ULYSMEDIA.KZ
ҚазТаг бас редакторының үйі тінтілді ҚазТаг ақпарат агенттігінің бас редакторы Амир Қасеновтың пәтерінде тінту жүргізілгенін оның адвокаты Сәлімжан Мусин мәлімдеді. ҰСТАЛУ ОҚИҒАСЫ 23 желтоқсан күні кешке Астанада Қасенов тергеу іс-шараларына шақырылып,…
Қазтаг бас редакторының үйқамақ мерзімі ұзартылды
Алматыда сот «ҚазТАГ» бас редакторы Амир Қасеновке қатысты бұлтартпау шарасын ұзартты. Ол тағы үш айға дейін үйқамақта қалады.
Бұл туралы оның жұбайы Айгүл Касенова мәлімдеді.
– Яғни, қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесін де ол үйде өткізеді. Сонымен қатар тергеудің үйқамақты ұзарту жөніндегі өтінішінде күйеуімнің бой тасалауы, тергеу барысына қандай да бір кедергі келтіруі немесе заңсыз әрекеттермен айналысуы мүмкін екеніне қатысты дәлелдер жоқ. Ұзартуға себеп ретінде мүлде басқа негіздер – тергеу Амир Қасеновтің қатысуынсыз да жүргізе алатын бірқатар процессуалдық әрекеттер көрсетілген, – деді ол.
Сондай-ақ Қасенова қорғау тарапы үйқамақты ұзарту туралы өтініш беру кезінде жіберілген заңбұзушылықтарға назар аударғанын айтты. Адвокат Сәлімжан Мусин бұл мәселелерді соттың назарына ұсынған, алайда, оның пікірінше, аталған уәждер ескерусіз қалған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1🤬1
ҰҚК Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
ҰҚК хабарлауынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Сондай-ақ комитет берілген жауаппен келіспеген жағдайда, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болатынын атап өтті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық БАҚ пен Telegram-арналарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде бұл жағдайға қысқаша әрі мән-жайсыз түсініктеме берілді. Олар Жақсылық Омарт денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын айтқан еді.

❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Таразда екі ер адам 13 жастағы қызды ұрламақ болған
Оқиға автобус аялдамасында болған. Ер адамның баланы күшпен автокөлікке отырғызуға тырысқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желілер мен ата-аналар чаттарында тарады. Хабар түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен.
– Күдіктілер «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеушілер болған жайттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полицейлер балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда екенін және оларға зиян келтіруге бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

🤬3
АҚШ-та хоккей матчы кезінде атыс шығарған адамның кім екені анықталды
АҚШ-тағы Род-Айленд штатының Потакет қаласында орта мектеп командаларының хоккей матчы кезінде оқ атып, екі адамды өлтіріп, тағы үшеуін ауыр жаралаған күдіктінің жеке басы анықталды.
Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған адамның аты-жөні — Роберт Дорган.
Оқиға дүйсенбі күні, 16 ақпанда (жергілікті уақыт бойынша) мектеп командалары арасындағы матч өтуі тиіс болған жабық мұз айдынында күндіз болған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қала полициясының басшысы Тина Гонсалвестің айтуынша, 56 жастағы ер адам отбасылы болған.
Ресми мәліметтер бойынша, 56 жастағы Роберт Дорган (трансгендер адам) бұрынғы әйеліне және өз ұлына оқ атқан. Екеуі де оқиға орнында жан тапсырған. Тағы үш адам - экс-әйелінің туыстары ауыр жарақат алды.
Кейін Потакеттегі мұз айдынында болған оқиғадан соң өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ оның Роберт Эспозито деген жалған есімді пайдаланғаны белгілі болды.

😱3❤2
Тоқаев бүгін АҚШ-қа ұшып кетеді
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.
Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.
Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

💩4👍2
Бизнес-жанжал ма, қылмыс па? Ольга Әбдығаппарова сотта соңғы сөзін айтты
Алматының Медеу аудандық сотында кәсіпкер Ольга Әбдығаппарованың ісі бойынша сот процесінде жарыссөз аяқталды. Әбдығаппарова соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол соттан өзін ақтауды сұрады.
Мән-жай
18 ақпанда өткен сот отырысында Ольга Әбдығаппарова соңғы сөзін айтты. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, айып болжам негізінде құрастырылған деді. Сөзінше, сату және сатып алу келісімшарттарының барлығы компанияны «Қоспаевтың» ұйымдасқан қылмыстық тобы өкілдері басқарып тұрғанда жасалған. «Мен «AV-Construction» ЖШС басшысы болып келген уақытта компания өте қиын жағдайда болған. Сол себепті компанияны сақтап қалу үшін жұмыс істедім» деді ол.
«Мен компания басшылығына тағайындалған кезде, басқару жүйесі іс жүзінде күйреген еді. Компания ішінде корпоративтік жанжал орын алған, активтерге бақылау жоғалған болатын. Бұл жағдайлар «Коспаевтың» ұйымдасқан тобының қылмыстық әрекеттерінің салдарынан туындады және бұл мән-жайлар заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген. Компания активтері шығарылған, іскерлік беделіне нұқсан келген, жоба тоқтап қалған, шаруашылық қызметі тұрақсыз күйге түскен еді. Мен дәл осындай дағдарыс жағдайында компания басшылығын қабылдадым. Мен қандай да бір қылмыстық жоспарды емес, басшы ретінде өз міндетімді атқардым. Менің әрекеттерім компанияны және ұжымды сақтап қалуға, қызметін қалпына келтіруге бағытталды. Бұл жөнінде іс материалдарында нақты айғақтармен көрсетілген», – деді Әбдығаппарова соңғы сөзінде.
Сот үкімі 23 ақпанда оқылады.

👍1💩1
Рейдерлік, сот пен қоқан-лоққы: Әбдіғаппаровтар әулетінің көрген қорқынышы неге аяқталмай отыр
15 жылға сотталған Елдос Қоспаев Ольга Әбдіғаппарованы «отырғызамын» деген қоқан-лоққысын қалай жүзеге асырып жатыр? Ұйымдасқан қылмыстық топ ісі бойынша үкім шыққаннан кейін неге отбасыға қысым жалғасуда? Esentai City айналасында шын мәнінде не болып жатыр?
Осы резонансты сұқбатта кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың анасы Сәуле Жүнісбекова рейдерлік, қылмыстық істер мен сот процестерімен байланысты көпжылдық қақтығысқа қатысты өз нұсқасын алғаш рет егжей-тегжейлі баяндайды.
Алмас Әбдіғаппаров амнистияға, келтірілген залалдың өтелуіне және шартты түрде мерзімінен бұрын босауға бірнеше мәрте өтініш бергеніне қарамастан, түрмеде шамамен алты жылға жуық уақыт өткізді.
Оның жұбайы Ольга Әбдіғаппарова бір жылдан астам уақыт бойы үйқамақта болып, үкімді күтіп отыр. Отбасының айтуынша, қылмыстық қудалау тапсырыспен жасалған және ол Елдос Қоспаев айналасымен болған жанжалдан кейін басталған.
Сұқбатта мынадай негізгі сұрақтар көтеріледі:
- Алмасқа не себепті бес рет шартты мерзімдік босатудан бас тартылды
- Отбасының сөзінше, сотта айтылған Қоспаевтың қоқан-лоққылары қалай жүзеге аса бастаған
- Ольга Әбдіғаппароваға қатысты іс қандай негізге сүйеніп қозғалған
- Esentai City жобасын рейдерлік жолмен басып алудың артында кімдер тұр
- ҰҚТ ісі бойынша үкім шыққанына қарамастан, неге отбасыға қысым тоқтамаған
- «Алданған үлескерлер» төңірегіндегі ақпараттық шабуылдар мен жанжал
- Esentai City құрылысында қазір не болып жатыр
- Істің заңдылығын тексеру жөнінде Қазақстан Президентіне жолданған үндеу
Сәуле Жүнісбекованың айтуынша, ҰҚТ ісі бойынша үкім заңды күшіне енгеннен кейін отбасы әділдік орнайды деп күткен, алайда жаңа сот процестерімен, шектеулермен және медиалық қысыммен бетпе-бет келген. Оның сөзінше, қоғамдық кеңістікте сот анықтаған рейдерлік фактілер, соның ішінде активтерді шығару мен миллиардтаған шығын туралы деректер айтылмай келеді.
Бүгінде Esentai City төңірегіндегі жанжал Қазақстандағы рейдерлік, сот жүйесі және бизнеске қатысты ең даулы істердің бірі болып қала беруде.
📹Сұқбаттың толық нұсқасын және Esentai City екінші кезеңінің құрылыс алаңынан репортажды осы шығарылымнан көре аласыздар.

❤3🤔3💩1
Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Мән-жай
Жанар Секербаеваның сөзінше, іс қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша қозғалған.
«Мені белсенділігім үшін және ориентациям үшін жазалағысы келеді. Feminita-дағы әріптестеріммен бірге 11 жыл бойы Қазақстандағы ЛГБТИК+ өкілдерінің құқықтарын қорғағаным үшін бе? Қорықпай өмір сүріп, белсенділікті тастамағаным үшін бе? Әділетсіздік, дискриминация, әйел құқығының бұзылуымен жан-тәніммен күресемін. Осындай лас арандатушылықтарды ұйымдастырып жатқандардың (неге екені белгісіз, оған мемлекеттік органдар да қатысады – Ж.С) алдында бір қадам да артқа шегінбеймін. Қазақстанның басты мәселесі жемқорлық, ақылдылардың елден кетуі, экономикалық дағдарыс, фемицид, адам өлімі мен суицид деп ойлап едім, бірақ авторитарлық алпауытқа қарсы тұрған бір лесби болады деп ойламаған едім», – деді Секербаева.
Контекст
Жанар Секербаеваның үстінен іс қозғауға 2025 жылғы 22 қарашада Астанада «Френч» дәмханасында болған жағдай себеп болған. Іс Зиуар Жұманованың полицияға жазған арызы негізінде тіркелген.

👍8🤮2❤1
Ерболат Құдайберген арнайы медицина мекемесіне жатқызылды
Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, полицияға көпқабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғындардан көршілерінің агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы өтініш түсті.
Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел түрде барды. Ақпарат расталды: әнші адекватсыз күйде болып, агрессия көрсеткен және айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген.
Азамат медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ
Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ол мамандардың бақылауымен 15 тәулікке арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны ҚР ӘҚБтК-нің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығы мен тынығуын бұзғаны, тіркеусіз тұрғаны, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу фактілері бойынша.
Полиция әнші бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

❤2😁2🤔2
ULYSMEDIA.KZ
Есірткімен ұсталған әнші Qarakesek туралы жаңа дерек шықты Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, әнші 15 күн қамауда отырып шыққан. - Сонымен қатар, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 296-бабының 2…
Рэпер Qarakesek сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі
Ақтөбеде рэпер Омар Аманбаев, яғни Qarakesek, сот отырысына келмеген. Осыған байланысты ол сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды.
ЕСІРТКІ САҚТАҒАН БА
31 жастағы музыкантқа қатысты сот отырысы бүгін, 18 ақпанда өтуі тиіс болған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі — сату мақсатынсыз есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша айыпталып отыр. Айыпталушы сот тыңдауының күні мен уақыты туралы алдын ала хабардар болғанына қарамастан, отырысқа келмеген. Оның адвокаты рэпердің кешігіп жатқанын айтқаннан кейін сот үзіліс жариялаған. Алайда прокурор айыпталушыны мәжбүрлі түрде жеткізуді сұрады.
– Айыпталушы сот отырысының уақыты мен орны туралы біле тұра, дәлелді себепсіз келмеді және оны растайтын құжаттар ұсынған жоқ. ҚР ҚПК-нің 157-бабына сәйкес, айыпталушы Омар Аманбаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы қаулы етемін, – деді судья Тұрсынхан Салықов.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ақтөбеде рэпер Омар Аманбаев, яғни Qarakesek, сот отырысына келмеген. Осыған байланысты ол сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды.
ЕСІРТКІ САҚТАҒАН БА
31 жастағы музыкантқа қатысты сот отырысы бүгін, 18 ақпанда өтуі тиіс болған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі — сату мақсатынсыз есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша айыпталып отыр. Айыпталушы сот тыңдауының күні мен уақыты туралы алдын ала хабардар болғанына қарамастан, отырысқа келмеген. Оның адвокаты рэпердің кешігіп жатқанын айтқаннан кейін сот үзіліс жариялаған. Алайда прокурор айыпталушыны мәжбүрлі түрде жеткізуді сұрады.
– Айыпталушы сот отырысының уақыты мен орны туралы біле тұра, дәлелді себепсіз келмеді және оны растайтын құжаттар ұсынған жоқ. ҚР ҚПК-нің 157-бабына сәйкес, айыпталушы Омар Аманбаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы қаулы етемін, – деді судья Тұрсынхан Салықов.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2❤1
Зеленский: Украина халқы Донбастың Ресейге берілуін ешқашан кешірмейді
Президент Владимир Зеленский Украина халқы Донбастың Ресейге берілуін ешқашан кешірмейтінін айтты.
Мән-жай
Украина президенті Владимир Зеленскийдің пікірінше, егер бейбіт келісім Украина әскерінің Донбастан біржақты шығарылуын және өңірдің Ресейге берілуін көздейтін болса, мұндай шешімді украин қоғамы қабылдамайды. Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Зеленский мұндай келісімнің ел ішінде терең эмоционалдық салдар туғызатынын айтты.
«Халық мұны ешқашан кешірмейді. Ешқашан. Олар мұны маған да, АҚШ-қа да кешірмейді», – деді Зеленский.
Оның сөзінше, украиналықтар өз жерінің тағы бір бөлігінен бас тартуы тиіс екенін қабылдамайды.
«Бұл – біздің еліміздің бір бөлігі. Ондағы азаматтар да, ту да, жер де – бәрі біздікі», – деді ол.

❤7🔥2🤮2👍1💯1
Шаруалар салық кодексіндегі жаңа норманы тоқтата тұруды сұрады
Қазақстандық шаруалар ҚҚС қайтарымының көлеміне қатысты Салық кодексіндегі жаңа норманың қолданылуын келесі қаржы жылына дейін тоқтата тұруды сұрап отыр.
Ірі аграрлық қауымдастықтар Үкіметке жүгініп, бұл өзгерістің ішкі және экспорттық нарықтарға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Олардың артынан Қостанай облысының шаруалары да дабыл қақты. Олар жаңа Салық кодексіне, нақтырақ айтқанда ҚҚС қайтарымының азайтылуына байланысты отандық агросектордың бәсекеге қабілеттілігіне алаңдаулы.
Шаруалардың айтуынша, салықтар АӨК-тегі бүкіл тізбектің — егістіктен дүкен сөресіне дейінгі — рентабельділігіне тікелей ықпал етеді. Яғни, енгізіліп жатқан өзгерістер түптеп келгенде қазақстандықтардың қалтасына әсер етуі мүмкін.
– Маңызды салық төлеуші саналатын агросектордағы «ойын ережелері» жиі өзгермеуі керек. Біз бұл норманың қолданылуын келесі қаржы жылына дейін тоқтатып, барлық факторды жан-жақты есептеуді ұсынамыз, – деп АПК Новости Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қауымдастығының өкілі Эдуард Двуреченскийнің сөзін келтіреді.
Агробизнес бұл мәселе бойынша Үкіметпен ашық әрі конструктивті диалогқа үміт артып отыр.

👍1🤔1
Ораза - 2026: маңызды сұрақтардың жауабы
Жолда жүрген адамға ораза ұстамауына бола ма?
Алыс жолға шыққан (шамамен 90 шақырым) жолаушыға рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етіледі.
Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, әлде ауыз бекітпеген дұрыс па?
Ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса, ораза тұтқаны абзал.
Намаз оқымаса да ораза қабыл бола ма?
Күніне бес уақыт намаз оқу мен Рамазан айында ораза ұстау – Ислам дінінде бұйырылған жеке-жеке ғибадаттар. Намаз оқымайтын адам да ораза ұстауы мүмкін. Бірақ намаздың қадір-қасиеті жоғары, оны орындамау үлкен күнә екенін де ұмытпаған жөн. Алла Тағала намаз оқымағаны үшін пенденің ұстаған оразасын ескерусіз қалдырмайды, оған тиісті сыйын, сауабын береді.

❤4🤮1🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев Вашингтонға қонды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Вашингтонға келді.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, шетел лидерлерімен және АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізбек.
Ресми мәліметке сәйкес, Бейбітшілік кеңесі жаһандық қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу және жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыруға арналған платформа ретінде құрылды. Алайда бұл бастама - тек дипломатиялық алаң ғана емес, әлемдік ықпал үшін жүріп жатқан жаңа күрестің бір көрінісі деп жатыр сарапшылар.
Вашингтон Қазақстанды не үшін шақырды
Тоқаевтың жаңа халықаралық құрылымның алғашқы құрамында болуы, әрине, Қазақстанның геосаяси салмағы артқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Астана өзін тек аймақтық ойыншы емес, диалог жүргізе алатын бейтарап мемлекет ретінде ұсынуға тырысып келеді.
Вашингтон үшін де бұл кездейсоқ таңдау емес. Қытаймен текетірес күшейіп, дәстүрлі институттар әлсіреген шақта АҚШ жаңа серіктестер мен жаңа форматтарды іздеуде. Осындай жағдайда көпвекторлы саясат ұстанған Қазақстан Батыс үшін ыңғайлы, бірақ толық сенімді емес серіктес.
Үш алыптың ортасындағы Астана
Бейбітшілік кеңесіне қатысу Қазақстанға жаңа мүмкіндік те, жаңа тәуекел де әкеледі. Себебі Астана әлі де АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы нәзік тепе-теңдікті сақтап отыр.
Мұндай алаңдар Қазақстан үшін жай протокол емес. Бұл дегеніміз - аман қалу стратегиясы. Үлкен державалар арасында қысылып қалмаудың жалғыз жолы - халықаралық форматтарда көріну, қатысу, өз орныңды бекіту.
Қазақстан неғұрлым жаһандық процестерге араласса, соғұрлым оны сыртқы күштердің елемеуі қиын болады.
Бұл сапар нені шешуі мүмкін
Вашингтондағы кездесулер тек символикалық сипатта қалмауы мүмкін. Сарапшылар инвестициялар, энергетика, сирек жер металдары және Орталық Азия қауіпсіздігі негізгі тақырыптарға айналады деп болжайды.
Бірақ басты интрига - Қазақстанның ұстанымы. Астана бұрынғыдай сақ дипломатияны жалғастыра ма, әлде жаңа әлемдік жағдайда нақтырақ позиция таныта ма?
Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы бұл бастаманың шынайы ықпалға айналатынын немесе кезекті геосаяси клуб болып қалатынын көрсетеді.
Бірақ бір нәрсе нақты анық: Қазақстан мұндай форматтарға жай қатысып жүрген жоқ. Бұл - елдің перифериядан шығып, дербес ойыншыға айналу талпынысы.
https://t.me/ulysmedia

💩5👎2👍1🔥1
Жаңалықтар дайджесті: 19 ақпанға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Шаруалар салық кодексіндегі жаңа норманы тоқтата тұруды сұрады
- Тағы бір елде балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынуы мүмкін
- Израильдің Газадағы әскери операциясына Қазақстанның 189 азаматы қатысқан
- Украина мен Ресей келіссөздері: Трамптың арнайы өкілі мәлімдеме жасады
- Иранда наразыларға қатысты 23 мың қылмыстық іс қозғалған
- Қазақстанға Армения темір жолдарын Ресейден «сатып алу» ұсынылды
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Шаруалар салық кодексіндегі жаңа норманы тоқтата тұруды сұрады
- Тағы бір елде балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынуы мүмкін
- Израильдің Газадағы әскери операциясына Қазақстанның 189 азаматы қатысқан
- Украина мен Ресей келіссөздері: Трамптың арнайы өкілі мәлімдеме жасады
- Иранда наразыларға қатысты 23 мың қылмыстық іс қозғалған
- Қазақстанға Армения темір жолдарын Ресейден «сатып алу» ұсынылды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ораза ұстағандарды мазақ қылған: қазақстандықтар Starbucks-қа бойкот жариялады
Қазақстанда Рамазан айына орай ұйымдастырылған акцияға байланысты Starbucks төңірегінде дау туды. Наразылыққа акцияның өткізілу уақыты себеп болды.
Желі «екі сусын — біреуінің бағасымен» форматындағы акцияны сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін ұсынған. Қолданушылар дәл осы уақытта ораза ұстаған мұсылмандардың күн батқанға дейін ішіп-жемейтініне назар аударды. Нәтижесінде Рамазанға арналып жарияланған акция ораза ұстайтындар үшін қолжетімсіз болып, көпшіліктің түсінбеушілігін туғызды. Кейбір пікір қалдырушылар мұны діни сезімдерді мазақ ету ретінде қабылдағанын айтты. Әлеуметтік желілерде желіні бойкоттауға шақырулар мен мәдени әрі рухани контексті ескеруге үндеген талаптар пайда болды.
Сонымен қатар, көптеген қолданушы Starbucks-тың бірқатар елдерде бұрыннан бойкот тізімінде тұрғанын еске салды: компанияны Израильдің Газа секторындағы палестиндіктерге қарсы әскери әрекеттерін қолдайды деп айыптайды. Сын күшейгеннен кейін Starbucks парақшасынан жарнамалық жазба өшірілді. Компания әлі күнге дейін ресми түсініктеме берген жоқ.
КОНТЕКСТ
Өткен жылдың сәуірінде Starbucks қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының сынына іліккен еді. Ол кезде компанияны қызметкерлерінің бір бөлігінің қазақ тілін білмеуі үшін айыптаған.

👍6🤔1
«Келісімге келсе дұрыс болар еді»: АҚШ Иранға ескерту жасады
Ақ үй Иранға Таяу Шығыста АҚШ-тың әскери қатысуы күшейіп жатқан тұста келісімге келу «ақылға қонымды болар еді» деп мәлімдеді. Бұл туралы Дональд Трамп әкімшілігінің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт айтты.
Бұл мәлімдеме АҚШ пен Иран өкілдері арасында ядролық бағдарламаға қатысты жанама келіссөздердің екінші раундынан кейін жасалды. Тараптар кездесудің қорытындысын әртүрлі бағалады. Тегеранда одан әрі талқылаулардың «негізгі қағидаттары» бойынша келісімге қол жеткізілгені хабарланды. Ал Вашингтон Иранның АҚШ-тың барлық негізгі талаптарына әлі жауап бермегенін айтты.
Ливитт Тегеранға Трамп әкімшілігі ұсынған шарттарды қабылдауға кеңес берді. Трамптың өзі де жағдайдың ушығуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Ол әлеуметтік желілерде Иран келісімнен бас тартқан жағдайда, қауіптің алдын алу үшін АҚШ әскери базаларды, соның ішінде Үнді мұхитындағы Диего-Гарсия аралындағы базаны қолдануы мүмкін екенін жазды. АҚШ Энергетика министрі Крис Райт Парижде сөйлеген сөзінде Вашингтон Иранның ядролық қаруға ие болуына «қандай жолмен болса да» жол бермейтінін айтты. Оның сөзінше, Тегеранның мұндай қаруды қолдану мүмкіндігі жөніндегі мәлімдемелері қабылдауға келмейді.

❤3
Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне неге қосылғанын түсіндірді
Америкалық The National Interest журналында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сенімділік — жаңа күш» атты мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысы Қазақстанды Вашингтон үшін «сенімді әрі адал әріптес» ретінде сипаттап, әлемдік саясаттағы өзгерістер туралы ой қозғайды. Ulysmedia.kz негізгі тезистерге шолу ұсынады.
Президент мақаласы не туралы
Тоқаевтың жазуынша, әлем бүгінде тұрақтылық пен сенім жетіспейтін кезеңді бастан өткеріп отыр. Оның пікірінше, жаһанданудың бұрынғы үлгісі қоғамның үмітін көп жағдайда ақтамады, ал халықаралық ұйымдар барған сайын тиімсіз жұмыс істей бастады. Осы жағдайдан шығудың жолы ретінде ол прагматизмге негізделген саясатты ұсынады: мемлекеттердің ұлттық мүдделерін ескеру, егемендікті құрметтеу және түсінікті әрі болжамды қағидаларға сүйеніп қарым-қатынас орнату.
— Жаһандану біртіндеп әлемнің жүздеген миллион адамының көз алдында легитимдігін жоғалтты. Бұл сенімнің жойылуы кездейсоқ емес. Оны бұрын-соңды болмаған ауқымдағы сыбайлас жемқорлық әшкерелеулері күшейтті — ол мемлекеттік институттарда, халықаралық құрылымдарда және жетекші елдердің саяси жүйелерінде тамыр жайған. Белгілі саяси тұлғалардың мұндай схемаларға қатысуы солшыл идеологиялық күн тәртібімен байланысты үкіметтерге деген онсыз да сыни көзқарасты одан әрі тереңдете түсті.

🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қытай Қазақстанның үш өңірінде үш станция салмақ
Қазақстанда Қытаймен бірлесіп екі жел электр стансасы және күн электр стансасы салынады.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады.
- Қытаймен келісім бойынша үш жоба бар. Біріншісі ірі жел электр станциясы. 1000 мегаваттық ЖЭС Павлодар облысында салынады. Екіншісі 500 мегаваттық ЖЭС Қарағанды облысында салынады. Сонымен қатар, 300 мегаваттың күн электр станциясы Түркістан облысында салынады. Қытай - жобалық компания, негізгі инвестор солар. Бірақ Қазақстан тарапынан да құрылысты салудағы үлесі бар, 25-30 пайыз. Күн электр станциясының құрылысы желтоқсан айында басталды. 2027 жылдың бірінші тоқсанында салып біту жоспарланып отыр, – дейді вице-министр.
Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2-3 жылда басталмақ. Сұңғат Есімхановтың сөзінше, үш жобаның ортақ бюджеті 2,2 млрд доллар инвестиция салынған.

👍3❤2