ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.77K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Нұрланұлы Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шыққан алғашы қазақстандық атанды

ITF юниорлар арасындағы әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралияда өтіп жатқан беделді ITF J300 Траралгон турнирінде тарихи нәтижеге қол жеткізіп, ширек финалға жолдама алды.

Бұл жарыс дәстүрлі түрде юниорлар арасындағы Аустралияның ашық чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылады.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші АҚШ өкілі, ITF Juniors рейтингінде 21-орында тұрған Гэвин Гудты сенімді түрде жеңді.

Кездесу екі сетте аяқталды – 7:6 (7:5), 6:1. Алғашқы партиядағы тай-брейк шешуші сәтке айналып, Заңғар сол жерде ойынның барысын өз пайдасына өзгертті. Одан кейін екінші сетте кездесуді толық бақылауда ұстады.

Бұл жеңіс тарихи жетістікке айналды: Заңғар Нұрланұлы Траралгонда өтетін J300 турнирінің жекелей сында ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық юниор атанды.

Жартылай финал жолдамасы үшін Зангар әлемдік юниорлық турдың көшбасшыларының бірі – ITF Juniors рейтингінде бесінші орында тұрған бразилиялық Луиш Гуту Мигелмен кездеседі. Матч 19 қаңтарға жоспарланған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1👏1
Қазақстандық стенд ату шеберлері Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Бұл күндері Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін скиттен аралас жұптық сында бақ сынаған отандастарымыз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко үздік үштікті түйіндеді. Бұл бағдарламада Қатар құрамасы жеңімпаз болса, күміс Корея өкілдеріне бұйырды.

Айта кетейік, қаңтардың 22-не дейін жалғасатын сары құрлық додасына 17 елден 196 атлет қатысып жатыр. Бұдан алдын спортшыларымыз 4 жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтақ, скиттен әйелдер арасында Адель Садақбаева алтын, ал Ольга Хайлова қола медаль алды. Сондай-ақ командалық бәсекеде аруларымыз топ жарса, ерлер құрамасы қола жүлдені қоржынға салды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Теңізде трансформатор өртенді

18 қаңтар күні таңертең Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытында трансформатордан өрт шықты

Алдын ала деректер бойынша, шамамен сағат 09:55-те 52-учаскеде, ГТГ-1 және ГТГ-2 газтурбиналық генераторларының арасындағы трансформатор аймағында өрт тұтанған. Зардап шеккендер жоқ.

Барлық қызметкер қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Хабарлама тараған сәтке қарай өрт оқшауланған. Зауыт рециркуляция режиміне ауыстырылды.

Оқиғаның себептері мен өзге де мән-жайлары нақтыланып жатыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😱1
Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының басшысы өмірден өтті

2026 жылғы 18 қаңтарда Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының басшысы Айгүл Қасымова өмірден өтті.

Қаралы хабарды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады.

– Бүгін еліміздің бүкіл медициналық жұртшылығы Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының тұрақты басшысы, алғашқы буын деңгейіндегі барлық реформалар мен өзгерістердің көшбасшысы, өз ісіне шынайы берілген үлкен энтузиаст Айгүл Құбашқызы Қасымованың кенеттен өмірден озғаны туралы қайғылы хабардан қатты күйзеліп отыр. Бұл – бүкіл сала үшін орны толмас ауыр қаза, – деп жазды министр.

Ведомство басшысының айтуынша, дәл оның басшылығымен Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының базасында кейіннен жүйелі реформалардың және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың негізіне айналған пилоттық жобалар пысықталып, енгізілді.

– Айгүл Құбашқызы денсаулық сақтау саласының дарынды ұйымдастырушысы, білікті менеджер, мемлекеттік деңгейде ойлайтын кәсіби маман әрі сирек кездесетін жауапкершілік сезімінің иесі ретінде ел жадында сақталады. Оны шынайы энтузиазм, мамандығына адалдық, дәрігер мен басқарушының миссиясын терең түсіну сияқты асыл қасиеттер айрықша даралады. Ол кең пейілді, адамдарға ашық, әрдайым қолдау көрсете білетін, шабыттандырып, ұжымды соңынан ерте алатын тұлға болды. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің және онымен бірге қызмет ету бақыты бұйырған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады, – деді Ақмарал Әлназарова.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өскеменде аязды күні жүздеген тұрғын сусыз отыр

Өскемендегі су құбырында болған апат салдарынан қаладағы бірнеше аудан бірден сусыз қалды.

Құбыр жарылысы Беспалов көшесі маңында болған, диаметрі 400 мм болатын су құбыры зақымданған.

Суық су өшірілуіне байланысты қазір Мирный кентінде және оған іргелес көшелерде су жоқ. Атап айтқанда, Севастопольская, Виноградов, Микоян, Карбышев көшелерінің тұрғындары, сондай-ақ Назарбаев даңғылы мен басқа да мекенжайларда тұратындар сусыз отыр.

Жеке сектор тұрғындары аяз күшейген жағдайда жағдай ушығып, құбырлардың қатып қалуынан қауіптеніп отыр. Оқиға орнында жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, алайда су беру қашан қалпына келтірілетіні әзірше айтылған жоқ. "Өскемен Водоканал" кәсіпорнында су жеткізу ұйымдастырылғанын хабарлады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬1
Қазақстанда ЖИ туралы заң күшіне енді: енді не нәрсеге тыйым салынады

Қазақстанда "Жасанды интеллект туралы" заң күшіне енді.

Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді.

ТЫЙЫМ

Енді Қазақстан аумағында: манипулятивті әдістерді қолданатын; адамның жасына, денсаулық жағдайына немесе әлеуметтік мәртебесіне байланысты осал тұстарын пайдаланатын; әлеуметтік немесе биометриялық кемсітушілікке жол беретін; адамның эмоциясын оның келісімінсіз анықтайтын; жеке деректер туралы заңнаманы бұзатын; тыйым салынған контент жасайтын немесе тарататын жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынады.

Заң жасанды интеллектіні пайдаланудың ашықтығына қойылатын талаптарды белгілейді. Пайдаланушылар тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер ЖИ-ді қолдану арқылы жасалғанын білуі шарт. Синтетикалық контент міндетті түрде таңбалануға және пайдаланушылар үшін түсінікті ескертумен белгіленуге тиіс.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жасалған туындылар адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана "авторлық құқық объектісі" деп танылады. Адамның зияткерлік қызметінің нәтижесі арқылы алынған мәтіндік сұраулар (промпттар) да авторлық құқықпен қорғалады.  Автор немесе құқық иесі тыйым салмаған жағдайда ғана ЖИ модельдерін оқыту үшін туындыларды пайдалануға рұқсат етіледі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Трамп "Бейбітшілік кеңесі" мүшелігі үшін 1 млрд доллар төлеуі мүмкін – Bloomberg

Bloomberg басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі құрылып жатқан "Бейбітшілік кеңесі" мүшелігі үшін 1 миллиард доллар көлемінде жарна енгізу мүмкіндігін талқылаған болуы мүмкін. Бұл дерек жаңа органның жарғы жобасына негізделген.

Ақ үй бұл ақпаратты жоққа шығарды. Онда мүшелік үшін "минималды жарна" жоқ екені және төлемдер жайлы ақпарат дұрыс берілмегені айтылған.
Әкімшілік мәліметінше, серіктес мемлекеттерге бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеуді қолдайтын қағидаларды бөліссе, тұрақты мүшелік ұсынылуы мүмкін.

КОНТЕКСТ

Bloomberg мәліметінше, Трамп "Бейбітшілік кеңесінің" алғашқы төрағасы болады. Мүшелікті үш жылға шектеу жоспарланып отыр, бірақ төраға мандатты ұзартуға құқылы.

Ал Reuters-тің хабарлауынша, қазіргі уақытта Bloomberg берген ақпаратты тәуелсіз дереккөздермен растау мүмкін болмаған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣2🔥1
Матвей Пономарев Дубайдағы турнирдің чемпионы атанды

БАӘ-нің Дубай қаласында Ten-Pro Global Junior Tour сериясындағы халықаралық жасөспірімдер турнирі аяқталды.

Бұл жарысқа АҚШ, Жапония, Франция және өзге де елдерден 42 спортшы қатысты.
Финалдық матчта қазақстандық теннисші Матвей Пономарев сенімді ойын көрсетіп, Мысыр өкілі Мохаммед Басарды 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс Матвейдің басты мақсаты — ITF Juniors әлемдік рейтингінің үздік 100 теннисшісінің қатарына ену жолындағы маңызды қадам болды. Ол бұл межеге жүйелі әрі сенімді түрде жақындап келеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Australian Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізіп, жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Басынан тепкілеген". Жаркентте әйел адам баласын батареяға байлап сабаған

Жантүршігерлік видеоны журналист Жанар Нұртазина әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода әйел адам баланы батареяға байлап, тепкілеп, аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, әйел адамның баланы басынан тепкенін де байқауға болады. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында видеода 28 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласын ұрғаны анықталған. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ

Екі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жайды анықтағанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданатын болады.

ТЕРГЕУ БАҚЫЛАУДА

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Испанияда екі пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты

Испанияда екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып, бір-бірімен соқтығысты. Салдарынан 21 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды.

Бұл ақпаратты Испанияның ішкі істер министрлігі 19 қаңтарға қараған түні таратты. Қайғылы оқиға 18 қаңтар кешке Кордова провинциясында болған.

Апат қалай болды

Испания билігінің мәліметінше, Малага — Мадрид бағытымен жүрген Iryo компаниясының пойызы рельстен шығып, қасындағы жолға түскен. Сол жерде ол қарсы бағытта Уэльва қаласына бет алған пойызбен соқтығысқан. Оқиғаның нақты себептері әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Испаниялық БАҚ екі пойызда жалпы саны шамамен 400 жолаушы болуы мүмкін екенін нақтылайды.

Ауыр хәлдегілер көп

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің 30-ы ауыр жағдайда жатыр. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Reuters агенттігінің мәліметінше, құтқару қызметтері вагондарды тексеруді жалғастырып жатыр, өйткені негізгі соққы тиген бөліктерде тірі қалғандардың нақты саны әлі анықталмаған. Испания премьер-министрі Педро Санчес Кордовадағы жағдайдың дамуын жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғаға байланысты Испанияның корольдік отбасы да көңіл айтты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢1🙏1
Тоқаев Құрылтайда не туралы айтады? Билік тармақтары қалай өзгеруі мүмкін?

Ұлттық құрылтай 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында өтеді. Елдегі ресми іс-шаралар кестесімен таныс көпшілік үшін қыс ортасында ұлттық құрылтай өтеді екен деген ақпарат тосын болғаны рас. Әдетте Құрылтай қар еріп, жер аяғы кеңіген шақта ұйымдастырылатын. Ал бұл жолы қақаған қыс, әрі президент қатысатын Үкіметтің дәстүрлі бірлескен отырысына дейін өткізілмек. Мұның өзі Мемлекет басшысы Құрылтай мінберінен аса маңызды дүниелерді айтуды жоспарлап отырғанын аңғартады. Нақты не жөнінде сөз болатынын Ulysmedia.kz тілшілері Ұлттық құрылтай мүшелерінен сұрап көрді.

Құпия

Президенттің Құрылтайдағы баяндамасының тақырыбы ешқашан алдын ала жарияланбайды. Алайда бұл алаңда айтылған кейбір мәлімдемелер ел тағдырына тікелей әсер етіп жатады. Мәселен, Ұлытауда өткен алғашқы Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке мәртебесіне көтерді. Бұл халық дауыс беру арқылы шешім қабылдайтын жаңарған Қазақстанның символдық бастауы болды.

Ал бесінші Ұлттық құрылтайдың басты тақырыбы, Ulysmedia.kz сауал жолдаған сарапшылардың пікірінше, айқын, ол парламенттік реформа жайлы болуы мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮3😡1
Алматыда теракт қаупіне байланысты ата-аналар балаларын мектепке жібермеді

Бүгін Алматыда көптеген оқушы мектепке бармай, үйде қалды. Бұған себеп — теракт жасалуы мүмкін деген қауіп туралы хабарламалар. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастап кетті. Қазір жалған ақпаратты кім және қайдан таратқаны анықталып жатыр. Фейк хабарламаның авторы заң аясында жауапкершілікке тартылады.

- Төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр, — деп хабарлады Полиция департаменті.

Сондай-ақ полиция қала тұрғындарын сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

ТАҒЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Білім басқармасы теракт дайындалып жатқаны туралы ақпараттың расталмағанын хабарлады.

- Мұндай мазмұндағы анонимді жарияланымдар бұған дейін де тараған және тексеру барысында өз растауын таппаған. Қазіргі уақытта оқу процесі полиция қызметкерлерінің күшейтілген қатысуымен өтіп жатыр. Сабақты тоқтатуға негіз жоқ. Алматы қаласындағы барлық білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қалалық білім басқармасы ата-аналар мен тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады, — делінген хабарламада.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😐2
МӘМС-ті тығырыққа тіреген не? Елжан Біртановпен сұқбат

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кураторы ауысты. Енді қор қаражатына Қаржы министрлігі жауап береді. Мұндай шешім ірі заңбұзушылықтар әшкереленгеннен кейін қабылданды. Атап айтқанда, жалған тіркеулер, дүниеден өткен адамдардың атынан медициналық қызмет алуға берілген өтініштер және жылдар бойы қозғалыссыз жатқан жүздеген миллиард теңге анықталды.

Ulysmedia.kz МӘМС жүйесінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен сөйлесіп, медициналық сақтандыру жүйесі қай тұста істен шыққанын, нақты не дұрыс болмағанын және енді қандай қадам қажет екенін анықтауға тырысты.

Қорды беру нені өзгертеді?

Біз экс-министрден МӘМС қорының Қаржы министрлігі құзырына берілуі шынымен жағдайды өзгерте ала ма деп сұрадық. Елжан Біртанов бұл шешімді дұрыс деп санайды.

– Қазіргі жағдайға қарасақ, Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселелерді шеше алмады. Менің ойымша, егер міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің және қордың жұмыс істеу қағидаты түбегейлі қайта қаралмаса, бір ведомстводан екіншісіне беру айтарлықтай нәтиже әкелмейді. Себебі заңға сәйкес қордың функциялары нақты белгіленген, ал бір министрліктен екіншісіне ауысу шын мәнінде тек директорлар кеңесінің құрамын өзгертеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭1
Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша жаңадан құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына ресми түрде шақырды. Сонымен қатар, Қазақстанға аталған құрылымның құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының бұл бастаманы қабыл алғанын және АҚШ президентінің атына алғыс хат жолдағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай ресми шақырту түскенін жасыру дұрыс болмас еді.

- Әлем көшбасшыларының бірқатар мәлімдемесінен кейін президент Дональд Трамптан осындай ресми үндеу түскенін жасырған жөн болмас еді. Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың ішінде алғашқылардың бірі болып ресми шақырту алды. Ол АҚШ президентінің атына шынайы ризашылығын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісімін растайтын хат жолдады, — деді Руслан Желдібай.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптесіне Қазақстан мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға және Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысуға дайын екенін жеткізген.

БЕЙБІТШІЛІК КЕҢЕСІ ДЕГЕН НЕ?

Бейбітшілік кеңесі (Board of Peace) — қақтығыс аяқталғаннан кейін Газа секторын қалпына келтіру мен басқаруды үйлестіруге арналған халықаралық орган.

Бұл құрылым Дональд Трамп ұсынған Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған 20 тармақтан тұратын жоспардың бір бөлігі саналады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4👎1😡1
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы Тоқаевқа есеп беріп жатыр

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиын Астана қаласында өтуде. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке парламентті жаңарту үшін Конституцияға қандай өзгерістер ұсынылып отырғанын баяндады.

Бірнеше айдың ішінде жұмыс тобы азаматтардан шамамен 1,6 мың өтініш қабылдаған. Сарапшылар қазақстандықтардың реформаға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Алайда қандай бастамалардың нақты жүзеге асатыны және олардың қандай форматта қабылданатыны әзірге белгісіз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы саяси жүйедегі өзгерістер ауқымды болатынын мәлімдеп, олардың биліктің бірнеше деңгейіне бірдей әсер ететінін айтты.

– Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірлерімді айтамын. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡2
«5000 мың адам қаза болған көтеріліс». Ирандағы аятолла режимі неге құламады?

Ирандағы жаппай наразылық кезінде 5000 адамның қаза тапқаны хабарланды. Репрессия күшейіп, елді 1979 жылдан бері басқарып келе жатқан аятолла билігі халықтық толқуларға АҚШ пен сыртқы күштерді айыптады. Үш аптаға созылған көтеріліс қайталануы мүмкін бе? Аятолла билігі неге құламады? АҚШ Иранға не себепті соққы жасамады? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.

5000 мыңға жуық адам қаза болған

18 қаңтарда Reuters агенттігі Иран билігіндегі дереккөзіне сүйеніп, жаппай наразылық кезінде 5000-ға жуық адам қаза болғанын жазды (оның ішінде 500-і күштік құрылым қызметкерлері).
АҚШ-та орналасқан HRANA ұйымы қаза тапқандар саны 3308 адамға жеткенін, 4382 жағдай әлі тексеріліп жатқанын хабарлаған. Ұйым дерегінше, наразылық кезінде 24 мыңнан астам адам ұсталған.

Хоменеи мен Трамптың айтысы

17 қаңтарда Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хоменеи мәлімдеме жасап, көтеріліске АҚШ пен президент Дональд Трампты айыптады.

«Бүлікке АҚШ президенті Дональд Трамптың тікелей қатысы бар. Ол мәлімдеме жасап, бүлікшілерді қолдады. Біз өлімге, бүлік пен Иран халқына қарсы айтқан айыптарына кінәлі деп есептейміз», – деп мәлімдеген Хоменеи.

Дәл осы күні Дональд Трамп Politico басылымына берген түсініктемесінде «Иранға жаңа басшылар іздейтін кез келді» деген.

«Ел басшысы ретінде оның [Хоменеидің] кінәсі неде? Ол елді күйретіп, бұрын-соңды болмаған дәрежеде күш қолданды», – деді Трамп.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1