Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ-тың үш жақты кездесуі өтетін болды
Мән-жай
Алдағы бірнеше сағат ішінде Ресей делегациясы АҚШ-тың қатысуымен Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Абу-Дабиге ұшып барады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Бұған дейін президент Владимир Путин Мәскеуде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен кездескен болатын.
«Бүгін, яғни жұма күні, 23 қаңтарда Абу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері бойынша үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтетіні жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», – деді Ушаков.
Бұған дейін Давоста Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ басшысы Дональд Трамп кездескен болатын. Сол уақытта Абу-Дабиде үш жақты кездесу болатыны жөнінде айтылған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
Баталов "Атамекеннен" кетіп, орнына Шарлапаев тағайындалды
Райымбек Баталов "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығынан кетіп, орнына Қанат Шарлапаев тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» президиумының жаңа төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды.
2022 жылдан бері ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Райымбек Баталов "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығынан кетіп, орнына Қанат Шарлапаев тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» президиумының жаңа төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды.
2022 жылдан бері ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎4🤮2😡1
Қарағандыда Серік Сәпиев соққыға жығылған
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растады.
Оқиға 21 қаңтар күні кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Желідегі деректерге сәйкес, Сәпиевке дене жарақатын салған күдікті ретінде оның орынбасары Дәурен Есімханов аталады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.
- 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған, – дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

🤣7❤3
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды
Инфляция 2025 жылдың қорытындысы бойынша 12,3% болып, Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келді. Инфляцияның қалыптасуына азық-түлік компоненті (13,5%) көп үлес қосты. Оның құрылымында ет пен май бағасының шарықтауы өндіріс шығындарының өсуіне және жоғары экспорттық жеткізілімдерге негізделген. Азық-түлікке жатпайтын инфляция соңғы айларда айырбастау бағамының нығаюына байланысты біршама төмендеді (11,1%), ал реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің әкімшілік шараларға байланысты төмендеуі салдарынан ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны баяулады (12,0% дейін).
АЙЛЫҚ ИНФЛЯЦИЯ
2025 жылғы желтоқсанда айлық инфляция біршама жеделдеп, 0,9% болды. Базалық инфляция 0,8% деңгейінде – жоғары қалпында қалды.
Инфляция бұрынғыша ұсыныс мүмкіндігінен асып түсетін орнықты ішкі сұраныс жағдайында қалыптасып отыр. Тарифтік реформаның және ЖЖМ нарығын ырықтандырудың қайталама әсері күтулер мен бағаларға әсер етті.
Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері өсіп (14,7%), құбылмалы күйінде қалды. Инфляция бойынша нарықтағы кәсіби қатысушылардың 2026 жылға жасаған күтулері де 10,8%-ға дейін біршама өсті.

👍2
Қарапайым дәрігердің жалақысы қанша немесе Қазақстанда МӘМС реформасы кімге тиімді
Үкіметтің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарауына беру туралы шешімі ешкімді таңғалдырған жоқ. Бұған себеп – триллиондаған теңге айналатын МӘМС қоры төңірегінде айтылған «жаппай заңбұзушылықтар», «өрескел қолдан жасалған деректер» туралы ауыр айыптаулар болды. Бұл мәселеге байланысты пікір білдіргендер көп. Осы орайда Ulysmedia.kz қарапайым медицина қызметкерлерінің көзқарасын білуге тырысты. Олар қорды Қаржы министрлігінің басқаруына беруге қалай қарайды?
Қаржыландырудағы жаңа бағыт
2026 жылдың қаңтар айының ортасында Қазақстанның ақпарат кеңістігі жұртты есеңгіреткен сандармен дүр сілкінді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігінің талдауына сүйене отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын (ӘМСҚ) тексеру нәтижелерін жариялады.
Есепке сәйкес, тексеру барысында қаражатты мақсатсыз пайдалану мен ашық ұрлау сипатындағы жүйелі схемалар анықталған. Ең резонансты мысалдардың қатарында:
– Астанадағы жеке клиниканың бір дәрігері бір күнде 1442 науқасты қабылдады деп көрсетілген;
– оның әріптесі бір айда 4832 пациентті қабылдаған.
Аудиторлар сондай-ақ қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсетілген мыңдаған жағдайды анықтаған. Оның ішінде екі жарым жыл бұрын көз жұмған адамды дәрігердің қабылдағаны туралы фактілер де бар.
Бұдан бөлек, есепте «жынысына сай емес скринингтер» жеке көрсетілген: 770 мыңға жуық ер адам жатыр мойны обырына тексеруден өткен, бұдан бөлек ер адамдарға жүздеген маммография жасалған.

🤔4👏1😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇦 Украина президенті Владимир Зеленский Швейцарияның Давос қаласында өткен Әлемдік экономикалық форумда сөйлеп, Еуропаның әрекетсіздігін сынға алды.
Ол Ресей мұнайына қатысты қатаң шаралар қабылдауға үндеді.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ол Ресей мұнайына қатысты қатаң шаралар қабылдауға үндеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🤮2❤1🔥1
ULYSMEDIA.KZ
Қарағандыда Серік Сәпиев соққыға жығылған Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растады. Оқиға 21 қаңтар күні кешкі уақытта қаладағы Бұқар жырау даңғылы бойында болған. Желідегі деректерге сәйкес…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣7😁2💩1👀1
Бишімбаевтың бақылауы мен опасыздығы: Назым Қахарман бұрынғы өмірі туралы ашып айтты
Сырт көзге мінсіз көрінген отбасының ішінде ауыр күйзеліс пен жалғыздық болған. Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман экс-министрмен бірге өткізген өмірінің шынайы бейнесін әлеуметтік желіде баяндады.
Әдемі көрініс пен ащы шындық
Өткен өміріне қатысты естеліктерімен Назым Қахарман Instagram парақшасында бөлісті.
- Мальдивтен бастайын, – деп жазады ол.
2016 жылдың қаңтары. Жаңа жылдан кейін олар Қуандық Бишімбаевпен және отбасылық достарымен Мальдив аралдарына демалысқа кеткен. Сырттай бәрі әдемі болғанымен, Назым үшін бұл сапар жанжалға толы өткен.
Оның айтуынша, дәл бір жыл бұрын күйеуінің опасыздығын білген.
- 2015 жылы оның басқа әйелмен байланысы барын білдім. Соған қарамастан отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Екеуіміз де жұмыс істейміз деп ойладым. Бірақ іс жүзінде бәрін жалғыз мен жасадым. Кешіруге, ұмытуға, қарым-қатынасты сақтауға тырыстым. Өз-өзіме сенім жоғалды. Ал ол сол демалыс бойы әлгі әйелмен байланысын үзбеді, – деп жазады Қахарман.
Бір жылдан кейін, тергеу кезінде күйеуінің хат алмасуларын оқығанда, ол шындықтың толық бетін ашқан. Назым Бишімбаевтың Анар есімді әйелмен жазысқан хабарламаларының скриншоттарын да жариялады.
- Екі жақта өмір сүрді. Көпшілікке – сүйікті жар. Ал шын мәнінде… Бұл жазбамен тек опасыздарды емес, сол әйелдерді де ойландырғым келеді. Мұның соңы неге апарады? Егер Қуандық сол кезде өз-өзіне адал жауап бергенде, бәлкім, біз отбасын сақтамас едік. Ол адам өлтірмес еді, жанын жоғалтпас еді. Оның 2026 жылы мүлде басқа болар еді. Бұл — сыни ойлаудың қаншалық маңызды екенін көрсетеді, – деп жазды ол.

Судья Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланды Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты Әсел Досаеваға 786 400 теңге көлемінде айыппұл салды. АЛКОГОЛЬ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ ӨТКЕН ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ Соттың анықтауынша, 2025…
Мас күйінде көлік айдап ұсталған судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі Ulysmedia.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді.
ПІКІР
Жоғары сот кеңесінің хабарлауынша, шешім 2026 жылғы 22 қаңтарда қабылданған.
— Жоғары сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы шешімімен Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Досаева А.К. судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оған судья лауазымынан босату түріндегі жаза қолданылды, — делінген кеңестің жауабында.
НЕ ҮШІН ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ?
2025 жылдың қараша айында Әсел Досаева Астанада мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ұсталған. Медициналық сараптама оның ағзасында алкоголь барын растаған. Сонымен қатар тексеру барысында судьяның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталған.
Көлік айып тұрағына қойылғанымен, сол сәтте судьяны жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған. Себебі оған судьялық иммунитет қолданылған.
Әкімшілік істі бастау үшін Бас прокуратура мемлекет басшысына жүгінуге мәжбүр болды. Иммунитет алынғаннан кейін ғана іс сотқа жолданды.
Нәтижесінде Әсел Досаева:
алкогольдік мас күйінде көлік басқарғаны,
жарамды жүргізуші куәлігі болмағаны үшін кінәлі деп танылып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл — 786 400 теңге.
Әкімшілік қамау жазасы қолданылған жоқ. Себебі заңға сәйкес 14 жасқа толмаған баласы бар әйелдерге қамау түріндегі жаза тағайындалмайды.

❤2
ULYSMEDIA.KZ
Нұрайдың өлімінен кейінгі ауыс-түйіс: Әр қанды оқиғадан кейінгі отставка полициядағы мәселені шеше ме? 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Шымкент полиция департаментінің бүкіл басшылығы қызметінен босатылды. Ішкі істер министрлігі «салғырттық» дерегі…
«Некеге тұруға мәжбүрлеу». Нұрайдың өліміне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу аясында тағы бір қылмыстық іс қозғалды.
Мән-жай
Қылмыстық іс 125-баптың 1-бөлігі «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бойынша қозғалған. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров әлеуметтік желілерде хабарлады.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі Шымкент қалалық полиция департаменті қызметкерлерінің үстінен«салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Сонымен қатар полиция департаментінің бүкіл басшылығы қызметінен босатылған.
Бұған дейін, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрайдың өліміне байланысты пікір білдіріп, ішкі істер министріне Шымкент полициясының әрекетіне құқықтық баға беруге тапсырма бергенін айтты.
Контекст
11 қаңтарда Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы аяусыз пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткені жөнінде ақпарат тарады. Кейіннен қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

❤1
Халықтың табысы мен жалақысы төмендеп жатыр: Сүлейменов себебін түсіндірді
Қазақстанда халықтың нақты табысы да, жалақысы да төмендей бастаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге арналған брифингте мәлімдеді.
Ұлттық банк басшысы халық табысы 10 пайызға құлдырады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
— Нақты табыс 10 пайызға азайған жоқ. Ресми статистикаға сәйкес, халықтың нақты табысы 1,5–2 пайыз шамасында азайған. Бұл, әрине, алаңдатпай қоймайды. Бірақ бұл 10 пайыз емес, — деді Тимур Сүлейменов.
ЕКІ ФАКТОР
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, халық табысын бағалағанда екі негізгі фактор ескерілуі тиіс. Оның бірі — жалақының өзі қалай өзгеріп жатқаны, екіншісі — ақшаның сатып алу қабілеті.
— Мысалы, 2022 жылы 300 мың теңге жалақы алған болсаңыз, ол кез мүлде басқа. Ал 2026 жылы сол сома инфляция салдарынан әлдеқайда аз. Ақшаның инфляция жоғары болғандықтан құнсызданып жатыр, — деді ол.
Осы себепті Ұлттық банктің басты міндеті — инфляцияны тежеу екенін атап өтті.
— Біз инфляцияны төмендетпесек, жалақы да, табыс та, зейнетақы да өте жылдам құнсызданады. Баға мен тарифтердің өсуі табыстың артуынан озып кетеді. Сондықтан экономикалық әрі әлеуметтік саясаттың барлығы инфляциямен күреске бағытталуы тиіс. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтқан, — деді Сүлейменов.

🤬3😡2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада мәслихат депутаты баяндаманы қазақша жасауды талап етті
Астанада өткен мәслихат отырысында қала мәслихатының бюджет және экономика мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Кендебай Адамбек мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты пікір білдірді.
Кендебай Адамбек мәслихат отырысында баяндамашылардан қазақша есеп беруін сұрады.
- Құрметті сөйлеушілер, 99,9 пайыз өз ұлтымыз отыр. Біріншіден, мемлекеттік тілдің үстемдігі. Баяндайсыздар ма, мемлекеттік тілде баяндаңыздар. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 34 жыл болды ғой. Баяғыда кеңес үкіметі 20 жылда қазақты орысшаға сөйлетіп тастады, – дейді комиссия төрағасы.
Айта кетейік, мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының ағымдағы жылдағы бірінші отырысы өткен. Күн тәртібінде бір сұрақ: Астана қаласы әкімшілігінің ведомстволық мекемелерінің тиімділігін арттыру, иесіз нысандарды қабылдау жағдайы және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру болған.
Негізгі баяндаманы 2 басқарма басшысы, жасап, қосымша сөзбен 6 ведомстволық мекеменің жетекшілері депутаттардың алдына шықты.

👍27
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев Трампқа не деді Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамп не туралы сөйлескенін айтты. Желдібайдың сөзінше, бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің…
Неліктен Трамптың Board of Peace құрылымы директорлар кеңесін еске салады?
“Бейбітшілік кеңесінің құрылымы директорлар кеңесіне ұқсайды” деп жатқандар көп. Шынында көпшілік неге олай ойлады екен? Әлде біз салтанатты жиындарда жасалатын баяндамалар мен сансыз меморандумдарсыз келісім болмайды деп, басқа форматты қабылдай алмай отырған жоқпыз ба? Менің ойымша, БҰҰ өз позициясын жоғалтуда. Оны реформалау туралы бірнеше жылдан бері айтылып жүр. Тіпті «келісімге келгендей» көрінген аймақтардың өзінде қайтадан қарулы қақтығыс оты тұтанып жатады. Мұндай беймаза шақта тығырықтан шығуға бағытталған кез келген әрекет назар аударуға тұрады. Ал егер Дональд Трамп ұсынған Бейбітшілік кеңесі шынымен де жаһандық бейбітшілікке қол жеткізе алса ше?
Трамп нені көздеді?
Идеяның да, оны іске асырудың да күтпеген жерден пайда болғаны рас. Алайда оның авторы – рәсімдерге уақыт жоғалтуды ұнатпайтын Трамп екенін ұмытпайық. Өйткені ол кәсіпкер, сондықтан өз идеясына сенеді, пайдасын көреді, демек, әрекет етеді. Иә, ұсынылған формат тосын болды, тіпті атауының өзі саясаттанушыларды алғашында абдыратып тастады. Үйреншікті council емес, Board of Peace. Дегенмен мұнда белгілі бір логика бар. Board — бұл шексіз пікірталас алаңы емес, шешім қабылдайтын кеңістік. Төраға сайланбайды, тұрақты.
Ықпалға келсек, кім қанша ресурс бөлсе, соның ықпалы да басым. Жарғысы халықаралық келісімнен гөрі бизнес-құжатқа көбірек ұқсайды, ал Кеңестің өзі келіссөз жүргізетін органнан гөрі жобаларды басқаратын құрылым тәрізді. Мұның барлығының артында Трамп тұр. Ал ол «алаңдаушылық білдіреміз» деген мәлімдемелермен шектелетін адам емес, оған нақтылық пен әрекет керек. Бүгінгі әлем дәл соған мұқтаж.

🤔4
ULYSMEDIA.KZ
Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жыққан: жанжалдың видеосы тарады 📱 Ұлысқа жазылыңыз
Мәселе жабық - Сәпиев желіде тараған видео туралы
21 қаңтар күні Қарағандыдағы спорт мекемесінің аумағында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасында сөз таласы туындап, кейін төбелеске ұласқаны хабарланған еді. Олимпиада чемпионы әлеуметтік желіде үн қатты.
СӘПИЕВТІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Бүгін Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға қатысты пікір білдірді:
"Мен мемлекеттік қызметкермін және өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызмет этикасын сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім рингтен тыс жерде күш қолданбауды үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы білемін, барлық іс-әрекетім үшін жауапкершілікті сезінемін. Сол себепті арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толықтай жабық," – деп жазды ол.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
21 қаңтар күні Қарағандыдағы спорт мекемесінің аумағында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасында сөз таласы туындап, кейін төбелеске ұласқаны хабарланған еді. Олимпиада чемпионы әлеуметтік желіде үн қатты.
СӘПИЕВТІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Бүгін Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға қатысты пікір білдірді:
"Мен мемлекеттік қызметкермін және өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызмет этикасын сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім рингтен тыс жерде күш қолданбауды үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы білемін, барлық іс-әрекетім үшін жауапкершілікті сезінемін. Сол себепті арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толықтай жабық," – деп жазды ол.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣4
Донецкте дрондар төрт адамның өмірін қиды
23 қаңтар түні Ресейдің дрон шабуылдары салдарынан Донецк облысында төрт адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды. Кривой Рог қаласында да соққылар бір тәулікке жуық жалғасып, жеті адам ауруханаға жеткізілді.
РЕСЕЙДІҢ ЖАППАЙ ДРОН ҚОЛДАНУЫ
Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметінше, Ресей бұл түні Украинаға қарсы 101 дрон жіберген. Олардың 76-сы атып түсірілген немесе басып тасталған, ал 19 дрон 12 түрлі нысанға соққы жасаған.
Донецк облысында Краматорск ауданына қарасты Черкасское елді мекеніндегі жеке үйлерге дрондар тиген. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, соққы салдарынан 32 жастағы ер адам мен оның 5 жасар ұлы, сондай-ақ екі көршісі қаза тапқан. Жарақат алғандар арасында қаза болған баланың анасы, 34 жастағы жергілікті тұрғын және 12, 14, 16 жастағы үш жасөспірім бар.
Кривой Рог қаласына 70-тен астам дрон және "Искандер-М" баллистикалық зымыраны бағытталғанын қала қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Вилкул мәлімдеді. Нәтижесінде жеті адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген: төртеуі ересек, жағдайы орташа ауырлықта, ал үшеуі балалар.

😡1
Жаңалықтар дайджесті: 22 қаңтарға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Украинадағы соғыста 165 мыңнан астам ресейлік қаза тапты
- 21 мың теңгеден 200 мыңға дейін: Қазақстанда айыппұлдар өсті
- АҚШ Иранды мұқият бақылап отыр
- Қазақстанда қайтарымсыз билеттерді алып тастау ұсынылды
- Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге шектеу қойылмақ
- TikTok желісі енді АҚШ бақылауында болады
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Украинадағы соғыста 165 мыңнан астам ресейлік қаза тапты
- 21 мың теңгеден 200 мыңға дейін: Қазақстанда айыппұлдар өсті
- АҚШ Иранды мұқият бақылап отыр
- Қазақстанда қайтарымсыз билеттерді алып тастау ұсынылды
- Қазақстанда балаларға әлеуметтік желіге шектеу қойылмақ
- TikTok желісі енді АҚШ бақылауында болады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда №1 қалалық перзентхана неге бұзылды
Алматыда №1 қалалық перзентхананың жаңа ғимаратының құрылысы басталды. 1938 жылы салынған ескі ғимарат толықтай бұзылды. Бұл шешім ғимараттың техникалық және сейсмикалық тұрғыдан жарамсыз деп танылуына байланысты қабылданған.
Әкімдіктің мәліметінше, жүргізілген техникалық тексеру нәтижесінде ғимараттың тірек құрылымдары мен инженерлік желілерінің 100 пайыз тозғаны анықталған. Өрт қауіпсіздігі, желдету, гидрооқшаулау жүйелері қазіргі талаптарға сай келмеген, сондай-ақ науқастарды тасымалдауға арналған жедел саты болмаған.
Сонымен қатар нысан тектоникалық жарылым аймағында орналасса да, ғимаратта бірде-бір рет сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілмеген. ҚазҚСҒЗИ қорытындысына сәйкес, перзентхана ғимараты сейсмикалық нормаларға сәйкес келмеген.
Құрылымдық тозумен қатар, ғимарат медициналық көмек көрсету стандарттарына да сай болмаған. Атап айтқанда, қабылдау бөлімінде шұғыл ота жасайтын зал қарастырылмаған, пациенттерді triage жүйесімен қабылдау мүмкіндігі болмаған, операциялық блок пен реанимацияда инфекциялық бақылауға арналған арнайы үй-жайлар жоқ болған.
Іргетасты күшейту мүмкін болмағандықтан, ал күрделі жөндеу мен ғимаратты ұстау экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылған соң, ескі нысанды сүріп, оның орнына жаңа перзентхана салу туралы шешім қабылданды.

Балаларға Ұлттық қордан 130 доллар төленеді
2025 жылға арналған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша төлем мөлшерін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов жариялады.
Үшінші төлем 2026 жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей жүргізіледі. Дәл нақты сома әзірге белгіленбегенімен, Сүлейменовтің айтуынша, балалар өткен жылғыдай шамамен 130 АҚШ долларын (65 мың теңгеден астам) алады.
Бұл төлемді 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін 18 жасқа толмаған Қазақстан азаматтары алады.
ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ ТАБЫСТАРЫ
Сүлейменовтің мәліметінше, 2025 жылы Ұлттық қорды басқарудан түскен табыс 8,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл – жылдық есепте 15 пайыздық өсім.
"Бұл көрсеткіштер – рекордтық деңгей. Ұлттық қор тарихында мұндай табыс бұрын-соңды болмаған. Сондықтан ол ірі трансферттер мен қордан алынған қаражаттарға қарамастан өсім көрсетті," – деді ол брифингте.
2024 жылы балаларға 100,52 АҚШ доллары аударылса, 2025 жылы бұл сома 129,38 АҚШ долларын құрады. Жыл сайынғы төлем мөлшері Ұлттық қордың валюталық активтер көлеміне және инвестициялық табысына тікелей байланысты.

👍2🤮2❤🔥1
Барселонадан лауазымдық өкілетін теріс пайдаланған қазақстандық экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады.
Ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деген күдікке ілінді. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.
Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
– Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлады Бас прокуратура.

👍3🤔1
17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen-дегі алғашқы матчында жеңіске жетті
17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Заңғар жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген. Қазақстандық теннисші сонымен қатар ATP рейтингісінде 1 782-орында келеді.
Ол бастапқы кездесуін жасөспірімдер рейтингісінде 42-сатыдағы таиландтық Кунанан Пантараторнмен өткізді. Заңғар қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды.
Жасөспірімдер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан сондай-ақ Даниэль Тазабеков пен Дәмир Жалғасбай бақ сынайды.
Даниэль Тазабеков бүгін швейцариялық Флинн Томаспен ойнайды. Дәмир Жалғасбай ертең Польша өкілі Александр Блашпен кортқа шығады.

❤8👍2