Белсендінің соты басталған сәтте полиция күзеті күшейтілді
Алматыда белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталды.
Алматының қалалық сотына Мирболат Мырзатайұлының 60-тан астам жақтасы жиналды. Олар процесті онлайн бақылап отыр.
Сот ғимараты маңында полиция күзеті күшейтілген. Автозак, потрульдік полиция машиналарының қарасы көп.
КОНТЕКСТ
Мирболат Мырзатайұлы былтыр қыркүйек айында ұсталып, оған қоқыс жинайтын мекеме басшысынан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылған. Алмалы аудандық соты оны төрт жылға түрме жазасына кескен.
Белсенді өзіне тағылған айыппен де, үкіммен де келіспеген. Ол апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.
15 қаңтарда Мирболат Мырзатайұлы Алматыдан Тараз түрмесіне ауыстырылды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🤬3
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру дауына экс-білім министрі неге араласпай отыр?
Жекеменшік мектептерді жан басына шаққандағы қаржыландыруға қатысты дау күшейіп, президент пен премьер-министр бұл саланы реттеуді тапсырған тұста Ulysmedia.kz тілшісі бұрынғы білім және ғылым министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовпен сөйлесті.
Төрт жыл бұрын, жекеменшік білім беру секторы қарқынды дами бастаған кезеңде дәл осы ведомствоны Аймағамбетов басқарған еді. Сол уақытта жекеменшік мектептер жаппай мемлекеттік тапсырыс ала бастады, ал жан басына шаққандағы қаржыландыру моделі мемлекеттік мектеп салуға балама әрі тиімді шешім ретінде ұсынылған.
Аймағамбетов сол кезде бұл жүйе алаяқтыққа қолайлы ортаға айналуы мүмкін екенін білді ме екен және неге қазір парламент мінберінен бұл мәселеге пікір білдірмей отыр?
Жекеменшік мектептер: бес жылдан кейін де сол бір мәселе
Мәжіліс дәлізінде біз Асхат Аймағамбетовке қарапайым сұрақ қойдық: ол бүгінде Қаржы министрлігі айтып отырған қауіп-қатерлерді төрт жыл бұрын, министр болған кезінде білді ме? Алдымен, экс-министр бұл тақырыптан «сырғып өтпек» болды.
— Маған материалдарды көрсетіңіздер, нақты не туралы екенін білсем, пікір білдіре аламын. Бірақ мұндай мәселеге негізінен Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі түсініктеме беруі керек деп ойлаймын, — деді ол.

❤1
ULYSMEDIA.KZ
Белсендінің соты басталған сәтте полиция күзеті күшейтілді Алматыда белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталды. Алматының қалалық сотына Мирболат Мырзатайұлының 60-тан астам жақтасы жиналды. Олар процесті онлайн…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мирболат Мырзатайұлының жақтастары оны босатуды талап етті
Алматыда сот үкімімен төрт жылға сотталған белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының жақтастары оны босатуды талап етті.
Бүгін Алматыда Мирболат Мырзатайұлының аапелляциялық соты өтіп жатыр. Белсендінің қорғаушылары оны ақтап, босатуды сұрады.
Прокурор оған қарсылық білдірді. Сот алқасы кеңесу бөлмесіне кетті.
Мирболат Мырзатайұлының жақтастары сот ғимараты алдында оны босатуды талап етіп, ұрандатты. Қалалық әкімдік өкілі Әлімбаев жиналғандарға шараның заңсыз екенін айтып ескерту жасады.
КОНТЕКСТ
Мирболат Мырзатайұлы былтыр қыркүйек айында ұсталып, оған қоқыс жинайтын мекеме басшысынан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылған. Алмалы аудандық соты оны төрт жылға түрме жазасына кескен. Белсенді өзіне тағылған айыппен де, үкіммен де келіспеген. Ол апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

👍7😢1
ULYSMEDIA.KZ
Мирболат Мырзатайұлының жақтастары оны босатуды талап етті Алматыда сот үкімімен төрт жылға сотталған белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының жақтастары оны босатуды талап етті. Бүгін Алматыда Мирболат Мырзатайұлының аапелляциялық соты өтіп жатыр. Белсендінің…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Апелляциялық сот Мырзатайұлының үкімін өзгертпеді
Апелляциялық сот алқасы белсенді Мирболат Мырзатайұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Сот алқасы бірінші инстанциядағы сот үкімі заңды деп бағалады. Судья Мирболат Мырзатайұлының адвокаттарының өтінішхаттарын қанағаттандырмады. Процеске белсендінің өзі қатыстырылмады.
Сотта белсендінің адвокаттары оны босатуды сұраған. Прокурор оған қарсылық білдірген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Апелляциялық сот алқасы белсенді Мирболат Мырзатайұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Сот алқасы бірінші инстанциядағы сот үкімі заңды деп бағалады. Судья Мирболат Мырзатайұлының адвокаттарының өтінішхаттарын қанағаттандырмады. Процеске белсендінің өзі қатыстырылмады.
Сотта белсендінің адвокаттары оны босатуды сұраған. Прокурор оған қарсылық білдірген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎11🤬4
Енді отандық және шетелдік фильмдер прокатқа шықпас бұрын сараптамадан өтеді
Қазақстанда отандық және шетелдік фильмдер прокатқа шықпас бұрын сараптамадан өтеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
Олжас Бектеновтің сөзінше, президент жеке қаржыға түсірілген фильмдерді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу туралы тапсырмасына1 сәйкес Үкімет «Кинематография туралы» заңға түзетулер әзірлеген.
- Түзетулер 2025 жылғы 24 желтоқсанда Парламент Мәжілісінен қолдау тауып, Парламент Сенатының қарауына енгізілді. Түзетулер қабылданғаннан кейін шетелдік және отандық фильмдерді елімізде прокатқа шығармас бұрын оларды арнайы сараптама комиссиясы қарайтын болады, – делінген жауапта.
Сондай-ақ, Олжас Бектеновтің сөзінше, еліміздің кинотеатрларындағы фильмдер прокатының мониторингі күшейеді.

👍7🤔1
⚡️Светлана Жақыпова министрліктен кетті
ЖАРЛЫҚ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды.
Жақыпова министрлікті 2023 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды, ал 2024 жылдың ақпан айында қайта тағайындалды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
ЖАРЛЫҚ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды.
Жақыпова министрлікті 2023 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды, ал 2024 жылдың ақпан айында қайта тағайындалды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮2
ULYSMEDIA.KZ
⚡️Светлана Жақыпова министрліктен кетті ЖАРЛЫҚ Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды. Жақыпова министрлікті 2023 жылдың қыркүйегінен бастап…
⚡️Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
📌ЕРТАЕВ
Асқарбек Ертаев Ақтөбе қаласының тумасы. Мұғалжар ауданы әкімдігінде жұмыс істеген, одан кейін 10 жылдан астам уақыт банк секторында еңбек еткен. Кейін Ұлттық экономика министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.
Әр жылдары Президент әкімшілігі жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қызмет етті, Премьер-министр кеңсесі мен Үкімет аппаратындағы экономикалық бөлімді басқарды, Көші-қон комитетінің төрағасы болды.
2024 жылдан бері — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал 2025 жылғы маусымнан бастап — бірінші вице-министр қызметін атқарып келеді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
📌ЕРТАЕВ
Асқарбек Ертаев Ақтөбе қаласының тумасы. Мұғалжар ауданы әкімдігінде жұмыс істеген, одан кейін 10 жылдан астам уақыт банк секторында еңбек еткен. Кейін Ұлттық экономика министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.
Әр жылдары Президент әкімшілігі жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қызмет етті, Премьер-министр кеңсесі мен Үкімет аппаратындағы экономикалық бөлімді басқарды, Көші-қон комитетінің төрағасы болды.
2024 жылдан бері — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал 2025 жылғы маусымнан бастап — бірінші вице-министр қызметін атқарып келеді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2
Қазақстанда азық-түлік 20%, дәрі-дәрмек пен киім 15% қымбаттауы мүмкін
Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналинаның айтуынша, биыл азық-түлік 20%, дәрі-дәрмек пен киім 15% қымбаттауы мүмкін.
Қазақстандықтар үшін жағымсыз бұл болжам бірнеше факторға негізделген: теңгенің әлсіреуі, жаңа Салық кодексіне көшу және халық пен бизнес арасындағы тұрақты инфляциялық күтулер.
Еске сала кетейік, 2025 жылы азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 13,5%-ға, ақылы қызметтер — 12%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,1%-ға қымбаттаған.
— 2026 жылы жекелеген санаттар бойынша бағаның жергілікті деңгейде күрт өсуі мүмкін. Атап айтқанда, азық-түлік бағасы валюта бағамының ауытқуы, логистикалық факторлар және импортқа тәуелділік салдарынан 15–20% аралығында қымбаттауы ықтимал. Қызмет көрсету саласы мен реттелетін тарифтерде, сондай-ақ импортқа сезімтал азық-түлік емес тауарлар бойынша (техника, дәрі-дәрмек, киім-кешек, автокөлік бөлшектері) жекелеген позициялар 10–15% шамасында секірмелі өсім көрсетуі мүмкін. Компаниялар көбіне болашақ шығындардың артуын алдын ала бағаға енгізеді.

👎4🤬3💩1😡1
Нұрайдың видеосы тарады: адвокат шағым түсірді
Марқұмның отбасының адвокаты Сержан Нұрпейісов әлеуметтік желілерде Нұрай Серікбайдың видеосы пайда болғаннан кейін тиісті органдарға шағым түсірілгенін айтты.
Тергеу мән-жайды анықтап жатыр
Жақында желіде Нұрай Серікбайдың видеосы тарады. Онда ол жас жігітпен өз еркімен кеткенін айтқандай көрінеді. Аталған бейнежазба оның қаза болуынан бұрын түсірілген. Марқұмның отбасының адвокаты бұл жағдайды тергеу құпиясының бұзылуы деп бағалады.
– Интернетте тарап жатқан видеоны жариялау заңды ма, заңсыз ба — оған тергеу органдары баға береді. Қорғау тарапы ретінде біз мұны тергеу барысында пайдаланылатын дәлелдер деп есептейміз. Тергеу аяқталғанға дейін мұндай материалдарды жариялауға болмайды. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Соңғы шешімді тергеу шығарады. Қазіргі таңда тергеу сапалы әрі объективті жүргізіліп жатыр. Видеоны жариялау Нұрайдың туыстарына ауыр соққы болды. Олар бірден маған хабарласты, — деді адвокат.
Қарсылық көрсете алмаған
Видео түсірілген сәтте Нұрай психологиялық және моральдық тұрғыдан қатты күйзелісте болған. Бұл туралы марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай айтты.
— Біз көрген кезде жүрегіміз қысылды. Нұрай екі-үш күн бойы дұрыс ұйықтамаған, тамақты да дұрыс ішпеген. Оған қысым жасалған. Ақыл-есі дұрыс адам оның өз еркімен сөйлеп тұрғанын не тұрмағанын айыра алады. Ал оны алып қашқан сәт түсірілген басқа видеода Нұрайдың орамалын шешуге тырысып, барынша қарсыласқаны анық көрінеді, — деді ол.

🤬2😡1
ULYSMEDIA.KZ
Апелляциялық сот Мырзатайұлының үкімін өзгертпеді Апелляциялық сот алқасы белсенді Мирболат Мырзатайұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia. Сот алқасы бірінші инстанциядағы сот үкімі заңды деп бағалады. Судья Мирболат Мырзатайұлының…
Өзгеріссіз қалған үкім: Мирболат Мырзатайұлы сотының жай-жапсары
Алматының апелляциялық соты белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды. Оны былтыр Медеу аудандық соты «ұлтаралық араздық қоздыру» бабымен айыпты деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған.
Өзгеріссіз қалған үкім
Бүгін Алматы қалалық сотында Мирболат Мырзатайұлының апелляциялық соты өтті. Процеске белсендінің өзі қатыстырылмады. Сот ғимаратына оның жақтастары мен туыстары келді.
Сот алқасы, прокурор және Мирболат Мырзатайұлының әйелі әрі қоғамдық қорғаушысы Гүлшат Бишуинова бір залда отырды. Қалған сотқа қатысушылар процесті бөлек екі залдан бақылады.
Адвокаттар сот алқасынан бірінші инстанциядағы сот үкімін бұзып, белсендіні ақтауды сұрады. Прокурор оған қарсылық білдірді. Сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан сот үкімі заңды екенін айтып, өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдырды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Алматының апелляциялық соты белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды. Оны былтыр Медеу аудандық соты «ұлтаралық араздық қоздыру» бабымен айыпты деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған.
Өзгеріссіз қалған үкім
Бүгін Алматы қалалық сотында Мирболат Мырзатайұлының апелляциялық соты өтті. Процеске белсендінің өзі қатыстырылмады. Сот ғимаратына оның жақтастары мен туыстары келді.
Сот алқасы, прокурор және Мирболат Мырзатайұлының әйелі әрі қоғамдық қорғаушысы Гүлшат Бишуинова бір залда отырды. Қалған сотқа қатысушылар процесті бөлек екі залдан бақылады.
Адвокаттар сот алқасынан бірінші инстанциядағы сот үкімін бұзып, белсендіні ақтауды сұрады. Прокурор оған қарсылық білдірді. Сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан сот үкімі заңды екенін айтып, өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдырды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬9
ULYSMEDIA.KZ
Сарбаз Барқұловтың өлімі: сотталған экс-командир кассациялық шағым түсірді Сарбаз Марат Барқұловты өлтіргені үшін сотталған бұрынғы командир Дамир Досов сот шешімімен келіспейді және оны қайта қаратуға ниетті. Азамат Сағалдың айтуынша, өңірлік «Батыс» қолбасшылығының…
Сарбаз Барқұловтың өлімі: кассациялық сот соңғы шешімін шығарды
Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметші Барқұловтың өліміне қатысты іс кассациялық соттың шешімімен түпкілікті аяқталды.
Адвокат Азамат Сағалдың мәліметінше, сотталған бұрынғы командир Дамир Досовтың кассациялық шағымы қанағаттандырылмаған, ал бұған дейін шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылған.
ОТЫРЫС
Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының отырысы 27 қаңтарда өтті. Процесс барысында Дамир Досовтың кассациялық шағымы қаралғанымен, сот төменгі сатыдағы инстанциялардың шешімін қайта қарауға негіз таппады.
— Әділдік орнады. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет, — деді адвокат.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.
Сот үкімімен күдікті Дамир Досов қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (қасақана өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

❤5