісі мен экспортының қысқаруы:
бюджетке түсетін салық көлемінің азаюына;
елге келетін валютаның төмендеуіне;
теңге бағамының әлсіреу қаупіне әкелуі ықтимал.
Сонымен қатар Теңіздегі қиындықтар мердігер компанияларға төлемдердің тоқтауына да себеп болуы мүмкін.

😱2
QazaqGaz төңірегіндегі қара бұлт: Тоқаев Қазақстанның газ монополиясын не үшін қатаң сынға алды?
20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев QazaqGaz ұлттық компаниясын өткір сынға алды. Мемлекет басшысы газ саласындағы монополистің жұмысын ашық сынап, компания көп қаржы жұмсайтынын, бірақ аз өндіретінін әрі даму қарқыны баяу екенін атап өтті.
QazaqGaz-дың түйткілді мәселелері қандай, оларды қалай шешуге болады және Қазақстанға газ нарығын бәсекеге қабілетті ету уақыты келген жоқ па? Осы сауалдарға жауап іздеу үшін Ulysmedia.kz сарапшылармен сөйлесті.
«Мүлде жол беруге болмайды»
Құрылтай барысында президент QazaqGaz Қазақстандағы газ кен орындарының әлеуетін толық пайдаланбай отырғанын айтты.
2025 жылы «көгілдір отын» импорты 18 пайызға өсіп, 4,5 млрд текше метрге жеткен. Егер ұлттық компания жаңа учаскелерді барлау мен игеруге белсендірек кіріскенде, бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болар еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев QazaqGaz ұлттық компаниясын өткір сынға алды. Мемлекет басшысы газ саласындағы монополистің жұмысын ашық сынап, компания көп қаржы жұмсайтынын, бірақ аз өндіретінін әрі даму қарқыны баяу екенін атап өтті.
QazaqGaz-дың түйткілді мәселелері қандай, оларды қалай шешуге болады және Қазақстанға газ нарығын бәсекеге қабілетті ету уақыты келген жоқ па? Осы сауалдарға жауап іздеу үшін Ulysmedia.kz сарапшылармен сөйлесті.
«Мүлде жол беруге болмайды»
Құрылтай барысында президент QazaqGaz Қазақстандағы газ кен орындарының әлеуетін толық пайдаланбай отырғанын айтты.
2025 жылы «көгілдір отын» импорты 18 пайызға өсіп, 4,5 млрд текше метрге жеткен. Егер ұлттық компания жаңа учаскелерді барлау мен игеруге белсендірек кіріскенде, бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болар еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сенаторларға қатысты шешім шықты ма?
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай сенаторлардың тағдырына қатысты ойын айтты.
📍МӘН-ЖАЙЫ
Бибігүл Жексенбайдың сөзінше, әзірге комиссия шешім шығарған жоқ.
- Жұмыстарымыз өте көп. Бірінші кезекте мандатымызға сәйкес атқаратын жұмыстарымыз бар. Өзгерістерді партия, депутаттың міндетіне байланысты шешеді деп ойлаймыз. Бәрі уақытымен болады. Алдағы міндетіміз бар заңмен жұмыс істеу. Қазіргі әріптестеріміздің бәрі тәжірибелі. Қай бағытта болса да орнын табады, – дейді депутат.
📌БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, енді жаңа парламент Құрылтай деп аталады. Бір палаталы парламентте 145 депутат болады.

ULYSMEDIA.KZ
Нұрайдың өлімі: Шымкент полициясының басшылығы қызметінен кетті Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары қызметінен кетті. ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм…
Нұрай Серікбайдың арызын қарамай қойған полицейлерге қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.
- Ішкі істер министрінің орынбасары Нұрайды некеге тұруға мәжбүрлеу фактісі бойынша жазған арызын тиісті деңгейде қарамай, қылмыстық іс тіркемей, салғырттық танытқан бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты "қызметіне салғырттық танытты" деген баппен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, дейді адвокат.
ПРЕЗИДЕНТ РЕАКЦИЯСЫ
Еске салайық, бүгін Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне қатысты пікір білдірген болатын. Артынша Шымкент полициясының басшылығы қызметінен кетті.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.
- Ішкі істер министрінің орынбасары Нұрайды некеге тұруға мәжбүрлеу фактісі бойынша жазған арызын тиісті деңгейде қарамай, қылмыстық іс тіркемей, салғырттық танытқан бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты "қызметіне салғырттық танытты" деген баппен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, дейді адвокат.
ПРЕЗИДЕНТ РЕАКЦИЯСЫ
Еске салайық, бүгін Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне қатысты пікір білдірген болатын. Артынша Шымкент полициясының басшылығы қызметінен кетті.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында мектептегі үзіліс кезінде жасөспірім қайтыс болды
Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сәтбаев атындағы орта мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды.
Ресми мәліметке сәйкес, 21 қаңтар күні үзіліс кезінде 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы кенеттен нашарлаған. Мектеп әкімшілігі бірден жедел жәрдем шақырған.
– Жүргізілген реанимациялық және медициналық шараларға қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, – деп хабарлады Алматы облысының білім басқармасы.
Марқұм жасөспірім 26 ақпанда 16 жасқа толуы тиіс болған.
ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ
Шенеуніктердің айтуынша, оқиға кезінде оқушымен бірге осы мектепте педагог болып жұмыс істейтін әжесі болған.
Оқушының қайтыс болу дерегі бойынша уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сәтбаев атындағы орта мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды.
Ресми мәліметке сәйкес, 21 қаңтар күні үзіліс кезінде 15 жастағы жасөспірімнің жағдайы кенеттен нашарлаған. Мектеп әкімшілігі бірден жедел жәрдем шақырған.
– Жүргізілген реанимациялық және медициналық шараларға қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, – деп хабарлады Алматы облысының білім басқармасы.
Марқұм жасөспірім 26 ақпанда 16 жасқа толуы тиіс болған.
ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ
Шенеуніктердің айтуынша, оқиға кезінде оқушымен бірге осы мектепте педагог болып жұмыс істейтін әжесі болған.
Оқушының қайтыс болу дерегі бойынша уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2😢2
Қазақстандық кәсіпкер «Қазцинкті» сатып алмақ: жаңа деректер
Бұған дейін халықаралық тау-кен компаниясы ERG-дегі үлестің бір бөлігін сатып алған кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп KazZinc Group Ltd атауымен жаңа компания тіркеді. Бұл «Қазцинкті» сатып алу жөніндегі көптен бері айтылып жүрген келісімнің рас екенін айғақтайды.
«Жаңа» Kazzinc
21 қаңтар күні Шахмұрат Мүтәліп Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында екі компанияны тіркеген.
Олардың алғашқысы — KazZinc Group Ltd. Компания холдинг құрамында мыс, қорғасын және мырыш өндірумен айналыспақ. Құжаттарда компанияның бас директоры әрі иесі ретінде Шахмұрат Мүтәліптің өзі көрсетілген.
Корпоративтік электронды пошта Дархан Естиярдың атына тіркелген. Ол — Шахмұрат Мүтәліпке тиесілі Integra Construction KZ құрылыс тобының құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры.
Екінші жеке компания Central Asia Resources Holding Ltd деп аталады және дәл осы параметрлермен тіркелген. Оның негізгі қызмет түрі ретінде де түсті металдар өндіру көрсетілген.
Мәміле туралы не белгілі
Аталған екі компанияның тіркелуі Integra Construction KZ иесі Шахмұрат Мүтәліптің Kazzinc бизнесін шынымен сатып алып жатқанын растайды.
Бұл жөнінде қауесеттер өткен жылдың соңында-ақ тарағанымен, мәміле ресми түрде расталмаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Шахмұрат Мүтәліп швейцариялық Glencore компаниясына тиесілі «Қазцинктегі» 70 пайыз акцияны сатып алуға қызығушылық танытқан.

❤5
ULYSMEDIA.KZ
Qirsabyn телеграм-арнасына қатысты іс сотқа жолданды Qirsabyn телеграм-арнасының әкімшілеріне қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ulysmedia.kz ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Редакцияның мәліметінше, іс Астана…
Qirsabyn ісі журналистерсіз қаралады
Анонимді Qirsabyn телеграм-арнасының әкімшілеріне қатысты сот процесі жабық режимде өтеді. Бұл журналистердің сот залына кіруіне тыйым салынады деген сөз.
Мұндай шешім барлық тараптың — мемлекеттік айыптаудың, қорғау тарапының және жәбірленушілердің өтінішхаттары негізінде қабылданған. Ресми себеп ретінде «сот барысында жеке өмірге қатысты мәліметтер талқыланады» деген уәж айтылған.
— Сотқа мемлекеттік айыптаушыдан, айыпталушылардың қорғаушыларынан, сондай-ақ жәбірленушілерден бұл істі жабық сот отырысында қарау жөнінде өтінішхаттар түсті. Себебі қылмыстық іс материалдарында олардың жеке өміріне қатысты мәліметтер бар, — деп түсіндірді Астана қалалық сотында.
Істі елордалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарап жатыр. Бұл іс ең басынан-ақ құпия болды. Тергеуді Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген.
Олардың мәліметінше, Qirsabyn әкімшілеріне қатысты қылмыстық іс «Қорқытып алу» және «Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу» баптары бойынша қозғалған. Алайда сотта оларға тек Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы — «Ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқытып алу» бойынша айып тағылды.
Аталған бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

❤2🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды.
Видеодан Тоқаевтың құжатқа қол қояр алдында Трампқа жақын келіп, оған бірнеше сөз айтқаны байқалады. Ал Трамп өз кезегінде Тоқаевтың иығынан қағып жауап қатқан.
Бұған дейін Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барғанын хабарлаған еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды.
Видеодан Тоқаевтың құжатқа қол қояр алдында Трампқа жақын келіп, оған бірнеше сөз айтқаны байқалады. Ал Трамп өз кезегінде Тоқаевтың иығынан қағып жауап қатқан.
Бұған дейін Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барғанын хабарлаған еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Қазақстанның сыртқы саясаттағы орны қайда?
Бүгін Давоста ең ірі әрі ықпалды елдердің көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды. Құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қол қойып жатыр.
Трамптың бұл бастамасы бастапқыда Газа секторы төңірегіндегі жағдайды реттеуге арналған жаңа жаһандық құрылым құруды көздеген еді. Алайда кейін Кеңестің ықпал ету аясын кеңейту туралы шешім қабылданды.
Жарғыға қол қою рәсіміне ондаған мемлекеттің өкілі қатысып жатыр. Олардың қатарында Сауд Арабиясы, Түркия, Мысыр, Иордания, Индонезия, Пәкістан, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, сондай-ақ Азия мен Таяу Шығыстың бірқатар елі бар.
Қазақстан Давосқа халықаралық қақтығыстарды диалог арқылы және бейбіт жолмен реттеуді дәйекті түрде қолдайтын мемлекет ретінде шақырылды. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың түсіндіруінше, Тоқаев бұл шақыртуға әлемдік көшбасшылардың алғашқыларының бірі болып ие болған және әлемде бейбітшіліктің болуына өз үлесін қосуға дайын екенін растаған.

Инфляция мен табыстың төмендеуі: қазақстандықтар үкіметке сенуден қалды
Қазақстандықтардың жартысына жуығы үкіметке сенбейді және билік елдегі экономикалық мәселелерді шеше алмай отыр деп есептейді.
Тоңазытқыш пен теледидар текетіресі
Demoscope жобасы 2025 жылы Қазақстан тұрғындары арасында жүргізілген үш сауалнаманың қорытындысын жариялады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жоғары инфляция қазақстандықтардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсіріп, халықтың билікке деген сенімінің төмендеуіне алып келген.
Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 82 пайызы 2025 жылы азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының қымбаттағанын айтқан.
Жыл басында шығындарының едәуір артқанын көрсеткендер саны көбірек болған — үш сауалнаманың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш 68,6 пайызға жеткен. Ал респонденттердің небәрі 11 пайызы ғана 2025 жылы шығындары өзгермегенін мәлімдеген.
— Негізгі факторлар — жоғары инфляция мен ұлттық валютаның әлсіреуі. Бұл жағдайлар халықтың сатып алу қабілетіне қысымын жалғастырды, — деп атап өтті Demoscope сарапшылары.
Фото: ЖИ

😢1💯1
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойды. Видеодан Тоқаевтың құжатқа қол қояр алдында Трампқа жақын…
Тоқаев Трампқа не деді
Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамп не туралы сөйлескенін айтты.
Желдібайдың сөзінше, бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдаған.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, – дейді Руслан Желдібай.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» жарғысына қол қойған болатын.

🤔1
Ресми: Иранда наразылық кезінде 4,9 мың адам қаза тапқан
Иран билігі елдегі жаппай наразылықтарды басу барысында қаза тапқандар санына қатысты ресми мәліметті алғаш рет ашық түрде жариялады. Алайда аталған көрсеткіштер құқық қорғау ұйымдары келтірген деректерден едәуір төмен.
Мемлекеттік телеарна Ішкі істер министрлігі мен қаза тапқандардың отбасымен жұмыс істейтін Шахидтер мен ардагерлер істері қорының мәлімдемесін таратты. Ресми дерекке сәйкес, наразылықтар кезінде 3 117 адам қаза тапқан, деп жазады Euronews.
Олардың 2 427-сі бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері екені көрсетілген. Ал қалған марқұмдарға қатысты нақты мәлімет берілмеген.
Бұған дейін Иран билігі мұндай ақпаратты мүлде жарияламаған немесе сыншылардың пікірінше, адам шығынын әдейі төмендетіп көрсетіп келген.
Ал АҚШ-та орналасқан HRANA (Human Rights Activists) құқық қорғау ұйымының мәліметінше, кемінде 4 902 адам қаза тапқан. Ұйым өкілдері нақты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

😢3
Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылған жоқ - ғалым
Қазақ тарихын Америкада зерттеп жүрген тарихшы Ян Кэмпбелл "Қазақстанның Ресейге "өз еркімен қосылғаны" туралы әңгімеге жауап берді.
Ян Кэмпбелл – Дэвистегі Калифорния университетінің тарих профессоры, соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы Ресей империясының Қазақстандағы отарлау саясатын зерттеп келеді.
Ол "Цукербергтің көршілері" подкасында "Қазақстанның Ресейге "өз еркімен қосылғаны" туралы әңгіме қаншалық рас не өтірігін айтып берді.
“Мен мектепте білім алып жүргенде Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды деп айтатын еді. Кіші жүздің Әбілқайыр ханы Орыс императрицасы ІІ Екатеринаға барып, қорғаныш бол деп сұрады деп оқыдық. Сонда бұл миф болғаны ма?”, – деп сұрады ғалымнан журналист Ақсәуле Әлжан.
ТАРИХШЫНЫҢ ЖАУАБЫ
Ян Кэмпбеллдің сөзінше, адамдар осылай айтқанда асыра сілтеу бар.
- Сол сәттің маңызын, барлық салмағын, дұрыс көрсетпейтін секілді. Бұл тек Әбілқайыр ханның жағдайында емес, осы сияқты пікірлер жалпы Ресей империясының ұлғаюына қатысты айтылады. Ресей оңтүстік пен шығысқа ұлғая отырып, келесі келісімдерге енеді: даладағы басқа да күш иелерімен келісімге келеді. Ол қазақ хандығы болсын, қалмақтар болсын… Ол хандар болса, екі тәуелсіз мемлекет арасындағы келісімге қол қойып жатырмыз деп ойлайды. Бір-біріне көмек, қорғаныш болу үшін десек те болады және кейде әдейілеп, қасақана жасалған, кейде солай болған, түсініспеушілік арқылы. Ал Ресей мұны “одақтастық, альянс” деп емес, “қол астына өту келісімі” деп түсінеді. Осындай түсініспеушіліктер болып тұрды басында, – дейді маман.

❤8👍1
Биыл медициналық ұйымдарда жаппай тексеріс жүргізіледі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша жоспарлы бақылау шараларын қайта бастайды.
2026 жылға арналған кестеге сәйкес, бақылау шаралары 118 мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымды қамтиды.
Тексеру барысында негізгі назар:
білікті медициналық кадрлардың болуына,
қажетті медициналық жабдықтардың жеткіліктілігіне,
ғимараттар мен үй-жайлардың белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға сәйкестігіне аударылады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 57 медициналық ұйымға профилактикалық бақылау жүргізіледі. Бұл тексерулер мамандардың нысанға барып, алдын алу сипатында жүзеге асады.

👍5🥴1
Жаңалықтар дайджесті: 21 қаңтарға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Еуропарламент тағы да фон дер Ляйенді орнынан түсіре алмады
- Берлинде тыңшылық күдігімен әйел ұсталды
- Ресей финн өнімдерін санкцияға қарамай алып жатыр
- Қазақ тілін үйрететін ойынға 242 миллион теңге жұмсалған
- Бағдаршамды елемегендерге қайтадан емтихан міндеттелді
- Италияда өткен жарыста қазақ қызы жеңімпаз атанды
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Еуропарламент тағы да фон дер Ляйенді орнынан түсіре алмады
- Берлинде тыңшылық күдігімен әйел ұсталды
- Ресей финн өнімдерін санкцияға қарамай алып жатыр
- Қазақ тілін үйрететін ойынға 242 миллион теңге жұмсалған
- Бағдаршамды елемегендерге қайтадан емтихан міндеттелді
- Италияда өткен жарыста қазақ қызы жеңімпаз атанды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Путин Кремльде Трамп өкілдерімен жабық келіссөз өткізді
Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Дональд Трамптың өкілдері — арнайы уәкіл Стив Уиткофф, Джаред Кушнер және кеңесші Джош Грюнбауммен жабық кездесу өткізді. Келіссөздер 3,5 сағаттан астам уақытқа созылған.
Кремльдегі жабық келіссөздер: кімдер қатысты?
22 қаңтар күні кешке Кремльде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату мүмкіндігіне қатысты жабық кездесу өтті. Мәліметке сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілдерімен — арнайы уәкіл Стив Уиткоффпен, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен және аға кеңесші Джош Грюнбауммен келіссөз жүргізген.
Кушнердің қазіргі таңда АҚШ әкімшілігінде ресми лауазымы жоқ екені айтылғанымен, ол Ақ үйдің дипломатиялық және саяси бастамаларына қатысуды жалғастырып келеді. Ал жуырда құрылған «Бейбітшілік кеңесінің» аға кеңесшісі болып тағайындалған Грюнбаум мұндай деңгейдегі келіссөздерге алғаш рет қатысқан.
Кездесу қанша уақытқа созылды және Ресей тарапынан кімдер болды?
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу жабық форматта өтіп, үш жарым сағаттан астам уақытқа созылған. Ресей тарапынан Путинмен бірге келіссөздерге президенттің көмекшісі Юрий Ушаков, РФ президентінің арнайы өкілі әрі Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қатысқан.
Талқылау қорытындысы бойынша Юрий Ушаков БАҚ өкілдеріне телефон арқылы брифинг өткізеді деп күтілуде.

Нұрай Серікбайдың арызын қарамай қойған полицейлерге қылмыстық іс қозғалды Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. - Ішкі істер министрінің орынбасары Нұрайды некеге тұруға мәжбүрлеу фактісі бойынша жазған арызын тиісті деңгейде…
Нұрайдың өлімінен кейінгі ауыс-түйіс: Әр қанды оқиғадан кейінгі отставка полициядағы мәселені шеше ме?
21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Шымкент полиция департаментінің бүкіл басшылығы қызметінен босатылды. Ішкі істер министрлігі «салғырттық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Отставка мен іс қозғау мәселенің шешімі ме? Полицияның жұмысын құқық қорғаушылар қалай бағалайды? Ішкі істер министрлігіне түбегейлі реформа жасау қажет пе?
Шымкенттегі қанды оқиға
11 қаңтарда Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы аяусыз пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткені жөнінде ақпарат тарады. Кейіннен қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Қанды оқиғадан кейін марқұмның туыстары күдікті былтыр қазан айында Нұрайды еркінен тыс алып қашқанын, оған қыз да, ата-анасы да көнбей, полицияға шағымданғанын айтқан. Бірақ күдікті енді маңына жоламауға уәде бергеннен кейін Нұрай Серікбай кешірім берген. Алайда ол қыр соңынан қалмай қойған. Осыдан соң марқұмның туыстары тағы да полиция мен прокуратураға шағымданған. Бірақ құзырлы органдар әрекетсіздік танытқан. Осы ақпарат тарағаннан кейін әлеуметтік желіде «егер құзырлы органдар дер кезінде әрекет еткенде адам өлімі болмас еді» деген пікірлер көбейді.

❤1👍1🥴1
ULYSMEDIA.KZ
Яна Легкодимованың өлімі: екі күдікті үкімге шағым түсірген Яна Легкодимованың өліміне себепкер болған қаскөйлер апелляциялық шағым түсірді. Ақпаратты Атырау облыстық соты растады. Іс әзірге облыстық сотқа түспеген. Апелляциялық отырыс қашан өтетіні белгісіз. …
Галина Легкодимова: «Қызымды өлтіргендер өмір бойы түрмеде отыруы тиіс»
Атырауда Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандар үкімді қайта қарауға тырысып жатыр.
Жәбірленуші тарап — Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова мен оның заңды өкілдері сотталғандардың апелляциялық шағымдарын алған. Қазіргі уақытта адвокаттар құжаттарды зерделеп жатыр.
Осыдан кейін апелляциялық сот отырысының күні белгіленеді.
АНАСЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Галина Легкодимова апелляциялық шағымның түскенін «Жетінші арнаға» растады. Қатыгездікпен қаза тапқан қыздың анасы сот үкімі өзгермеуі тиіс екенін мәлімдеді.
- Мен бір ғана нәрсені талап етемін — қызымды өлтіргендер өмір бойына түрмеде отыруы керек, – деді ол.
ҮКІМ
Еске салайық, былтыр 17 қарашада Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шыққан болатын. Күдікті Ризуан Асланов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.