ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
ULYSMEDIA.KZ
Сарбаз Барқұловтың өлімі: сотталған экс-командир кассациялық шағым түсірді Сарбаз Марат Барқұловты өлтіргені үшін сотталған бұрынғы командир Дамир Досов сот шешімімен келіспейді және оны қайта қаратуға ниетті. Азамат Сағалдың айтуынша, өңірлік «Батыс» қолбасшылығының…
Сарбаз Барқұловтың өлімі: кассациялық сот соңғы шешімін шығарды

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметші Барқұловтың өліміне қатысты іс кассациялық соттың шешімімен түпкілікті аяқталды.

Адвокат Азамат Сағалдың мәліметінше, сотталған бұрынғы командир Дамир Досовтың кассациялық шағымы қанағаттандырылмаған, ал бұған дейін шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылған.

ОТЫРЫС

Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотының отырысы 27 қаңтарда өтті. Процесс барысында Дамир Досовтың кассациялық шағымы қаралғанымен, сот төменгі сатыдағы инстанциялардың шешімін қайта қарауға негіз таппады.

— Әділдік орнады. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет, — деді адвокат.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.

Сот үкімімен күдікті Дамир Досов қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (қасақана өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
Әйелді аса қатыгездікпен өлтірген атыраулық өмір бойына сотталды

Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Д. есімді азаматты алаяқтық, зорлау, жүкті әйелді аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ ұрлық пен автокөлікті заңсыз иемдену баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот шешімімен жәбірленуші тараптың пайдасына материалдық және моральдық шығын өндіру міндеттелді.

Айыпталушы мен оның қорғаушысы берген апелляциялық шағымды Атырау облыстық соты қарап, бірінші сатыдағы үкімді өзгертуге негіз таппады. Нәтижесінде сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық өтініштер қанағаттандырылған жоқ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
Трамп Оңтүстік Кореяға тарифті көтерді

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореядан келетін тауарларға салынатын кедендік тарифті 15 пайыздан 25 пайызға дейін көтеретінін жариялады. Бұған себеп – ел парламентінің 2025 жылдың шілде айында екі мемлекет арасында жасалған сауда келісімін әлі күнге дейін бекітпеуі.

ТРАМПТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бұл туралы Трамп 26 қаңтар, дүйсенбі күні өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.Трамптың айтуынша, Оңтүстік Корея парламенті «АҚШ-пен жасалған келісімнің шарттарын орындамай отыр».

«Президент Ли Чжэ Мён екеуміз 2025 жылдың 30 шілдесінде екі ел үшін тиімді келісімге қол жеткіздік. 29 қазандағы Кореяға сапарым кезінде бұл шарттарды тағы да растадық. Бірақ неге құжат әлі қабылданбағанын түсінбеймін. «Корей заң шығарушы органы біздің тарихи сауда келісімімізді қабылдамағандықтан, мен Оңтүстік Кореяға қатысты автомобильдерге, ағаш материалдарына, фармацевтикаға және басқа да тауарларға тарифті 15 пайыздан 25 пайызға дейін көтеремін», – деп жазды АҚШ президенті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎3👍1
Қазақстанда тағы бір сарбаз қаза тапты

Жамбыл облысында қарумен жұмыс істеу кезінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, қайғылы жағдай 27 қаңтарда болған. Әскери қызметшінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оны ІІМ-нің әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу ісі Бас прокурордың жеке бақылауына алынды.

Аймаққа Қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы жіберілді. Олар оқиға орнына барып, жағдайдың себептерін анықтауы тиіс.

Сонымен қатар, олардың тапсырмасымен еліміздегі барлық әскери бөлімдерде тексерулер жүргізіледі. Әсіресе әскери тәртіптің сақталуына және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударылады.

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ мерзімді әскери қызметті өткеру жағдайлары жөніндегі мәселелер жақын уақытта Бас прокуратураның арнайы алқа отырысында қаралатын болады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭2❤1😡1
Әсет Матаев үйқамақта қалмайтын болды

Алматы қаласының тергеу соты «ҚазТАГ» агенттігінің директоры Әсет Матаевты үйқамаққа алу туралы өтінішті қанағаттандырмады.

Сот тергеу органының өтінішін қарап, оны қолдамады. Матаевқа қатысты бұрын белгіленген бұлтартпау шарасы, яғни елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат өзгеріссіз қалдырылды.

Бұған дейін Әсет Матаевтың адвокаты Елена Жигаленок үйқамақ қолданылған жағдайда агенттіктің жұмысы едәуір қиындайтынын ескерткен болатын. Алайда сот бұл уәжбен келіспеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

23 қаңтар күні кешке «ҚазТАГ» агенттігінің бас редакторы Амир Қасеновтің Астанада тергеу әрекеттеріне шақырылғаннан кейін ұсталғаны белгілі болды.

Журналист Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның ұсталғанын растады және тергеу жеке компанияның арызы негізінде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Арызда іскерлік беделге нұқсан келтіруі мүмкін жалған ақпараттың бірнеше рет таратылғаны айтылған.

Ұсталғаннан кейін бір тәуліктен соң Амир Қасенов үйқамаққа алынды.

Еске салайық, Әсет Матаев пен Амир Қасенов Freedom Finance компаниясының арызынан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы — «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша айып тағылып отыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2
ULYSMEDIA.KZ
⚡️Светлана Жақыпова министрліктен кетті ЖАРЛЫҚ Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды. Жақыпова министрлікті 2023 жылдың қыркүйегінен бастап…
Цифрландыру мен зейнетақы даулары: Светлана Жақыпова не үшін отставкаға кетті?

Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. Кадрлық шешімнің ресми себептері жарияланған жоқ. Ulysmedia.kz оның осы жауапты қызметте немен есте қалғанын саралап шықты.

Цифрландыру және анықталған заңбұзушылықтар

Жақыпованың тұсында Еңбек министрлігі әлеуметтік қызмет көрсетушілерге ауқымды цифрлық тексеру жүргізді. Ресми деректерге сәйкес:

– тіркелген 1039 жеткізушінің шамамен 800-і ғана нақты жұмыс істеген;
– 500-ге жуық ұйымның лицензиясы болған, ал 300-і талаптарға сай келмеген;
– іс жүзінде қызметті 82 мың адам алған, ал құжат жүзінде бұл көрсеткіш 135 мың деп көрсетілген;
– заңсыз төленген 31 млрд теңге бюджетке қайтарылған.

— Біз бюджетке 31 млрд теңгені қайтардық. Себебі қағаз жүзіндегі есеп пен нақты жағдай екі түрлі болды, — деген еді министр.

Зейнетақы мәселесіндегі пікірталас

2024 жылы министрлік зейнетақы жүйесін өзгертуге қатысты ықтимал нұсқаларды талқылай бастады. Соның бірі — зейнет жасына жетіп, жұмысын жалғастырып жүрген азаматтарға мемлекеттік бюджеттен зейнетақыны уақытша төлемеу туралы ұсыныс болды. Бұл кезеңде олар тек жинақтаушы зейнетақы қаражатын пайдалануы мүмкін деген көзқарас айтылды. Ал бюджеттен төленетін зейнетақы еңбек қызметі толық аяқталғаннан кейін басталуы тиіс деп қарастырылды.

Жақыпова бұл бастама заң жобасы емес екенін және «ертең іске асатын шешім» еместігін атап өткен. Алайда оның мәлімдемелері қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сөз бостандығы шектеле ме? Депутат ұсынысын түсіндірді

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституцияға «ар-намыс пен абыройды қорғау» туралы норманы енгізуге қатысты ұсынысына түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл бастама сөз бостандығын шектеуге емес, қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Депутаттың сөзінше, қоғамда бұл түзетуді «қысым көрсету» ретінде қабылдап жатқандар бар, алайда мәселе мүлде басқа бағытта.

— Ар-намыс пен абырой неге Конституцияда көрсетілуі керек деген сұрақ қойылып жатыр. Ол басқа заңдармен қорғалмай ма дейді. Бірақ мұнда адамды шектеу туралы әңгіме болып отырған жоқ, — деді ол.

Имашеваның айтуынша, бұл норма мемлекеттік қызметкерлерге бағытталмаған және билікті сынауға кедергі келтірмейді.

— Шенеуніктерді сынауға болады, оларға жағымсыз сөз айтуға да болады. Бұл абыройды қорлау болып саналмайды. Бірақ қарапайым адамдар бар. Олар күн сайын әлеуметтік желіні пайдаланады. Сол жерде оларды тек тілдеп қана қоймай, моральдық тұрғыда “өлтіріп”, қорлап жатады, — деп түсіндірді депутат.

Оның сөзінше, адамның ар-намысы — негізгі құндылықтардың бірі.

— Адамның абыройы — базалық құндылық. Бұл тек біздің елде емес, бүкіл әлемде солай. Әсіресе қазір қарапайым адам өте осал күйде қалды, — деді Снежанна Имашева.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮6🤔1
«Өте жақсы жаңалық»: Ақкенженов Қарашығанақ бойынша арбитраж туралы

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz тілшісінің Қарашығанақ жобасына қатысты инвесторлармен арадағы арбитраждық дауда Қазақстанның жеңіске жетуі жөніндегі сұрағына жауап берді.

Құпия, бірақ оң нәтиже

Алдымен ведомство басшысы энергетика министрлігі дау барысы мен қабылданған шешімнің егжей-тегжейін жариялай алмайтынын еске салды.

— Қазіргі таңда Қазақстан қатысып отырған халықаралық арбитраж процестері құпия сипатқа ие. Сондықтан бұл ақпаратты не растай алмаймын, не жоққа шығара алмаймын, — деп атап өтті ол.

Дегенмен ашық дереккөздерде жарияланған мәліметтер министрге белгілі бір деңгейде үміт ұялатқанын айтты.

— Барлығымыз Қазақстанға екі миллиардтан төрт миллиард долларға дейін қаражат өндіру жөнінде шешім шыққаны туралы оқыдық. Ашық жарияланған материалдарға сүйенсек, бұл — өте жақсы әрі үміт сыйлайтын жаңалық. Осы деректерге қарағанда, біздің мүмкіндігіміз жоғары, — деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің «жақсы мүмкіндіктер» туралы сақтықпен айтуына қарағанда, арбитраж ісі бойынша шешім түпкілікті болмауы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, Қарашығанақ консорциумына кіретін KPO қатысушылары, оның ішінде Eni мен Shell компаниялары бұл шешімге дау айтуы ықтимал.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Қарашығанақ кен орнын игеріп жатқан ірі мұнай компаниялары халықаралық арбитражда жеңіліп, Қазақстанға 4 млрд долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы істің барысынан хабардар дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі жазды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ерлан Ақкенженов жалақысы мен жылдық табысы қанша екенін айтты

Ақкенженов декларацияда табыс ретінде жалақысын ғана көрсеткен. 

- Тек жалақы жайлы айтар болсақ, мен айына 1,2 миллион теңге аламын. Арасында сыйақылар бар. Соларды есептегенде жылдық табысым 20 миллионнан сәл асады, – дейді министр. 

САРАПТАМА

Қазақстанда қаңтар айында жоғары лауазымды шенеуніктер мен квазимемлекеттік сектордың топ-менеджерлерінің табысы туралы декларациялар қоғамда қызу талқыға түсті. Алайда жұртшылықтың назары бұл жолы мемлекеттік қызметшілердің өздеріне емес, олардың жұбайларына көбірек ауды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1
ULYSMEDIA.KZ
Сөз бостандығы шектеле ме? Депутат ұсынысын түсіндірді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституцияға «ар-намыс пен абыройды қорғау» туралы норманы енгізуге қатысты ұсынысына түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл бастама сөз бостандығын шектеуге емес, қарапайым…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Қорықпаңыздар" - депутат Сарым да сөз бостандығы туралы ұсынысты түсіндірді

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сөз бостандығы мен бейбіт митингілерге қатысты конституциялық түзетулер қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста өз ұстанымын түсіндірді.

- Кім айтты оны сізге? Сөз бостандығын шектеу туралы ұсыныс түскен жоқ. Бұл журналистердің интерпретациясы, – дейді депутат. 

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін шектеуге бағытталмаған. Депутаттың сөзінше, сөз бостандығы мен цензураға тыйым салу жөніндегі негізгі нормалар Конституцияда сол күйі сақталады.

— Сөз бостандығына да, БАҚ қызметінің еркіндігіне де ешқандай шектеу жоқ. Ол үшін Конституцияға арнайы өзгеріс енгізудің өзі міндетті емес. Онда сөз бостандығы, цензураға тыйым салу туралы барлық нормалар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады, — деді Айдос Сарым.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮7
Сарбаздардың өлімі: бірнеше командир қызметінен кетті

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты мәлімдеме жасады.

ЖАУАПҚА ТАРТЫЛҒАНДАР

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары, сондай-ақ батальон командирі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

ҚАЗА

Айта кетейік, қаңтар айының өзінде Қазақстанда екі сарбаз қаза тапты. Екеуі де ресми дерек бойынша өзіне қол жұмсаған. Алайда олардың жақындары сарбаздар өзіне қол салды дегенге сенбейді. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢3😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматылық мейрамхана қызметкерлері қазақ тілінде ас мәзірін бермегені үшін сынға ілікті

Оқиға The Quarter мейрамханасында болған. Мейрамханада қонақтарға мәзір орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Қазақ тіліндегі мәзірді бөлек сұратуға тура келген, алайда қызметкерлер оның бар-жоғына қатысты нақты жауап бере алмаған. Алдымен алып келеміз деп уәде бергенімен, шамамен 40 минуттан кейін мәзір тек электронды нұсқада ғана бар екенін хабарлаған. Кейін әкімші қазіргі уақытта мекемеде қазақ тіліндегі мәзір мүлде жоқ екенін нақтылаған.

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Қазақстандықтар бұл жағдайдан кейін мейрамхананың картадағы мекенжайына “шабуыл” жасап, рейтингін түсіріп тастаған. 

ЖАУАП ЖОҚ

Біз мейрамхананың ұстанымын білу мақсатында көрсетілген нөмірдің бәріне хабарлама жазып, бұл жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрадық. Алайда материал жарияланған уақытқа дейін мейрамхана өкілдері байланысқа шықпады. 

Кері байланыс берілген жағдайда ақпарат қосымша жаңартылатын болады. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👏3❤2🤬1
ULYSMEDIA.KZ
Оңтүстік Кореяның экс-президенті бес жылға сотталды Оңтүстік Корея соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльді сот төрелігіне кедергі келтірді деген іс бойынша бес жылға түрмеге қамау жөнінде үкім шығарды. Хабарламада оны ресми құжаттарды қолдан жасағаны және әскери…
Оңтүстік Кореяның экс-президентінің әйелі де сотталды

Сеулдің орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жары Ким Гон Хиге 1 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сот Ким Гон Хиді «Бірлік шіркеуі» атты діни ұйым өкілдерінен қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп таныды. Алайда өзге бірқатар айыптар бойынша ол ақталды.
Атап айтқанда, сөз акция бағамына қатысты алаяқтық әрекеттер мен саяси қорларды қаржыландыру туралы заңнаманы бұзу жөніндегі күдіктер туралы болып отыр, деп жазады DW.

ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАР

Бұған дейін арнайы прокурорлар тобы Ким Гон Хиге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ол 2025 жылдың тамыз айында қамауға алынған.

Тергеу деректеріне сәйкес, экс-президенттің жұбайы құны 2,2 мың доллар тұратын Dior сөмкесін сыйлық ретінде қабылдаған. Президент әкімшілігі бұл фактіні растағанымен, сыйлық мемлекеттік мүлік ретінде тіркеліп, сол мәртебеде сақталғанын мәлімдеген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Қазақстан Конституциясы 84 пайызға жаңартылады

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында түзетулердің жинақталған жобасын таныстырды.

Жаңартылған Конституция кіріспеден (преамбула), 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Құжатта екі жаңа бөлім енгізіледі — «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу».

Сонымен қатар, тағы төрт бөлімнің атауы өзгертіледі.
Ұсынылып отырған түзетулер негізгі заңның барлық бөлігін қамтиды. Атап айтқанда, 77 бапқа өзгеріс енгізілген, бұл Конституция мәтінінің 84 пайызына тең.

— Президенттік басқару нысаны сақталғанымен, біртұтас мемлекеттік билікті ұйымдастыру жүйесінде елеулі өзгерістер болады, — деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.

Сонымен қатар, Конституцияның преамбуласын толықтай жаңарту ұсынылып отыр. Онда елдің қазіргі құндылықтары, стратегиялық мақсаттары мен негізгі сын-қатерлері, мемлекеттің миссиясы және тарихи контексті көрініс табады.

Жобаға сәйкес, Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қала береді. Құжатта адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқын бекітіледі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2🤔2😡2
"Дағдарыс болуы мүмкін". Жаңа салық кодексінің кесірі кәсіпкерлерге тие бастаған

Кәсіпкер Абдулла-Санжар Асқаров 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің кәсіпкерлерге тигізіп жатқан кері әсері туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, қабылданған өзгерістер салық жүктемесін күрт арттырып, әсіресе автонесие мен лизингке тәуелді бизнеске ауыр соққы болып отыр.

«Дағдарысқа апаратын жол»

Кәсіпкердің пайымдауынша, жаңа Салық кодексі ірі және орта бизнесті бір-бірімен ғана жұмыс істеуге итермелейді.

— Енді мен ҚҚС пен КТС бойынша есеп алу үшін тек ірі клининг, ірі логистикалық, ірі брокерлік компанияларды іздеуге мәжбүрмін. Ал шағын кәсіпкерлермен жұмыс істей алмаймын, — дейді ол.

Асқаров бұл үрдіс ел экономикасына ауыр салдар әкелуі мүмкін екенін алға тартты.

— Сатып алу қабілеті төмендейді, көлік сату азаяды. Мен өз бизнесім арқылы осындай қауіпті сигналдарды қазірдің өзінде сезіп отырмын. Бұл — үлкен қателік. Егер өзгеріс болмаса, елді ірі дағдарыс күтіп тұр, — деп түйіндеді кәсіпкер.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤔1😭1
ULYSMEDIA.KZ
"Қорықпаңыздар" - депутат Сарым да сөз бостандығы туралы ұсынысты түсіндірді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сөз бостандығы мен бейбіт митингілерге қатысты конституциялық түзетулер қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста өз ұстанымын түсіндірді. - Кім айтты оны…
32-бап төңірегіндегі дау: Депутаттар ұсынған өзгеріс сөз бостандығы мен адам құқығын шектеу ме?

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі комиссия отырысында депутаттардың Ата заңның 32-бабындағы азаматтардың бейбіт митинг өткізуіне шектеу қою ауқымын кеңейту туралы ұсынысы БАҚ пен азаматтық қоғамда қызу талқыланып жатыр. Азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылар мұны сөз бостандығы мен ой еркіндігіне жасалған қысым әрі шектеу десе, депутаттар керсінше, ұсынылған өзгерістерді адам құқығын қорғау және ескірген заңды жаңарту дейді.

Даулы өзгеріс

26 қаңтарда өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі комиссия отырысында мәжіліс депутаты Снежанна Имашева 32-баптағы азаматтардың бейбіт митинг өткізуіне шектеу қою ауқымын кеңейту туралы ұсыныс айтты. Ол бойынша жиын өткізуге қойылатын бұрыннан бар шектеулерге қосымша себептер ретінде конституциялық құрылымның негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау секілді жаңа негіздер қосылады.

Өзгеріс енгізу ұсынылып отырған қазіргі қолданыстағы Конституцияның 32-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін» деп жазылған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬4😡1
Нұрай ісі: сталкинг бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді

Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, Шымкент қаласының полиция департаменті Нұрай Серікбайға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. 

— Иә, растаймын. Шымкент қаласы полиция департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша Нұрайға қатысты «сталкинг» дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеді, — деді адвокат Ulysmedia.kz тілшісіне.

КОНТЕКСТ

Сөз болып отырған қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2❤1👍1😢1
Ресейдің шабуылынан кейін жүздеген мың Киев тұрғыны әлі жарықсыз отыр

Ресей әскерінің жаппай соққыларынан кейін Киев қаласының шамамен 710 мың тұрғыны электр қуатынсыз қалды.

Бұл туралы Украина вице-премьері әрі энергетика министрі Денис Шмыгаль астана мен облыстағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі штаб отырысынан кейін мәлімдеді.

Оның айтуынша, нақты электр беру кестесінің болмауы тұрғындар үшін аса ауыр жағдай туғызып отыр.

— Белгісіздік жағдайында, нақты графиксіз өмір сүру — өте қажытатын нәрсе. Қазір энергетиктер электр қуатын болжамды режимде қайта беруді қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр, — деді Шмыгаль.

Вице-премьердің сөзінше, Киевтің энергетикалық жүйесіндегі жағдай әлі де күрделі. Бұған желілік инфрақұрылымның әркелкі зақымдануы себеп болып отыр.

Ал қала әкімі Виталий Кличконың мәліметінше, сәрсенбі күнгі жағдай бойынша 737 тұрғын үй жылыту жүйесіз қалған. Олардың басым бөлігі Выгуровщина–Троещина шағынауданында орналасқан.

Билік өкілдері апат салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатқанын, алайда жағдайдың әлі тұрақталмағанын атап өтті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢6🙏1😡1
Футболдан Ұлттық құраманың бапкері белгілі болды

Қазақстандық маман Талғат Байсұфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

ҮШІНШІ РЕТ ҚҰРАМАНЫ ЖЕТЕКТЕУДЕ

Талғат Байсұфинов 2025 жылдың қазан айында ұлттық құраманы үшінші рет басқарды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірнеше ойын өткізді. Атап айтқанда, Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македониямен (1:1) және Бельгиямен (1:1) тең түсті.

БҰРЫНҒЫ ЖЕТЕКШІЛІК КЕЗЕҢДЕРІ

Байсұфинов бұған дейін екі мәрте ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарған. Ол 2016–2017 және 2020–2022 жылдары команда тізгінін ұстаған.

БАПКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ

Талғат Байсұфинов Қазақстандағы бірнеше футбол клубында бапкерлік қызмет атқарды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) командаларын басқарды. Сондай-ақ жастар құрамасымен де жұмыс істеген.

ФУТБОЛШЫ РЕТІНДЕГІ ЖОЛЫ

Ол футболшы ретінде «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Шығыс» клубтарының намысын қорғаған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤2🤮1