Украина мен Ресей бір-бірімен емес, АҚШ-пен жеке бейбіт келісімдерге қол қояды
Киев пен Мәскеу соғысты аяқтау мәселесін Вашингтонмен бөлек келісімдер форматы аясында талқылап жатыр. Қазіргі кезеңде Украина мен Ресей арасында тікелей бейбіт келісім жасалмайды. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір «20 тармақтан тұратын негіздемелік құжат» жөнінде сөз болып отыр: бұл құжатқа АҚШ пен Украина қол қояды, ал АҚШ Ресеймен жеке келісім жасамақ. Келіссөздер жалғасып жатыр, түпкілікті шешімдер әлі қабылданған жоқ. Еуропа елдері құжаттарға қол қоймайды, алайда Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талқылауға қатысып отыр. Алғаш рет бұл уағдаластықтар жалпы уәделер емес, нақты кепілдіктер ретінде тікелей аталып отыр. Сонымен қатар, келіссөз нәтижесіне қарамастан, Украина аумағында америкалық бітімгерлер орналастырылмайды. Ең күрделі екі мәселе — шекаралар мен Запорожье атом электр станциясының мәртебесі болып қала береді. Осы тақырыптарды талқылау үшін Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен жеке кездесуге дайын екенін білдірді.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Financial Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Киевке берілетін болашақ қауіпсіздік кепілдіктерін Украинаның Донбасс бойынша белгілі бір ымыраларды қамтуы мүмкін бейбіт келісімге келісуімен байланыстырып отырғанын хабарлаған еді. Бұған жауап ретінде Ақ үй жарияланымды шындық сай емес деп атап, мұндай материалдар бейбіт процестің жүруіне кедергі келтіреді деп мәлімдеді. Зеленскийдің айналасындағы өкілдер пікір білдірмегенімен, Киевтегі дереккөз АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдіктері тақырыбын тараптарды келіссөзге итермелеу үшін қысым құралы ретінде шынымен пайдаланып отырғанын айтты.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2😐1
Сирия президенті Путинмен кездесті
Сирия президенті Ахмед аш-Шараа Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер Ресейдің Сириядағы, соның ішінде әскери ықпалын сақтап қалуға ұмтылып отырған кезеңде өтіп жатыр. Бұл Кремльдің бұрынғы одақтасы Башар Асад биліктен құлатылғаннан кейін бір жылдан сәл астам уақыт өткен соң болған алғашқы жоғары деңгейдегі кездесу.
Al Jazeera мәліметінше, кездесудің алдында аш-Шараа Путинге Сирияның аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, Ресейдің өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өткен. Ал Владимир Путин өз кезегінде Сирия басшысының елдегі жағдайды тұрақтандыру және мемлекеттің тұтастығын қалпына келтіру бағытындағы әрекеттерін қолдайтынын айтты.
Сириядағы соғыс кезінде он жылдан астам уақыт бойы тараптар қақтығыстың қарама-қарсы жақтарында болды. Осыған байланысты Мәскеуде Дамаскідегі жаңа билік Ресеймен ынтымақтастықтан бас тартуы мүмкін деген алаңдаушылық болған.
Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі — Ресейдің әскери базаларының болашағы. Атап айтқанда, Жерорта теңізі жағалауындағы Хмеймим әуе базасы мен Тартус әскери-теңіз базасының тағдыры талқыланған.

❤3💩1
Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды
Ал бұл қызметті атқарған Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.
СМАДИЯРОВ
Еске салайық, бұған дейін Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Бұл қызметке ол былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған еді.
Сонымен қатар, Айбек Смадияров 6 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен болатын. Смадияров бұл қызметке 2018 жылы тағайындалды. Бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды, ал 2023 жылдың маусымынан бастап СІМ-нің Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

🔥6❤1😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте ер адам әйел адамды пышақтап кеткен
Қайғылы оқиға кеше түскі уақытта болған. Ер адам әйелді пышақтап, ол оқиға орнында жан тапсырды. Куәгерлер бірден полиция шақырған.
Шамамен жарты сағаттан кейін күдікті Қонаев даңғылы мен Терешкова көшесінің қиылысында байқалған.
Тексеру кезінде ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қызметтік қару қолдануға мәжбүр болған.
Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілді. Кейін ол қамауға алынды.
Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, күдікті жәбірленушіге жеке араздық негізінде пышақ жарақаттарын салған.
- Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара келіспеушілік салдарынан пышақ жарақатын келтірген. Ол ізін суытпай ұсталды, — деп хабарлады полиция өкілдері.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта адам өлтірудің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

❤4😡1
Қайрат Сатыбалдының қонақүйінде енді сот болады
Мән-жай
Есентай өзенінің жағасында орналасқан, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған қонақүй ғимаратында Алматы қаласының соттары орналастырылады. Бұл жөнінде басылым сұрауына Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлаған.
Сот өкілдерінің мәліметінше, ғимарат республикалық меншікке бекітілген және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаментінің Алматы қаласы бойынша балансына тіркелген. Қазір нысанға қатысты ешқандай құқықтық дау жоқ.
Алдағы жөндеу жұмыстарына дайындық аясында ғимараттың инженерлік желілері мен құрылымдық элементтерінің техникалық жағдайына тексеру жүргізіліп жатыр.
Алайда соттың баспасөз қызметі ғимараттың Есентай өзенінің су қорғау аймағында орналасқан-орналаспағаны жөніндегі сұраққа жауап бермеген. Бұл мәселе Сот әкімшілігі департаментінің құзыретіне кірмейтінін айтқан.
Контекст
Бұған дейін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қайрат Сатыбалды 2023 жылы аталған қонақүй ғимаратын мемлекетке сыйға беру шартымен тапсырғанын хабарлаған. Сол жылдың қыркүйек айында нысан республикалық меншікке өтіп, Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің балансына бекітілген.

ULYSMEDIA.KZ
Нұрайдың видеосы тарады: адвокат шағым түсірді Марқұмның отбасының адвокаты Сержан Нұрпейісов әлеуметтік желілерде Нұрай Серікбайдың видеосы пайда болғаннан кейін тиісті органдарға шағым түсірілгенін айтты. Тергеу мән-жайды анықтап жатыр Жақында желіде…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Марқұм Нұрайдың ағасы желіде тараған видеоларға қатысты пікір білдірді
АЛЫП ҚАШҚАННАН КЕЙІНГІ ВИДЕО
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Нұрай күдікті Шерханның үйіне өз еркімен келді деген видео тараған болатын.
- Алып қашқан кезінде негізінен қара көлікпен шыққан, басқа маркалы көлік болған және Нұрай үй киімімен шыққан. Ал видеода көлік ақ түсті және маркасы басқа. Нұрай бір өзі болған. Жанындағы 50 адам сырт жақтың адамдары. Видеода күліп тұрған Нұрай емес. Оның алдында тұрған басқа кісі. Соңында Нұрай қарсыласып орамалын шешіп тастамақ болған, яғни оның қаламағаны көрініп тұр, – дейді Сұлтан Серікбай.
ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ТҮСІРІЛГЕН ВИДЕО ТУРАЛЫ
Сонымен қатар, Сұлтан Нұрайдың полиция бөлімінде түсірілген видеосы туралы да пікір білдірді. Видеода марқұм Нұрай күдіктіге арыз жазбайтынын айтқан.
- Нұрайдың барынша шаршаңқы, моральдық тұрғыда өз деңгейінде емес екенін (пайдаланып), сол үшін барынша қысым көрсетіліп, манипуляция арқылы видеоны түсірткен. Нұрайдан бөлек бөлмеде бірнеше ер адам болған. Бізді кіргізбеді. Сол үшін барынша басынған, – дейді Сұлтан.
Сұлтан тергеушілердің Нұрайды видеоға түсіргені олардың отбасына ауыр тигенін айтады.

❤1
ULYSMEDIA.KZ
32-бап төңірегіндегі дау: Депутаттар ұсынған өзгеріс сөз бостандығы мен адам құқығын шектеу ме? Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі комиссия отырысында депутаттардың Ата заңның 32-бабындағы азаматтардың бейбіт митинг өткізуіне шектеу қою…
Бір елі ауызға екі елі қақпақ: Депутат Имашеваның бастамасы сөз бостандығына қалай әсер етуі мүмкін?
Қазақстан депутаттары тағы да сөз бостандығы тақырыбын көтерді. Әрине, бір қарағанда бұл азаматтарды қорғау үшін, яғни олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке деректерін және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында жасалғандай көрінеді. Ал шынтуайтында сөз бостандығына тағы бір сүзгі қосу көзделіп отыр. Ulysmedia.kz мәжілісмендер нақты нені шектеуді ұсынып отырғанын және бұл шектеулер кімдерге бағытталғанын анықтауға тырысты.
«Уайымдамаңыздар» деп, уайымдатып отыр
Депутат Снежанна Имашеваның бастамасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Сол себепті де қоғам оны әртүрлі қабылдады: біреулер дұрыс десе, енді біреулер қауіпті дейді.
Себебі жеке деректерді қорғау туралы әңгімемен қатар Конституцияға жаңа шектеу енгізу ұсынылды, сөз бостандығы ар-намысқа, қадір-қасиетке, рухани-адамгершілік құндылықтарға және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі тиіс.
Түсіндірмесі тамаша. Тіпті мінсіз көрінеді. Дәл осындай тұжырымдар ең қауіптісі саналады.
Нақты не ұсынылып отыр?
Түзету Конституцияның 18-бабына қатысты. Оны кеңейтіп, жеке деректерді, соның ішінде цифрлық ортада қорғауды және олардың заңсыз пайдаланылуы мен таралуы үшін жауапкершілікті тікелей бекіту көзделіп отыр. Мұнымен дауласу қиын, себебі цифрлық дәуір заңнамадан әлдеқашан озып кеткен.
Алайда сонымен бірге екінші бөлік те пайда болады, бұл сөз бостандығына қосымша конституциялық шектеу. Енді ол тек өзге адамдардың құқықтарына ғана емес, «қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына» да нұқсан келтірмеуі тиіс.
Мәселе дәл осы тұста күрделене түседі. Себебі Конституция Facebook-тегі жазба немесе нақты бір заң емес. Бұл – тікелей әрекет ететін негізгі құжат. Онда жазылған кез келген норма ерте ме, кеш пе соттағы дәлелге айналады.

🔥1
🇨🇳Генерал Чжанның күйреуі: Қытай билігіндегі екінші адамның ұсталуы нені білдіреді?
Қытайда генерал Чжан Юсяға қатысты тергеу басталды. Ол елдің әскери элитасындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болып саналады және Қытай Коммунистік партиясының ең жоғарғы әскери органы — Орталық әскери комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Мән-жай
Чжан Юсяны тергеуге алу туралы шешім 24 қаңтарда жарияланған. Ресми мәлімет бойынша, генералға сыбайлас жемқорлық айыбы тағылып отыр. Бұл іс басталғаннан кейін Қытай Коммунистік партиясының басшысы Си Цзиньпин елдің әскери иерархиясының ең жоғарғы сатысында іс жүзінде жалғыз қалған.
Қытайдың Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеге сәйкес, Чжан Юся «ауыр тәртіптік және заңнамалық бұзушылықтарға» қатысы бар деген күдікпен тергеуге алынған. Сондай-ақ осыған ұқсас айыптаулар бойынша тағы бір генерал — Орталық әскери комиссияның Бас штабының бастығы Лю Чжэньли де тергеуге алынған.
Қытай саяси жүйесінің тұйық әрі ашық болмауы Си Цзиньпиннің әскери қолбасшыларды тергеуге алуға қатысты нақты қандай себептерді басшылыққа алғанын дөп басып айту қиын. Дегенмен Чжан Юсяның тұтқындалуы Си Цзиньпиннің сәуір айында Пекинде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі қарсаңында, сондай-ақ Қытай басшылығындағы кезекті кадрлық өзгерістерге дайындық кезеңінде жүзеге асып отыр.
Қытайда мұндай ауқымды саяси ауыс-түйістер бес жыл сайын болып тұрады. 2027 жылы Си Цзиньпин төртінші рет Қытай Халық Республикасының көшбасшысы болып сайлануға ұмтылады деген болжам бар.

Алматылық мейрамхана қызметкерлері қазақ тілінде ас мәзірін бермегені үшін сынға ілікті Оқиға The Quarter мейрамханасында болған. Мейрамханада қонақтарға мәзір орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Қазақ тіліндегі мәзірді бөлек сұратуға тура келген, алайда…
Қазақша мәзір бермеген: Алматыдағы қонақүй тіл мәселесіне қатысты жауап берді
Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty қонақүйі барлық мейрамханаларында қазақ тіліндегі мәзір бар екенін айтты. Олардың сөзінше, мәзір қағаз түрінде де, сондай-ақ электронды форматта (QR-код арқылы) да бар.
- Қонақтарға қызмет көрсету, оның ішінде қазақ тілінде, жүзеге асырылады, бұл бейнематериалдармен расталады. Жарияланым шыққан күні қонаққа қазақ тіліндегі баспа мәзірі басқа келушілер пайдаланып болғаннан кейін ұсынылды, және қонақ мемлекеттік тілдегі мәзірдің бар екенін растады, – дейді қонақүй өкілдері.
Кейінірек қонақ бұл жағдайда түсінбеушілік болғанын түсіндіріп, қазақ тіліндегі мәзірдің жоқтығы туралы ақпаратты жоққа шығарған.
- Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтайды, мемлекеттік тілді құрметтейді және барлық қызмет көрсету нүктелерінде жоғары деңгейдегі сервисті қамтамасыз етуді жалғастырады, – дейді қонақүй мамандары.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін алматылық мейрамхана қызметкерлері қазақ тіліндегі ас мәзірін бермегені үшін сынға іліккен еді. Оқиға әйгілі Swissotel Alatau қонақүйіндегі The Quarter мейрамханасында болған. Мейрамханада қонақтарға мәзір орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Қазақ тіліндегі мәзірді бөлек сұратуға тура келген, алайда қызметкерлер оның бар-жоғына қатысты нақты жауап бере алмаған.

👎11
Ресейлік «Лукойл» шетелдік активтерін АҚШ-тың «Carlyle» компаниясына сататын болды
Ресейдің «Лукойл» мұнай компаниясы шетелдегі активтерін АҚШ-тың Carlyle инвестициялық компаниясына сату бойынша мәмлеге келді. Бірақ оған компанияның Қазақстандағы активтері кірмейді.
Мән-жай
Бұл мәміле реттеуші органдардың, оның ішінде АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) мақұлдауын қажет етеді.
Былтыр 15 қазанында «Лукойл» Ұлыбританияның санкциялық тізіміне енген еді. Сол сәтте «Лукойл» және «Роснефть» қатысқан Әзірбайжан мен Қазақстандағы жобалар 2027 жылғы 14 қазанға дейін санкциялардан босатылды. Ал 22 қазанда АҚШ «Лукойл», «Роснефть» және олардың ондаған еншілес компанияларына санкция енгізіп, олардың АҚШ-тағы активтерін бұғаттады және америкалық компанияларға онымен іскерлік байланыс орнатуға шектеу қойды.
27 қазанда «Лукойл» санкциялар әсерінен шетелдік активтерін сататынын жариялады. 30 қазанда бұл активтерді Gunvor компаниясына сатуға келісілгені хабарланды. Алайда қарашаның басында Gunvor өз ұсыныстарынан бас тартты. Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі Gunvor-дың Ресеймен байланысы барын айтып, Украинадағы соғыс аяқталғанға дейін компанияға бизнес жүргізу лицензиясын беруден бас тартқан.
Қараша айында АҚШ Қаржы министрлігі Қазақстандағы жобаларға — Карашығанақ, Теңіз және Каспий құбыр консорциумына «Лукойл» және «Роснефть» компанияларымен операция жасауға рұқсат берді. Дегенмен ресейлік компанияларға Қазақстандағы кен орындарын игеретін компаниялар мен КТК-дағы үлестерін сатуы шектелген.

🤔3😡2🤣1
Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын жоғалта бастады - сарапшылар
Қазақстанға шетелдік инвестиция тарту тәсілін өзгерту қажет. Қолданыстағы модель сақталса, ел халықаралық капитал үшін бәсекеде ұтылып қалуы мүмкін. Мұндай қорытындыға қаржылық сарапшылар келді.
Инвестициялар кері қайтып жатыр
Halyk Finance талдау орталығының жаңа шолуында 2018 жылдан бері Қазақстанда тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) таза кетуі тіркеліп келе жатқаны айтылған. Бұл – шетелдік инвесторлар қазақстандық компаниялардың жарғылық капиталының кемінде 10 пайызына ие болатын инвестициялар санаты.
Қаржыгерлер Ұлттық банк деректеріне сүйене отырып, Covid-19 пандемиясынан кейін инвесторлар өндірістік активтерден шығып, капиталды көбіне бизнес-қызметтерге, ақпараттық технологияларға және маркетинг саласына бағыттай бастағанын атап өтеді. Осы өзгерістерді Қазақстанның инвестициялық саясатын әзірлеу кезінде ескеру қажет, өйткені шикізат секторының өзі шетелдік компаниялар үшін бұрынғыдай тартымды емес.
— Қазақстанға тән негізгі сипаттамалардың бірі – қайта инвестициялауды есепке алмағанда, тікелей шетелдік инвестициялардың теріс таза ағыны. 2018 жылдан бері елге келетін жаңа инвестициялардан кететін қаржы көлемі көп болып отыр. Бұған ірі әрі инвесторлар үшін қызықты жобалардың аздығы және экономиканың шикізат секторына тәуелділігі себеп, — делінген шолуда.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіптің өзі көбіне шикізаттық сипатқа ие, себебі жобалардың басым бөлігі пайдалы қазбаларды бастапқы өңдеумен ғана шектеледі және жоғары қосылған құн қалыптастырмайды. Осы себепті шетелдік капиталды қайтару үшін елге инвестиция тартудың жаңа моделін әзірлеу қажет, ал басымдық шикізаттық емес салаларға берілуі тиіс.

❤3👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мұнайға бай ауыл тұрғындары газдың қымбаттауына қарсы шықты
Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылының тұрғындары коммуналдық газ тарифінің күрт өсуіне наразылық білдірді. Газ бағасы екі есеге жуық қымбаттаған.
Әлеуметтік фактор
Ауыл тұрғындарының айтуынша, газ тарифінің күрт өсуі олардың тұрмысына ауыр салмақ түсіріп отыр. Кеңқияқ ауылы маңында ірі мұнай компаниялары жұмыс істегенімен, жергілікті халықтың барлығы бірдей тұрақты жұмыспен қамтылмаған. Соған қарамастан коммуналдық төлемдер жылдан-жылға өсіп келеді.
Осыған байланысты тұрғындар қызмет көрсетуші ұйым — «Техногаз» ЖШС-не жүгінген. Компания ғимаратының алдында олар бейнеүндеу жазып, өз талаптарын ашық жеткізді.
- Кеңқияқ ауылында газдың иісі тұрақты түрде қатты шығып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіруде. Қауіп көзі бола тұра, бұл газ үшін халықтан ақы алынуы әділетсіз және адамгершілікке қайшы деп санаймыз. Ауылымыздың іргесінде бірнеше ірі зауыттар мен кәсіпорын орналасқанымен, жергілікті тұрғындарды жұмысқа алмай отыр. Жұмыссыздар саны көп, – дейді тұрғындар.

💯8❤3👏3
ULYSMEDIA.KZ
Қазақтарға тіл тигізді деп айыпталған Екатерина Биволдың ісі сотқа жолданды Қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтты деп айыпталған Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс Санкт-Петербургтың Ленин аудандық сотында тіркелген. Мән-жай …
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволға сот үкімі шықты
29 қаңтарда Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты ресейлік және қырғызстандық боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты шешім шығарды.
⚖️СОТ
Сот мәліметінше, Екатерина Бивол РФ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
- Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады, — делінген хабарламада.
📌КОНТЕКСТ
Бұған дейін, қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған болатын. Ведомство оның экстрадициясы мәселесін көтеру ниеті барын мәлімдеген. Кейін ол іздеуге жарияланды.
Осыған ұқсас қылмыстық іс Қырғызстанда да қозғалған. Онда Екатерина Бивол ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінген.

💩6❤1
Досым Сәтпаев Ресей тарапынан төнетін қауіп туралы айтты
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресей билігінің қазіргі таңда ел ішінде де, сыртында да жаңа «жауларды» іздеуге кіріскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жағдай Украинадағы соғыстан кейін мыңдаған «ардагердің» елге оралуымен тікелей байланысты.
Досым Сәтпаевтың сөзінше, Украинадағы соғыс қимылдарынан кейін Ресейге ондаған мың адам қайтып жатыр. Олардың қатарында соғыс тәжірибесі бар бұрынғы сотталғандар мен есірткіге тәуелді тұлғалар да бар.
Саясаттанушының айтуынша, енді Кремльді осы адамдардың агрессиясын қай бағытқа бұру мәселесі алаңдатып отыр. Осы себепті ол ресейлік пропагандистердің соңғы мәлімдемелеріне жеңіл қарамауға шақырады.
— Біз Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін не болғанын жақсы білеміз. Соғыс тәжірибесі бар адамдардың бір бөлігі қылмыс әлеміне кетті, енді бірі жалдамалы әскерге айналып, шетел асқан еді. Сондықтан қазір жаңа жауларды іздеуге қатысты жасалып жатқан барлық ақпараттық “шабуылға” өте байыппен қарау керек деп ойлаймын. Себебі Украинадағы соғыстан кейін Ресейде пайда болатын осы “ардагерлер” алып келуі мүмкін ішкі әлеуметтік жарылысты, жиналған теріс энергияны билік бір жаққа бағыттауға тырысуы әбден мүмкін, — деді Досым Сәтпаев Airan арнасына берген сұқбатында.
Саясаттанушының пікірінше, дәл осы фактор Ресейдің агрессиялық риторикасының күшеюіне және сыртқы саясаттағы қатқыл мәлімдемелердің артуына себеп болып отыр.

💯9
Алматыда буллингке ұшыраған мектеп оқушысы суицид жасамақ болған
Алматы қаласының полициясы бұған дейін әкесі, кәсіпкер Қанат Амиркин мәлімдеген мектеп оқушысының суицидке оқталуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Оның айтуынша, қызы жекеменшік мектептегі біраздан бері созылған буллингтен кейін өзіне қол салуға әрекет жасап, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Қылмыстық іс қозғалды
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
— Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі, — деп хабарлады полиция.
Бейжайлық
Қанат Амиркин Facebook парақшасында қызы бір жыл бойы мектепте қорлық көріп келгенін, алайда оқу орнының басшылығы ата-ананың шағымдарына назар аудармағанын жазды.
Оның айтуынша, оқушыны сыныптастары жүйелі түрде кемсітіп отырған, ал мұғалім тарапынан бұл әрекеттер тоқтатылмаған.
— Мен мәселені бірнеше рет көтердім, сөйлесуді, тексеруді, тоқтатуды сұрадым. Бірақ жауап ретінде немқұрайлылық, суық қарым-қатынас, формалды жауаптар ғана болды. Мәселені шешкеннен гөрі «түк көрмегендей отыра беру» оңайырақ болды. Қазір менің балам жансақтау бөлімінде жатыр, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі жазбасында.
Кәсіпкер аталған жағдайға қатысты толыққанды тергеу жүргізіліп, буллингке қатысы бар немесе оны жасырып келген барлық тұлғалардың жауапкершілікке тартылуына қол жеткізетінін мәлімдеді.

🤯1😡1
Украинада ауыр жараланғандар саны күрт өсіп жатыр
Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғанына төрт жылға жуық уақыт өтсе де, ауыр жарақат алған бейбіт тұрғындар саны арта түсуде.
Бұл туралы Мюнхенде өткен жиында Handicap International (HI) үкіметтік емес ұйымы мәлімдеді. Ұйым дерегінше, зардап шеккендер арасында ауыр күйік алғандар, қол-аяғынан айырылғандар, есту және көру қабілетін жоғалтқан азаматтар көп.
Елде профильдік мамандар мен қажетті медициналық құрал-жабдықтар қатты жетіспейді. HI өкілдері физиотерапияға, протездеуге және психологиялық көмекке деген сұраныс айтарлықтай артқанын атап өтті, деп жазады DW.
Ұйымның бағалауынша, Украинада шамамен 300 мың адам соғыс қимылдары салдарынан жарақат алған. Сонымен қатар соғыс басталғанға дейін елде 2,7 миллионға жуық мүгедектігі бар адам тұрған. HI мәліметінше, қақтығыс жағдайында бұл санаттағы адамдар ерекше осал күйде қалып, базалық медициналық көмекке қол жеткізуде үлкен қиындықтарға тап болып отыр.
Сондай-ақ ұйым өкілдері зымыран және дрон шабуылдарынан, миналардың жарылуынан кейін оңалту көмегіне жүгінетіндер саны көбейгенін айтады. Физикалық жарақаттардан бөлек, көптеген зардап шеккендер депрессияға және посттравмалық стресс синдромына шалдыққан.

😢3🙏1😡1
Қазақстан Ресей олигархтарына люкс автокөліктер жеткізген елдер қатарында жүр
2022 жылдың наурыз айынан бері Ресейге көршілес елдер мен Еуроодақ аумағынан 75 млн доллардан асатын 214 премиум автокөлік жеткізілген. Бұл көліктер санкцияларды айналып өту жолымен Ресейге кіргізілген.
TriTrace Investigations зерттеу бюросының анықтауынша, люкс санатындағы автокөліктер Ресейге параллель импорт тетігі арқылы жеткізілген. Ал соңғы алушылар қатарында санкцияға іліккен олигархтардың отбасы мүшелері, мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істейтін компаниялар және Ресейдің қорғаныс кәсіпорындарының басшылары болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, бұл көліктер Еуроодақ пен Ұлыбритания енгізген шектеулерге қарамастан, үшінші елдер арқылы өткізілген.
ЕЛДЕР
Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati және Rolls-Royce маркалы автокөліктердің жеткізілімі кемінде 15 ел арқылы жүзеге асқан. Олардың қатарында Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуроодақ елдері бар.
Жеткізілім тізбегін зерттеушілер доллар және еуромен жүргізілген қаржылық транзакциялар арқылы анықтағанын атап өтті.

🤬3❤2👍1😡1
Мерц Еуропаны дербес державаға айналуға шақырды
Германия Федеративтік Республикасының канцлері Фридрих Мерц Еуропа жаңа қалыптасып келе жатқан әлемдік жүйеде өз мүдделерін қорғау үшін күш саясатының тілінде сөйлеуі қажет екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Америка Құрама Штаттарынан тәуелсіздікті күшейту және жаһандық әріптестіктерді кеңейту қажеттігін атап өтті.
ЖАҢА ӘЛЕМДІК ЖҮЙЕ
Канцлер Еуропа одақтастарын бірлікке және өзіне сенімді болуға шақырды. Оның айтуынша, Еуропа өз көзқарасын тек «егер біз өзіміз күш саясатының тілінде сөйлеуді үйренсек, егер біз өзіміз еуропалық державаға айналсақ» қана қорғай алады.
Мерц соңғы апталарда «ұлы державалар әлемі» қалыптасып келе жатқаны айқын көрініп отырғанын айтты.
«Бұл әлемде қатты жел соғып тұр, және біз оны ұзақ уақыт сезінетін боламыз», – деді ол.
Сонымен қатар, бұл өзгерістер Еуропаға құқық пен халықаралық ынтымақтастық негізінде жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін екенін атап өтті.
ЕУРОПА – АЛЬТЕРНАТИВА
Канцлердің айтуынша, Еуропа империализм мен автократияға балама.
«Біз әлемде империализм мен автократияға нормативтік баламамыз», – деді ол.
Еуропа әріптестеріне экономикалық қана емес, ең алдымен құндылықтық артықшылықтар ұсына алады және олардан бас тартпайды.

🔥3👍2❤1🤣1
Жаңалықтар дайджесті: 30 қаңтарға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Еуропа Иранға жаңа санкциялар салды
- Қырғызстан мен Қазақстан Ресейге көлік өткізіп жатыр ма
- Украинаға 1000, Ресейге 38 адамның денесі қайтарылды
- Ресей дрондарынан неміс бөлшектері табылды
- Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады: себебі неде
- «Ұлттық қор – балаларға»: қаражат шотқа қашан түседі
- Рыбакина тағы бір тарихи рекорд орнатты
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Еуропа Иранға жаңа санкциялар салды
- Қырғызстан мен Қазақстан Ресейге көлік өткізіп жатыр ма
- Украинаға 1000, Ресейге 38 адамның денесі қайтарылды
- Ресей дрондарынан неміс бөлшектері табылды
- Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады: себебі неде
- «Ұлттық қор – балаларға»: қаражат шотқа қашан түседі
- Рыбакина тағы бір тарихи рекорд орнатты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Украина мен Ресей ішінара бітімге келді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен ішінара бітім жасалғанын жариялады. Оның айтуынша, тараптар 2026 жылғы 30 қаңтарда энергетика саласына қатысты уақытша бітім туралы келісімге келген. Мемлекет басшысы бұл уағдаластық Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен келіссөздер барысында жасалғанын нақтылады.
БАӘ-дегі келіссөздер
Зеленский Киев пен Мәскеу энергетикалық инфрақұрылымға соққы беруден уақытша бас тартуға келіскенін растады. Әңгіме аяз кезеңінде әрекет етуі тиіс «энергетикалық бітім» туралы болып отыр. Украина көшбасшысының айтуынша, келісімге қол жеткізуде АҚШ-тың араағайындық күш-жігері шешуші рөл атқарған.
Зеленскийдің мәлімдемесі
Бұған дейін Украина президенті Telegram-арнасында жазба жариялап, АҚШ-қа алғыс білдірген:
- Энергетикаға жасалатын соққыларды тоқтату жолындағы күш-жігері үшін Америкаға рақмет. Біз Америка Құрама Штаттары бұған қол жеткізе алады деп үміттенеміз. Бүгін АҚШ президентінің мәлімдемесі болады. Бүгін кешке және алдағы күндері жағдай — біздің энергия нысандарымыздағы және қалаларымыздағы нақты ахуал — істің қалай өрбитінін көрсетеді.