ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Елде жан басына шаққандағы күнкөріс минимумы 72 мың теңгеден асты

2026 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы жан басына шаққандағы өңірлік күнкөріс минимумы айына 72 791 теңге болды. Үш айда бұл көрсеткіш 7,65% ал бір жылда 20%-ға жуық өсті. Екінші тоқсанда күнкөріс минимумы 67 618 теңге болған

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔2
Қорға түскен миллиардтар: қаза тапқан сарбаздардың отбасы қанша ақша алады?

Бейбіт уақытта оқу-жаттығу кезінде сарбаздар мен офицердің қаза табуы ешбір қазақстандықты бейжай қалдырмады. Қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына моральдық қана емес, қаржылай да қолдау көрсетуге тырысқандар көп. Қайырымдылыққа жиналған қаржыны басқарған «Ұлттық рух» қоғамдық ұйымының есепшоттарына нақты қанша қаражат түскені әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда ашық дереккөздердегі мәлімдемелердің өзінен-ақ жиналған қаржы көлемі кемінде 3,5 млрд теңге екенін аңғаруға болады. Бұдан бөлек, зардап шеккен отбасыларға мемлекет тарапынан да төлемдер қарастырылған.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬1
270 баланың тағдыры не болмақ: Алматыда ерекше балаларға арналған мектептің қаржыландырылуына қатысты дау шықты

270 бала — 120 орын. Алматыда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 270-ке жуық баланың тегін білім алуы мәселеге айналды. «Педагог академиясы» ата-аналарының айтуынша, мемлекеттік қаржыландыру шамамен 120 балаға ғана сақталуы мүмкін. Қалғандары ақылы оқуға, мемлекеттік мектепке ауысуға немесе қайтадан үйде білім алуға мәжбүр болуы ықтимал. Ата-аналар бұған алаңдап отыр. Ulysmedia тілшісі олардың мұңын тыңдап, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
"Қатты дірілдейді": Алматыда "Три богатыря" тұрғындары үйдің беріктігіне алаңдап отыр

Алматыдағы «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің тұрғындары астыңғы қабаттағы құрылыс жұмыстары салдарынан үйдің шайқалып, тіпті ғимараттың беріктігіне қауіп төнуі мүмкін деп алаңдап отыр. Ауыр техника жұмыс істеген сайын көпқабатты үйдің іші қатты дірілдеген.

Толығырақ осы сілтемеде.
ULYSMEDIA.KZ
270 баланың тағдыры не болмақ: Алматыда ерекше балаларға арналған мектептің қаржыландырылуына қатысты дау шықты 270 бала — 120 орын. Алматыда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 270-ке жуық баланың тегін білім алуы мәселеге айналды. «Педагог академиясы»…
Ulysmedia тілшісі олардың мұңын тыңдап, мәселенің мән-жайын біліп қайтты.

270 бала — 120 орын. Алматыда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 270-ке жуық баланың тегін білім алуы мәселеге айналды. «Педагог академиясы» ата-аналарының айтуынша, мемлекеттік қаржыландыру шамамен 120 балаға ғана сақталуы мүмкін. Қалғандары ақылы оқуға, мемлекеттік мектепке ауысуға немесе қайтадан үйде білім алуға мәжбүр болуы ықтимал. Ата-аналар бұған алаңдап отыр. Ulysmedia тілшісі олардың мұңын тыңдап, мәселенің мән-жайын біліп қайтты

Толығырақ

https://t.me/ulysmedia
Алматының тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстанда театрға бару қымбаттады: билет бағасы күрт өсті

Қазақстанда театрға бару бір жыл ішінде айтарлықтай қымбаттады. Қаңтар–тамыздың қорытындысы бойынша билет бағасы 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірден 41,5%-ға өскен

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мирзиёевтің күйеу баласы мен Шахмұрат Муталип Азия ойындарындағы жеңісін бірге тойлады

Қазақстандық және өзбекстандық спортшылар мен жанкүйерлер Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокс құрамаларының жетістігін бірге атап өтті. Мерекелік сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады

Толығырақ осы сілтемеде.
👏4💩3❤1
Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

Қазақстандық спортшы Мерей Қабдоллаев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Сонымен қатар, Мариан Журавлева джиу-джитсудан қола жүлдеге ие болды

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2
Петропавлдағы ботаникалық бақтан күмәнді орама табылды

Петропавлдағы ботаникалық бақта есірткі жасырды деген күдік тудырған келушілер байқалған. Бақ қызметкерлерінің айтуынша, мұндай адамдар кейінгі кезде мұнда жиі келе бастаған

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1😱1
Журналист Амангелді Батырбеков 20 тәулікке қамалды

2 қазанда Түркістан облысының Сарыағаш аудандық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты «Сарыағаш-Информ» басылымының бас редакторы, журналист Амангелді Батырбековті 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы журналист Facebook-парақшасында жазды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬6
ҚАЖ мекемелерінде байланыс шектен тыс тараған: операторларға айыппұл салынды

Қостанай облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жүргізілген тексерістен кейін үш ірі байланыс операторы жауапқа тартылды. Өлшеу нәтижесінде үш нысанның аумағында мобильді байланыс сигналы рұқсат етілген деңгейден жоғары болғаны анықталды

Толығырақ осы сілтемеде.
😱2
Тоқаев Оңтүстік Корея президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңді құттықтады

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1🥱1
Алатау тұрғындары жарық пен судың жиі өшуіне шағымданып, Тоқаевтан көмек сұрады

Алатау қаласындағы Gate City тұрғын үй кешенінің тұрғындары 2 қазанда бірнеше сағат бойы жарықсыз отырғанын және электр қуатының қашан қайта берілетіні жөнінде нақты ақпарат ала алмағанын айтты. Кейін олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен жергілікті билікке ашық үндеу жолдады

Толығырақ осы сілтемеде.
👎2😱1
Жамбыл облысында аудандық ХҚКО басшысы оқ атты деген күдікке ілінді

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Қызылшаруа ауылында түнде тұрғын үйдің маңында атыс болған. Заңгер Ғабит Өмірбек бұл оқиғаға аудандық ХҚКО басшысының қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1