🇰🇬Қырғызстан билігіндегі «екінші адам» Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетті
Мән-жай
10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қамшыбек Тәшиевті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.
«Ең алдымен мен бұл шешімді мемлекетіміздің мүддесі үшін қабылдадым. Қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік органдар арасындағы бөлінуді болдырмау мақсатында, керісінше, бірлікті нығайту үшін жасадым», – деді Садыр Жапаров.
Контекст
Бұған дейін Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерілген. Бір топ ғалымдар мен экс-премьер-министр және бұрынғы депутаттар мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге байланысты ұсыныс айтып, президент пен Жоғары Кеңес төрағасының атына хат жолдаған.
Садыр Жапаров 2021 жылдың 28 қаңтарынан бері президент болып қызмет атқарып келеді.
Садыр Жапаровтың сенімді серектерінің бірі, биліктегі «екінші адам» деп аталатын Қамшыбек Тәшиевтің қызметінен босатылуы осы бастамалармен қатысы болуы мүмкін деп болжап жатқан сарапшылар да бар.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣3🤔1
Петропавлда 11 сынып оқушысы мектепке тапаншамен келген
Петропавлдағы мектептердің бірінде 11 сынып оқушысы сабаққа пневматикалық тапаншамен келген.
Мән-жай
Полиция департаментінің хабарлауынша, қаруды тәркіленген, задап шеккендер жоқ. Оқушы «ұсақ бұзақылық», заңды өкілдері ата-ана міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мектеп қызметкерлері мен күзетшілерінің әрекеттеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Петропавлдағы мектептердің бірінде 11 сынып оқушысы сабаққа пневматикалық тапаншамен келген.
Мән-жай
Полиция департаментінің хабарлауынша, қаруды тәркіленген, задап шеккендер жоқ. Оқушы «ұсақ бұзақылық», заңды өкілдері ата-ана міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мектеп қызметкерлері мен күзетшілерінің әрекеттеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬4
Роскомнадзор Ресей аумағында Telegram жұмысын шектеуді бастайтынын растады
Роскомнадзор Ресей аумағында Telegram мессенджерінің жұмысын шектеуді бастайтынын растады.
Мән-жай
10 ақпанда Роскомнадзор Ресей заңнамасын орыдамай отырған бірнеге мессенджерге шектеу қойылатынын мәлімдеді.
«Telegram-мен қоса бірнеше мессенджер әлі күнге дейін РФ заңнамасын орындамай отыр», – делінген ведомство таратқан хабарламада.
Роскомнадзор заң талаптары орындалмайынша шектеулерді біртіндеп жүргізе беретінін айтты.
Контекст
Былтырғы жылдың тамызынан бастап Ресейде WhatsApp пен Telegram арқылы қоңырау шалу қызметі блокталған. Роскомнадзор бұл шараларды «террористтер мен алаяқтардың мессенджерлерді пайдалануымен байланыстырған. Қазан айында ведомство Telegram мен WhatsApp-ты ішінара шектеуді бастағанын хабарлап, мұны алаяқтыққа қарсы күреске деп түсіндірген.

👏3❤1🤣1
Қазақстанның 2025 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде позициясы төмендеді
Қазақстанның 2025 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі позициясы нашарлады. Transparency International Kazakhstan ұйымының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 100 балдың 38-ін жинап, 182 елдің ішінде 96-орынға тұрақтаған. 2024 жылы Қазақстан 40 балл жинап, 180 елдің арасында 88-орында болған еді.
Мән-жай
Жинаған балл саны бойынша Қазақстан Эфиопия мен Суринаммен бір қатарда тұр. Қазақстаннан кейін Колумбия, Доминикан Республикасы, Гамбия, Лесото және Замбия жайғасқан. Бір саты жоғары Мальдив аралдары, Марокко мен Тунис елдері орналасқан.
Қазақстанмен көршілес елдердердің көрсеткіші бұдан да төмен. Атап айтқанда, Өзбекстан (31 баллмен, 124-орында), Қырғызстан (26 баллмен, 142-орында), Ресей (22 баллмен, 157-орында) және Түрікменстан (17 баллмен, 167-орында).
2025 жылы индекстің көшбасшылары Дания (89 балл), Финляндия (88) және Сингапур (84) елдері. Ал ең төмен нәтиже Оңтүстік Судан(9), Сомали (9) және Венесуэлада (10) тіркелді.

😁3❤1
Жаңалықтар дайджесті: 11 ақпанға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Елімізде ХҚКО орнын басатын жүйе пайда болады
- Маңғыстау облысында аққулар қырылып жатыр
- Қазақстанның 2025 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде позициясы төмендеді
- Өзбекстан мен Әзербайжан Грузиямен Ресей аумағын айналып өтетін жаңа теміржол бағыты бойынша келісімге келді
- Ресейде мұнай өндірісі екінші ай қатарынан төмендеп жатыр
- Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Елімізде ХҚКО орнын басатын жүйе пайда болады
- Маңғыстау облысында аққулар қырылып жатыр
- Қазақстанның 2025 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде позициясы төмендеді
- Өзбекстан мен Әзербайжан Грузиямен Ресей аумағын айналып өтетін жаңа теміржол бағыты бойынша келісімге келді
- Ресейде мұнай өндірісі екінші ай қатарынан төмендеп жатыр
- Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегі көтерілуі мүмкін
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ердоған ұлын президенттікке дайындап жатыр
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған билікті ұлына беруге дайындықты күшейтті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды. Басылым Биляль Ердоғанның қоғамдық және саяси рөлі артып келе жатқанын атап өтеді.
Агенттіктің мәліметінше, 44 жастағы Биляль соңғы уақытта әкесінің жанында жиі көріне бастады. Ол шетелдік сапарларда бірге жүріп, жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысады және биліктегі Әділет және даму партиясының ішінде ықпалды тұлғаға айналып келеді.
Мемлекеттік БАҚ-та оның қызметі туралы материалдар тұрақты жарияланады, ал дереккөздер Биляль Ердоған кадрлық іріктеуге қатысып, өзіне жақтас топ қалыптастырып жатқанын айтады. Биляльдің өзі ашық саяси амбициясын жоққа шығарғанымен, Bloomberg сұхбаттастары оның көшбасшылыққа бейресми түрде дайындалып жатқанын жеткізген. Олардың айтуынша, болашақта ол Әділет және даму партиясы төрағалығы мен тіпті елдің вице-президенті қызметіне үміткер болуы мүмкін.

👍1🤔1🤬1
Елімізде қорғасынды онлайн «құйып» емдейтіндер көбейді
Қазақстанда онлайн емшілік ұсынатындар саны артып келеді. Әлеуметтік желілерде «қорғасын құйып, жолыңызды ашамын» деп жарнама жасайтын парақшалар қаптаған.
Қабылдауға барудың қажеті жоқ — қызмет ақысын аударсаңыз жеткілікті. Олар дертті қашықтан «анықтап», сол арқылы ем жүргізетінін айтады. Тіпті «сиқыр бар», «бойыңызда лас энергия бар» деп сендіріп, онлайн ұшық жасайтындар да пайда болған, деп жазады Информбюро31.
Желіге кірсеңіз, «қашықтан емдеймін» деген хабарландырулар көзге жиі түседі. Кейбірі тіл-көзден сақтайтынын, жолды ашатынын алға тартады.
Діни басқарма өкілдері қазақ арасында қорғасын құю дәстүрі болғанын мойындайды. Бірақ интернет арқылы «жол ашу» немесе «бой тазалау» сияқты әрекеттердің шариғатқа сәйкес келмейтінін ескертеді.
- Интернеттен көріп алып, «емдейміз», «сиқырды табамыз», «жол ашамыз» деген секілді қазақтың бар дәстүрін басқа бағытқа бұрып жіберген. Сондықтан қазақтың дәстүріндегі қорғасын құюмен қазіргі істеп жатқан бақсы-балгерлердің түсініксіз әрекеттерін шариғат құптамайды, – дейді ҚР Діни Басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы.

🤣3❤1
Владимир Путин Қазақстанға келуі мүмкін
Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары 2026 жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді.
Алексей Бородавкин 2025 жылғы қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған сапары «екі ел арасындағы ерекше достық қарым-қатынас аясында» өткенін еске салды. Оның сөзінше, Кремльдегі мемлекет басшыларының кездесуі бейресми форматта ұйымдастырылған.
- Үш сағат бойы жеке-дара, Кремльдегі президентіміздің пәтерінде жабық жағдайда әңгімелесті. Сапардың жалпы атмосферасы айрықша жылы әрі достық сипатта өтті, – деді Алексей Бородавкин.
Сондай-ақ елші биыл Ресей президенті жауап ретінде Қазақстанға сапар жасауы мүмкін екенін айтты.
- Биыл президентіміздің сапары жоспарланып отыр. Нақты күндері әлі белгіленген жоқ, бірақ мұндай сапар болады. Басшыларымыздың алдында есеп беретін мәселелер жеткілікті деп ойлаймын, – деді ол.

💩12❤1👎1🔥1
Алтынмен пара-пар Елтаңба: алматылық сот 1,1 млн теңгеге пластик рәміз сатып алған
2025 жылдың желтоқсанында Алматының Сот әкімшілігі департаменті диаметрі 1,5 метр болатын пластик мемлекеттік елтаңбаны 1 150 000 теңгеге сатып алған. Қаражат бюджеттен бөлінген.
Не сатып алынған?
Мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімшартқа сәйкес, барлығы ресми түрде рәсімделген: пластик мемлекеттік рәміз, 1 дана, СТ РК 989-2014 стандартына сай, түсі – алтын, жеткізу мекенжайы – Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 47. Жеткізуші – ЖК Маметиязова. Сатып алу «өтпей қалған сатып алулар бойынша бір көзден алу» тәсілімен жүргізілген.
Құжаттарда гауһар тас та, сусал алтын да, әшекейлі қаптама да көрсетілмеген – кәдімгі пластик. Алайда бағасына қарағанда, бұл пластиктің өзгешелігі бардай әсер қалдырады.
Техникалық сипаттамада Елтаңбаның дөңгелек пішінде екені, шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар және QAZAQSTAN жазуы бар екені нақты көрсетілген. Барлығы талапқа сай. Көзге бірден түсетіні – тек бағасы.

🤬4🤯3
Қазақстан энергетикадағы қордаланған мәселелерді қалай шешпек?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың “энергетика саласында мұнайдан басқа мақтанар ештеңеміз жоқ па” деп сынға алуы елде ұзақ жылдар бойы энергетикалық саясаттың дұрыс болмағанын көрсетіп берді. Электр және жылу генерациясы шикізат экспортын бірінші орынға қойған саясаттың көлеңкесінде қалды. Президенттің бұрынғы министрлерді «өзіне сенімді дилетанттар» деп атауы тегін емес. Қазақстан бүгінде 3,7 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттауға мәжбүр, одан бөлек электр желілері мен жылу магистральдары әбден тозып, құрудың аз-ақ алдында тұр. Бұл ахуал ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді.
«Жамау» саясатының тұзағы
Салаға бөлінген 1 трлн теңгенің 900 млрд-тан астамы ескі қазандықтарды жөндеуге жұмсалған. Ал жаңа генерация салуға небәрі 140 млрд теңге бағытталған. Бұл Энергетика министрлігі жаңа қуат көздерін салудан гөрі, кеңестік кезеңнен қалған инфрақұрылымды «жамап-жасқауды» таңдағанын аңғартады.
Мұндай тәсіл саланың дамуын тежеп, технологиялық жаңғыруды, соның ішінде жасанды интеллект енгізуді де кейінге ысырып келді. Қазір министрлік дағдарысқа қарсы режимге өткен. Апта басында таныстырылған Ұлттық жоспар жобасы – соңғы онжылдықтардағы нақты қуат көздерін құруға бағытталған алғашқы ауқымды бастама. Құжатта 7,2 ГВт жаңа қуат генерациясын салу көзделген. Сарапшылар мұны қазіргі энергия тапшылығына берілген жүйелі жауап деп бағалайды.

🥴2
ULYSMEDIA.KZ
Үрей билеген жүйе: Қазақстанда неге әлі күнге дейін Қожамжаров пен оның көмекшілерінен өлердей қорқады Бұрынғы Қаржы полициясының тергеушілерінен құралған топтың қысымына түскендердің бәрі бірдей сол кезеңді еске түсірмегенді жөн көреді. Ол кезде кез келген…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Қожамжаровтың қайда екенін айта алмады
Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың қайда екені туралы сұраққа тергеуге сілтеп жауап бере алмады.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қазіргі уақытта Қожамжаров ісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
- Қандай шешім қабылданатыны туралы тергеу нәтижесінен кейін белгілі болады. Статус әлі белгіленген жоқ. Ресейге қашқаны не қашпағаны тергеу кезінде анықталады, – дейді Қойгелдиев.
Елдің бәрі біліп отырған деректі прокуратура білмейме, деп нақтылады журналист.
- Тағы да қайталап айтамын, біз тек ресми мәлімет пен ресми құжаттармен жұмыс істейміз, – дейді прокурордың орынбасары.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ұлыс редакциясы Германия асып саяси пана сұраған Мақсат Дүйсенов және Мәскеуге қашып тығылған Қайрат Қожамжаров туралы үлкен шығарылым жасаған болатын.

😁4❤2🤷♂1
Жарық жетіспей ме, әлде жауапкершілік тапшылығы ма: Қазақстан энергетикасындағы дағдарыс неден туындады?
Жарық жиі сөнеді, газ беру тоқтап қалып жатады, жылу мен электр энергиясының тарифтері қымбаттап барады. «Тапшылық», «артық жүктеме», «энергетикалық дағдарыс» деген сөздер күнделікті өмірде жиі еститін тіркеске айналды. Отандық энергетика саласында мұндай оқиғалар неліктен жиілегенін кезінде саланы жаңғыртуға білек сыбана кірісіп, кейін тергеуге тартылған бұрынғы вице-министр Бақытжан Жақсалиев сұқбатта түсіндіріп берді. Айтпақшы, оған тағылған айып кейін алынып, кешірім жасалғанымен, ол ведомствоға қайта оралмады.
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында Жақсалиев ел энергетикасында шын мәнінде не болып жатқанын және «жоғарыда» қабылданатын шешімдердің неге жиі сәтсіздікке ұшырайтынын түсіндірді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Жарық жиі сөнеді, газ беру тоқтап қалып жатады, жылу мен электр энергиясының тарифтері қымбаттап барады. «Тапшылық», «артық жүктеме», «энергетикалық дағдарыс» деген сөздер күнделікті өмірде жиі еститін тіркеске айналды. Отандық энергетика саласында мұндай оқиғалар неліктен жиілегенін кезінде саланы жаңғыртуға білек сыбана кірісіп, кейін тергеуге тартылған бұрынғы вице-министр Бақытжан Жақсалиев сұқбатта түсіндіріп берді. Айтпақшы, оған тағылған айып кейін алынып, кешірім жасалғанымен, ол ведомствоға қайта оралмады.
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында Жақсалиев ел энергетикасында шын мәнінде не болып жатқанын және «жоғарыда» қабылданатын шешімдердің неге жиі сәтсіздікке ұшырайтынын түсіндірді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ULYSMEDIA.KZ
Айгүл Сайлыбаевның өліміне күдікті енесі мен күйеуінің жүрген жері анықталды: олар Қазақстанға экстрадициялана ма? Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті деп танылған енесі мен күйеуі Наталья және Александр Донцовтардың қазір…
Германияда қаза тапқан судьяның ісімен Ресей айналысуы мүмкін
Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу барысы жөнінде мәлімет берді. Марқұмның туыстары оны азаптап өлтірді деп күйеуі мен енесін айыптап отыр. Екеуі де Ресей азаматтары.
Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Қазақстан Ішкі істер министрлігі Наталья және Александр Донцовтарға қатысты Айгүл Сайлыбаеваны азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
- Ресей Федерациясына екі тұлғаның азаматтығын анықтау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды. Өздеріңіз білесіздер, Ресей де, Қазақстан да өз азаматтарын экстрадицияламайды. Азаматтығы нақты анықталғаннан кейін қылмыстық іс Ресей жағына беріліп, тергеуді сол ел жүргізеді және кінәлілер жауапқа тартылады, – деді Қойгелдиев.
Ол тергеудің нақты қашан аяқталатынын айта алмады. Алайда Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин бұл істі жеке бақылауына алғанын еске салды.
Сонымен қатар, бас прокурордың орынбасары Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцова Ресейден кете алмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, екеуі де тергеу аясында бақылауда отыр.

❤1🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды
Алматыда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының еске алу шарасы өтті. Қаралы жиынды оның отбасы ұйымдастырды. Шараға саясаткердің әріптестері, қоғам қайраткерлері, достары мен белсенділер қатысты.
Бүгін Алтынбек Сәрсенбайұлының қастандықпен өлтірілгеніне 20 жыл болды. 2006 жылы 11 ақпанда хабарсыз кеткен Алтынбек Сәрсенбайұлы екі күннен кейін көмекшісі Бауыржан Байбосын мен көлік жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы іргесіндегі таудан табылды. Үшеуінің де атып өлтірілгені анықталды. Содан бері бұл өлімнің төңірегінде жауапсыз сұрақтар өте көп.
Бүгінгі еске алу шарасында да сол сұрақтарға қатысты пікірлер айтылды. Туыстары мен әріптестері саясаткердің өліміне сол уақытта президент болған Нұрсұлтан Назарбаевты айыптай сөйледі.
Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы істі қайта қарауды талап етіп, президентке, бас прокурорға және жоғары сотқа арыз жазғанын айтты.
- Сол іс қайта қозғалуы тиіс. Соны көп болып, қауым болып, міндеттеп, мына қылмысты аштыруға, басты тапсырыс берушілерден бастап, соңғы тапаншаның шүріппесін басқандарға дейін қайта қаралуы керек, ашылуы керек деген талап қойып отырмыз. Бар мақсатымыз кек қайтару емес. Біз кекшіл емеспіз. Қанымызда, тегімізде ондай кекшілдік жоқ, – деді ол жиында.

❤2😢2👍1
ULYSMEDIA.KZ
Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер қамауға алынды Әңгіме әзербайжандық блогерлер туралы болып отыр. Олар Алматыға келіп, қазақ қыздарымен төсектес болатынын айтқан. Артынша, желідегі мәлімет бойынша, қазақстандық жігіттер олармен кездесіп,…
Қазақ қыздарына тіл тигізген стримерлерге ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша іс қозғалды
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәліметінше, Ресей азаматтары Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша іс тіркелген.
Бұған дейін олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментіне арызды белсенді Диас Құзаиров түсірген. Ол стримерлерді ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен.
Белсендінің айтуынша, аталған блогерлер бұған дейін де Қазақстан аумағында осындай әрекеттерге барған, алайда оларға қатысты тиісті құқықтық шаралар қолданылмаған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәліметінше, Ресей азаматтары Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша іс тіркелген.
Бұған дейін олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментіне арызды белсенді Диас Құзаиров түсірген. Ол стримерлерді ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен.
Белсендінің айтуынша, аталған блогерлер бұған дейін де Қазақстан аумағында осындай әрекеттерге барған, алайда оларға қатысты тиісті құқықтық шаралар қолданылмаған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3👏2🔥1
ULYSMEDIA.KZ
Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Алматыдағы "Орталық клиникалық ауруханасындағы" емін аяқтап, қазір амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. «Науқас Ұлттық госпитальде емделіп, биыл қаңтар айында амбулаториялық…
Сара Назарбаеваның қандай диагнозбен ауруханаға түскені белгілі болды
Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның жағдайы туралы айтты.
Үкібайдың сөзінше, Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты.
- Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады, дейді Айдос Үкібай.
Оның сөзінше, Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды.
- Биыл қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында, – дейді Айдос Үкібай.
Еске салайық, кеше, 10 ақпанда Сара Назарбаева ауруханадан шыққаны хабарланған еді.

❤1🤮1
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалды. Сондай-ақ жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілді.
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты.
Президент маңызды жұмысты кәсіби тұрғыда атқарған Конституциялық комиссия мүшелеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Комиссия мүшелерінің жаңа Конституция жобасын тікелей эфирде талқылауы қоғамдық диалогтің жоғары деңгейін танытқанына назар аударды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жобаны әзірлеу мен талқылауға мыңдаған азаматтың белсене атсалысқанына тоқталып, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетінін және жаңа Конституцияның шынайы халықтық сипатын көрсететінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

🤮3
ULYSMEDIA.KZ
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және…
Референдум 15 наурызда өтеді
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынған болатын.
Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынған болатын.
Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬11❤1
Сот президенттің экс-кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтің отбасылық дауына нүкте қойды
Кассациялық сот Олжас Құдайбергеновтің бұрынғы қайын атасына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол аса ірі көлемде бопсалау жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Соттардың шешімі
Қорғау тарапы ақша қызы мен немерелерінің қажеттілігі үшін сұралғанын, қылмыс құрамы жоқ екенін алға тартты. Ал айыптау тарабы ақша бопсалау арқылы талап етілгенін мәлімдеді. Әңгімелердің аудиожазбалары қорқыту болғанын растаған. Сондай-ақ алынған қаржының бір бөлігі айыпталушының өз қажетіне жұмсалғаны анықталған.
Кассациялық сот айыпталушының ақша талап етуге заңды негізі болмағанын және оның алдында ешқандай қаржылық міндеттеме болмағанын атап өтті. Осылайша әрекеті өз бетінше билік ету емес, бопсалау деп танылды. Нәтижесінде 7 жылдық жаза күшінде қалды.
Контекст
Олжас Құдайбергенов пен Мөлдір Қабылова шамамен он жыл бұрын отау құрған. Құдайбергенов әр жылдары президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып, «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесіне кірген. Төрт баласы бар.
Мөлдір Қабылова бұған дейін өзін толық қаржылық тәуелділікте болғанын, қысым мен бақылауға ұшырағанын айтқан. Оның сөзінше, ажырасу туралы шешімнен кейін туыстарының қылмыстық қудалауымен бетпе-бет келген. Сондай-ақ шетелде балаларымен қаражатсыз қалып, «Болашақ» стипендиясынан, тұрғын үй мен әлеуметтік төлемдерден айырылғанын мәлімдеген.

👍1
МӘМС ережесі өзгереді: кімдерге қатысты?
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.
Ведомство жарна есептеу, ұстау және аудару қағидаларына түзетулер енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Өзгеріс мемлекет жарна төлейтін жұмыссыз азаматтардың аумақтық тиесілігін нақтылауға қатысты. Әңгіме өмірлік қиын жағдайға тап болған және соңғы үш айда зейнетақы аударымдарын жасамаған азаматтар жөнінде болып отыр.
Министрлік оларды тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша есепке алуды ұсынады. Бұл өңірлер арасындағы шығындарды дұрыс бөлу үшін қажет екені айтылған.
Құжатта түзетулер азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігіне әсер етпейтіні көрсетілген. Әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалар МӘМС жүйесінде сақтандырылған және алғашқы медициналық көмектен бастап мамандандырылған емге дейін толық қызмет алуға құқылы.
Жоба 2026 жылғы 25 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланады.

🤔2