ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
"Қазақстанға қауіп төнді": Досым Сәтпаев ресейлік тарихшының мәлімдемесі туралы

Саясаттанушы Досым Сәтпаев ресейлік тарихшы Дмитрий Верхотуровтың мәлімдемелерін Қазақстанға қарсы кезекті ақпараттық шабуыл деп бағалады.

«Ашаршылық» трагедиясын жоққа шығарған Верхотуров сұхбатында Қазақстанды Украина сценарийі бойынша қарулы қақтығыспен қорқытып, іс жүзінде қазақтарды «екінші сорт» ретінде сипаттаған. Сәтпаев мұны соғысқа, геноцидке, шовинизм мен ксенофобияға ашық үндеу деп есептейді. Ол даулы сұхбаттың Украинадағы соғыстың жылдығына тұспа-тұс жариялануын символдық жайт деп атап, мұндай мәлімдемелер нағыз агрессордың кім екенін әшкерелейтінін айтты.

— Бір сөзбен айтқанда, мұнда қылмыстық сипаттағы барлық белгілер бар: соғысқа шақыру, геноцидке үндеу, адамдарды сортқа және түрге бөлу, шовинизм мен ксенофобия. Бұл арандатушы сұхбаттың Украинадағы соғыстың мерейтойында жариялануы да кездейсоқ емес. Мұндай ақпараттық «қоқыс» тағы бір мәрте кім агрессор, кім құрбан екенін, кім империялық өшпенділік пен зұлымдықты тарататынын, ал кім тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға тырысатынын айқын көрсетеді. Бұл өзгелерге де сабақ: алдымен тарихыңызды жоққа шығарып, қайта жазуға тырысатындарға әрдайым қауіп ретінде қарау керек, өйткені сәл уақыт өткен соң олар сіздің болашағыңызды да күшпен тартып алуға дайын тұрады, — деп жазды Сәтпаев.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Верхотуров «ашаршылықты» талқылау Қазақстан үшін «мемлекеттіліктің өмір сүруі тұрғысынан қауіпті» деп мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл тақырыптағы әрі қарайғы пікірлер мен пікірталастар Украинадан да ауыр қарулы қақтығысқа алып келуі мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10💩5
ULYSMEDIA.KZ
Нұрәлі Әлиев рухани ұстаз ба, әлде әулеттің жаңа жоспары ма? Forbes Kazakhstan тізімінде шамамен 289 млн доллар байлығымен 39-орында тұрған 41 жастағы Нұрәлі Әлиев экс-Астана әкімінің орынбасары, «Транстелекомның» бұрынғы иесі, бүгінде Spark of Light («Жарық…
«Саясат туралы әңгіме жоқ»: Нұрәлі Әлиевтің таудағы бизнес-жорығы қалай өтті

«Бұл – рухани қауымдастық, мұнда ешқандай саясат жоқ». Таудағы жорыққа қатысушылармен әңгімені осылай бастаған Нұрәлі Әлиев, Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені.

Іскерлік таңғы ас пен өзенге шомылу

Таулы жорықтың бағдарламасы ауқымды болған. Анонс SM’s 5AM Club Instagram парақшасында жарияланған. Сипаттамада бұл – таңғы бесте тұратын, мотивациясы жоғары адамдардың жаһандық қауымдастығы екені айтылған. Оны өзбекстандық кәсіпкер Сардор Мұхамедалиев құрған.

Формат бойынша қатысушылар таңғы 5:45-те «Медеудің» жанында жиналып, Горельникке барып, мұздай тау суына шомылып, мейрамханада таңғы ас ішкен. Ал Нұрәлінің айтуынша, өзі жетекшілік ететін Spark of Light рухани қозғалысында қарапайым мектепте оқытылмайтын дүниелер үйретіледі.

— Мұнда ешқандай саясат жоқ. Бұл — тек руханият туралы. Бүгін сіздермен соны бөліскім келеді. Махаббат — бақыттың көзі. Махаббат — Құдайдың вибрациясы. Біз барлық білімді біріктіріп, ең жоғары деңгейді бергіміз келеді. Негізі, мен бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін білемін. Өкінішке қарай, мектепте бұны үйретпейді. Сен өмірде қажеті жоқ пәндерді оқисың, бірақ қалай дұрыс өмір сүру керегін, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін, өзіміздің кім екенімізді ешкім түсіндірмейді. Өте қарапайым дүниелер адамзатқа жеткізілмей келеді. Ал біздің мақсатымыз — рухани қауымдастықты ағарту. Бұл — білім беру, — деді жиынға қатысушыларға Назарбаевтың немересі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁4❤2💩1
РФ қорғаныс министрлігінің қателігі: Әзербайжан ұшақ апаты туралы

Әзербайжан Ақтау маңында AZAL әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты өз ұстанымын берік әрі принципті түрде сақтап отыр.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі бұл трагедияға берілетін баға өзгермегенін атап өтті. Ресми Баку ұшақтың апатқа ұшырауына Ресей әскери құрылымдарының қателігі себеп болған деп санайды. Сондай-ақ Әзербайжан тарапы Мәскеу 2025 жылдың қазан айында Ресей президенті Владимир Путин берген уәделерін орындайды деп күтеді.

— Ұшақ Ресей Қорғаныс министрлігінің жіберген қатесі салдарынан атып түсірілді. Біз Ресей тарапы болған оқиғаға құқықтық баға беріп, барлық қажетті шараларды қабылдап, өтемақы төлеуі тиіс деп есептейміз, — деді Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов.

Ресми Баку апаттың себептері толық әрі ашық тергеліп, жауапты тұлғалар анықталуы қажет екенін тағы да мәлімдеді.

АҚТАУДАҒЫ ӘУЕ АПАТЫ

2024 жылдың 25 желтоқсанында Әзербайжан әуе компаниясы AZAL-дың Баку – Грозный бағыты бойынша ұшқан ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған: 37-сі Әзербайжан азаматы, 16-сы Ресейден, 6-ы Қазақстаннан, 3-і Қырғызстаннан. Қайғылы оқиғада 38 адам қаза тапты, олардың ішінде үш экипаж мүшесі, екі ұшқыш бар.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Алматыдағы Көк жайлаудың тағдыры не болмақ?

ОКҚ-де өткен брифинг барысында туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов Алматы маңындағы тауларды игеру қалай жүргізілетіні және Көк-Жайлау шатқалының тағдыры қандай болатыны жөнінде айтты.

Нұрбол Байжановтың айтуынша, қазір Алматы маңында бір-бірінен бөлек орналасқан тау курорттарын біртұтас жүйеге біріктіру жоспарланып отыр. Жоба аясында 30 аспалы жол салынып, 161 шақырым тау трассасы жасалады. 2029 жылға қарай туристер ағыны 5 млн адамға, оның ішінде 1,7 млн шетелдік туристке жетеді деп күтілуде.

Алайда тәуелсіз экологтар мен Алматы тұрғындары шетелдік турист тартамыз деген ұмтылыс қаланың басты байлығынан — бірегей таулары мен экожүйесінен айырылып қалуға әкелмей ме деп алаңдайды. Ерекше алаңдаушылық Көк-Жайлау шатқалының болашағына қатысты. Бұл аумақта Шренк шыршасынан құралған қылқанжапырақты ормандарды қоса алғанда, қайталанбас табиғи экожүйелер мен ландшафтар қалыптасқан.

Осыған байланысты журналистер Нұрбол Байжановтан Алматы тау кластерін дамытудың ауқымды кешенді жоспарында Көк-Жайлаудың орны қандай екенін сұрады.

— Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Шымбұлақ тау-шаңғы курортын Ой-Қарағай курортымен байланыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда бұл кешенді жоспарға Көк-Жайлау енгізілген жоқ, — деп сендірді шенеунік.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Қазақстан Навальныймен байланысты белсендіні Ресейге тапсырмайтын болды

Қазақстанның Бас прокуратурасы Ресей азаматы Юлия Емельяноваға қатысты экстрадициялау процесін оған босқын мәртебесін беру туралы өтініш толық қаралғанға дейін тоқтатты. Оның ісі бойынша келесі сот отырысы жергілікті уақытпен 27 ақпанда сағат 11:00-де өтеді. Бұл ақпаратты «Ковчег» басылымына Юлия Емельянованың адвокаты мәлімдеген.

Еске салайық, 10 ақпанда Қазақстан билігі Ресейдің экстрадициялау туралы сұрауын қанағаттандыру жөнінде қаулы шығарған болатын. Бұл шешімге Қазақстан Бас прокурорының орынбасары қол қойған. Алайда құжат процессуалдық заңбұзушылықпен рәсімделген: Юлия Емельянованың Қазақстанда саяси баспана беру туралы өтініші әлі толық қаралмаған еді. Бұған дейін прокуратура бұл өтініш аяқталғанға дейін экстрадиция мәселесі қаралмайтынына кепілдік берген.

КОНТЕКСТ

Юлия Емельяноваға өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстанда саяси баспана іздеуші куәлігі берілген. Ол 31 тамызда Алматы әуежайында транзиттік рейс кезінде ұсталған. Ұстауға Ресей бастамашы болған мемлекетаралық іздеу жариялануы негіз болған.

Ресейлік құқық қорғау органдары Емельянованы телефон ұрлады деп айыптап отыр. Ал өзі және құқық қорғаушылар бұл істі қолдан жасалған деп санайды. Олардың пікірінше, белсендіні саяси қызметі үшін қудалап отыр. Емельянова 2022 жылға дейін Ресейде Алексей Навальный штабтарында белсенді болған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
АЭС құрылысына кедергі болмай ма? Росатом санкцияға қатысты жауап берді

«Росатом» баспасөз қызметі кез келген біржақты шектеулерді халықаралық құқық тұрғысынан заңсыз деп есептейді. Бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыты – қауіпсіздік, ал мұндай шаралар осы негізгі қағидатқа кері әсерін тигізеді дейді компания өкілдері. 

- «Росатом» атом энергетикасы саласындағы сөзсіз әлемдік көшбасшы болып табылады және жекелеген мемлекеттердің біржақты әрі легитимді емес шешімдері бұл мәртебеге нұқсан келтіре алмайды. Мемлекеттік корпорация шетелдегі барлық жобалары бойынша міндеттемелерін орындауды жалғастыруда: біз шетелде атом электр станцияларын салу бойынша әлемде бірінші орындамыз, нарықтағы үлесіміз – 90%. Сондай-ақ ядролық отын өнімдері нарығының негізгі қатысушысымыз. Біз серіктестермен бірлесіп ядролық медицина және басқа да жоғары технологиялық салаларда жобаларды іске асырудамыз, 60-тан астам елмен ынтымақтастық орнатқанбыз және олар үшін сенімді әріптес болып қала береміз, – дейді компания. 

АЭС

Еске салайық, Қазақстан үкіметі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша халықаралық консорциум көшбасшысы Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясы болатынын айтқан еді. АЭС салынады деп белгіленген Алматы облысындағы Үлкен ауылынан топырақ сынамалары алынған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🤮9👏5😁1
💵Қазақстанда доллар қымбаттай бастады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллар бағамының көтерілгені белгілі болды.

Қазақстан қор биржасы дерегіне сәйкес, күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың бағамы 501,75 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,27 теңгеге жоғары.

Ал айырбастау орындарында долларды орта есеппен 498 теңгеден сатып алып, 501 теңгеден сатып жатыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Щучинскіде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты

Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан кейін билік қаза тапқандар санының артқанын хабарлап, зардап шеккендер туралы деректерді нақтылады.

Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті. Бұл туралы 27 ақпанда Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаза тапқандар туралы жаңа мәліметтер

Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, қаза болғандардың арасында 16 жастағы қыз бар. Қазіргі таңда Щучинск қаласының стационарында әртүрлі деңгейдегі күйік алған 13 адам ем қабылдап жатыр. Тағы алты адам тексеруден кейін амбулаторлық ем алуға жіберілген.

Медициналық көмек

Денсаулық сақтау басқармасы желісі бойынша қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталды. Жұмысқа бейінді мамандар тартылып, дәрі-дәрмек қоры қамтамасыз етілді, санитарлық авиация іске қосылды.

Штабтың жұмысы

Оқиға болған жерде облыстық жедел штаб жұмысты жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның себептері анықталуда. Әкімдік өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3😢3
Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық етеді

1 наурыздан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ротациялық төрағалық АҚШ-қа өтеді. Ал 2 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысын алғаш рет АҚШ-тың қазіргі президентінің жұбайы — Мелания Трамп басқарады. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц мәлімдеді.

- Мелания Трамп АҚШ-тың бірінші ханымы ретінде Қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет төрағалық етеді — әрі бұл Американың кеңестегі төрағалығының алғашқы күні болады. БҰҰ-ны қайтадан ұлы етейік!, — деп жазды ол.

Тарихи жағдай

БҰҰ мәліметінше, бұл — 15 мемлекеттен тұратын Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қызметтегі мемлекет басшысының жұбайы алғаш рет төрағалық ететін жағдай. Әдетте мұндай отырыстарды сол кезеңде төрағалық етуші елдің елшісі немесе жоғары лауазымды үкімет өкілі жүргізеді. Британдық The Guardian басылымы АҚШ тарихында бірінші ханымдардың халықаралық қызметке белсенді араласқан мысалы барын еске салды: Элеонора Рузвельт Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы жобасын әзірлеуге қатысқан.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎3
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Амалбек Тшановтың жиені ұсталды

Алматыда Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Амалбек Тшановтың жиені ұсталды. Бақдәулет Жамалбек Таиландтан есірткі жеткізуді ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Толық мәліметті Ulysmedia.kz редакциясына Қаржылық мониторинг агенттігі ұсынды. 

Тшановтың жиені қамауға алынды

Тергеуді Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізіп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында Бақдәулет Жамалбек интернет арқылы шетелде есірткі сатумен айналысатын тұлғалармен байланысқа шыққан. Тыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен Қазақстанға халықаралық пошта арқылы жіберілген.

— Өзінің іске қатыстылығын жасыру үшін күдікті бұрын кәсіпкерлік қызмет барысында алған үшінші тұлғалардың дербес деректерін пайдаланған. Қыркүйек айында ол «Қазпошта» АҚ курьерлік жеткізу қызметі арқылы сәлемдемені алуға әрекеттенген. Ұстау Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында, жөнелтімді алу сәтінде жүзеге асырылды.

Бақдәулет Жамалбекке бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкцияланды.

— Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Отбасылық байланыстар

Амалбек Тшанов кім? Ол бір кездері Қазақстандағы ықпалды тұлғалардың бірі болған, жоғары мемлекеттік қызметтер атқарған. Қазір жасы 82-де. Туған жері — Түркістан облысы. Еңбек жолын цемент зауытында слесарь болып бастап, кейін инженер, прораб қызметтерін атқарған. 1991 жылы алғашқы президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкент облысы бойынша сенімді өкілі болған. Осыдан кейін оның мансабы қарқынды өсті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2👏1
Ресейде Нұрлан Сабуровқа қатысты жағымсыз шешім шықты

Ресейлік шоу-бизнес өкілдерін қорғап жүрген адвокат Сергей Жорин Нұрлан Сабуровтың Ресейге қайта кіру мүмкіндігіне қатысты пікір айтты. Оның сөзінше, заң жүзінде комик елге кіруге салынған тыйымды сот арқылы даулауға құқылы. Алайда егер депортация «қауіпсіздікке қатер төндіреді» деген негізбен рәсімделсе, мұндай істің оның пайдасына орай шешілуі екіталай.

— Бұл тіркеу мерзімін өткізіп алу сияқты қарапайым әкімшілік жаза емес. Сондықтан Сабуровқа қойылған 50 жылдық тыйым — өте қатаң әрі елеулі белгі, — деді адвокат.

Сонымен қатар Жорин егер тыйым жеткілікті негізсіз немесе рәсімдік қателіктермен шығарылған болса, оны ІІМ-нің тиісті органы орналасқан аудандық сотта қайта қарауға мүмкіндік бар екенін айтты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әскерден қашқан жігіттер қылмыстық жауапқа тартылады

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов кейінгі кездері болған сарбаздарға қатысты мәселелерге пікір білдірді

Ақорда кулуарында журналистер министрден Отарда жағы сынған сарбазға қатысты пікір білдіруін және әскердегі мәселелер қашан шешілетінін сұрады.

- Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу кезінде ақпарат бере алмаймыз. Командир қызметінен кетті, – дейді министр. 

Сонымен қатар, Қосанов желіде әскерге бармай қойған жастарды түрмеге алып кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.  

- Әскерден қашқан жігіттер туралы ақпаратты ішкі істер министрлігіне береміз. Олар сосын іс қозғайды. Алдымен әкімшілік іс қозғалады, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қандай жаза қарастырылатынын сот шешеді, – дейді министр. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎6👍4
Күкірттен от шығады немесе Қашағандағы инвестор мен мемлекет арасындағы экологиялық дау қай фазада?

Қандай да бір елдің үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында түрлі деңгейде дау-дамай болып жатады. Ол ешкімге таңсық емес. Корпоративтік әлемде бұл қалыпты құбылыс саналады. Алайда осындай даулардың соңы дауласушы тараптың біріне үлкен қаржылық, репутациялық нұқсан келтіруі мүмкін. Соңғы уақытта болып жатқан сондай даудың бірі Қазақстанда мұнай өндірумен айналысатын шетелдік инвестор мен ел үкіметі арасындағы  дау. Әңгіме Қашаған кен орнында күкіртті сақтағаны үшін салынған 2,3 трлн теңге көлеміндегі айыппұл туралы. Мұнай өндіру қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі бойынша дау туындап, мемлекет пен трансұлттық корпорация соттасуда.

Жобаның операторы NCOC бұл соманы төлемейтінін ашық білдіріп, халықаралық арбитражға жүгінуге дайын екенін мәлімдеді. Ал қазақстандық соттар әзірге жіби қоймайтынын білдірді. Ulysmedia.kz оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін бақылап отыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазынада» қысқарту басталады

Қысқарту жоспары

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компаниялар тобында алдағы уақытта кадрлық қысқартулар жүргізілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Астанада қордың еншілес құрылымдарында шамамен 6,5 мың адам жұмыс істейді. Соның 10 пайызы, яғни 650-ге жуық қызметкер қысқартылмақ.
Жақыповтың сөзінше, қысқарту өндірістік персоналға емес, басқару буынындағы қызметкерлерге қатысты болады.

— Бізде қызметкерлерді бағалау жүйесі, тиімділік көрсеткіштері, сондай-ақ ынталандыру тетіктері бар. Қысқарту туралы шешім қабылдағанда осының бәрі ескеріледі. Процесс объективті болады, өндірістік қызметкерлерге бұл өзгерістер әсер етпейді. Барлық еңбек ұжымдарында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деді қор басшысы.

Ол жаппай қысқарту наурыз айының соңына дейін аяқталатынын нақтылады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бас прокурор Берік Асылов әскерде баласы қайтыс болған ата-аналардың арызы бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

▪️МӘН-ЖАЙЫ

Асыловтың сөзінше, бас прокуратура өкілдері қайтыс болған сарбаздардың ата-аналарымен кездескен.

- Бәрімен сөйлестік. Олардың талаптарын қарастырдық. Заң бойынша қылмыстық істерді қарастырып, тексеріс жүргіздік, – дейді Асылов.

Сонымен қатар, бас прокурор бұл істе қорғаныс министрлігінің статусы қандай екенін айтты.

- Тергеу барысында барлық эпизод бойынша іс қозғалды. Одан бөлек, осы сұрақтарға жауапты қорғаныс министрлігінің басшылығының үстінен іс қозғалып, тергеліп жатыр. Әрқайсының жауапты қызметтік міндетіне қарай зерттеу жүргізіліп жатыр, – дейді Асылов.

Берік Асылов олардың қатарында министр, олардың орынбасары бар-жоғын сұрағанда “олардың қатарында осы сұраққа жауапты адамның бәрі бар” деп жауап берді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍1👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Фельдшерлердің жалақысы көтерілмей, тек үстемақы қосылған

Министрдің сөзінше, биыл 1 қаңтардан бастап медициналық қызметкерлердің жұмыстарының қиындығына байланысты эалақы мәселесі қайта қарастырылған. 

- Президенттің тапсырмасы аясында бірнеше рет жалақы көтеру мәселесі министрлік тарапынан атқарылып жатыр. 2025 жылы емханаларда жұмыс істейтін қызметкерлерге нақты қол жеткізген көрсеткіштері үшін қосымша үстемақы алады. Бұл емхана қызметкерлері. Ал жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысына байланысты арнайы қаулымен бекітілген, қосымша жүктемеге арналған қосымша қаражат беру тетіктері қарастырылған. Солар көбейіп, 1 қаңтардан бастап қосымша қаражат бөлінді. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар саласында жұмыс істейтін дәрігерледен санитарларға дейін жалақысына берілетін үстемақы көтерілді, – дейді министр. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮6❤1👎1
ULYSMEDIA.KZ
Мәсімовтің Эпштейн ісіне қатысы бары расталса, жазалана ма? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек пен Ермұрат Бапи Кәрім Мәсімовтің есімінің Эпштейн құжаттарында аталуына қатысты пікір білдірді. ЭПШТЕЙН ІСІ Айта кетейік, Джеффри Эпштейн ісіне…
"Бәрі тексеріледі": Асылов Мәсімов пен Келімбетовтің Эпштейн ісінде аталуы туралы

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Ақорда кулуарында журналистердің Кәрім Мәсімов пен Қайрат Келімбетовтің Эпштейн ісіне қатысты файлдарда аталуына байланысты сұрақтарына жауап берді.

Журналистер Асыловтан депутаттық сауалдан кейін Бас прокуратура бұрынғы қазақстандық шенеуніктердің аты-жөні Эпштейн ісі материалдарында аталуына байланысты тексеру бастаған-бастамағанын сұрады.

ЖАУАП

— Әрине, бұл маңызды мәселе. Депутат сауал жолдады, бірақ ол әлі бізге ресми түрде түскен жоқ. Бас прокуратура да, басқа да мемлекеттік органдар бұл деректерді тексеріп жатыр. Қатысы болды ма, болмады ма — бәрі анықталады, — деді Асылов.

Журналистер нақты кімдерге қатысты тексеру жүріп жатқанын және тізімде Мәсімовтің аты бар-жоғын нақтылауды өтінді.

— Алдын ала тексеру басталды, оның ішінде Мәсімовке қатысты да. Депутат Эпштейн Қазақстанға келді ме, келмеді ме деген сұрақ көтеріп отыр — бұл бағытта тексеру жүріп жатыр. Келімбетовтің өзі шетелге шықты ма, шықпады ма — мұның бәрі де тексеріледі, — деп жауап берді Бас прокурор.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁3❤2
Путиннің уәдесіне 325 мың қазақстандық сенді

Путиннің уәдесіне 325 мың қазақстандық сенді. Қазақстан азаматтары Владимир Путин бастамашы болған отандастарды қоныстандыру бағдарламасы аясында Ресейге көшіп барған.

Қоныс аудару бағдарламасы іске қосылған сәттен бері, яғни шамамен 20 жыл ішінде, Ресейге 1,2 миллионнан астам адам көшкен. Келгендер саны бойынша алғашқы орында Қазақстан тұр — 325 мың адам. Одан кейін Украина (301 мың) және Тәжікстан (159 мың) орналасқан.

Қоныс аударушылар көбіне Тула, Калуга және Челябі облыстарын таңдаған. Бұл деректерді Ресей ІІМ-нің азаматтық мәселелері жөніндегі қызметі келтіреді.

БАҒДАРЛАМА

Шетелде тұратын отандастарды Ресейге ерікті түрде көшіруге жәрдемдесу бағдарламасы 2006 жылы Путиннің жарлығымен енгізілген. Бағдарламаның ресми мақсаты — КСРО ыдырағаннан кейін Ресейден тыс қалып қойған орыстарға елге оралуға мүмкіндік беру.

Бағдарлама қатысушыларына азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу және әлеуметтік қолдау уәде етілген. Оның ішінде көшу шығындарын өтеу, қоныстануға арналған біржолғы төлем және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы қарастырылған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👏1