Украина мен Ресей ішінара бітімге келді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен ішінара бітім жасалғанын жариялады. Оның айтуынша, тараптар 2026 жылғы 30 қаңтарда энергетика саласына қатысты уақытша бітім туралы келісімге келген. Мемлекет басшысы бұл уағдаластық Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен келіссөздер барысында жасалғанын нақтылады.
БАӘ-дегі келіссөздер
Зеленский Киев пен Мәскеу энергетикалық инфрақұрылымға соққы беруден уақытша бас тартуға келіскенін растады. Әңгіме аяз кезеңінде әрекет етуі тиіс «энергетикалық бітім» туралы болып отыр. Украина көшбасшысының айтуынша, келісімге қол жеткізуде АҚШ-тың араағайындық күш-жігері шешуші рөл атқарған.
Зеленскийдің мәлімдемесі
Бұған дейін Украина президенті Telegram-арнасында жазба жариялап, АҚШ-қа алғыс білдірген:
- Энергетикаға жасалатын соққыларды тоқтату жолындағы күш-жігері үшін Америкаға рақмет. Біз Америка Құрама Штаттары бұған қол жеткізе алады деп үміттенеміз. Бүгін АҚШ президентінің мәлімдемесі болады. Бүгін кешке және алдағы күндері жағдай — біздің энергия нысандарымыздағы және қалаларымыздағы нақты ахуал — істің қалай өрбитінін көрсетеді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстаудағы жанжал: жүздеген қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін
Маңғыстау облысында еңбек дауы ушығып барады. Ақтаудағы «Ұлы Қабырға» қазақ-қытай компаниясында шамамен 650 жұмысшы қызметінен босатылуы мүмкін. Әңгіме 10–20 жылдық еңбек өтілі бар, ұзақ жылдар бойы қауіпті бұрғылау өндірісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен мамандар туралы болып отыр. Кәсіпорын қызметкерлері видеоүндеу жазып, компания басшылығы тұрақты кадрларды аутстаффинг тетігі арқылы уақытша жұмыс күшімен алмастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Жұмысшылардың айтуынша, қысқартуға өндіріс нысанының ерекшелігін, тәуекелдерін жақсы білетін, мол тәжірибесі бар қызметкерлер ілінбек.
Қауіпті нысан — уақытша кадрлар
Аутстаффингті бұрғылау өндірісінде қолдану жоспарланып отыр. Жұмысшылар мұндай нысандарға уақытша қызметкерлерді тарту апаттар мен өндірістік жарақат алу қаупін арттырып, өңірдегі әлеуметтік шиеленістің күшеюіне әкелуі мүмкін екенін ескертіп отыр.
Адамдар жағдайға араласуды сұрайды
Үндеу авторлары уәкілетті мемлекеттік органдар мен қоғам тарапынан жауап болады деп үміттенеді. Олар мәселе тек жұмыс орындары туралы ғана емес, өндіріс қауіпсіздігі мен Маңғыстау облысындағы жүздеген отбасының тағдырына тікелей қатысты екенін атап өтті. Қазіргі уақытта компания тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

👎2😡1
Аягөздегі офицердің жұмбақ өлімі: өз-өзіне қол салды ма, әлде қасақана өлтірілді ме?
Ulysmedia.kz редакциясына әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімінің қаза тапқан офицері Бақытжан Әріпжановтың туыстары жүгінді. Ресми нұсқа бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған, кезекшілік кезінде басына оқ атқан. Алайда сараптама қорытындыларын көрген марқұмның жақындары шошып қалғанын айтады және бірнеше жылдан бері капитанның өлімі суицид емес екенін дәлелдеуге тырысып келеді.
Капитан Әріпжановтың артында бес баласы қалды. Ол әскери қызметте 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Әскердегі жолын қатардағы жауынгер ретінде бастаған: әуелі Түркістан облысында, кейін Аягөзге ауыстырылған. Сот шешімімен оны Шымкент қаласына көшіру керек болған, ал тиісті бұйрық қаза тапқаннан кейінгі күні қол қойылуы тиіс еді. Ол бұл ауысымды асыға күтіп, алдағы өміріне жоспар құрған.
«Бұл — кісі өлтіру»
Марқұмның әкесі Құлыбек Әріпжанов ұлын өлтіріп кетті деп сенімді. Оның айтуынша, істің басынан-ақ күмәнді жайттар тым көп болған. Дактилоскопиялық сараптама жүргізілмеген, қолынан оқ-дәрі қалдықтарына сынама алынбаған, оқ пен гильза жоғалып кеткен. Бақытжанның үстіндегі киімдері жоғалып кеткен. Қайғылы оқиға болған күні бейнебақылау камералары істемеген. Тергеуші оқиға орнына бірнеше сағаттан кейін ғана келген.
— Офицерлер атыс дайындығынан үнемі өтеді. Одан кейін қару әрдайым сақтандырғышқа қойылады. Табылған тапанша дәл сол күйінде болған. Біреу оқ атып, кейін автоматты түрде сақтандырғышты қосып кеткендей көрінеді, — дейді әкесі.

🤔1😱1😢1
ULYSMEDIA.KZ
Алматыда буллингке ұшыраған мектеп оқушысы суицид жасамақ болған Алматы қаласының полициясы бұған дейін әкесі, кәсіпкер Қанат Амиркин мәлімдеген мектеп оқушысының суицидке оқталуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Оның айтуынша, қызы жекеменшік мектептегі…
Буллинг пен суицид: Алматыдағы элиталық мектепте тексеріс басталды
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде оқушы қыздың өзіне қол жұмсауға әрекеттенуіне байланысты тексеріс басталғанын мәлімдеді.
Балалар омбудсменінің айтуынша, қазіргі уақытта қыз баланың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Ол дәрігерлердің бақылауында. Зардап шеккен оқушының отбасына психологиялық көмек ұсынылған.
Оқиғаға байланысты қалалық білім басқармасы мониторингтік топ құрып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы, себептері мен нақты деректер анықталуда. Тексеру толық аяқталғанға дейін түрлі қауесет пен расталмаған ақпарат таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жанама айып тағудан бас тартуды сұраймын. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын, — деп атап өтті Закиева.
Ол жекеменшік мектептегі тексеріс нәтижелері кейін жарияланатынын жеткізді.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, алматылық Қанат Әміркин QSI мектебінде оқитын қызы буллингке ұшырағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, соның салдарынан қызы өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Ол оқу орны басшылығын немқұрайдылық пен салғырттық танытты деп айыптап отыр.
Аталған дерек бойынша «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

❤1
Алкоголь, қылмыс және бюджет: Қазақстан жаңа «құрғақ заңды» қалай енгізбек?
Ішкі істер министрлігі алкоголь өнімдерінің сатылуына қатысты жаңа саясатты қоғамға ұсынып келе жатқанына біраз болды. Полицейлерді де түсінуге болады, елдегі қылмыстардың басым бөлігі мас не масаң күйде жасалады. Алайда ішімдікке үйірсек адамды тек тыйым салумен тоқтатамын деу мүмкін емес әрекет. Осы орайда Ulysmedia.kz құқық қорғау органдарына ішімдікке тыйым салған кезеңдерде қоғам әрекеті қандай болғанын еске салуды жөн көрді.
«Қос қолдап қолдаймыз»
Сенат кулуарында журналистер ҚР Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепехаға тосын сұрақ қойып, супермаркеттерде алкоголь сатуға тыйым салу идеясына көзқарасын сұрады. Мұндай бастаманы жуырда Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов көтерген. Алайда одан үш ай бұрын дәл осы ұсынысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтқан еді.
Министрдің пікірінше, алкоголь өнімдері қазақстандықтарға тек арнайы алкомаркеттерде сатылуы тиіс. Себебі жыл сайын елде шамамен 10 мың қылмыс мас күйде жасалады. Осыған байланысты Сәденов кафе, мейрамхана мен барларда алкоголь сату уақытын қысқартуды да ұсынған.
Ол тіпті статистиканы келтіріп, ойын-сауық орындарында мас күйде 1400 қылмыс тіркелгенін, оның ішінде үш адам өлтіру фактісі болғанын мәлімдеген. Алайда қылмыс жасағандардың нақты қандай ішімдік ішкені және оны дәл сол бардан сатып алған-сатып алмағаны айтылмады. Сонымен қатар министр бұл бастаманы барлық мемлекеттік орган қолдамай отырғанына шағымданған еді.

🤔2👍1
Астана полициясы 176 млн теңгеге жол талғамайтын көліктер сатып алған
Астана қаласының полициясы желтоқсан айының соңында мемлекеттік сатып алу порталында жалпы құны 176,7 млн теңге болатын үш жол талғамайтын көлік сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Люкс санатындағы бұл автокөліктер құқық қорғау органдарына «қорғалатын тұлғалар мен ресми делегацияларды алып жүру» үшін қажет.
VIP-персоналарға арналған VIP-көліктер
Factcheck.kz журналистері полиция 31 желтоқсанда орналастырған сатып алуға назар аударды. Жаңа жыл қарсаңындағы «сыйлық» — әрқайсысының құны 58,9 млн теңге тұратын үш жол талғамайтын көлік.
Өтінімдер 8–15 қаңтар аралығында қабылданған. Конкурсқа тек бір ғана жеткізуші — «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қатысқан. Қазіргі уақытта мердігермен келісімшарт әлі жасалмаған.
Сатып алу сипаттамасында полиция бұл көліктер ресми делегациялар мен VIP-персоналарды алып жүруге арналғанын түсіндірген. Яғни әңгіме жай қызметтік автокөлік емес, люкс санатындағы көліктер туралы болып отыр.
Президент кортежіне арналған автокөліктер
Техникалық тапсырмада автокөлік маркасы тікелей көрсетілмегенімен, сипаттамада берілген параметрлер арқылы журналистер қандай жол талғамайтын көлік туралы сөз болып отырғанын анықтаған.
— Құқық қорғау органдарына бензинмен жүретін, қозғалтқышы V8, көлемі кемінде 6,2 литр болатын жаңа қара түсті жол талғамайтын көліктер қажет. Қуаты — кемінде 420 ат күші. Беріліс қорабы — автоматты, әрі кемінде 10 сатылы болуы тиіс. Мұндай сипаттамалар кез келген жол талғамайтын көлікте кездесе бермейді және оның премиум сегментке жататынын аңғартады, — деп жазады Factcheck.kz.
Көліктердің ұзындығы бес метрден, ені шамамен екі метрден кем болмауы тиіс. Бұл талаптар әдетте үкіметтік кортеждерде қолданылатын америкалық SUV үлгілеріне сәйкес келеді.

🤣4🤔2😐1
Уәде орындалу үшін емес, жеңу үшін беріледі: партиялар берген сертке тұра алды ма?
Бір палаталы парламент болады деген хабар шыққалы ел құлағы елеңдеулі. Тіпті күн санап жүргендер көп. Соңғы онжылдықтағы елге жаққан саяси реформаға дайындық қызу. Заң шығарушы органға төбеден түскендей топ ете қалатын (Билік үшін. – Ред.) «көшенің үні» мен бірмандаттық округтен сайланған депутаттар дәуірі ресми түрде аяқталады. Жақын арада олардан орынды босату сұралады. Алдағы Парламент тек партиялар арқылы сайланған депутаттардан құралмақ. Жаңа партиялар жоқ, ал ескілері бізге әбден таныс. Біз 2023 жылғы сайлауалды уәделерді еске алып, «бір терезе» режимінде елді басқаруға кімдер ниетті екенін қарап шықтық. Алдын ала айтып қояйық, бұл сізге ұнай қоймайды.
Жұмақ кейінге қалдырылды
Жаңа парламентте өзін суда жүзген балықтай еркін сезінетін біреу болса, ол – AMANAT партиясы. Олардың «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын ашайық. Үш жыл бұрын, 2027 жылға қарай жұмақ орнатамыз деп уәде берген еді. Қазір 2026 жылдың қаңтары, уәделі сәт тық-тық етіп жақындап келеді.
Партияның басты көзірлерінің бірі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы болды. AMANAT апатты және үш ауысымды мектептерді толық жоямыз деп сендірді. Ұлттық жоба аясында жалпы 1,2 млн оқушы сыятын мектептер пайдалануға беріледі делінді. Жаңа форматтағы мектептер сапаның эталонына айналуы тиіс еді.
Алайда жоба тұралап тұр. Жүздеген мектептің ашылу-ашылмауы белгісіз. Соңы дау-дамайға ұласқаны қанша?! Ашылуы 2024 жылдың соңына жоспарланған 98 мектептің орнына оқу жылы небәрі 20 мектеппен басталды. Кейінгі көрсеткіштер де көңіл көншітпейді: 2025 жылдың соңына қарай жоспар ішінара ғана орындалды, оның өзінде кешіктіріліп берілді.

💯4
Зеленский Путинді Киевке шақыратынын мәлімдеді
Владимир Зеленский журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ресейдің өзі мен Владимир Путиннің Мәскеуде кездесу өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді.
— Мен оны Киевке де шақыра аламын, келсін. Егер батылы жетсе, ашық түрде шақырамын. Ал егер біреу кездескісі келмей, бірақ қандай да бір себеппен оны ашық айтуға мүмкіндігі болмаса, онда Мәскеуге шақыру сияқты ұсыныстар айтыла береді, — деді Зеленский.
Ол мұндай кездесудің мүмкін еместігін де атап өтті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Владимир Путин Зеленскийге 2025 жылдың күзінде Мәскеуге жеке кездесу үшін келуді ұсынған болатын.
Ал 2026 жылғы 23–24 қаңтарда Абу-Дабиде өткен үшжақты келіссөздерден кейін бұл ұсынысты Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков қайта көтерді.

👍4🤮2💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресей пропагандистері Орталық Азия елдеріне тағы тиісті
«Россия 1» телеарнасының эфирінде Орталық Азия мен Кавказ елдеріне қатысты резонанс тудырған мәлімдемелер жасалды. «Вечер с Владимиром Соловьёвым» бағдарламасында саясаттанушы Сергей Михеев посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер «өз орнын білуі тиіс» және «әрекеттері туралы ойлануы қажет» деп мәлімдеді.
Ол бұл сөздерін Украинадағы жағдаймен салыстыра отырып айтты.
Михеевтің айтуынша, Мәскеудің көпжылдық қолдауы өңір елдерін «еркелетіп жіберген» және олар Ресей тарапынан көрсетілген көмекті қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастаған. Оның пікірінше, Ресей көрші мемлекеттердің көптеген мәселесін, соның ішінде еңбек миграциясы мен экономикалық қолдау мәселелерін шешіп келеді, алайда соған қарамастан «қарыз тарап» сияқты көрінеді.
- Ресей бәріне қарыз, ал Ресейге ешкім ештеңе қарыз емес екен. Бұл тығырыққа тірейтін жағдай. Осылайша посткеңестік елдер бізге қоқан-лоқы көрсете алады. Онсыз да олардың түрлі проблемасын шешім келе жатырмыз. Еңбек миграциясы, тағысын тағы, бәріне көмектесіп келе жатырмыз. Бірақ сонда да біз қарыз болып қалады екенбіз. Украинада болып жатқан жайтқа да осы жағдай себеп. Бұл олардың жүйкесіне тиеді, неге екенін білесіз бе? Себебі біз оларды тым еркелетіп жібердік. Отырсақ опақ, тұрсақ сопақпыз. Енді мұндайға шыдамаймыз, – дейді Михеев.

😁6🤣6🤮2👎1😡1
Қытай Қазақстан ұнын шекарадан өткізбей жатыр
Қазақстандық мал азығына арналған ұн экспорттаушылары Қытаймен шекарада жүк кідірісі мен кері қайтару жағдайлары жиілегенін хабарлады.
«KazGrain» ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының төрағасы Зейнолла Әбдуманаповтың айтуынша, Қытай кеден органдары өнімді стандарттарға сай емес деген себеппен кері қайтарып жатыр. Осыған байланысты қауымдастық Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігіне көмек сұрап жүгінген.
— Қытай компаниялары мен Қытай кеденінің талаптары біздің арамыздағы қалыптасқан сауда нормаларына сай келмейді. Бұл мәселені шешу қажет деп санаймыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі іске араласып, жүк жөнелтушілерге көмектеседі деп үміттенемін, — деді Әбдуманапов АПК Новости басылымына берген сұхбатында.
ПІКІР
Қазақстан Астық одағының талдау комитетінің жетекшісі Евгений Карабановтың пікірінше, бастапқыда кейбір өндірушілердегі ұнтақтау сапасына қатысты мәселелер болуы мүмкін, алайда негізгі себеп — Қытайдың импорт көлемін жасанды түрде шектеуге тырысуы.
— Егер бұл жағдай осылай жалғаса берсе, онда мәселе саяси сипат алуы мүмкін. Яғни әкімшілік тетік қолданылып отыр. Өйткені логикаға салсақ, ұсақ тартылған ұн көбіне тағамдық ұнға тән. Ал бұл талаптарды қатаңдату — іс жүзінде тағамдық ұнға тыйым салумен тең. Мал азығы өндірісінде бөлшек көлемінің аса маңызы жоқ, — деп есептейді Карабанов.

🤔2❤1
Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы дайындалды
Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның алтыншы отырысында қаралды.
Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.
- Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты, – деді ол.
Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.
- Бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдануына ие болды, – дейді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

👎3❤2🤔1
«Күйеуі пышақтап өлтірді»: Тұрмыстық зорлық-зомбылық неге азаймай тұр?
Кейінгі бірнеше күнде Қазақстанда жақынының қолынан пышақталып, қаза болған әйелдердің оқиғалары жиіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жауапкершілікті күшейтетін заң қабылданса да бұндай қылмыстар неге азаймай тұр?
Талғарда ер адам әйелін қызының көзінше пышақтап өлтірді, Шымкентте 21 жастағы студент қызды танысы көшеде пышақтап өлтірді, Жаңаөзенде жеті баласы бар ананы күйеуі пышақтап өлтірді...
Бұның барлығы осы айдың ішінде болған қанды оқиғалар. Осы жағдайлардың барлығының ортақ сипаты – зорлықтың қатігездікпен жасалуы.
2024 жылы Қазақстан билігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң талабын күшейтті. Парламент тұрмыстық зорлықты қылмыстық жазаға алмастыратын түзетулер қабылдады. Оған президент қол қойды.
Бұл заң қоғамда үлкен резонанс тудырған әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесі өтіп жатқан тұста қабылданды. Бишімбаев сот үкімімен 24 жылға сотталды.
«Не МолчиKZ» қорының негізін қалаушы, құқық қорғаушы Дина Смайлова заң қабылданғанымен, ол жұмыс істемейді дейді. Сөзінше, полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа келгенде әрекетсіздік танытуда. Жергілікті учаскелік полицияның өзі көп жағдайда жәбір көрген әйелдің емес, агрессордың жағына шығады.
«Әйелдердің құқықтық сауаттылығы, заңдағы олқылықтар сияқты мәселелер бар. Бірақ бұл жерде мәселенің түп-төркіні бірінші кезекте полицияның әрекетсіздігінде. Бұл жерде тек ғана құқық қорғау жүйесін ғана емес, сот, жергілікті әкімдіктер, отбасын қолдау орталықтарын да айтуға болады. Қыруар қаржы бөлініп жатыр, бірақ нәтиже жоқ», – дейді ол.

❤1🤔1
Ресей 1 ақпанға дейін Украинаға соққы жасамауға келісті
АҚШ президенті Дональд Трамптың өтініші бойынша Ресей 1 ақпанға дейін Украина аумағына соққы беруден бас тартуға келіскен.
Бұл туралы Кремль өкілі Дмитрий Песков хабарлаған.
— Иә, президент Трамптың президент Путинге жеке өтініші болды. Ол келіссөздер жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында 1 ақпанға дейін Киевке соққы жасамауды сұрады, — деді Песков Вашингтон бастамасын Мәскеу қолдады ма деген сұраққа жауап бере отырып.
Песков сондай-ақ Владимир Путиннің Киев билігінің басшысын ешқайда шақырмағанын және кездесу ұсынбағанын атап өтті.
— Кездесуді Зеленскийдің өзі сұрады, бастаманы да сол көтеріп отыр. Ал оған жауап ретінде президент Путин: иә, біз дайынбыз, бірақ тек Мәскеуде ғана, — деп нақтылады Кремль өкілі.

🤔2
Наурыздан бастап әкімдіктер жаңа "күшке" ие болады
Жергілікті атқарушы органдар абаттандыру талаптарын бұзғандар мен қоршаған ортаны ластағандар үшін айыппұл салу құқығына ие болады.
2026 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың әкімдіктеріне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің абаттандыруды бұзу және қоршаған ортаны ластауға қатысты баптары бойынша хаттама толтыру құқығы беріледі.
Бұған дейін қоқыс тастау мен аумақты ластағаны үшін айыппұлды тек полиция қызметкерлері ғана салатын. Бұл — ӘҚБтК-нің 434-2 және 505-баптары.
ТҮСІНДІРУ
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бұл өзгеріс қалалардағы тазалықты бақылауды күшейтіп, заңбұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Әсіресе қоқыс тастау, инфрақұрылымды бүлдіру сияқты жағдайларды тез анықтауға сеп болмақ.
СТАТИСТИКА
Өткен жылы Қазақстанда қоғамдық орындарды ластағаны үшін 189 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. Ал абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 403 мыңнан астам азаматқа айыппұл салынған.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5,2 млрд теңге болды.

🤬3❤2👍1🤔1
Теңге рубльден "жеңіліп" жатыр: сарапшы ресейлік валютаның болашағы туралы айтты
LS басылымының мәліметінше, сарапшы Александр Потавин қазіргі жағдайды Ресей Орталық банкінің әрекеттерімен байланыстырады. Бюджет ережесі аясында реттеуші орган 5 ақпанға дейін шетел валютасын сатып отыр.
Сонымен қатар, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты оң күтулер де нарыққа әсер етуде.
— Украина бойынша келіссөз үдерісінен оң нәтиже болады деген үміт нарық қатысушыларын валютаны белсенді түрде сатып алудан тежеп отыр. Бұған қоса, Ресейде жыл басында ҚҚС-тың 22%-ға өсуіне байланысты инфляция деңгейі жоғары болды. Бұл Орталық банктің негізгі мөлшерлемені ұзақ уақыт жоғары деңгейде ұстайтынын білдіреді. Ал бұл фактор ресейлік валютаның тартымдылығын арттырады, — деп есептейді сарапшы.
БОЛЖАМ
Сарапшылардың болжамынша, алдағы айларда рубль 6,35–6,7 теңге аралығында болады.
Екі валютаның бағамына мұнай мен газ бағасының өзгерісі, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ақша-несие саясаты арасындағы айырмашылық әсер етеді. Егер Ресей Орталық банкінің мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық банкінің мөлшерлемесінен жоғары болып қалса, рубльдегі активтер алыпсатарлық капитал үшін тартымдырақ болуы мүмкін.

🤬4😡1
ULYSMEDIA.KZ
Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы дайындалды Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның алтыншы отырысында қаралды. Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық…
Тоқаевқа Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.
Комиссия мүшелері жаңа преамбуланың, бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси және қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болатынын атап өтті.
Осыған байланысты Комиссия мүшелері аталған жобаны Конституцияның жаңа нұсқасы ретінде қарастыру және оны халықтың назарына ұсыну үшін жариялау қажет екенін жеткізді.
Өз кезегінде Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған.
Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.
Кездесу соңында Президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да атап өтті.

🤣3❤1🤔1🤮1
Жаңалықтар дайджесті: 31 қаңтарға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- АҚШ Сенатында шатдаунды болдырмау үшін келісім жасалды
- Трамптың өтініші орындалмады: Ресей Украинаға 111 дронмен соққы жасады
- Германия Украинаны қолдау жөнінде жаңа шешім қабылдады
- Шавкат Рахмоновтың әйелі куәгерден күдіктіге айналды
- Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін тағы көтерді
- Енді оқулықтағы қателіктер үшін баспалар жауап береді
- Шымкенттіктер газ үшін төлеген 80 миллион теңгесін қайтарып алады
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- АҚШ Сенатында шатдаунды болдырмау үшін келісім жасалды
- Трамптың өтініші орындалмады: Ресей Украинаға 111 дронмен соққы жасады
- Германия Украинаны қолдау жөнінде жаңа шешім қабылдады
- Шавкат Рахмоновтың әйелі куәгерден күдіктіге айналды
- Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін тағы көтерді
- Енді оқулықтағы қателіктер үшін баспалар жауап береді
- Шымкенттіктер газ үшін төлеген 80 миллион теңгесін қайтарып алады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаевқа Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан…
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
2025 жылғы 8 қазанда парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Азаматтар ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдаған. Жұмыс тобы екі мыңнан астам ұсынысты қараған.
2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Құрамында 130 адам бар. Комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова. Төраға орынбасарлары – Ерлан Қарин және Аида Балаева.
Комиссия Конституцияның барлық бөлімдері бойынша түзетулерді қарады. Өзгерістер 77 бапқа қатысты.
Жобаға енгізілген негізгі өзгерістер:
• 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай құру ұсынылады. Депутаттар пропорционалды жүйе бойынша 5 жылға сайланады.
• Қазақстанның Халық кеңесін құру ұсынылған.
• Вице-президент лауазымын енгізу көзделген.
• Адвокатура туралы жеке конституциялық норма енгізіледі.
• Зияткерлік меншік құқығын қорғау бекітіледі.
• Кінәсіздік презумпциясы және қайта жауапқа тартуға тыйым салу нормалары күшейтіледі.
• «Миранда ережесін» енгізу қарастырылған.
• Азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізіледі.
• Неке ер адам мен әйелдің одағы ретінде айқындалады.
• Білім беру жүйесінің зайырлы сипаты бекітіледі.
Жаңа редакцияда Конституция Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұруы ұсынылған.
Ұсыныстар қабылдау e-Otinish және eGov порталдарында жалғасып жатыр. Жаңа Конституция бойынша шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады.

🤔1
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде екі күміс медаль иеленді
Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрес және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі өтіп жатыр.
Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз екі жүлде еншіледі.
55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова финалға дейін жетіп, ресейлік балуан Александра Скиренкоға жол берді. Осылайша бұрымды балуанымыз жарысты екінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова ақтық сында Светлана Липатовамен (Ресей) кездесті. Белдесуде ресейлік балуан басымдық танытып, жеңіске жетті. Ал Виктория Хусаинова ұлттық құрама қоржынына тағы бір жүлде салды.
Айта кетейік, жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Трамптың өтініші орындалмады: Ресей Украинаға 111 дронмен соққы жасады
Ресей әскері Украинаға дрондар мен зымыран арқылы кезекті жаппай соққы берді. Бұл шабуыл украин қалаларына соққыларды уақытша тоқтату туралы мәлімдемелерден кейін жасалды.
ТҮНГІ ШАБУЫЛ
2026 жылдың 30 қаңтарына қараған түні Ресей армиясы Украинаға 111 дрон және бір «Искандер-М» баллистикалық зымыранын атқылады. Украина Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс қызметі зымыранның және 25 дронның 15 нысанаға тигенін хабарлады. Әуе қорғаныс күштері 80 дронды атып түсіргенімен, шабуылдар күндіз де жалғасты.
ХАРЬКОВ МАҢЫНДАҒЫ ӨРТ
Украинаның Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі Харьков маңындағы азаматтық кәсіпорын қоймасына жасалған зымыран соққысынан кейін үлкен өрт шыққанын мәлімдеді. Жалын 5000 шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Оқиға салдарын жоюға саперлер мен 80-нен астам құтқарушы жұмылдырылды.
«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ БІТІМ» ЖАЙЛЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕР
Бұл шабуыл Украина инфрақұрылымына соққыларды уақытша тоқтату туралы хабарламалардан кейін бір тәулікке жетпей орын алды.
АҚШ президенті Дональд Трамп алдыңғы күні кешке Мәскеу украин қалаларына бір апта бойы соққы жасамауға келіскенін айтты.
«Мен жеке өзім Путиннен Киевке және басқа қалаларға бір апта бойы соққы жасамауды сұрадым. Ол келісімін берді», – деді Ақ үй басшысы.

😡4