ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев Гренландия мен АҚШ мәселесі туралы ойын айтты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаев The News Pakistan газетіне берген сұқбатында Гренландияны әскери жолмен басып алу мәселесін халықаралық құқық пен ақылға қонымды шешімдер тұрғысынан қарау керек…
"Қазақстан қақтығысты тек саяси және дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды": Тоқаев Ресей-Украина қақтығысы туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Ресей-Украина қақтығысында Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайтынын мәлімдеді.

Президент бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін айта келе, қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру деп мілімдеді. 
 
- Расында, жағдай аса күрделі. Бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін түсінеміз. Қазақстан қақтығысты тек саяси, дипломатиялық амалдармен реттеуге болады деп есептейді. Қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру. Бұған кәміл сенеміз.Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда еліміз келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын, – деді Тоқаев. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩1
ULYSMEDIA.KZ
"Қазақстан қақтығысты тек саяси және дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды": Тоқаев Ресей-Украина қақтығысы туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Ресей-Украина қақтығысында Қазақстан араағайын…
"Жақсы ойластырылған әрі шынайы көрінеді": Президент Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспары туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспарына оң баға берді.

Президент бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін айта келе, қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру деп мілімдеді. 
 
- Расында, жағдай аса күрделі. Бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін түсінеміз. Қазақстан қақтығысты тек саяси, дипломатиялық амалдармен реттеуге болады деп есептейді. Қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру. Бұған кәміл сенеміз.Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда еліміз келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын, – деді Тоқаев. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩1
ULYSMEDIA.KZ
"Жақсы ойластырылған әрі шынайы көрінеді": Президент Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспары туралы айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспарына оң баға берді.…
Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуынан қандай пайда көретінін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Қазақстан Ибраһим келісімдеріне неліктен қосылғанын айтты.

Тоқаевтың айтуынша, Президент Дональд Трамптың идеясымен жүзеге асқан Ибраһим келісімдері, шын мәнінде, болашаққа бағдарланған бастама.

- Қазақстан бейбітшілік, тұрақтылық және халықаралық диалог қағидаттарын әрқашан берік ұстанады. Бұл ұстанымнан алдағы уақытта да айнымаймыз.Президент Дональд Трамптың идеясымен жүзеге асқан Ибраһим келісімдері, шын мәнінде, болашаққа бағдарланған бастама. Осы келісімге қосылу арқылы біз дипломатияның күшіне сенетінімізді тағы да растадық. Өйткені бұл кез келген қарама-қайшылықты реттеп, өңірде және жаһанда ұзақ мерзімді тұрақтылық орнатуға болатын парасатты құрал, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ, Ибраһим келісімдеріне қосылу елімізге инвестиция мен озық технологияларды тартуға, басқа да қомақты экономикалық игіліктерге кенелуге берік негіз қалайтынын айтады. 

- Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасы жақсы. Сонымен қатар біз Палестина халқын да қолдаймыз. Екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді дәйекті түрде құптаймыз. Ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ, Ибраһим келісімдеріне қосылу елімізге инвестиция мен озық технологияларды тартуға, басқа да қомақты экономикалық игіліктерге кенелуге берік негіз қалайды. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы араб пен еврей халықтарын қазіргіден де жақындастырып, анағұрлым кең мұсылман-яһуди диалогына ұласуға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Тоқаев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
ULYSMEDIA.KZ
Нұрайды өлтірген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, іс аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру бабы бойынша қайта сараланды. АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ Істің қайта сараланғанын…
Нұрайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді

Шымкент қаласының полиция департаментінің басшысы болып Мұхтар Қожаев тағайындалды.

Бүгін Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент қаласының полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді. Жиын барысында ІІМ басшысы жеке құрамға Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа басшысын Мұхтар Қожаевты таныстырды.

Ол бұған дейін ІІМ тергеу департаментін басқарған. Полиция генерал-майорының басқарушылық және тергеу саласында мол тәжірибесі бар екені, тергеушіден бастап орталық аппарат департаментінің басшысына дейінгі қызмет жолынан өткені атап өтілді.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, 20 қаңтарда Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары қызметінен кеткен еді. 

КОНТЕКСТ

Сөз болып отырған қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🤔2
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуынан қандай пайда көретінін айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Қазақстан Ибраһим келісімдеріне неліктен қосылғанын айтты. Тоқаевтың айтуынша, Президент…
"Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады": Президент жаңа Конституция жобасы туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында жаңа Конституция жобасының маңызы неде екенін түсіндірді.

Президенттің айтуынша, ел тарихында ең елеулі саяси трансформация үдерісі жүріп жатыр. Бұл өзгерістер дамудың игілігін қоғамда әділ бөлуді мақсат етеді.

“Мемлекеттің іргесін бекемдеу жолындағы барлық қам-қарекетіміз елімізді жаңғыртуға, шын мәнінде Әділетті Қазақстанның негізін қалауға бағытталған. Қазақстан «суперпрезиденттік» модельден бас тартып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі тиімді жұмыс істейтін президенттік республика үлгісіне өтті. Ол, ең алдымен, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына арқа сүйейді. Қазір біз саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңіне қадам бастық. Конституциялық реформа аясындағы ең басты өзгерістердің қатарында бір палаталы парламентке (Құрылтай) өту, Халық Кеңесін құру және Вице-президент лауазымын енгізу секілді бастамалар бар. Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады. Ал ынтымақ пен бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім секілді құндылықтар мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді, – деді Тоқаев. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎3
Алматы облысында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсап мерт болған

Алматы облысындағы Самсы ауылында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсаған. Марқұмның анасы баласының өліміне мектеп тарапынан көрсетілген психологиялық қысым себеп болғанын айтып отыр.

Бала өзіне қол жұмсауға бейім болмаған

Марқұмның анасы Мақпал Әміртаеваның сөзінше, Нұрислам көпбалалы отбасында тәрбиеленген, ашық мінезді, өмірге құштар бала болған. Ол ешқашан өзіне қол жұмсауға бейімділік танытпаған.

Қайғылы оқиғаға былтыр 10 қарашада оқушылар арасында мектептен тыс жерде болған төбелес түрткі болған. Кейін амбулаторияда өткен кездесуде екінші тараптың анасы баласына қатысты ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан. Алайда осыдан кейін мектеп психологы жағдайды ушықтыра түскен.

Мектеп әкімшілігінің әрекеті баланың психологиялық күйіне әсер еткен

11 қараша күні кешкі уақытта тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші Айдар Чанчаров Нұрисламның үйіне келген. Ол төбелеске қатысты бейнежазбаны талап етіп, жасөспірімге дөрекі сөздер айтып, психологиялық қысым көрсеткен.

Ананың жанайқайы: «Баламды менің көзімше қорлады»

Мақпал Әміртаева сол күнгі жағдайды егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, Чанчаров сыртқа шыққан сәттен бастап баланың телефонын тексеріп, төбелес видеосын іздеген. «Ерте тарап кетсе, бізге сөгіс жарияланады» деп, жасөспірімді анасының көзінше ұрысқан.

Кейін ол баланың досына хабарласып, видеоны тез жіберуді талап еткен. Видео келген соң анасы оны таратпауды сұрап, баласына қатты ұрыспауын өтінген. Алайда тәрбие меңгерушісі үйге бірге кіріп, қысымды жалғастырған.

Ананың айтуынша, ол баласына ауыр, қорлайтын сөздер айтып, «сен сияқтыларды балалар колониясына қамау керек» деп жекіген. Сонымен қатар «ертең видео тараса, ата-анаң ата-ана құқығынан айырылады» деп қайта-қайта қорқытқан. Анасы мұндай сөздерді балаға айтуға болмайтынын ескерткенмен, ескертуі еленбеген. Ақырында ол мектеп өкілін үйден шығуын талап еткен.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱2😢1
«Тез арада Тоқаевтың құлағына жеткізу керек»: заңгер Қазақстанда адамдар заңсыз ұсталып, сотталып жатқанын айтты

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Есберген Алауханов Назарбаев дәуірінде заңсыз сотталған адамдардың соңғы 5-6 жылда ақталып жатқанын айтып, жаңа Конституция жобасына қазақстандықтарды заңсыз ұстап, соттағаны үшін жазалауды көздейтін бап енгізуді ұсынды.

ҚАЗАҚСТАНДА НАЗАРБАЕВ ДӘУІРІНДЕ ЗАҢСЫЗ СОТТАЛҒАНДАР ҚАЗІР АҚТАЛЫП ЖАТЫР

Ғалым Конституцияда мемлекеттік маңызы бар мәселелер айтылуы керегін, алдымен Ата заң адамның құқықтары мен бостандықтарынан басталу керектігін айтты.

«Ең бастысы адамның құқығы туралы жаңа бап енгізілді. Бұл адвакатура туралы. Бұрынғы Конституцияда мұндай мәселелер жоқ еді. Мен көп жыл тергеуші, теоретик, судья болдым. Қандай дау болсын, Қазақстан Республикасы атынан сот үкімі шығарылады. Екі комиссия жұмыс істеп жатыр, бірақ ешкім ескеріп жатқан жоқ. Заңсыз ұстау, заңсыз қамау және заңсыз соттау деген нәрсе қазір қалыпты жағдай болып кетті. Кеңес дәуірінде адамды заңсыз тұтқында ұстайтын болса, тергеуші мен прокурорды бірден қызметінен босатып, сот  үкімімен жаза қолданатын. Қазір ол жоқ. Кез-келген адамды тапсырыспен қамауға болады, адвокаттың көмегін бермейді, адвокатпен кездестірмейді, сөйтіп, заңсыз соттайды. Міне, жаңа Қазақстан келген соң сол адамның бәрі ақталып жатыр. Неге біз осы мәселені Конституцияға енгізбейміз.  Жаңа Конституция жобасына заңсыз жауап алу, қамау және соттау үшін жазалайтын бап енгізу керек. Ондай бап жоқ. Бұл өте маңызды дүние. Осыны тез арада Президент Тоқаевтың құлағына жеткізу керек, - дейді заңгер

Пролфессор 130-дан астам адам жұмыс істеп жатқан Конституциялық кеңесте осы мәселе шешілмей жатқанын, адамның тағдырын шешетін нәрсе шешілмей, ескерусіз қалып жатқанын тағы да ескертті.

- Бас прокурор, Антикор басшысы болған адам қызметінен кеткен соң қаншама адамның заңсыз сотталып, мүлкі заңсыз тартып алынғаны, заңсыз азапталғаны белгілі болды. Соңғы 5-6 жылда соны ашып жатырмыз. Сондықтан адамның құқығын шектеуге болмайды деген бапты Конституцияға енгізу керек. Бұны қазір айтпасақ, болашақ ұрпақтың өмірін қор қыламыз ,-  дейді заңгер.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8
Ерлан Карин қолданыстағы Конституцияны сынға алды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның қолданыстағы Конституциясына қатысты өз бағасын айтты.

Оның сөзінше, қазіргі Конституцияның жекелеген баптарын бірнеше рет оқығанның өзінде, олардың мағынасын түсіну қиын.

- 1995 жылы қабылданған көптеген баптарда дәл емес, күрделі тұжырымдар бар. Бұл оларды қабылдауды қиындатады, — деді Қарин.

Мемлекеттік кеңесші мысал ретінде Конституцияның 13-бабының 1-тармағын келтірді. Аталған нормада: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» деп жазылған.

- Осы сөйлемнен нақты не түсінуге болады? Оқырман да, тыңдаушы да бұл баптың мағынасын толық ұғына алмайды, — деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, әзірленіп жатқан жаңа құжат бұрынғы Конституциядан айтарлықтай ерекшеленеді. Сонымен қатар, ол Конституция жобасын қолдаған азаматтарға алғысын білдірді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎4🤮4🤔2
Астанада тұрғын үй бағасы рекорд "жаңартты"

2026 жылдың қаңтарында Қазақстандағы қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы желтоқсанмен салыстырғанда орта есеппен 2%-ға өсті. Ал Астанада шаршы метрдің құны тарихи максимумға жетіп, 600 мың теңгеден асты.

Ең жоғары өсім Астанада (+5,2%), Көкшетауда (+3,2%), Қарағанды мен Өскеменде (+3,0%), сондай-ақ Семейде (+2,8%) тіркелді. Бағаның шамалы төмендеуі тек Алматы (0,1%) мен Ақтөбеде байқалды (0,4%).

БАҒАЛАР

Ел бойынша орташа баға 419 мың теңге/шаршы метр болды. Жылдық өсім — 9%. Ең жоғары жылдық өсім Ақтауда (+22,7%), Астанада (+16,2%) және Қостанайда (+13,5%) тіркелген. Шымкент пен Алматыда бір жыл ішінде баға 6–8% аралығында өсті. Бағаның төмендеуі ешбір өңірде байқалмаған.

ҚАЛАЛАР

Қайталама нарықтағы ең қымбат тұрғын үй әлі де Алматыда — 804 695 теңге/шаршы метр. Одан кейін Астана (601 740 теңге) және Шымкент (490 000 теңге) тұр. Ең арзан баға Қызылордада (269 083 теңге/шаршы метр), Таразда (321 653 теңге) және Ақтөбеде (324 013 теңге) тіркелген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ULYSMEDIA.KZ
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі өзіне тағылған айыпқа алғаш рет пікір білдірді Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті деп танылған енесі мен күйеуі - Наталья және Александр Донцовтардың қазір Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп…
Айгүл Сайлыбаевның өліміне күдікті енесі мен күйеуінің жүрген жері анықталды: олар Қазақстанға экстрадициялана ма?

Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті деп танылған енесі мен күйеуі  Наталья және Александр Донцовтардың қазір Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жүргені белгілі болды.

КҮДІКТІЛЕР ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКСТРАДИЦИЯЛАНА МА?

Адвокат Әлімжан Жұбатқановтың айтуынша, елімізде мұндай қылмыс үшін ҚР Қылмыстық кодексі 99‑бабы 2-бөлігі «Адамды аса қатыгездікпен өлтіру» бабымен 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

- Қылмыс Германияда болғандықтан, олар сол елдің заңымен сотталуы тиіс. Сот шешімі сол жақта шығады. Қазақстан олар шетел азаматтары болғандықтан, елге экстрадициялай алмайды. Бас Прокуратура тек Германия мен Ресейге қылмыстық қудалауды жүргізу туралы сұрау жібере алады, - дейді заңгер.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Украина бойынша бейбіт келіссөздер АҚШ-та жалғасуы мүмкін – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский бейбіт келіссөздердің келесі кезеңі АҚШ аумағында өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, Украина тарапынан құрылған келіссөз тобы екі күн бойы Біріккен Араб Әмірліктерінде АҚШ пен Ресей өкілдерімен кездесулер өткізген. Қазір делегация мүшелері егжей-тегжейлі есеп беру үшін Киевке оралып жатыр. Жақын арада жаңа келіссөздер жоспарланып отырғаны белгілі, ол америкалық алаңда өтуі мүмкін.

Ол Украина шынымен де тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшілікке жақындата алатын кез келген жұмыс форматтарына дайын екенін атап өтті. Зеленский соғыстың Ресей үшін «агрессияны ұлықтаусыз» аяқталуы керектігін, бұл қауіпсіздіктің негізгі қағидаттарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ ол осы ұстанымды қолдап отырған серіктестеріне алғыс білдірді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бірқатар күрделі мәселелердің әлі шешімін таппағанын, алайда Вашингтон келіссөздерде ықтимал серпіліске қол жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда тарихи ғимарат бұзылуы мүмкін

Алматыда тарихи нысанды — бұрынғы «Жетісу» қонақүйін, көпшілікке «Троцкийдің үйі» ретінде белгілі ғимаратты сүрілуі мүмкін.

Публицист Константин Козловтың айтуынша, қазір ғимарат қоршалып тұр. Революцияға дейінгі және алғашқы кеңестік жылдары мұнда «Жетісу» деп аталған меблирленген нөмірлер жұмыс істеген. Ол сол кезеңдегі көзге түскен қонақүйлердің бірі болған.

КОНТЕКСТ

Қонақүйде танымал адамдар қонақтаған. Қазан төңкерісінен кейін мұнда бірнеше апта бойы Лев Троцкий тұрған. Кейінірек, 1933 жылы, бұл қонақүйде «Қыз Жібек» операсының және Қазақстанның алғашқы әнұранының авторы, композитор Евгений Брусиловский тоқтаған.

Уақыт өте келе ғимараттың қызметі өзгеріп отырған. Әр жылдары мұнда тұрғын үйлер, жатақхана, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ал соңғы жылдары Медеу ауданы бойынша учаскелік полиция пункті орналасқан. Соған қарамастан, нысанға ешқашан қорғау мәртебесі берілмеген.

Ондаған жыл ішінде ғимарат бірнеше рет қайта жөнделіп, кірпіштен салынған, ағаш қасбеті бар бастапқы келбетінен дерлік ештеңе қалмаған. Енді қала тұрғындары бұл құрылыстың толықтай сүріліп кетуінен қауіптеніп отыр. Айта кетерлігі, 2016 жылы жергілікті билік «Жетісу» қонақүйі сақталатынын хабарлаған еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🤬1
ULYSMEDIA.KZ
Балиде қазақстандық модель қамауға алынды Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадееваға шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алынды. Ресейлік блогердің айтуынша, қазақстандық модель қазір күдікті ретінде қамауда…
Балиде ресейлік қызбен төбелесіп қалған қазақ қызына үкім шықты

Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадеевамен болған жанжалдан кейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Істің аяқталғаны туралы Фадеева өзі хабарлады. Оның айтуынша, сот ақшалай өтемақы төлеу және төрт аптаға қамаутүріндегі жаза тағайындаған.

– Мен кешірім бердім, ал егер адам бұл жайттан қорытынды шығармаса, онда өмір бәрібір ерте ме, кеш пе өз орнын көрсетеді, – деп жазды блогер.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін ресейлік азаматша Бали аралында оған модель Гүлсезім Алтайбекова шабуыл жасады деп мәлімдеген. Фадееваның сөзінше, оқиға барда болған: Алтайбекова жігітімен бірге отырған кезде қызғаныш үстінде оған шыны бөтелке лақтырған көрінеді. Кейін модель кешірім сұрағанымен, келтірілген шығынды өтеуден бас тартқан. Сондай-ақ оның ұсталғаны туралы да ақпарат тараған.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Гүлсезім Алтайбекова 2022 жылы «Мисс ТМД» байқауында Қазақстанның атынан қатысқан.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮6😁3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Көлік батпаққа батып кеткен". Қызылорда іргесіндегі Сабалақ саяжайындағы бүгінгі жағдай

Тұрғындар Қызылорда іргесіндегі Сабалақ саяжайындағы бүгінгі жағдайды көрсетті.

Видеода жол батпақ, лай болып кеткені көрсетіледі. Тұрғындардың сөзінше, көлік не кіре алмайды, не шыға алмайды. 

- Мектептен балаларды әкелген көлік келіп, енді шыға алмай тұр. Сұмдық. Жүру мүмкін емес, – дейді тұрғын. 

Расында видеода оқушыларды таситын ақ газель көшеден әрең жүріп келе жатқанын көруге болады. Тұрғындардың сөзінше, мұндай жағдай газ құбырын жүргізу үшін жерді қазып кеткеннен кейін болып отыр. 

- Жол тар. Үлкен кісілер, мүгедек адамдар бар. Мына жерде дүкенге де бара алмайды. Құлап жатыр. Көліктер батып кеткен. Балалар мектепке бара алмайды, – дейді тұрғын. 

ОБЛЫС ТУРАЛЫ

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап атқарып келеді. Ал жақында ол облыс әкімдерінің рейтингінде бірінші орынға жайғасқан. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬6😱1
Қазақстан қашып келген Ресей офицеріне босқын мәртебесін беруден бас тартты

Мән-жай

«Настоящее время» телеарнасының хабарлауынша, Астана қаласының соты Ресейден қашып келген офицер Евгений Коробовқа босқын мәртебесін беруден бас тартқан.

Құқық қорғаушы Артур Алхасовтың сөзінше,  Коробов «агрессор елдің армиясында қызмет етуден бас тартқаны үшін саяси қудалауға ұшыраған адам және халықаралық қорғауға лайық».
Коробов пен ресейлік «Прощай, оружие!» дезертирлер қауымдастығы жоғары сотқа шағымданбақ.

Контекст

Бұған дейін, 2025 жылғы қыркүйекте, Қазақстанның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы да Евгений Коробовқа босқын мәртебесін беруден бас тартқан. Мекеме оның Ресейде қандай да бір «пікір-ұстанымына, соның ішінде саяси көзқарасына бола қудалануы мүмкін деп қауіптенуіне негіз жоқ» деп есептейтінін мәлімдеген.

Евгений Коробов Қазақстанға 2023 жылы қашып келген. Ресейде оның үстінен әскерден қашты «дезертир» деген айыппен іс қозғалған.

Коробов Сириядағы соғысқа қатысқан кәсіби әскери офицер. Ресей Украинаға басып кірген уақытта Киев облысында 15-мотоатқыштар бригадасында қызмет атқарған. Кейін өз аяғын өзі атып, әскерден кетіп қалған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құлсарыда оқушы мектеп дәлізінде балтамен жүгірген

Оқиға Пушкин атындағы №6 мектепте болған.

Кадрлардан балтаны қолына ұстаған оқушының мектеп дәлізімен жүгіріп, болжам бойынша, өзге бір оқушыны қуа жөнелгені көрінеді. “Қуғынға түскен” бала сыныптардың біріне кіріп, тығылған.

Әлеуметтік желідегі жазбада оқиғаға қатысқан оқушы 10-сыныпта оқитыны айтылған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Полиция мен білім беру органдары тарапынан әзірге түсініктеме берілген жоқ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3😱1
ULYSMEDIA.KZ
Құлсарыда оқушы мектеп дәлізінде балтамен жүгірген Оқиға Пушкин атындағы №6 мектепте болған. Кадрлардан балтаны қолына ұстаған оқушының мектеп дәлізімен жүгіріп, болжам бойынша, өзге бір оқушыны қуа жөнелгені көрінеді. “Қуғынға түскен” бала сыныптардың біріне…
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

5 ақпан күні «102» арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.
Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзетуді жүзеге асырған күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2
"Ешкімге керек емес" қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды

2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды. 5 ақпанда Миланда (Италия)  Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Генадий Головкин мен Азия олимпиада кеңесінің басшысы Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани Азияданы өткізу туралы құжатқа қол қойды.

Салынып бітпеген қала жыры

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясының әлі салынып бітпеген Неом қаласында өтуі тиіс болған. Бірақ қаңтарда Сауд Арабиясы Азияданы өткізе алмайтынын мәлімдеген.

2017 жылы Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Салман шөл далада Неом атты футуристік қала салынатынын жариялады. Жоба аясында ұзындығы 170 шақырым, ені 200 метр болатын The Line атты қала және Троджена тау-шаңғы кешені бой көтеруі тиіс еді. Дәл осы Тродженада Қысқы Азия ойындарының жарыстарын өткізу жоспарланған.

Алайда уақыт өте келе Неом жобасының жүзеге асу қарқыны баяулағаны белгілі болды. Бастапқыда 170 шақырым болады деп жоспарланған The Line қалашығының ұзындығы қазір небәрі 2,4 шақырыммен шектелуі мүмкін деген ақпарат тарады. Неом қаласының құрылысын 2030 жылға қарай аяқталуы мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎6🤮2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Беларусь президенті Александр Лукашенко Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесу барысында Қазақстанда талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді.

Әңгіме барысында Лукашенко Қазақстанның Конституцияны жаңғыртуға кіріскенін атап өтті. Оның сөзінше, елінде Конституциялық мәселелермен айналысатын тәжірибелі заңгерлер мен мамандар жеткілікті.

Беларусь басшысы Қазақстанға Конституциялық реформаны жүзеге асыру барысында қажет болған жағдайда көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін жеткізді.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮4❤1