Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дариға Назарбаева билікке келе ме? Санжар Боқаев АҚШ-қа көшті - Ұлыс апта
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
▪️Трамп Қазақстанды мақтады? АҚШ президентінің көздегені не? Ал Тоқаев Вашингтон төрінде Дональд Трамп атындағы сыйлық тағайындау керек деп ұсыныс жасады. Дипломатия тілінде мұндай риторика нені білдіреді?
▪️7 триллионның жыры мен сыры. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен кетті. Сонымен кімнің сөзі рас, кімдікі өтірік болып шықты? Мұндай триллиондарды өткізген банк жауапкершілікке тартыла ма?
▪️«Қашқандар қайтып келмейді». Ауыр қылмыстар бойынша айыпталып отырған Қожамжаров пен Дүйсеновтерді Қазақстан неге елге қайтара алмай отыр? Халықтың қалтасын қағып, елдің несібесін жегендер жазасыз жүре бере ме?
▪️Түйені түгімен жейтін жемқорлар саны азаяр емес. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар ұсталды.
▪️Ал Қазақстанда конституциялық реформалар бойынша референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. Қоғам қандай консенсусқа келді? Жаңа вице-президент Дариға Назарбаева болады деген сыбыстың артында кім тұр? Халықтың шынайы пікірін білдік.
▪️Елде саяси науқан қызып жатқан уақытта саяси белсенді Санжар Боқаев Америкаға кетіп қалды. Ол шынымен шаршады ма?
📹Толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре отырыңыздар.
https://t.me/ulysmedia

👍2❤1
«Қош бол, министр» немесе жақында кімдер орнын босатуы мүмкін
Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, жаңа Конституция бойынша референдум болатын күн жарияланғаннан кейін Үкімет мүшелерінің қозғала бастағаны байқалады. Екі палаталы парламенттің орнын Құрылтай ауыстыратыны жайлы хабар нақтырақ болған сайын министрлер де креслосының келешегіне алаңдайтын сияқты. Сондықтан әрқайсысы мемлекетке қаншалықты қажет екенін барынша көрсетуге тырысып бағуда. Алайда мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында анық сездіргендей, кейбір министрлер жақын арада қызметімен қоштасатын секілді.
Ulysmedia.kz соңғы уақытта сын садағына жиі іліккен Үкіметтің ТОП-5 аутсайдерін анықтады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
“Құлап қалған ресейлік спортшыға жоғары ұпай берген”: желідегілер төрешіні қызметінен алып тастауды талап етуде
Милан-2026 қысқы Олимпиадасы аяқталса да, Қазақстан спортында дау-дамай жалғасуда. Еліміздің атынан төрелік еткен Надежда Парецкаяның берген бағалары әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жанкүйерлердің күмәнін тудырды. Жел қолданушылары оның ресейлік спортшыларға жоғары, ал қазақстандықтарға төмен ұпай бергенін айтып, ресми органдардан түсіндіруді талап етіп жатыр.
Төрешінің бағасы
Италияда 2026 қысқы Олимпиада аяқталғаннан кейін Қазақстан спорт қоғамында жаңа дау өршіді. Қазақстан атынан төрелік еткен Надежда Парецкаяның шешімдері жанкүйерлер арасында күмән тудырып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталасқа ұласты.
Көпшіліктің пікірінше, Парецкая ресейлік спортшы Аделия Петросянға жоғары ұпай беріп, ал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға төмен баға берген. Әсіресе әйелдер арасындағы еркін бағдарлама қорытындысынан кейін сын үдеп, төрешінің бағалауы жанкүйерлердің наразылығын тудырды.
Тоғыз төрешінің ішінде дәл осы Парецкая өнер көрсету кезінде құлап қалған Петросянға ең жоғары 147,04 ұпай берген. Мұндай бағамен ресейлік спортшы бағдарламада көш бастар еді. Ал Ұлыбритания өкілі Ричард Грейндж оған ең төмен 136,90 ұпай қойып, оныншы орынға лайық деп таныған. Нәтижесінде Петросян еркін бағдарламада 141,64 ұпай жинап, екі бағдарламаның қосындысы бойынша 214,53 ұпаймен жалпы есепте алтыншы орынға жайғасты.

👎9🤬6👍2
ULYSMEDIA.KZ
«Қоспаевтар бізден кек алып жатыр»: Алмас Әбдіғаппаровтың анасы Тоқаевқа жүгінді Сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың анасы Сәуле Жүнісбекова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Өз мәлімдемесінде ол отбасыларының бес жылдан астам уақыт бойы қысым…
Қоспаевтардың кегі ме? Ольга Әбдіғаппароваға қатысты сот үкімі шықты
Алматының Медеу аудандық сотында кәсіпкер Ольга Әбдіғаппароваға үкім оқылды. Сот Әбдіғаппарованы ішінара кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға шартты жазаға кесті.
Сонымен қатар, Ольга Әбдіғаппароваға үш жылға коммерциялық мекемелерде басқарушы қызмет атқаруға тыйым салынды.
Бұған дейін Әбдығаппарова соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Ол соттан «істе қылмыс құрамы болмауына байланысты» өзін ақтауды сұрады.
Сот жарыссөзінде прокурор «Ольга Әбдіғаппарова «AV-Construction» компаниясына бақылау орнатып, активтерді шығарып, өз отбасының мүддесі үшін әрекет етті» деп айыптап, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Сот процесі дау болған Алматыдағы «Esentai City» құрылыс жобасы аясында өтіп жатыр.
СҰҚБАТ
Айта кетейік, Ұлысқа берген сұқбатында кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың анасы Сәуле Жүнісбекова рейдерлік, қылмыстық істер мен сот процестерімен байланысты көпжылдық қақтығысқа қатысты өз нұсқасын алғаш рет егжей-тегжейлі баяндап берген болатын.

🤔2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістандағы колледжде қыздарды жатақхананың едені мен дәретханасын жууға мәжбүрлеген
Бұл туралы қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы жазды. Оқиға Түркістан қаласындағы Көпсалалы индустриялды техникалық колледж жатақханасында болған.
- Мынау не масқара? Кішкентай қыздарды көшеге қуғаны қалай? Түркістан қаласы, Абай көшесі 81/5 мекенжайында орналасқан Көп салалы индустриялды техникалық колледж студенттері бізден көмек сұрап отыр. Айтуларынша студенттерге жатақхананың полы мен дәретханасын жудырып, тазалауға мәжбүрлейтін көрінеді. Ұл балдар жататын бөлмелерді де мәжбүрлеп тазалатады екен. Егер тазаламасаңдар жатақхананы босатыңдар дейді. Ол қыздар көшеде бір жағдайға ұшырап қалмасына кім кепіл?, – дейді ол.
БАСҚАРМА НЕ ДЕЙДІ
Бұл жайтқа қатысты Түркістан облыстық білім басқармасынан түсініктеме беруін сұрадық. Түркістан облысы білім басқармасы аталған жағдайды бақылауға алып, арнайы комиссия құрып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген.

😡5👍2🤬2
БҚО-да шенеунік жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мектеп оқушысы зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қылмыс бір айдан астам уақыт бұрын болғанымен, күдікті әлі күнге дейін ұсталған жоқ.
Жасөспірімді жоғары лауазымды шенеунік зорлаған. Алайда оның аты-жөні жарияланбай отыр.
— Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттері кешені жүргізілгеннен кейін шешіледі, — деп мәлімдеді полиция департаменті.
ҚОҚАН-ЛОҚЫ ЖАСАЛҒАН
Зардап шеккен қыздың әкесі «УН»-ға оқиғаның кейбір жай-жапсарын айтып берген. Оның сөзінше, 2 қаңтар күні 57 жастағы ер адам қызын алдап үйіне шақырып, зорлаған.
— Ол жасаған ісін мойындады, қызым да оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Ал содан кейін маған телефон арқылы қоқан-лоқы көрсете бастады. Біз қарапайым адамдармыз, адвокатты жақында ғана жалдадық. Ақша жинадық, – дейді қыздың әкесі.
Оның сөзінше, полиция бұл іске салғырт қарап отыр. Ер адам тергеу тоқтап қала ма деп қауіптеніп отыр.

🤬6👎3❤2😡2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда конституциялық реформалар бойынша референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. Қоғам қандай консенсусқа келді?
Жаңа вице-президент Дариға Назарбаева болады деген сыбыстың артында кім тұр? Халықтың шынайы пікірін білдік.
📹Толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре отырыңыздар.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Жаңа вице-президент Дариға Назарбаева болады деген сыбыстың артында кім тұр? Халықтың шынайы пікірін білдік.
📹Толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре отырыңыздар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2😡1
Жаңалықтар дайджесті: 24 ақпанға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Мексикадағы наразылықтар: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
- Каспий жағалауынан мыңдаған өлі құс табылды
- Қазақстан полициясына қымбат элиталық көліктер не үшін қажет?
- Референдум нәтижелері Наурызға дейін жарияланады
- Мобильді аударым сомасы 1 млн теңгеден асса, айыппұл салына ма?
📱 Ұлысқаи жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Мексикадағы наразылықтар: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
- Каспий жағалауынан мыңдаған өлі құс табылды
- Қазақстан полициясына қымбат элиталық көліктер не үшін қажет?
- Референдум нәтижелері Наурызға дейін жарияланады
- Мобильді аударым сомасы 1 млн теңгеден асса, айыппұл салына ма?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Украинадағы соғыс басталғалы 4 жыл: БҰҰ мәлімдеме жасады
Бүгін, 24 ақпанда, Украинадағы ауқымды соғыстың басталғанына төрт жыл толды. Осы күнге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасап, Ресейдің басып кіруі БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын бұзғанын еске салды.
Оның айтуынша, соғыс «ортақ санамызға түскен даққа» айналып, тек өңірлік емес, жаһандық қауіпсіздікке де қауіп төндіруін жалғастырып отыр. Ол қақтығыс жыл өткен сайын қантөгіске ұласып келе жатқанын атап өтті. БҰҰ басшысының мәлімдеуінше, 2025 жылы соғыс басталғалы бері бейбіт тұрғындар арасындағы қаза тапқандар көбейген.
– Мен әділ, берік және жан-жақты бейбітшілікке апарар алғашқы қадам ретінде дереу, толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуға тағы да шақырамын, – деді Гутерриш.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бейбіт келісім БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және бұрын қабылданған резолюцияларға негізделуі тиіс. Ол Украинаның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына құрмет көрсету қажеттігін де бөле-жара атап өтті. БҰҰ басшысы ұйым соғысты тоқтатуға және әділ бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған кез келген бастамаға қатысуға дайын екенін қосты.

❤1
«Қазақстан біз үшін үйге айналды»: шешендер мен ингуштар депортацияны қалай өткерді
1944 жылғы 23 ақпанда «Чечевица» операциясы басталып, шечшндер мен ингуштарды жаппай күштеп көшіру науқаны болды. Бірнеше күннің ішінде жүздеген мың адам туған жерінен зорлықпен әкетілді. Жер аударудың негізгі бағыты Қазақстан болды. Әртүрлі дерекке сүйенсек, бұл жаққа 400 мыңнан астам адам жіберілген.
Операция түн ішінде басталған. Әскери қызметкерлер үйлерге баса-көктеп кіріп, қару кезеніп, адамдарды далаға шығарған. Адамдарға жиналуға санаулы минут қана берілген. Өздерімен бірге алып үлгермеген дүние-мүлік сол жерде қалды не жойылған. Кейін адамдарды жүк вагондарына тиеп, шығысқа қарай ұзақ жолға жөнелткен. Көп адам бұл жолды да, жер аударудың алғашқы жылдарын да көтере алмады.
Қазақстанға жеткізілгендерді кей жағдайда тіпті далаға түсіріп кеткен. Тұратын баспана жоқтың қасы болды. Адамдар жер қазып, жертөле салды, саманнан үй тұрғызды, жаңа ортада күн көруге үйренді. Аштық, суық пен ауру мыңдаған адамның өмірін қиды.
Бүгінде сол ауыр кезеңді депортацияға ұшырағандардың ұрпақтары еске алады. Жақында интернетте Шешенстанда тұратын қарт әйелдің естелігі жазылған видео тарады. Жазбаны оның немересі жариялаған. Әйелдің айтуынша, жер аудару кезінде өзі небәрі төрт жаста болған. Ол анасыз қалып, Қазақстанда өсіп-жетілген.
– Қазақтар шешендерге әрдайым мейірімді болды. Халқымызды Қазақстанға жер аударғанда, олар бізді жанашырлықпен қарсы алды, – деп еске алады ол.

Ресей-Украина соғысына 4 жыл: үміт пен күдік күресі
1461 күн. Ресейдің арнайы әскери операция деп атаған Украинаға басып кіру әрекетіне осынша уақыт өтіпті. Үш күнде аяқталады деп масайраған Путин сөзі желге ұшты, талай әскері жер құшты. Төрт жыл өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қан қасап соғыс Еуропа құрлығын тағы шарпыды. 2022 жылғы 24 ақпанда алғашқы ресейлік танкілер Украина шекарасынан өткен сәттен бастап, әлем өзгерді. Бірақ сол кезде бұл локальды қақтығыстың немен аяқталатынын ешкім болжай алған жоқ. Барлығы тез шешіледі деп күтті, алайда тығырыққа тірелді.
Әлем «ядролық апокалипсистен сақта» деп отырғанда, дрондар соғыстың басты құралына айналып, санкциялар «әй, қойсайшы» немесе «болмадың ғой, міне саған» деген дөң-айбат көрсетудің амалы болып шыға келді. Осынша уақыт өткенде әлем қалай өзгерді, Ресей мен Украина хәлі нешік – Ulysmedia.kz тілшісі саралап көрді.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда екі трансвестит ВИЧ-ті әдейі жұқтырумен айналысқан
Атырауда полиция қызметкерлері АИТВ-инфекциясын әдейі таратты деген күдікпен 23 және 28 жастағы екі транс-персонаны ұстады.
Атырау облысының полиция департаменті мәліметінше, күдіктілер 2025 жылдың желтоқсан айынан бері арнайы медициналық есепте тұрған және өздерінде АИТВ бар екенін білген. Соған қарамастан, олар ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.
ҚАМАУ
Жедел іс-шараларды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Бұл дерек бойынша АИТВ-инфекциясы бар екенін біле тұра, басқа адамға әдейі жұқтырды деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, ықтимал жәбірленушілердің саны анықталуда.

🤮10❤1👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Украинаны қолдауды жалғастырамыз" - ЕО елшісі
Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясы Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады.
Делегация Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясына төрт жыл толуын еске алды.
- Біз украин халқының бастан өткерген қиындықтарын, сондай-ақ он екі жылдан астам уақыт бойы көрсетіп келе жатқан батылдығы мен төзімділігін ұмытпауымыз керек. 2014 жылы Қырым заңсыз қосып алынды. Содан бері олар бейбіт өмір көрген жоқ. Сондықтан біз, Еуропалық Одақ Украинада ұзақ мерзімді әрі тұрақты бейбітшілікті қолдауды жалғастырамыз, – дейді Қазақстандағы Еуропалық Одақтың елшісі Алеcка Симкич.

❤8👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Білмеймін". Министр Сапаров бауырының субсидия алғаны туралы жауап бермеді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бауырының субсидия алуына қатысты сұраққа жауап берді.
Бұл мәселені журналистер үкіметте өткен брифинг барысында сұрады.
- Нақтылап өтсеңіз: сіз 2023 жылы министр қызметіне келген кезде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін көп туыстарыңыздың ешқайсысы субсидия алмайды деп уәде берген едіңіз. Алайда 2019–2020 жылдары ағаңыз Алтынбек Сапаров бюджеттен 713,5 миллион теңге алғаны белгілі. Соңғы үш жылда сіздің туыстарыңыз субсидия алды ма?, – деп сұрады журналист.
ЖАУАП
Министрге бұл сұрақ ұнамаған секілді. Себебі ол бұл жеке сұрақ екенін айтып, олардың жауабын бұған дейін айтқанын жеткізді.
- Менің ол жерге ешқандай қатысым жоқ. Мен ол жерде құрылтайшы емеспін. Олар өз жұмыстарын өздері жасап жатыр. Мен ол жерге қатыспаймын да, білмеймін де, кіріскім де келмейді. Мен оны бүгінгі күні қарап жатқан жоқпын, білмеймін, – дейді министр.

🤬4❤2
«Екі қызды зорлады» - БҚО-дағы шенеунікке қатысты тың деректер белгілі болды
Батыс Қазақстан облысындағы жанжал ушығып барады. Бұған дейін аудандық әкімдік қызметкері 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған еді. Бұл туралы жәбірленушінің әкесі айтқан. Кейінірек жасөспірімнің анасы шағымы жоқ екенін мәлімдеп, қызы интимдік қатынасқа өз еркімен түскенін айтқан. Алайда енді әкесі қайтадан ашық мәлімдеме жасап, жәбірленушілер саны одан да көп болуы мүмкін екенін, істі «жабуға» тырысып жатқанын айтты. Ulysmedia.kz қазіргі таңда белгілі болған деректерді жинақтады.
Не болған еді?
Кеше аудандық әкімдіктің ірі шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Шыңғырлау ауданының тұрғыны мемлекеттік қызметкер қызына зорлық жасағанын айтып, істің жабылып қалуынан қауіптенетінін жеткізген.
– Ол өз кінәсін мойындады, қызым оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Ал кейін ол маған қоқан-лоққы көрсете бастады, – деді қыздың әкесі.
Бүгін 16 жастағы қыз бен оның анасы айыптаудан бас тартқаны белгілі болды. Олардың айтуынша, қарым-қатынас екі жақтың келісімімен болған. Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы — «Кәмелетке толмағанды зорлау» бойынша іс тіркелгенін растады. Алайда департамент өкілдері:
– Тергеу барысында хат алмасулар мен басқа да материалдар зерттелді, кәмелетке толмағанға қатысты зорлық белгілері анықталған жоқ, – деп мәлімдеді.

❤2🤬2
Ұлыбритания «Транснефтьке» қарсы санкция енгізді
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Ресейге қатысты санкциялар тізімін жаңартып, оған 240 ұйымды, 50 кемені және жеті адамды қосты. Тізімге, атап айтқанда, Транснефть, «Точка Банк», Газпром СПГ Портовая, «Росатомның» бірқатар құрылымдары, сондай-ақ Қытай, Үндістан, БАӘ және Таиландта тіркелген компаниялар енгізілген.
«Транснефтьке» қатысты санкциялар компания активтерін бұғаттауды көздейді. Сонымен қатар шектеулер сенімгерлік қызмет көрсететін жеткізушілерге және компания басшылығына да қолданылған.
Сонымен қатар, «Транснефтьпен» қаржылық операциялар жүргізуге уақытша рұқсат беретін лицензия 9 сәуірге дейін жарамды.

❤7
ULYSMEDIA.KZ
Прокуратура шешенстандық оппозиционерді Ресейге тапсыруға келісті Адвокат Мұрат Адам Шешенстандық оппозициялық белсенді Мансұр Мовлаев ісіне қатысты Қазақстанның Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қабылдаған шешіміне түсініктеме берді. Адвокаттың…
Шешенстандық оппозиционер Мовлаев экстрадицияланбайтын болды
Бұл туралы адвокат Мұрат Адам хабарлады.
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Мансур Мовлаевты экстрадициялауды тоқтатты! Әріптестерді, Мансурды және өмір үшін жүріп жатқан күресте оны қолдап жүрген барша жанды құттықтаймын, – дейді адвокат.
БҰҰ
Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Мансур Мовлаевке қатысты іс бойынша шұғыл шара қабылдап, Қазақстан Республикасына оны Ресейге экстрадициялаудан уақытша бас тартуды міндеттеген болатын.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Бұл туралы адвокат Мұрат Адам хабарлады.
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Мансур Мовлаевты экстрадициялауды тоқтатты! Әріптестерді, Мансурды және өмір үшін жүріп жатқан күресте оны қолдап жүрген барша жанды құттықтаймын, – дейді адвокат.
БҰҰ
Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Мансур Мовлаевке қатысты іс бойынша шұғыл шара қабылдап, Қазақстан Республикасына оны Ресейге экстрадициялаудан уақытша бас тартуды міндеттеген болатын.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸🇮🇷Егер Трамп соққы жасауға бұйрық берсе, Иран не істейді? Қазірдің өзінде Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиелініс 2003 жылғы Ирак соғысының алдындағы кезеңмен салыстырылып жатыр.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢2
АҚШ 4 шілдеге дейін Украина бойынша бейбіт келісімге жетуі мүмкін
4 шілде — АҚШ-тың Тәуелсіздік күні.
Bloomberg дерегінше, одақтастар АҚШ бұл келісімді елде 4 шілдеде атап өтілетін Тәуелсіздік күнінің 250 жылдығына дейін жасауға ұмтылып отырғанын айтады.
– Одақтастардың айтуынша, АҚШ 4 шілдеде өтетін Тәуелсіздік күнінің 250 жылдығына дейін келісімге келуге тырысып жатыр, – деп жазады басылым.
Алайда дереккөздердің айтуынша, Ресейдің өзіне маңызды талаптарға сай келмейтін келісімге баруға дайын екеніне әзірге ешқандай белгі жоқ.
Сондай-ақ Абу-Дабиде және Женевада өткен келіссөздердің барлық кезеңі әзірге қақтығысты шешуге алып келген жоқ.