This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-та Иран мәселесіне арналған жиында әскери қызметкер наразылық білдірді
АҚШ Сенатында Иранға қатысты әскери операция мәселесі талқыланған тыңдау кезінде бұрынғы теңіз жаяу әскері Брайан Макгиннис наразылық білдіріп, залдан күшпен шығарылды.
Оқиға Сенаттың қарулы күштер жөніндегі кіші комитетінің отырысы барысында болған. Жиында АҚШ-тың Ирандағы әрекеттері талқыланып жатқан.
Журналист CBS телеарнасының тілшісі Алан Хе бұл жағдай туралы X әлеуметтік желісінде жазды.
Солтүстік Каролина штатынан Сенатқа Жасылдар партиясының кандидаты ретінде түсіп жатқан Макгиннис талқылауды бөліп жіберіп, әскери операцияны қатты сынға алған. Ол дауыстап сөйлеп, «ешкім Израиль үшін соғысқысы келмейді» деп айқайлаған.
Бірнеше рет айқайлағаннан кейін полиция қызметкерлері оны залдан алып шыққан. Макгиннис қарсылық көрсеткен, ал наразылық кезінде оның қолын сындырған.
Республикалық сенатор Тим Шихи жағдайды тыныштандыруға тырысқанын айтты. Оның сөзінше, наразылық білдіруші қарсылық көрсеткендіктен, оны күшпен шығаруға тура келген.
Тыңдау АҚШ билігінің Иранға қарсы әскери әрекеттер жасау өкілеттіктеріне арналды.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ираннан ұшқан дрон Әзербайжан аумағына құлады
Ираннан ұшырылған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахичевань әуежайы маңына құлаған.
Салдарынан әуежай терминалының ғимаратына зақым келген. Жарылыс сынықтары ғимараттың шатырын тесіп өткен. Қала аумағында өрт шыққаны да хабарланды.
Әзірге қираған нысандар немесе зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Нахичевань қаласы Иран шекарасынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан.
БИЛІК НЕ ДЕЙДІ
Әзербайжан билігі ел аумағына құлаған дрондарға байланысты Ираннан түсініктеме талап етті. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомство Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз аппараттардың шабуылын қатаң айыптады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ираннан ұшырылған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахичевань әуежайы маңына құлаған.
Салдарынан әуежай терминалының ғимаратына зақым келген. Жарылыс сынықтары ғимараттың шатырын тесіп өткен. Қала аумағында өрт шыққаны да хабарланды.
Әзірге қираған нысандар немесе зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Нахичевань қаласы Иран шекарасынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан.
БИЛІК НЕ ДЕЙДІ
Әзербайжан билігі ел аумағына құлаған дрондарға байланысты Ираннан түсініктеме талап етті. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомство Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз аппараттардың шабуылын қатаң айыптады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱2🤬1🥴1
Салық режимін таңдаудан кешігіп қалған кәсіпкерлер қайта өтініш бере алады
Салық режимін таңдаудан кешігіп қалған кәсіпкерлер қайта өтініш бере алады. Бұл туралы Арнаулы салық режимін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген мәлімдеді.
Ерқанат Шынбергенның айтуынша, жаңа жылдан бастап қазақстандықтарға екі ай мерзім ішінде салық режимін таңдауға мүмкіндік берілген болатын.
«Жаңа жылдан бастап салық кодексі күшіне енді. Салық төлеушілерге 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін екі ай мерзімде тиісті салық режимін таңдауға уақыт берілген болатын. Егер оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимінде қалғысы келсе, салық төлеуші екі ай ішінде міндетті түрде хабарлама жіберуі тиіс болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге тиісті хабарландырулар жіберіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1200-ге жуық салық төлеуші оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимін қабылдады, бір тобы басқа режимге өтті», - дейді ол.
Басқарма басшысы екі айда үлгермей қалғандар да бар екенін айтты.
«200 мыңнан астам салық төлеуші қай салық режиміне өтетінін хабарлаған жоқ. Оның ішінде біріншіден қызметін жүргізбей жатқан азаматтар бар, екіншіден жалпыға бірдей режимге өтуді күтіп отырғандар болды. Егер кәсіпкер оңайлатылған декларация негізіндегі режимге өткісі келсе, олардың өту күні хабарлама берген күн болып саналады. Мысалы, 5 наурызда өтініш берсе, осы күннен бастап сол режимді қолданатын болып есептеледі. Осындай механизм бар, сондықтан әлі де режимді ауыстыруға мүмкіндік бар», - деді ол.

🤔3❤1
Қазақстанда 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ТЖМ жедел штабы 1 наурыздан бастап гидрологиялық жағдай мен су тасқыны қаупі бар аумақтардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізе отырып, тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын баяндады.
Еліміз бойынша су тасқыны болуы мүмкін 1242 елді мекен анықталды. Су тасқыны кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы саны 39 мың адамнан асатын азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының республикалық және өңірлік топтары құрылған, сондай-ақ 18 мыңнан астам техника мен арнайы құралдар дайындалды.
Барлық қызметтер жоғары жауынгерлік дайындық режиміне келтірілді. Министр ахуал күрделенген жағдайда қажетті шешімдер дереу қабылданады деп сендірді.
ТЕХНИКА
Президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы ТЖМ-ның материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды, 842 бірлік арнайы техника, 27 қайық пен катер, 4 ұшақ және тағы да басқалар сатып алынды. 830 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері мен бөгендер тұрғызылды, 1128 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделді және жаңадан салынды, автомобиль мен теміржол бойларында 934 су өткізу нысандары жаңадан орнатылды және ескісі ауыстырылды. Су тасқыны қаупі бар өзендердің телімдерінде шамамен 166 шақырым жерін тереңдету, 255 шақырым жағалауын нығайту, 221 шақырым жерін тегістеу және 172 шақырым арнасын тазарту жұмыстары жүргізілді.

🤬2🤔1
Қазақстан мен Өзбекстанда босқындар көбеюі мүмкін бе?
Саясаттанушы Рустам Бурнашев Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыс шекара маңындағы текетірестен әрі асады деп есептемейді.
Сарапшы пікірі
Оның айтуынша, маңызды нысандарға жасалған соққылар туралы кейбір мәліметтер тек пропаганда болуы мүмкін. Мұндай жағдай бұрын Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар кезінде де байқалған.
Сарапшының пікірінше, екі тарап та билікті өзгерту немесе үлкен аумақтарды басып алуды көздеп отырған жоқ.
- Тәліптер қозғалысы Пәкістанның кәсіби армиясын жеңе алмайды. Ал Исламабад Ауғанстан аумағын басып алған жағдайда партизандық соғысқа тап болудан қауіптенеді, – дейді саясаттанушы.
Босқындар мәселесі
Бурнашевтің сөзінше, қақтығыс күшейген күннің өзінде Орталық Азия босқындар үшін негізгі бағытқа айналуы екіталай.
- Біздің өңірдегі бірде-бір ел босқындарды қабылдауға дайын емес. Мүмкін, Тәжікстан ғана белгілі бір деңгейде қабылдауы мүмкін, бірақ оның мүмкіндігі шектеулі. Түрікменстанның ұстанымын болжау қиын, алайда ол да босқындардың үлкен ағынына мүдделі емес шығар, – дейді Рустам Бурнашев.

🤔1😢1
Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты
Қайғылы оқиға 5 наурызда болған. Ресми мәлімет бойынша, Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Абай гарнизоны қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі деп сендірді.

😱7❤2😡1
Геосаяси жағдай шиеленісті: доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?
Бұрынғы банкир, қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесовтің айтуынша, алдағы апталарда валюта нарығында күрт өзгеріс болады деп күтілмейді. Оның сөзінше, жағдай ақпан айымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ: Ұлттық қордан трансферттер тұрақты түрде түсіп жатыр, квазимемлекеттік сектор валюталық түсімдерін белсенді түрде сатуды жалғастыруда, ал базалық мөлшерлеме бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр.
- Наурызда доллар 600 теңге бола ма? Жоқ деп ойлаймын. Иә, бізде салық аптасы аяқталған сияқты. Бірақ сәуір айының басында басқа салықтарға байланысты валюта сатылымы қайта болады. Яғни шикізат компаниялары корпоративтік табыс салығы мен басқа да салықтарды төлеу үшін валюталық түсімдерін сата береді. Сонымен қатар мұнайдың қымбат болуы да жанама түрде болса да теңгені кем дегенде психологиялық деңгейде қолдауы мүмкін. Жалпы алғанда, қазіргі жағдайға қарап теңге әзірге күрт құлдырамайды, – деді сарапшы.

🤔1😡1
АҚШ Үндістанға Ресей мұнайын сатып алуға уақытша рұқсат берді
Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Скотт Бессент мәлімдеді. Оның айтуынша, рұқсат 30 күн бойы күшінде болады және әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған.
АҚШ Қаржы министрлігі не деді
Бессент бұл шешім энергетикалық ресурстардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты екенін түсіндірді.
- Әлемдік нарыққа мұнай жеткізілімінің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету үшін АҚШ Қаржы министрлігі 30 күндік уақытша рұқсат енгізеді. Ол Үндістандағы мұнай өңдеу зауыттарына Ресей мұнайын сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл әуелден қысқа мерзімге арналған шара және Ресей үкіметіне айтарлықтай қаржылық пайда әкелмейді, себебі тек теңізде тұрған мұнайға қатысты мәмілелерге ғана рұқсат беріледі, – деп жазды Бессент X әлеуметтік желісінде.

🤣6🤬5😡1
ULYSMEDIA.KZ
Алматыда Оразалы Ержанов ұсталды Алматыда қоғам қайраткері Оразалы Ержанов ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі бюросы хабарлады. Алайда оның не себепті және қандай жағдайда ұсталғаны әзірге белгісіз. Ulysmedia.kz Алматы қаласының полиция…
Оразалы Ержанов қайтадан қамауға алынды
Алматыда қоғам белсендісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы журналист Вадим Борейко адвокат Виталий Вороновқа сілтеме жасап мәлімдеді.
Жазбаларға байланысты іс
5 наурыз күні Ержановтың он тәулікке белгіленген әкімшілік қамау мерзімі аяқталған. Алайда сол күні сот оны қайтадан қамауға алу туралы шешім шығарды. Еске салайық, қоғам белсендісі ақпанның соңында ұсталған болатын. Полиция оған қатысты сайлау құқықтарының жүзеге асуына кедергі келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Бұған дейін полиция өкілдері әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат пен референдумды бойкоттауға шақырған жазбалар анықталғанын мәлімдеген. Тергеу нұсқасы бойынша, мұндай хабарламалар адамдарды жаңылыстыруы мүмкін болған. Сондай-ақ жазбаларды жариялау кезінде шетелдік байланыс нөмірлері қолданылғаны айтылған.
КОНТЕКСТ
Оразалы Ержанов Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі. Бұған дейін ол жаңа Конституция жобасын сынға алған. Атап айтқанда, жұмыс тобы мен Құрылтай құрамының легитимдігіне қатысты сұрақтар көтеріп, қазіргі жоба талқылауы неге 1993 жылғы Конституцияны дайындау кезіндегідей кең көлемде өтпей жатқанын атап өткен.

🤬12❤1🤔1
Трамп Ираннан кейін Кубаның шаруасына кіріспек
Clash Report басылымының жазуынша, Дональд Трамп Иран «мәселесін реттеген соң» Кубамен айналыспақ. Ол Куба мәселесі Вашингтон үшін «уақыт еншісіндегі іс» деп атаған.
Дональд Трамптың сөзінше, Куба АҚШ-пен бір мәмлеге келуге ниетті.
«Куба да құлайды. Біз мұнай, ақша тасымалын тоқтаттық. Елдің жалғыз ресурсы болған Венесуэладан баратын барлық тасымалға кедергі болдық», – деген Трамп бұған дейін.
Контекст
АҚШ Израильмен бірге 28 ақпаннан бері Иранға соққы жасап жатыр. Әуе шабуылынан аятолла Әли Хаменеи қаза болған. Осыдан соң қақтығыс одан сайын ушыққан. Иран қарымта ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыран және дронмен атқылап жатар.

👍6❤3👎3🤬3
Иран Қазақстанға соққы жасауы мүмкін бе және біз қорғануға дайынбыз ба?
Нахчывандағы әуежайға жасалған дрон шабуылы Иран төңірегіндегі жағдайды қайта шиеленістірді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жасалған соққыны айыптады, ал жақында елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Ulysmedia.kz Қазақстан мұндай қауіп-қатерге қаншалықты дайын екенін, әуе қорғанысы жүйесінің жағдайы қандай екенін және ел үшін нақты қауіп бар-жоғын анықтауға тырысты.
Шиеленіс күшейіп келеді
5 наурыз күні күндіз ирандық ұшқышсыз ұшақтар Нахчыван автономиялық республикасына шабуыл жасады. Дрондар әуежай маңына және мектеп жанындағы аумаққа құлаған. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін шақырып, Тегераннан түсініктеме мен кешірім талап етті. Иран елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, Баку қажет болған жағдайда жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.
Ал Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығарды. Қазақстан президенті «бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға» жасалған шабуылды айыптады. Бұған дейін ол Парсы шығанағы елдеріне жасалған шабуылдарды да сынаған болатын. Таяу Шығыстағы жағдай ушығып жатқан тұста Тоқаев үкіметке, күштік құрылымдарға, әкімдерге және ұлттық компанияларға барлық нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.

❤3😁1🤔1🤮1
Сиыр еті мен жұмыртқаны экспорттауға қатысты шешім шықты
Үкіметте азық-түлік пен ауыл шаруашылығына байланысты бірқатар мәселе талқыланды. Онда елден қандай өнімдерді экспорттауға болады, ал қайсысына шектеу қою керек деген сұрақтар қаралды. Жиынды вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізді.
Картопты экспорттауға болады
Бұған дейін үкіметте картоп экспортын уақытша тоқтату мүмкіндігі талқыланған еді. Мұның себебі – ел ішінде бағаның өсіп кетуіне жол бермеу. Алайда қазір нарықтағы жағдай тұрақтанған, қор жеткілікті. Сондықтан бұл өнімді экспорттауға шектеу енгізілмейді.
Сиыр етін экспорттау
Сондай-ақ сиыр етін экспорттауға берілетін квота мәселесі көтерілді. Қазір экспорттаушы компанияларға қойылатын талаптар өте қатаң. Мысалы, компанияның кемінде бес мың бас малға арналған өз бордақылау алаңы және жеке ет комбинаты болуы керек.
Бұл талаптарды жеңілдету туралы шешім қабылданды. Үкімет осылайша экспортқа қатысатын компаниялар саны көбейіп, саланың дамуы жеделдейді деп есептейді.
Сонымен қатар, билік елдегі ірі қара мал санын көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі шамамен 7,9 млн бастан 12 млн басқа дейін жеткізу көзделген.
Бұған қоса Қазақстаннан аналық малды, ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға қойылған тыйымды ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шектеу бұқашықтарға да қатысты.
Жұмыртқа импорты уақытша тоқтатылады
Тағы бір шешім тауық жұмыртқасына қатысты. Алты айға олардың импортына, соның ішінде ЕАЭО елдерінен әкелуге де тыйым салынады.
Қазір Қазақстанда шамамен 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа өндіреді. Өткен жылы олар 4,5 млрд-тан астам жұмыртқа өндірген. Соның арқасында ішкі сұраныстың шамамен 98%-ы отандық өнім есебінен қамтамасыз етіледі.

❤3👎1🤔1
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданды.
Жылдық инфляция 2026 жылғы ақпанда болжамдарға сай келіп, 11,7%-ға дейін төмендеді (қаңтарда – 12,2%).
Инфляцияның барлық компоненті қарқынның төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі 12,7% (12,9%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6% (11,7%), ақылы қызметтер бойынша – 10,8% (12%) болды.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇪🇸Испания премьер-министрі Педро Санчес АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын сынға алды.
“Соғысқа - жол жоқ!” - деді ол.
Санчес әлемдегі мәселелерді қару қолдану арқылы шешуге болмайтынын мәлімдеді.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
“Соғысқа - жол жоқ!” - деді ол.
Санчес әлемдегі мәселелерді қару қолдану арқылы шешуге болмайтынын мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍6🤔1🤬1
«Жоғары жақтан хабар келді»: Түркістанда сау жігітті 37 күн мәжбүрлеп емдеген
Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғыны Өмірбек Мұхаммад өзін полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы заңсыз психиатриялық медициналық ұйымға апарып, ем қабылдауға мәжбүр еткенін айтады.
Сау адамды психиатриялық медициналық ұйымға апарып емдеткен
Өмірбек Мұхаммадтың айтуынша, бұл оқиға 2025 жылғы қарашада фельдшерлердің жалақысын көтеру туралы мемлекеттік органдарға жолдаған ресми өтініштерінен кейін басталған. Сонымен қатар, ол еліміздің әр өңіріндегі медицина қызметкерлерінің пікір алмасуына арналған WhatsApp тобын құрған. Осыдан кейін Түркістан қалалық полиция басқармасы қызметкерлері бірнеше рет үйіне келіп, топты жабу жөнінде ауызша ескерту жасаған.
- 2025 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 14:30 шамасында екі полиция қызметкері мені осы іс бойынша түсініктеме бересіз деген уәжбен тұрғылықты мекен-жайымнан Түркістан қалалық полиция басқармасына алып кетті. Мен полиция басқармасының ғимаратында сағат 14:40-тан 17:40-қа дейін, шамамен үш сағат бойы тергеуде болдым. Екі жедел уәкіл бір сұрақты бірнеше рет қайталап қойып, маған «үкіметке қарсы шығып жүрсің», «халыққа үгіт-насихат жүргізіп отырсың» деген сөздер айтты. Сағат шамамен 17:30-да өзімді нашар сезініп, жүрегім айнып құсқым келіп тұрғанын айттым. Осыған байланысты жедел жәрдем шақырды, – дейді ол.
Жігіттің айтуынша, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы оны медициналық тексеруге апарамыз деген желеумен Шымкент қаласы аумағындағы психиатриялық медициналық ұйымға апарған. Сол кезде олардың қолында дәрігерлік-психиатриялық комиссияның қорытындысы, соттың заңды күшіне енген үкімі болмаған және оған өзі ерікті келісім бермеген.

🤬7❤1👎1😱1😡1
Жапаров кешірім берген кәсіпкер тікұшақпен ұшып кеткен
Қырғызстан жезөкшелік ұйымдастырды деген айыппен сотталған Даниэль Ажиевке рақымшылық жасалған. Алайда бостандыққа шыққаннан кейін ол колониядан тікұшақпен кетіп, келесі күні қайтадан құқық қорғау органдарының қолына түсті.
Неге сотталған және қалай босатылды?
Ажиев ірі вебкам-студиялар желісінің иесі ретінде белгілі. 2024 жылдың күзінде сот оны бірнеше қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды. Атап айтқанда, жезөкшелік пен азғындыққа жағдай жасау, порнографиялық материалдарды тарату, ұйымдасқан топ құру және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру айыптары тағылған.
Биыл қаңтардың басында сотталған азаматтың анасы президент Садыр Жапаровтан ұлын рақымшылықпен босатуды сұраған.
Президент бұл өтінішті қанағаттандырған.
Алайда колониядан шыққаннан кейін Ажиев күтпеген жерден тікұшақпен ұшып кеткен. Тікұшақ Байтик ауылына қонып, Ажиевті алып, ұшып кеткен. Билік өкілдерінің мәліметінше, тікұшақты Ажиевтің өзі емес, белгісіз адам жалға алған. Ол Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен әуе кемесін жалға алып, пилоттан ауылдан бір адамды алып кетуді сұраған.
Қайта ұсталды
Алайда оқиға мұнымен аяқталған жоқ. 6 наурыз күні Ажиев қайтадан ұсталды. Ол Тоқмақ қаласында қолға түскен.
Ол сол жерде достарымен бірге демалып жүрген. Тінту кезінде алдын ала мәлімет бойынша оның жанынан есірткі табылған. Алайда ресми түрде ұсталу себебі әлі жарияланған жоқ.

🤣8❤2
Қарызға батқан Алматының экс-әкімінің отбасына тиесілі мүлік сатылымға шығарылды
Мән-жай
Алматыдағы Interfood супермаркетін Hlayk Bank сатылымға шығарды. Бастапқы құны 2,3 миллиард теңге деп көрсетілген.
Dmas порталындағы дерекке қарағанда, нысан 1986 жылы салынған Алматыдағы Гоголь көшесінде орналасқан.
Коммерциялық мүліктің аумағы – 2,5 мың шаршы метр.
Контекст
Бұған дейін БАҚ-та Құлмахановтар отбасының банктер алдында үлкен қарызы бары айтылған. 2019 жылдан бері Interfood компаниясының банк шоттары, мүліктері мен көліктері бірнеше рет бұғатталған.
2025 жылдың қарашасындағы есеп бойынша, қарыз көлемі – 5,5 миллиард теңге. Оның басым көпшілігі банктер алдындағы берешектер. Осыған байланысты да Гоголь көшесіндегі Interfood супермаркеті сатылымға шығарылған.
Осыған дейін Құлмахановтарға тиесілі City Center сауда орталығы да сатылымға шығарылған. Ол 5,4 миллиард теңгеге бағаланған.
Шалбай Құлмаханова 1994-1997 жылдары Алматы қаласының әкімі, 2001-2005 жылдары Алматы облысының әкімі болып қызмет атқарған. 2005-2007 жылдары төтенше жағдайлар министрі болған.

Еуропадан келген санкциялық жабдық Қазақстан арқылы Ресейге жеткізілген
Таллин қаласындағы Харью уездік соты ресейлік кәсіпкер Иван Анчевский мен оның Melytec Europe OÜ компаниясын халықаралық санкцияларды бұзды деп таныды. Тергеу мәліметінше, олар Ресейдің әскери өнеркәсібіне арналған жоғары технологиялық жабдық жеткізумен айналысқан.
Ресейдегі Melytec компаниясы металдың беріктігін тексеруге арналған швейцариялық құрылғыларды Эстониядағы Melytec Europe OÜ компаниясы арқылы сатып алған. Кейін бұл жабдық Қазақстанға жеткізіліп, одан әрі Ресейге жөнелтілген.
Прокурордың айтуынша, Анчевский Ресейге шамамен 1 млн еуро тұратын алты құрылғы жеткізген. Солардың кемінде біреуі әскери өндірісте қолданылған.
Прокурор Верте бұл жабдықтың не үшін қажет екенін түсіндірді. Оның айтуынша, дрон жасау кезінде инженерлер бөлшектердің мықтылығын тексеруі керек. Арнайы құрылғы бөлшектің дірілге және сыртқы әсерге қаншалықты төзімді екенін тексеріп, оның ұшу кезінде бұзылып кетпейтінін анықтауға көмектеседі.
Тергеу мәліметінше, санкцияларды айналып өту үшін Қазақстан, Эстония, Венгрия және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі делдалдар пайдаланылған.

❤3🤬2😡1
Атырауда қоқыс арасында адамдардың жеке деректері бар құжаттар шашылып жатыр
Атыраудағы қоқыс орындарының бірінен ескі құжаттардың үйіндісі табылды. Құжаттарда адамдардың жеке деректері көрсетілген. Қағаздар құрылыс және тұрмыстық қоқыстың арасында шашылып жатыр, ал жел оларды айналаға ұшырып әкетіп жатыр.
Қоқыс арасынан не табылды?
Қоқыс алаңында папкалар, тіркеу бланкілері мен архивтік құжаттар шашылып жатыр. Кейбір папкаларда сақтау мерзімі, іс нөмірлері және мекеме атаулары көрсетілген.
Құжаттардың бір бөлігінде нақты адамдар туралы мәліметтер бар.
Жергілікті тұрғындар мұндай қағаздарды кез келген адам көріп қоюы мүмкін деп алаңдап отыр.
– Қағаздарды көшеден және аулалардан тауып алып жатырмыз. Жел оларды жан-жаққа ұшырып жатыр, – дейді қала тұрғындары.

🤬7❤3😡2😱1
Маңғыстауға не үшін әскери техника жеткізіліп жатыр
Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы Боранқұл ауылындағы теміржол станциясында түсірілген видео тарады. Кадрларда платформаларға тиелген танктер мен әскери жүк көліктері бар жүк пойызы көрінеді. Видео желіде тез таралып, өңір тұрғындарының сұрақтарын туғызды.
Қорғаныс министрлігі не дейді
Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, ешқандай төтенше жағдай жоқ екенін мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, әскери техника артиллериялық бөлімшелердің оқу-жаттығу шараларын өткізу үшін полигондардың біріне жеткізіліп жатыр.
– Аталған техника қозғалысы жауынгерлік дайындық жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр. Мұндай тасымалдар далалық сабақтар мен оқу жиындарын ұйымдастыру кезінде қалыпты нәрсе болып саналады, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Министрлік тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

🤔4❤1🙏1👀1