Атырауда 15 жыл бұрын апатты деп танылған үйде тұрғындар әлі өмір сүріп жатыр
Атырау облысында қазір апатты деп танылған 190-нан астам тұрғын үй бар. Соның шамамен 90-ы облыс орталығында орналасқан. Ғасырға жуық уақыт бұрын салынған баспаналар адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын айтқан тұрғындар дабыл қағып жатыр.
Атыраудағы Шүкір Еркінов көшесінде қабырғасы сөгіліп, төбесі опырылуға шақ тұрған үйлер бар. Сыртқы көрінісі әбден тозған №4 және №4а үйлері шамамен 70 жыл бұрын тұрғызылған. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті билік бұған дейін бірнеше мәрте жаңа пәтер береміз деп уәде еткен, алайда нақты нәтиже жоқ.
Тұрғын Фариза Сәрсенғалиеваның сөзінше, бұған дейін қала әкімі Шәкір Кейкин халықпен кездесуде оларды «Огородный» шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты үйге көшіреміз деп сендірген. Алайда биыл бұл мәселе қайта өзгерген.
— Қазір біз тұрып жатқан үй ешбір мекеменің балансында жоқ. ПИК те құрылмаған, — дейді ол.
Тұрғындар жыл сайын пәтерлерін өз күштерімен жөндеуге тырысқанымен, қабырғалар дым тартып, көгеріп, тұруға қолайсыз болып барады.
Айзада Бейсембайдың айтуынша, үйде жылу мәселесі де күрделі.
— Үйіміз жылы, таза болса, ескі екеніне қарамас едік. Бірақ жылу жоқтың қасы, қысым жетпейді. Үй ішінде сырт киіммен жүреміз. Кей көршілеріміз пәтер жалдап кетуге мәжбүр. Қалтасы көтермегендер осында қалуда. Жиһаздар көгеріп кетті. Адамдар несие алып, жөндеу жасайды, бірақ нәтиже шамалы, — дейді ол.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯3❤1😡1
"Үйде жалғыз" фильмінің жұлдызы Кэтрин О’Хара 71 жаста өмірден озды
Америкалық-канадалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы актрисаның агенті ресми түрде растады.
Көпшілік Кэтрин О’Хараны ең алдымен голливудтық "Үйде жалғыз" фильміндегі Кевиннің анасы рөлі арқылы жақсы таныды. Фильмде оның кейіпкері ұлын демалысқа ұшаққа мінгенше бірге алып кететініна сенгенімен, ұлы үйде жалғыз қалғанын соңғы сәтте ғана аңғарып, кері оралуға тырысады. Актриса сол рөлді "Үйде жалғыз 2" (1992) сиквелінде де ойнаған.
2010-жылдардың ортасында О’Хара жаңа буын көрермендерінің үлкен құрметіне ие болды. Ол «Шиттс Крик» комедиялық сериалының негізгі құрамында басты рөлдердің бірін орындап, миллиондаған жанкүйер жинады. Бұл сериял байлығынан айырылып, шағын провинциялық қалаға көшкен миллиардер отбасының күнделікті өмірі туралы баяндады. О’Хара онда басты кейіпкердің жұбайы — бұрын танымал актрисаны сомдады. Оның экрандағы жұбайы рөлін Юджин Леви орындаған.
Кэтрин О’Хара актерлік мансабын 1970-жылдардың ортасында Канадада бастады және алғашында комедиялық телешоуларға қатысқан. Ол тек актер ретінде ғана емес, сонымен бірге сценарий жазушы ретінде де еңбек етті. Оның осы еңбегі үшін 1982 жылы алғашқы "Эмми" сыйлығына ие болды.
Кино әлемінде оның алғашқы іргелі табыстарының бірі — Тим Бертон түсірген "Битлджюс" фильмі болды. Ал "Үйде жалғыз" комедиясы актрисаның мансабындағы ең көп есте қалған әрі көрерменге жақын жобаға айналды.
Кэтрин О’Хара бірнеше буын көрермен үшін отбасының жылулығы, юмор және жылы эмоциялармен байланысты образдармен есте қалды.

❤2
Қазақстанда әр балаға 130 доллардан төленді
МӘН-ЖАЙ
2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 доллар есептелді. Жыл соңына қарай бағдарламаға 6,9 млн бала қатысушы болған.
КОНТЕКСТ
Бағдарлама 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылған. Алғашқы жылы балаларға 100,52 доллар, ал 2025 жылы 129,38 доллар аударылған. Төлем мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады. Ол Ұлттық қордың инвестициялық табысына және оның валюталық активтерінің көлеміне байланысты.
Балалардың шотына түскен қаражат бірден жұмсалмайды. Ол бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қорда инвестицияланып, қосымша табыс әкеледі. Инвестициялық кірісті есептегенде, бір балаға жиналған жалпы сома 370,56 доллар болды.

Теңіз кен орнындағы өрттен кейін мұнай өндіру қайта жанданды
ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын мәлімдеді.
Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылды. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді. "Теңізшевройл" компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бұған дейін, 26 қаңтарда, Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етіліп жатыр.
ҚР Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.
– Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда тікелей Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда, басты басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау, – делінген хабарламада.

Елена Рыбакина – Australian Open-2026 чемпионы!
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанды.
Финалдық кездесуде Рыбакина үш сетте жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:4.
Рыбакина матчтың шешуші сетінде 0:3 есебімен артта қалып кеткенімен, кейінірек қуып жетіп, соңында жеңісті жұлып алды.
Бұған дейін Australian Open-2026 турнирінде Рыбакина келесі қарсыластарды жеңген:
Кайя Юван (100-орын) — 6:4, 6:3
Варвара Грачева (77-орын) — 7:5, 6:2
Тереза Валентова (54-орын) — 6:2, 6:3
Элизе Мертенс (21-орын) — 6:1, 6:3
Ига Швентек (2-орын) — 7:5, 6:1
Джессика Пегулу (6-орын) — 6:3, 7:6.
Еске салайық, бұл Рыбакинаның "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі екінші титулы. Ол 2022 жылы Уимблдон чемпион атанған еді.

❤4🤮3
ULYSMEDIA.KZ
Буллинг пен суицид: Алматыдағы элиталық мектепте тексеріс басталды Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде оқушы қыздың өзіне қол жұмсауға әрекеттенуіне байланысты тексеріс басталғанын…
Алматы полициясы жекеменшік мектептегі буллинг туралы деректі растамады
Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға қатысты буллинг болды деген ақпарат бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.
Ведомство хабарлауынша, іс Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда тексеру барысында аталған деректер расталмаған, буллинг фактілері анықталмаған.
– Осыған байланысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Қабылданған шешім прокуратура органдарымен келісілген, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратпауға үндеді.
КОНТЕКСТ
Қыздың әкесі Қанат Әміркиннің айтуынша, қысым көрсету ұзақ уақыт бойы жалғасқан, ал мектеп әкімшілігі жағдайға тиісті деңгейде назар аудармаған. Қазір оқушының жағдайы тұрақты, ол медициналық көмек алып жатыр.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға қатысты буллинг болды деген ақпарат бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.
Ведомство хабарлауынша, іс Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда тексеру барысында аталған деректер расталмаған, буллинг фактілері анықталмаған.
– Осыған байланысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Қабылданған шешім прокуратура органдарымен келісілген, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратпауға үндеді.
КОНТЕКСТ
Қыздың әкесі Қанат Әміркиннің айтуынша, қысым көрсету ұзақ уақыт бойы жалғасқан, ал мектеп әкімшілігі жағдайға тиісті деңгейде назар аудармаған. Қазір оқушының жағдайы тұрақты, ол медициналық көмек алып жатыр.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3
Биатлоннан Еуропа чемпионаты: қазақстандықтардың спринттегі нәтижесі қандай
Шушенде (Норвегия) биатлоннан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр.
Турнир аясында ерлер арасында спринт жарысы өтті. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:
Александр Мухин – 42-орын;
Вадим Куралес – 78-орын;
Кирилл Бауэр – 83-орын;
Никита Акимов – 95-орын;
Иван Дарьин – 104-орын;
Егор Гребенщиков – 116-орын.
Франция өкілі Дамьен Леве жеңіске жетті. Норвегиялық Исак Фрей екінші нәтиже көрсетті. Ал франциялық биатлоншы Гаэтан Патюрель үшінші болып мәреге жетті.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Шушенде (Норвегия) биатлоннан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр.
Турнир аясында ерлер арасында спринт жарысы өтті. Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:
Александр Мухин – 42-орын;
Вадим Куралес – 78-орын;
Кирилл Бауэр – 83-орын;
Никита Акимов – 95-орын;
Иван Дарьин – 104-орын;
Егор Гребенщиков – 116-орын.
Франция өкілі Дамьен Леве жеңіске жетті. Норвегиялық Исак Фрей екінші нәтиже көрсетті. Ал франциялық биатлоншы Гаэтан Патюрель үшінші болып мәреге жетті.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣3👎2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талдықорғанда теміржолда газ тиелген цистерналар аударылды
МӘН-ЖАЙ
Оқиға 31 қаңтар күні кешкі уақытта Абылай хан көшесіндегі тұйық теміржол учаскесінде болған. Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сағат 21:23 шамасында пропан тиелген екі вагон рельстен шығып, бүйірімен құлаған. Газдың сыртқа шығуы тіркелмеген.
Оқиға орнына 25 құтқарушы мен 7 техника, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жеткен. Жедел штаб құрылған. Теміржол төсеміне зақым келмеген, зардап шеккендер жоқ. Жағдай толық бақылауда.
Қауіпсіздік мақсатында қауіпті учаске уақытша қоршалды. Құтқарушылар тұрғындарды сабыр сақтап, сақтық шараларын ұстануға үндеді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
МӘН-ЖАЙ
Оқиға 31 қаңтар күні кешкі уақытта Абылай хан көшесіндегі тұйық теміржол учаскесінде болған. Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сағат 21:23 шамасында пропан тиелген екі вагон рельстен шығып, бүйірімен құлаған. Газдың сыртқа шығуы тіркелмеген.
Оқиға орнына 25 құтқарушы мен 7 техника, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жеткен. Жедел штаб құрылған. Теміржол төсеміне зақым келмеген, зардап шеккендер жоқ. Жағдай толық бақылауда.
Қауіпсіздік мақсатында қауіпті учаске уақытша қоршалды. Құтқарушылар тұрғындарды сабыр сақтап, сақтық шараларын ұстануға үндеді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱2❤1🙏1
Абай облысындағы колонияда сотталған адам қаза тапты
Абай облысындағы ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда жазасын өтеуші көз жұмды.
МӘН-ЖАЙ
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, екі сотталушы жанжалдасып қалған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісін соққыға жыққан. Алған жарақаттары ауыр болып, жәбірленуші қайтыс болған.
Оқиға бойынша "Кісі өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Абай облысындағы ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда жазасын өтеуші көз жұмды.
МӘН-ЖАЙ
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, екі сотталушы жанжалдасып қалған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісін соққыға жыққан. Алған жарақаттары ауыр болып, жәбірленуші қайтыс болған.
Оқиға бойынша "Кісі өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢3❤1😡1
Пәкістанда сепаратистердің шабуылынан 80-нен астам адам қаза тапты
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында 31 қаңтар, сенбі күні бірқатар шабуыл жасалды. Пәкістан билігінің хабарлауынша, шабуылдар салдарынан кемінде қауіпсіздік күштерінің 10 қызметкері және 11 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Тұтқындау, полицейлік учаскелер, әскери және азаматтық әкімшілік нысандарға бағытталған шамамен он орынға жасалған шабуылдардың жауапкершілігін "Белуджистан азат ету армиясы" (BLA) атты сепаратистік ұйым өз мойнына алған.
AFP агенттігінің хабарлауынша, топтың мәлімдемесінде сепаратистер шабуыл кезінде атыс қаруын және өз-өзіне қол жұмсаушыларды қолданғаны айтылған. BLA жариялаған бейнежазбаларға қарағанда, шабуылдарға бірнеше әйел де қатысқан.
Жергілікті билік мәліметінше, қақтығыстар кезінде 67 содыр өлтірілген. Шабуылдардан қаза тапқан бейбіт тұрғындар белудж этносының өкілдері болып шыққан. Сепаратистердің шабуылдары Пәкістан әскерінің Белуджистан провинциясында екі бөлек операция барысында 41 содырды өлтіргенін жариялағаннан кейінгі жасалған.

🤔2😢1
Алматыда жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады.
Алайда Алматы полиция департаменті мұны жоққа шығарды.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалау болып есептеледі.
– Ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды, - делінген хабарламада.
Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге үндеді, себебі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілігі бар.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады.
Алайда Алматы полиция департаменті мұны жоққа шығарды.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалау болып есептеледі.
– Ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды, - делінген хабарламада.
Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге үндеді, себебі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілігі бар.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2❤1👍1
Павлодарда құны миллиардтаған көпірде өрт шықты
31 қаңтар кешке Павлодарда Ертіс өзені үстінен салынып жатқан автомобиль көпірінде өрт болды. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер салынып жатқан құрылымның бір бөлігіндегі жалынды түсіріп алған.
НЕ ЖАНДЫ?
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компанияның мәліметінше, өрт сағат 20:10 шамасында Қызылорда — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы автожол учаскесіндегі тіректердің бірінде шыққан. №4 тіректе орнатылған жылу сақтайтын шатыр жанған. Өрт шамамен 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 20:50-де өрт толық сөндірілді.
Алдын ала дерек бойынша, төтенше жағдайға сол сәтте жүргізілген арматура қаңқасын дәнекерлеу-монтаж жұмыстары себеп болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте болғанын хабарлады. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер жағдайды жедел бақылауға алып, жалынның таралуына жол бермеген. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

🤬2😡1
Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді.
Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.
А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді.
Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.
А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр
Алматы
Доллар: сатып алу — 502,44 теңге, сату — 504,77 теңге;
Еуро: сатып алу — 595,08 теңге, сату — 599,62 теңге;
Рубль: сатып алу — 6,49 теңге, сату — 6,61 теңге.
Астана
Доллар: сатып алу — 499 теңге, сату — 506 теңге;
Еуро: сатып алу — 591 теңге, сату — 601 теңге;
Рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,70 теңге.
Шымкент
Доллар: сатып алу — 502,35 теңге, сату — 504,35 теңге;
Еуро: сатып алу — 595,54 теңге, сату — 601,62 теңге;
Рубль: сатып алу — 6,55 теңге, сату — 6,62 теңге.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Алматы
Доллар: сатып алу — 502,44 теңге, сату — 504,77 теңге;
Еуро: сатып алу — 595,08 теңге, сату — 599,62 теңге;
Рубль: сатып алу — 6,49 теңге, сату — 6,61 теңге.
Астана
Доллар: сатып алу — 499 теңге, сату — 506 теңге;
Еуро: сатып алу — 591 теңге, сату — 601 теңге;
Рубль: сатып алу — 6,40 теңге, сату — 6,70 теңге.
Шымкент
Доллар: сатып алу — 502,35 теңге, сату — 504,35 теңге;
Еуро: сатып алу — 595,54 теңге, сату — 601,62 теңге;
Рубль: сатып алу — 6,55 теңге, сату — 6,62 теңге.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2
Иранның бірнеше қаласында жарылыстар болды
31 қаңтар кешкісін Иранның бірнеше қаласында жарылыстар болды. Солардың бірі елдің оңтүстігіндегі Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Бендер-Аббас қаласында тіркелді.
МӘН-ЖАЙ
Мемлекеттік теледидардың деректеріне қарағанда, жарылыс Моаллем бульвары ауданындағы 8 қабатты ғимаратта болған. Салдарынан екі қабат зақымданып, ғимараттың төменгі деңгейлеріндегі дүкендер мен тұрақтағы автокөліктерге зақым келген. Оқиғаның себептері әзіргш анықталған жоқ. Оқиға орнына құтқару және өрт сөндіру қызметтері жіберілген. Tasnim агенттігі бір адам қаза тауып, 14 адам жарақаттанғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Mehr агенттігі Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласындағы тұрғын үй кешенінде жарылыс болғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі – газдың ағуы. Қаза тапқандар туралы ақпарат бар, бірақ ресми расталмаған.
Кейбір БАҚ-та Паранд және Тебриз қалаларында да жарылыстар туралы хабарлар шықты, бірақ ресми органдар бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ.

❤4😢3👍1
Астанадағы бассейнде үстіне шкаф құлаған баланың анасы істің созылып жатқанын мәлімдеді
Былтыр жазда Астанадағы бассейннің киім ауыстыратын бөлмесінде шкаф құлап кеткен қыздың анасы тергеудің созылып жатқаны туралы айтып, билікке үндеу жасады.
МӘН-ЖАЙ
Мәруан Тілегенованың айтуынша, 2025 жылғы 13 тамызда DARAFIT спорттық-сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінде екі есікті шкаф оның 8 жастағы қызының үстіне құлаған. Бала ауыр жарақат алған. Бұл деректі кейін сот-медициналық сараптама қорытындысы да растаған.
Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленуші ретінде қыздың әкесі танылған.
Алайда анасының сөзінше, тергеу іс жүзінде тоқтап қалған. Отбасына іс материалдарымен толық танысуға мүмкіндік берілмеген, ал желтоқсан айының соңында тергеуші істі сотқа жолдаудан бас тарту туралы қаулы шығарған.
Әйел бұл шешімді негізсіз деп есептейді.
Оның айтуынша, құжатта тағы қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет екені және олардың мерзімі көрсетілмеген. Сонымен қатар, процессуалдық құжаттарда өрескел қателіктер бар екенін айтып отыр. Оқиға күні мен баланың деректері қате жазылған.
Кейін тергеу қосымша сараптама қажет деген уәжбен тоқтатылған. Алайда денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы бұған дейін-ақ анықталған. Анасының айтуынша, бұл шешім туралы отбасына ресми түрде хабарланбаған.

🤬5❤1
АҚШ, Украина және Ресей арасындағы келіссөздер 1 ақпанда өтпейді
Украинадағы соғысты аяқтау мәселесі бойынша Украина, Ресей және АҚШ арасындағы кезекті келіссөздер кейінге шегерілді. Кездесулер 4 және 5 ақпанда Абу-Дабиде өтеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Бастапқыда келіссөздер 1 ақпанға жоспарланған болатын, алайда кейін даталарды өзгерту туралы шешім қабылданды. Зеленский Украинаның мазмұнды диалогқа дайын екенін айтып, келіссөздер соғысты шынайы әрі әділ аяқтауға жақындатуға көмектеседі деген үміт білдірді.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, өткен демалыс күндері Киев пен Мәскеу өкілдері АҚШ бастамасымен Абу-Дабиде алғаш рет тікелей келіссөздер өткізген еді. Ол кезде тараптар талқылауды жалғастыруға келіскен, бірақ кездесу уақыты мен өтетін орны өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармаған.
Дереккөздердің мәліметінше, қатысушылар бірқатар тармақтар бойынша ортақ ұстанымға келген, алайда негізгі мәселелер бойынша келісім жоқ. Ресей украин әскерін Донбастан шығаруды талап етуде, ал Киев бұл талапты қабылдамай, Донбасс ішінара ресейлік күштердің бақылауында болғанына қарамастан, Украинаның ажырамас бөлігі екенін атап өтуде.

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде із-түзсіз жоғалды
Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрттен кейін бір қазақстандық азамат із-түзсіз жоғалды. Бұл жағдайға Қазақстан Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.
СІМ мәліметінше, өрт 30 қаңтарда Ымсон ауданының Мэндон-мён қаласындағы тамақ және сусын өндірісін жүзеге асыратын кәсіпорында шыққан. Өрт шыққаннан кейін зауыттан 81 қызметкер эвакуацияланды, алайда екі жұмысшы табылмады. Сол жоғалғандардың арасында Қазақстан азаматы да бар. 31 қаңтарда таңертең сөндірілген цех ішінде белгісіз бір мәйіт табылған. Қазір полиция өлімнің кімге тиесілі екенін анықтау үшін материалдарды Ұлттық ғылыми-зерттеу институтына жолдады. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті полиция, өрт сөндіру қызметі және жоғалған азаматтың туыстарымен үнемі байланыста. Жағдай бақылауда тұр.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін өрттен кейін жоғалғандар арасында екі шетелдік жұмысшы бар деп хабарланған – 50 жас шамасындағы қазақстандық және шамамен 20 жастағы Непал азаматы.

🤔3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Зайсан халқы қарызға тамақ ішіп отыр
Ұлыстың бүгінгі қонағы – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының тұрғыны, қарапайым шаруа Әлібек Кәрімұлы. Бұл сұқбатта ол Зайсан өңіріндегі ауылдардың бүгінгі ауыр ахуалын ашық әрі бүкпесіз баяндайды.
Халық қарызға тамақ ішіп отыр, жастар жұмыссыз, бос сенделіп жүр, ауылда инфрақұрылым жоқ, ал мемлекеттік қолдау – қарапайым шаруаға жетпейді.
Соған қарамастан, кейіпкеріміздің айтары біреу:
“Егер мемлекет субсидия мен несие берсе – біз қолымызға күрек алып, өз аймағымызды өзіміз дамытамыз”.
Бұл – жай шағым емес, бұл - елдің болашағына немқұрай қарай алмайтын азаматтың жанайқайы.
🎙️ҰЛЫСТЫҢ АШЫҚ АЛАҢЫ
Бұл подкаст Ulysmedia-ның “Ашық микрофон” жобасы аясында өтті. Жобаның басты мақсаты – айтарым бар, мәселем бар деген қазақстандыққа ашық алаң беру, елдің көкейіндегі өткір мәселелерді билікке жеткізу.
📹Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.
https://t.me/ulysmedia

💯11❤3😁1
Жаңалықтар дайджесті: 2 ақпанға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Иранның бірнеше қаласында жарылыстар болды
- Пәкістанда сепаратистердің шабуылынан 80-нен астам адам қаза тапты
- АҚШ, Украина және Ресей арасындағы келіссөздер 1 ақпанда өтпейді
- Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
- Өскеменде тұмшаға байланысты балалар қайтадан үйден оқиды
- Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде із-түзсіз жоғалды
- Павлодарда құны миллиардтаған көпірде өрт шықты

❤1