ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.75K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Зооқорғаушы Тепляковтың өлімінен кейін панажайдағы иттер қайда жіберіледі

Алматы облысында қаза тапқан зооқорғаушы Владимир Тепляковтың панажайында қалған 90-ға жуық ит азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Жануарларды басқа панажайлар мен жеке үйлерге орналастыру жұмыстары басталды

Толығырақ осы сілтемеде.
😱1
Кенесары ханды қорлаған қырғызстандық студенттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда қырғызстандық екі студенттің Кенесары хан туралы айтқан сөзіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бұған дейін құқық қорғау органдарына қыздардың сөздеріне «құқықтық баға беруді» талап етіп, өтініш жолдаған адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍8👎1
Перизат Қайраттың туыстары Дубайдан пәтер алған: ҚМА не дейді?

Қаржылық мониторинг агенттігі сотталған Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері туралы ақпаратты тексерді. Ведомство бұл жылжымайтын мүліктің ұрланған қаражатқа қатысы барын анықтамады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬3
Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихатты таратты: енді не болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Құжат жарияланған сәттен бастап күшіне енді

Толығырақ осы сілтемеде.
💩5🤷‍♂2
Мәди Атамқұлов Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстанның Сербиядағы бұрынғы елшісі Мәди Атамқұлов Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Толығырақ осы сілтемеде.
💩4🤔2
"Оқымасаңдар – кете беріңдер": Ақтөбеде студенттер колледждегі оқу ақысына шағымданды

Ақтөбедегі жоғары көпсалалы “Болашақ” колледжінің студенттері мен ата-аналары оқу ақысының күрт өсуіне наразы. 1 500 студент мектептен де кішкентай аядай ғимаратта оқып жатыр.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬5❤1
Даулы Esentai City мен тағы бес тұрғын үй кешені: үлескерлердің ақшасы қайтарыла ма

Алматы әкімдігі құрылысы проблемалық бірнеше тұрғын үй кешенінің алданған үлескерлерімен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есеп берді. Олардың қатарында Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты істе аты аталған даулы Esentai City де бар

Толығырақ осы сілтемеде.
Яндекс істен шықты, InDrive қымбаттады: жолаушылар жүргізушілерге шағымданды

Яндекс сервисіндегі ақаудан кейін InDrive қосымшасында такси қызметіне тапсырыс беру сұранысы үш есеге жуық өсті. Жолаушылар жүргізушілердің әдеттегі бағадан кемінде екі есе жоғары ақы сұрағанына шағымданды. Компанияның негізін қалаушы Арсен Томский мәселенің бар екенін мойындап, бағаны келісу кезінде оның шектен тыс өсуіне жол бермеуге уәде берді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬6🤔2
Теңге қайта нығайды: доллар қаншадан сатылып жатыр

Дүйсенбі күні теңге жұмадағы әлсіреуінен кейін қайта нығайды. KASE қор биржасында доллардың орташа бағамы 451,13 теңге болып, жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда 2,83 теңге төмендеді. Ақша айырбастау орындарында да доллар арзандады

Толығырақ осы сілтемеде.
ULYSMEDIA.KZ
"Оқымасаңдар – кете беріңдер": Ақтөбеде студенттер колледждегі оқу ақысына шағымданды Ақтөбедегі жоғары көпсалалы “Болашақ” колледжінің студенттері мен ата-аналары оқу ақысының күрт өсуіне наразы. 1 500 студент мектептен де кішкентай аядай ғимаратта оқып…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін оқу орны алдына бір топ ата-ана мен студенттер келіп, наразылық білдірді. Жағдайға қоғам, Оқу- ағарту министрлігінің назар аударуын, құзырлы органдардан тексеріс сұрайды. 

Динара Қойшығұлова – “Акушер ісі” мамандығының 2-курс студенті. Оның сөзінше, былтыр колледжге түскен кезде оқу ақысы 300 мың теңге болған.

– Екінші курсқа ауысқанда, қыркүйекте ешкім нақты мәлімет бермеді. Шамамен 400 мың теңгеге көтеретін шығар деп ойладық, бірақ бізде оқу ақысы 400 мың емес, 575 мың теңгеге көтерілді. Студенттер де, ата-аналар да бұған қарсымыз. Неліктен оқу ақысы сонша көтерілгенін түсіндірсін. Колледжде алып бара жатқан білім жоқ деп есептейміз. Ал төлеміне қарасақ, университеттің бағасымен бірдей, – деді студент.

Толығырақ осы сілтемеде.

https://t.me/ulysmedia
13 қазанда елімізде 6 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 13 қазандағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбеде әйелдің қатыгездікпен өлтірілген сәті видеоға түсіп қалған

Ақтөбеде 35 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты. Интернетте шабуыл сәті түсірілген болуы мүмкін деген жантүршігерлік кадрлар пайда болды. Полиция күдіктіні ұстады

Толығырақ осы сілтемеде.
😢5🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Киевте тұратын қазақ - Марат Дәрменовтің отбасында қонақ болдық. Ұлы соғыста жүрген әке неге Қазақстанға келе алмайды? Кәсіпкер өмірі соңғы жылдары қалай өзгерді?

📹Украинадан арнайы репортажды Ұлыстың YouTube-арнасынан көріңіз.

https://t.me/ulysmedia
❤5
Трамп: Зеленский мен Путин осы мәнсіз соғысты тоқтатуы керек

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді Украинадағы қақтығысты реттеу үшін кездесуге үндеді

Толығырақ осы сілтемеде.
💩6
Айырбастау пункттерінде доллар арзандады: 13 қазандағы валюта бағамы

13 қазан күні таңертең кейбір айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 452 теңгеден сәл жоғары бағамен сатылып жатыр. Ал кеше оның бағамы 454 теңгеден асқан еді

Толығырақ осы сілтемеде.
Миллион жұмсап, миллиард табу: Қазақстанда кино түсіру табысты бизнес пе

Қазақстанда қымбат фильм түсіру оның прокатта табысты болатынына кепіл емес. Бұған 720 млн теңгеге түсірілген «Жеті қарақшы» мысал. Фильм режиссерінің сөзінше, жоба өзін ақтамаған. Мемлекеттік қаржыға түсірілген картиналардың да басым бөлігі кинотеатрлардағы көрсетілімнен шығынын қайтара алмайды. Сонда Қазақстанда кино түсіру қаншалықты тиімді бизнес?

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬1
Яндекс істемей қалған кезде такси бағасын күрт өсіргені үшін inDrive-қа ескерту жасалды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) Яндекс Go сервисіндегі ақаудан кейін жол жүру құнының күрт өсуіне қатысты шағымдардан соң inDrive қызметіне ескерту жолдады. Кейбір жағдайда такси бағасы үш есеге жуық қымбаттаған

Толығырақ осы сілтемеде.
😁1
Пәтер үшін бе? Алматыда 61 жастағы ер адамның өліміне қатысты көршілері тың деректерді айтты

Алматыда басына пакет кигізілген күйде мәйіті подъезден шығарылған 61 жастағы ер адамның өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Күдікті ретінде төрт адам ұсталды. Полиция қылмыстың марқұмның пәтерін сатумен байланысты болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
😱1
Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮1
Елімізде шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі қатаңдатылмақ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру және оны түзету қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды. Енді құжат рәсімдеу алдында олардың елде заңды түрде жүргені мұқият тексеріледі

Толығырақ осы сілтемеде.
👏5❤3