ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen-дегі алғашқы матчында жеңіске жетті

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Заңғар жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген. Қазақстандық теннисші сонымен қатар ATP рейтингісінде 1 782-орында келеді.

Ол бастапқы кездесуін жасөспірімдер рейтингісінде 42-сатыдағы таиландтық Кунанан Пантараторнмен өткізді. Заңғар қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, 1/16 финалға жолдама алды.

Жасөспірімдер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан сондай-ақ Даниэль Тазабеков пен Дәмир Жалғасбай бақ сынайды.

Даниэль Тазабеков бүгін швейцариялық Флинн Томаспен ойнайды. Дәмир Жалғасбай ертең Польша өкілі Александр Блашпен кортқа шығады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍2
Италия қазақстандықтардың визаға өтінішін уақытша қабылдамайды

Италия елшілігі жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Соған байланысты визалық анкеталарды өңдейтін жүйе 2026 жылғы 12-18 ақпан аралығында жұмыс істемейді. Осы кезеңде құжат тапсыру және стандартты рәсімді бастау мүмкін болмайды, өтініш берушілерге жүйе жұмысы қайта жанданғанша күтуге тура келеді.

ҚАШАН ӨТІНІШ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

"Күту терезесіне" тап болмас үшін құжат қабылдаудың соңғы күндері белгілі болды
Астанада құжаттар 11 ақпанға дейін (қоса алғанда) VFS Global визалық орталығында қабылданады (Kaskad бизнес-орталығы, Қабанбай батыр даңғылы 6/1, 111-кеңсе, 11-қабат).

Атырау, Алматы, Шымкент және Өскеменде өтініштерді 6 ақпанға дейін (қоса алғанда) VFS Global орталықтары арқылы тапсыруға болады.

Құжаттарды қабылдау мен өңдеу 18 ақпаннан бастап қалыпты режимде қайта жалғасады деп жоспарланып отыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті де бірқатар елдердің азаматтары үшін иммиграциялық визаларға өтініштерді өңдеуді уақытша тоқтатқаны хабарланған. Ол елдердің қатарында Қазақстан да аталған еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2
Ресей Украинаға соққы жасады: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Ресей әскері 24 қаңтарға қараған түні Киев пен Харьков қалаларына шабуыл жасады. Әуе соққылары Абу-Дабиде келіссөздер жүріп жатқан уақытта жасалған.

Киевте қала әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченконың айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жұмыс істеген. Соққы тиген аудандардың бірінде өрт шыққан. Украина әскері мен жергілікті БАҚ түн ортасынан кейін жойқын атқылау болғанын хабарлады. Алдын ала деректер бойынша, кемінде бір адам қаза тауып, төрт адам жараланған.

Харьков қаласы да түнде жаппай әуе соққысына ұшырады. РБК-Украина мәліметінше, кемінде 11 адам зардап шеккен. Бірнеше аурухана мен тұрғын үйлер бүлінген. Қала әкімі Игорь Терехов адамдардың үйінді астында қалуы мүмкін екенін айтқан.

ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕДІ

Украина президенті Владимир Зеленский шабуыл кезінде 370-тен астам дрон және 21 зымыран қолданылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі нысаналардың бірі – энергетикалық инфрақұрылым болған.
Киев пен Киев облысынан бөлек, соққыға Сумы, Харьков және Чернигов облыстары да ұшыраған. Зеленскийдің сөзінше, Харьковте перзентхана, қоныс аударғандарға арналған жатақхана, медициналық колледж және тұрғын үйлер зақымданған. Ол жараланғандардың арасында бала да бар екенін айтты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬6😡2🔥1
Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада 4-орын алды

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыс басталды.

Аталған бағдарламада Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников ел намысын қорғап жатыр.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров төрешілердің шешімімен 90,55 ұпай жинап, аралық есепте төртінші орынға тұрақтады. Диас Жиренбаев 63,90 ұпаймен 19-орынды, ал Олег Мельников 58,96 ұпаймен 21-орынды иеленді.

Үш қазақстандық спортшы да еркін бағдарламаға жолдама алды. Ол үшін үздік 24 спортшының қатарына ену қажет болды.

Жарыста жапониялық Као Миура 98,59 ұпаймен көш бастады. Одан кейін Кадзуки Томоно (Жапония) - 97,19 ұпаймен екінші орынға шықса, Сота Ямамото (Жапония) - 94,68 ұпаймен үшінші орынға орналасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді. Михаил Шайдоров бұл турнирде чемпион мәртебесімен өнер көрсетіп жатыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Кәсіппен айналыспауға және партия мүшесі болмауға тиіс: вице-президентке қойылатын талаптар қандай

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елімізде енгізілетін жаңа институт – вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістер туралы айтып берді.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында президент көмекшісі жаңа Ата заңға мынадай негізгі қағидаларды енгізуді ұсынды:

Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен (жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен) президент тағайындайды. Бұл тәсіл ҚР премьер-министрін тағайындау рәсіміне сәйкес келеді.
Вице-президентті қызметінен президент босататын болады.

Сонымен бірге, Конституцияда вице-президенттің өкілеттіктеріне қатысты мынадай негізгі қағидаларды көрсету ұсынылды:

Вице-Президент:

Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;

Құрылтаймен, үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында президенттің атынан өкілдік етеді.

Сонымен бірге, вице-президент Қазақстан Республикасы президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.

Вице-президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде вице-президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс. Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
Құрылтай депутаттары қандай тәсілмен сайланады

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Құрылтай депутаттарын сайлауда қандай тәсіл қолданылатынын нақтылады.

– Құрылтай депутаттарын сайлау жүйесі туралы айтсақ, жұмыс тобы толығымен пропорционалды тәсілге көшуді бірауыздан қолдады. Бұл – мемлекет басшысы былтырғы қыркүйектегі жолдауында көтерген бастама. Сол кезде президент: "Егер бір палаталы парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын. Бұл – әлемде кеңінен таралған парламенттік рәсім" деген болатын. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың кадрлық саясатын дамытып, институционалдық рөлін арттыра түседі, – деді Ерлан Қарин.

Оның пайымдауынша, бұл тәсіл саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін де күшейтеді.

– Құрылтай депутаттарының өкілеттілік мерзімі туралы айтсақ, мемлекет басшысы бұған қатысты ұстанымын Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен отырысында айтты. Ол "Жаңа парламентте депутаттарды бес жыл мерзімге сайлау көзделіп отыр» деп нақты атап өтті. Жұмыс тобы да осы пайымға тоқтады. Бұл мерзім болашақ Құрылтай құрамын жаңартып отыру тұрғысынан тиімді, яғни сайлау науқандарының жиілігі жағынан алғанда қолайлы болмақ, – деді Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Қазақстанны бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымында чехиялық Тереза Валентованы (54-орын) жеңді

Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, Australian Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 21-орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі. Бұған дейін Мертенс чехиялық Никола Бартункованы (126-орын) 6:0, 6:4 есебімен жеңген еді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина алғашқы айналымда словениялық Кайя Юванды (100-орын) 6:4, 6:3, ал екінші айналымда Франция өкілі Варвара Грачеваны (77-орын) 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Еске салайық, биыл Australian Open турнирінің жүлде қоры – 74,9 млн доллар. Турнир жеңімпазы 2 793 365 доллар табыс тауып, сондай-ақ 2000 рейтинг ұпайына ие болады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥱3👎2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Жетісу облысы Ақсу ауданында "Көшкентал — Қапал" автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында. Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢4❤1👏1😡1
Надежда Морозова конькимен жүгіруден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді.

Отандасымыз 3000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Морозова 4:09,19 секундта мәреге жетіп, төртінші орынды иеленді.

Норвегиялық Рагне Виклунд 3:54,74 секунд уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Нидерланд спортшысы Джой Бьюн (3:56.96) еншілесе, қола медаль канадалық Валери Мальтеға (3:59.92) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Инцелльдегі жарыста 500 метр қашықтықта қазақстандық Евгений Кошкин де төртінші орын алған болатын.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1
Путин мен Зеленскийдің кездесуі жақын арада өтуі мүмкін – БАҚ

Абу-Дабиде өткен АҚШ, Ресей және Украина арасындағы келіссөздер айтарлықтай ілгерілеу әкеліп, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің жеке кездесуін жақындатуы мүмкін. Бұл туралы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасаған Axios жазды.

Басылым дерегінше, екі күнге созылған келіссөздер "жемісті" өткен. Кездесулер барысында америкалық делегация өкілдері, оның ішінде Джаред Кушнер мен арнайы өкіл Стив Уиткофф, ресейлік-украиналық топ жұмыс істеген бөлмелер арасында жүріп, диалогтың бір арнада сақталуына көмектескен.

Axios дереккөздерінің айтуынша, тараптар ең күрделі тақырыптардың барлығын талқылаған – Донбассқа қатысты Ресейдің аумақтық талаптарынан бастап Запорожье АЭС төңірегіндегі дауларға дейін. Сонымен қатар соғыстың шын мәнінде аяқталғанын және қайта басталмайтынын көрсетуге тиіс өзара деэскалация қадамдары да жеке қаралған.

Порталдың жазуынша, екінші күннің соңында үш делегация бірлескен түскі асқа да жиналған. 

Келесі раунд қайтадан Абу-Дабиде өтуі мүмкін. Америкалық дереккөздер Абу-Дабидегі келіссөздерді келесі кезеңге өту жолындағы маңызды қадам деп атап, тараптар Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға "өте жақын" екенін айтады. Олардың сөзінше, егер келесі раундта ілгерілеу жалғасса, одан кейін кездесулерді тараптардың бірінің аумағында — Мәскеу немесе Киевте өткізу мәселесі талқылануы мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
18 жастағы Әмір Омарханов Испаниядағы ITF турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан теннисінің жас жұлдыздарының бірі 18 жастағы Әмір Омарханов 24 қаңтар күні Испанияның Манакор қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Омарханов жұптық сын бойынша финалында америкалық Гэвин Янгпен бірге өнер көрсетті. Олар шешуші матчта Тай Хост (Аустралия) пен Егор Плешивцев (Ресей) жұбын 5:7, 6:3, 10:8 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Қазақстан-америкалық дуэт турнирде үшінші нөмірмен өнер көрсетіп, жеңіске жетеді деген негізі үміткерлердің бірі болған еді.

Омарханов пен Янг турнир кезінде испаниялық Уго Гарсия Гомес / Карлес Рохас жұбын (6:1, 6:4), сондай-ақ Мотохару Абэ (Жапония) / Андрес Флорес Авила (Мексика) дуэтін (5:7, 6:2, 10:7) және Джо Лизер / Маркус Уолтерс (екеуі де – Ұлыбритания) жұбын (6:2, 6:3) жеңді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍4🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өскемен гарнизонында мерзімді әскери қызметші қаза тапты

23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды.

Марқұм 2025 жылғы сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

АРНАЙЫ КОМИССИЯ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес, оқиғаның барлық мән-жайын объективті әрі жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢3😡3❤1
Ауғанстанда қалың қар салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты

Khaama Press агенттігінің мәліметінше, елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармасы тағы шамамен 110 адамның жарақат алғанын хабарлаған.

ЕҢ КӨП ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАР

21-23 қаңтар аралығында жауған қалың қар мен нөсер жаңбыр әсіресе инфрақұрылымы табиғи апаттарға төтеп беруге әлсіз ауылдық және таулы өңірлерге ауыр соққы болды. Ведомство дерегіне сәйкес, 458 үй толық немесе жартылай қираған. Жолдарда қар құрсауы пайда болып, негізгі тасжолдар уақытша жабылды.

Синоптиктер кей өңірлерде қар әлі де жаууы мүмкін екенін ескертті. Билік өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер санының артуы ықтимал екенін жоққа шығармайды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
"Полиция президенттің тапсырмасын елемей отыр" – депутат Нұрайдың өлімінен кейін тараған видео туралы

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Нұрай Серікбайдың қаза болғаннан кейін интернетте тараған видеосына қатысты пікір білдірді. Кадрларда қыз өз еркімен жас жігітпен бірге кеткенін айтқан. Бұл видеоны полиция қызметкерлері оның тірі кезінде, өздеріне жүгінген сәтте түсірілген.

МӘН-ЖАЙ

Әбенов видеоны жариялауды "президенттің тапсырмасын әдейі орындамау" деп атап, полицияны қылмыстық іс материалдарының сыртқа шығуына жол берді деп айыптады.

– Полиция қызметкерлері үш ай бұрын түсірілген видеоны таратып отыр. Үрейдегі күйдегі қыз қылмыскерді ақтап сөйлеп тұр. Шымкент полициясы президенттің тапсырмасын әдейі орындамай отыр. Олардың біреуі қылмыстық істегі процессуалдық видеоны – дәлел затты әдейі сыртқа шығарып жіберген, – деді депутат.

Нұрай Серікбайдың отбасының адвокаты Сержан Нұрпейісов те видеожазбаның жариялануына қатысты пікір айтты. Оның сөзінше, тергеу құпиясына байланысты көп жайтты ашық айта алмайды, алайда видеоны түсіру жағдайы мен полиция тарапынан болуы мүмкін заңбұзушылықтар бойынша "материал жеткілікті".

Адвокат істі соңына дейін жеткізуге уәде беріп, кейін қоғамға барлық мән-жайды жариялайтынын мәлімдеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6😢2
КТК маңызды айлақ құрылғыларының бірінің жұмысын қалпына келтірді

Каспий құбыр консорциумы Теңіз терминалындағы негізгі нысандардың бірі – ВПУ-3 сыртқа шығарылған айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.

КҚК дерегінше, жоспарлы жұмыстар аясында мамандар су астындағы шлангтар мен құбырларды ауыстырып, кейін гидросынақтар жүргізген. Тексеру аяқталған соң құрылғыға мұнай тиеу үшін танкер қойылған.

Консорциум өкілдері жөндеу жұмыстары күрделі ауа райы мен гидрологиялық жағдайларда жүргізілгенін атап өтті. Қатты суасты ағыстары салдарынан сүңгуірлерге жұмысты бірнеше рет тоқтатуға тура келген. Сондай-ақ ВПУ-2 уақытша пайдаланудан шығарылғаннан кейін жөндеу мерзімдері қайта қаралған. Бұл құрылғы пилотсыз катердің шабуылы салдарынан зақымданған болатын.

Қазіргі уақытта Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары штаттық режимде ВПУ-1 және ВПУ-3 арқылы жалғасып жатыр. КТК мұндай айлақ кешендеріндегі шлангтарды қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін, әдетте, кемінде жылына бір рет ауыстырып отыратынын еске салды.

Бастапқыда ВПУ-3 жөндеуін 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған. Бұл құрылғы Қазақстан мұнайын экспорттау үшін аса маңызды нысан саналады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қазақстан Теңіз кен орнынан 600-700 мың тонна мұнай жеткізудің тоқтатылуына байланысты табыстан қағылуы мүмкін екені хабарланған. Бұған 18 қаңтарда трансформаторда шыққан өрт себеп болған. Апат электрмен жабдықтауда іркіліс туғызып, өндіру жұмыстарының ақпан айына дейін тоқтауына әкелуі мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3💩1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституцияға өзгеріс халыққа не бермек? Вице-президент Тоқаевтың мұрагері ме? Трамп “Тұран” құрмақ па - Ұлыс апта

📹Толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2
Александр Бублик Australian Open ширек финалына шыға алмады

 Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының ширек финалынан шыға алмады.

Қазақстандық теннисші турнирдің төртінші айналымында әлемнің 6-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минормен кездесті.

Қарсыластар осыған дейін 5 рет кездесіп, соның үшеуінде аустралиялық теннисші жеңген еді. Ал былтыр Бублик қарсыласын екі рет жеңді. Бұл жолы Алекс де Минаур қарсыласын ойсырата жеңді – 6:4, 6:1, 6:1.

Алекс де Минор енді жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен шеберлік байқасады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 20-орындағы америкалық Томми Полды ұтты – 7:6 (8:6), 6:4, 7:5.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
FlyArystan рейсі құстармен соқтығысты

2026 жылғы 24 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Алматы – Орал бағыты бойынша FS7167 рейсі ұшақ құстармен соқтығысты.

Ұшақ Орал әуежайына қонған соң, инженерлік-техникалық мамандар Астанадан жіберіліп, ұшақ пен оның компоненттерін толық тексерді. Барлық тексеру аяқталғаннан кейін ұшақ эксплуатацияға рұқсат алып, 25 қаңтарда сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшырылды.

Кешіктірілген рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ беріліп, 33 жолаушыға сұраныс бойынша қонақүйде орналастыру қамтамасыз етілді.

Әуекомпания жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – басты басымдық екенін атап өтті. Барлық шара авиациялық қауіпсіздік пен техникалық эксплуатация талаптарына сай қатаң орындалды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Зеленский Тихановскаямен алғаш рет кездесіп, оны Киевке шақырды

Вильнюсте Владимир Зеленский мен Светлана Тихановскаяның алғашқы ресми кездесуі өтті — тараптар санкциялар мен Лукашенко режимінің жауапкершілігі мәселесін талқылады.

Алғашқы екіжақты кездесу

Украина президенті Владимир Зеленский мен Беларусь демократиялық күштерінің көшбасшысы Светлана Тихановская алғаш рет ресми екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер 25 қаңтар күні кешке Вильнюсте өткенін Тихановская Telegram-арнасында хабарлады. Беларусь саясаткері Зеленскийге демократиялық Беларусьті қолдағаны үшін алғыс айтып, Украинаға жанашырлық танытып, қолдау білдіргені үшін «заңсыз сотталған» беларусь еріктілерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол желтоқсан айында Украинаның беларусь түрмелерінен босатылған саяси тұтқындар тобын қабылдағанына ризашылығын білдірді.

Тараптар санкциялық саясатты және «еуропалық және америкалық серіктестермен бірлесіп Лукашенко мен режимнің сыбайластарының жауапкершілігін қамтамасыз ету стратегиясын» талқылады. Тихановская Украина тарапынан Беларусь бойынша арнайы өкіл тағайындауды ұсынды, ал Зеленский оны Киевке ресми сапармен келуге шақырды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍1🤣1
ULYSMEDIA.KZ
Мәселе жабық - Сәпиев желіде тараған видео туралы 21 қаңтар күні Қарағандыдағы спорт мекемесінің аумағында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасында сөз таласы туындап, кейін төбелеске…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Серік Сәпиев төбелеске байланысты күтпеген мәлімдеме жасады

Сәпиевтің сөзінше, болған оқиға жеке немесе тұрмыстық жанжал емес.

- Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды, – дейді Серік Сәпиев. 

ТЕКСЕРІС

Айта кетейік, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті тарапынан тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар ведомство қызметіне кешенді аудит жасалмақ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1🤔1