ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.77K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда жаңа парламент Құрылтай деп аталатын болады

Бір палаталы парламентте 145 депутат болады.

- Еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегі болатыны анық. Жолдауда бірпалаталы парламент құру туралы бастама көтердім. Бұл аса маңызды мәселе қоғамда кеңінен талқыланды. Былтыр 8 қазанда парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойдым.

Конституциялық реформа туралы қызу талқылаулар жүріп жатыр. Бірпалаталы парламентке көшу туралы бастаманы халық қолдап отыр десек қате болмас, – деді президент. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент мерзімінен бұрын кетсе сайлау екі айдың ішінде өтуі керек - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысын қайта сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс барын айтты.

Тоқаевтың сөзінше, қазіргі ата заң бойынша, президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай болса, оның өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына беріледі.

- Сенат төрағасының мемлекеттік басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте мәселенің бәрі қалған мерзімге деген сөзге тіреледі. Осыны ерекше атап өткен жөн, дейді Тоқаев. 

Президенттің сөзінше, егер мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кетсе екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норма заңмен бекітілуі қажет. 

- Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни заңды түрде келуі керек. Бұл мызғымас ұстаным. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де өзгермес қағида болуы керек, – дейді президент. 

Сонымен қатар, Тоқаев Конституциялық мәтінде жекелеген қателер бары анықталғанын айтты. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда вице-президент пайда болады

Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа лауазым пайда болатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы тағы бір маңызды шешім қабылданғанын айтты. Атап айтқанда, бұған дейін Ерлан Қарин атқарған мемлекеттік кеңесші лауазымы таратылды.

Президенттің айтуынша, енді вице-президент қызметі енгізіледі. Жаңа лауазым иесін мемлекет басшысы Парламенттің келісімімен тағайындайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президенттің негізгі міндеттерін де атап өтті.

«Вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін халықаралық форумдарда, шет мемлекеттердің делегацияларымен жүргізілетін келіссөздерде қорғайды. Сондай-ақ Парламентте президенттің өкілі болады, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды және мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Вице-президенттің қызметтік өкілеттігіне қатысты осы негізгі ережелер Конституция мәтінінде де көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі Парламент қызметін қамтамасыз ететін бірқатар аппараттық құрылымдар мен мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқартылатын болады. Президент әкімшілігінің функциялары, құрылымы және басқару жүйесі саяси қажеттілікке сәйкес реформаланады.
Вице-президент институты көптеген елдерде бар. Біздің жағдайда бұл лауазымды енгізу мемлекеттік басқару процесін тұрақтандырып, билік иерархиясына түпкілікті айқындық енгізеді. Бұл конституциялық жаңашылдық президенттік биліктің әлсіреуін білдірмейді. Керісінше, президент институты мемлекеттік жүйедегі негізгі әрі шешуші рөлін сақтап қалады», – деді Тоқаев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮4❤3👏1
Ұлттық құрылтайдағы қызық сәттер: sorry, Қарин және ұйқы

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші лауазымын тарату туралы мәлімдеген кезде Ерлан Қаринге бұрылып, күлімсіреп «Sorry» деді.

Жиында мұнан бөлек те назар аударарлық сәттер болды. Президент сөз сөйлеген кезде залда отырып қалғып кеткендер де табылды.

Тілшіміз осы сәттерді видеоға түсіріп алды.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁2❤1🤔1
ULYSMEDIA.KZ
Қазақстанда вице-президент пайда болады Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа лауазым пайда болатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы тағы бір маңызды шешім қабылданғанын айтты. Атап…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда вице-президент бола алатын адам көп емес, бірақ бар - депутат

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қазақстанда жаңа лауазым - вице-президенттің пайда болуына қатысты пікір білдірді.

Ұлыс тілшісі депутаттан вице-президент қызметіне кім лайық екенін сұрады. 

- Мен мұны айтуға құқығым жоқ және этиканың бұзылуы болып саналады. Өзім байқап, ойлап тұрғаным бар. Вице-президент неге сенат, бұрынғы парламент төрағасына билікті бермейді? Президент қандай да бір жағдайда биліктен кетсе, оның жұмысын кім атқарады? Бізде осы уақытқа дейін парламент басшысы болды. Бірақ парламент ол басқа билік. Ал президент бір өзі шешім шығаратын, бүкіл жауапкершілікті өзіне алатын адам. Бүгін президент не деп айтты? “Мен бүкіл жауапкершілікті өзім аламын, мен жауап беремін” деді. Менің ойымша президент сондай адамды таңдауы керек (вице-президенттікке). Президентке тән қасиеттері бар, өзіне батыл жауапкершілік ала білетін, стратегиялық көзқарасы, азаматтық құндылығы, адами қасиеті бар адам бола алады. Бізде ондай кандидаттар көп емес, бірақ бар, – дейді Әбенов. 

ЖАҢА ЛАУАЗЫМ

Еске салайық, бүгін Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа лауазым пайда болатынын мәлімдеді. 
Атап айтқанда, бұған дейін Ерлан Қарин атқарған мемлекеттік кеңесші лауазымы таратылды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Халық кеңесі" немен айналысатын болады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде қоғамдық дамудың барлық мәселесі бойынша тұрақты жалпыхалықтық диалог жүргізуге арналған жаңа институт құруды ұсынды.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Бұл ұсынысқа қатысты депутат Мақсат Толықбай пікір білдірді. Оның сөзінше Халық кеңесі үлкен ықпалға ие болады. 

- Тіпті Ұлттық құрылтайдан күшті ықпалға ие болуы мүмкін. Себебі тіпті Конституцияға өзгеріс енгізейін деп жатырмыз. Әртүрлі институт бар. Солардың төрағаларына дейін кеңеске қосатын боламыз. Ол жерде қоғамдағы бүкіл проблема ашық талқыланатын болады, – дейді депутат. 

Оның сөзінше, ұйым тікелей президенттің бақылауында болады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Депутаттардың ішінде «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек - Тоқаев

Бүгін Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай барысында президент жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы айтты. 

- Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.  Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін, – дейді президент. 

Бірақ Тоқаев аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керегін айтты.

- Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным. Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. 

Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс, – дейді Тоқаев. 

Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2💩2🔥1
Kaspi.kz «Мошенники» сериалының екінші маусымына қолдау білдірді

Kaspi.kz басты рөлді Рүстем Омаров сомдаған танымал қазақстандық «Мошенники» сериалының екінші маусымының демеушісі болды. Жоба нақты өмірдегі алаяқтық схемаларға негізделген және маңызды әлеуметтік миссия атқарады: көрермендерге қылмыскерлердің айла-тәсілдерін тануға көмектесіп, елде және өңірде қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

Жаңа маусымның алғашқы төрт сериясы 15 қаңтардан бастап Unico Play және Start платформаларында қолжетімді.

«Мошенники» – әлеуметтік әсері бар сериал

«Мошенники» — жай ғана криминалдық триллер емес. Бұл сериал соңғы жылдардағы ең көп талқыланған әрі танымал жобалардың біріне айналды.

Онда алаяқтық әрекеттер қылмыскерлердің өз көзімен, «ішінен» көрсетіледі. Соның арқасында көрермендер түрлі алаяқтық схемалардың қалай жұмыс істейтінін және олардың қандай салдарға әкелетінін түсінеді. Осындай шынайылық сериалдың кең танымал болуына және қоғамда үлкен мәдени резонанс тудыруына себеп болды.

Kaspi.kz-тің әлеуметтік-ағартушылық жобасы

«Мошенники» сериалының алғашқы маусымының табысынан шабыттанған Kaspi.kz B.A.S. Production студиясымен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен 2025 жылы алаяқтыққа қарсы ауқымды әлеуметтік-ағартушылық жобаны іске қосты.

Жоба аясында қысқа форматтағы оқыту бейнероликтер циклі түсірілді. Онда сериал актерлері алаяқтардың адамдарды қалай алдайтынын, құпия кодтарды алдап алатынын және белгісіз шоттарға ақша аудартатынын көрнекі түрде көрсетеді. Барлық сценарийлер нақты оқиғаларға негізделген.

Бір жыл ішінде Қазақстанда және одан тыс жерлерде кең таралған алаяқтық схемалар туралы 19 бейнеролик жарық көрді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1🤮1
Мың құбылып, жүз өзгерген Ата заң: Конституцияның 33 жылдық тарихы

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік және конституциялық реформалар туралы айтты. Ол бойынша, бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталады. Оған 145 депутат енеді. Бұдан өзге, мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқарып, вице-президент лауазымы енгізіледі.

Қазақстан Конституциясы кейінгі 33 жылда қанша рет өзгерді? Ата заңды жиі өзгертудің себебі неде? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп, Конституцияның 33 жылдық тарихына қысқаша тоқталып көрді.

Тұңғыш Конституция

Осыдан 33 жыл бұрын, 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданған еді. Алғашқы Ата заңды қабылдауға Жоғары кеңес мүшелерінің 312-і қатысып, 309-ы қолдап дауыс берген. Үш депутат қалыс қалды.

28 қаңтар Конституция күні – мемлекеттік мереке болып бекітілді. Қоғамда «1993 жылғы Конституция – Қазақстан билігінің үш тармағы толық айқындалған, биліктің тепе-теңдігі мен тежемелік жүйесін толық орнатқан, нағыз демократияға жақын құжат болды» деп әлі күнге дейін айтатындар бар.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁2❤1
Келісі 2 500 теңге, немесе неліктен жеңілдетілген несиелер Қазақстандағы ет нарығын тұралатып жатыр?

Қазақстан үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын бекітті. Алғаш көз жүгірткенде, бұл құжат бұрынғы жоспарлардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Дегенмен билік тағы да отандық сөрелерде ет молайып, бағасы қолжетімді болады, ал экспортқа мыңдаған тонна өнім жөнелтіледі деп уәде беріп отыр. Үкіметтің бұл жоспары осы жолы іске аса ма? Жалпы, Қазақстанда ет үзілмеуі үшін не істеу керек? Осы сауалдарға Ulysmedia.kz тілшісіне ауыл шаруашылығы экономикасы саласының докторы, АӨК дамыту жөніндегі сарапшы Төлеутай Рахымбеков жауап берді.

Ескі үлгімен жасалған жаңа жоспар ма?

Естеріңізде болса, күзде халыққа Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік нарығындағы жағдайға масқара деп баға берген еді. Мемлекет басшысы құзырлы органдарға сиыр еті мен картоп секілді қарапайым өнімдердің аспандап кеткен бағасын төмендетуді тапсырды.

Осыдан кейін ауыл шаруашылығы және сауда министрліктері түрлі шаралар қабылдауға тырысты: әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейтілді, ет экспортына тыйым салынды. Ал енді үкімет мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын ұсынды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ет өндірісі мен ірі және ұсақ мал саны шамамен 50 пайызға артуы тиіс.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Kaspi Қазақстанның 300 қаласы мен ауылына жеткізуді қалай ұйымдастырды

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 300 қала мен ауылдың тұрғындары күн сайын Kaspi Магазиннен тапсырыстарын алады. Жылдам әрі сапалы жеткізуді Kaspi Жеткізудің серіктестік желісі қамтамасыз етеді. Бұл  Қазақстанның әртүрлі компанияларында, қабылдау пункттерінде, логистикалық орталықтарда және тәуелсіз курьерлік қызметтерде еңбек ететін шамамен 10 000 қызметкер.

Kaspi.kz-тің бүкіл ел аумағында серіктестік негізде логистикалық жеткізу желісін қалай қалыптастырғаны туралы баяндаймыз.

Kaspi еліміз бойынша өте көп сатушы мен сатып алушыларды байланыстырады. Көптеген қазақстандық өндірушілер Kaspi Магазин арқылы өз өнімдерін бүкіл ел аумағында тікелей сату мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, Қарағанды облысының Абай қаласында орналасқан заманауи өндірістік кәсіпорын - Абай тігін фабрикасы.

Кәсіпорын қысқы күртешелер, спорттық костюмдер, төсек-орын жабдықтары, арнайы жұмыс киімдері және басқа да тоқыма өнімдерін шығарады. Kaspi Магазиннің көмегімен Абай фабрикасы Қазақстанның барлық өңірінен тапсырыс алады.

Жуырда тапсырыстардың бірі Ақтаудан түсті. Көпбалалы ана Гүлмира Тағаева үлкен қызына жарқын түсті спорттық күртеше тапсырыс берген. Үш күннен кейін сатып алушы өз тапсырысын ең жақын Kaspi Postomat-тан алады. Осы бір қысқа уақыт ішінде сатып алынған зат 3 мың шақырымнан астам жол жүреді. Ал оны тасымалдауға бірден бірнеше өңірлік логистикалық компания қатысады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1💩1
Құрылтай, Халық кеңесі және Вице-президент: саяси сахнада қандай өзгерістер болмақ?

Бесінші Ұлттық құрылтай Қазақстандағы саяси құрылымның жаңа үлгісі ресми түрде алғаш рет жарияланған алаңға айналды. Жұмыс тобы шамамен жарты жыл бойы бір палаталы парламенттің қалай жұмыс істеуі керектігін талқылап, депутаттарға айтарлықтай кең өкілеттік беруді ұсынды. Атап айтқанда, болашақта депутаттар Үкімет құрамын, судьяларды, мемлекеттік аудиторларды және Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін бекітетін болды. Алайда өкілеттігі күшейтілген бұл органның өзіне де салмақты қарсы тетік пайда болмақ. Ол – Халық кеңесі.

Ulysmedia.kz парламенттік реформаның ең маңызды тұстарын жинақтап, жарияланған жаңа саяси конфигурация аясында билік тармақтарының өзара қалай әрекет ететінін саралап көрді.

Мәжіліс пен Сенаттың орнына Құрылтай

Қазір Қазақстан Парламенті екі палатадан тұрады. Онда жалпы 142 депутат жұмыс істейді. Мәжіліс заңдарды қабылдайды, ал Сенат оларды талдап, түзетулер енгізе алады. Мәжіліс депутаттары министрлер мен Үкімет мүшелерінің кандидатураларын бекітсе, сенаторлар судьяларды, Бас прокурорды, Ұлттық банк төрағасын және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кандидатурасын мақұлдайды. Ал Президент, өз кезегінде, Жоғары аудиторлық палата мен Орталық сайлау комиссиясының бірқатар мүшесін тағайындайды.

Алайда бұл қазіргі жүйе. Ал жақын арада Қазақстан Парламентінің құрылымы түбегейлі өзгермек. Жұмыс тобы ұсынған парламенттік реформаға сәйкес, Мәжіліс пен Сенат таратылып, олардың орнына Құрылтай құрылады.

Бір палаталы парламент 145 депутаттан тұрады. Барлық үміткер, алдымен, праймеризден, кейін парламенттік сайлаудан өтуі тиіс.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4👍3❤1🤮1
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек немесе Қазақстандағы билік вертикалі қалай өзгереді?

Президент Тоқаев тағы да өзіне тән қасиетті көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Шынын айту керек, бұлай істеу тек Тоқаевтың қолынан келеді. Барлығымыз парламент реформасына дайындалып, өрмегімізді осы бағытта тоқи бастағанбыз.

Алайда Ұлттық құрылтайда Президент саяси сахна декорациясын түбегейлі өзгертіп, жаңа сценарий ұсынды. Бұл бәзбіреулерді абдыратып тастады, енді бірі тіпті шок жағдайында қалды. Мемлекеттік кеңесші лауазымынан бас тарту, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайды тарату, екі палаталы парламентті тарих қойнауына жіберу – тағысын-тағы айтылған реформалар бұған дейінгі өзгерістерді шаң қаптырды. «Қош, ескі жүйе, қош, ескі құрылым» деп, қол шапалақтағандар да болды, білем.

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, бүгінгі жаңалық еліміздің саяси ұстынын басқа арнаға бұрғандай болды. Билік тармақтарының өзгеруі, өкілеттіліктің қайта бөлінетіні жайлы мәлімдеме Ата заңды қайта жазуға әкелетін қадам екені деп бүгінгі келелі кеңесте айтылды.

Парламенттің қос палатасы Сенат пен Мәжіліс те өз жұмысын аяқтап, орнын «Құрылтай» деп аталатын жаңа заң шығарушы институтқа босатады. «Құрылтай» деп аталуының өзінде ұлттық бояу, символдық мән жатыр. Бұған қоса, президенттік квота да, Қазақстан халқы Ассамблеясына тиесілі квота да жойылады. Барлық депутат партиялық тізім бойынша сайланып, бірдей мандат алады. Өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты блок одан да айқын көрінеді. Президент Конституциялық және Жоғарғы соттарды, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаны қалыптастыруда шешуші рөлді Парламентке беруді ұсынып отыр. Бұл құзырет қазір Президентте. Осылайша мемлекет басшысы қолындағы биліктің бір бөлігін басқа билік институтымен бөлісуге дайын екенін көрсетті. Ондаған жылдар бойы бар билікті бір қолға шоғырландырған Қазақстан жағдайында бұл – ерекше қадам.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🤔2👏1
ULYSMEDIA.KZ
"Қыз алып қашу - жабайы қылмыс": Тоқаев Нұрай ісіне пікір білдірді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне қатысты пікір білдірді. - Шымкентте Нұрай есімді қыздың кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Ұлттық…
Нұрайдың өлімі: Шымкент полициясының басшылығы қызметінен кетті

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары қызметінен кетті.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм Нұрайдың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Қылмыстық іс шеңберінде жедел ден қоймау және уақтылы шаралар қабылдамау бойынша барлық дәйектер жан-жақты тексерілетін болады. 
Тергеу қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

ҚЫЗМЕТТІК ТЕКСЕРІС

Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша басқарушылық жауапкершілік негізінде тәртіптік шаралар қабылданған. 

Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және оның бірінші орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылып, бірқатар лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды.

ПРЕЗИДЕНТ РЕАКЦИЯСЫ

Еске салайық, бүгін Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың ісіне қатысты пікір білдірген болатын. 

КОНТЕКСТ

Сөз болып отырған қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3
ULYSMEDIA.KZ
Вице-президент кім болады? Ал сіз қалай ойлайсыз? 📱Ұлысқа жазылыңыз
Қарин, Әшімбаев немесе Балаева: Тоқаев тұсында кім вице-президент болуы мүмкін?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстанда вице-президент институтын енгізу туралы мәлімдемесі биылғы саяси сигналдардың алды болды.

ҮМІТКЕРЛЕР

Ресми түрде бұл – жаңа лауазым. Алайда сөз билік тұрақтылығы, транзит және елдің сыртқы саяси ұстанымын қайта қарастыру туралы болып отыр. Тоқаев кім болатынын атамағанымен, саяси және сарапшылық ортада вице-президент болуы мүмкін кандидаттар қызу талқылана бастады.

Ең алдымен, мемлекет басшысының жанында жүргендердің есімі айтылуда. Солардың ішінде жиі айтылып жүргендердің бірі – Ерлан Қарин. Құрылтай өткен күні ол лауазымынан босатылды. Көпшілік бұл шешімді жанама саяси белгі ретінде қабылдады: мемлекеттік кеңесшінің идеологиялық, саяси және үйлестіруші функциялары болашақ вице-президенттің рөліне табиғи түрде сәйкес келеді.

Кандидаттардың қатарында салмағы басым, биліктің жоғарғы эшелондарында жұмыс тәжірибесі бар саясаткер Маулен Әшімбаев та бар. Егер парламент реформаланып, оның атауы Құрылтай болып өзгерсе, Әшімбаевтың саяси құрылымдағы рөлі қайта қаралуы мүмкін.

Тағы бір үміткер – Аида Балаева. Ол президент командасындағы негізгі басқарушылардың бірі саналады және ішкі саясатқа, әлеуметтік салаға және қоғамдық коммуникацияларға жауап береді.

Сонымен қатар сарапшылар мен саясаттанушылар вице-президенттікке үміткерлер қатарында Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайды да атайды. Ол – негізгі саяси үдерістерді үйлестіруге және президент жұмысына тікелей араласатын, аппараттық ықпалы жоғары тұлға.

Бұл тізімде сондай-ақ Ерлан Қошанов пен Жеңіс Қасымбек те бар. Олар атқарушы билікте де, саяси вертикальда да тәжірибесі бар басқарушылар ретінде танымал.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордадағы соңғы Ұлттық құрылтай қалай өтті?

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🤮2
Тоқаев реформалары жаңа кезеңге аяқ басты - мәжіліс спикері

Ерлан Қошанов қазіргі Ұлттық құрылтайды тарихи оқиға әрі ел үшін маңызды белес деуге болатынын айтты.

Оның сөзінше, кейінгі жылдары Құрылтай президенттің тікелей қатысуымен мемлекеттің дамуына қатысты түйінді мәселелер талқыланатын және Қазақстанның болашағына әсер ететін шешімдер ізделетін алаңға айналды. Мәжіліс спикері Құрылтай форматы ашық диалогқа негізделгенін, ал жиындардың әр өңірде өтуі жалпыұлттық күн тәртібіне тек астананы ғана емес, аймақтарды да тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ол президент үшін қоғаммен диалог негізгі қағидаттардың бірі болып қала беретінін айтып, мемлекет басшысының алғашқы қадамдарының бірі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болғанын еске салды. Қошанов сондай-ақ бесінші, қорытынды Құрылтайда президент қоғамдық диалогты конституциялық деңгейге шығаруды ұсынғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл жерде Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының орнына Халық кеңесін құру көзделіп отыр.

Қошановтың мәлімдеуінше, аталған орган азаматтардың мүддесін білдіру мен қорғаудың салмақты тетігіне айналып, түпкі мақсатта елдегі тұрақтылықты нығайтуы тиіс.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥱2