ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне неге қосылғанын түсіндірді

Америкалық The National Interest журналында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сенімділік — жаңа күш» атты мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысы Қазақстанды Вашингтон үшін «сенімді әрі адал әріптес» ретінде сипаттап, әлемдік саясаттағы өзгерістер туралы ой қозғайды. Ulysmedia.kz негізгі тезистерге шолу ұсынады.

Президент мақаласы не туралы

Тоқаевтың жазуынша, әлем бүгінде тұрақтылық пен сенім жетіспейтін кезеңді бастан өткеріп отыр. Оның пікірінше, жаһанданудың бұрынғы үлгісі қоғамның үмітін көп жағдайда ақтамады, ал халықаралық ұйымдар барған сайын тиімсіз жұмыс істей бастады. Осы жағдайдан шығудың жолы ретінде ол прагматизмге негізделген саясатты ұсынады: мемлекеттердің ұлттық мүдделерін ескеру, егемендікті құрметтеу және түсінікті әрі болжамды қағидаларға сүйеніп қарым-қатынас орнату.

— Жаһандану біртіндеп әлемнің жүздеген миллион адамының көз алдында легитимдігін жоғалтты. Бұл сенімнің жойылуы кездейсоқ емес. Оны бұрын-соңды болмаған ауқымдағы сыбайлас жемқорлық әшкерелеулері күшейтті — ол мемлекеттік институттарда, халықаралық құрылымдарда және жетекші елдердің саяси жүйелерінде тамыр жайған. Белгілі саяси тұлғалардың мұндай схемаларға қатысуы солшыл идеологиялық күн тәртібімен байланысты үкіметтерге деген онсыз да сыни көзқарасты одан әрі тереңдете түсті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қытай Қазақстанның үш өңірінде үш станция салмақ

Қазақстанда Қытаймен бірлесіп екі жел электр стансасы және күн электр стансасы салынады.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады. 

- Қытаймен келісім бойынша үш жоба бар. Біріншісі ірі жел электр станциясы. 1000 мегаваттық ЖЭС Павлодар облысында салынады. Екіншісі 500 мегаваттық ЖЭС Қарағанды облысында салынады. Сонымен қатар, 300 мегаваттың күн электр станциясы Түркістан облысында салынады. Қытай - жобалық компания, негізгі инвестор солар. Бірақ Қазақстан тарапынан да құрылысты салудағы үлесі бар, 25-30 пайыз. Күн электр станциясының құрылысы желтоқсан айында басталды. 2027 жылдың бірінші тоқсанында салып біту жоспарланып отыр, – дейді вице-министр. 

Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2-3 жылда басталмақ. Сұңғат Есімхановтың сөзінше, үш жобаның ортақ бюджеті 2,2 млрд доллар инвестиция салынған. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министрлік бензин бағасы қымбаттамағанына сенімді

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бензин бағасына қатысты түсініктеме берді.

Есімханов Қазақстанда бензин бағасы тұрақты дейді. 

- Біздің әріптестеріміз күнделікті мониторинг жасап жатыр. Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бензин бағасы қымбаттады деген ақпарат жоқ. Күнделікті бақылап отырмыз. Нақты факт болса, әріптестеріміз тексеріп, шара қолданады, – дейді Сұңғат Есімханов. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция асығыс қабылданып жатқан жоқ - Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституциядағы “асығыстық” туралы айтты.

Әшімбаев жаңа Конституция асығыс қабылданып жатпағанын, 6-7 ай бойы талқылау жүргенін айтады.

- Бұған дейін осындай талқылаулар болып па еді? Бұған дейін де Конституцияға өзгерістер енгізілді. 30 жылда ондай талқылау болған жоқ. Сондықтан барлық жерде жиындар өтіп, осы мәселе жан-жақты талқыланып жатқандықтан Конституция талқылаудың негізінде қабылданып жатыр деуге толық негіз бар. Бұл асығыс шешім емес. Бәрі ретімен, жан-жақты пысықталып, ақылдасып жатқан жоба, – дейді сенат төрағасы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡6👎1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әшімбаев өзін вице-президент болады дегендерге жауап берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің вице-президент қызметіне тағайындалуы мүмкін деген әңгімелерге пікір білдірді.

Оның сөзінше, мұндай талқылаулар әлі ерте және қоғамды өзекті мәселелерден алыстатады.

- Менің ойымша, бұл әңгімелер расында да қоғамдық талқылауды дұрыс бағыттан тайдырады. Егер Қазақстан халқы референдумда Конституцияның жаңа жобасын қолдаса, онда барлық кадрлық мәселелер еліміздің жаңа Конституциясына сәйкес шешіледі, - деді ол.

Әшімбаев Ата заңның жаңа редакциясы қабылданған жағдайда да, бұл мәселе мемлекет басшысының құзыретіне жататынын айтты.

- Белгілі бір лауазымды тұлғаларды тағайындау  Президенттің құзыретінде. Сондықтан бұл мәселе бойынша қандай да бір талқылаулар мен уәждерді орынсыз әрі артық деп санаймын, - деді спикер.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2❤1
ULYSMEDIA.KZ
Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйелі де сотталды Сеулдің орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жары Ким Гон Хиге 1 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот Ким Гон Хиді «Бірлік шіркеуі» атты діни ұйым өкілдерінен…
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына сотталды

Оңтүстік Кореяда сот бұрынғы президент Юн Сок Ёльді 2024 жылы елде әскери жағдай енгізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

2024 жылғы 3 желтоқсанда, жергілікті уақытпен сағат 22:22-де Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілетінін жариялады. Ол оппозицияны өз кабинетінің мүшелеріне импичмент жариялау және бюджеттік жоспарларын бұғаттау арқылы «еркін демократияны құлатуға әрекеттенді» деп айыптаған. Бұл шешім елде жаппай наразылық толқынын тудырды.

Араға көп уақыт салмай ел парламенті әскери жағдайды жою туралы шешімді қолдап дауыс берді. Президент бұл шешіммен келісуге мәжбүр болды. Осыдан кейін парламент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау туралы шешім қабылдады.

Қаңтар айында арнайы прокурор экс-президентке өлім жазасын тағайындауды талап еткен еді. Айыптау тарапының пікірінше, Юн Сок Ёль билікті сақтап қалуға тырысқан. Алайда сот түпкілікті шешім ретінде оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2
Алматыда сенатордың үстінен іс қозғауды талап еткен құрылыс компаниясының басшысын полиция ұстады

Алматының трамплин кешенін салған құрылыс компаниясының басшысы Әбдіразақ Байболатов қалалық прокуратура ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізді. Ол 15 жылдан бері алашағын ала алмай жүргенін айтып, қозғалған қылмыстық істің қайта ашылуын талап етті. Бірақ прокуратура оның шағымын тыңдағанның орнына, «заңсыз митинг өткіздің» деп полиция шақырды.

💬 Сағызша созылған іс

19 ақпанда Алматы прокуратурасы алдына қаладағы трамплин кешенін салған «Толқұрылыс» ЖШС директоры Әбдіразақ Байболов пен «Сана ТВ» ЖШС басшысы Александр Веденко барды. Олар 15 жылдан бері құрылысқа қатысты алашағын ала алмай жүргендерін айтып, наразылық акциясын өткізді.

Әбдіразақ Байболов ұзақ жылдан бері қаржы дауына байланысты қылмыстық іс «сағызша созылып» келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, қалалық прокуратура осы күнге дейін мардымды жауап бермей келеді. Ол істің «сиырқұймышақтанып» кеткеніне сенатор Сұлтанбек Макежановты айыптай сөйледі. Байболов «сенатор істің жүруіне кедергі жасап отыр» деді. Макежанов тарамплин салынған уақытта Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары болған.

▪️ПОЛИЦИЯ ҰСТАДЫ

Әбдіразақ Байболов наразылық акциясын өткізіп жатқан уақытта қалалық прокуратура ғимаратынан полиция қызметкері шығып, оған ескерту жасады. Кейіннен іштен өзін таныстырмаған ер адам шығып, ішке кіруді сұрады. Байболов прокуратура өкілдерін шақыруды сұрады. Бірақ қалалық прокуратура полиция шақырып, «заңсыз минтинг өткіздіңіз» деп Байболовтың өзін кінәлады. Оны Бостандық аудандық полиция бөліміне алып кетті.

📍Іссапарда жүрген сенатор

Ulysmedia сенатор Сұлтанбек Макеженовпен де сөйлесуге тырысты. Көмекшісі оның қазір іссапарда екенін, телефонын бере алмайтынын айтты. Сөзінше, сенатор іссапардан тек 4-5 наурызда келеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬4❤2👍1👎1
Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингін растады

Халықаралық рейтинг агенттігі Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank үшін инвестициялық деңгейдегі рейтингті сақтап қалды. Болжам — тұрақты.

Moody’s Kaspi тобының қаржылық көрсеткіштерін жоғары бағалады. Атап айтқанда, компанияның тиімділігі, жеткілікті капитал қоры мен өтімділігі, нарықтағы жетекші орны және экономикалық циклдерге төзімділігі атап өтілген.

Kaspi.kz акционерлік қоғамының шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтері, сондай-ақ шетел валютасындағы қамтамасыз етілмеген облигациялар рейтингі Baa3 деңгейінде расталды. Ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді эмитент рейтингі A2.kz деңгейінде қалды.

Ал Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтері мен контрагенттік тәуекел рейтингтері Baa3 деңгейінде бекітілді. Қысқа мерзімді депозиттер мен контрагенттік тәуекел бойынша рейтинг Prime-3 деңгейінде сақталды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Бас прокуратура референдум алдында қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанның Бас прокуратурасы жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға дайындық аясында азаматтарға үндеу жасады.

Ведомство президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, референдум 2026 жылғы 15 наурызға белгіленгенін атап өтті. Азаматтар жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша дауыс береді. Референдумды өткізу тәртібі конституциялық заңдармен реттеледі, соның ішінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу қатаң талаптарға бағынады.

МАҢЫЗДЫ ТАЛАПТАР

Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу құқығы тек Қазақстанда тіркелген, кемінде бес жылдық жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлғаларға беріледі.
Олар сауалнама басталмай тұрып Орталық сайлау комиссиясына алдын ала хабарлап, қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті.

Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар сауалнама нәтижелерін жариялаған кезде міндетті түрде:

зерттеуді кім жүргізгенін;
оны кім тапсырыс беріп, қаржыландырғанын;
сауалнама қашан және қандай әдіспен өткенін;
сұрақтың нақты тұжырымын;
қатысушылар санын және ықтимал қателік деңгейін көрсетуі тиіс.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎10😁2❤1
ULYSMEDIA.KZ
Рэпер Qarakesek сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі Ақтөбеде рэпер Омар Аманбаев, яғни Qarakesek, сот отырысына келмеген. Осыған байланысты ол сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды. ЕСІРТКІ САҚТАҒАН БА 31 жастағы музыкантқа қатысты сот отырысы бүгін, 18…
Рэпер Qarakesek-ке сот үкімі шықты

Ақтөбеде Qarakesek сахналық атымен белгілі рэпер Омар Амантаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол сотта есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Кеше сот отырысына келмегендіктен, бүгін оны полиция қызметкерлері мәжбүрлеп жеткізген.

Сот Амантаевты психотроптық заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды.

СОТ ШЕШІМІ

Оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, психиатрдың бақылауында мәжбүрлі ем қабылдау міндеттелді. Сондай-ақ ол пробация қызметінің есебіне қойылады. Егер қоғамдық жұмыстардан жалтарса, өтелмеген сағаттар қамауға алмастыруы мүмкін.

КОНТЕКСТ

Өткен жылдың тамыз айында рэпер есірткілік мас күйінде көлік тізгіндеп жүрген жерінен ұсталған. Тексеру кезінде оның жанынан 0,26 грамм мефедрон табылған. Сараптама бұл заттың есірткі екенін растаған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👀3👍2🙏1
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісіне дейін 1,5 млн теңге жалақы алған - Спорт министрлігі

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткенге дейін ай сайын шамамен 1,5 млн теңге жалақы алғанын айтты.

Вице-министрдің айтуынша, спортшылардың жетістігіне ата-анасы мен мемлекеттің қолдауы ықпал етеді.

- Менің ойымша, мемлекет қолдауынсыз Олимпиада немесе халықаралық жарыстарға шығу мүмкін емес. Барлық спортшылар, соның ішінде Михаил Шайдоров Спортты дамыту дирекциясында есепте және штаттық ұлттық құраманың құрамына кіреді. Олардың оқу-жаттығу жиындары, жарыстарға шығу шығындары өтеледі  және келісімшарт бойынша жалақы төленеді. Егер қателеспесем, Олимпиадаға дейін Михаилдың келісімшарты бір миллион теңгеден сәл көп болған. Ал өткен жылы ол шамамен айына 1,5 млн теңге жалақы алған, – деді Жарасбаев Сенат кулуарында.

Спортшыға келісімшарт бойынша төлемнен бөлек, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға шығу шығындары, оның ішінде билет, тұру және мұз айдыны жалдау да қамтамасыз етілген. Вице-министр ата-аналар мүлкін сатып, баласын жаттықтыруға мәжбүр болған жағдайларды «дұрыс емес» деп атады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2
Қазақстан экономикасы мықты 50 елдің қатарына кірді

2026 жылы Қазақстан жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кірді.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бағалауынша, 2026 жылы Қазақстанның номинал ЖІӨ-сі шамамен 320 млрд долларды құрайды. Осылайша, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлемнің 50 ірі экономикасы тізіміне енген жалғыз мемлекет болып отыр.

ХВҚ дерегінде республика орта ауқымдағы экономикасы бар елдер санатына жатқызылған. Қазақстан бұл қатарда Перу, Португалия және Финляндия сияқты мемлекеттермен бір деңгейде тұр.

Әлемдік рейтингтің көшбасшылары өзгеріссіз қалып отыр. АҚШ — шамамен 31,8 трлн доллар, ал Қытай — 20,6 трлн доллар көлеміндегі ЖІӨ-мен алғашқы орындарды иеленген. Сондай-ақ ірі экономикалар қатарында Германия, Үндістан, Жапония және Ұлыбритания бар.

ХВҚ болжамына сәйкес, 2026 жылы әлемдік экономиканың жиынтық көлемі 123,6 трлн долларға жетеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁10❤1👍1👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Керемет әрі бай мемлекет»: Трамп Қазақстан туралы ойын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр. Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтуде.

Трамп өз сөзінде Қазақстанды “бай мемлекет” деп атады.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮10👍3🔥2😁2
Тоқаев Трамп атындағы сыйлық тағайындауды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік кеңесінің арнайы сыйлығын тағайындауды ұсынды. Бұл туралы ол Вашингтонда өткен ұйымның алғашқы отырысында мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, аталған марапат Трамптың бітімгерлік бастамаларға қосқан үлесін және қақтығыстарды реттеуге бағытталған күш-жігерін атап өтуі мүмкін. Ол америкалық президенттің бейбітшілік пен диалог идеяларын ілгерілетудегі рөлін мойындаудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Бейбітшілік кеңесінің жұмысын іс жүзінде қолдауға — түрлі деңгейдегі кездесулер өткізуге және оның бастамаларын жүзеге асыруға қатысуға дайын екенін айтты. Тоқаев Бейбітшілік кеңесі жаңа жаһандық сын-қатерлерге жауап беріп, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуі тиіс екенін жеткізді. Оның пікірінше, «жасампаздық арқылы бейбітшілік» идеясының өзі нақты қадамдармен бекітілсе, елдер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделіне айналуы мүмкін.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Трамп Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысы кезінде Қазақстанды «керемет әрі бай» ел деп атап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірген болатын.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏17👍10💩7🤔2
500-ден астам палестиналық Қазақстанда тегін білім ала алады

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, білім беру гранттары бес жыл мерзімге есептелген. Палестиналық студенттер Қазақстанның жоғары оқу орындарында түрлі бағыттар бойынша білім ала алады. Сондай-ақ президент Қазақстанның халықаралық деңгейде беделі расталған компаниялар арқылы инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға дайын екенін айтты. Бұл тұрғын үй, мектеп, аурухана және өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, ел гуманитарлық көмек көрсетуге әзір. Әлемдегі ірі бидай өндірушілердің бірі ретінде Қазақстан Газа секторында және одан тыс аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігін қолдауға үлес қоса алады.

– Қазақстан тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күштерді қолдауға, дала госпиталі бар медициналық бөлімшелерді, сондай-ақ азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге дайын, – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Қазақстан бірқатар елдермен бірге Газаға көмек көрсету үшін 7 млрд доллардан астам қаржы бөлуге уәде берді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🤬5👎3🤔1
Қазақстан Газа секторына өз әскери қызметкерлерін жіберуі мүмкін

Қазақстан Бейбітшілік кеңесі деңгейінде талқыланып жатқан халықаралық қауіпсіздік миссиясы аясында Газа секторына өз әскери қызметкерлерін жіберу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Халықаралық тұрақтандыру күштері

Қазақстан Халықаралық тұрақтандыру күштеріне қатысуы мүмкін. Бұл туралы Бейбітшілік кеңесінің отырысы барысында айтылды. Аталған күштерді құру АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған жоспар аясында көзделіп отыр. Жоспар қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Миссияға кімдер қатысуы мүмкін

Қазақстаннан бөлек, Халықаралық тұрақтандыру күштеріне басқа да мемлекеттер қатысуы мүмкін. Қатысушылар қатарында Марокко, Индонезия, Грекия, Албания және Косово аталады. Әр елдің миссияға қатысу форматы, жіберілетін әскери контингенттің саны мен мандаты әзірге талқыланып жатыр.

Кім басшылық етеді

Алдын ала мәліметке сәйкес, Газа секторындағы халықаралық күштерге америкалық генерал Джаспер Джефферс басшылық етуі мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬5❤2👍1🤔1
Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

АҚШ президенті Дональд Трамп 2014 жылы Қырым аннексиясынан кейін Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың қолданылу мерзімін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қол қойылған құжатта Ақ үй басшысы №13660 жарлықпен енгізілген төтенше жағдай режимінің мерзімі ұзартылатынын мәлімдеген. Бұл жарлыққа алғаш рет 2014 жылғы 6 наурызда АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама қол қойған.

Санкциялардың құқықтық негізі саналатын төтенше жағдай режимі бұған дейін де бірнеше рет ұзартылған. Аталған режим Вашингтон Украинадағы демократиялық институттарға нұқсан келтіруге, сондай-ақ оның бейбітшілігіне, қауіпсіздігіне, егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатер төндіруге қатысы бар деп санайтын жеке және заңды тұлғалардың активтерін бұғаттауға мүмкіндік береді.

Шектеу шараларын ұзарту туралы шешім Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге арналған үшжақты келіссөздер жалғасып жатқан кезеңде қабылданды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤5🤣1
Қазақстанның қай өңірінде такси арзан?

Қазақстанда такси қызметінің құны бір жыл ішінде 17%-ға өсті.

2025 жылы қазақстандық такси қызметтері 174,5 млн жолаушыны тасымалдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп. Алайда нарықтағы жүктеме біркелкі емес: Алматы (33,2 млн) мен Астана (27,6 млн) елдегі жалпы жолаушылар ағынының үштен бірінен астамын қамтамасыз еткен.

Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді — 1,4 млн жолаушы. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (2,7 млн) және Шығыс Қазақстан облысы (3,5 млн) келеді.

БАҒА

Ел бойынша орташа чек 1,1 мың теңге болды. Ең жоғары орташа баға Қарағанды облысында — 1,5 мың теңге, ең төмені Қызылорда облысында — 540 теңге. Алматы мен Астанада да жоғары көрсеткіш тіркелген — орта есеппен 1,4 мың теңге.

Жалпы алғанда, 2025 жылы такси қызметінің бағасы 17%-ға өскен. Ең айқын өсім Түркістан облысында байқалды — +42,9%. Одан кейін Ақмола облысы (+37,7%) және Жетісу облысы (+21,2%) тұр. Баға өзгермеген жалғыз өңір — Павлодар облысы, деп жазады Energyprom.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁4❤1
Бірде көл, бірде шөл: су тасқыны мен қуаңшылық қайталана ма?

Қазақстанда қыстың ортасынан бастап тасқын суды күту деген жыл сайын қайталанатын бір «дәстүр» бар. Биыл соның уайымы бұрынғыдан да бетер болғалы тұр. Біріншіден, Қазақстан президенті ақпан айының басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеп, тасқын, одан кейін қуаңшылық қаупі бар екенін еске салды. Алайда министрлер табиғаттың тосын мінезіне дайын болудың орнына, керісінше, жау кеткен соң қылышын тасқа шауып, бюджеттен қалпына келтіру жұмыстары үшін қыруар ақша шығартқысы келеді. Екіншіден, Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райы барған сайын 2024 жылғы ауа райымен ұқсап барады. Алдымен, жапалақтап қар жауып, артынан жаңбыр сіркіреп, кейін аяз көтеріледі. Үшіншіден, елде тасқынның алдын алуға бірнеше ведомство бірдей жауапты болып көрінгенімен, іс жүзінде ешкім жауапкершілікті нақты өз мойнына алмайды.

Ulysmedia.kz биыл кімдер тасқынға, ал кімдер қуаңшылыққа дайындалуы керегін және елдің болашақта ауа райынан үрейленбей өмір сүруі үшін не істеліп жатқанын саралап көрді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤷‍♂1
Тарихи оқиға: Qarmet марганец кенін өндіруге кірісті

Qarmet компаниясының Темір кендері департаментіне қарасты «Батыс Қаражал» кен орнында соңғы 30 жылда алғаш рет жер асты қазбаларының «түйісімі» жүзеге асырылды. Бұл кеншілер, «Атасу» кеніші және Қаражал қаласы үшін шын мәнінде тарихи оқиға.

Түйісім — бір-біріне қарсы бағытта жүргізілген екі жер асты қазбасын қосу процесі. Мұндай жұмыс аса жоғары дәлдіктегі есептерді және барлық қатысушылардың үйлесімді әрекетін талап етеді. Жобаның сәтті іске асуының арқасында кеншілер жаңа горизонтты автокөлік еңісімен — шахтаның негізгі жер асты «магистралімен» біріктіруге мүмкіндік алды. Енді ірі габаритті техниканың шахтаның ең алыс нүктелеріне дейін кедергісіз жетуіне жол ашылды. Бұған дейін жұмыстар тек қолмен, жоғары өнімді техника қолданусыз жүргізілген болатын. Бұл Qarmet компаниясы үшін мүлде жаңа бағыт — марганец кенін өндіруді іске қосуға жол ашып, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін едәуір кеңейтті.

Сандар сөйлесін:

Қазіргі таңда кеніш жылына 2,2 млн тонна кен өндіреді. Ал 2028 жылға қарай өндіріс көлемі 9,5 млн тоннаға жетпек. Яғни, өндірісті төрт есеге арттыру жоспарланып отыр.

- Бұл – кеніш үшін нағыз тарихи оқиға. Іске асқан жоба жаңа қорларды игеруге жол ашты. Мұндай шешім туралы ұжым көп жылдар бойы айтып, армандады. Мамандар оның қажеттігін бұрыннан түсінген, алайда бұрынғы басшылыққа жобаның маңызын жеткізіп, жүзеге асыру мүмкін болмады. Бұрын мұндай қадамдар жасалмаған еді. Бүгін жағдай өзгерді, — деді «Атасу» кенішінің директоры Нұртай Омаров.

Марганец кенін игеру кеніш дамуының жаңа стратегиялық бағытына айналып, компанияның ұзақмерзімді жоспарларында маңызды орын алады. Бұл металлды өндіру көлемді арттыруды, заманауи инженерлік шешімдерді енгізуді және тау-кен ісі мен шикізатты өңдеуде әлемдік үздік тәжірибелерді қолдануды көздейді. Кеніш әлемдегі ең ірі марганец қорларының біріне ие, мұнда 349 млн тонна бағалы ресурс шоғырланған. 2026 жылы компания 500 мың тонна марганец кенін өндіруді жоспарлап отыр. Жобалық қуаттылығы — 2,5 млн тонна.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2