ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Трамп Путинмен салыстырғанда Зеленскиймен келіссөз жүргізу қиын екенін айтты

Дональд Трамп Владимир Зеленскийді "онша ұнатпайтынын" айтып, онымен келіссөз жүргізу Владимир Путинмен сөйлескеннен қиынырақ екенін мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣9🤮3
Семейде нәрестесін қоқысқа тастаған полицей өмір бойына сотталды

Семейде денесі қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Айыпталушылар қатарында екі полиция қызметкері – сәбидің анасы мен оның жігіті болды. Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ал қыз рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды

Толығырақ осы сілтемеде.
😐2
Доллар бес теңге қымбаттады: 16 қазандағы валюта бағамы

Қазақстандағы айырбастау орындарында доллардың бағасы өсуін жалғастырып жатыр.

Толығырақ осы сілтемеде.
Жетімдер мен көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлерді жалған құжатпен иемденбек болғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен үлестік құрылысқа қатысу туралы жалған шарттар арқылы пәтерлерді заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украинаға сапар кезінде Майдан алаңында соғысқа қатысқан Сергейді (лақап аты – Қырым) кездестірдік. Ол 8 наурызда болған сұмдық жағдайлар туралы айтып берді.

📹Украинадан арнайы репортажды Ұлыстың YouTube-арнасынан көріңіз.
😢5
Алматыда Санжар Боқаевтың соты басталды

Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаев пен оның видеоператоры Ұлан Нүсіпқожаға қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы басталды. Сот залындағы процесті журналистерге көрсетуге арналған трансляция 20 минутқа жуық уақыт істемей тұрды. Отырыста судьяға қарсылық білдірілді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬6
Қазақстан БҰҰ-да Газаны қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан Газа секторын қалпына келтіруге қатысуға дайын және Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге шақырады. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬4❤1👍1
Қарашада елімізде күн райы қандай болады

2026 жылғы қарашада Қазақстанның барлық аумағында орташа айлық ауа температурасы нормадан 2 градусқа жоғары болады

Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстанда 200-ден астам адам жәрдемақыдан бас тартты

Қазақстанда тұрмысы жақсы азаматтар әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарта алатын сервис әзірленіп жатыр. Жаңа функцияны eGov Mobile қосымшасына енгізу жоспарланған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен кеңесте белгілі болды

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1🤣1
Украинадағы соғыс аймағынан жеті қазақстандық шығарылды – адвокат

Украинадағы соғысқа тап болған жеті қазақстандық Ресейдің Воронеж қаласына жеткізілді. Бұл туралы ер азаматтардың елге оралуына көмектесіп жүрген заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
👏11🤔1
Айбек Смадияров "Хабар" агенттігінің директорлар кеңесіне кірді

Қазақстан президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров "Хабар" агенттігінің директорлар кеңесінің мүшесі болды. Оның тағайындалғаны туралы ақпарат телекомпанияның ресми сайтында жарияланды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍3🥱2
Демалыс күндері елімізде күн райы күрт бұзылады

17-19 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы -1…-7 градусқа дейін төмендейді

Толығырақ осы сілтемеде.
"Отбасы банктің" жаңа шарттары бәріне бірдей қолжетімді болмай шықты

Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Имран Османов «Отбасы банктегі» несие беру шарттарының өзгеруіне қатысты түсінік берді. Белгілі болғандай, баспана құнының жартысын жинаған қазақстандықтардың бәрі бірдей бағалау көрсеткішінің қажетті деңгейге жетуін күтпей-ақ аралық несие ала алмайды.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮3
Қазақстандық жүзгіштер әлем кубогының алғашқы күнінде екі ұлттық рекорды жаңартты

Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр. Алғашқы жарыс күні өткен финалдық кезеңде үш отандасымыз сынға түсті

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Үкім оқылғанда сұқ саусағын көтерді: Ақтөбеде түрмедегі досына жиһадты насихаттаған ер адам сотталды

Ақтөбеде 5 баланың әкесі терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Ер адам бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Бостандыққа шыққан соң түрмеде бірге отырған досына жиһадты түсіндірген ол тағы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Толығырақ осы сілтемеде.
"Үш адам тірідей жанып кетті": Ақтөбеде газ құю бекетіндегі жарылыстан кейін экс-прокурор сотталды

Ақтөбеде үш адамның өмірін қиған газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты сот үкімі шықты. Қауіпсіздік талаптарын бұзды деп танылған бекет иесі, бұрынғы прокурор Ақылбек Нұрғалиев төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Қайғылы оқиғадан әйелі мен екі қызынан айырылған жәбірленуші сотта айыпталушыға кешірім берді

Толығырақ осы сілтемеде.
😢3
1,2 млн теңге жалақысы және екі пәтері бар: еңбек министрі жәрдемақыдан бас тартты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баспасөз мәслихаты кезінде отбасының әл-ауқат деңгейін тексеріп көрді. Жүйе оның отбасын В санатына, яғни ауқатты қазақстандықтар қатарына жатқызды. 2027 жылғы қаңтардан бастап бұл санаттағы азаматтар кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды ала алмайды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣3❤1💩1
Астанада автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп, әйелді қағып өлтірді

Астанада сот автобус жүргізушісін екі жыл бір айға бас бостандығынан айырды. Ол рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлескен кезде жаяу жүргіншілер жолағында 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел ауруханада қайтыс болды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬3😱2
Ерлерге бала күтіміне байланысты 1,5 жасқа дейінгі демалыс үшін енді жәрдемақы төленбейді

Қазақстанда бала күтіміне байланысты демалысқа қатысты тәртіп өзгереді. 2027 жылғы қаңтардан бастап бала күтіміне берілетін жәрдемақыны тек анасы рәсімдей алады. Бұл әкелерді кемсіту болып саналмай ма? Бұл сұраққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмас Құрманов жауап берді

Толығырақ осы сілтемеде.
😡6❤1
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.